Оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық педагогикалық технологияны ендіру ерекшеліктері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ЕНДІРУ

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық педагогикалық

технологияны ендірудің алғы шарттары

Оқыту мен тәрбие үдерісін ажырамас бірлікте қарау идеясы XIX ғасырдың ортасында келді. Қазіргі кезеңде педагогикалық үдеріс немесе жалпы оқу-тәрбие үдерісі біртұтастықта қаралады. Қазақстандық ғалым Н. Д. Хмель «Теоретические основы профессиональной подготовки учителя» еңбегінде тәрбие мен оқытуды бөлмей біртұтас қарайды. Оқу мен тәрбие, олардың мақсаты, міндеті, мазмұны, әдісі, құралы, түрі, ұстаз бен шәкірт, шәкірт пен шәкірт, шәкірт пен ата-ана, сынып жетекшісі мен ұстаздары, қоршаған орта және т. б. біртұтастықта алынып, жеке-жеке қаралады.

Қазіргі кезеңдеп біртұтас педагогикалық үдеріс мәні туралы түсінік ғалымдардың бірнеше ұрпақтарының ат салысуларының арқасында жинақталады.

«Процесс» («рrосеssus» латын сөзінен шыққан; тікелей аудармасы ілгерілеу) ұғымына шетел сөздігінде төмендегідей анықтама береді: күйдің реттілікпен ауысуы, қандай да бір нәрсенің даму жүрісі; қандай да бір нәтижеге жетудің реттелген әрекеттер жиынтығы.

Ал «педагогикалық ұдеріс» ұғымын ғылымға алғаш рет 1904 жылы П. Ф. Каптерев ендірді. Ғалым П. Ф. Каптерев педагогикалық үдеріске төмендегідей анықтама берді: «Педагогикалық үдеріс - өзінің табиғатында өзіне-өзі әрекет жасай алатын жеке коғамдық тұлғаның жан-жақты жетілуі». Ғалым педагогикалық үдеріс пен тәрбиені бір үндестікте қарап, педагогикалық үдерісті тұлғаның жан-жақты жетілу үдерісі ретінде қарастырады.

«Педагогикалық үдеріс» объектінің сапасы, оның қасиеті ретінде көрінеді, оларсыз педагогикалық үдеріс өзіндік ерекшеліктерінен айырылады: белсенділік пен қатынастың бірлігі, үдеріске қатысушылардың барлық субъектілерінің ұйымдастырылған, бірлескен, дербес іс-әрекеттері; әртүрлі сатыдағы жүйелердің қызметінің арнайы мамандануы; субъектілердің өзара әрекеттері нәтижесінде пайда болатын әртүрлі қарым-қатынастарының жиынтығы.

Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы дайындаған педагогика» оқулығында «педагогикалық үдеріс ұстаздардың қатысуымен және басшылығымен жүзеге асатын оқушылардың бірлескен іс-әрекеті, ол әлеуметтік тәжірибені меңгеру, әрбір оқушының дамуға және өзін еңбекте, қоғамдық өмірде жузеге асыруға дайын тулғасын қалыптастыруға бағытталған» деген анықтама береді. Бұл анықтамадан педагогикалық үдерістің оку және оқудан тыс аймақ бірліктерінің қажеттігі туады, ал ол оқушылар үшін тұлға қалыптасуының басты жағдайы болады және сол үдерістің біртұтастығын көрсетеді.

Сонымен бірге ұсынылып отырған анықтаманың мазмұны тұтас педагогикалық үдерістің бірқатар қасиеттерін көрсетеді:

а) педагогикалық үдеріс әлеуметтік жүйе, оның өмір сүруі, қызмет істеуі оған қатысушылардың арасындағы іс-әрекеттер алмасуымен анықталады;

ә) ынтымақтастық оқушы үшін әртүрлі іс-әрекеттердің тәсілдерін тезрек меңгерудің, яғни педагогикалық үдерістегі іс-әрекет субъектісінің қалыптасуының алғы шарты болады;

б) «ұстаздар-оқушылар» жүйесінің біртұтастығы педагогикалық үдеріс
ішіндегі әртүрлі деңгейдегі жүйелердің өзара әрекеттері барысындағы
мақсат пен нәтижелердің бірлігімен анықталады;

в) педагогикалық үдерістің негізгі интегративтік қасиетін әртүрлі тетіктердің бірлігі деп қарап, ондағы өзара байланысқан жүйелердің оқушылар тұлғасының қалыптасуына әсері іс-әрекет субъектілерінің (ұстаздар мен оқушылардың) қайта құру белсенділігімен анықталады.

Педагогикалық үдерісті жаңа парадигмаға сәйкес нәтижеге қарай бағыттау өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады:

-белсенділік пен қатынастың бірлігі, ұдеріске қатысушылардың барлық субъектілерінің ұйымдастырылған бірлескен дербес іс-әрекеттері;

- әртүрлі сатыдағы жүйе қызметінің арнайы мамандануы;

- субъектілердің өзара әрекеттері нәтижесінде пайда болатын әртүрлі қарым-қатынастарының жиынтығы.

Педагогикалық үдеріс өзін біртұтастық ретінде субъектілердің өзара әрекеттегі арнайы ұйымдастырылған іс-әрекеттерін бөле көрсете алады. Егер әрбір субъектінің жетістіктері болса, онда «ұстаздар-оқушылар» жүйесінің тұрақтылығымен өзін-өзі дамыту мәселесі шешіледі.

М. А. Данилов «Педагогикалық үдеріс - көптеген үдерістердің ішкі байланысқан жиынтығы, оның мәні әлеуметтік құнды тәрбие адамның қалыптасқан сапасына айналатындығы» деген анықтама береді. Педагогикалық үдерістің негізгі сипаттамасы оның біртұтастығында. Педагогикалық үдерістің барлық құраушылары бір мақсатка бірігеді: білімділік, дамытушылық, тәрбиелік. Педагогикалық үдерістің тұтастығы жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқыту, дамыту мақсаттарының бірлігімен және нақты оқу-тәрбие үдерісінің етуімен сипатталады.

«Педагогикалық үдеріс» ұғымының даму динамикасын қарастыралық. Мәселен Ю. К. Бабанский, В. А. Сластенин, Н. А. Сорокиннің «Педагогика» окулығында педагогикалық үдеріс қандай да біртутас қасиеттермен сипатталады; тәрбие, білім беру, оқыту және дамыту үдерістерін өзара органикалық бірлікте қарастырады; оған кіретін барлық үдерістерді өзара бірлікте қарайды: окыту мен тәрбие әдістерінің бірін-бірі толықтыруына мүмкіндік береді, түпкі нәтижесі - түлғаның жан-жақты үйлесімді дамуына бағытталған тұжырымдаманы мектептегі жумысты жоспарлауда жүзеге асыру; педагогикалық және оқушылар ұжымын тұтас жалпы мектептік ұжымға біріктіреді, тұтас мектеп ұжымы оқушының жан-жақты дамуында субъект рөлін аткарады, оның тұтастығын көрсететін өздерінің заңдылықтары мен принциптері бар.

Академик Б. Т. Лихачев «Педагогика» оқулығында «педагогикалық үдеріс - үлкендердің мақсатты, мазмұнды, ұйымдасқан педагогикалық іс-әрекеттерінің өзара әсері және тәрбиешінің басым рөліне бағытталған белсенді өмірлік іс-әрекет нәтижесінде баланың өзін-өзі өзгертуі» деген анықтама береді. Педагогикалық жүйе - бала өмірін түрлендіретін мақсат, мазмұн, шарт, форма, әдіс, бағыттардың тұтас ұйымдасқан жиынтығы.

Ғалым Т. А. Стефановская педагогикалық үдерісті ішкі, сыртқы, объективті, субъективті қарама-қайшылықтарға толы өзара күрделі қажетті бірлікте, байланыста болатын көп компонентті жүйе ретінде қарастырады. Ғалымның пікірінше,

-педагогикалық үдерістің құрамды бөліктері болып табылатындар: педагогикалық үдерістің негізгі басты идеялары мен принциптері (педагогикалық үдерістің философиялық негізі, педагогикалық үдерістің қозғаушы күштері) ;

-тұтас педагогикалық үдеріс функциялары;

-тұтас педагогикалық үдерістің заңдылықтары мен принциптері;

-тұтас педагогикалық үдеріс тиімділігінің көрсеткіштері;

-педагогикалык үдеріс мазмұны;

-педагогикалық үдеріс мазмұнының бағыттылық деңгейі;

-педагогикалық үдерістің негізгі құралдары, іс-әрекет түрлері.

И. П. Подласыйдың оқулығында «Педагогикалық үдеріс - коптеген үдерістердің ішкі байланысқан жиынтығы, оның мәні - әлеуметтік тәжірибе қалыптасқан адами санамен байланыстылығы. Тұтастык, жалпылық, бірлік - бірдей мақсатқа бағытталған педагогикалық үдерістің барлық кұраушыларының негізгі сипатгамасы» ретінде ашылады. Ғалым жалпы педагогиканың негіздерін қарастырады: педагогикалық үдеріс, педагогикалық үдеріс жүйе ретінде, педагогикалық үдерістің тұтастығы, педагогикалық үдерістің заңдылықтары, педагогикалық үдерістің кезеңдері және т. б.

Ғалым И. П. Подласый педагогикалық үдеріске жаңаша анықтама береді: «Педагогикалық үдеріс - қойылған мақсатқа жетуге бағытталған, тәрбиеленушінің қасиеттерінің белгіленген өзгерісіне, түрленуіне алып келетін тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара бірлескен іс-әрекетінің дамуы. Педагогикалық үдеріс - негізгі, біріктіруші жүйе. Онда қалыптасу, даму, тәрбие және оқыту үдерістері өздерінің барлық шарттарымен, формаларымен, әдістерімен өзара бірігеді».

С. А. Пуйманның анықтамасы бойынша, педагогикалық үдеріс - түлғаны тәрбиелеу мен дамыту зандылықтары негізінде қойылған мақсатқа сәйкес баланың өмірлік іс-әрекетін максат-бағыттылыққа ұйымдастыру. Ғалым С. А. Пуйманның оқулығында тұтас педагогикалық үдеріс педагогиканың жалпы негізігі құрылымында ашылады: әлемдік педагогикалық ойлардың дамуына сәйкес тұтас педагогикалық үдерісті дамыту теориясы; тұтас педагогикалық үдерістің жалпы сипаттамасы; түтас педагогикалық үдерістің заңдылыктары.

С. А. Смирнов, И. Б. Котова, Е. Н. Шиянов және т. б. ғалымдар педагогикалық үдерісті көптеген педагогикалық іс-әрекеттер мен құбылыстарды біріктіретін тұтас жүйе ретінде қарастырады: тұтас педагогикалық үдеріс, тұтас педагогикалық үдерістің заңдылықтары, тұтас педагогикалық үдерістің кезеңдері, педагогикалық инновациялар, қазіргі кезең мектебінің мұғалімі.

В. И. Смирнов «Жалпы педагогика» оқу құралында «Педагогикалық үдеріс - тәрбиеленушінің тұлғалық қасиеттері мен сапалық түрленуіне алып келетін, қойылған мақсаттың нәтижесіне бағытталған, арнайы ұйымдастырылған, уақыт пен кеңістікке қатысты нақты тәрбиелік жүйеде дамитын тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара іс-әрекеті» ретінде сипаттайды.

Педагогикалық үдеріс - тәрбие үдерісінің негізгі құрылымдық бірлігі, оның ерекшелігі сол - ол тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара іс-әрекетінің педагогикалық жүйесін анықтай түседі: егер тәрбие үдерісі ұғымы тұлғаны қалыптастыратын барлық мақсатты бағытталған әсерлердің жиынтығын өзіне біріктірсе, ал педагогикалық үдеріс ұғымы алдын ала ұйымдасқан тәрбиелік озара іс-әрекеттерді бейнелейді.

С. Қ. Мұхамбетова «Педагогикалық үдеріс деп кең мағынасында тәрбиеленушіні оқыту және тәрбиелеу арқылы жүзеге асатын тұтас үдерісті» айтамыз деп, өзінің «Педагогика» оқу құралында шағын ғана анықтама беріп, педагогикалық үдерістің құрылымдық компоненттерінің өзара байланысын мақсатын, міндетін, мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, құрал-жабдықтарын атайды.

