Темекі шегуді тастауға тілек білдірушілерге нақты кеңестер


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ТЕМЕКІ ШЕГУДІ ТАСТАУҒА ТІЛЕК

БІЛДІРУШІЛЕРГЕ НАҚТЫ КЕҢЕСТЕР

Темекі шегуді тастайтын күн жоспарлаңыз. Бүл ерекше күн болуы тиісті, сондықтан әдеттегі, әсіресе таңертеңгі қалыптасқан тәртіпті бұзуға болады.

Бұл күнге өзіңізге аса көп іс-шаралар мен тапсырмалар жоспарлаңыз, олар назарыңызды темекі шегуден аударады.

Егер темекі тартқыңыз келсе, өзіңізге алдын ала сәбіз, алма, асқабақ немесе күнбағыс дәндерін дайындаңыз, олар қолыңыздың астында болуы керек.

Бірінші үш күнде күнделікті минерал су мен шырындарды екі есе артық ішіңіз, сондай-ақ кофе, шәй және алкогольден бас тартыңыз.

Темекі шегуді тастайтын күні барлық шылымдарды лақтыру және темекіге байланысты заттарды: оттықты, күлсалғышты және т. б. жасыру қажет.

Салмақ қоспау үшін көкөністерді, жемістерді көбірек, тәттіні аз жеңіз.

Шылым тартпаған бірінші күннің аяғына қарай, темекі шекпеуге ынталандыру үшін, өзіңізге кішігірім сыйлық істеген жөн.

Темекі шегушілерден жэне темекі шегетін орындардан аулақ болыңыз.

Шылымды бір тартудан қорқыңыз. Тіпті 3 айдан кейін де ол зиянын тигізеді.

Егер Сіз дағдарыстық ахуалға тап болсаңыз да, темекі шегу мәселені шешпейді.

Темекі шегуді тастау туралы тілегіңіз жайында өзіңізбен таласпаңыз. Бүрынғы өмір салтына оралу Сіз үшін қаншалықты жиренішті екенін ойлаңыз.

Егер Сіз темекіні қайтадан шеге бастасаңыз, есіңізде болсын: темекіні толығымен тастау үшін, мүмкін, бір емес, екі, үш, тіпті бес талпыныс қажет шығар. Ең бастысы - Сіздің тілегіңіз бен табандылығыңыз болуы қажет!

Темекі шегуді тастайтын күнге қалай дайындалады?

Шылымды неғұрлым аз шегуге дағдыланыңыз. Күніне шегілетін шылым санын есептеңіз, өткен күнге қарағанда, келесі күні аз шегуге тырысыңыз.

Шылым түтінімен терең тыныстауды сиретіңіз, тыныс алу терендігін азайтыңыз.

Таңертең аш қарынға темекі шекпеңіз.

Шылым түтінімен терең тыныстаулар арасында, шылымды ауызыңызда қалдырмаңыз.

Шылымның үштен бір бөлігіне дейін тартпаңыз, 2-3 тартқаннан кейін лақтырып жіберген дұрыс.

Жүріп келе жатқанда, әсіресе сатымен немесе тауға көтерілгенде, шылым шекпеңіз.

Қарқынды дене шынықтырудан кейін, немесе ауыр жұмыс үстінде ұзақ уақыт шылым шекпеңіз.

Шылым шегуде кейде үзілістер жасаңыз («дүйсенбіге дейін шылым шекпеймін», «айдың аяғына дейін шылым шекпеймін», «жылдың аяғына дейін шылым шекпеймін») .

Шылым шеккіңіз келмесе шекпеңіз.

Сізбен бірге отырғандардың бірі шылым тартты екен деп, оны қолдау үшін ғана Сіз де шылым шекпеңіз.

Темекі түтіні толған бөлмеде болудан бас тартыңыз.

Балалар арасында темекі шекпеңіз - оларға теріс үлгі көрсетесіз.

Темекі шекпейтіндер арасында шылым шекпеңіз - олардың таза ауамен тыныс алу құқығын құрметтеңіз.

Өзіңізді емдейтін дәрігерге қаралыңыз және бірге ТЕМЕКІ ШЕГУДІ МҮЛДЕМ ТАСТАУДЫҢ жоспарын құрыңыздар!

ӨЗҢІЗГЕ ЖӘНЕ ЖАҚЫНДАРЫҢЫЗҒА ДЕНСАУЛЫҚ СЫЙЛАҢЫЗ!

Егер сіз темекі шегуді тастасаңыз:

  • 20 минуттан соң қан қысымы мен тамыр соғуы қалыпқа түседі.
  • 8 сағаттан соң қандағы никотин және тұншықтырғыш газ деңгейі жартылай төмендейді, оттегі деңгейі қалыпқа келеді.
  • 24 сағаттан соң тұншықтырғыш газ организмнен толығымен шығарылады. Жедел миокард инфарктісінің қауіп-қатері едәуір төмендейді.
  • 48 сағаттан кейін организмде никотин қалмайды.
  • 48 сағаттан кейін иіс сезіну қабылеті жақсарады.
  • 72 сағаттан кейін адамның көңіл-күйі жақсарады.
  • 2-12 аптадан кейін қан айналымы жақсарады.
  • 3-9 айдан кейін өкпенің қызметтік қоры 30 өседі.
  • 1 жылдан кейін миокард инфарктісінің қауіп-қатері 50 төмендейді
  • 5 жылдан кейін өкпе, ауыз қуысының, көмей және өңеш қатерлі ісігімен ауыру қауіп-қатері 2 есеге азаяды.
  • 10 жылдан кейін миокард инфарктісінің қауіп-қатері ешқашан темекі шекпеген адамның қауіп-қатерімен теңеседі.
  • 15 жылдан кейін өкпе қатерлі ісігінің қауіп-қатері ешқашан темекі шекпеген адамның қауіп-қатерімен теңеседі!

Темекі шегуді бүгіннен бастап тастаудың 10 себебі:

  1. Өзіңіздің отбасыңыз және достарыңыз үшін сізге темекіні тастау керек . . .
  2. Сіз дәрігерге сирек қараласыз және емделуге шығындарды азайтасыз.
  3. Сіз өз денсаулығыңызды жақсартасыз.
  4. Таңертең сіздің аузыңыздан жағымсыз иіс шықпайды.
  5. Заттарыңыз бен жиһазды күйдірген дақтар енді болмайды.
  6. Саусақтарыңыздағы сары дақтар туралы сіз ұмытасыз.
  7. Егер күтпеген жерде біреуді сүйсеңіз, сіздің тынысыңыз таза болады.
  8. Сіздің машинаңыз, киімдеріңіз, шашыңыз, маңайыңыздағы барлық заттар хош иістенеді.
  9. Темекі шегу үшін үзілістерге шықпау себебінен, жұмыста сіз көп іс тындырасыз.
  10. Сіз ақшаны үнемдейсіз.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Темекі тарту – зиянды әдет. Аналар темекiге қарсы
Темекінің адам денсаулығына әсері
Темекіні тастау әдістері
Темекінің – адам денсаулығына қауіптілігі
Әйелдер арасындағы шылым шегу әлеуметтік және физиологиялық проблемалары
Темекі дүние жүзін шарлап кетті
Әбдіжәлел Қошқарұлы Бәкір
Шылым шегудің зияндары
Денсаулыққа зор кесел, Үйрете көрме ауызды, Насыбай менен шылымға
Зиынды заттардың профилактикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz