Сенімхат: анықтама, құрылымы, рәсімделуі және жарамдылық мерзімдері


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

СЕНІМХАТ - сенім білдірілген тұлғаға сенім білдіруші атынан (кәсіпорын, азамат) қандай да бір іс-әрекетті асыруға құқық беретін, олардың өзара келісімін куәландыратын құжат. Сенімхат мекеме атынан да, жеке адам атынан да беріледі. Ол мекеме атынан мәміле жасауға, материалдық құндылықтар мен ақша алуға немесе басқа да түрлі әрекеттер жасауға сенім білдіріп, құқық береді. Ресми сенімхаттар мекеме бланкіне рәсімделеді.

Сенімхат мекеме атынан берілсе, арнаулы бланкке жазылады да, мекеме басшысының қолы мен мөрі басылады.

Егер сенімхат жеке адам тарапьшан берілсе, сенімхат иесінің аты-жөні, құжатының аты мен нөмірі жазылып, колы қойылады. Төменгі жағына мекеме басшысы не нотариус сенімхат иесінін қолын растап, мөр басады.

Сенімхат (ағылш. warrant; power of attorney; proxy; - сенім білдірушінің өз атынан өкілдік ету үшін екінші тұлғаға берген жазбаша уәкілдігі. С. жазбаша нысанда және нотариаттық куәландыру арқылы жасалынады. Егер сенімхат мүлікті басқару үшін және нотариаттық куәландыруды талап ететін мәміле жасауға берілсе, оны міндетті түрде нотариат куәландыруға тиіс. Сенімхаттың мерзімін сенім білдіруші өзі белгілейді, бірақ заң бойынша ең ұзақ мерзім - 3 жыл. Сенімхатта мерзімі көрсетілмесе, толтырылған күнінен бастап 1 жыл мерзімге жарамды болып саналады.

Сенімхат мынадай әрекеттер жасау үшін берілуі мүмкін: 1) мәміле жасау;

2) акционердің атынан қоғамның жиналысына қатысу;

3) белгіленген уақыт ішінде сенім білдірушінің атынан әрекет ету;

4) сенім білдірушінің мүліктік кешенін басқару, т. б.

Сенімхат мына негіздер бойынша тоқтатылады: 1) мерзімінің өтуі;

2) көзделген әрекеттің орындалуы;

3) Сенімхат. беруші тұлғаның cенімхат күшін жоюы;

4) Сенімхат берілген адамның одан бас тартуы;

5) Сенімхат. берілген заңды тұлғаның таратылуы;

6) Сенімхат берген не алған адамның қайтыс болуы немесе әрекет қабілеттілігі жоқ, шектеулі не хабар-ошарсыз кетті деп танылуы.

Сенімхаттың мазмұндық-құрылымдық жүйесі :

-құжат атауы;

- күні, айы, жылы, мекен-жайы ;

- сенімхат беруші туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі) ;

-сенім білдірілетін тұлға туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі) ;

- алынғат заттың атауы (егер ақша болса, көлемі санмен де, жазбаша да көрсетіледі) ;

- қайтарылатын нақты уақыты;

- қайтара алмаған жағдайдағы шарты;

- нотариалдық мекеме мөрі.

Сенімхаттың мазмұндық-құрылымдық жүйесі :

-құжат атауы;

- күні, айы, жылы, мекен-жайы ;

- сенімхат беруші туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі) ;

-сенім білдірілетін тұлға туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі) ;

- алынғат заттың атауы (егер ақша болса, көлемі санмен де, жазбаша да көрсетіледі) ;

- қайтарылатын нақты уақыты;

- қайтара алмаған жағдайдағы шарты;

- нотариалдық мекеме мөрі.

Сөздік:

Сенімхат - доверенность

жеке куәлік - удостоверение личности

жалакы- зарплата

мөр - печатъ

Қол -подпись

Сену -верить

сеніп тапсыру- доверять

беру - давать, выдавать

куәландыру - удостоверять

алу - получать

қою, басу- поставить

Сенімхат берілетін жағдайлар:

Сенімхат кез-келген төлем түрлерін, атап айтқанда жалакы, жәрдемақы, стипендия, зейнетақы алу үшін, сондай-ақ заттай корреспонденцияларды алу үшін, мүлікті ортақ пайдалану, транспорт құралдарын иемдену, мүрагерлік күкык туралы куәлік алу үшін т. б. толып жатқан жағдайларда беріледі.

Сенімхат 1 дана болып дайындалады

Төлемақы алу үшін берілген сенімхаттардың жарамдылығы - 3 ай. Мүлікті пайдалану үшін берілетін сенімхаттардың жарамдылығы - 3 жыл.

Жарамдылық мерзімі жазбаша жазылуы керек.

Сенімхат

2003 жыл 1 желтоқсан, Алматы қаласы

Мен, Серік Жәнібекұлы Мәметов куәлік: №80265498 ҚР ІІМ берген, мекен-жайым: Алматы каласы, Сейфуллин көшесі, 456 үй, 3 пәтерде тұратын азамат Есенгелдин Жомарттың, туған атам - Мейлібаев Маметтің қайтыс болғанан кейін қалған мүлікке менің мұрагерлік қүқығымды рәсімдеуіне сенім білдіремін. Бұл үшін мен азамат Есенгелдин Жомартты:

- менің атымнан өтініш жазуға;

- анықтамалар мен құжаттар алуға;

- менің орныма қол қоюға;

- мүрагерлікке құқық беру туралы куәлікті алуға өкілетті етуге сенім білдіремін.

Сенімхат 2004 жылдың 1 желтоқсанына дейін берілген және 1 жыл күшінде.

01. 12. 2003

С. Маметовтың қолын растаймын

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өкілдік пен сенімхат: азаматтық-құқықтық негіздері, түрлері және рәсімделуі
Әкімшілік іс қағаздарының түрлері мен құрылымы: түсінікхат, қолхат, сенімхат, анықтама, баяндаухат, жеделхат, бұйрық, қаулы
Сенімхат, қолхат және кепілхат: анықтамасы, құрылымы және құқықтық мәртебесі
Азаматтық құқық тұрғысынан мәміленің нысаны, түрлері, жарамдылық шарттары және рәсімделуі
Ғылыми жұмыс кіріспесінің рөлі, құрылымы және рәсімделуі
Арыз, сенімхат және қолхат: жеке құжаттардың құрылымы мен рәсімдік талаптары
Азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін құжаттар: сенімхат пен қолхаттың анықтамасы, құрылымы және үлгілері
Сенімхат: ұғымы, түрлері, мерзімі және куәландырылуы
Ұйымдық-өкілеттік және анықтамалық іс-қағаздардың түрлері, құрылымы және рәсімделуі
Сенімхатты куәләндіру: анықтамасы, рәсімделуі, мерзімі және тоқтатылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz