Жеке тұлғаны қалыптастыру – басты мақсаты


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Тұлға және қоғам
  2. Жеке тұлғаны қалыптастыру басты мақсаты

Қазакстан Республикасының "Білім беру туралы" Заңында ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру және жеке адамның шығармашылық, рухани және тәни күш-қуатын жетілдіру, жеке тұлғаның жан-жақты толысуына жағдаи жасай отырып, зерделі азамат даярлау міндеті көзделген. Демек, жастарды жас кезеңінен-ақ білім алуға баурап, өмірлік белсенді ұстанымы бар шығармашыл, ізденімпаз, дербес тұлга тәрбиелеу міндеті қойылып отыр. Бұл міндеттердің жүзеге асуы оқушылардың мектеп қабырғасында оқып жүрген кезінен бастап, шығармашылык іс-әрекетке ынталандыруға, соның нәтижесінде дербестігінің қалыптасуына тікелей байланысты.

Осыдан шығатын түйін: оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетінде шығармашылық дербестігін дамытатын оқу процесін ұйымдастыру, тиімді әдіс-тәсілдерін паидалану, өзіндік жұмыс істеу біліктерін қалыптастыру, іздену аясын кеңіту өзекті мәселе болып табылады.

Шығармашылык дербестік оқушының оқу-танымдык іс-әрекетінің жемісті болуына, интеллектуалдық қорының молайып, нәтижесінде жаңа түсінік, жана объектіні пайымдауга әсер етеді.

Терең білімге негізделген шығармашылыктың қалыптасуы оқушылардың игерген білімдерін қорытып, ой белсенділігін арттырып, шығармашылық шыңына жетелейді.

Шығармашылық дербестік адамға тән қасиет ретінде, рухани қажеттілік ретінде субъектіде қанағаттану сезімін тудырады. Шығармашылық дербестіктің бағытын мотив анықтайтындықтан, онын мазмұндық жағы баланың қажетіне барып тіреледі. Оқушылық шығармашылық іс-әрекеті оның ой белсенділігіне сүйенеді. Оқыту процесінде оқушылардың шығармашылық дербестігін арттыруды мақсат еткен мұғалім сабақтың барлық кезеңдерінде олардың ой белсенділігіне мән береді.

Шығармашылык дербестік - оқушының іс кимыл жағдайы ғана емес, оның іс-әрекеті сапасы. Онда оқушының қызмет мазмұны мен сипатына қатынасымен, өзінің рухани ерік, күш-жігерін оқу-танымдық мақсаттарға жетуге жұмылдыруға деген ұмтылысымен айқындалатын тұлғасы көрінеді. Ол дербестік әрекетке өздігінен икемделудің сапалық көрінісімен; мотивті және белсенді қылықтың оқушыға тән арнаулы нысандары мен тәсілдерін синтездеумен; өмір шындығының белгілі бір жақтарына оқушының тұрлаулы, мінез-құлықта тиянақталған қатынасымен сипатталатын жүйелі білім алу ретінде қарастырылады.

оқушылардың шығармашылық дербестігі мәселесіне қатысты еңбектерді талдай отырып, сонымен қатар тәжірибелік жұмыстар нәтижелері мен өзіміздін жүргізген зерттеу жұмыстары қорытындылары оған үш белгі тән деген тұжырым жасауға негіз болды:

а) шығармашылық дербестіктің қоғамдағы маныздылық бағыты,

э) шығармашылық дербестікгің интеллектуалдық сипаты,

б) шығармашылық дербестіктің рухани-құндылық сипаты.

Шығармашылық дербестік күнделікті оқу процесінде қалыптаса бастайды. Оның қалыптасуына оқу-танымдық тапсырмаларды шығармашылықпен шешудің маңызы зор. Мұндай тапсырмаларды орындау ізденімпаздықпен жұмыс істеу, мақсат қойып, оны жоспарлы әрекет етуден басталады. Нәтижеге жетуде жоспар екі негізгі аспектіні қамтуы керек: проблема жүйесі және оны шешу жолдары.

Мұғалім оқушылардың дербестігін дамыту мақсатында арнайы тапсырмалар жүйесін дайындауы қажет. Жұмыстың бірінші кезеңінде мұғалім оқушыларға көкейкесті мәселені шешуде жоспар құрудың әдістемесін көрсетеді. Екінші кезеңде бағыт беріп, қажет жағдайда түсіндіріп, көмек көрсетеді. Үшінші кезеңде деңгеилік шығармашылық тапсырмалар береді. Нәтижесі ұжымда талдануының тәрбиелік қырлары көп.

Оқу жұмыстарымен қатар, ауыл мектептерінде оқушылардың шығармашылық дербестігін қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстар-дың, шаралардың маңызы өте зор. Сыныптан тыс жұмыстардың білімдік, тәрбиелік маңызын ғалымдар қолдайды және өзіндік жұмыстарды сыныптан тыс жұмыстар кезеңіне жатқызады. Сондықтан ауыл мектептерінде жоғары сынып оқушыларының шығармашылық дербестігін қалыптастыруда сыныптағы және одан тыс жұмыстар бірлікте жүргізілуі тиіс.

Жоғары сынып оқушыларының шығармашы-лық дербестігін қалыптастыруда сыныптық сабақ жүйесіне оқу процесін ұйымдастырудың бірқатар кешендерін қосу керек. Оларға экскурсия, оқу шеберханасындағы сабақтар, зерттеу жұмыстары, еңбек және өндіріс турлері, сыныптан тыс жұмыс турлері (пән үйірмелері, студия, ғылыми қоғам, олимпиада, бақылаулар, конференциялар т. б. ) жатады.

Оқытудың ауқымында жұмыстың ұжымдық, топтық, жеке, даралап және саралап оқыту түрлері ұйымдастырылады, өйткені сыныптағы оқушылардың бәрі бірдей шығармашылық іс-әрекетке белсенді бола бермейді. Оған себеп көп. Сондықтан оқушыларды шығармашылыққа баулу, оның жағымды жақтарын, қоғамдағы маңыздылық бағытын сезіну сияқты құндылықтарын түсіндіру оңайга түспейді. Мұндай маңызды міндеттерді орындауда сыныпішілік, мектепішілік "Ізденімпаз оқу тобын" құрған маңызды деп есептейміз.

"Ізденімпаз оқу тобы" мүшелерін таңдау мұғалімнің, сынып оқушыларының қалауы бойынша жүргізіледі. Топ мүшелері беделді, ізденімпаз, белсенді оқушыларды қамтуы керек. Топтың ұйымдастыруымен мектепте семинар, конференция, танымдық ойындар, лекциялар, экскурсиялар, т. б. өткізген тиімді нәтиже беретіні зерттеу барысында нақтыланды.

Мұндай жұмыс түріне қойылатын негізгі талап - мұғалімнің шығармашыл тұлғасының болуы мен шебер педагогикалық жетекшілік.

Шебер ұиымдастырылған шаралар оқушылардың оқу жұмыстарын даралауға жол ашады, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін көрсетеді, тұлғаның дамуын қамтамасыз етеді.

Мұғалім сыныптағы оқушыларды шартты түрде 2 топқа белуі керек: 1) оқу тобы, 2) дербес топ.

Оқу тобында оқушылар бірден тапсырма алып, оны шығармашылықпен орындау тәртібін мұғалімнің көмегі арқылы шешуге жаттығады. Дербес топ тақырып шеңберінде әртурлі шығармашылық тапсырмалар орындаиды. Топтардағы оқушы саны зерттеу біліктерінің қалыптасуына байланысты өзгеріп отыруы мүмкін. Жұмыс кезінде оқушының, қандай дәрежедегі болмасын, жетістіктері міндетгі түрде ұжымда айтылып, қолдау табуы маңызды.

Сыныпта орындалатын жұмыстар жеке тақырып түріне көшіп, өзіндік жұмыстарға ұштасады.

Сонымен шығармашылық дербестікті қалыптастыру мәселесін шешуде негізінде сабақтағы оқушылардың өзара ықпалдастығы, ынтымақтастығы іс-әрекеттің мына түрінде көрініс табады деп ойлаймыз:

1. оқу-танымдық ұжымдық жұмыс.
Мұндай жұмыстарды ұйымдастыруда

берілетін тапсырмалардың түріне проблемалық мәселе кою, теоремаларды бірігіп отырып дәлелдеуі, химиялық қоспалар арқылы тәжірибелер жасау, көкейкесті мәселені табу, т. б.

  1. Топтық жұмыс: жұппен жұмыс істеу, тапсырмаларды орындау жоспары және тәсілдерін талқылау, сауалдар құру, әңгімелесу, "дөңгелек ұстел", пікірталас, форум, семинар, ойын-сабақ, симпозиум.
  2. Топ жұмыстарының бейнесі ретіндегі топтардың өзара тексеруі: орындалған жұмыс бойынша толық немесе жекелей түсінік беру, өзара пікір айту (ауызша, жазбаша), бағалау бойынша пайымдаулар, өз бетінше орындалатынжазбаша, практикалык жұмыстарды өзара тексеру.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке тұлғаның дамуының педагогикалық сипаттамасы
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру тәжірибесінен
Оқушы тұлғасын қалыптастыруда, тәрбие үрдісі
Оқушыларға тұлғалық бағдарланған білім берудің мәні мен мазмұны
Жеке тұлғаны тәрбиелеудегі психологтың атқаратын рөлі
Жасөспірімдерде моральдық - адамгершілік қасиеттердің қалыптасу деңгейін диагностикалау
Тәрбие технологиялары ұғымының мәні
Адамгершілік тәрбиесінің жүрегі - жеке тұлғаның адамгершілік сезімдерін дамыту
«Оқушы тұлғасы-тәрбиенің обьекті және субьекті. Тұтас педагогикалық процессте оқушы тұлғасының базалық мәдениетін қалыптастыру»
Жеке тұлғаны қалыптастыру жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz