Өндірістік шығындарды ұйымдастыру



1 ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕСЕБІНЕ ЖАЛПЫ 6
СИПАТТАМА 6
Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру 6
Кәсіпорын шығындары және оның түрлері 20
Көмекші өндірістің шығындарының есебі 27
Негізгі өндіріс шығындарының есебі 35
Шығындарды шешім қабылдау мен жоспарлау үшін жіктеу 39

2 АҚМОЛА ҚАЛАСЫ ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫ ЕРКІНШІЛІК АУЫЛЫНІҢ ӘКІМШІЛІГІНІҢ ШЫҒЫНДАРЫН ТАЛДАУ 48
2.1 «Еркіншілік ауылынің Әкімшілігінің» қаржылық жағдайын есептеу және талдау 48
2.2 Еркіншілік ауылынің Әкімшілігінің шығындарын талдау 52
2.3 Еркіншілік ауылынің Әкімшілігінің баланысын талдау 58
Еркіншілік ауылынің Әкімшілігінің төлем қабылеттілігін талдау 63

3 ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫНА ТӨМЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ МЕН ҰСЫНЫЛАТЫН ТӘЖІРИБЕЛЕЛІК ҰСЫНЫСТАР 65
3.1 Өндіріс шығындарының төмендеуінің негізгі бағыттары 65
3.2 Өнімнің өзіндік құнын есепке алуды қолданатын әдіс тәсілдері 67
3.3 «Еркіншілік ауылынің Әкімшілігінің» қаржылық тұрақтылығын арттыру жөнінде ұсынылатын тәжірибелік нұсқаулар 74

ҚОРЫТЫНДЫ 79

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 81
1 ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕСЕБІНЕ ЖАЛПЫ
СИПАТТАМА
Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру
Кәсіпорын – түрлі өндірістердерден және шаруашылықтарды4 (негізгі, көмекші, қосымша, қосалқы және эксперменттік) тұратын күрделі миханизм.
Кәсіпорынның жекеленген өндірістік буындар бойынша жоспарлау және шығындарды есепке алу мақсатында өндірелетін өнімнің атқарлатын қызметіне қарай барлық өндірістер негізгі және қосымша өндірістер болып екіге бөлінеді.
Негізгі өндіріске кәсіпорын шығаратын өнімдер, сондай – ақ өнімді сатуға және зауыт ішінде тұтынуға (желілік, ұсталық, престеу – машина жасау зауыттарында) арналған шалафабрикаттарды дайындайтын өндірістер жатады.
Көмекші өндіріс негізгі өндірістен өнім әзірлеуге қатыспайды, бірақ өнім өндіруге, қызмет көрсетуге, жұмыс жасауға тікелей ықпал етеді (жөндеу миханикалық және аспаптық цехтар, электер – көліктік, су мен жабдықтау және т.б).
Қосымша цехтар (мақта қалдықтарынан тазартылған мақта өндіру жөніндегі цехтар) негізгі өндіріс қалдықтарын кәдеге жаратуға септігін тигізеді.
Қосалқы цехтар (ыдыстар мен буып – түю материалдарын дайындаумен айналысатын цехтар) негізгі материалдардан емес, бірақ негізгі және көмекші өндірістерде пайдаланылатын материалдардан өнім өндіреді.
Эксперименттік (тәжірибелік) цехтар тәжірибелік үлгілерді дайындайды және түрлі эксперменттік жұмыстарды атқарады.
Бұдан басқа кәсіпорында қызмет көрсететін өндірістермен кәсіпорын ұжымның тұрмыстық қажеттілігін қанағаттандыратын шаруашылықтар (тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, машиналар, кір жуатын орындар) болады. Бұл кәсіпорындар өнімді дайындауға, сондай – ақ басқа да тарапта жұмыстарды атқаруға немесе қызмет көрсетуге өз септігін тигізеді.
Өндірістік есепті дұрыс ұйымдастырудың кез – келген кәсіпорын үшін маңызы зор.
Өндірістік бухгалтерлік есебін ұйымдастыру көбіне өндірістің тұрпатына (типіне) байланысты болады. Өндіріс жеке – дара, сериялық және жаппай өндіріс болып үш топқа (тұрпатқа ) бөлінеді.
Жеке – дара (жекелеген) өндіріс - өнім жекелеген данадармен немесе қайталанып отыратын шығын тапсырыстармен дайындалатын өндіріс.
Бұл ауыр машина жасауға, кеме жасауға, берген станоктар мен трубиналарды өндіруге тән. Оның мынандай ерекшеліктері бар: ондағы цехтар нақты бір салаға мамандандырылмайды: субъект мен цехтардың өндіріс бағдарламасында бұйымдармен олардың бөлімдерінің көп мөлшерде болуымен ерекшеленеді: дайындық – қорытындылау жұмыстарына кететін шығындардың деңгейі салыстырмалы жағыдайда алғанда бір шама үлкен болады: өндірістің басқа да тұрпаттарына қарағанда өндірістік цикл ұзақ болып келеді. Жеке – дара өндірісте әдетте, шығындарды есепке алу үшін және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін тапсырыстық әдіс қолданылады, бұл орайда шығындар әрбір бұйым (тапсырыс ) бойынша есепке алынады.
Сериялық өндіріс біркелкі бұйымдарды дайындап шығарудың оқтын - оқтын қайталанып отырумен сипатталады және оған мынадай ерекшеліктер тән: шығарылатын өнім номенклатурасының шектеулілігі; жұмыс орындарының салыстырмалы түрде алғанда кең мамандануы; мамандандырылған машиналардың, аспаптармен қондырғыларының қолданылуының шектеулілігі. Сериялық өндіріс машина жасау өнеркәсібінде және металл өңдеуде неғұрлым кең тараған. Бұл кәсіпорындарда өнімнің шығарылуын есепке алу сериялы бұйымдарға тән етіп қолданылады, бірақ ол бұйымдарды құрастыратын партияларға қолданылмайды.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.Қазақстан Республикасы Президентінің 1998.28.01. № 3838 Жарлығы. Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп пен аудитті дамыту мен жетілдірудің 1998 – 2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
2.Қазақстан Республикасының Заңы. Аудиторлық кызмет туралы. Астана, 20.11.1998.
3.Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің Бухгалтерлік әдістемесі және әдістемелік ұсынымдары, - Алматы: Кәусар бұлақ, 1999.
4.Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Буххгалтерский учет на предриятиях.-Алматы: Центраудит –Казахстан ,2002.-728с.
5.Радостовец В.К., Ғабдуллин Т.Ғ., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. – Алматы, 2003. -655 бет.
6.Кеулімжаев Қ.К.,Әжібаев З.Н., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп принциптері. – Алматы,2003.
7. .Кеулімжаев Қ.К., Корреспонденция счетов. –Алматы: БИКО, 2000.
8.Ілиясов Қ. Қ., Құлпыбаев С. С. Қаржы: Оқулық. – Алматы: 2005. – 552 бет.
9.Шеденов Ө.Қ., Сағындықов Е.Н., Жүнісов Б.А., Баймомартов Ү.С., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория. – Ақтөбе, 2004
10.Сабырбаев Б.Экономикалық терминдердің орысша - қазақша түсіндірме сөздігі.- Алматы:Қазақстан, 1993. – 112 бет.
11.Төлегенов, Е.Т., Радостовец В.К.,Ауылшаруашылық кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп, -Алматы, 1994.
12.Аяпова Ж.М., Арынов Е.М. Іскер адамның орысша - қазақша экономикалық түсіндірме сөздігі.- Алматы:МВП Инкар,1993.-320 бет.
13.Әмірқанов Р.Ә.,Тұрғұлова А.Қ. Қаржы менеджменті. Оқу құралы.-Алматы: 1999.-188 бет.
14.Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия. Учебное пособие.-Алматы: Экономика, 1998.-184 с.
15.Бабич А.М., Павлов Л.Н. Финансы. Учебник. –Москва: 2001.-760с.
16.Балабанов А.И.,Балабанов И.Т. Финансы. Учебное пособие.- Петербург: 2000. -192 с.
17.Балабанов И.Т. Основы финансового менеджмента. Учебное пособие.-Москва: 1999-512 с.
18.Берлин С.И. Теория финансов.Учебное пособие. –Москва:Приор,2000.-256 с.
19.Дробозина Л.А. Финансы.Учебник для вузов.- М.:ЮНИТИ,2000.-527 с.
20.Елубаева Ж.М., Бюджетная система Республики Казахстан: теория, практика и направления развития. - Алматы: 2004-346 с.
21.Заяц Н.Е., Фисенко М.К., Бондарь Т.Е. и др. Теория финансов. Учебное пособие. - Мн.:Высш.шк., 1998.-368 с.
21.Зейнельгабдин А.Б. Финансовая система: экономическое содержание и механизм использования.- Алматы. Қаржы-қаражат.2000 с.
22.ҚұлпыбаевС. және басқалары. Қаржы теориясы. Оқу құралы. - Алматы.:Мерей, 2001.-176 бет.
23.Мамыров Н.К., Саханова А.Н. и др. Государство и бизнес. В 4-х т.-Алматы.:Экономика, 2004
24. Мельников В.Д.,Ли В.Д. Общий курс финасов. Учебник.-Алматы:Институт развития Казахстана, 2001.-285 с.
25.Алимова Б.Ж. Организация аудита затрата на прозводство продукций. Журнал. Бухгалтерский учет и аудит.№3, 2005.
26.Сарсенова Д.А. Применние методов учета себестоимости услуг на предприятиях. Журнал. Бухгалтерский учет и аудит.№5, 2004г.
27. Борышева С.К. Методы учета затрат на производство и эволюция и оценки современного положения. Журнал. Бухгалтерский учет и аудит.№8, 2004г.

Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 82 бет
Таңдаулыға:   
СОДЕРЖАНИЕ

1 ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕСЕБІНЕ ЖАЛПЫ 6
СИПАТТАМА 6
Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру 6
Кәсіпорын шығындары және оның түрлері 20
Көмекші өндірістің шығындарының есебі 27
Негізгі өндіріс шығындарының есебі 35
Шығындарды шешім қабылдау мен жоспарлау үшін жіктеу 39
2 АҚМОЛА ҚАЛАСЫ ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫ ЕРКІНШІЛІК АУЫЛЫНІҢ ӘКІМШІЛІГІНІҢ
ШЫҒЫНДАРЫН ТАЛДАУ 48
2.1 Еркіншілік ауылынің Әкімшілігінің қаржылық жағдайын есептеу және
талдау 48
2.2 Еркіншілік ауылынің Әкімшілігінің шығындарын талдау 52
2.3 Еркіншілік ауылынің Әкімшілігінің баланысын талдау 58
Еркіншілік ауылынің Әкімшілігінің төлем қабылеттілігін талдау 63
3 ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫНА ТӨМЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ МЕН ҰСЫНЫЛАТЫН
ТӘЖІРИБЕЛЕЛІК ҰСЫНЫСТАР 65
3.1 Өндіріс шығындарының төмендеуінің негізгі бағыттары 65
3.2 Өнімнің өзіндік құнын есепке алуды қолданатын әдіс тәсілдері 67
3.3 Еркіншілік ауылынің Әкімшілігінің қаржылық тұрақтылығын арттыру
жөнінде ұсынылатын тәжірибелік нұсқаулар 74
ҚОРЫТЫНДЫ 79
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 81

1 ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕСЕБІНЕ ЖАЛПЫ

СИПАТТАМА

Кәсіпорындағы өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру

Кәсіпорын – түрлі өндірістердерден және шаруашылықтарды4 (негізгі,
көмекші, қосымша, қосалқы және эксперменттік) тұратын күрделі миханизм.
Кәсіпорынның жекеленген өндірістік буындар бойынша жоспарлау және
шығындарды есепке алу мақсатында өндірелетін өнімнің атқарлатын қызметіне
қарай барлық өндірістер негізгі және қосымша өндірістер болып екіге
бөлінеді.
Негізгі өндіріске кәсіпорын шығаратын өнімдер, сондай – ақ өнімді
сатуға және зауыт ішінде тұтынуға (желілік, ұсталық, престеу – машина жасау
зауыттарында) арналған шалафабрикаттарды дайындайтын өндірістер жатады.
Көмекші өндіріс негізгі өндірістен өнім әзірлеуге қатыспайды, бірақ
өнім өндіруге, қызмет көрсетуге, жұмыс жасауға тікелей ықпал етеді (жөндеу
миханикалық және аспаптық цехтар, электер – көліктік, су мен жабдықтау және
т.б).
Қосымша цехтар (мақта қалдықтарынан тазартылған мақта өндіру
жөніндегі цехтар) негізгі өндіріс қалдықтарын кәдеге жаратуға септігін
тигізеді.
Қосалқы цехтар (ыдыстар мен буып – түю материалдарын дайындаумен
айналысатын цехтар) негізгі материалдардан емес, бірақ негізгі және көмекші
өндірістерде пайдаланылатын материалдардан өнім өндіреді.
Эксперименттік (тәжірибелік) цехтар тәжірибелік үлгілерді дайындайды
және түрлі эксперменттік жұмыстарды атқарады.
Бұдан басқа кәсіпорында қызмет көрсететін өндірістермен кәсіпорын
ұжымның тұрмыстық қажеттілігін қанағаттандыратын шаруашылықтар (тұрғын үй
коммуналдық шаруашылық, машиналар, кір жуатын орындар) болады. Бұл
кәсіпорындар өнімді дайындауға, сондай – ақ басқа да тарапта жұмыстарды
атқаруға немесе қызмет көрсетуге өз септігін тигізеді.
Өндірістік есепті дұрыс ұйымдастырудың кез – келген кәсіпорын үшін
маңызы зор.
Өндірістік бухгалтерлік есебін ұйымдастыру көбіне өндірістің
тұрпатына (типіне) байланысты болады. Өндіріс жеке – дара, сериялық және
жаппай өндіріс болып үш топқа (тұрпатқа ) бөлінеді.
Жеке – дара (жекелеген) өндіріс - өнім жекелеген данадармен немесе
қайталанып отыратын шығын тапсырыстармен дайындалатын өндіріс.
Бұл ауыр машина жасауға, кеме жасауға, берген станоктар мен
трубиналарды өндіруге тән. Оның мынандай ерекшеліктері бар: ондағы цехтар
нақты бір салаға мамандандырылмайды: субъект мен цехтардың өндіріс
бағдарламасында бұйымдармен олардың бөлімдерінің көп мөлшерде болуымен
ерекшеленеді: дайындық – қорытындылау жұмыстарына кететін шығындардың
деңгейі салыстырмалы жағыдайда алғанда бір шама үлкен болады: өндірістің
басқа да тұрпаттарына қарағанда өндірістік цикл ұзақ болып келеді. Жеке –
дара өндірісте әдетте, шығындарды есепке алу үшін және өнімнің өзіндік
құнын калькуляциялау үшін тапсырыстық әдіс қолданылады, бұл орайда шығындар
әрбір бұйым (тапсырыс ) бойынша есепке алынады.
Сериялық өндіріс біркелкі бұйымдарды дайындап шығарудың оқтын - оқтын
қайталанып отырумен сипатталады және оған мынадай ерекшеліктер тән:
шығарылатын өнім номенклатурасының шектеулілігі; жұмыс орындарының
салыстырмалы түрде алғанда кең мамандануы; мамандандырылған машиналардың,
аспаптармен қондырғыларының қолданылуының шектеулілігі. Сериялық өндіріс
машина жасау өнеркәсібінде және металл өңдеуде неғұрлым кең тараған. Бұл
кәсіпорындарда өнімнің шығарылуын есепке алу сериялы бұйымдарға тән етіп
қолданылады, бірақ ол бұйымдарды құрастыратын партияларға қолданылмайды.
Сериялардың көлеміне қарай өндірістер мынадай үш түрге бөлінеді
сериялық өндіріс (өнім жыл бойы үздіксіз дайындалады) сериялық (мамандану
анағұрлым тар, ал өндірістік желілер мен цехтар бойынша және технологиялық
жағынан мамандандырылған) ұсақ сериялық өндіріс (жекелеген өндірістен ұсақ
сериямен өнім шығаруға арналған).
Сериялық өндірісте шығынды есепке алудың және өнімнің өзіндік
құнын калькуляциялаудың нормативтік немесе қайта жасау әдістерін қолданады.
Жаппай - өндіріс ұзақ уақыт бойы бірдей өнімді үздіксіз шығаратын
өндіріс тұрпаты (типі). Шығарылатын өнімдердің ассортименті (түрлері) көп
болғанымен олардың шығарылатын мөлшері айтарлықтай көп болуы мүмкін,
белгілі бір салаға ыңғайланған жабдықтардың жоғары деңгейі және өндірістің
жұмыс ырғағының жоғары болуы өндірістің осы тұрпатына тән белгілер болып
табылады. Бұл арада әдеттегідей өнімнің және оның негізгі элементтерінің
өзіндік құнын есепке алудың және калькуляциялаудың нормативтік әдісін
қолданылады.
Өндірісті ұйымдастыру типі (тұрпаты) тек шығындарды есепке алуға және
өнімнің өзіндік құнын калкуляциялауға ғана әсер етіп қоймайды. Сонымен
бірге бастапқы есепті ұйымдастыруға талдамалық есепке де әсер етеді.
Мәселен, ірі сериялық және жаппай өндірістерде шығарылатын өнім мен жалақы
ауысым (смена ) ішінде өндірілген өнім рапорттарына ал жеке – дара және
ұсақ сериялық өндірістерде – жасалған жұмыстар зарядтарымен үйлесімде
көбіне маршруттық парақтарына жазылады.
Кез келген өнімді өндіру жұмыстарды атқару және қызметті көрсету
белгілі бір шығындар мен байланысты, ондай есеп мынаны қамтаматсыз етуі
керек: жалпы өнім көлемін, әр бір өнім түрлерінің нақты өзіндік құнын
есептеу (калькуляциялау) қызметті көрсету, жұмысты орындау, өндірілген
өнімнің нақты шығысын толық дер кезінде және шынайы көрсету, сондай ақ
жалпы бизнесті ұйымдастыру және басқарушылық шешімді қабылдау мен жоспарлау
үшін ақпараттарды жинау және бақылауды көздейді.
Шешімді қабылдау үшін ақпараттарды жинаған кезде белгілі бір шешім
типтерін қабылдау үшін белгілі бір шығын түрлері маңызды болуы, ал
кейбіреулері үшін сол шығындар ескерілмеуі мүмкін. Шын мәнінде, өндірістік
шығындар көптеген белгілері бойынша жіктелуі мүмкін:
- шығындардың туындайтын (пайда болатын) орындары (өндірістер,
цехтар, учаскелер) бойынша: өндіріс тізбесі (соның ішінде өңдеуі) бойынша,
ал олар шығындарды есепке алу мен жоспарлау кезінде субъектінің есеп
саясатында анықталғандай етіп бөлінеді;
Қызметтер, жұмыстар және өнім түрлері бойынша; өндіріс
шығындары жекелеген өнім түрлерінің өзіндік құнына немесе бір тектес өнім
топтарына енеді;
— шығындар өнімнің өзіндік құнына ену тәсілі бойьнша; тікелей
өнімнің өзіндік құнына тікелей жатқызылатын, яғни жекелеген өнім түрлерін
өндірумен байланысты болып; жанама өнімнің өзіндік кұнына таратылып
бөлінетін яғни бірнеше өнім түрлерін өндірумен байланысты болып бөлінеді:
Өндіріс шығындары өнімнің көлеміне қатысты екіге бөлінеді: Айнымалы
-шығарылған өнімнің көлемі өзгеруімен шығынның да өсуі немесе азаюы мүмкін
(негізгі материалдар мен шикі заттың шығысы. Технологиялық энергия мен
отын, өндіріс жұмысшыларының жалақысы және т.б.); тұрақты — өнімнің шығару
көлемі өзгерген кезде, деңгейі өзгермейтін шығындар (өндіріс ғимараттарын
жарықтандыру мен жылытуға кеткен шығыстар, негізгі құралдардың
амортизациясы);
Шығыстар түрі бойынша (баптары және элементтері бойынша);
экономикалық элементтер бойынша шығыңдарға: материалдық шығындар, еңбекақы
шығындары, еңбек ақыдан айдарылатын аударымдар, негізгі кұралдардың
амортизациясы (тозуы); басқа да шығыстар кіреді.
Шығындар басқару қызметі (функциясы) бойынша:
- өндірістік (өндіріс процесінің барысында пайда болады);
- коммерциялық (сатумен байланысты);
- әкімшілік (баскару процесімен байланысты).
Коммерциялық және әкімшілік шығыстар кезең шығыстарына жатады, ал
олар өндірістік калькуляциялауды есептеудің негізі болып табылады. олардың
сызбасын (схемасын) мынадай етіп салуға болады:

1 сурет Өндірістік өзіндік құны
Келтірілген сызбадан байқағанымыз өзіне активтердің азаюын енгізетін
шығындар (материалдар, ақша қаражаты және т.б.) немесе міндеттемелердің
өсуіне (көбінесе кредиторлық қарыздар) әкелетін шығындар жаңа активтерді
жүзеге асырады, ал ол ресурс ретінде анықталып, өткен оқиғалардың нәтижесі
ретінде одан болашақта табыс алынатын болып күтіледі.
Өндіріс шығындарын есепке алу үшін шоттардың кешенді жүйесі
пайдаланады. Оған 8100 – Негізгі өндіріс, 8300 – көмекші өндіріс
,8400 – үстеме шығындар , бөлімшелерінің шоттары кіреді.
Шығындарды және өнімнің шығарылуын есепке алумен бақылау жасауды
қамтаматсыз ету үшін мынадай есеп регистрлері пайдаланылады.
Цехтар бойынша шығындар ведомосы, онда 8100,8300,8400 бөлімшелер
шоттары бойынша шығындар есепке алынады. 8100,8300,8400 шоттарының есебі
компютерлендірілген кезде олар бойынша тиісті машинограмм қолданылады. Ай
соңында бухгалтерия өндіріс шығындарын жинақтауды жүзеге асырады.
Цехтар бойынша шығындар ведомосына жазу үшін мыналар негіз болып
табылады:
Материал (жалақы) шығындарын бөлу (тарату) кестесін әзірлеу, онда
шикізат, материалдар, сатып алынған шалафабрикаттар және өндірістің
басқада материалдық запастары көрсетіледі (8111– материалдар бөлімшесі
шоттарының кредиті ); өндіріс персоналдарын төлеген еңбек ақы шығыстары
(8212 – персоналдармен еңбекақы бойынша есеп айырысу шотының кредиті);
еңбек ақыдан аударылатын аударымдар (8213 – басқа да шоттың әлеументтік
салық субшотының кредиті);
Негізгі құрал – жабдықтар амортизациясының (тозуының) есебі
кестесін әзірлеу, онда өндіріс шығындарына енгізілуге тиісті негізгі құрал
–жабдықтар амортизациясының сомасы көрсетіледі (2420 – Негізгі құрал –
жабдықтардың тозуы бөлімшесі шоттарының кредиті);
Материалдық емес активтер амортизациясының есебін кестесін әзірлеу,
онда өндіріс шығындарына енгізілуге жататын амортизацияның сомасы
көрсетіледі (2740-2746 – материалдық емес активтердің амортизациясы
бөлімшесі шоттарының креиті );
Көмекші (қызмет көрсетуші ) өндірістер мен шаруашылықтардың
көрсеткен қызметтердің бөлу кестесін әзірлеу онда өндірістер мен
шаруашылықтардың өнім өндіруге жұмыстарға және көрсетілген қызметтерге
жұмсалған шығындары көрсетіледі (8300 – Көмекші өндірістер
Өндіріс шығындарының бухгалтерлік есебін ұйымдастырудың схемасы
төменде келтірілген.
Өндіріске жұмсалған шығындарды олардың құжаттары бойынша қандай
калькуляциялау объектісіне жататындығын белгілеу үшін есеп объектілерін
шығьын баптарын кодтайды және үстеме шығыстарын ажыратады. ал бұл үстеме
бойынша дұрыс топтастыру мүмкіндік береді.
Орташа және ірі кәсіпорындарда өндіріс шығындарын есепке алу және өнімнің
өзіндік құнын калькуляциялау үшін кәсіпорының бухгалтериясы құрамында
біртұтас болып келетін екі бухгалтерия яғни қаржылық және басқару
бухгалтериясы болуы мүмкін.

2 сурет Өндіріс шығындарының бухгалтерлік есебін ұйымдастыру
Өндіріс шығындарының талдамалық (аналитикалық ) есебі калькуляция
(есеп) объектілерінің және цехтар мен өндірістер бойынша шығын баптарының
белгіленген номенклатурасы бойынша калькуляциялық (көп жазбалық)
карточкаларда немесе ведмостарда жүргізіледі.
Қаржылық бухгалтерия шоттардың бас жоспарын бөлімшелеріне енетін
шоттарын жүргізіп есептің бас кітабын кәсіпорынның балансын және қаржылық
есеп беруін жасайды.
Басқару бухгалтериясы шоттардың бас жоспарының 8100 -бөлімшелеріне
енетін шоттарды пайдаланады. Ол өндіріс шығындары туралы ақпаратты қорытып,
өзіндік құнды калькулкциялайды. Өндіріс шығындарымын нормалары мен
нормативтерін талдап және одардың орындалуын бақылайды, өндірістегі
шалафабрикаттардың қозғалысын есепке алады, есептің бүкіл көлемінің
нормативтік, жоспардың, және талдамалық жұмыстарын атқарады. Басқару
бухгалтериясы жабық (құпия) болып келеді. Бұл өз билігінде қандай да
болмасын бір ноу-хауды және өндірісті басқарудың озық деңгейін
ұйымдастыруды, жаңалыкқтарды өз бәсекелестері өздерінен бұрын пайдаланып
кетпеуін қамтамасыз етеді.
Сондықтан басқару бухталтериясы ақпаратының сыртқы тұтынушылар үшін
ғана емес. Сонымен бірге осы кәсіпорынның қызметкерлері үшін де жабық
болуы мүмкін.
Қаржылық және басқару бухгалтериясының арасындағы өзара қарым-
қатынастар мына төмендегі 6-сызбада көрсетілген.
Кәсіпорынның қаржылық бухгалтериясында аяқталмаған өндірісті есептеу
үшін 8100 – негізгі өндіріс, 1340 Өзінде өндірілген шалафабрикаттары
8300 - Көмекші өндіріс 8340 Басқа да шоттары пайдаланылады. Бұл
шоттардағы топтастыру транзиттік, болып табылады, онда бір-екі күнде
аякталмаған өндіріс қалдығы есептеліп яғни есептік кезеңнің соңында
өндірістік бухгалтериядан қаржылық бухгалтерияға беріледі (демек, 1340-
шоттары дебеттеліп, 8100,8300,8400 шоттары креаиттеледі. Содан соң келесі
жылдың басында қайтадан қаржылық бухгадтериядан өндіріс
бухгалтериясына беріледі (демек, 8100,8300,8400 шоттары дебеттеліп, 1340 -
1340 шоттары кредиттеледі).
Сонымен, 1340 - шоттар бір күндік шоттар болып табыдады және оның
қалдықтары осы шоттар бойынша кәсіпорынның қаржылық есеп беруіне енгізу
үшін арналған.
Құрал-жабдықтарды пайдалану мен күтіп-ұстауға кеткен нақты шығындарды
таратқан кезде. Оның сол тиесілі бөлігіне жататын ақаудың өзіндік құнын
ескеру) керек.
Бұл шығыстар ақаудың өзіндік құнына сметалық (нормативтік)
мөлшерлемені анықтаған кезде есептелінген нормативтік қатынас бойынша
өндіріс жұмысшыларының жалақысына пропорционалды енгізіледі. Ақауды
жөндеумен айналысатын жұмысшының жалақысы 18 теңге болса, ал оның сметалық
нормативтік мөлшерлемесі 7,5 теңге құраған, бұл соңғы құрал-жабдықтың күтіп
ұстау шығысына ақаудың тәсілі сомасы арқылы анықталған.

3 сурет Қаржылық және өндірістік (басқару) бухгалтериясының
арасындағы өзара қарым – қатынастары
Өндіріске кеткен шығындарды есептеуге арналған шоттардың бөлімшесі
бір шолушы және бірнеше транзиттік шоттардан тұрады, онда олардың
мазмұны, пайда болған орындары және басқада белгілері бойынша шығындар
топтастырылады.
Транзиттік шоттарда көрсетілген ақпараттар нақты жасалған шығындар
туралы белгілі бір ақпараттардың бөлігін көрсетеді, оны шолып (белгіленген
қағидалар мен ережелерді пайдалана отырып ), шығарылған өнімнің нақты
өндірістік өзіндік құны туралы мәліметтерді алуға болады, сондай –ақ өнім
бірлігі де есептелінеді. Әрбір бөлімше өз кезегі бойынша үш категорияға
бөлінеді:
- Шығындарға кеткен тікелей материалдар;
- Шығындарға кеткен тікелей жұмыс күші;
- Үстеме шығындар.
Тікелей шығыстарға кеткен материалдар соңғы өнімнің құрамына (яғни,
оның құнына) басқа да шығындарымен қатар қосылады. Мысалға. автомобиль
өндірісі, үшін болат немесе жиһаз өндірісі үшін ағаш негізгі материалдар
болып табылады.
Жұмыс күшіне жұмсалған тікелей шығындар бұл өнімді әзірлеуге тікеден
қатысқан өндіріс жұмысшыларына есептелген еңбек ақысы (еңбек ақыдан
аударылатын аударымдарды қоса есептегенде) болып табылады.
Мысалы, толассыз өндірісте жұмыс істейтін оператордың немесе металл
өңдеуші станокта істейтін жұмысшының еңбек ақысы т.б. осы сияқты тікелей
еңбек ақылары жатады.
Қызмет көрсететін цех жұмысшыларының еңбек ақысы тікелей еңбек ақы
болып табылмайды, ал олар үстеме шығысқа жатқызылады.
Үстеме шығыстар өндіріске кеткен барлық шығындардан тікелей
шығындарды (тікелей материалдар шығындары мен өндіріс жұмысшыларының еңбек
ақысы) шегеріп тастағаннан шығады.
Одан басқа, үстеме шығыстардың қатарына: амортизация шығыстары, жал
ақысы, сақтандыру жарнасы, тұрғын -үй қызметі, жарықтандыру және басқа да
себептердің салдарынан өндірістік уақытша тоқтап қалуының шығыстары т.б,
жатады.
Жалпы алғанда, өндіріс есебін төрт негізгі кезеңге бөлуге болады:
- өндіріс түрлері бойынша "транзиттік" шоттарда субъекттің есепті
кезеңнің барысында тікелей шығыстар туралы ақпараттарға шолу жасалады
(негізгі, көмекіші т.б. өндірістері бойынша);
- Үстеме шығыстардың шоттары бойынша субъектік үстеме шығыстары
жинақталып, олардың жалпы деңгейі туралы ақпараттар беріледі;
- үстеме шығыстарын белгіленген тәсіл (шаруашылық жүргізуші
субъекттің есептік саясатында қаралған әдісі) бойынша негізгі, көмекші
өндірістерге таратады;
- Транзиттік шоттардағы жинақталған шығыстарды дайын өнім шотына
есептен шығарып, дайын өнімнің нақты өзіндік құны қалыптасады, сондай-ақ
аяқталмаған өндірістің де үлесі анықталып тиесілі саласына жатқызылады.
Үстеме шығыстарға өндіріске қызмет көрсетумен және негізі және
көмекші цехтардың жұмыс ұйымдастыруымен байланысты шығыстары жатады, оларды
тікелей дайын өнім түрлеріне (бірлігіне) жатқызуға болмайды.
Үстеме шығыстар, әдетте, біршама жалпы сипатқа ие болады:
- кешендік сипаты - шығыстар құрамында барлық зкономикалық элементтер
шығындары көрініс табады;
- екі және одан да көп бұйымдар шығарған кезде бұл шығыстарды тікелей
белгілі бір бұйымға жатқызу қиынға түседі, демек олар дайын өнімнің арасына
таратылады және аяқталмаған өндіріске де жатқызылады.
1 кесте Шығындар жіктеу
Шығындар баптарының атауы
А. Құрал жабдықтарды пайдаланумен күтіп ұстау шығыстары бойынша
Өндіріс жабдықтары мен көлік (транспорт) құралдарының амортизациясы.
Жөндеу қорына қаржы бөлу немесе өндіріс жабдықтарымен көлік құралдарын
жөндеу жөніндегі шығындары
Жабдықтарымен көлік құралдарын пайдалану жөніндегі шығындары
Аспаптар мен ынғайластарлыған құралдырды (тектіктерді) жөндеу және қалпына
келтіру
Құрал жабдықтармен байланысты басқада шығыстары
Б. Үстеме шығыстары
Цех аппараттарын ұстау, еңбек ақыдан аударымды қоса алғанда
Ғиматарттардың, қондырғылардың және де басқада мүліктердің амортизациясы.
1 кестенің жалғасы
Ғимараттардың, қондырғылардың жөндеу қорына аударымдар жасау немесе оларды
жөндеу бойынша шығындары.
Ғимараттарды, қондырғыларды, инвентарларды күтіп ұстау шығындары
Сынақтар, тәжірибелер зерттеулер жүргізу жөніндегі шығындары
Рационализаторлықпен өнер тапқыштық жөнідегі шығынадары
Цехтар қызметкерлердің еңбегін қорғау: қауіпсіздік техникасын құралдарын
күтіп ұстау пайдалану және ағымдық жөндеу жөнінде шығындары; желдеткішті
күтіп ұстау және ағымдық жөндеу жөніндегі шығындары; санитариялық
тұрмыстық құрылғыларды күтіп ұстауға арналған шығындары; арнаулы киім мен
бейтараптандырушы құрылғыларға арналған шығындары; еңбекті қорғау
жөніндегі басқада шығындары
Басқада үстеме шығындары (өндіріс құралдары үшін жалға ақы төлеу, іссапар
шығыстары, берілген кепілдіктер үшін қызмет көрсету шығындары және өнім
өндіру бойынша құрал жабдықтарды жөндеу).
Өнімсіз шығындардың барлығы, оның ішінде: ішкі өндірістік себептері
бойынша тоқтап қалудан болған шығындар цехтарды сақтау кезінде материалдық
игіліктердің бүлінуінен болған шығындары; табиғи кему нормалардың шегінде
материалдық игіліктердің жетіспеуінен және аяқталмаған өндірістен болған
шығындары; басқада өнімсіз шығындары.

Техника және т.б ерекшеліктеріне қарап үстеме шығыстарына қарап
өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Үстеме шығыстарды тарату тәсілі өндірістің ерекшелігіне және есептік
саясатына тәуелді болып келеді. Негізінен ол шаруашылықтың есеп саясатына
сәйкес көрініс табады:
- өнніріс жұмысшыларының еңбекақысына пара-пар етіп (пролорииональды)
таратылады;
- тікелей материал шығыстарына пара-нар етіп (пройорциональды)
таратылады;
- өндірілген өнім санына немесе өнделген шикізаттын салмағына пара-
пар етіп (прогюрциональды) таратылады;
- цех құнына пара-пар етіп (пролорционалды) (мысалға, қара
металлургияда) немесе шикізат құны шегерілген цехтың өзіндік құнына пара-
пар етіп (пропорциональды) (мысалға, жеңіл өнеркәсібі) таратылады;
- алдын-ала белгіленген шығындардың тұрақты коэффиценттері бойынша
таратылады;
- басқа да тарату базалары бойынша таратылады (құрал-жабдықтың жұмыс
сағатына және т.б.).
8400 – Үстеме шығындар бөлімшесі мынадай шоттардан тұрады:
8400 - Үстеме шығындар, онда транзиттік әрі бір элементтік
шоттарды есепке алатын үстеме шығындар тұрады, оның кұрамындағы;
8411 – Материалдар - үстеме шығындардағы материалдардың барлық
түрлерін есепке алу үшін арналған;
8413 - Қызметкерлердің еңбегіне еңбекақы төлеу - жабдықтарға
қызмет көрсетумен, оларды жұмысқа қосумен айналысатын жұмысшыларға және
басқа жұмысшыларға сондай-ақ цех қызметшілеріне есептелген жалақыны есепке
алуға арналған;
8413 - Еңбекақыдан аударылатын аударымдар" — 8412 шотында
есептелген еңбекақыдан жасалатын аударымдарды есепке алуға арналған;
8414 - Негізгі құралды жөндеу - өндіріс қызметінде пайдаланатын
негізгі құралдарды жөндеу бойынша жұмсалған нақты шығындарды көрсету үшін
арналған;
8415 - Негізгі құралдардың тозуы және материалдық емес активтердің
Амортизациясы өндіріс қызметінде пайдаланатын материалдық емес
активтердің амортизациясының және неігзгі құралдардың тозуының есептелген
сомасын көрсету үшін арналған;
8416 - "Тұрғын-үй қызметі" - тұрғын-үй қызметінің барысында
тұтынылған кұнын көрсетуге арналған, оған қызмет көмекші өндірістен немесе
сыртқы ұйымдардан да көрсетілуі мүмкін;
8417 - "Жалақысы' — өндірісте пайдаланатын негізгі құралдарды
ағымдағы жалға беру бойынша жал ақысының сомасын көрсетуге арналған:
8418 - "Басқа да" — әлеуметтік сфераға (аясына) негізгі және көмекші
өндірістердің көрсеткен қызметінің шығысын көрсетуге арналған.
Үстеме шығыстың аналитикалық (талдамалық) есебі келесі
номенклатуралық бап үлгілері бойынша жүреді.
Мысалға, құрал-жабдықты пайдалану мен күтіп-ұстау шығыстары 2775360
теңге құраған (оның ішінде жөндеуге 1206000 теңге, негізгі құралдың тозу
сомасына - 1129360 теңге, құрал-жабдықты күтіп-ұстауға, палайдалынған
материалдар құнына 440000 теңге шығындар жұмсалған).
Жалпы, үстеме шығыстар негізгі жалақының денгейіне байланысты етіп
таратылады, ол мынаны құрады:
- негізгі өдірісте жұмыс істейтін еңбеккерлердің жалақысы — 4929000
теңге: көмекші өндірісте жұмыс істейтін еңбеккерлердің жалақысы,
3190000теңге;
- ақауды жөндеумен шұғылданатын еңбеккерлердің жалақысы — 72ООтеңге.
Үстеме шығыстарының жалпы сомасы 3460700 теңге құраған (6236060-2775160).
Тарату коэффициенті мынаған тең; 0,42586941
[3460700:(4929000+3190000+7200)].
Келтіршген мәліметтен үстеме шығысының әрбір тарату объектісің
келетін сомасы:
негіігі өндіріске - 2099110 теңге (4929000x0,4258694!);
көмекші өндіріске - І35К523 теңге (3390000x0,4258694!);
Ақауды жөндеу бойынша шығысқа - 3067 теңге (7200x0,42586941).
Құрал-жабдықтарды пайдалану мен күтіп-ұстау шығыстарын ескере отырып
таратылған үстеме шығыстар:
негізгі өндіріске..4098448 теңге (20941 10+1.999338);
көмекші өндіріске - 2131635 теңге (1358523+7732);
ақауды жөндеу бойынша шығыстарға.5977 теңге (3067+2910).
Әрбір цехтың үстеме шығыстарын тек өзінде өндірілетін өнімнің өзіндік
құнына ғана қосады.
Егерде кәсіпорын күрделі құрылыс жұмыстарын жүзеге асыратын болса,
онда үстеме шығыстарды тарату коэффиценті бойынша аяқталмаған құрылысқа да
жатқыза алады, ал ол 2930 - "Аяқталмаған құрылыс" шотының дебеті және 8400
шотының кредиті бойынша көрініс табады.

Кәсіпорын шығындары және оның түрлері

Кәсіпорынның шығаратын тауарларының мөлшерін рынокқа ұсынуы, оны
өндіруге кететін шығындарына және сол тауарлардың рынокта сатылатын
бағаларына тікелей байланысты болады. Бұдан шығатын қортынды тауарларды
өндіру және оны сатуға кететін шығындарды білу кәсіпорынның шаруашылық
жүргізудегі тиімділігіне басты жағының бірі болып саналады.
Шығындар – бұл кәсіпорын өзінің өндіретін және коммерциялық қызметін
іске асыру үшін өндіріс факторларының ақшалай түріндегі шығындар. Өндіріс
процесіндегі айқын шек қоятын шығындар және олардың маңызы мен практикалық
қызметіндегі анықтайтын межесі болып табылады. Кәсіпорын шығындары
өндірістік белгісіне қарай 3 түрге бөлінеді:
1) Өзіндік құн құрайтын өнімдерді өндіру және сатуға кететін
шығындар. Бұл капиталдың ауыспалы айналымы арқылы сатудан түскен ақшалай
түсімді жабатын ағымдағы шығындар;
2) Өндірісті ұлғайтуға және жаңартуға кететін шығындар. Әдеттегідей
бұл жаңа немесе жанғыратын өнімге жұмсалатын бір жолғы ірі күрделі қаржы
шығындары;
3) Өндірістің әлеуметтік- мәдени, тұрғын –үй, тұрмыстық қызмет
көрсетуге және осыған ұқсас басқада мұқтаждарға кететін шығындар. Олар
кезінде пайданың есебінен бөлінетін арнаулы қорлардан қаржыландырылады.
Сонымен әдеттегідей тыс пайда беретін капиталдың салаға қойылуы сол
саладағы өнімдерге деген өзгеріссіз сұраным жағдайында табыстылықтың
құлдырауына жеткізеді және, керісінше, әдеттегідей төмен пайда беретін
капиталдың саладан қашуы сол саладағы өнімге деген өзгеріссіз сұраным
жағдайында пайдалылықтың жақсы деңгейіне дейін көтерілуіне септік етеді.
2 кесте Өндірістік шығындардың жіктелуі
Сыныптау белгілері Шығындардың бөлшектенуі
Экономикалық элементтер Шығындардың экономикалық
элементтері
Өзіндік құнның статиялары Өзіндік құнның калкулация
статиялары
Технологиялық процестерге Негізгі қосымша
қатыстылығы Бірэлементтік кешенділік
Құрамы Тікелей, жанама
Өнімнің өзіндік құнына қатысудың тәсіліӨндірістік, өндірістен тыс
Өндірістік процестің рөлі Өндірістік, өндірістік емес
Мақсатқа сәйкес жұмсау Жоспарлы, жоспарсыз
Жоспарға қатысу мүмкіншілігі Тұрақты, ауыспалы
Өнімнің көлеміне қатысы Күнделікті, бір жолғы
Шығу мерзімділігі Аяқталмаған өнімге кететін
шығындар,
Дайын өнімге қатысы Дайын өнімнің шығындары

Өндіріс шығындарының мәні. Кез келген экономикалық шешімнің негізінде
қойылған сұраққа қайтарылар жауап жатады: біздің мына бір немесе басқа
жобаға (біздің шығынымыз) жұмсағанымыз және жобаны жүзеге асыру нәтижесінде
өз шығынымыздан тысқары алатынымыз (біздің пайдамыз) қандай ара қатынаста
болуы керек?
Кез келген өндірістік единица (фирма) өз қызыметінен мүмкіндігінше
мол пайда көргісі келеді. Пайда мөлшері екі фактормен анықталады:
– сұраным мен ұсыным нәтижесінде жинақталынатын тауарлардың немесе
қызметтердің бағаларымен, бұл фактор көбіне – көп экономикалық
конъюнктуралық сыртқы жағдайға тәуелді;
– фирманың өндіріс ресурстарын тиімді пайдалануына байланысты
болатын өндіріс шығындарымен.
Экономикалық көзқарас тұрғысынан фирманың барлық шығындарын: айқын
және айқын емес деп екі топқа бөлуге болады.
а) Айқын шығындар – ол өндіріс факторларын және аралық бұйымдарды
жеткізушілерге (сырттан келетін жартылай дайын өнімдер) ақшлай төлемнің
формасын қабылдайтын баламалы шығындар:
1) жұмысшыларға еңбекақы;
2) сатып алынатын немесе жалған алынған: станок, машина, құрал,
ғимарат, құрылыс шығындары мен төлемдері;
3) көлік шығындарына төлеу;
4) комминальдық төлемдер;
5) банктердің, сақтандыру компаниялардың қызметтеріне төлеу;
6) материальдық ресурстарды (шикізат, жартылай дайын өнімдер,
жабтықтағаш бөлшектер) төлеу.
б) Айқын емес шығындар (имплиценттік шығындар) – ол ресурстарды
пайдаланудағы фирманың өзіне қарасты баламалы шығындар яғни ешкімге ештеңе
төлемейтін шығындары.
1) өзіне қатысты ресурстарды тиімді пайдаланған жағдайда ала
алатын немесе “айырылып қалған мүмкіндіктерінің” (алынбай қалған
пайдасының) ақшалай төлемі.
Айқын айырылып қалған мүмкіндіктер шығындарының мөлшері – ол
ресурстарды пайдаланудың барша баламалы тәсілдерінің ең қолайлысынан
түсетін ақшалай түсім. Мысалы, Жоғарғы Оқу Орыны оқытушысы өзінің жұмысын
тастап, “қыпшақтап сату бизнесіне” өтті делік, ондай жағдайда ол өз
бизнесінің шығынына өзінің жоғалтқан оқытушылық жалақысына қосуы керек.
Тағы бір мысал келтіруге болады. Кәсіпорын ешкімге ештеңе төлеместен
(сөйтіп экономика жағынан өзінің меншік иесі құқығын жүзеге асыра отырып)
өзіне қарасты ғимаратты пайдаланады делік, бұл ретте ол ғимаратты біреуге
жалға беріп, одан алынатын ақшалай төлем мүмкіндігінен бас тартады. Бұл
шығындар айқын шығын төлем үшін міндетті болып контрактыда көрсетілмеген,
сондықтан да ол алынбай қала береді.
Айырылып қалған мүмкіндіктерді еске алу – нарықтық экономиканың
маңызды ерекшелігі;
2) жақсы табыс – кәсіпкерді өзі таңдаған сала қызметіне
құлшындыратын шағын марапат тәрізді.
Мысалы, кәсіпкер станок шығара отырып, жұмсалған капиталына 15% пайда
алса, онда ол дұрыс деп саналады. Бірақ егер рынокта станок өндірушілер
көбейіп кетсе, сұраным азаяды да, түсер пайда 7-9% болады, ондай да
кәсіпкер бұл саладан кетуге бел байлайды. Пайдасыз саладан (егер сұраным
тұрақты болса) “капиталдардың қашуы” өз кезегінде оның пайда табуын дұрыс
деңгейге дейін көтереді.
Айқын (бухгалтерлік) шығындар плюс айқын емес шығындар – бұл
экономикалық шығындар.
Экономикалық шығындар бухгалтерлік шығындарды ғана емес, сонымен
бірге өз ресурстарын аса қолайлы кәсіпкерлік салаға жұмсап, одан алуға
болатын табысты да қамтыйды.
Өндіріс шығындарының мөлшерін анықтаудағы экономикалық ыңғайдың мәні
“айырылып қалған мүмкіндіктер шығыны ” тұжырымдамасымен беріледі.

3 сурет Экономикалық шығындардың құрылымы
Барлық экономикалық шығындар екі үлкен топқа бөлінеді: тұрақты және
айнымалы.
Тұрақты шығындар – ол мөлшері өндіріс көлеміне байланысты емес
мынадай шығындар: рента (өсім), жылжымайтын мүліктерге салынатын салықтар,
негізгі капитал амортизациясы, үй – жайды жалға беру, әкімшілік шығындар,
зайымдар бойынша шығындар.
Фирманың айнымалы шығындары өндіріс көлеміне тікелей байланысты.
Оған: шикізаттың, материалдардың, арзан бағалы және тез тозатын заттардың
шығындары, өндіріс жұмысшыларының еңбекақылары, өндіріс жұмысшыларын
әлуметтік сақтандыруға аударылған ақша шығындары кіреді.
Өндірістің тұрақты және айнымалы шығындарының қосындысы “өндірістік
шығындардың жиынтығын” құрайды.
Кез келген фирма мейілінше мол жиынтық (жалпы) пайда алуға тырысады,
ал ол пайда біздің қазір ғана көргеніміздей, өндіріс табыстылығының көлемін
дұрыс анықтауға байланысты.
Өнім шығарудың әртүрлі шығын түрлеріне анықтама береміз.
Жалпы шығын – бұл өнімнің бірлігін (партиясын) өндірудегі шығын, жиынтық
шығын. Сан жағынан олар өндіріс факторларының бағасы тауардың осы мөлшерін
өндіру үшін қажет ететін өндірістің осы факторының единицалар санына
көбейткенде тең болады.
Орташа шығындар – ол өндірілген тауардың единицасына есептегендегі
шығындар. Өндірушіге жалпы шығындар мөлшерін емес, орташа шығындар мөлшерін
білген жөн, жалпы шығындар өсуінің тасасында орташа шығындардың төмендеуі
мүмкін.
Тауар өндірудің шығындары негізгі және айналым капиталының
шығындарымен тікелей байланысты.
3 кесте Бухгалтерлік шығындар құрлымы
Бухгалтерлік шығындардың Капиталдың шығын түрлері
баптары
1. Материалдық шығындар Меншікті капитал шығындары
2. Еңбекақыға жұмсалған
шығындар
3. Әлеуметтік қажеттілік
терге ақша аудару
4. Амортизация Меншікті негізгі капитал шығындары
5. Тағы басқа шығындар Меншікті және заемды айналым капитал
шығындары

Бухгалдерлік шығындар – Бұл күшіндегі заңға сәйкес өкімнің өзіндік
құнына қатысты айқын шығындар. Бұхгалтерлік шығындардың баптары -
өнімдердің өзіндік құндарын құрайтын шығындар баптары болып келеді.
а) Материалдың шығындарға мыналардың құндары жатады:
1) кәсіпорындар алған шикі заттардың, материалдардың олар
өндірілетін өнімдердің негізгі компененттері болып саналады;
2) қалыпты технологиялық процесті қамтамасыз ету, буып түю,
сақтау үшін сатып алынатын материалдардың арзан бағалы және тез тозатын
заттардың (республикада оларға; аспаптар, тетіктер, мекеме жабдықтарын және
басқаларын арзан бағалы және тез тозатын заттарға жатқызу үшін үкімет
олардың тұтыну мерзімін және, құндарын белгілейді;
3) сол кәсіпорында монтаждауға немесе одан әрі өңдеуге
жататын, басқа кәсіпорындардан сатып алынған жабдықтау бұйымдары және
жартылай фабрикаттардың;
4) басқа кәсіпорындар атқаратын жұмыстар мен қызыметтердің;
5) сатып алынған отынның және т.б.
б) Еңбекақыға жұмсалған шығындар;
1) іс жүзінде орындалған жұмысқа еңбекақы төлеу;
2) жұмысшыларға заттай төлеу түрінде берілетін өнімдердің
құндары;
3) өнімдік сипаттағы төлемдер (қалыптық жағдайлардан тысқары
жұмыстарға, кәсіптерді қатар атқару, денсаулық үшін қауіпті жағдайлардағы
жұмыстар үшін);
4) демалысқа төлеу және т.б.
в) заңменен белгіленген нормалар бойынша міндетті ақша аудару -
әлуметтік қажеттілікке ақша аударуға жатады. Жалпы шығын мөлшерінің
еңбекақы төлеуге байланыстылығы анықтайтын әлументтік сақтандыру қорына,
зейнетақы қорына (мемлекеттік және мемлекеттік емес, халықты жұмыспен қамту
қорына). Материалдың шығын секілді (I бөлім), еңбекақыға жұмсалатын
шығындар. (II бөлімнің) әлументтік қажеттілікке аұша аудару да (III бөлім)
кәсіпорынның меншікті капитал айналымын пайдаланумен байланысты. Төртінші
бөлімде көрсетілген шығындар кәсіпорынның негізгі капиталын пайдаланумен
байланысты.
г) негізгі капиталдың амортизациясы - ол негізгі капиталдың құнын
оның тозуына қарай сол капиталдың көмегімен өндірілетін өнімге көшірілетін
және осы құнды негізгі капиталды одан әрі ұдайы өндіру үшін пайдалану
процесі болып табылады.
Амортизацияның әр жылғы нормасы салық және басқа да міндетті төлемдер
заңда белгіленген.
Өндірілетін өнімнің өзіндік құны.
Кәсіпорынның іс - әрекетіндегі басты көрсеткіштердің бірі - өнімнің
өзіндік құны. Бұл өнімді өндіруге және оны сатудағы ақшалай нысанында
көрсетілетін шығындардың жиынтығы. Сөйтіп, жалпы өндірістік тиімділігін
анықтайды.
Өзіндік құнның экономикалық мазмұны – жұмсалған шығындардың орнын
толтыру және соның есебінен өндірілетін барлық элементтердегі жай ұдайы
өндірісті, өндірістік қорларды және жұмыс күштерін қамтамасыз ету. Осы
арада, кәсіпорынның өзіндік құнының маңызды элементтері: амортизация,
жұмсалған материалдық ресурстардың құны, еңбекақы – шығындардың басты
статьялары.
Сонымен қатар, кәсіпорын бір уақытта басқа да шығындарды іске
асырады: өздерінің қызметкерлеріне сыйлық, банктік несиеге процент төлеу,
әлеуметтік обьектілерді ұстау, бюджеттен тыс қорларға аударым жарналарын
жасау – бұл шығындар кәсіпорынның қосымша шығындарын құрайды.

Көмекші өндірістің шығындарының есебі

Негізгі өндіріс тұтынатын өнімді шығарып жұмыс жасайтын және қызмет
көрсететін өндіріс көмекші өндіріс деп аталады. Бұл қазандық, электр
станциялары, сумен жабдықтау. Жөндеу –механикалық цехы, автотранспорт және
т.б. Көмекші өндірістің шығындарын есептеуге 8310 шоты арналған және ол
"Цехтардың шығындары" деп аталатын ведомоста жүргізіледі, онда әрбір
өндіріс (цехтар) үшін жеке талдамалық шот (тіркемелі Парақтарда) ашылады.
Көмекші өндірістің шығындарын есепке алу үшін мына шоттар арналған:
8310 - ''Көмекші өндірістер (қорытушы шот)";
8311 - 'Материалдар":
8312 - "Қызметкерлердің еңбнгіне ақы төлеу";
8313 - "Еңбекақыдан қаржы бөлу";
Көмекші өндірістердің әрбір цехтары бойынша шығындарды есепке алу
"цехтар шығындары" деп аталатын ведомоста жүргізіледі. Ведомосқа жазбалар
талдамалық кестелерден немесе бастапқы құжаттардан алып жазылады.
Көмекші өндірістің талдамалық (аналитикалық) есебі әрбір цехта, оның
түрлері (егер олар арқылы болса) және шығын баптары бойынша жүреді. Шығын
номенклатурасы өндірістің күрделігі мен сипатына тәуелді болып? келеді.
Әдетте, ол өзіне: негізгі материалдарды, көмекші материалдарды, отын
энергетикалық және технологиялық шығыстарды, электр энергиясын, өндіріс
мақсаты үшін пайдаланатын буды және суды, негізгі және қосымша жалақыны,
жалақыдан аударылатын аударымдарды, үстеме шығыстарды қосады.
Қосымша өндірістің күрделілігі, сондай-ақ шығарылатын өнімнің
біртектестігі немесе біртектесеместігі көмекші өндірістің көрсеткен
қызметінің өзіндік құнын есептеу үшін әртүрлі өндірісті қолдануға мәжбүр
етеді.
Көмекші өндірістің есеп айырысуы мен калькуляциясы біршама
ерекшеленеді, өйткені кейбір цехтар бір-бірімен тығыз байланыста болады
және тұрақты түрде бір-біріне қызмет көрсетеді: жөндеу-механикалық цехы жүк
автомашина цехына ағымдағы жөндеу жұмысын жүзеге асырады, ал автотранспорт
цехы жөндеу-механикалық цехына жүкті тасымалдайды.
Автомашинаның ағымдағы жөндеуінің өзіндік құнын есептеу үшін
автомашина мен тасымалданатын жүктің өзіндік құнын білу керек. Ал
тасымалданатын жүктің өзіндік құнын есептеу үшін ағымдағы жөндеудің өзіндік
құнын білу керек. Бұл жағдайда, өзіндік құны не математикалық не есептік
өзіндік құны бойынша (немесе өткен айдағы қызмет көрсетудің құны бойынша)
есептелінеді. Математикалық әдіс анық болғанымен, іс жүзінде екінші әдісі
кеңінен пайдаданылады. Көмекші өндірісте шығындар ай сайын таратылады.
сондықтан онда қалдық қалмайды.
Тек жөндеу-механикалық пен аспаптар жасайтын цехтарды қоспағанда, бұл
цехтарда ай соңында қалдықтары болуы мүмкін. Бұндай қалдықтарды есептік
кезеңнің соңында өндірістік (басқарушылық) бухгалтериядан қаржылық
бухгалтериясына беріледі ол кезде 1340 - "Көмекші өндіріс" шоты дебеттеледі
де, 8310 - "Көмекші өндіріс" шоты кредиттеледі. бұл операцияның көмегімен
аяқтамаған өндірістің қалдығы қаржылық есеп берудің көмекші өндірісіне
жатқызылады.
Келесі есептік жылдың басында қаржылық бухгалтериядан өндірістік
(басқарушылық) бухгалтерияға беріледі, ол кезде 8310 - "Көмекші өндіріс"
шоты дебеттеліп, 1340 - "Көмекші өндіріс" шоты кредиттеледі.
Көмекші өндірістің көрсеткен қызметін және атқарған жұмысын
тұтынушылар бойынша тарату үшін "Көмекші өндірістің керсеткен қызметін
тарату" деп аталатын талдамалы кестесін жасайды. Онда әрбір көмекші
цехтардың жиынтық шығындары, өндірілген өнімнің саны көрсетіледі: су
қайнататын қазан цехы бойынша - будың тоннасы, компрестік қондырғы..
қысылған ауаның куба метрі, электростанция киловаттсағаты, автотранспорт —
тоннокилометрі. Содан соң жұмыс пен қызметтің өзіндік құнынын бірлігі
анықталады. Өзіндік құнның бірлігін анықтаған соң, жұмыс пен қызметті
тұтынғандарға таратады.
Көмекші өндірістің өнімінің санын счетчиктердің көрсеткіштері бойынша
немесе шамамен (шартты жолымен) анықтайды.
"Көмекші өндіріс қызметін таратудың"талшдамалық кестесі үш бөлімнен
тұрады.
Бірінші бөлімше өнімнің, жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің және-
көмекші өндірістердің шығындарынан ондағы материалдық құндылықтардың іс
жүзіндегі өзіндік құны есептелініп шығарылады және олардың жоспарлы өзіндік
құны келтіріледі. Қабылданған және көрсетілген қарама-қарсы қызметтердің
өзіндік құны тек болуға тиіс. Екінші бөлімде алынған және көрсетілген
қызметтердің саны мен жоспарлы өзіндік құны, негізгі тұтынушыларға
босатылған қызметтердің саны мен құны, материалдық шоттарға кіріске алынған
құндылықтардың құны көрсетіліп, өнімнің жұмыстар мен көрсетілетін
қызметтердің бір өлшемінің өзіндік құны анықталады.
Екінші бөлімнің деректері "Цех шығындарының" негізінде ведомосқа
жазылады, содан соң өнімді, жұмысты және қызметі тұтынғандардың шоттары
дебеттеледі де, 8310 шоты кредиттеледі.
Үшінші бөлімде көрсетілген қызметтің жабдықтаушысы болып саналмайтын
бөлімшелердің шығындарының таратылғаны көрсетіледі.
Технологиялық процестің сипатына және шығаратын өнімнің жұмыстар мен
көрсетілетін қызметтердің біртектілігіне қарай қосымша өндіріс қарапайым
және күрделі болып бөлінеді.
Қарапайым өндіріс біртекті, күрделілігі бірдей өнімдерді шығарады.
Оларда, әдетте, аяқталмаған өндіріс пен шалафабрикаттар (электр
станциялары, бу қазандық компрессорлық және оттегі станциялары, автомобиль
көлігі) болмайды.
Күрделі өндіріс алуан түрлі өнім түрлерін шығарады, оның аяқталмаған
өндірісі болады және бұйымдардың өнімдердің жұмыстардың және көрсетілген
қызметтердің түрлері бойынша есеп жүргізуді талап етеді. Күрделі өндіріске
жөндеу, модельдік (үлгілік), аспаптық, ыдыс цехтары жатады.
Енді осы аталған түрлеріне сәйкес біз бір мысал келтіріп көрейік.
Кәсіпорынның құрамында көмекші өндіріс ретінде: автотранспорттық жөндеу
механикалық бу қазандық цехтары бар болсын делік, Олардың ішінен жөндеу-
механикалық цехы - күрделі цех болып саналады, ал қалған екеуі қарапайым
цехтар қатарына жатады.
Бірінші әдіс кезінде жөндеу жұмыстарына, тапсырыстарға, не өнімнің
жекелеген түрлерін дайындауға кеткен шығындар бойынша есептен шығарылады.
"Негізгі материалдар", "қосалқы материалдар", "Негізгі және қосымша
жалақы" және т.б. баптар бойынша шығындар бастапқы құжаттардың деректері
бойынша тікелей табылады. Қосымша шығындар оларды бөлу тәртібімен
белгіленген көлемде аяқталмаған өндіріске жатқызылады.
Ағымдағы айда жылыту үшін 14397тонна бу шығарылған енді ол
счехчиктердің көрсеткішіне сәйкес тұтынушылардың арасына таратылады.

