Нормативтiк құқықтық актi мәтiнiнiң мазмұны



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. «Нормативтік құқықтық актілер» ... ... ... ... .4
1.1 Нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзгi және туынды түрлерi ... ... ... ... .7
1.2 Нормативтiк құқықтық актiлер сатысы ...
1.3 Нормативтiк құқықтық актiлердiң тiкелей қолданылуы ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.4 Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын дайындау жоспарлары ... ...9

2. «Нормативтiк құқықтық актi мәтiнiнiң мазмұны мен жазылу стиліне қойылатын талаптар» ... ..10
2.1 Нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау мен оны күшiне енгiзу тәртiбi...11
2.2 Нормативтiк құқықтық актiлердi жариялау ... ..12
2.3 Нормативтiк құқықтық актiлердi күшiне енгiзу және қолданысқа енгізу уақыты ... ... ... ..14
2.4 Нормативтiк құқықтық актiнiң қолданылу мерзiмi ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.5 Нормативтiк құқықтық актiлердi жүйеге келтiру..

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ..23
Бүгін де барлық мемлекеттік органдардың алдында тұрған ең маңызды міндеттердің бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес болып табылады. Жемқорлық мемлекеттің әлеуметтік экономикалық даму процесін тежеп, мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына теріс әсерін тигізері сөзсіз.
«Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес әділет органдары жергілікті атқарушы және өкілді органдарының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу қызметін жүзеге асырады.
Бұл орайда тек «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабына сәйкес жалпыға мiндеттi маңызы бар азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты нормативтiк құқықтық актiлер мемлекеттік тіркеуге жатады. Мұндай тiркеу оларды күшiне енгiзудiң қажеттi шарты болып табылады.
Әділет органдары мемлекеттік тіркеуге ұсынылған нормативтік құқықтық актілерді тіркеу барысында, ең алдымен құқықтық сараптама жүргізеді.
1. Ғ. Сапарғалиев, А.Ибраева. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы. Жеті жарғы, 1998
2. Табанов С. «Құқық теориясы мен Сот жүйесінің Конституциялық негіздері» Астана 2001
3. Табанов С. Заңдарды жүйелеудің теориясы, тарихы және тәжірибесі. Алматы 1996
4. Жоламан Қ, Мұхтарова А. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы 1999
5. Гаврилов В.А. Стратегия правотворчества и социальное прогнозирование. М.,1993

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. Нормативтік құқықтық
актілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзгi және туынды
түрлерi ... ... ... ... .7
1.2 Нормативтiк құқықтық актiлер
сатысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..
1.3 Нормативтiк құқықтық актiлердiң тiкелей
қолданылуы ... ... ... ... ... ... . ... ..8
1.4 Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын дайындау жоспарлары ... ...9

2. Нормативтiк құқықтық актi мәтiнiнiң мазмұны мен
жазылу стиліне қойылатын
талаптар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2.1 Нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау мен оны күшiне енгiзу тәртiбi...11
2.2 Нормативтiк құқықтық актiлердi
жариялау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.3 Нормативтiк құқықтық актiлердi күшiне енгiзу және қолданысқа енгізу
уақыты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.4 Нормативтiк құқықтық актiнiң қолданылу
мерзiмi ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.5 Нормативтiк құқықтық актiлердi жүйеге
келтiру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

Кіріспе

Бүгін де барлық мемлекеттік органдардың алдында тұрған ең маңызды
міндеттердің бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес болып табылады.
Жемқорлық мемлекеттің әлеуметтік экономикалық даму процесін тежеп,
мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына теріс әсерін тигізері
сөзсіз.
Әділет органдары туралы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына
сәйкес әділет органдары жергілікті атқарушы және өкілді органдарының
нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу қызметін жүзеге асырады.
Бұл орайда тек Нормативтік құқықтық актілер туралы Қазақстан
Республикасы Заңының 38-бабына сәйкес жалпыға мiндеттi маңызы бар
азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты
нормативтiк құқықтық актiлер мемлекеттік тіркеуге жатады. Мұндай тiркеу
оларды күшiне енгiзудiң қажеттi шарты болып табылады.
Әділет органдары мемлекеттік тіркеуге ұсынылған нормативтік құқықтық
актілерді тіркеу барысында, ең алдымен құқықтық сараптама жүргізеді.
Ол өз кезегінде, нормативтік құқықтық актіні қабылдаған мемлекеттік
органның қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген тікелей құзыретінің
болуын қажет етеді, яғни заң актілерінде мемлекеттік органның тиісті
нормативтік құқықтық актіні немесе нақты тәртіптерді, нысандарды және басқа
құжаттарды бекіту құзыретінің тікелей көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ ең бастысы
– нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық нормаларының алдын-
алып, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына
сәйкес келмейтін актілерді тіркеуге жол бермеуді көздейді.
Нақтырақ айтар болсақ, Қазақстан Республикасы Конституциясының
14-бабына сәйкес, яғни заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең
қағидасын басшылыққа алып, нормативтік құқықтық актілерде жекелеген
азаматтар мен заңды тұлғаларға заңмен көзделмеген артықшылықтардың алдын
алу, кәсіпорындардың, кәсіпкерлердің шаруашылық қызметіне араласу
бостандығын шектеуге жол бермеу. Демек, қабылданған нормативтік құқықтық
актілерде азаматтардың заңмен көзделмеген құқықтары мен бостандықтарын
шектейтін нормалардың қамтылуына жол берілмеуін қамтамасыз етеді [1, 18].
Жоғарыда аталған қағидалар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын
қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

1. Нормативтік құқықтық актілер

Барлық қоғамдық қатынастар тек құзырлы органдар қабылдаған нормативтік
құқықтық актілермен реттеледі. Осыған орай, ең алдымен қабылданатын
нормативтік кұқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық
жасауға жағдай туғызатын нормалардың алдын алуымыз қажет.
I-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
нормативтiк құқықтық акт - референдумда қабылданған не уәкiлеттi орган
немесе мемлекеттiң лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды
белгiлейтiн, олардың қолданылуын өзгертетiн, тоқтататын немесе тоқтата
тұратын белгiленген нысандағы жазбаша ресми құжат;
заңдар - белгiленген тәртiппен қабылданған нормативтiк құқықтық
актiлердiң жиынтығы;
құқық нормасы (құқықтық норма) - нормативтiк құқықтық актiде
тұжырымдалған, көп мәрте қолдануға арналған және нормативтiк реттелген
ахуал шеңберiнде барлық тұлғаларға қолданылатын жалпыға мiндеттi мiнез-
құлық ережесi;
нормативтiк құқықтық актiнiң деңгейi - нормативтiк құқықтық актiнiң
нормативтiк құқықтық актiлер сатысындағы өзiнiң заң күшiне қарай алатын
орны;
Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар
енгiзетiн заң - Қазақстан Республикасы Конституциясы 62-бабының 3-
тармағында белгiленген тәртiппен қабылданатын заң;
Конституциялық заң - Қазақстан Республикасы Конституциясында
конституциялық деп аталған, Қазақстан Республикасы Конституциясы 62-бабының
4-тармағында белгiленген тәртiппен қабылданатын заң;
заң - қоғамдық қатынастарды реттейтiн, Қазақстан Республикасы
Конституциясы 61-бабының 3-тармағында көзделген түбегейлi принциптер мен
нормаларды белгiлейтiн, Қазақстан Республикасының Парламентi, ал Қазақстан
Республикасы Конституциясы 53-бабының 4) тармақшасында көзделген
жағдайларда Қазақстан Республикасының Президентi қабылдайтын нормативтiк
құқықтық акт;
заң актiсi - Конституциялық заң, Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Конституциялық заң күшi бар Жарлығы, Кодекс, Заң, Қазақстан Республикасы
Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
қаулысы, Сенат пен Мәжiлiстiң қаулылары;
кодекс - осы Заңның 3-1-бабында көзделген бiртектес қоғамдық
қатынастарды реттейтiн құқықтық нормалар бiрiктiрiлiп, жүйеге келтiрiлген
заң;
заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлер - заң актiлерi болып
табылмайтын, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заң актілерінің
негізінде және соларды орындау үшін шығарылған, өзге де нормативтiк
құқықтық актiлер;
уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы
Заңда, сондай-ақ сол органдар мен лауазымды адамдардың құқықтық мәртебесiн
айқындайтын заңдарда белгiленген өз құзыретiне сәйкес нормативтiк құқықтық
актiлер қабылдауға хақылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары
мен лауазымды адамдары (Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан
Республикасының Парламентi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан
Республикасының Конституциялық Кеңесi, Қазақстан Республикасының Жоғарғы
Соты, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, орталық атқарушы
органдар, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкi, өзге де мемлекеттiк органдар);
Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық
бақылау банкi - олар туралы мәлiметтер Қазақстан Республикасы нормативтiк
құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген нормативтiк құқықтық
актiлердiң (өзгерiстерi мен толықтыруларын қоса) қағазға басылған
мәтiндерiнiң жиынтығы;
Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк
тiзiлiмi - нормативтiк құқықтық актiлердiң реквизиттерiн және осы актiлер
туралы ақпараттық-анықтамалық сипаттағы басқа да мәлiметтердi қамтитын
Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерi мемлекеттiк
есебiнiң бiрыңғай жүйесi;
нормативтiк құқықтық актiнi ресми жариялау - нормативтiк құқықтық
актiнiң толық мәтiнiн ресми және мерзiмдiк баспа басылымдарында жалпы
жұрттың назарына салу үшiн жариялау;
нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен жариялау -
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау
банкіне сәйкестік сараптамасынан өткен нормативтік құқықтық актілерді баспа
басылымында жариялау.
Заң актiлерi мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу мен
табыс ету, қабылдау, тіркеу, күшiне енгiзу, өзгерту, толықтыру, олардың
қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру, оларды жариялау ерекшелiктерi
олардың деңгейiне сәйкес, нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайтын
мемлекеттiк органдардың қызметiн реттейтiн заң актiлерiмен, осы органдардың
құқықтық мәртебесiн айқындайтын актiлермен, соның iшiнде олар туралы
ережелермен және олардың регламенттерiмен, басқа да нормативтiк құқықтық
актiлермен айқындалады.
Осы Заң Қазақстан Республикасы Конституциясын қабылдау, өзгерту және
оның қолданылуын тоқтату тәртiбiн реттемейдi.
Осы Заңмен халықаралық шарттарды, оның iшiнде құқықтық нормаларды
қамтитын шарттарды дайындау, жасасу, орындау және күшiн жою тәртiбi
реттелмейдi.
Осы Заңда заңдарға сәйкес қабылданған, бiрақ осы Заңның 1-бабының 1)
тармақшасында келтiрiлген талаптарға сай келмейтiн және құқықты iске асыру
және құқық қолданушылық мәнi бар нормативтiк құқықтық актiлердi, атап
айтқанда:
мемлекеттiк емес ұйымдардың, оның iшiнде қоғамдық бiрлестiктер мен
жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының нормативтiк актiлерiн;
уәкiлеттi орган болып табылмайтын мемлекеттiк ұйымдардың нормативтiк
актiлерiн;
техникалық және технологиялық нормалар мен стандарттар қамтылған
нормативтiк актiлердi әзiрлеу, табыс ету, қабылдау, күшiне енгiзу, қолдану,
жариялау, өзгерту, толықтыру және олардың қолданылуын тоқтату тәртiбi
белгiленбейдi [2, 22].
Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының
2002.03.06. N 298 (2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2004.06.16.
N 566 Заңдарымен.