Ж. Ә. Әбиев, С. Б. Бабаев, А. М. Құдияровалар «Педагогика» оқу-кұралында «Педагогикалық үдеріс тәлім-тәрбиелік қарым-қатынастарды ұйымдастырудың тәсілі. Педагогикалық үдерісті ұйымдастыратын педагог. Педагогикалық үдеріс - бірнеше элементтен кұралатын жүйе. Педагогикалық үдерістің 3 кұрылымы болады: педагогикалық, әдістемелік, психологиялық. Педагогикалық үдерістің педагогикалық құрылымы: мақсат - принциптер - мазмұн - әдістер - кұралдар - түрлер» деген анықтама береді.

Мақсат - ұстаз бен шәкірт арасындағы педагогикалық қатынастардың нәтижесі. Принциптер - мақсатқа жету жолдарын анықтайды. Мазмұн - мақсатқа жету жолында оқушыларға берілетін түлғалар әжірибесінің бөлігі. Әдістер-мұғалім мен оқушының мазмұнды жетілдіру-қабылдауға арналған іс-әрекеттері. Құралдар - мазмұнмен жұмыс жасайтын материалдық тәсілдер мен әдістер.

Педагогикалық үдерістің психологиялық құрылымы: танымдық үдерістер (қабылдау, ойлау, есте сақтау, ақпарат сіңіру), оқуға қызығушылық (оқуға қызығуды, қабілетті, ынтаны айқындау), қуат (көтеріңкі не түсінкі дене мен күш-қуаты, белсенділік, еңбекқорлық не шаршау динамикасы) деп педагогикалық үдерістің құрылымың жан-жақты ашуға тырысқан.

Педагогика ғылымында XX ғасырдың 20-жылдарында тәрбиенің заңдылықтары зерттеле бастады (Н. К. Гончаров, А. Г. Калашников, С. В. Грехтенберг) . Біршама кейін педагогикалық үдерістің оқу үдерісінде заңдылықтарын В. И. Загвязинский, Г. И. Щукина, Н. И. Болдырев, Н. Н. Петухов жэне т. б. зерттей бастады. XX ғасырдың соңғы он жылдығында пайда болған жұмыстарға талдай жасай келе, біртұтас педагогикалық үдерістің заңдылықтарын зерттеген ғалымдар: И. А. Данилов, Ю. К. Бабанский, Б. Т. Лихачев, В. А. Сластенин, Н. А. Хмель және т. б. екендігіне көз жеткіздік.

С. Қ. Мұхамбетова педагогикалық заң мен заңдылыққа төмендегідей аныктама береді: «Педагогикалық заң - педагогикалық құбылыстардың дамуына жағдай туғызатын олардың объективтік негізі, маңызды тұрақты байланыстары, ал педагогикалық заңдылық - нақты педагогикалық заңның көрінісі».

Заңдылықтар педагогикалық үдерістің ішкі және сыртқы байланыстарын көрсетеді, олар ез кезегінде жеткілікті дәрежедегі күрделі байланыстарды құрайды. Педагогикалық үдерістің төмендегідей заңдылықтары бар:

оқу орнының педагогикалық үдерісі қоғамның әлеуметтік экономикалық қажеттілігіне сай болады;

-педагогикалық үдерістің мақсатқа бағыттылығы қоғамның мақсатын
айқындайды, ол әлеуметтік тапсырыс ретінде, білім беру заңдары арқылы
талап етіледі;

-педагогикалық үдеріс екі жақты үдеріс, ол ұстаздар мен оқушылардың, өзара тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің әрекетімен байланысты, міндетті түрдегі екі жақты іс-әрекет;

-оқушылардың шығармашылық белсенділігі мұғалімнің мұқият
ойластырған және ұйымдастырылған іс-әрекеттің нәтижесі;

-педагогикалық үдерістің қызметі, оның жасалуымен ұйымдастырылуы оқушылар ұжымы, сонымен қатар жеке оқушылардың жас ерекшеліктері мен даму деңгейлеріне сай келуіне байланысты;

-педагогикалық үдеріс бөліктерінің мағынасы, маңыздылығы әр түрлі,
олардың бір-біріне бағыныштылығы (иерархия) мен бір-біріне әсері бар;

педагогикалык үдеріс бір қас-қағым сәттік емес, ұзақ мерзімдік
уакытқа бағытталған;

-педагогикалық үдерістің ішіндегі қосымша жүйелердің ортасы мен
өзара байланысқан бағыттарының әсері көптеген факторларды тудырады, соның ықпалы негізінде ең ақырғы, түпкі нәтиже қалыптасады.

Барлық педагогикалық үдерістің заңдары мен заңдылықтарының айқындалғандарын ескере отырып, баланың тұлға ретінде дамуының тиімді жағдайын нақтылы әлеуметтік-экономикалық жағдайларда өзіндік даму және өз орнын таба алу қабілетін қамтамасыз еткізетін, мұғалімнің тікелей басшылыққа алатын қағидаларың принциптер деп атайды.

Принциптер мұғалімнің іс-әрекетін ұйымдаструға қойылатын негізгі талаптары болып есептеледі, олар тұрақты нысана ретінде педагогикалық үдерістің шығармашылықпен қызмет етуіне ықпал етеді. Негізінен принциптерде педагогикалық үдерістің заңдары мен заңдылықтары жүзеге асады, мұғалімнің теориядан практикалық іс-әрекетке көшуі жүзеге асады: педагогикалық үдерістің ізеттілігі, тұлғалық-нысандық бағыттылығы; іс-әрекеттің сана мен мінез-кұлық бірлігім қалыптастыруға бағыттылығы; педагогикилық үдерістегі іс-әрекеттерді окушылар тұлғасын дамытудың

көкейкесті қажеттілігін ескере отырып ұйымдастыру; педагогикалық талап қоюшылықты окушының көзқарасын оның құбылыстар мен үдерістерде адамдармен сыйластық қарым-қатынасқа ұластыру; оқушы мен ұжымның дамуында жеке даралықты, дербестікті, психологиялық, физиологиялық жас ерекшелік пен ұлттық ерекшеліктерді ескеру; педагогикалық басшылықты оқушылардың инициативасымен, іскерліктерімен ұластыру; окушылардың іс-әрекеттерінде тиімді нәтижелерге жетуге көмектесу; ұстаздардың, оқушылар ұжымының және отбасыларының оқушыларға қоятын талаптарының үйлесімділігі; әрбір бала үшін тиімді психологиялық ахуалдың әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз ету; оқушы тұлғасы мен ұжымның дамуындағы жаңа құрылымды, өзгерісті үнемі, үздіксіз бақылау.

25-суретте ғалымдар Ж. Қараев, Ж. Кобдиқовалардың зерттеулеріне сүйеніп, педагогикалық жүйе компоненттерінің өзара байланысы керсетілді.

Мүғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру мәселесі бойынша теориялық корға жасаған талдауымыз көрсеткендей, зерттелетін феномен тұтас педагогикалық үдеріспен тікелей байланысты. Зерттеу мәселесінің әдіснамалық бағыты оны мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастырудын өзегі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Кәсіби-педагогикалық даярлық педагогикалық үдерістің кұраушысы ретінде мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастырудың инвариантты ядросы болып табылады. Бұл мәселе бойынша ғалымдар зерттеулері көрсеткендей, жоғары педагогикалық мектеп темендегідей педагогикалық міндеттерді өзі шеше алатын кәсіби құлыреттілік білімі бар педагог дайындауы қажет:

-аналитикалық-рефлексивтік (тұтас педагогикалық үдерістің элементтеріне талдау жасау, рефлексия) ;

-конструктивті-жобалау (тұтас педагогикалық үдерісті құру, жоспарлау, нәтижесін болжау) ;

-ұйымдастырушылық-іс-әрекеттік (педагогикалық іс-әрекеттің
әртүрін пайдалана отырып, оқу-тәрбие үдерісінің әртүрлі варианттарын жетілдіру) ;

- бағалау-ақпараттық (педагогикалық жүйені дамыту бағытында ақпарат жинау, өндеу және сақтау, оған баға беру) ;

-коррекциялық-түзетушілік (педагогикалық үдерістің барлық коммуникативтік байланыстарын ескере отырып, түзетулер енгізу) .

Ғалым Ю. В. Сеньконың пікірінше, бұл міндеттерді тиімді шешу мұғалімнің педагогикалық даярлығының жоғары деңгейімен анықталады. Автор педагогқа кәсіби білім берудің төмендегідей байланысын ұсынады: болашақ мұғалім жоғары оку орнындағы педагогикалық тәжірибесінен - педагогикалық сауаттылық кәсіби дайындылыкқа, одан - кәсіби сауаттылық пен кәсіби құзыреттілікке - шығармашыл педагогқа. Ғалым ұсынған логикалық байланыстан көріп отырғанымыздай, тұтас педагогикалық үдерістің бағыттылық денгейінде кәсіби білім беру міндеттерін шешу педагогикалық білім беруді ізгілендірудің бастауы болмақшы.

Тұтас педагогикалық үдерістің теориясы мен практикасының дамуына XX ғасырдың екінші жартысында профессор Н. Д. Хмельдің ғылыми мектебі үлкен үлес қосты. Ғылыми мектептердің дамуының арнайы әдіснамалық негізінде тарихи-генетикалық принцип жатыр. «Ғылыми мектеп», «ғылыми-педагогикалық мектеп» ұғымының анықтамасына Ростов мемлекеттік педагогикалық институтының ғальшдары Е. В. Бондаревская, В. В. Сериков берген түсінікгемені қабылдаймыз. Ғалымдардың пікірінше, ғылыми мектеп кұру үшін қажеттілер: мектеп құрушы ғалымның идеясы, оның зерттеу бағдарламасы, ғылыми және педагогикалық жұмыстың өзгеше стилі, ақпараттық байланыстар және т. б. болулары шарт. Қазір Қазақстанда Н. Д. Хмель, Н. Н. Хан, Н. С. Сарыбеков, М. Н. Сарыбеков, К. С. Успанов, Қ. Бөлеев жэне т. б. ғалымдардың ғылыми-педагогикалық мектептер жұмыс жасауда.

Тұтас педагогикалық үдерістің теориясын жасаған қазақстандық ғалым Н. Д. Хмельдің ғылыми педагогикалық мектебінің зерттеулері төмендегідей бағытты қамтиды: тұлғалық (мұғалімнің тулғалық сапа көрсеткіштері) ; кәсіби бағыттылық (мұғалімнің кәсіби өсуі) ; мұғалімнің дидактикалық даярлығы; мұғалімді кәсіби даярлауда әртүрлі іс-әрекеттер рөлі; тұтас педагогикалық үдерісте оку және оқудан тыс уақыттардың бірлігі; басқарушылық; диагностикалық; мұғалімнің өз білімі мен біліктілігін жетілдіруі.

Н. Д. Хмельдің ғылыми - педагогикалық мектебінің жүргізілген зерттеулерін 3 кезеңге бөлуге болады:

I кезең (1970-1976 жж. ) - мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің теориялық,
мағыналық негіздерін ашу (тұтас педагогикалық үдеріс ерекшеліктері
бойынша білімдер жиынтығы) ;

II кезең (1976-1987 жж. ) - тұтас педагогикалық үдеріс теориясынын
ғылыми негіздерін жетілдіру;

III кезең (1987-2009 жж. ) - педагогикалық үдерісті үйлестіруге
мұғалімді даярлаудың теориялық негізі, жалпы білім беретін орта мектеп
мұғалімдерін тұтас педагогикалық үдеріс бойынша біліммен қаруландыру әдістемесін зерттеу.

Жоғарыда көрсетілген тұтас педагогикалық үдерістің теориясын жетілдіру кезеңдері тұтас педагогикалық үдерісті үйлестіру барысында педагогикалық идеялардың қалай өрбитінінің, мұғалімді кәсіби даярлаудың мағынасын ашу жақтары айкын көрініс табады.

Н. Д. Хмельдің ғылымы тұжырымдамасы орта және жоғары мектеп педагогикасының білім беру саласы қызметкерлерінің біліктілігін көтеру жүиесі педагогикасының, педагогика саласындағы іргелі зерттеудің әдіснамалық негізі болып табылады.

Ғылыми-зерттеудегі бұл бағытты қолдау мақсатында 1976 ж. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты педагогика кафедрасы жанынан «Педагогикалық жоғары оқу орны оқу-тәрбие үдерісінің ғылыми негіздері» атты зертхана ашылды. Зертхана меңгерушісі болып Н. Д. Хмель тағайындалды да, ал Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты мұғалімдерді даярлауға қатысты ғылыми зерттеулердің тірек оқу орңына айналды. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, осындай ғылыми-зерттеулер мұғалімнің кәсіби жетілуіне, жаңа бағытта жұмыс істеуіне айтарлықтай үлес қосады.

XX ғасырдың екінші жартысында Қазакстан Республикасында экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесімен түбегейлі айналысып, жалпы білім беретін орта мектеп оқушылары мен жоғары оқу орны білімгеріне табиғат қорғау негіздерін үйреткен Қазақстандағы алғашқы табиғат зерттеушілерінің бірі, педагогика ғылымының докторы, академик Н. Сарыбеков 1968 жылдың 13 кыркүйегінде Жамбыл педагогикалық институтында экология және табиғат қорғау ғылыми-педагогикалық зертханасын ашты. Бұл зертханаға Н. Сарыбеков 20 жыл (өмірінің соңғы күндеріне дейін) басшылық етті. Бүгінде бұл зертхана ғылыми-зерттеу жұмыстарымен Республикада, ТМД, тіпті шетелдерге танымал болып отыр. Оған дәлел 1974 жылы Тбилиси қаласында өткен бірінші дүниежүзілік ғылыми конференцияда Жамбыл педагогикалық институтының ұжымы экология мен табиғат қорғау, оларды оқытуда үздік табыстарға жеткені үшін ЮНЕСКО-ның Құрмет граматасымен марапатталуы.

Табиғат қорғау бағытында құрылған Н. Сарыбековтың ғылыми-педагогикалық мектебінде бірнеше докторлық, кандидаттық ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижелі жүргізілді.

Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби даярлау мақсатында 1994 жылы қазіргі Тараз мемлекеттік педагогикалық институты педагогика кафедрасы «Табиғат қорғау» зертханасы жанынан «Этнопедагогика» зертханасы ашылды. Этнопедагогика зертханасының меңгерушісі педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қ. Бөлеев. Этнопедагогика зертханасында көптеген ғылыми-зерттеулер жүргізілуде. Солардың ішінен Н. М. Кәшеровтың «Болашақ бастауыш сынып мұгалімдерін этнопедагогикалық дайындау жүйесі» тақырыбына кандидаттық зерттеу жұмысын жаткызуға болады.

Осындай ғылыми мектеп Тараз мемлекеттік педагогикалык институтында ашылды, академик Н. С. Сарыбеков пен профессор М. Н. Сарыбековтың ғылыми-педагогикалық мектептері жаңа тұрпатты мұғалімнің кэсіби жетілуі бағытында жұмыс жасауда (26-сурет) .

Сурет-26. Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының

«Жаңа формацияның жаңа тұрпатты педагогын даярлау»

бағытындағы ғылыми жұмыстар жүйесі

1998 жылы «Табиғат қорғау» зертханасы әдістемелік бағыт ала бастады да, зертханадағы ғылыми-зерттеу жұмыстары болашақ мұғалімдерді экологиялық даярлау бағытына ауысты. Зертхананы профессор М. Н. Сарыбеков басқарды. 1998 жылдан бастап зертхананың ғылыми-зерттеу жұмысы жаңа бағыт алды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ ИННОВАЦИЯСЫ ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
ҚАЗІРГІ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНДІРУ
Бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекетінің теориялық негіздері
Қазіргі бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық технологияларды ендіру мазмұнын теориялық тұрғыда негіздеу
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Жалпы білім беретін мектеп оқу үдерісінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың теориялық негіздері
Қазақ тілі сабағында қазіргі педагогикалық технологияны қолдану
Болашақ педагогтарды кәсіби даярлауда деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану
Биология сабақтарында техникалық құралдарды пайдалану жолдары
Компьютерлік оқыту бағдарламалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz