Мемлекетпен құқықтың пайда болуы



1 Мемлекет және құқық
2 Мемлекет функциясы
3 Құқықтық ұғым және оның мәні
4 Мемлекет және жеке адам
5 Азаматтық құқықтың пәні және жүйесі
6 Азаматар азаттық құқықтың субъектілері ретінде
7 Міндетермелер ұғымы және олардың мазмұны
8 Шарт ұғым және оның түрлері
Таптық қоғамдағы саяси биліктің негізгі кұралы болып табылатын мемлекет коғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншік пен антагонистік таптардын түзілуінің нәтижесінде пайда болған.
Егер, мемлекетке дейінгі рулық коғамда билікті ақсақалдар жүргізіп, өмір әдет-ғұрыптар арқылы реттеліп отырған болса, ал мемлекеттін құрылуына орай, өкімет билігі (халық билігі) пайда болды. Үстем таптың еркін жүзеге асыратын әскер, сот органдары, түрме мекемелері құрылып, оның мүддесін қорғау үшін қүқық пайда болды. Осылайша, үстем таптың мүддесін қорғау үшін қалыптасқан кұқық нормалары бірте-бірте әдет-ғұрыптарды ығыстыра бастайды.
Мемлекет алғашқы қауымдық құрылыстан мемлекет билігін жүзеге асыратын айрықша органдар мен мекемелер жүйесі, яғни басқарудың айрықша қызметін күштеп жүргізетін аппараты болуымен; мемлекет санкция берген белгілі бір нормалар жүйесін бекіткен құқықтың, сондай-ақ осы мемлекеттің юрисдикциясы жүретін белгілі бір аумақтың болуымен де ерекшеленеді. Сөйтіп, мемлекет дегеніміз — өзі орналасқан аумақтағы бүкіл ел келемінде билік жүргізетін басқару және мәжбүрлеу аппараты бар, өз алдына дербес ерекше саяси ұйым. Мемлекеттің пайда болуына орай, адамдар тура мағынасында айтқанда нақты бір аумаққа "байланып қалады". Қондырма ретіндегі мемлекеттің мәні нақты қоғамдағы өндірістік қаты-настардың тиісті түрлеріне орай айқындалады.
Қоғамның тарихи даму процесінде адамдардың ара қатынасында кайшылықтар басталды. Сондықтан қоғамда бостандықты, еділеттілікті, тендікті сақтау үшін адамдар өзара шарт жасап мемлекетті құрды. Бұл шарттың мазмұны көп елдің Конституциясына кірді деп түсіндіреді.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Құқық негіздері пәнінен бірінші аралық бақылау сұрақтары

1. Мемлекетпен құқықтың пайда болуы туралы теориялар.
2. Мемлекеттің функциясы, басқару түрі
3. Қазақстан Республикасы Конституциясы ұғымы
4. Конституциялық (ҰҒ) мәртебе
5. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларымен байланысы
6. Азаматтық құқық қатынастың объектілері, субъектілері
7. Міндеттемелік құқық және мазмұны
8. Шарттың жасалу тәртібі, шарттың түрлері
9. Ата-аналық құқықтың қалпына келтіру
10. Балалардың құқығы

Таптық қоғамдағы саяси биліктің негізгі кұралы болып табылатын
мемлекет коғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншік пен антагонистік таптардын
түзілуінің нәтижесінде пайда болған.
Егер, мемлекетке дейінгі рулық коғамда билікті ақсақалдар жүргізіп,
өмір әдет-ғұрыптар арқылы реттеліп отырған болса, ал мемлекеттін құрылуына
орай, өкімет билігі (халық билігі) пайда болды. Үстем таптың еркін жүзеге
асыратын әскер, сот органдары, түрме мекемелері құрылып, оның мүддесін
қорғау үшін қүқық пайда болды. Осылайша, үстем таптың мүддесін қорғау үшін
қалыптасқан кұқық нормалары бірте-бірте әдет-ғұрыптарды ығыстыра бастайды.
Мемлекет алғашқы қауымдық құрылыстан мемлекет билігін жүзеге асыратын
айрықша органдар мен мекемелер жүйесі, яғни басқарудың айрықша қызметін
күштеп жүргізетін аппараты болуымен; мемлекет санкция берген белгілі бір
нормалар жүйесін бекіткен құқықтың, сондай-ақ осы мемлекеттің юрисдикциясы
жүретін белгілі бір аумақтың болуымен де ерекшеленеді. Сөйтіп, мемлекет
дегеніміз — өзі орналасқан аумақтағы бүкіл ел келемінде билік жүргізетін
басқару және мәжбүрлеу аппараты бар, өз алдына дербес ерекше саяси ұйым.
Мемлекеттің пайда болуына орай, адамдар тура мағынасында айтқанда нақты бір
аумаққа "байланып қалады". Қондырма ретіндегі мемлекеттің мәні нақты
қоғамдағы өндірістік қаты-настардың тиісті түрлеріне орай айқындалады.
Қоғамның тарихи даму процесінде адамдардың ара қатынасында кайшылықтар
басталды. Сондықтан қоғамда бостандықты, еділеттілікті, тендікті сақтау
үшін адамдар өзара шарт жасап мемлекетті құрды. Бұл шарттың мазмұны көп
елдің Конституциясына кірді деп түсіндіреді.
Психологиялық теория — XIX ғ. бұл теорияны уағыздаған: Ч.Тард, Л.И.
Петражицкий. Коғам мен мемлекетті бұл теория адамдардың психологиялық
біріккен көзқарасы, іс-әрекеті, мінезі, тәртібі — бәрі келісіп ұжымдық
түрде басқаруы. Коғам мен мемлекет адамдардың табиғи психологиялық даму
заңдылық процесінің нәтижесінде пайда болды деп түсіндіреді.
Күштеу теориясы — XIX ғ. қалыптаскдн пікір. Өкілдері: Л. Гум-плович,
К. Каутский, Е.. Дюринг т.б. Мазмұны: күшті рулар, тайпалар өздерімен
шектес әлсіз руларды, тайпаларды күштеп, зорлық озбырлық жасап өзіне
бағындырып, бақылауды жақсарту үшін мемлекет құрады — деп түсіндіреді.
Материалистік теория — мемлекет пен құқықтың пайда болуын экономикалық
тұрғыдан түсіндіреді, себептері: қоғамдық еңбектің бөлінуі, қосымша
өнімнің, жеке меншіктің пайда болуы, қоғамның қарама-қарсы екі тапқа
бөлінуі, қайшылық күресінің басталуы. Мемлекет пен қққықтың мазмұнының
тарихи өзгеріп отыруы қоғамдық мүдде-мақсатты қорғауы.
Мемлекет қоғамның көп салалы, көп жүйелі құбылыстарына сәйкес дамып,
өмірге келген бірлестік. Оның себептерін қоғамдағы болып жатқан объективтік
факторлар құрастырады: биологиялық, психологиялық, экономикалық,
әлеуметтік, діни, ұлттық т.б. құбылыстар. Сондықтан бір теорияның көлемінде
мемлекет пен құқықтың пайда болуын ғылыми тұрғыдан толық түсінуге болмайды.
Жоғарыда көрсетілген теориялардың бәрінде де кемшіліктер мен жетістіктері
бар. Оны ғалымдар пайдаланады. Мемлекет және құқықтың пайда болуын, ғылыми
тұрғыдан дұрысырақ түсіндіретін — тарихи материалистік теория. Бұл теория
мемлекет және құқық тарихи туынды-қоғамның антагонистік тапқа бөлінуінің
нәтижесі болып табылады деп түсіндіреді. Ол дұрыс.
Кемшілігі — мемлекет пен құқықгы тек экономикалық базис пен шектеуі, жалпы
теорияның атқаратын жұмысын бір жақты түсінуі (қоғамдық маңызын шектеуі)
және олардың келешегін болжаудағы жіберген қателіктер.
Бүгінгі тандағы мемлекеттің басты ерекшелігі айматтарды мемлекеттік
және коғамдық істерге нақтылы қатыстыруды қамтамасыз ететін, шын мәніндегі,
демократиялық қоғам құру болып табылатындығында. Республика
Конституциясының 3-бабында: "Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы —
халық" деп көрсетілсе, 1-бабында "Қазақстан Республикасы өзін демок-
ратиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады"
деп атап көрсетілген. Мұның мәні неде? Оның мәні бәрінен бұрын ізгілік
іргетасынын, қалануында, яғни азаматтың, жеке адамның бостандығы, ар-
ожданы, ар-намысы. Бұл—халықтың, қоғам мен мемлекеттің өмірінде заңның
үстем болуы арқылы қол жеткізілетін нәрсе. Од адамнын құқығы мен
бостандығын, бейбітшіл азаматтық коғам құруды және ұлтаралық татулықты,
сондай-ақ адамның өзі және өз ұрпақтары үшін лайықты өмір сүруін қамтамасыз
етеді. Құқықтық мемлекетте мемлекет пен онын органдары Конституцияның 3-
бабында тиянақталғандай, заңдарда дәлдігінен өкілеттік шеңберінде әрекет
етеді.
Құқықтық мемлекеттің ұлы мұраты мемлекет өз органдарының әрекеті үшін жауап
беретін, ал азаматтар мемлекет адындағы жауапкершілік сезімін толық
сезінетін мемлекет пен ын арасындағы өзара міндеткерлік болып табыла-
Құқықтық мемлекетте завдар мен басқа да нормативтік жүзеге асыру
барысындағы пәрменді қадағалау мен бұның маңызы зор.

Мемлекет функциясы
Қазақстан Республикасы мемлекетінің функциясы, яғни (миайтын ролі
ретінде оның қызметінің негізгі бағыттары мемлекеттің қызметінің өзі
түсініледі. Мемлекет функииясы ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді.
Ішкі функцияларға еліміздін материалдық-техникалық базасын құрып. дамытуға
бағытталған мына қызмет салалары мәдени-тәрбие жұмыстары, яғни жеке
адамның жан-жақты кетпеуіне мүмкіндік туғызатын және оның құқықтары мен
бостандықтарын нақты қамтамасыз ету үшін алғышарт жасайтын жұмыстар:
әлеуметтік қызмет көрсету, яғни адамдарға жан-жақты камкорлық жасаудың
ізгілікті саясатын жүзеге асыру. Ата Заңымызда атап көрсетілгендей,
мемлекетіміздің қызметі, бәрінен бұрын адам және адамның өміріне, құқықтары
мен бостандықтарына, мүддесіне сай құрылады;
құқық тәртібін қорғау Конституцияға сүйене отырып, бақылау арқылы оның
талаптарын орындауда, қоғамдық, мемлекеттік кұрылысқа, азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарына, меншікке қол сұғушылықтың жолын кесуде
көрініс табатын функциялар. Мемлекет бұдан басқа да көптеген функцияларды,
мысалы, экологияны қорғау және табиғатты тиімді, ұтымды пайдалану,
азаматтардың мемлекет пен оның органдарын тікелей өздері немесе өз екілдері
аркылы басқаруға катысу функцияларын, қаржылық, экономикалық, идеологиялық
функцияларды жүзеге асырады.
Мемлекеттің сыртқы функциялары оның Конституцияда белгіленген
Қазақстан Республикасы аумағының біртұтастығын, бөлінбейтіндігін және қол
сұғылмайтындығын көздейтін қағиданы қамтамасыз етуге бағытталған қызметін
қамтиды. Отанымызды қорғау, еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту және
мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету — мемлекетіміздің аса маңызды
сыртқы функцияларының бірі. Басқа мемлекеттердің аумағында тұратын
азаматтардың құқығын қорғау жөнінде Конституцияның 11-бабының 2-тармағында
былай делінген: "Республика өзінің одан тыс жерлер-де жүрген азаматтарын
қорғауға және оларға камқорлық жасауға кепілдік береді".
Мемлекетіміздің маңызды сыртқы функцияларының бірі — басқа мемлекеттердің
азаматтарымен және қоғамдық бірлестіктерімен біздің республика
азаматтарының және қоғамдық бірлестіктерінің карым-катынастарын нығайтуға
ықпал жасайтын саясат, экономика, мәдениет, ғылым саласындағы байланыстарды
жүзеге асыру болып табылады.

Құқықтық ұғым және оның мәні

Құқық ең маңызды әрі ең күрделі қоғамдық кұбылыс ретінде түсінілетін
философиялық категория. Сондықтан да оны бірнеше тұрғыдан қарастыру керек.
Алдымен, субъективтік тұрғыдан қарастырсақ құқық қандай да бір тұлғаның
мүмкіндіктерін, әрекет еркіндігін білдіреді. Мысалы, білім алу, еңбек ету,
демалу, өмір сүру, қорғану құкығы секілді тікелей субъектімен байланысты
құқықтар. Объективтік мағынадағы құқық — нормативтік құкықтық актілерде
белгіленген нормалардың жиынтығын білдіреді. Бұл орайда көрсетіп кету керек
— субъективтік құқық объективтік құқықтың негізінде туындайды және
тоқтатылады. Мәселен, 1999 жылдың 1 маусымынан бері "объективтік құқықтын"
негізінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің қоғамдық көлікте тегін
жүруге деген "субъективтік құқықтары" тоқтатылып, жеңілдіктер алынып
тасталған. Құқық бұл керсетілгендерге қоса, оқу пәні ретінде де түсініледі
(әкімшілік құқық, Азаматтык, құқық, Еңбек құқығы және т.б.)- Құқықтық
объективтік және субъективтік мағыналардың біріктіріле түсінілетіндігі де
жоққа шығарыл-майды. Осыларға қарап құқықтың аса күрделі категория екенін
білуге болады. Жалпы алғанда құқық дегеніміз — мемлекет белгілеп,
мақұлдаған жалпыға міндетті мінез-құлық ережелерінің (нормалардың)
жиынтығы. Құқықтың өзіндік ерекшелігі оның нормаларын сақтау мемлекеттің
мәжбүр ету күшімен қамтамасыз етілетіндігінде.
Құқықтың мәні Конституцияда және басқа да заңдарда бекітіліп,
тиянақталған оның түп қазық бастауларында, негізгі принциптерінде ашылады.
Оларға жататындар: саяси биліктің халықтың атынан жүзеге асуы, меншіктің
дамуы, корғалуы және олардың субъектілерінің тендігі; демократизм,
интерпационализм, гуманизм.
Саяси биліктің халықтың атынан жүзеге асуы. Бұл ереже Қазақстан
Республикасында мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы — халық болып
табылады делініп, Конституцияда дәйектелген. Халық мемлекеттік билікті
тікелей және өз өкілдері арқылы жүзеге асырады.
Меншіктің дамуы, қорғалуы және олардың субъектілерінің теңдігі— мемлекеттің
материалдық-техникалық базасын құрудағы маңызды шарт.
Конституцияда Республиканың экономикасы мемлекеттік, сонымен қатар жеке
меншік нысандарына негізделетіні, ал мемлекет меншіктің барлық
субъектілерінін. заң алдындағы мемлекеттер аумағындағы өзінің азаматтары
мен занды тұлғаларының өз мүліктеріне деген меншіктік құқығын қорғайды.
Демократизм азаматтық күқьіқтар мен бостандықтардың кен. ауқымымен
ұштаса отырып, адамның мемлекеттік істерді шешуге қатысу құкығын қамтамасыз
ететін оның қүқықтары мен бостандықтарын заң жүзінде бекітуді білдіреді.
Демокра-тизм азаматтардың қоғам алдындағы міндеттерінің ішіндегі айрықша
орын алатыны — олардың мемлекеттік істерді басқа-руға қатысуы міндеттерін
орындауы арқылы мейлінше толық жүзеге асады. Қазақстан Республикасы
қоғамдык, бірлес-тіктердің Конституция мен зандар шеңберінде мемлекеттік
істерді басқаруға, заңдарды талқылау мен кабылдауға, мемлекетгік және
жергілікті деңгейдегі мәні бар мәселелерді шешуге қатысуына кепілдік
береді.
Интернационализм — барлық ұлттар мен ұлыстардың өзінің саяси,
шаруашылык және мөдени дамуындағы заң жүзіндегі және іс жүзіндегі тендікті
тану және оны қүқықпен қамтама-сыз ету болып түсініледі. Республикамызда
нәсіліне, үлтына, тіліне және т.б. жағдаятгарға қарамастан қүкық пен бостан-
дықтендігіне кепілдік беріледі. Еліміздегі Қазақстан халыкта-ры Ассамблеясы
интернационалдык үйым.
Гуманизм (латын тіліндегі һитапиз — адамдык, адамгер-шілік) — адамның
жеке тұлға ретіндегі кұндылықтарын, оның еркін даму және өз қабілеттерін
көрсету құқығын тану. Адам-ның кадір-қасиеті мен кұқыктарын қадірлеуді
қамтамасыз ету-ден тұратын басты күқықтық принциптердің бірі — оның
игіліктеріне қамқорлык, жасау.
Адамгершілік принципі Ата Заңымызда айрықша аталған. Онда әркімнің өмір
сүруге құқығы бар екені, ешкімнің ез бетінше адам өмірін қиюға хакысы жоқ
екені, сондай-ақ адам мен азаматгың ар-ожданы мен абыройына қол сүғуға
болмай-тыны женінде баяндалған. Сонымен қатар адамның кінәлі екендігі сот
үкімімен дәлелденіп, үкім занды күшіне енбейінше, адам қылмыс жасады деп
танылмайтындығы женіндегі қағида орнықтырылған. Осылайща, кез келген күдік
дәлелденгенге дейін айыпталушы түлғаның пайдасына шешіледі.
Құкық пен моральдын, өзара байланысы және езара шарттастығының
арақатынасы қандай? Біздің құкыққа моральдың жоғары принциптері тән. Мораль
да, құқық та әлеуметтік нормалардың түрлері ретінде бір мақсатқа: әлемдік
қауымдастықтың ажырамас бөлігі — мызғымас Қазақ мемлекеттілігінің
құрылысына қызмет етеді. Қазіргі заманда Қазақстан Республикасының
функциясы күрт өзгеріп, дамуда, негізгі бағыты нарықты экономиканы
қалыптастыру, либерал-демократиялық мемлекетгі орнату.
Мемлекеттің функциясы туралы әр түрлі ой-пікірлер бар. Солардың бірі —
функция көп өзгеріске ұшырамайтын деп, бірнеше үрлерін келтіреді: жалпы
қоғамдық, әлеуметтік, таптық, ұлттық, ғылыми-техникалық, экологиялық,
интернационалдық функциялар. Функцияны жүйелеудің келесі түрі: тұрақты және
уақытша функциялар; негізгі және негізсіз функциялар; заңды қабылдау,
орындау, қорғау функциялары. Мемлекеттердің көпшілігі функ-цияны ішкі және
сыртқы функциялар деп екіге бөледі. Осы пікірді қазіргі заманда мемлекеттер
дұрыс деп қолдануда.
Мемлекеттің функциясының орындалуын қамтамасыз ететін
— мемлекеттік аппарат пен органдар. Әуелі функцияны орындау үшін тиісті
мемлекеттік орган құрылады. Бірнеше органдар функцияның мазмұнына қарай
мемлекеттік аппаратты қалыптастырады. Функцияның орындалу кезең-сатылары:
функция — орган
— аппарат — мемлекет. Мемлекеттің функциясы арқылы қоғамның алдында тұрған
мүдде — мақсаттардың мазмұнын, оның орындалу бағыттарын, толық білуге
болады. Мемлекет қызметінің (функциясының) негізгі белгілері:
- қызметтің жүйесі, оның атқаратын жұмыстарының мазмұны және қатынастардың
түрлері арқылы анықталады;
- функция сарапталып, жіктеліп, кешенді түрде жүргізіледі;
- мемлекеттің қызметі аппараттарының қызметіне ұқсамайды. Мемлекет
функциясы қоғамдық көлемде жүргізіледі;
- мемлекеттің атқаратын қызметін мемлекеттік жұмыстарының әдіс-тәсілінен
айыра білуге болады;
Мемлекет қызметінің орындалу әдістері: жеке тұлғалар ерікті, ерексіз
түрде орындайды; мемлекеттік органдар, бірлестіктер, ұйымдар өздерінің
кұзыретінің шеңберіне сәйкес орындайды. Егер дұрыс орындалмаса, еріксіз
түрде орындау қамтамасыз етіледі.
Құқықтың саясатпен және экономикамен арақатынасын білудің құқықтың
мәнін сипаттаудағы маңызы зор. Құқық пен саясаттың мазмұны қоғамдағы
өндірістік қатынастармен айқындалады. Мемлекеттің саяси шараларының басты
аспектілері қүқықта бейнеленіп көрсетіледі.
Құқық экономикалық базистің қондырмасы деп саналады. Өмірдің материалдық
жағдайы өзгергек сайын құқықта өзгеріп отырады. Қазіргі уақыттағы
шаруашылық жүйесінің өзгеруіне байланысты зандардың да тиісінше өзгеріске
үшырап, толық-тырылып отыруы занды құбылыс. Қоғамдық катынастардың бұдан
кейінгі дамуында да құқықтың ролі арта түсуі керек.
Конституциялық құқық дегеніміз — Қазақстан Республикасының мемлекеттік
және қоғамдық құрылысының негіздерін құрайтын қоғамдық катынастарды,
мемлекет пен жеке адамның қарым-қатынасын, принциптерін, сайлау жүйесінің
негіздерін халықтың колындағы мемлекетгік билікті іске асыру тетіктерін
реттейтін және белгілейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Конституциялык құқық, — кұқықтың жетекші саласы. Себебі оның басты
қайнар көзі Конституцияның өзі болып табылады. Ол мемлекеттік билікті
жүзеге асыру аясында калыптасқан маңызды қоғамдық қатынастарды реттейді.
Оның нормалары басқа құқық салалары үшін бастапқы негіз қызметін атқарады.
"Қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне
отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз" деген жолдармен Конституциямыздың
қабылдануы ұлттық мемлекеттің дамуындағы маңызды кезең болды әрі
республикадағы саяси, экономикалық, әлеуметтік дамудың бай тәжірибесін
нығайта түсті.

Мемлекет және жеке адам .
Ата заңымызда Қазақстан Республикасында адам құқықтары мен
бостандықтары танылып, оларға кепілдік берілетіні жөнінде айтылған.
Мемлекет өз қызметін азамат пен қоғамның мүддесінде жүзеге асырады. Біздің
қоғамымыз — шынайы ізгілікті қоғам. Осыған байланысты бізде қоғам мен жеке
адам арасындағы карым-қатынас мәселесіне елеулі мән беріледі. Конституцияда
жеке адамның құқықтық жағдайы, оның қоғамда алатын орны, яғни құқықтық
мәртебесі баянды етілген. Құқықтық мәртебе (латынша status — орын, жағдай)
— Республика азаматының құқықтық жағдайы (құқықтар мен міндеттерінің
жиынтығы). Республикадағы әрбір адам азаматтық алуға, оны өзгертуге құқылы.
Азаматтық деген ұғым адамның белгілі бір мемлекетке құқықтық
тиістілігін түсіндіреді. Азаматтыққа қарай адамға мемлекеттің заңдары,
белгіленген азаматтық кұқықтар мен міндеттер тарайды. Азаматтық адамның
тууына байланысты, Қазақстан Республикасының азаматтығына кабылдануына
байланысты пайда болады. Республика азаматтығын алудың мегіздері мен
тәртібі, азаматтықтың сақталуы мен жойылуы конституциялық заңмен
белгіленген. Азаматтық азаматгықтан шығуға байланысты, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының халықаралық шарттарынан көзделген негіздер бойынша
жойылады.

Азаматтық құқықтың пәні және жүйесі
Республикадағы мүліктік қатынастар саласында зандылықты нығайту
ісіндегі ұйымдардың, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы
азаматтық зандардың маңызы ерекше зор. Олар нарықтық қатынастардың сан-
салалы міндетгерінің кең шеңберін орындайды, шаруашылық, меншік жүйесінің,
шарттық тәртіптің және т. с. с. нығаюына ықпал етеді.
Азаматтық зандар өз реттеуіндегі қатынастар қатысушыла-рының теңдігін,
меншік қол сұғылмаушылықты, шарт еркіндігін қорғайды, азаматтық құқықтардың
кедергісіз іске асуын, катысушыларының бұзылған құкықтарының қалпына
келтірілуін, олардың сотта қорғалуын қамтамасыз етеді.
Азаматгық зандармен реттелетін қоғамдық қатынастар азаматтық құқықтың
пәнін құрайды. Атап айтқанда, олар — республиканың материалдық-техникалық
базасын құру және азаматтардың материалдық және рухани қажеттіліктерін
қанағаттандыру мақсатында қолданылатын тауар-ақша нысандарындағы мүліктік
және олармен байланысты мүліктік емес жеке қатынастар. Азаматтық зандар
сондайақ, тиісті Құқық салала-рымен реттелмеген жағдайда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтың белгілері
Құқықтық қатынастардың ұғымы, айрықша белгілері мен түрлері
Құқық әлеуметтік институт ретінде мемлекетпен байланысы
Құқықтың пайда болуы туралы
Құқықтың пайда болуы туралы теориялары
Құқық ұғымы туралы
Құқық және мораль
ІІО құқықтық негіздері
Қылмыстық құқық - қылмыс жасауға, жазалауға байланысты қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы
Қазіргі кездегі құқықтың жалпы сипаттамасы
Пәндер