Қазақстан Республикасында банк жүйесінің қалыптасуы


Мазмұны:
Кіріспе. 2 - 4
І тарау. Қазақстан Республикасында банк жүйесінің қалыптасуы5 - 18
1. 1. Нарықтық экономикадағы банк және банктік жүйенің ролі5 - 14
1. 2. Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу кезеңдері. 14 - 15
1. 3. Қазақстан Республикасындағы банк саласындағы бәсеке. 16 - 18
ІІ тарау. Қазақстан Республикасының банктік жүйесіндегі ААҚ «ТұранӘлемБанкі» экономикалық қызметінің қазіргі сипаттамасы. 19 - 64
2. 1. ААҚ «Тұран Әлем Банктің» мәні және оның алатын орны 19 - 29
2. 2. ТұранӘлем Банкінің негізгі банктік операцияларды ұйымдастыру қарқындылығы. 30 - 33
2. 3. ААҚ «ТұранӘлем Банктің» Талдықорған бөлімінің қаржы-шаруашылық қызметінің сипатты белгілері. 33 - 53
2. 4. Банк ісінде кешенді басқаруды қолдану тиімділік шешімі ретінде. 53 - 64
ІІІ тарау. Қазақстанда банк жүйесінің дамуын жақсарту жолдары. 65 - 80
3. 1. Банктердегі меншік капиталы мен несиелік
белсенділігін жетілдіру жолдары65 - 70
3. 2. Активтер сапасын жақсарту. 70 - 80
Қортынды. 81 - 83
Әдебиеттер. 84 - 85
Кіріспе.
Қазақстанның нарықтық қатынастарға өтуі күрделі және қайшылықты жағдайларда жүруде. Бұл өз кезегінде Қазақстанның банк жүйесіне және республикадағы экономикалық өзгерістердің қарқынына, бағытына және тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді.
КСРО-ң ыдырауынан кейін аз уақыт ішінде екі деңгейлі банк жүйесінің құрылуы жүзеге асып, оның қызметінің негізін республиканың Ұлттық банкі анықтады. Қазіргі кезеңде Ұлттық банк- елдегі мемлекеттік басқару жүйесінің маңызды экономикалық ұйымдарының бірі. Дербестілік алған 10 жыл ішінде Қазақстанның банк жүйесінің екі деңгейінің қалыптасу сатылары бір мезгілде және қатарлас өтті. Қазіргі уақытта Республикадағы банк жүйесі мәнді өзгерістерден өтіп, белгілі бір нәтижелерге қол жеткізді.
Бүгінгі таңда банк жүйесінің экстенсивті даму кезеңі аяқталып, бұл процесті интенсивтендіруге өту басталды. Ол банк капиталының шоғырлануымен, тиімсіз банктерді жою қарқынының және масштабтарының ұлғаюымен қатар жүруде.
Алайда, экономиканың банктік секторындағы қиындықтар әлі де болса аз емес. Мысалға, Қазақстанның бүгінгі экономикалық болмысының нақты көрінісі болып экономиканың нақты және қаржылық секторларының дамуының арасындағы пайда болған сәйкессіздіктердің тереңдеуі табылады.
Сонымен бірге Қазақстан дамыған елдің де, дамушы мемлекеттің де белгілерімен ерекшеленеді. Дамыған ел ретінде, Қазақстан халқының жалпы білімділігімен, ғылыми-зерттеу институттарының кең желісіне ие болуымен, космостық зерттеулермен және т. б. кең ауқымды бағыттағы қарекеттерді жүзеге асыру мүмкіндігімен сипатталады. Дамушы мемлекет ретінде Қазақстанға экономиканың шикізатқа бағытталуы, қоршаған ортаның ластануы, шетелдік инвестициялар мен жаңа технологиялардың импортына қажетті тәуекелділік, артта қалған инфрақұрылымдар тән. Мұнымен қоса, территорияның үлкендігі, табиғи ресурстардың мол қорлары, халықтың көп ұлттылығы. Осылардың барлығы Қазақстанның дүние жүзілік қауымдастықтағы орнын, республиканың даму стратегиясын анықтайды. Сөзсіз түрде, бұл Қазақстанның ерекшеліктері республикада банк жүйесі дамуының негізгі бағыттарын белгілейді және оған өзіндік нақыш береді.
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастардың қалыптасуы және дамуы банк ісін жүргізуге жаңаша тұрғыдан келуді талап етеді. Республикадағы қаржы ресурстарының көп көлемдегі шоғырлануы қуатты банк жүйесінің құрылуының алғышарттары болып табылады. Нарықтық реформалау процесінде экономиканың нарықтық реттеу механизмдері жұмыс істей бастады, инфляция деңгейі төмендеді. Сонымен қатар, банк жүйесінің құрылуы мен дамуы макроэкономикалық тұрақсыздық жағдайында өтуде: өндірістік қиыншылықтар коммерциялық банктерде өтімді қаражаттардың және депозиттердің азаюына әкелді, мемлекеттің бюджеттік қуатының шектеулілігі, инвестициялық және төлемдік дағдарыстар, өзара несиелеудің негізгі формасында болып қалыптасқан төлемеушіліктер және т. б. өзіндік ықпалын байқатады.
Дегенмен де, Қазақстанның қазіргі коммерциялық банктері аз уақыт ішінде айтарлықтай сыннан, дамудан өтті. Бірақ нарықтық қызмет етудің бастапқы кезеңінде бұл сандық жағынан өсу болды және банктердің жаңа макроэкономикалық жағдайларға бейімделуі эмпирикалық сынаулармен және қателіктермен қабаттас келуде.
Жаңа ғасыр басында Қазақстанның банк жүйесі республика экономикасындағы құрылымдық өзгерістер ықпалында болып отыр. Болып жатқан өзгерістердің органикалық бөлімі болып банк жүйесінің жаңа институционалдық құрылымының қалыптасуы табылады, бұл жаңа типтегі несие мекемелерінің пайда болуын негіздейді.
Қазақстанның экономикалық өміріне дамыған мемлекеттердің Оңтүстік Корея, АҚШ, Франция, Германия, Турция және т. б. қатысуы осы елдердің банк жүйесімен байланыс орнату үшін тұрақты және бүгінгі күн талаптарына жауап беретін банк жүйесін құру қажеттілігін, оны одан әрі жетілдіруді талап етеді.
Нарық құрылымында банктер тиесілі орнын алуы үшін банктік сектордың тиімділігін арттыру мәселелерінің теориялық өңделуі қажет, ал бұл осы сферадағы мемлекеттік саясаттың маңызды шарты болып табылады.
Қазақстан Республикасы нарықты қатынастарға өтудің қиын да, күрделі жолын таңдады. Әсіресе, бұл банк жүйесіндігі түбегейлі өзгерістермен белгілі болып, ол өз қызметінде Қазақстанның ұлттық экономикалық моделін құруға үлес қосатыны сөзсіз. Осы проблемаларды зерделеу барысында 3 тараудан тұратын бітіру жұмысы өз алдына мынандай мақсаттарды қояды:
- елімізде банк жүйесінің қалыптасу ерекшеліктерін, кезеңдерін банк саласындағы қабылданған заңдармен, құжаттармен танысу арқылы оның қалыптасу қызметтерін жүйелеу;
- осы саладағы шетелдік және отандас ғалымдардың еңбектерімен танысу арқылы теориялық білімдерді тереңдету;
- банк жүйесіндегі түбегейлі өзгерістердің келбетін Казкоммерц Банкі және оның бөлімшелерінің мысалында статистикалық мәліметтерге сүйене отырып сараптамалау;
- Қазақстан Республикасы банк жүйесінің экономикадағы орнын нақты мәліметтермен сипаттау арқылы кешенді басқару, менеджмент функцияларын жүзеге асыру бағыттарын айқындау.
І тарау. Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі.
1. 1. Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу кезеңдері.
Кеңес өкіметі кезінде Қазақстанның өз банк жүйесі болған жоқ, өйткені республика территориясында КСРО-ң орталықтандырылған несие жүйесінің бөлімдері мен бөлімшелері жұмыс істеді. Осыған байланысты банк жүйесінің тарихы КСРО-ң тарихымен және революцияға дейінгі Россиямен өте тығыз байланысты. Патшалық Россияның банк жүйесіне Мемлекеттік банк, акционерлік банктер, өзара несиелеу қоғамдары, қалалық банктер, ипотекалық несие банктері және басқада несиелік мекемелер кірді.
Қазан революциясынан кейін банк ісін ұйымдастыру мемлекеттік деңгейде жүзеге асырылды. Алғашқыда Мемлекеттік банк, содан кейін, жеке меншіктегі коммерциялық және басқа да банктерді национализациялау нәтижесінде мемлекет иелегіндегі салалық және территориялық банктер құрылды.
Барлық кеңестік республикаларда, оның ішінде, Қазақстанда да барлық банктердің республикалық мекемелері ұйымдастырылды. Мұнда банк ісін орталықтандыру принципі сақталды, банктік мекемелер жоғары банк органдарына бағындырылып, қайсы бір жергілікті ережелерді орнатуға жол берілмеді.
Орталықтандырылған жоспарлы экономикада банктік жүйе «жалғыз банк» деп аталатын жүйе, яғни мемлекеттің қаржы нарығында монополиясы түрінде болды. Мемлекеттік банк бір мезгілде орталық және коммерциялық банктердің қызметтерін жүзеге асырды. Бір деңгейлі банк жүйесінде төлем қаражаттар жеке банктер арасында бөлінбеген болатын. Әрбір банк несиелер мен кассалық жоспарлар бойынша оларға бөлінген лимиттерге сәйкес төлем қаражаттардың жиынтық мөлшерін пайдалануға құқық алған. Осы лимиттер шеңберінде оның өтімділік проблемалары болған емес. Несиелерді бөлу кезінде процент нарқы есепке алынған жоқ, сонымен бірге орталық банктің саясатында жанама инструменттер қарастырылмаған.
Орталық банк өкіметке толық тәуелді болып, өзінің тәуелсіз және еркін ақша - несие саясатын жүргізе алмады. Ол өзіне тиесілі емес Халық шаруашылығын несиелеу және шоттарды жүргізу қызметін атқарды, сонымен қатар, ақша эмиссиясы есебінен мемлекеттік бюджеттің дефициттерін қаржыландырды. Мемлекеттік кәсіпорындарға несиелер салықтық жеңілдіктермен берілді, бұл оларда нақты нарықтық бәсекені шектеді. Сонымен бірге, ақша айналымын бір банкте шоғырландыру жүзеге асырылды, яғни әрбір кәсіпорын, ұйым немесе мекеме тек бір банкте ғана өз есеп-айрысу немесе ағымдағы шоттарын ашуға мүмкіндік алды. Бұл банкте олар өз қаражаттарын сақтап, несиелер алып, қолма-қол ақшасыз есеп айырысуларын жүзеге асырды.
Дамыған елдердің экономикасында ертеде танылған екі деңгейлі банк жүйесі қалыптасқан. Ал Қазақстанда мұндай жүйені құру тек 1987 жылы СОКП ОК және КСРО Министрлер Кеңесінің № 821 қаулысымен бекітілді (орталық эмиссиялық банктің және мемлекеттік мамандандырылған банктердің) . Республикалық банктерге кеңестік республикалардың министрліктерінің құқықтары берілді. Несие жүйесін жетілдіру бойынша жүзеге асырылған іс - шараларға қарамастан, ол кертартпа болып қала берді. 1987-1988 ж. ж. жүргізілген банктік реформа нәтижесінде Мемлекеттік және Құрылыс банкісінің мекемелері негізінде Өнеркәсіп құрылыс банкі, Агроөнеркәсіпбанкі және Тұрғын әлеуметтік банкі құрылды. Жинақ кассалары жүйесінің негізінде Жинақ банкісі, ал Сыртқы сауда банкі негізінде Сыртқы экономикалық банк құрылды. КСРО-ң Мемлекеттік банкі мемлекеттің Орталық банкі болып жарияланды. Құрылған мемлекеттік мамандандырылған банктер - Өнеркәсіп құрылыс банкі, Агроөнеркәсіп банкі, Тұрғын әлеуметтік банкі, Жинақ банкі - бұрынғы кезеңнің жүйесіне қатысты көптеген негативті белгілерге ие болды. Ол кезде үш банк: Мемлекеттік банк, Құрылыс банкі және Сыртқы сауда банкі іс-әрекет етті. Бұл банктер халық шаруашылығында несиелік ресурстардың еркін ағылуын қамтамасыз ете алмады, сондықтан борышқорлармен партнерлік қарым - қатынастар орнатылмады, Мемлекеттік банктің жалпы ақша айналымын басқарудың тиімді әдістері болмады. Несиелік саясатта проценттік ставкалар төмен небәрі 5-8 пайыз болып, олар тиімсіз, төмен рентабельді жобаларды жүзеге асыру үшін пайдаланатын несиелерге қосымша сұранысты қалыптастырды.
1988 жылы «Кооперация туралы» Заң қабылданғаннан кейін алғашқы кооперативтік банктер құрыла бастап, олар банктік қызмет сферасында нарықтық қатынастардың қалыптасуына негіз салды. Осы кезден Қазақстанның банк жүйесінің дамуының бірінші кезеңі басталды. Кеңес Одағында мұндай банктің алғашқысы Шымкенттегі «Союзбанк» болды. Кооперативті статус банктерге мақсаттарды анықтауда, несиелеу шарттары мен мерзімдерін, проценттік ставкалар деңгейін белгілеуге еркіндік берді. Ол банк қызметінің әртүрлі формаларының дамуына алынған пайданы пайдалануға, материалды - техникалық базаның нығайтылуына және басқа да проблемалардың шешілуіне мүмкіндік берді.
Мамандандырылған банктер өз қарекетін әкімшілік территориялық принцип бойынша жүзеге асыру барысында кеңестік республикалардың облыстарында банктердің басқармалары ұйымдастырылды. Аудан немесе қала деңгейінде банктердің өз мекемелері құрылды. Жетпіс жыл бойы КСРО-ң банк жүйесінде, оның ішінде, Қазақстанның банк жүйесінде қатаң орталықтандыру және шоғырландыру орын алып, әкімшілік басқару басым болды. Қалыптасқан ақша - несие қатынастарының жүйесі және тәжірибесі туындаған нарықтық қатынастардың жағдайларына сәйкес келмеді. Бұдан кейінгі жылдары банк жүйесі елдегі саяси және экономикалық жағдайдың динамикалық дамуымен ерекшеленеді.
1990 жылы 10 қазанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның қабылдануы өз бетінше экономикалық саясатты жүргізуге ынталандырды. Осы толқында 1990 жылдың желтоқсанында Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі Қазақстанның банк жүйесінің дамуының екінші кезеңін басталып, «Қазақ ССР - гі банктер және банктік қызмет туралы» Заңын қабылдады. Бұл заң екі деңгейлі банк жүйесін қолдады. Бірінші деңгейге Қазақ ССР - ң Мемлекеттік банкі, ал екінші деңгейге коммерциялық банктер және т. б. несиелік мекемелер кірді. Нарықтық экономикадағы Орталық банктің қызметтері орталықтандырылған жоспарлы экономикадағы функцияларынан ерекшеленеді. Біріншіден, ол соңғы инстациядағы кредитор болып, банк және кредит - ақша жүйесінің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді. Екіншіден, ол ақша массасының көлемін бақылау арқылы тұрақты бағаларды және «толық жұмыспен қамтылуды» қамтамасыз ету болып табылатын ақша - несие саясатын жүргізеді. Қойылған мақсаттарға жету үшін Орталық банк ақша - несиелік реттеудің жанама инструменттерін қолданады.
Банк жүйесінің дамуының екінші кезеңінің айырықша белгісінің бірі - бұл жүйенің анархиясы мен берекесіздігі. Бұл бірнеше себептерден:
- біріншіден, коммерциялық банктер санының тез өсуінен;
- екіншіден, Кеңес Одағының, яғни бұрынғы банк жүйесінің ыдырауынан;
- үшіншіден, нарықтық типтегі екі деңгейлі банк жүйесіне өтуінен;
- төртіншіден, Мемлекеттік банктің қаражаттарының жетіспеуінен, қызметкерлердің біліктілік деңгейінің сәйкессіздігінен болды.
Банк санының өсуімен қатар, олардың жарғылық капиталы да қарқынды ұлғайды. Мысалы, 1992 жылы КРАМДС - банктің жарғылық капиталы 50 есеге өсті. Жалпы барлық коммерциялық банктердің қорлары осы кезеңде 12 есеге көбейді.
Банктердің меншік капиталдарының өсу көрсеткіштерінің үлкендігіне қарамастан, олар несиелік ресурстар нарығында активті операцияларды жүргізу үшін жеткіліксіз болды. Сондықтан 1991 жылдан бастап, Ұлттық банк несиелік аукциондарды пайдалануға мәжбүр болды. Оның жалпы ережесі: потенциалды қарыз алушылар орталық банкке несиелердің көлемін және проценттік ставкаларды көрсете отырып, өз тапсырыстарын жібереді. Олардың негізінде орталық банк аукциондық несиелердің жалпы сомасын, мерзімдерін, алынатын несиенің минималды сомасын белгілейді.
Қазақстанның несие - банк жүйесінің дамуының бағыттарын анықтаған маңызды белгісі болып, 1993 жылы сәуірде жаңа заңдардың қабылдануы болды: «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» және «Қазақстан Республикасында валюталық реттеу туралы» заңдар. Бұл бірнеше факторлармен негізделді, оның ішінде, маңызды орынды егеменді мемлекеттің қалыптасуы, Қазақстанның әлемдік қауымдастықта танылуы, өзіндік ұлттық банк жүйесінің дамуы алды.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» заң Ұлттық банктің өкіметтен және басқа да билік органдарынан тәуелсіздігін белгіледі. Бұл заң орталық банктің қызметтерін, мақсаттары мен міндеттерін нақтылады және оны Қазақстанның Жоғарғы Кеңесіне және Президентке есепті етіп қойды. Ұлттық банкке екінші деңгейдегі банктерді құру, оларды тарату, экономикалық нормативтерді белгілеу процесінде туатын проблемаларды шешуде арнайы өкілеттілік берді. Алайда Ұлттық банктің екінші деңгейлі банктердің оперативтік қызметіне араласу құқығы болған жоқ. Ұлттық банктің бақылау және қадағалау функциялары негізінен несие - ақша жүйесін бүлдіруге қабілетті негативті құбылыстарды болдырмауға, бақылаусыз несие - ақша эмиссиясын асырмауға бағытталған. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» заң екінші деңгейлі банктердің қызметтерін, құқықтарын, міндеттемелерін айқындады. Ол коммерциялық банктердің жауапкершіліктерін жоғарлатуға, ақша - несие жүйесін реттеуге көмек көрсетуге, оның қарқынды дамуына бағытталған. Жаңа заңның ерекшелігі әлемдік банк тәжірибесіне сәйкес банктерді құру тәртібіне жоғары талаптардың белгіленуі болды. Сонымен бірге, банк басшыларына қойылатын талап - тілектер жоғарлады.
«Қазақстан Республикасында валюталық реттеу туралы» жаңа заң бұл саладағы қарым - қатынасты белгілі дәрежеде ымырашылдық етті. Оларға валюталық құндылықтарды еркін әкелу және шығару құқығы берілді. Осылайша Қазақстанның кәсіпорындар мен ұйымдарға шетел валютасында пайда алуға мүмкіндік берілді. Сонымен қатар, бұл шетелдік инвесторлардың қазақстандық экономикаға қаржыларын салуды ынталандырды.
1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасы өз ақша бірлігін енгізу арқылы еркін өзіндік ақша - несие саясатын жүргізуге тағы да бір қадам жасалынды. Бұл Қазақстанның банк жүйесінің дамуының үшінші кезеңінің басы еді. Жаңа банктік заңдарды қабылдап, Қазақстанның орталық банкке оның сыртқы және ішкі тұрақтылық мәселелерімен айналысуға, банктік жүйенің дамуын бақылау механизмін жетілдіруге мүмкіндік туды. Алға экономиканы қажетті және уақытша ақша ресурстарымен қамтамасыз ететін банктердің мәселесі қойылды. Дүние жүзілік тәжірибе көрсеткендей, екінші деңгейлі банктердің саны елдер бойынша әртүрлі келеді. Мысалы, АҚШ - та олардың саны - 10922 ( 2000 ж. ), Германияда - 270 (2000 ж. ), Италияда- 176, Жапонияда 140 коммерциялық банктер бар. Мәселенің мәні банктердің санында емес, олардың төлем қабілеттілігінде, тиімді қызмет етуінде.
Өзінің сандық өсуінің шегіне Қазақстанда коммерциялық банктер 1993 жылдың аяғында жетті, ол кезде олардың саны 204 бірлікті құрады.
1993 жылдан бастап банктер санының қысқаруы байқалды. Оның басты себебі тұрақсыз және әлсіз банктер бір-бірімен қосылды немесе толық жойылды.
Біріншіден, мәнді залалдарды өнеркәсіптік кәсіпорындарды және жаңадан құрылған коммерциялық фирмаларды жоғары проценттермен белсенді қаржыландырған банктер шекті. Бұл жоғары инфляция жағдайында өнеркәсіптік кәсіпорындардың өндірістік циклдердің ұзақтығынан жоғары проценттерді төлеуге мүмкіндіктерінің болмауынан байланысты еді, ал құрылған фирмалар кепілдік гарантиялар бере алмады және несиені қайтару ықтималдығы төмен еді.
Екіншіден, дағдарысқа кеңейту саясатын жүргізген банктер, яғни өзіне ұсақ банктерді қосқан, жылжымайтын мүлікте үлкен салымдар ұстаған банктер ұшырады.
Үшіншіден, инфляция қарқынына сәйкес меншік капиталын көбейте алмаған ұсақ банктердің лицензиялары алынды. Олар Ұлттық Банктің экономикалық нормативтері бойынша жұмыс істей алмады. Себебі оларда капиталдың жетіспеуі және банктік пайда көлемі төмен болды.
Төртіншіден, өтімді қаражаттарды қажет еткен банктер ақшаны жоғары проценттермен алып, пайдасыз жұмыс істеді.
Жалпы алғанда 1990 - 1993 жылдары банк жүйесінде бес мамандандырылған коммерциялық банктер: Агроөнеркәсіпбанкі, Тұран банк, Әлеуметтік несие банкі, Әлем банк және Жинақ банкі үстем болды. 1994 жылы жалпы экономикалық процестердің ықпал етуімен құрылымдық өзгерістер Ресейдің банк жүйесінің дағдарысымен байланысты болып, нәтижесінде Ұлттық Банк 28 банк лицензияларынан айырылды. Олардың ішінде ең ірісі - КРАМДС - банк. Алғашқыда бұл банктің позициялары тұрақты болды, алайда ол активтерді орналастыру тиімсіздігімен және ірі клиенттердің бәсекелес банктер жағына өтуімен байланысты өтімділік проблемасын шеше алмады. Несие портфелінің 60 пайызы пайдасыз несиелерден, 4 пайызы күмәнді несиелерден, тек 0, 5 пайызы ғана нақты қамтамасыз етілетін несиелерден тұрды.
Дағдарыс Тұран банк және Әлем банк сиякты Қазақстанның ірі банктерін де шарпыды. Елдің экономикалық жағдайы қаржы мекемелерінің қызметтеріне байланысты болғандықтан, Ұлттық Банктің ұсынысымен мемлекет бұл банктерді 25 млн. АҚШ долларына сатып алып, жаңа мемлекеттік банк «ТұранӘлем банк» құрды.
1991 жылдан бері ең жоғары қысқару 1995 жылы болып, банктердің саны 54 бірлік құрады. Осындай қысқартулар нәтижесінде 1998 жылдың аяғында Қазақстанда 458 филиалмен 71 банк жұмыс істеді. Қалған банктерді келесі топтарға болады:
- аз тәуекелді, төмен табысты активтерді басқару саясатын жүргізген мемлекеттік банктер, бұл Халық жинақ банкі, Тұрғын құрылыс банкі;
- өкіметпен сатып алынған банктер, бұл Тұран банк, Әлем банк және Әлеуметтік несие банкі;
- билік құрылымдарынан қолддау тапқан банктер, Казкоммерцбанк;
- тәуекелділігі аз операцияларды жүзеге асырған банктер: Орталықнесиебанкі, Темірбанк, Мұнай банкі;
- шетелдік капиталдың қатысуымен құрылған банктер, Абн АМРОбанк, Тексака банк, КЗИ банк.
1998 жылы Қазақстандық қаржы нарығына үш ірі әлемдік банктер енді: «Банк Сосьете Женераль Казахстан» жабық акционерлік қоғамы, «HSBC Банк Казахстан» жабық акционерлік қоғамы, «Ситибанк Казахстан» жабық акционерлік қоғамы.
Меншік формасы бойынша банктер мемлекеттік банктер -1, мемлекетаралық банк -1, шетелдік капитаплдың қатысуымен -23, басқалары -46 болып бөлінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz