Тәтіқара ақынның шығармашылығы



Кіріспе
І. Бөлім
Тәтіқара ақынның шығармашылығы. Ақынның поэзиялық мұраларының құндылығы.
1.1 Тәтіқара ақынның өмірі мен шығармашылығы.
1.2 Тәтіқараның жыраукершілігі мен батырлығымен үштасу.
ІІ Бөлім
2.1 Тәтіқара ақынның поэзиялық мұралары.
2.2. Қазақтың ірі ақыны эпик, жыршы, толғаушы Тәтіқараның естеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Бұқар жырау. Бұқар толғауларының негізгі сарыны, халықтығы. Елдік, халықтық мүдде - бірлікті жырлауы.
Шал ақын поэзиясының жанрлық, тақырыптық, көркемдік ерекшелігі. Негізгі сарындары. Өмір мен болмыс бейнесі.
Ақынның барша өмірі қазақ елі басына қиян-кескі, ұрыс-соғыс тақсіреті түскен кезіне орайлас өтеді. Тәтіқара Абылай хан ордасында әрі ұраншы ақын, әрі шашақты найза ұстаған жорықшы ерлер санатында халқына еңбек етеді. Тәтіқара туралы Ш.Уәлиханов, Ә.Марғұлан, Е.Ысмайыловтар ерекше назар аударып, оның ақындық, ерлік істерін бағалап пікір қалдырған. Ә.Марғұлан Тәтіқараны XVIII ғасырда жасаған қазақтың ірі ақыны, жыршы-импровизатор деп көрсетеді. Ақынның өлеңдері ауыз әдебиетінің ерекшелігі, сондай-ақ, жазба әдебиеттің сипатын танытады деп бағалайды. Ал Е.Ысмайылов Тәтіқараны Абылайдың қалмаққа қарсы күресін шындық түрінде жырлаған ақын және өзі көрген жортуыл туралы жырлар шығарған эпик ақын деп санайды. Сондай-ақ Сыпыра жырау шығарған "Ер Тарғын", "Қобыланды" сияқты жырларды халыққа таратушының бірі болған деп жобалайды.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

І. Бөлім

Тәтіқара ақынның шығармашылығы. Ақынның поэзиялық мұраларының
құндылығы.

1. Тәтіқара ақынның өмірі мен шығармашылығы.

2. Тәтіқараның жыраукершілігі мен батырлығымен үштасу.

ІІ Бөлім

2.1 Тәтіқара ақынның поэзиялық мұралары.

2.2. Қазақтың ірі ақыны эпик, жыршы, толғаушы Тәтіқараның
естеліктері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе.
ва Бұл кезеңнің әдебиетіне тән ерекшеліктер (тақырыптық, идеялық,
көркемдік, жанрлық). Жыраулық поэзия. Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет,
Шалкиіз, Марқасқа, Ақтамберді, Тәтіқара, Үмбетей толғаулары. Елдік, ерлік,
еркін өмір идеясы. Толғау жанрының ерекшеліктері.
Бұқар жырау. Бұқар толғауларының негізгі сарыны, халықтығы. Елдік,
халықтық мүдде - бірлікті жырлауы.
Шал ақын поэзиясының жанрлық, тақырыптық, көркемдік ерекшелігі.
Негізгі сарындары. Өмір мен болмыс бейнесі.
Ақынның барша өмірі қазақ елі басына қиян-кескі, ұрыс-соғыс тақсіреті
түскен кезіне орайлас өтеді. Тәтіқара Абылай хан ордасында әрі ұраншы ақын,
әрі шашақты найза ұстаған жорықшы ерлер санатында халқына еңбек етеді.
Тәтіқара туралы Ш.Уәлиханов, Ә.Марғұлан, Е.Ысмайыловтар ерекше назар
аударып, оның ақындық, ерлік істерін бағалап пікір қалдырған. Ә.Марғұлан
Тәтіқараны XVIII ғасырда жасаған қазақтың ірі ақыны, жыршы-импровизатор деп
көрсетеді. Ақынның өлеңдері ауыз әдебиетінің ерекшелігі, сондай-ақ, жазба
әдебиеттің сипатын танытады деп бағалайды. Ал Е.Ысмайылов Тәтіқараны
Абылайдың қалмаққа қарсы күресін шындық түрінде жырлаған ақын және өзі
көрген жортуыл туралы жырлар шығарған эпик ақын деп санайды. Сондай-ақ
Сыпыра жырау шығарған "Ер Тарғын", "Қобыланды" сияқты жырларды халыққа
таратушының бірі болған деп жобалайды.
Тәтіқара Абылай маңыңда болған шағында ханды, оның тірегі болған
Бөгембай, Олжабай сынды батырлардың халық үшін сіңірген ересен еңбегін,
қалмақпен соғыста жасаған қаһарман ерліктерін мақтан етіп жырлап отырады.
Соғыстың ауыр сәттерінде батырға дем беріп, оларға қиыншылыққа мойыма деп
әрдайым жігерлендіреді.
Ақын Бөгембай, Олжабай, Жәнібек батырлармен бірге жауға аттанып,
шайқастың ортасыңда жүреді. Соңдай сәттерде өзі көрген ұрыс барысын, ерлік
істі куәгердей суреттеп, батырлардың күш-қайратына сүйсініп, отты жырларын
төгеді. Соңдай соғыстың бірі қалмақ ханы Цин басқыншыларымен болған 1756
жылғы қатты ұрыс болады. Бұл соғыста жау көптігімен күші басым түсіп, қазақ
қолын қатты қысымға алады. Сондай ауыр шақта қаша ұрыс салған қазақ
батырлары алдынан суға тіреліп, артынан қалмақ қысқанда қорықпай, баспай
ерлік жасап, жауға соққы бере отырып ығысады. Сол сәтке арналған "Қамыстың
басы майда, түбі сайда" деген өлеңінде Орта жүз, Ұлы жүздің қыпшақ, уақ,
дулат, болат найза Жәнібектің ерлігін, жаудан басқа батыр қайтса да, бір
қайтпаған Сары мен Баянды, найзаның ұшына жау мінгізген Еменәлі, Ержанбай
батырлардың қайратын басқаларға ұлгі етеді. Бірде Абылай аз қолымен
қытайдың көп жылқысын айдап қашады. Артынан қуып жеткен көп қытаймен
соғысуға күші жетпейтінін сезген Абылай жылқыны айдаған күйі қаша ұрыс
салып ығысады. Ақын осы оқиғаға арнап өзінің "Кебеже қарын, кең құрсақ"
деген өлеңін шығарады. Осында Тәтіқара Абылайдың беделін қорғап, оны көп
жаудан қорқып қашты демей, "Әшейін еңкейе бере жылысты" деп, оны соғыста
айла-тәсіл қолданған сыңайында сипаттайды. Ал батырлардың ішінде басентиім
Сырымбет ығысып бара жатып, жауға оқ атса, уақтан шыққан Баян кері бұрылып
жауды шаншып асқан ерлік көрсететінін мейірлене суреттейді. Сөйтіп, олардың
ерен ерлігін өзгелерге ұлгі етеді.

Ақын Қостанай облысы өңірінде 1705 жылы туып, 1780 жылы дүниеден
өткен. Руы — уақ арғын, тайпасы- қалмақ.
Тәтіқара, Бұқар жырау сияқты, Абылайды қолдап, қошаметтеп, оны
халық алдында беделін көтеріп мақтап жүрсе де, Абылайдың қисық, қыңыр
мінезін көре тұра өзі ер жүрек ақын оған төзе алмайды. Сондықтан Абылайдың
үш жүз өзін ұлағаттап хан сайлағанына қарамай, үш жүздің баласын өз
ұлындай бірдей көрмеген қылығын әшкерелеп те, оған ызалы тілін де
тигізеді.
Абылай бір кезде Олжабай, Бөгембай батырлармен де шығысқан сияқты.
Оның бір себебі Олжабай Қалден Серенді шапқанда, қолға түсірген оның екі
қызының бірі — Лаба сұлуды Абылайға бермейді, Бөгембай батырға береді.
Бөгембайдың сол Лаба сұлудан туған атақты ұрпақтары Саққұлақ би, қазіргі
Талғат Бигелдинов деп айтушылық бар. Қайткенде де осы қызды қызғану
ниетімен Абылай Олжабай батырды қудалап, аралары ашылады. Міне, осындай
елді алалап, батырларға қысастық жасаған Абылайды Тәтіқара ақын қолдамайды.
Осы ретте ақын "Кеше тоқыраулы судың бойынан" деген өлеңін шығарады. Ақын
әуелі Абылайдың тегі туралы халық аңызына сәйкестіріп, Абылайдың "Қара
мерген атасы перінің қызы Перизаттан туған" деп бір түрлі дәріптеу сыңайына
бастаса да, одан әрі Абылайды Әбілмәмбет сұлтанға қызметші болған, Үйсін
Төле бидің түйесін баққан теріс аяқ құл еді деп жерлеп алады. Абылай
жиырмаға келгенде ақсұңқардай тұлеп, дұшпанға табан тіреп елге атағы шыға
бастағанын ақырында үш жүздің ақылдасып, хан көтерген Абылай бұзылды, үш
жүздің бірлігін бұзды. Ендеше ат құйрығын сүзіп, хан талау етіп алыңдар деп
халыққа үндеу тастайды.
Міне, осы жағдайға байланысты болар, Тәтіқара өмірінің соңғы шағында
Абылайдан ажырап, кедейлік тұрмыстың, жоқшылықтың қиыншылығын көріп өтеді.
Сондай бір кезде ардақты ақынды сыйлаған ел азаматтары сәлем беруге келеді.
Бірақ кедейшілік тұрмыста отырған ақынның қара лашығына ат маңдайын тіреп,
сәлемдескенмен, аттарынан түсе қоймаған сияқты. Дәл осы сәтте Тәтіқара:
"Ассалаумағалейкум, жайсаңдар мен қасқалар,
Адам көңілін жоқтық, шіркін, басқарар.
Түзде жүрсем, батырмын,
Үйде жүрсем, пақырмын.
Таңертеңгі ішкен шалап,
Қарында емес, қуықта.
Ажал шіркін алыста емес, жуықта.
Түссеңдер, міне, қара лашық,
Түспесеңдер, жолың ашық",— деп жырлап
жібереді.
Ал осы бір өлең басқа бір кітапта алдыңғы екі жолдан кейін, былайша
өзгеріспен берілген:
"Түзде шешен, батыр болсақ та,
Үйге келсек пақырмын.
Қара өзек шақтың көжесі
Қарында емес, қуықта.
Қара торсық жерде емес,
Ілулі тұр уықта.
Би, мырзаны көп көрдім,
Шіренбей-ақ аттан түс,
Айран-шалап болса да,
Ойнап-кұліп бөліп іш ".
Осылайша жоқтық көрген Тәтіқара 1780 жылы 75 жасында дүниеден
өтеді деген болжам бар.

Жаугершілік заманда өлім, қаза — әдепкі құбылыс. "Ол таңдап, талғап
алмайды, жалпыға бірдей. Сол жорықта жалғыз Абылайдың ұлы ғана өлген жоқ,
талай жас кыршынынан қиылды сол себепті ел билеп отыра ған әмірші тек өз
қара басының ғана қайғы-зарын шегуі — кейбір шонжарлардың да, жұрттың да
қытығына тиеді. Сол көптің атынан Тәтіқара сөйлейді. Абылайдың кеше ғана
Түркістаннан келген ұл екендігін, оны осы жұрттың өзі хан көтергендігін
айта келіп ақын:
Үш жүздің баласы
Ақылдасып, жолдасып,
Хан көтеріп еді,—
Үш жүздің баласын
Бір баласындай көрмеді,
Ат құйрығын сүзіңдер,
Аллалап атқа мініңдер,
Хан талау қылып алыңдар,—
дейді.
Мұндағы бір назар аударарлық жай—үнсмі хан касында болған Тәтіқараның бұл
жолы оған карсы топты жақтауы. Әрине, жоғарыдағы сөздерді айтқызған ақынның
батылдығы ғана емес,— артында тәнңірісі тұр. Алайда осының өзі-ақ
Тәтіқараның үнемі тура басуға тырысып отырған адам екендігінің айғағы
іспеттес.
Тәтіқараға қатысты бізге белгілі мәліметтер осындай. Әрине, импровизатор
ақын туғызған жырлардың дені сақталмаған. Бұл —жалғыз Тәтіқараның емес,
қазақтың өткендегі талай талантты ақынынын трагедиясы.
Тәтіқараның біздің дәуірімізге жеткен шығармалары, оның үлкен сөз зергері
болғандыгын көрсетпейді. Бұл тұрғыдан алғанда, Тәтіқара — қарабайыр көп
ақынның бірі. Алайда Тәтіқара шығармалары өзінің қарбалас шақтарда, от-
жалында туғандығымен, тәуелсіздік жолындағы күрестің қиын кезеңінде жұрттың
рухын көтерген, елге жігер берген ұран іспеттес болғандығымен құнды. Бұл
тұрғыдан алғанда Тәтікара жырлары,— жоғалғандары да, біздің заманымызға
жеткендері де — өз міндетін атқарды деп айта аламыз.

деп, тосылып тұрған сарбаздарға ұран тастайды. Кеста-лескен бір ұрыста
жыраудың осы ұлағатты сөзінен кенга қара түнек бұлттың ішінен күн жарқ ете
түскендей жа-сақтар арындап тасып жатқан судан аман өтіпті дёседі. *—
Тыңдаусыз болса сөз жетім, іздеусіз болса кыз жетім, — дейтін
бабаларымыздың ердің құнын екі ауыз сөзоен шешетін есті сезге токтамаған
кезі кемде-кем. Өз өмірінің көбін шапқын-сурпнде өткізген қазақ халқы
елін жаудың ызғарынан, жерін жаттың атының тұяғынан қорғаштап-ақ баққан
ғой. Ол үшін ақау шықпас,.' ауыз бірліктің, мызғымас жігердің кажет екенін
өмірдің; -^зі. көрсеткен. Осы орайда сүттей ұйыған татулықка кім ,; :-_:
гіақырмақ, төмен түскен ексені кім кетермек? Мұндай - -чсзеңде жыраудың
орны өзгеше, Ақын — халыктың қор- " ғаны. Ол ең алдымен өзін емес,
өзгені ойлауға тиіс. Екінші сөзбен айтсақ, ақын ел-жұртының қылышы, сем-
сері.

Алдаспан кылыш суырған, Ажалға қарсы жүгірген.
— Жәнібек батыр, темекіңізден мархабат етіңіз ,— деді. Жәнібек жас
багырды елемеген кейіппен темекісін өзінің қалтасына са;хып қояды. Аздан
соң қайтадан ұрыс басталып кетеді. Сг,-ба?дар бірі садақпен, бірі айбалта-
мен. бірі шокпарме .^анның төңірегіне жинала бастак-ды Алғы шепке шыі •
_ш кім бардеп Жәнібек батыр жар салады. Сонда өзінен те_мекі, сур.ағаң
_жас жігіт Байғозы бірінші батып,сажан алға шығады—Од мың сарбазьП&ар
қалмақтар жан қояр емес, түтіп жеп, жылжып келеді) Ақыры қазактар тым-
тырақай қаша жөнеледі. Қалмак. басқыншыларының алдында еңгезердей ірі
қалмақ бір-неше казақты аттарынан аударып.тастап, жайпап келе жатады.
Сонда Жәнібек ақьгрып: Біздің қазактардан мына бір есерсоқтың басын шауын
түсіретін бір еркек кінддШ~тум"аған ба?-^дёидГ. Ьұл сөзді естіген соДГКат-
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Асан қайғының шығармаларының зерттелуі
Доспамбет жыраудың толғаулары
Қазақ поэзиясындағы философиялық бағыттың негізін салушы ақын-жыраулар
Жыраулар поэзиясы жайында мағлұмат
Қазақ хандығы кезіндегі жыраулар
Бұның сөз үлгісі, шығармасы - толғау
Ахмет Яссауй – түркі тектес халықтарының көрнекті ақыны, ойшыл қайраткер
Мағжан Жұмабаев жайлы мәлімет
Ақын, жыраулар мұрасындағы арнау өлеңдер табиғаты
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Пәндер