Мемлекеттің пайда болу нысандары



1.тарау
Кіріспе..
1.1 Мемлекет туралы түсінік..
1.2 Мемлекеттің пайда болуы.
1.3 Мемлекеттің пайда болу нысандары
1.4 Мемлекет функциясы..
1.5 Мемлекеттің дамуы..
2.тарау
2.1 Құқықтың дамуы..
2.2 Құқықтық норма ұғымы
2.3 Конституциялық құқық...
2.4 Азаматтық кұкықтың субъектілері.
2.5 Міндеттемелік құқық.
3.тарау
Қорытынды ... .
Әдебиеттер тізімі
Мемлекет туралы жазуды бастардың алдында біз ең алдымен оның қоғамда әрекет ететіндігін, онымен қандайда бір өзара қарым-қатынаста болатындығын, оның, яғни қоғамның тарапынан белгілі бір ықпалдың болатындығын және өз кезегінде қоғамға өзі де ықпал ете алатындығын ескереміз. Сондықтан да қоғам мен мемлекеттің, оны жанама түрде көрсететін аса маңызды институттарының көмегімен болатын өзара қарым-қатынасының принциптері мен негіздерін теориялық жағынан айқындау қажеттігі туып отыр.
Қоғам — адамдардың ұйымдасуы мен өмір сүруінің нысаны, соның шеңберінде материалдық және рухани игіліктер өндіріліп, тұтынылып және айырбасталып жатады, осының өзі белгілі бір тәртібі, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастардың орнықтылығы мен тұрақтылығын нығайтуға бағытталған, өз мүшелерінің мінез-кұлқын басқарудың, реттеудің және ықпал етудің ерекше құралдарының болуымен сипатталады.
1. ҚР Конституциясы. 1998ж 07 қазандағы ҚР Заңымен өзгертулер мен толықтырулар енгізілген. №284 –1 //Алматы: Борки.- 2004.- 40 с.
2. Нормативті – құқықтық актілер туралы. Қазақстан Республикасының Заңы // Алматы :Юрист. -2002. -22с.
3. Ағдарбеков Т. Құқық және мемлекет теориясы. –Қарағанды: Болашақ-Баспа. –2002.- 319 бет.
4. Алексеев С.С. Общая теория права. – М.-1981.
5. Жоламан Қ.Д., Мұхтарова А.Қ., Тәукелев А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. – Алматы.-1999. – 312 бет.
6. Ибраева А.С., Ибраев Н.С. Теория государства и права: Учебное пособие./А.С.Ибраева, Н.С.Ибраев.- Алматы: «Жетi жаргы».-2003.-.432с.
7. Идрышева О.С. Теория государства и права. –Часть 1-2: Учебное пособие /О.С. Идрышева.- Усть-Каменогорск, 2004.- 204с.
8. Комаров С.А., Малько А.В. Теория государства и права: Учебно-методическое пособие. Краткий учебник для вузов./С.А.Комаров, А.В.Малько.- Изд.гр. НОРМА-ИНФРА-М.- М.- 1999.- 448с.
9. Теория права и государства: Учебник / Под ред. проф. В.В. Лазарева.-М.: Новый юрист,1997.- 432с.
10.Общая теория государства и права. Академический курс в 2-х томах. Отв. ред. проф. М.Н. Марченко.- Том 1. Теория государства.- М.: Изд. Зерцало,1998.- 416с., том 2.- 656с.
11. Спиридонов Л.И. Теория государства и права. Учебник – М.: «Проспект», 1999.- 304с.
12. Черданцев А.Ф. Теория государства и права: Учебник для вузов.- М.: Юрайт-М,2002.- 432с.
13. Бабаев В. Теория государства и права в схемах и определениях. М.: Юристъ. – 1998. – 256 с.
14. Кашанина Т. В. Происхождение государства и права: Учебное пособие. / Т. В. Кашанина. – М.: Юристъ. – 1999. – 335 с.
15. Комаров С. А. Общая теория права и государства: Курс лекций. / С. А. Комаров. – М.: Манускрипт. – 1996. – 312 с.
16.Общая теория права и государства: Учебник для вузов. / Под ред. В. В. Лазарева. – М., 1996
17.Якушев А. В. Теория государства и права: Конспект лекций. / А. В. Якушев. – М.: «Приор». – 2000. – 192 с.
18.Общая теория прав человека. / Под ред. Е. А. Лукашева. – М.: Норма. – 1996. – 520 с.
19.Малько А.В.Теория государства и права в вопросах и ответах:Учебное пособие.–4-е изд., перераб. доп. /А.В.Малько.–М.:Юристъ.– 2002. –300 с.
20. Общая теория государства и права: Академический курс в двух томах. Отв.pед.Проф.Марченко М.Н.–Том 1.Теория государства.–М.: «Зерцало». – 1998.– 416 с.
21. Сырых В. М. Теория государства и права: Учебник для вузов. М.: Былина. – 1998. – 512 с.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ:

1-тарау
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1 Мемлекет туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .
1.2 Мемлекеттің пайда
болуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ..
1.3 Мемлекеттің пайда болу
нысандары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.4 Мемлекет
функциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... .
1.5 Мемлекеттің
дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... .
2-тарау
2.1 Құқықтың
дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ...
2.2 Құқықтық норма
ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...
2.3 Конституциялық
құқық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... .
2.4 Азаматтық кұкықтың
субъектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.5 Міндеттемелік
құқық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ...
3-тарау
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ...
Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ...

Кіріспе
Мемлекет туралы жазуды бастардың алдында біз ең алдымен оның қоғамда
әрекет ететіндігін, онымен қандайда бір өзара қарым-қатынаста болатындығын,
оның, яғни қоғамның тарапынан белгілі бір ықпалдың болатындығын және өз
кезегінде қоғамға өзі де ықпал ете алатындығын ескереміз. Сондықтан да
қоғам мен мемлекеттің, оны жанама түрде көрсететін аса маңызды
институттарының көмегімен болатын өзара қарым-қатынасының принциптері мен
негіздерін теориялық жағынан айқындау қажеттігі туып отыр.
Қоғам — адамдардың ұйымдасуы мен өмір сүруінің нысаны, соның
шеңберінде материалдық және рухани игіліктер өндіріліп, тұтынылып және
айырбасталып жатады, осының өзі белгілі бір тәртібі, адамдар арасындағы
өзара қарым-қатынастардың орнықтылығы мен тұрақтылығын нығайтуға
бағытталған, өз мүшелерінің мінез-кұлқын басқарудың, реттеудің және ықпал
етудің ерекше құралдарының болуымен сипатталады.
Алғашқы қауымдық қоғамның рулық (немесе ру-тайпалық) ұйымының
мемлекетке орын беруінің себебін білуге тырысу, осы процестерге ықпал
ететін және олардың динамикасы мен бағытын анықтайтын факторларды белгілеу,
осыған байланысты әр халықтың жалпы және ерекше тәжірибелері көптеген
теорияларға, тұжырымдар мен пайымдауларға келіп тоғысты. Олардың кейбіреуі
саяси-құқықтық ойдың тарихында айтарлықтай із қалдырмастан, тез ұмытылып
қалды, ал енді бір бөлігі ұзақ уақыт бойы адамдардың ақыл-ойын жаулап алды,
әлі де болса олардың дүниеге көзқарасы мен түйсігіне әсер етіп келеді.
Аталған теорияларға талдау жасай келіп, біз әрбір ойшылдың мемлекеттілік
генезисіне деген өзіндік тәсілі бар екендігін көреміз, олардың басқа
ойшылдардан тәсілі де басқа, өз позицияларын негіздеуі де әр түрлі.
Сонымен, кейде терең ойлы және дұрыс пікірлер жеңілтек, үстірт пікірлермен
қоңсы қонып жатады.
Мемлекет — басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның
тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар
жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән
ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне
қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық
және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге
нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады.
Мемлекет тек өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері
бар айрықша құрылым ретінде сипатталады. Соның арқасында оны қоғамда,
ұйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекше
өзгешелігімен көзге түсетін күрделі саяси организм ретінде қабылдаймыз.
Тікелей Қазақстан аумағында мемлекеттің пайда болуы мұнда мемлекеттің
ролінің күштілігімен сипатталатын өндірістің азиялық тәсілі сияқты тарихи
формацияның бекітуімен байланысты. Жер, мал, жайылым, су шаруашылық
объектілері өндірістің негізгі құралына айналды, оларды иелену үшін қырғын
ұрыстар болды. Соның барысында рулық байланыстар мен қарым-қатынастар,
ішінара болмаса, бұрынғы тұрақтылығын жоғалта бастады. Уақыт өте келе
олардың байланысы мен қарым-қатынасы басқаша шашырауы немесе жайылып кетуі
керек болды.
Пайда болған мемлекеттер шығыстың деспоттық үлгісімен құрылды және
өзінің қол астындағы азаматтарына айтарлықтай дәрежеде билік жүргізе
алатын. Олар, негізінен әр алуан шығыстық нысанда, монархтық (қағанат,
халифат, хандық, сұлтанат) еді.

1-тарау.
1.1 Мемлекет туралы түсінік
Мемлекет – бұл қоғамды білдіре отырып, осы қоғамды басқаратын және
оның интеграциясын (құрылуын) қамтамасыз ететін арнайы басқару және
мәжбүрлеу аппараты болатын бұқаралық биліктің саяси – аумақтық, егеменді
ұйымы.
Мемлекет оны рулық қауымның  әлеуметтік билігінен ажыратуға мүмкіндік
беретін мынадай  негізгі белгілермен сипатталады:
1. Бұқаралық биліктің болуы.
2. Тұрғындарды  аумақтық (территориялық) бөлу.
3. Салық жүйесі.
4. Егемендік..
5. Құқық.
Мемлекеттік билік әлеуметтік биліктің ерекше  түрі болып табылады.
Бұл  мемлекеттік мәжбүрлеуге сүйенетін субъектілердің арасындағы үстемдік
пен бағынушылықтың  саяси – бұқаралық қатынасы.  Мемлекеттік биліктің
ерекшеліктері мыналардан көрінеді:
1.  Бұқаралық  (көпшілік ) билік.
2.  Аппараттық билік.
3.  Легитимдік (заңды деп танылған) билік.
Мемлекет мәнін түсіндіру мемлекет және құқық теориясының негізгі
міндеттерінің бірі болып табылады. Мемлекет мәні - бұл осы құбылыстағы оның
мазмұнын, мақсатын, қызмет етуін  анықтайтын негізгілердің біреуі.
Мемлекет мәнін анықтауда қолданылатын тәсілдер: 
-   таптық;
-   жалпы әлеуметтік.
Мемлекет типі (түрі) тиісті тарихи дәуірде туындаған оның маңызды
жақтары мен қасиеттерінің қатаң жүйесін білдіреді. Нақты тарихи дәуірде
туындаған  мемлекеттердің барлығының белгілері ортақ болып келеді.
Мемлекеттердің типологиясы негізінен екі тәсіл формациялық және өркениеттік
тәсілдер тұрғысынан жүргізіледі.

1.2 Мемлекеттің пайда болуы
Мемлекет пен құқық теориясы (ағыл. theory of state and law; нем.
Staatsund Reclitstlieorie; Theorie des Staates und des Rechts) - Мемлекет
пен құқықтың пайда болуы, дамуы мен әрекет ету заңдылығын зерттейтін заң
ғылымдарының жалпы теоретикалық саласы; мемлекет пен құқықтың, құқықтық
жүйенін мәні, түрі, пішімі, міндеті, құрылымы мен әрекетету механизмі;
барлық заң ғылымдары үшін жалпы негізгі мемлекетті құқықтық түсінік.
Мемлекеттің пайда болуы қоғамның ұйымдық құрылымды объективті түрде
қажет ететін ішкі эволюциясымен байланысты. Мемлекеттің пайда болуының
бірнеше түсіндірмелері бар. Ең алдымен –тологиялық теория ол мемлекеттің
пайда болуын құдайдың құдіретімен байланыстырады. Бұл теорияның негізгі
идеология Августин (554-450) және Фома Аквинский (1225-1274жж) болып
табылады. Оның негізгі мынандай постулаттық бар, мемлекеттің айнымайтындығы
және қасиеттілігі, барлық билік құдайшылық бастаушылардан шықты, оны ешкім
де шайқала алмады. Осы теорияға сәйкес барлық мемлекеттер басшылары
өздерінің биліктерін құдайдың ерік-жігерін орындаушылар ретінде жүзеге
асырады. Патриархалық теориялар мемлекет отбасының өсіп -өркендеуінің пайда
болады да түсіндіріледі. Оның өкілдерінде ежелгі грек философы Аристотель
б.д.д. 384-322 жж сонымен бірге оырс социологы Михайловский (1842-1904жж)
жатады. Мемлекеттілік құрылысының орнына келеді. Алғашқы қауымдық теңдік
пен шешеннің қоғамдық формасы өз-өңірін ескереді де қашан әлеуметтік
қабаттарда бөліне бастайды. Ұжымдық өндірістік қатынастар қалыптан тыс
шығады. Оның еңбек бөлінісі келеді, тайпалық құрлым қиындай түседі. Модан
келіп әлеуметтік құрылымдарды бөлу дами бастады. Мемлекетт қоғамының
ұйымдық құрылымды объективті қажет ететін ішкі эволюцияда мемлекет қоғамды
басқару үшін қажет ұйым ретінде, билік ету механизмі ретінде жұмыс
жүргізді. Мемлекеттік биліктің өзіндік белгілері жалпыға бірдейлік және
(барлық) әмбебаттық болып табылады. Жалпыға бірдейлік бар аумақтық және бар
тұрғындарға таратылудан, ал әмбебаптық ортқ мүдделерді қорының кез келген
мәселелерді шешу мүмкіндігінен көрінеді. Бұқаралық билік мемлекеттік
орындарды жүзеге асады және мемлекеттік билік ретінде іс-әрекет жүргізді.
Оны мен аппаратын құрайтын адамдардың ерекше санына жүргізе арттырады.
Құқық мемлекет сияқты қоғам дамуының белгілі бір кезеңдегі өнімі болып
табылады. Жалпыға бірдей міндетті әлеуметтік нормалардың пайда болуы бір
әлеуметтік топ үшін нысардарға иелік ету және пайдалану белгілі бір
әлеуметтік топ үшін нысандарға иелік ету және пайдалану мүмкіндігін
қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты. Жалпылардың көмегі арқылы аталған
әлеуметтік әлеуметтік топтың сұраныстары қанағаттандырылып, мүделері жүзеге
асырылады. Құқықтың дамуы мемлекеттің дамуымен нағыз байланысты. Мемлекет
белгілі бір кезеңде осы маңызды әлеуметтік нормаларды, оларды құқықтық
нормаларға айналдыра отырып, қамтамасыз етеді. Сонымен, бірге құқықтық жаңа
нормаларын анықтау бойынша жұмыс жүргізеді. Құқық нормасы мемлекетпен
рұхсат етілмей немесе белгіленеге жеке тұлғаның мүддесін жүзеге асыру
барысындағы міндетті немесе мүмкін құран ретінде шартты түрде
бекітемінжалпыға бірдей міндетті мінез-құлықтардың ережесі. Құқықтық
қатынастар – құқық нормаларымен реттелген, құрамында өз ара алмастырып
отыратын құқықтар және міндеттермен айшыққан құқық субъектілері арасында
заңдық байланысы бар қоғамдық қатынастар. Құқықты қатынастардың
субъектілері (қатысушылары) құқық қаблеттілігі бар нақты және заңды
тұлғалар бола алады.
Құқық қаблеттілігі деген құқыққа және міндетке не болу қабілеттілігі,
ал әскер қабілеттілігі деген олар жүзеге асыру қаблеттілігі. Құқықтық
қатынастардың пайда болуы, өзгерілуі және нақтылануы заңдық жағдайлармен
заңдық маңызы бар нақтылы мән-жайлармен байланысты, олармен құқық нормасы
құқық субъектілерінің құқықтары мен міндеттерінің пайда болуы, өзгерілуі
және тоқтатылуын байланыстырады.
Мемлекет қоғамның көп салалы, көп жүйелі құбылыстарына сәйкес дамып,
өмірге келген бірлестік. Оның себептерін қоғамдағы болып жатқан объективтік
факторлар құрастырады: биологиялық, психологиялық, экономикалық,
әлеуметтік, діни, ұлттық т.б., құбылыстар. Сондықтан бір теорияның
көлемінде мемлекет пен құқықтың пайда болуын ғылыми тұрғыдан толық түсінуге
болмайды.
Қоғамның тарихи даму процесінде адамдардың ара қатынасында қайшылықтар
басталды. Сондықтан қоғамда бостандықты, еділеттілікті, тендікті сақтау
үшін адамдар өзара шарт жасап мемлекетті құрды. Бұл шарттың мазмұны көп
елдің Конституциясына кірді деп түсіндіреді.
Мемлекет қоғамның көп салалы, көп жүйелі құбылыстарына сәйкес дамып, өмірге
келген бірлестік. Оның себептерін қоғамдағы болып жатқан объективтік
факторлар құрастырады: биологиялық, психологиялық, экономикалық,
әлеуметтік, діни, ұлттық т.б., құбылыстар. Сондықтан бір теорияның
көлемінде мемлекет пен құқықтың пайда болуын ғылыми тұрғыдан толық түсінуге
болмайды.
Жоғарыда көрсетілген теориялардың бәрінде де кемшіліктер мен
жетістіктері бар. Оны ғалымдар пайдаланады. Мемлекет және құқықтың пайда
болуын, ғылыми тұрғыдан дұрысырақ түсіндіретін — тарихи материалистік
теория. Бұл теория мемлекет және құқық тарихи туынды-қоғамның антагонистік
тапқа бөлінуінің нәтижесі болып табылады деп түсіндіреді. Ол дұрыс.
Кемшілігі — мемлекет пен құқықты тек экономикалық базис пен шектеуі,
жалпы теорияның атқаратын жұмысын бір жақты түсінуі (қоғамдық маңызын
шектеуі) және олардың келешегін болжаудағы жіберген қателіктер.
Бүгінгі тандағы мемлекеттің басты ерекшелігі айматтарды мемлекеттік және
коғамдық істерге нақтылы қатыстыруды қамтамасыз ететін, шын мәніндегі,
демократиялық қоғам құру болып табылатындығында. Республика
Конституциясының 3-бабында: "Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы —
халық" деп көрсетілсе, 1-бабында "Қазақстан Республикасы өзін
демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде
орнықтырады" деп атап көрсетілген. Мұның мәні неде? Оның мәні бәрінен бұрын
ізгілік іргетасынын, қалануында, яғни азаматтың, жеке адамның бостандығы,
ар-ожданы, ар-намысы. Бұл—халықтың, қоғам мен мемлекеттің өмірінде заңның
үстем болуы арқылы қол жеткізілетін нәрсе. Од адамнын құқығы мен
бостандығын, бейбітшіл азаматтық коғам құруды және ұлтаралық татулықты,
сондай-ақ адамның өзі және өз ұрпақтары үшін лайықты өмір сүруін қамтамасыз
етеді.
Кеңестік дәуірді де, қазіргі кезеңде де мемлекеттің функциясын
дамытуға көп көңіл бөлінеді. Өйткені функцияның мазмұның терең түсініп,
білу тек мемлекеттің бүгінгі жұмысын, қызметін жақсарту ғана емес, сонымен
бірге қоғамның, мемлекеттің тарихи даму процесін зерттеп, дұрыс түсінуге
көп үлес қосуы. Функция мемлекетпен, қоғаммен бірге дамып, бірге өмір сүріп
келеді. Бұл объективтік процесс. Қазіргі заманда Қазақстан Республикасының
функциясы күрт өзгеріп, дамуда, негізгі бағыты нарықты экономиканы
қалыптастыру, либерал-демократиялық мемлекетті орнату.
Мемлекеттің функциясы туралы әр түрлі ой-пікірлер бар. Солардың бірі —
функция көп өзгеріске ұшырамайтын деп, бірнеше түрлерін келтіреді: жалпы
қоғамдық, әлеуметтік, таптық, ұлттық, ғылыми-техникалық, экологиялық,
интернационалдық функциялар. Функцияны жүйелеудің келесі түрі: тұрақты және
уақытша функциялар; негізгі және негізсіз функциялар; заңды қабылдау,
орындау, қорғау функциялары. Мемлекеттердің көпшілігі функцияны ішкі және
сыртқы функциялар деп екіге бөледі. Осы пікірді қазіргі заманда мемлекеттер
дұрыс деп қолдануда.
Мемлекеттің функциясының орындалуын қамтамасыз ететін
— мемлекеттік аппарат пен органдар. Әуелі функцияны орындау үшін тиісті
мемлекеттік орган құрылады. Бірнеше органдар функцияның мазмұнына қарай
мемлекеттік аппаратты қалыптастырады. Функцияның орындалу кезең-сатылары:
функция — орган — аппарат — мемлекет.
Мемлекеттің функциясы арқылы қоғамның алдында тұрған мүдде —
мақсаттардың мазмұнын, оның орындалу бағыттарын, толық білуге болады.
Мемлекет қызметінің (функциясының) негізгі белгілері:
- қызметтің жүйесі, оның атқаратын жұмыстарының мазмұны және
қатынастардың түрлері арқылы анықталады;
- функция сарапталып, жіктеліп, кешенді түрде жүргізіледі;
- мемлекеттің қызметі аппараттарының қызметіне ұқсамайды.
Мемлекет функциясы қоғамдық көлемде жүргізіледі.

1.3 Мемлекеттің пайда болу нысандары.
Мемлекеттің қалыптасуы – әр түрлі елдерде алуан түрлі  жүрген ұзақ
процесс.
Шығыста “азиаттық өндіріс тәсілі” сияқты нысаны  кеңінен тарады
(Египет, Вавилон, Үндістан, Қытай және т.б.). Бұл жерлерде рулық қауымның
әлеуметтік – экономикалық құрылымы  -  қауымдық жер, ұжымдық меншік және
т.б. тұрақты болып, ұзақ уақыт сақталды.  Ежелгі  Шығыста пайда болған 
алғашқы мемлекеттер, таптық кезеңге дейінгі мемлекеттер болды, сонымен
қатар  ауылдық қауымдастықтарды қанады және басқарды, яғни өндірісті
ұйымдастырушылар ретінде қатысты.
Афина мен Римде бұл процесс басқа тарихи жолмен жүрді, бұл елдерде құл
иеленушілік мемлекет жеке меншіктің пайда болуы және қоғамның таптарға
бөлінуі нәтижесінде пайда болды, Афина – бұл мемлекеттік пайда болуының
нағыз классикалық нысаны, себебі мемлекет  рулық қауымның ішінде туындаған 
таптық қарама – қайшылықтың нәтижесінде  пайда болады. Римде мемлекеттің
құрылуы құқықсыз, римдік рудан тыс өмір сүрген плебейлердің рим
ақсүйектеріне – патрицийларға  қарсы күресімен  тездетілді.
Ежелгі герман мемлекетінің пайда болуы ауқымды  бөтен жерлерді
(территорияларды)  жаулап алып, осы жерлерге үстемдік ету рулық қауым
бейімсіз болуымен байланысты болды.
Барлық нысандағы мемлекеттердің пайда болуына түрткі болған 10-12 мың
жыл бұрын өткен  неолиттік революция болды, оның мәні өзінің мұқтаждығын
қанағаттандыру мақсатында  адам табиғаттан дайын өсімдікті және жануарларды
иемденумен байланысты қарапайым еңбек құралдарымен тіршілік ету нысанынан
табиғатты қайта жаңартуға және тамақ өндіруге бағытталған еңбекке өтуі,
яғни иемдену экономикасынан өндіретін экономикаға өткен кезде болды.
Сонымен, мемлекет сыртқы емес, ішкі факторлардың әсерінен объективті түрде
туындайды.

1.4 Мемлекет функциясы
Қазақстан Республикасы мемлекетінің функциясы, яғни (миайтын ролі
ретінде оның қызметінің негізгі бағыттары мемлекеттің қызметінің өзі
түсініледі. Мемлекет функииясы ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді.
Ішкі функцияларға еліміздін материалдық-техникалық базасын құрып. дамытуға
бағытталған мына қызмет салалары мәдени-тәрбие жұмыстары, яғни жеке адамның
жан-жақты кетпеуіне мүмкіндік туғызатын және оның құқықтары мен
бостандықтарын нақты қамтамасыз ету үшін алғышарт жасайтын жұмыстар:
әлеуметтік қызмет көрсету, яғни адамдарға жан-жақты камкорлық жасаудың
ізгілікті саясатын жүзеге асыру. Ата Заңымызда атап көрсетілгендей,
мемлекетіміздің қызметі, бәрінен бұрын адам және адамның өміріне, құқықтары
мен бостандықтарына, мүддесіне сай құрылады;
құқық тәртібін қорғау Конституцияға сүйене отырып, бақылау арқылы оның
талаптарын орындауда, қоғамдық, мемлекеттік кұрылысқа, азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарына, меншікке қол сұғушылықтың жолын кесуде
көрініс табатын функциялар. Мемлекет бұдан басқа да көптеген функцияларды,
мысалы, экологияны қорғау және табиғатты тиімді, ұтымды пайдалану,
азаматтардың мемлекет пен оның органдарын тікелей өздері немесе өз екілдері
аркылы басқаруға катысу функцияларын, қаржылық, экономикалық, идеологиялық
функцияларды жүзеге асырады.
Құқықтың мәні Конституцияда және басқа да заңдарда бекітіліп,
тиянақталған оның түп қазық бастауларында, негізгі принциптерінде ашылады.
Оларға жататындар: саяси биліктің халықтың атынан жүзеге асуы, меншіктің
дамуы, корғалуы және олардың субъектілерінің теңдігі; демократизм,
интерпационализм, гуманизм.
Саяси биліктің халықтың атынан жүзеге асуы. Бұл ереже Қазақстан
Республикасында мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы — халық болып
табылады делініп, Конституцияда дәйектелген. Халық мемлекеттік билікті
тікелей және өз өкілдері арқылы жүзеге асырады.
Меншіктің дамуы, қорғалуы және олардың субъектілерінің теңдігі—
мемлекеттің материалдық-техникалық базасын құрудағы маңызды шарт.
Конституцияда Республиканың экономикасы мемлекеттік, сонымен қатар жеке
меншік нысандарына негізделетіні, ал мемлекет меншіктің барлық
субъектілерінін. заң алдындағы мемлекеттер аумағындағы өзінің азаматтары
мен заңды тұлғаларының өз мүліктеріне деген меншіктік құқығын қорғайды.
Демократизм азаматтық құқықтар мен бостандықтардың кен. ауқымымен
ұштаса отырып, адамның мемлекеттік істерді шешуге қатысу құқығын қамтамасыз
ететін оның құқықтары мен бостандықтарын заң жүзінде бекітуді білдіреді.
Демократизм азаматтардың қоғам алдындағы міндеттерінің ішіндегі айрықша
орын алатыны — олардың мемлекеттік істерді басқаруға қатысуы міндеттерін
орындауы арқылы мейлінше толық жүзеге асады. Қазақстан Республикасы
қоғамдык, бірлестіктердің Конституция мен заңдар шеңберінде мемлекеттік
істерді басқаруға, заңдарды талқылау мен қабылдауға, мемлекеттік және
жергілікті деңгейдегі мәні бар мәселелерді шешуге қатысуына кепілдік
береді.
Интернационализм — барлық ұлттар мен ұлыстардың өзінің саяси,
шаруашылық және мөдени дамуындағы заң жүзіндегі және іс жүзіндегі теңдікті
тану және оны құқықпен қамтамасыз ету болып түсініледі. Республикамызда
нәсіліне, ұлтына, тіліне және т.б., жағдаяттарға қарамастан құқық пен
бостандық теңдігіне кепілдік беріледі. Еліміздегі Қазақстан халықтары
Ассамблеясы интернационалдык ұйым.
Мемлекет қызметінің орындалу әдістері: жеке тұлғалар ерікті, ерексіз
түрде орындайды; мемлекеттік органдар, бірлестіктер, ұйымдар өздерінің
құзыретінің шеңберіне сәйкес орындайды. Егер дұрыс орындалмаса, еріксіз
түрде орындау қамтамасыз етіледі.
Құқықтың саясатпен және экономикамен арақатынасын білудің құқықтың
мәнін сипаттаудағы маңызы зор. Құқық пен саясаттың мазмұны қоғамдағы
өндірістік қатынастармен айқындалады. Мемлекеттің саяси шараларының басты
аспектілері құқықта бейнеленіп көрсетіледі.
Құқық экономикалық базистің қондырмасы деп саналады. Өмірдің материалдық
жағдайы өзгергек сайын құқықта өзгеріп отырады. Қазіргі уақыттағы
шаруашылық жүйесінің өзгеруіне байланысты заңдардың да тиісінше өзгеріске
үшырап, толық-тырылып отыруы заңды құбылыс. Қоғамдық катынастардың бұдан
кейінгі дамуында да құқықтың ролі арта түсуі керек.

1.5 Мемлекеттің дамуы.
Мемлекеттің дамуы – мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке
меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс тапқа бөлінуінің
туындысы. Мемлекет жария үкіметтің пайда болуы мен іс-әрекетінің нәтижесі
ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны мен оның негізгі
салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда мемлекеттің күш-қуатына
үйренетін басқару жүйесі.
Мемлекеттің пайда болуының, дамуының бірнеше түрлері бар:
1. Шығыс елдерінде ( Иран, Индия, Қытай, Араб т.б. шығыс типті
елдерде) мемлекеттің қалыптасуы негізінен қоғамдық меншікті қорғаумен
байланысты. Себебі алғашқы қоғам ыдырау кезінде бұл елдерде күрделі
құрылыстар болды:
1) Ірі су каналдарын жасау;
2) Суармалы ирригациялық жүйелер құру;
3) Құрғақшылықпен күресу.
Міне осы күрделі жұмыстарды жақсы жүргізу үшін қоғамдық-мемлекеттік
меншік қалыптасты. Сол меншіктің иелері: шенеуніктер, ру, тайпа басшылары,
хандар, корольдер мен императорлар болды.
Сонымен, Шығыс елдеріндегі мемлекеттердің қалыптасу себептеріне:
- ірі ирригациялық жүйелерді жасау;
оны іске асыру үшін құлдарды, жұмысшыларды жүйелі түрде топтастыру,
біріктіру;
барлық жұмысшыларды бір орталықтан басқару жатады.
Мемлекеттің басқару аппараты бұрынғы ру, тайпаны басқарған аппараттан
өсіп қалыптасты. Жаңа аппарат қалың бұқарадан алыстай түсіп әділетсіздікті,
қанаушылықты күшейтті. Азия типті мемлекеттер өте бәсең дамып, XIX-XX
ғасырларға дейін көп өзгермей, сақталып келді.
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық,
басқарушылық салаларындағы обьективтік даму процестері бір-бірімен тығыз
байланыста өзгеріп, жаңарып отырды. Малшылық пен егіншілік қалыптасты,
ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келіп, адамның тәжірибесі өсіп
молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді: Малшылық, Жер игеру,
Өндірістік , Саудагерлер тобы.
Бұның бәрі еңбектің өнімділігін арттырды, қоғамның шығысынан кірісін
асырды. Сөйтіп қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны иемденетін топтар,
таптар пайда болды. Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге
әкелді. Олар төмендегі негізгі обьективтік заңдардың – қосымша өнімнің
пайда болуы; жеке меншіктің қалыптасуы; топтар мен таптардың арасындағы
күрестің басталуы әсерінен туындайтын қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару
үшін өмірге мемлекет пен құқық келді.
Еуропалық елдерде мемлекет жеке меншіктің шапшаң, күрделі дамуы,
қоғамның тапқа бөлінуі арқылы қалыптасты.
Афины мен Римде алғашқы қоғамның ыдырауы кезінде экономикалық күшті
таптар мен топтар мемлекеттік билікті өз қолдарына алып, өз мүдде-
мақсаттарын орындайтын мемлекеттік аппарат орнатты. Бұл мемлекеттер,
көбінесе, демократиялық жүйедегі саяси бірлестік болып қалыптасты.
Германияда мемлекеттің қалыптасуы басқаша болды. Қалың бұқара байларға
тәуелді болды, феодалдық қатынастар дами бастады. Осы типті мемлекеттер
Еуропаның бірнеше елдерінде Ресейде, Ирландияда және т.б. қалыптасты.

2-тарау.
2.1 Құқықтың дамуы
Құқықтың дамуы – адам қоғамының дұрыс өмір сүруінің негізгі
обьективтік заңдылықтарының бірі. Ол - әлеуметтік нормалардың қалыптасып,
қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, басқаруы және әлеуметтік нормалардың
(әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни нормалары) қоғамның даму процесінде
бірте-бірте құқықтық нормаларға айналуы. Сонымен, қоғамда мемлекеттің өзі
қабылдаған, бекіткен құқықтың жаңа түрлері пайда болды: заң, заңға тәуелді
келісімдер, шарттық нормалар, заң күші бар соттың шешімдері.
Құқық екі жолмен дамыды. Біріншіден, мемлекеттік қоғамдық меншікті
реттеу моралдық-діни нормаларға сүйенді. Мысалы, Индияда Ману заңына
сүйенді, ал мұсылман елдерінде – Құран заңы. Екіншіден, жеке меншік
бағытындағы қатынастарды мемлекеттік органның өзі бекіткен нормалар арқылы
реттеп, басқарды.
Адам қоғамы мыңдаған жыл өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті
мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне
бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты
орындауға жұмсап келеді. Адамдар ежелгі заманнан мемлекет пен құқық қашан
пайда болды, қалай дамып келеді?-деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми
зерттеулер жасап келеді.
Енді мемлекеттің және құқықтың пайда болуы туралы теориялардың
мазмұнына қысқаша тоқталып өтейік.
1. Теологиялық теория – (Оның авторлары 13 ғ. Фома Аквинский, қазіргі
замандағы Маритен, Мерсье). Осы теорияны жақтаушылар мемлекетті құдай
жаратты, құдайдың еркімен пайда болды және мәңгілік болған деп түсіндіреді.
Жердегі  тірішілік  атаулының барлығы  құдайдың еркімен  туындаған, олай
болса мемлекетте  адамдарға  жерде  тәртіп орнату үшін  құдайдың  жіберген
құралы. Мемлекеттің, мемлекеттік биліктің пайда болуын құдаймен
байланыстыруды жақтайды. “Билік құдайдан (жаратушыдан)” деген тезисті
уағыздайды және қорғайды. Өзінің діни мазмұнына қарамастан, Ежелгі Иудейде
пайда болған бұл теория, нақты болмысты бейнелейді (көрсетеді), атап
айтқанда, алғашқы мемлекеттердің  теократиялық нысандарын – абыздардың
билігін, храмның рөлін, діни және әкімшілік орталықтардың арасындағы
биліктің бөлінуін көрсетті.
2. Табиғи теория – бұл теорияны жақтаушылардың пайымдауынша,
мемлекетті, құқықты ешкім ойлап тапқан жоқ, олар адамның өзі сияқты
табиғаттан бастау алып, әділеттілікке негізделген абсолюттік ұғымдар деп
атайды.
3. Тарихи теория – осы теорияны ұстанғандар мемлекет пен құқық
тарихтан бастау алып, тарихпен бірге жетілді дейді.
4. Патриархалдық теория – мемлекет адамдардың отбасы
тәжірибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-
мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Мемлекеттің  
бүлінген, ыдыраған  отбасынан пайда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет нысандары
Мемлекеттің белгілері, функциясы, органдары және нысандары
Мемлекеттің негізгі нысандары және сипаттамасы
Мемлекет нысанының түсінігі, мәні және мемлекетті басқару нысаны
Қаржы мәні және қызметтері
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
МЕМЛЕКЕТ НЫСАНДАРЫ МАЗМҰНЫ, ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Салықтардың әлеуметтік экономикалық мәні. Салық нысандары
Мемлекеттің пайда болу теориялары
Мемлекеттің пайда болу туралы негізгі теориялары
Пәндер