4 кесте Ай ішінде көмекші өндіріске мынадай шығындар жатқызылды
Шаруашылық операцияларының Сома Шоттар корреспонденциясы
мазмұны теңге
Дебет Кредит
Көмекші өндіріс қажеттілігіне
босатылған материалдық
құндылықтар 1410000 8310 1310-1318
-автотранспорт цехына 350000
-бу қазан цехына 793000
-жөндеу механикалық цехына
273000
Көмекші өндірісте істейтін 3350
еңбеккерлерге жалақысы 3190000
есептелінді 165 0000 8312
- автотранспорт цехынадағы 980 000
360 000
-бу қазан цехынадағы
-жөндеу механикалық цехынадағы
1 кесте жалғасы
Шаруашылық операцияларының Сома Шоттар
мазмұны теңге корреспонденциясы
Дебет Кредит
Көмекші өндірістің шолушы 8310 8311
шотына жинақталды.
- материалдық шығындары 7334545 8310 8312
- еңбекақы шығындары 141 0000 8310 8313
- еңбекақыдан аударылатын 319 0000 8310 8314
аударымдар 602910
- үстеме шығыстары 2131635
шығындар цехтар бойынша
қорытындыланды.
-автотранспорт цехы бойыншы
-бу қазан цехы бойынша
-жөндеу механикалық цехы
бойынша 3414419
2610080
1310046
Бір–біріне қарама–қарсы
көрсетілген қызметтері есептен 1159810 8310 сәйкес
шығарылды 253681 супб шоттары
4 кестенің жалғасы
- автотранспорт цехы бойынша 557869 бойынша
-бу қазан цехы бойынша 348260
-жөндеу механикалық цехы
бойынша
Көмекші өндіріс бойынша 8494355
жасалған шығындар (барлығы)
8494355тең (7334545+1158810)
Бір біріне өзара көрсеткен 1159810 8310 8310 сәйкес
қызметтермен жұмыстары есептен суб шоттары
шығарылды. бойынша
Көмекші өндіріс цехтары бойынша114400 1320 8310
шығарылған дайын өнім
кірістелді.
Негізгі өндіріске көрсеткен 5058038 8410 8310
қызметімен атқарған жұмыстары
- Кескіш цех үшін 1414650
- Пішетін цехы үшін
- Дайындаушы цехы үшін 1623758
- Аяқ киім тігетін цехы үшін
166671
3252959
Жалпы және әкімшілік 526237 7210 8310
қажеттілігі үшін орындалған
жұмыстар мен қызметтер
Өнімді сатумен байланысты 1051092 7110 8310
жұмыстармен қызметтер
Тыс жақта орындалған 584778 7010 8310
жұмыстармен қызметтерді есептен
шығару
жиыны 8494355

Қарпайым өндірістің калькулациясы. Қарапайым өндірісінде өнімнің,
қызметінің және жұмыстың өзіндік құнының бірлігі ықшамдалған тәсіл бойынша
калькуляцияланады: шығарылган өнімге, жұмысқа, қызметке қатысты шығын
сомасын сол өнімнің санына бөледі (өзара көрсеткен қызметтерін шегеріп
барып). Анықталған өнімнің қызметтін, жұмыстың өзіндік құны бойынша
тұтынушыларға 8310 шотынын кредитінен есептен шығарылады.
1. Бу қазан цехы. Бу қазан цехының таза өзінің шығыны 2610080 теңге
құраған. ал жөндеу –механикалық цехының көрсеткен қызметі (кұрал-
жабдыктарды жөндеу бойынша) - 175150 теңге құраған, автотранспорт цехының
көрсеткен қызметі (есептің құны бойынша) — 382719 теңге құраған.
1 тонна будың есептің өзіндік құны - 85 теңге құраған (өткен айдағы нақты
шығындарының деңгейінен алынған).
Негізі тұтынушыларға көрсетілген қызметтің нақты өзіндік құны 2920049
теңге құраған (6 кестеге қараңыз): 2610080 + 175150 + 382719 - 1340 х 185
(жоспарлы өзіндік құқы бойынша жөндеу -.механикалық цехының көрсеткен
қызметі). Негізгі тұтынушыларға көрсетілген қызмтеттің нақты өзіндік
құнының бірлігі 223.64 теңгеге тең болған (2920049 : 13057).
Негізгі; тұтынушыларға көрсстілген қызметтің нақты өзіндік құны
туралы мәліметтің (223,64 теңге) және тұтынылған қызметтің саны туралы
ақпараттын негізінде бу қазанының шығындары тиісті тұтынушылары бойынша
есептен шығарылады.
2. Автотранспорт цехы. Автотранспорт целының тасымалдаған жүгінің
саны 18957 ткм құраған (ағымдағы айдың жол парағының мәліметі бойынша). Ал
автотранспорт цехының. өзі жасаған шығын 3414419 теңге құраған, қарама-
қарсы қабылданған қызметтің деңгейі - 25386І теңге құраған жөндеу-
.механикалық цехының көрсеткен қызметі, Өткен айдың нақты өзіндік құны
туралы мәлімет бойынша бір ткм-дің жоспарлы өзіндік құны 193 теңге құраған.
Жоспарлы өзіндік құн бойынша қарсы көрсетілген қызметін сомасы цехтар
бойынша мынаны құраған:
бу қазан цехы бойынша — 382719 теңге (1983 ткмх193);
жөндеу-механикалық цехы бойынша — 100360 теңге (520 ткм.193).
Жоғарыда келтірілген мәліметтер бойынша негізгі тұтынушыларға
көрсетілген қызметтің нақты өзіндік құнының сомасы 3185021 теңге құраған
(3414419+253681 382719-100360). Негізгі тұтынушыға көрсетілген қызметтін
көлемі 16454 ткм құраған (.18957-1983-520). Негізгі тұтынушылар бойынша
шығындардың жалпы денгейін (3)85021) негізгі тұтынушыларға көрсетілген
қызметтің көлеміне 16454) бөлеміз де. 1ткм нақты өзіндік құнын табамыз, ал
ол біздің мысалда — ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басқару есебі мен қаржы есебінің салыстырмалы сипаттамасы
Шығындар есебі және өнімнің өзіндік құнын калкуляциялау
Шығындар есебі және өнімнің өзіндік құнын калкуляциялау әдістері
Шешім қабылдау және жоспарлау үшін өндірістік шығындарды топтау
Шығындардың экономикалық мәні
Өндіріс шығындарын жіктеу
Кәсіпорын шығындарын басқару және талдау
Шығындар
ЖШС «ОПТСНАБ» - тың ұйымдастыру - экономикалық мінездемесі
Кәсіпорын шығындарының экономикалық мәні мен мазмұны
Пәндер