Ұлттық құндылықтар – жеке тұлғаға рухани –адамгершілік тәрбие берудің кәусар бұлағы”


“ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР - ЖЕКЕ ТҰЛҒАҒА РУХАНИ -АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ КӘУСАР БҰЛАҒЫ”
Сейтбатталова Мағрифа Тасыбайқызы
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2003 жылдың 28 қарашасында Астана қаласында өткізген Ұлттық Кеңесте: “Дәстүрлі мәдениетті жаңғырту, өз халқының тарихи тәжірбиесіне жүгіну тәуелсіздікке ие болған елдің өмірінен алатын заңды құбылыс. Мұның ар жағында қоғамдық сананың қалыптасуы, ұрпақ тәрбиесі секілді үлкен міндеттер жатыр”- деген еді.
2004 жылы ЮНЕСКО деңгейінде академик Әлкей Хақанұлы Марғұланның 100 жылдық мерейтойы аталып өтілді. Ал Қазақстанның жас астанасы Астана қаласы Бабатайұлы көшесінде бой көтерген жаңа мектеп ғимараты академик Әлкей Марғұлан есімімен аталды. Мектепте кешенді іс-шаралар жоспарланып жүзеге асырылды. Қоғамның ең жас мүшелері мектеп оқушыларының бойына ұлттық құндылықтарды ана сүтімен сіңіріп, ана тіліміздің уызымен қандырып, тамыры тереңге кеткен ата-бабамыздың ұлттық тәлім - тәрбиесіне жүгіну басшылыққа алынды. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев “тарыдай болып кіресің, таудай болып шығасың” дегендей мектеп табалдырығын аттаған кішкентай бүлдіршіндердің қанаттарын қатайтып, саналарына білім нұрын құю бүгінгі күні ең басты мәселелердің бірі болды. Әсіресе жанталасқан мылтықсыз майдан жағдайында рухани-адамгершілікке тәрбиелеуге ерекше назар аударылды. Сары уыз балапандай болып отырған 6-7 жасар баланың сезіміне әсер ету арқылы кіп-кішкентай оқушы психологиясын, оның жан дүниесін білімге қызықтыра отыра ояту, ұлттық салт-дәстүрімізді күнделікті өмірде бойына сіңіру арқылы рухани - адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудың ең тиімді жолдары ізделінді. Жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу үшін күнделікті өсіп келе жатқан жеткіншекке өз жауапкершілігін, оның қоғамда алатын өз орны бар екендігін, оқушының отбасы, мектебі, қоршаған ортасындағы достары арқылы байланыс жасайтындығын, осы үштіктің бірігуі және оқушының белсенді өмірге көзқарасы оның рухани әлемін байытатынын түсірдіріп қана қоймай, оқушының бос уақытында, күзгі, көктемгі, жазғы, қысқы демалыс кезінде арнайы жорықтар мен экспедициялар ұйымдастыра отырып, оқушының қызығушылықтарына сай балалар мен жасөспірімдердің ұжымы құрылып отырды.
Білім мен тәрбие беруді бір-бірінен бөліп алып қарауға болмайды. Ықылым заманында-ақ атам қазақ отбасында келіндері жүкті болғанын естігеннен кейін енелері “Құрсақ той” жасап, ауылға, еліне беделді аналардың басын қосып, батасын алған. Дүниеге келер сәбидің дені сау ұрпақ болуын “Тәңірден” тілеген. Жалпы тарихтан белгілі қазақ өз ұрпағының тәрбиесіне ерекше мән берген. Оған мысал: Шоқан Уәлиханов Айғаным әженің тәрбиесінде болған. Мұхтар Әуезовты атасы Әуез 5 жасынан өзі арапшаға үйреткен. Ұлы Абайдың өлеңдерімен тілін сындыртқан, қазақтың бай салт-дәстүрімен тәрбиелеген. Ал Баянауылдағы кішкентай Әлкейді әкесі Хақан 5 жасынан ескі шағатай, арап тілдерін оқытып, Абайдың өлеңдерін жаттатып, халқымыздың бай інжу - маржандары жыр аңыздарымен, батырлар жырларымен ауыздандырса, “Шілдехана”, “Бесік той”, “Тұсау кесер”, “Тілашар” тойларының бүгінгі кезде жаңғырып, жаңарып өмірге енуі жас ата-аналар мен мұғалімдердің қоғамдық міндетті бірлесіп атқарып жатқанын көрсетеді.
Ата-бабамыз сәбиге ат қоюға да ерекше мән берген. Адамның есімі оның тағдырына әсер ететінін сол кездің өзінде-ақ білген. Біздің ғалымдар оны енді зерттеп жүргеніне куәміз. Ал енді мектеп оқушыларының арасынан Абай, Мағжан, Шоқан, Әйгерім, Ғабит, Мұхтар, Ерасыл, Нұрсұлтан, Әлия, Мәншүк, Жібек т. т. есімді балаларды көргенде ата-анасының тарихи ұлы адамдарға ұқсасын деген ниеті мен асыл армандары екенін айтпай-ақ сезуге болады. Демек, уақыт өтсе де тарихи ұлы тағылым жаңғырып келе жатқанын көрмеу мүмкін емес.
Рухани-адамгершілігі бай, тұла бойы тұнып тұрған қазақи мінез бен биязылық, қазақтың нар тұлғалы азаматтарын өз шаңырақтарында өсіріп, білім беріп, тәрбиелеу үшін қазақ отбасы ырымдағанын несіне жасырамыз? Мысалы: халқымыздың хас батыры Бауыржан Момышұлының көзі тірісінде Алматыда дүниеге келген миллионыншы перзентке Бауыржан есімін беріп, батыр Баукең маңдайынан иіскегенін баспасөзден оқып, теледидардан көргеніміз бар. Ал сол Баукеңнің немересі Ержанның шаңырағында дүниеге келген сәбиге Елбасы өз атын қойып, батасын берген. Ал қаншама Бауыржан есімді бала барын әлі ешкім де зерттеген емес. 2010 жылы Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойын атап өтер алдында бүгінгі Бауыржандарға тарихи тағылым сабағын беру мақсатында біз өз мектебімізде “Бала Бауыржаннан батыр Бауыржанға”, «Қару мен қалам» тақырыбында кездесу өткізіп, батыр атамыздың Жеңістің 20 жылдығында сөйлеген сөзін тыңдатып, рухани жігер алдық. Батырдың арнайы жазған құттықтауы жан дүниеңді елжіретіп, қос жанарыңнан жас алдырады. Мен «Бауыржанмын» деген азаматтық мақтаныш сезімі әр Бауыржанды оятатынына көзіміз жетті. Ал қаншама қазақ баласын әлі де Бауыржан есімімен атайды?
Ата-ана отбасында жеті атаға дейін қыз алыспауды мұра етіп қалдырған. Ел мен елді, жер мен жерді ұрпағына аманат етіп, ұрпақтың денінің саулығын, саналы болуының алғы шарттарын жасаған. Біз осы мәңгі ескірмес асыл мұраны жаңғыртып, бүгінгі заманға сай етіп қолдансақ, рухани - адамгершілік тәрбиесінің қазығын нықтап қағатынымызды түсіндік. Қазіргі ұлттық мектептердегі тәрбие бағыттары баланың білімі мен тәрбиесіне ерекше назар аударады. Оқушы өз бойындағы «Мен» {1} дегеніне, өзінің дамуына аса көп назар аударады. Мысалы: Біздің Әлкей Марғұлан атындағы № 40 орта мектепте сабақта және сабақтан тыс уақытта жеке тұлғаны тәрбиелеуге ерекше назар аударудамыз. Мектебімізде астаналық замандастарындай білім мен тәрбие алуға мол мүмкіндіктер жасалуда. Әр оқушы үйірмеге, қызығушылығына сай қоғамдық жұмыстарға қатысуымен қоса, мектептегі Әлкей Марғұлан атындағы мемориалдық мұражайға келіп, «жеті ғалам сырын біл, жеті жұрттың тілін біл» дегендей білімге, өнерге қызығушылық танытуда. Мектепте ұлы Абай мен Шәкәрімнің, Мұқағали мен Оралхан Бөкейдің жыр сайыстарына қатысып, жүлде алған оқушылар мен спортпен шұғылданатын балалар саны жыл сайын арта түсуде. Бұл төгілген тер мен білімнің алғашқы жемісі екені анық. Балалардың жазғы демалысында «Академик Әлкей Марғұлан ізімен» атты этнографиялық-өлкетану туристік экспедициялар ұйымдастырып, оқушылардың белсенді түрде қатысқанына, «Менің елім- Қазақстан» республикалық экспедицияға шыққанына биыл 4 жыл болды. Әуелі ғұлама ғалым Әлкей Хақанұлы Марғұлан туған жері Баянауыл, білім алған жері Павлодарда болса, келесі жылыАлматыдағы ұзақ жылдар қызмет еткен жері Қазақстан Ғылым Академиясы мен республикалық археологиялық мұражайға, дәріс берген жоғарғы оқу орындарына барып, Әлкейдей ғылым атасының жүріп өткен жолымен жүрді. Қазақстанның рухани астанасы Семей қаласында болып, Алаш партиясы, Алаштың азаматтары туралы деректер жинап, ғасыр бұрын өмір сүрген ата-баба рухынан күш алып, қайраттанып қайтты. Астана қаласының 11 жылдығына орай өткізілген іс-шараларға белсене қатысуымен қатар, Астана төріндегі батырларымыз Бердібек хан, Нияз би, Қабанбай батыр, репрессия құрбаны Орманбет би, Қырықбай ата, Әлия Молдағұлова, Бөгенбай батыр, Бауыржан Момышұлы, жыр атасы Жамбылдың ескерткіші, Сәкен Сейфуллин, ұлы Абай ескерткіштері балалар мен ата-аналарының сүйікті орындарына айналуда. Астанадағы мұражайлар мен көрмелер, «Атамекен» тарихи-этнографиялық орын балалар мен жасөспірімдерді ерекше қызықтырады. Қаламызда өткізілетін қазақша айтыс, концерт, ән-жыр кештері мен жазушы, ақындармен кездесулер балалар мен жастарды рухани-іадамгершілікке тәрбиелейтін қасиетті орындар. Астаналық жастарды тәрбиелеудің жаңа салт - дәстүрлеріне қоғаммен өткен Наурыз», «Құрбан айт», «Астана күні», «Жаңа жыл», “Тәуелсіздік күні”, ”Ата заң” күні, “Тілдер мерекесі” фестивалі, “Жеңіс күні”, т. т. айтуға болады. Астанада бой көтеріп жатқан мешіттер мен медреселер де балалардың ата-аналарының назарынан тыс қалмайды. Мектеп тек рухани - адамгершілікке тәрбиелеп қана қоймайды, ұлы Абай атамыз айтқандай «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар, қалан!» дегендей баланың өмірде өз орнын табуға көмектеседі. Мектебімізде қазақ отбасыларымен қоса орыс, татар, дұңған, пакистан, неміс отбасыларының балалары да оқиды. «Түрі басқа тілек бір, жүзі басқа жүрек бір» дегендей алдымызға игі мақсат қойған білім орны ретінде білім беру мен тәрбиелеу ісінде жетістіктеріміз де жоқ емес. Ол дүние жүзіне әйгілі Әлкей Марғұландай ғалым, академик «сегіз қырлы, бір сырлы» қазақ азаматтарын тәрбиелеп шығару. Мектептің өз дәстүрі «Марғұлан» сыйлығын тағайындауы, «Академик Әлкей Марғұлан» өмірі мен шығармашылығына арналған жыл сайын оқушылардың ғылыми -конференциясын өткізілуі, «Марғұлан» журналында оқушылар шығармашылығы жарық көруі астаналық қазақша білім беретін мектептің жаңа заманға сай жасаған игі қадамдарының бірі. Рухани-адамгершілікке тәрбиелеуде «рух», «рухани» деген екінші жағынан
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz