Салжұқтар



1 Салжұқ сұлтандығы
2 Әндіжан тұрғындарының ресми билікке қарсы бейбіт шеруі
3 ҚАНДЫ ҚЫРҒЫН
4 Нью.Йоркте Әндіжан оқиғасы туралы дөңгелек үстел
Салжұқтар — түркі-оғыз тайпаларының бір тармағы. Құрамына қынық тайпасы басшылығындағы әр түрлі оғыз тайпалары кіріп, қынықтардың тайпа көсемі Салжұқ бектің атымен аталған. Салжұқ әулетіне бағынды және саяси тарихы Салжұқ сұлтандығымен тығыз байланысты болды. Салжұқтар 11 ғасырдың 40 – 80-жылдары Орталық Азияның бір бөлігін, Иранның көп бөлігін, Әзербайжан, Күрдістан, Армения, Грузия, Ирак, Кіші Азияны, т.б. аумақтарды жаулап алды. Белгілі көсемдері — Тоғрыл бек, Алп-Арслан, Мәлік шах. Мәлік шахтың (1073 — 92) тұсында саяси күш қуаты барынша артты. Бірақ көп ұзамай салжұқтар құрған мемлекет ұсақ сұлтандықтарға бөлініп, бірте-бірте жойылып кетті. Салжұқтар 11 — 13 ғасырларда басқа да оғыз тайпаларымен және Иран, Әзербайжан, Кіші Азияның байырғы тұрғындарымен араласып, бірте-бірте соларға сіңісіп кетті. Олар қазіргі түрік, әзербайжан, түрікмен, т.б. түркі халықтарының ұлт ретінде қалыптасуында үлкен рөл атқарды. [1]

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Салжұқтар — түркі-оғыз тайпаларының бір тармағы. Құрамына қынық тайпасы
басшылығындағы әр түрлі оғыз тайпалары кіріп, қынықтардың тайпа көсемі
Салжұқ бектің атымен аталған. Салжұқ әулетіне бағынды және саяси тарихы
Салжұқ сұлтандығымен тығыз байланысты болды. Салжұқтар 11 ғасырдың 40 – 80-
жылдары Орталық Азияның бір бөлігін, Иранның көп бөлігін, Әзербайжан,
Күрдістан, Армения, Грузия, Ирак, Кіші Азияны, т.б. аумақтарды жаулап алды.
Белгілі көсемдері — Тоғрыл бек, Алп-Арслан, Мәлік шах. Мәлік шахтың (1073 —
92) тұсында саяси күш қуаты барынша артты. Бірақ көп ұзамай салжұқтар
құрған мемлекет ұсақ сұлтандықтарға бөлініп, бірте-бірте жойылып кетті.
Салжұқтар 11 — 13 ғасырларда басқа да оғыз тайпаларымен және Иран,
Әзербайжан, Кіші Азияның байырғы тұрғындарымен араласып, бірте-бірте
соларға сіңісіп кетті. Олар қазіргі түрік, әзербайжан, түрікмен, т.б. түркі
халықтарының ұлт ретінде қалыптасуында үлкен рөл атқарды. [1]

Салжұқ сұлтандығы — 11 ғасырдың соңы мен 14 ғасырдың басында Таяу және Орта
Шығыс елдерінде билік құрған мемлекет. 11 ғасырдың 30-жылдары салжұқтар
Ғазнауи әулетіне бағынышты болып, Хорасаннан жер алды. 1040 ж. ғазнауилерге
қарсы шығып, Данденакан түбіндегі ұрыста жеңіске жетті. Иран таулы үстіртін
жаулап алып, аймақтағы бытыраңқы ұсақ иеліктерді бір орталыққа бағындырды.
Сол кездегі мұсылман әлемі үшін маңызы ерекше бір орталыққа бағынған қуатты
ислам мемлекеті осы салжұқтар кезінде орнады. Алғашқы салжұқ билеушісі
Тоғрылбек (1038 — 63) тұсында салжұқтар Хорезм, Хорасан, Иран, Әзербайжан,
Күрдістан, Ирак жерлерін жаулап алып, 1055 ж. Бағдадқа басып кірді. Халиф
оған “батыс пен шығыстағы мемлекеттер дінінің сүйеніші” атағын беріп, “ұлы
сұлтан” деп жариялауға мәжбүр болды. Салжұқ сұлтандығы бастапқыда екі
негізгі иеліктерден тұрды. Жоғары билеуші Тоғрылбек билігіне мемлекет
астанасы болған Рей қаласының батысы мен оңтүстігіндегі елдер және ағасы
Шағрыбекке Солтүстік Хорасан мен Орталық Азия аймағы қарады. Оның орталығы
Мерв қаласы болды. Алп-Арслан тұсында (1063 — 72) салжұқтар Арменияны
жаулап алып (1064), Манцикерт түбінде Византия әскерлерін жеңді (1071).
1071 — 81 ж. Кіші Азияны және басқа да аумақтарды жаулап алды. Мәлік шах
(1072 — 92) Грузия мен Қарахан мемлекетін бағындырды. Бұл тұста Салжұқ
сұлтандығының шекарасы Сырдариядан Нілге дейін, Каспийден Жерорта теңізіне
дейін созылды. Мемлекет астанасы Исфаһан қаласы болды. Бірақ көшпелі оғыз
және басқа да түркі тайпаларының әскери шонжарлары мен ақсүйектері байтақ
аумақтарды иемденіп, орталығы өкімет билігіне тәуелсіз болуға ұмтылды.
Сондықтан сұлтандар ішкі саясатта күшті өкімет билігіне мүдделі болған Иран
ақсүйектеріне иек артты. Бұл топтың мүддесін көздеуші Низам әл-Мүлік болды.
11 — 12 ғасырларда Салжұқ сұлтандығы Орталық Азия, Орта Шығыс пен Кіші
Азияда бірнеше иеліктер мен мемлекеттерге бөлініп кетті. Жаңадан Керман
(1041 — 1187), Кония немесе Рум (Кіші Азияда, 1077 — 1307), Хорезмде
Ануштегіндер (1097 — 1221) сұлтандықтары құрылды. Бірінші крест жорығынан
кейін салжұқтар Палестинадан, кейін Сириядан, Грузия[дан, Кіші Азиядағы
кейбір иеліктерінен айырылды. 1118 ж. Мәлік шахтың ұлдары Салжұқ
сұлтандығын бірнеше иеліктерге бөліп алды. Санжар сұлтан (1118 — 57)
дербестікке ұмтылған ақсүйектермен күрес жүргізді. Бірақ 1141 ж.
қарақытайлардан жеңіліс тауып, Орталық Азиядағы билігінен айырылды. 1153 ж.
оғыздар Хорасанның Мерв, Нишапур, Тус, т.б. қалаларын басып алды. 1157 ж.
Санжар өлгеннен кейін Хорасандағы “Ұлы салжұқ” билігі өмір сүруін тоқтатты.
Оның інісі Махмұд мемлекетті қалпына келтіруге тырысқанымен, салжұқ
империясының бұл бөлігі түпкілікті құлдырап, бірнеше ұсақ иеліктерге
бөлініп кетті. Хорасан, Керман және Батыс Иран арасындағы отыз жылдық өзара
тартыстан кейін Хорезмшаһ үстемдік алды. Тек Рум сұлтандығы сақталып қалды.
12 ғасырдың соңына қарай Иранның батысы мен орталығында тұрған салжұқтар
атабектер ықпалына түсіп, билігінен біржола қол үзді.

Өзбекстан: “Әндіжан оқиғасы” бойынша сот пен оның өкімі халықаралық
қауымдастықтың наразылығын туғызды
17.11.2005
Сұлтан Хан АҚҚҰЛЫ
Өткен мамыр айындағы Әндіжан тұрғындарының ресми билікке қарсы бейбіт
шеруін Өзбекстан үкіметінің аяусыз басып-жаншуына Батыс қауымдастығының
наразылығы өзінің шыңырау шыңына жетті. Оның ішінде Еуропа одағы
Өзбекстанға қару-жарақ сатуға эмбарго, яғни шектеу қойып, осы қантөгіске
жауапты Өзбекстанның ең жоғарғы 12 басшысының Еуроодақ кеңістігіне аяқ
басуына уақытша тыйым салды. Брюссельдің бұл шаралары ресми Ташкенттің осы
сейсенбі күні “Әндіжан қантөгісіне” қатысты 15 күдіктіні 14 және 20 жыл
мерзімдерге кесу туралы өкім шығаруымен қатар келді. Америка Құрама
Штаттары да Өзбекстандағы осы сот процесін “әділетті емес” деп бағалап,
оның өкіміне қарсы шықты.
Ташкенттегі сот процесі мен оның өкімі Өзбекстан мен Батыс қауымдастығы
арасындағы онсыз да салқындап кеткен қарым-қатынасты тіпті мұздатып
жіберді. Осы сейсенбі күні Өзбекстанның Жоғарғы соты “13-інші мамыр күні
Әндіжан қаласындағы халық толқуын ұйымдастырды” деген айып бойынша 15
күдіктіні ұзақ мерзімдерге бас бостандықтарынан айыратын өкім шығарды.
Соттың өкіміне сәйкес, күдіктілер Өзбекстанның конституциялық билігін
күштеп құлатып, елде “Ислам халифатын” орнатпақ болған және осы іс-
әрекеттің салдарынан 187 адам, оның ішінде негізінен армия жауынгерлері мен
құқық сақшылары құрбан болған көрінеді.
Ресми Вашингтон мен Брюссель Әндіжанда болған оқиғаның өзбек үкіметі
сипаттаған “желісіне” күмән келтіріп, Өзбекстанның қауіпсіздік күштері
жүздеген қарусыз халыққа оқ жаудырып, жаппай қырды деп санайды. Сол себепті
де АҚШ пен Еуроодақ “Әндіжан оқиғасына” тәуелсіз халықаралық тергеу
жүргізуді бірнеше рет талап етті. Бірақ өзбек лидері И.Кәрімов оған рұқсат
бермей қойды. Ташкентте Жоғарғы сот өкім шығарған осы сейсенбі күні
Еуроодақ Өзбекстанға қару-жарақ сатуға эмбарго немесе шектеу қойып, өзбек
үкіметінің ең жоғарғы 12 басшысының Еуроодақ елдеріне келуіне уақытша – 1
жыл мерзімге тыйым салды. Ресми Брюссельдің мәлімдеуінше, осы “визалық
шектеу” шарасы “Әндіжандағы халық толқуынның жай-жапсарын анықтамай, оны
күштеп басуға тікелей жауапты билік өкілдеріне қарсы” және осы қанды
оқиғаның себеп-салдарына тәуелсіз тергеу жүргізуге рұқсат бермеген ресми
билікке қарсы қабылданып отыр”. Еуроодақтың сыртқы саясаты бойынша өкілі
Кристина Галлак атап көрсеткендей, бұл жаза – Еуроодақтың Өзбекстандағы
ахуалға қаншалықты мән беріп отырғанын айқын көрсетеді. Ал Вашингтонда
Мемлекеттік департаменттің өкілі Адам Эрели Ташкенттегі соттың өкімін Ақ
үйдің наразылықпен қабылдағанын хабарлады.
“Жақсы, біз бұл өкімдерді бұлтартпайтын дәлелдерге негізделмеген және сот
процесін әділ емес деп есептейміз. Біз бұл уәждерімізді сонау бастан айтып
келдік. Менің ендігі жерде айтарым: Әндіжандағы оқиғаға ешқандай тәуелсіз
тергеудің болмағанын тағы да қайталаймын”, - деді Адам Эрели.
Осы күні Америка Құрама Штаттары да Өзбекстанға жаза қолдану мәселесін
қарастыру үстінде. Женевада БҰҰ-ының адам құқықтары бойынша Жоғарғы
Комиссары Луиза Арбур ханым да Ташкенттегі сот процесіне наразылық
білдіріп, сотталған әлгі 15 күдіктіге әділ сотқа жүгіну мүмкіндігін беру
керек деп мәлімдеді. Жоғарғы соттың өкімін Өзбекстанның өз ішінде де
күдікпен қабылдаған тәрізді. Сот өкімі шыққан сейсенбі күні Ташкентте
“Азаттыққа” берген сұхбатында аты-жөнін атамаған бір ер кісінің айтқан мына
пікірі соған бірден-бір дәлел бола алады:
“Менің пікірімше, бұл сот процесі “сот” деген ұғымға тіпті ұқсамады. Мен
оны теледидардан көріп бақыладым. Күн сайын бір көрініс – бір әңгіме,
барлығының жатып кеп мойындап жатқаны... Жауапқа тартылғандар – жаттап
алған сөздерін күн сайын қайталай беретін тұтықұсқа ұқсады...”
Өзбекстанда не болмасын, Батыс қоғамының барлығы оған Батыс елдерінің
көзқарасы дұрыс болды деп санамайды. АҚШ-тың Джон Хопкинс университетіндегі
Орта Азия және Кавказды зерттеу Институтының директоры Сванте Корнелл
(Svante Cornell), мысалға, “...адамдардың Батысқа сапарға барып, Батыспен
байланыста болуына бөгет жасау – жүзеге асыруға болатын ең нашар шара
сияқты”, деп санайды.
С.Корнелдің пікірінше, Батыс елдері Орта Азия қоғамының саяси реформаларға
түбегейлі қарсы күштеріне, атап айтқанда – ішкі істер минисліктері мен сот
жүйесі сынды құрылымдарына ықпал ете алмайды.
“Ресми тұлғалардың Батыспен араласуына тосқауыл қою, керісінше, осы
қоғамдардағы (яғни, Орта Азия елдеріндегі. С.А.) кертартпа, “өктемшіл” және
реформаға қарсы шектеулі элементтерге қуат береді”, - деді С.КОРНЕЛЛ.
“Қауіпсіздік туралы” осы дүйсенбіде Мәскеуде қол қойылған өзбек-орыс
келісімін мысалға келтіре отырып Сванте Корнел Батыс Өзбекстанға қару-
жарақты Ресейден алуына “көмектесті” деп атап көрсетті.

Светлана ГЛУШКОВА
Өзбек құқық қорғаушылары 13 мамырды Аза күні деп жариялауды сұрап отыр.
Әндіжандағы қанды қырғынды басқаларды айтпағанда Орталық Азияның өзі де
сирек еске алатын болды. Бұл өңірдің биліктері Әндіжан қырғынына тыжырына
қарайды.
АЗА КҮНІ
Әндіжан қырғынына алтыншы жыл қарсаңында ташкенттік құқық қорғаушылар
Өзбекстан президенті мен парламентіне ашық хат жолдап, 13 мамырды Аза күні
деп жариялау жөнінде ұсыныс жасады.
Хат авторлары Әндіжандағы 2005 жылғы қырғын кезінде жақындары мен
туыстарынан айрылғандардың қайғысына ортақтасқысы келетіндердің барлығын 13
мамыр күні сағат 11-де Ташкенттегі Ерлік монументіне гүл қоюға шақырды деп
хабарлайды тәуелсіз Uznews.net. сайты. Елдің өзге өңірлерінің тұрғындары
Әндіжан оқиғасының құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алуына болады.
Мемлекеттік органдар өз қателіктерін ашық мойындауы тиіс, – деп жазады
құқық қорғаушылар, – жазықсыз қаза болғандардың туыстары мен жақындарына
көңіл айтып, жұртшылық алдында кешірім сұрауы тиіс және Әндіжан облысындағы
қанды оқиғаның құрбандарын жыл сайын еске алуға міндетті.

ҚАНДЫ ҚЫРҒЫН

2005 жылы 13 мамырда Әндіжан қалалық хокимиятының (әкімдігінің) алдындағы
Бабыр алаңында билік акрамистер деген айып тағып, тұтқынға алынған 26
бизнесменді қорғауды көздеген митинг өтті.
Өзбекстан билігі бұл бизнесмендерді 1990 жылдары тыйым салынған Акрамия
қозғалысының жақтастары деп мәлімдеді. Бірақ ол ұйым жөніндегі
мәліметтердің Жергілікті тұрғындар билік қатыгездікпен басып-жаншыған
шеруде құрбан болған адамның денесін әкеле жатыр. 14 мамыр 2005 ж.
екіұштылығы соншалықты, тіпті кейбір сарапшылар Жергілікті тұрғындар билік
қатыгездікпен басып-жаншыған шеруде құрбан болған адамның денесін әкеле
жатыр. 14 мамыр 2005 ж.мұндай ұйым ешуақытта болған
емес, оны діни экстремистер деп аталып жүргендерді торға түсіру үшін
биліктің өзі ойлап тапты деген болжамға тоқтады.
Митингіге шыққан Әндіжанның бірнеше мың тұрғыны халықтың әлеуметтік жай-
күйін жақсарту және елдегі қуғын-сүргін саясатын доғару жөнінде талаптар
қойды.
Өзбекстан билігі митингіні асқан қатігездікпен жаншыды. Ресми мағлұматқа
қарағанда осы оқиға кезінде 187 адам көз жұмған. Оның ішінде әскери
қызметкерлер мен полицейлер де бар, бірақ басым көпшілігі бизнесмендерді
түрмеден шығарып алмақ болған әлдебір экстремистер мен исламшылдар. Ал
тәуелсіз бақылаушылардың байқауына қарағанда сол күні мыңнан астам Әндіжан
тұрғыны мерт болған.
Алайда қаза болғандардың дәл саны сол күйі белгісіз қалды.
Сонымен қатар, әскер қарусыз халыққа қарсы жаппай оқ атар қарсаңда
жергілікті гарнизонға шабуыл жасау арқылы қолдарына қару-жарақ түсіріп, өз
адамдарын түрмеден босатып алуға аттанған және кепілдікке адам алған
адамдардың кім екені де айтылмай, жұмбақ болып қалды.

ӘЛІ КҮНГЕ ҚУДАЛАЙДЫ

Әндіжан қантөгісін көзімен көрген Сохибжон-ата 2010 жылы Азаттық радиосына
сұқбат берген еді. Аты-жөнін толық айтуға қорыққан ол былай деді:
– Өзбекстан баспасөзінде еркіндік жоқ. 2005 жылы Әндіжанда түк болмағандай,
ешқайсысы бұл тақырыпқа жуығысы келмейді. Көпшілігі ұмытып та кетті. Тек
туған-туыстарынан айырылғандар ғана сол бір қасірет күнді естен шығармайды.
Ал қалған жұрт ештеңе білмейді де, сезбейді де.
Сохибжон-ата Өзбекстан билігі қайсыбір себептермен сол оқиғаға куә болып
қалған адамдарды әлі күнге қудалайтынын айтады.
Австралиядан оралған соң Өзбекстанда ұзақ жылға сотталған Дилорам
Абдулқадырова.
2010 жылы Нъю-Йоркте орналасқан Хьюман Райтс Вотч халықаралықАвстралиядан
оралған соң Өзбекстанда ұзақ жылға сотталған Дилорам Абдулқадырова. құқық
қорғау
ұйымы жариялаған есепте 2005 жылы 13 мамырда Қырғызстанға қашып, одан
Австралияға кеткен, тек 2010 жылы 8 қаңтарда ғана еліне оралған Дилорам
Абдулқадырованың тағдыры сөз болады. Осы бір талайсыз әйелдің тағдыры
туралы Азаттық радиосы да егжей-тегжейлі әңгімеледі.
Жергілікті билік оның отбасын Дилорам еш қауіптенбестен елге орала берсін
деп бірнеше рет сендірді. Соған қарамастан 2010 жылы 21 сәуірде Дилорам
Абдулқадырова көш-құлаш айыппен, оның ішінде шекарадан заңсыз өтіп, елдің
конституциялық құрылысына нұқсан келтірді деген бап та бар, Әндіжан
сотының алдында тұрды.
Оның туыстары 2010 жылы 28 сәуірде болған сотта Дилорам Абдулқадырованың
бет жүзінде соққы іздері болғанын айтады. Аз уақытта-ақ әбден азып-тозған
ол отбасы мүшелерінің көзіне қарамауға тырысыпты.
Ал 2010 жылы 30 сәуірде оны 10 жыл екі айға соттап жіберді.
Әндіжан оқиғасынан кейін Қырғызстанға, содан соң Еуропаға, АҚШ пен
Австралияға қашқандардың балаларын да әлсін-әлсін тергеуге алып,
мектептерде оларды қылмыскерлердің, отанын сатқандар мен халық жауларының
баласы дейтін көрінеді.

БІЗ СЕНДЕРДІ ҰМЫТПАЙМЫЗ!
Осыдан бір жыл бұрын Ташкентте Әндіжан құрбандарын еске алу апталығы өтті.
13 мамырға дейінгі бір апта бойы Өзбекстан құқық қорғаушылары Ташкент
көшелеріне шығып, қолдарына қатыгездікпен атылған әндіжандықтарды еске
алуға шақырған ұрандар ұстап тұрды.
Әндіжан қырғыны құрбандарын еске алу. Киев, Украина, мамыр, 2010 жыл.
Мәселен, азаматтық белсенді Виктория Баженова 2005 жылғы Әндіжан Әндіжан
қырғыны құрбандарын еске алу. Киев, Украина, мамыр, 2010 жыл.құрбандары:
сендердің қандарыңның әр тамшысы – бостандықтың бүршігі! Өзбекстан
президенті И.Ә. Кәрімовты сотқа тартуды талап етеміз деген ұран көтеріп
шықты.
Тағы бір белсенді Матлюба Жұмабаева Атылған әндіжандықтар, сендердің
қандарың – біздің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салжұқ мемлекеті
Қыпышақ мемлекеті
Орта ғасырлардағы Tүркия
Қарахан мемлекеті туралы
Иран Ислам Республикасы— Азияның оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет
Осман империясының құрылуы мен мәдениеті
Түрік қағанаты – 551-603 жылдар
Қарахан мемлекетінің құрылуы және оның этникалық құрамы
Осман империясының құрылуы
Хорезмшах мемлекеті
Пәндер