1.1. Нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзгi және
туынды түрлерi

Нормативтiк құқықтық актiлер негiзгi және туынды актiлер болып
бөлiнедi.
Нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзгi түрлерiне мыналар жатады:
Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық Заң күшi бар
Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтары;
Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзге де нормативтiк құқықтық
Жарлықтары;
Қазақстан Республикасы Парламентi мен оның палаталарының нормативтiк
қаулылары;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк қаулылары;
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Сотының және
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк қаулылары;
Қазақстан Республикасының министрлерi мен өзге де орталық мемлекеттiк
органдар басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары;
орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары;
орталық мемлекеттiк органдар ведомстволары басшыларының нормативтiк
құқықтық бұйрықтары;
мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің
нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері.
Нормативтiк құқықтық актiлердiң туынды түрлерiне мыналар жатады:
регламент - қандай да бiр мемлекеттiк орган мен оның құрылымдық
бөлiмшелерi қызметiнiң iшкi тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық акт;
ереже - қандай да бiр мемлекеттiк органның немесе оның құрылымдық
бөлiмшесiнiң мәртебесi мен өкiлеттiгiн белгiлейтiн нормативтiк құқықтық
акт;
қағида - қандай да бiр қызмет түрiн ұйымдастыру және жүзеге асыру
тәртiбiн белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт;
нұсқаулық - заңдардың қоғамдық қатынастардың қандай да бiр саласында
қолданылуын егжей-тегжейлi көрсететiн нормативтiк құқықтық акт [3, 38].
Туынды түрлердегi нормативтiк құқықтық актiлер негiзгi түрлердегi
нормативтiк құқықтық актiлер арқылы қабылданады немесе бекiтiледi және
олармен бiр тұтастық құрайды. Туынды түрдегi нормативтiк құқықтық актiнiң
нормативтiк құқықтық актiлер сатысында алатын орны негiзгi түрдегi актiнiң
деңгейiмен анықталады.
Орталық атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының Президентіне
тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың аумақтық
органдарының, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, әкім
уәкілеттік берген жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық
актілер шығаруға құқығы жоқ.
Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қабылдайтын жеке
қолданылатын құқықтық актілер нормативтік құқықтық актілер болып
табылмайды.

1.2. Нормативтiк құқықтық актiлер сатысы

Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заң күшi бар.
Конституцияны қоспағанда, өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң заң
күшiнiң арақатынасы мынадай төмендей беретiн деңгейлерге сәйкес болады:
Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзетiн Заңдар:
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдары мен Қазақстан
Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлықтары;
1-2) Қазақстан Республикасының Кодекстерi;
3) Қазақстан Республикасының Заңдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы
Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтары;
4) Қазақстан Республикасының Парламентi мен оның палаталарының
нормативтiк қаулылары;
5) Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк жарлықтары;
6) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк қаулылары;
7) Қазақстан Республикасының министрлерi мен орталық мемлекеттiк
органдардың өзге де басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары, орталық
мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары және Қазақстан
Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк қаулылары;
7-1) орталық мемлекеттiк органдар ведомстволары басшыларының
нормативтiк құқықтық бұйрықтары;
8) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің
нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері.
Төменгi деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлердiң әрқайсысы жоғары
деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлерге қайшы келмеуге тиiс.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары аталған сатыдан тыс тұрады.
Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер мәслихаттарының нормативтiк құқықтық
шешiмдерi, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкiмдерiнiң
нормативтiк құқықтық шешiмдерiнiң сатысы Қазақстан Республикасының
Конституциясымен және жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы заң актiлерiмен
белгiленедi.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң нормативтiк қаулылары
тек Қазақстан Республикасының Конституциясына ғана негiзделедi және барлық
өзге нормативтiк құқықтық актiлер оларға қайшы келуге тиiс емес.

1.3. Нормативтiк құқықтық актiлердiң тiкелей
қолданылуы

Егер нормативтiк құқықтық актiлердiң өздерiнде немесе оларды күшiне
енгiзу туралы актiлерде өзгеше айтылмаса, барлық нормативтiк құқықтық
актiлер тiкелей қолданылады.
Күшiне енген нормативтiк құқықтық актiлердi қолдану үшiн қандай да
болсын қосымша нұсқаулар талап етiлмейдi.
Егер нормативтiк құқықтық актiнiң өзiнде оның қандай да бiр құқық
нормасы қосымша нормативтiк құқықтық акт негiзiнде қолданылатындығы
көрсетiлсе, онда бұл норма негiзгi және қосымша нормативтiк құқықтық актiге
сәйкес қолданылады. Қосымша нормативтiк құқықтық акт қабылданғанға дейiн
тиiстi қатынастарды бұрын реттеп келген нормативтiк құқықтық актiлер
қолданылады.
Әр түрлi нормативтiк құқықтық актiлердiң құқық нормаларының
қайшылықтары. Әр түрлі деңгейдегі нормативтік актілердің нормаларында
қайшылықтар болған кезде неғұрлым жоғары деңгейдегі актінің нормалары
қолданылады.
Заңдар нормаларының Қазақстан Республикасы кодекстерінің нормаларымен
алшақтығы болған жағдайларда олар кодекстерге тиісті өзгерістер
енгізілгеннен кейін ғана қолданылуы мүмкін.
Бір деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің нормаларында қайшылықтар
болған кезде қолданысқа кейінірек енгізілген актінің нормалары қолданылады
[4, 20].

1.4. Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын
дайындау жоспарлары

Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын дайындау жоспарлары бiр жылға
жасалатын ағымдағы және неғұрлым ұзақ мерзiмге жасалатын перспективалық
жоспарлар болып бөлiнедi.
Перспективалық жоспарларда неғұрлым маңызды нормативтiк құқықтық
актiлердi, сондай-ақ дайындау уақыты бiр жылдан астам мерзiмге
жоспарланатын нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу көзделедi.
Дайындау жоспарларында:
нормативтiк құқықтық актiнiң деңгейiн, нысаны мен реттеу мәнiн
бейнелейтiн атауы;
дайындау мерзiмдерi;
жобаны әзiрлеуге жауапты мемлекеттiк органдар мен ұйымдар көрсетiледi.
Егер осы Заңда және басқа заңдарда өзгеше көзделмесе, нормативтiк
құқықтық актiлердi дайындау жоспарларын тиiстi актiлердi қабылдауға
құзыреттi мемлекеттiк органдар жасайды және бекiтедi.
Нормативтiк құқықтық актiлер жобаларын дайындау жоспарларын жасаған
кезде мемлекеттiк және өзге де органдар мен ұйымдардың, оның iшiнде ғылыми
ұйымдардың ұсыныстары, сондай-ақ өзге де мүдделi тұлғалардың ұсыныстары
ескерiледi.
Нормативтiк құқықтық актiлер жобасын дайындау жоспарларын жасайтын және
бекiтетiн мемлекеттiк органдар жоспарларға осы актiлердiң дайындалуын
бейнелейтiн басқа да көрсеткiштер енгiзуi мүмкiн.
Қазақстан Республикасының Президентi шығаратын нормативтiк құқықтық
актiлердi дайындауды жоспарлау. Қазақстан Республикасының Президентi
шығаратын нормативтiк құқықтық актiлер жобаларын дайындауды жоспарлаудың
тәртiбi мен нысандарын ҚР Президентi белгiлейдi.

2. Нормативтiк құқықтық актi мәтiнiнiң мазмұны мен жазылу стиліне
қойылатын талаптар

Мемлекеттiк органдардың қоғамдық қатынастарды мемлекеттiк реттеу
саласындағы мiндеттерi, функциялары мен құзыретi заңдарда мемлекеттiк
басқару деңгейлерi бойынша айқын ажыратылып белгiленуге тиiс.
Нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнi әдеби тіл нормалары мен заң
терминологиясы сақтала отырып жазылады. Көнерген және көп мағыналы сөздер
мен сөз орамдарын, эпитеттердi, метафораларды қолдануға, сөздердi
қысқартуға жол берiлмейдi. Баптың (тармақтың) мәтiнi басқа баптарда
(тармақтарда) қайталап жазылмайды.
Нормативтiк құқықтық актiлерде басқа актiлердiң баптарына сiлтеме жасау
және актiлерде басқа актiлердiң баптарын келтiру. Қажет болған жағдайда
нормативтiк құқықтық актiде өзге актiлердiң баптарына (тармақтарына)
сiлтемелер жасауға жол берiледi, сондай-ақ жоғары тұрған деңгейдегi
нормативтiк құқықтық актiлерден сол актiлерге сiлтеме жасала отырып,
олардың жекелеген ережелерi келтiрiледi.
Нормативтiк құқықтық актiлердiң баптарында басқа баптарға сiлтеме
жасау.
Нормативтiк құқықтық актiнiң баптарында (тармақтары мен
тармақшаларында) оның басқа баптарына (тармақтарына, тармақшаларына)
сiлтеме жасау құқықтық нормалардың өзара байланысын көрсету не қайталауға
жол бермеу қажет болған жағдайларда қолданылады.
Нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын Қазақстан Республикасы
Парламентiнiң Мәжiлiсiне енгiзу. Қазақстан Республикасының Конституциясы 61-
бабының 1-тармағына сәйкес заң шығару бастамашылығы құқығы Қазақстан
Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсiнде ғана iске асырылады. Нормативтiк
құқықтық актiнiң жобасы Мәжiлiске мемлекеттiк ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нормативтік құқықтық актілер туралы
ҚР Парламентінде заң шығару процесі, оның сатылары
Нормативті құқықтық актілер: түсінігі мен түрлері
Қазақстан Республикасының әрекеттегі Конституциясына сыртқы және ішкі талдау жасау
Коммерциялық құпия мазмұнды құжаттар
Мемлекеттік тілде іс жүргізу: Оқу құралы
Құқықтық нормалар құқықтық
Құқық нормасын талқылаудың түрлері
Іс қағаздары компьютерде басуда ескерілетін емле ережелері
Құқықтық нормалардың элементтерінің құрылу тәсілдері
Пәндер