Тезірек таза су ішемін десеңіз..


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ТЕЗІРЕК ТАЗА СУ ІШЕМІН ДЕСЕҢІЗ . . .

«Жұмыс істейтін адам жолын іздейді,

жұмыс істемейтін адам желеу іздейді.

В. Ленин

Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақстанның басқа да өңірлері секілді таза ауыз су мәселесі бүгінгі күннің ең өткір мәселесінің бірі. Сол өткір мәселені күн тәртібінен тезірек түсіру үшін былтырдан бері облыс әкімінің бірінші орынбасары Ислам Әбішевтің басшылығымен көп тірлік істелді. Энергетика және коммуналды шаруашылық департаментінің қызметкерлері облыстағы ауылдардың бірін қалдырмай аралап, су құбырларының, жалпы халықты таза сумен қамтамасыз етудің қазіргі ахуалы қандай деңгейде екендігін өз көздерімен көріп, көңіл безбенінде таразылады. Нәтижесінде Ислам Әлмаханұлының бастамасымен Орал қаласында орналасқан «Омега» зауыты кеңес кезінде сүңгуір қайықтарға арнап жасап шығарып келген су тазартатын «Омега» қондырғысын ауылдарға әкеліп орнату қолға алынды. Олардың қаншалықты тиімді екендігі іс жүзінде сынақтан өткізілді. Әділетін жығылар болсақ, кеңес кезінде әскери техника саласы өте қатты дамыған сала болғаны белгілі, бұл қондырғылар да сынақтан абыроймен өтті. Дегенмен, қай жаңа істің болсын алдында кедергілер көп кездесетіні белгілі. Бұл тұжырымның ақиқаттығына облыстық әкімшілікте таза су бағдарламасын іске асыруға байланысты аудандардың атқарып жатқан ісі жөніндегі есебі тыңдалғанда тағы бір рет көзіміз жетті.

Төле би ауданының әкімі Батырхан Көшербаевтың сөзге де пысық, іске де мығым екені көрініп тұрды. Ауданда ауыз су бағдарлмасы бойынша төрт бағытта жұмыс жасалған. Жалпы, бағдарлама құны 3 млрд. теңгені құрапты. Ислам Әлмахановтың бағдарлама өте сауатты жасалғандығын атай келіп, бірақ ол сол күйінше қашан жүзеге асады деп күтіп отырмай, себебі оның іске асу мерзімі белгіленген уақыттан созылып кетуі мүмкін, сондықтан бағдарламаның ішіндегі суының тазалығы санитарлық қалыпқа сай келетін ауылдарда су құбырын өткізу жайлы жобаларды қалдырып, үкімет алдында қорғалатын облыстық жоспарға енгізейік, ал суы ащы, тазалығы төмен ауылдарға «Омега» қондырғысын орнатайық деген ұсынысы қолдау таппады. «Таудың таза болмаса да бұлақтан су ішіп үйренген халқы сатып алып су ішпейді» деген уәж айтылды. Орынбасарға аудандық әріптесіне «өзің білесің, дегенмен жүз рет естігенше бір рет барып көр деген ғой, Шардара ауданына ерінбей барып, көзбен көріп қайтсаңдар дұрыс болар еді» деумен шектелгеннен басқа амал қалмады. Түсінген әкімге рахмет, жиналыстан үш-төрт күн өткен соң, жексенбінің таңертеңінде - мемлекеттік қызметте демалыс деген болушы ма еді! - аудан әкімінің міндетін атқарушы Жастар Рысбековтің бастауымен (әкімнің өзі еңбек демалысына шығып кеткен екен) 14 ауыл әкімінен құралған төлебилік десант Шардара қайдасың деп ұзақ жолға шықты. «Жақсыны көрмек үшін», жолға оларменен бірге біз де шықтық.

Бірінші тоқтаған аулымыз «Достық» болды. 1300 тұрғыны бар бұл ауылда сыйымдылығы 2 тонналық «Омега» жеке адамның қорасына жапсарлас орнатылыпты. Сол үйдің иесі әрі литрі 1теңгелік таза су сатқаны үшін 20 мың теңге жалақы алатын оператор, әрі қондырғыға қарауыл. «Омега» кәдімгі піспеқұдыққа насоспен жалғасқан. Құдықтан алған суыңызды жуынған-шайынғаныңызға, малыңызға, кір-қоңыңызға жарата бересіз, ал, «Омеганың» суы - таза ауыз су үшін. Құдықтың суы мен таза судың дәмі ішкен адамға бірден байқалып тұр. Жарты жылдан бері ауылдың халқы да таза судың қадырына жетіп қалса керек, қазір күніне 1, 5 тоннаға жақын су сатылады екен. Рас, ел болған соң, әсіресе ауылды жер болған соң несиеге жаздыртып кетіп жататындары да бар көрінеді . . .

Дәл осындай маркалы екінші су тазартқыш қондырғы «Ақ алтын» ауылында да тұр. Бірақ, ол оқшаулау, оңаша жерде. Ауылдық-тұтынушылар кооперативінің (АТК) төрағасы Әбдікерім «бұл қондырғы алдымен ауылдың шетіндегі 25 метрлік тіке дренажға қойылған еді, кейін халыққа қолайлы болсын деп осында, орталыққа әкелдік, оның үстіне бұрын жасалған келісім бойынша бюджеттің есебінен жұмысы төленіп қойылған гидрогеологияның жігіттері 110 метрден тәтті су шығарып беретін болып келе қалды, ал, біз «Омеганы» ішетін суымыз одан да тәтті бола түссін деп сол жаңадан қазылған көздің үстіне қойдық» дейді. Сатып алып су ішкен дегенді көрмеген атам қазақ баласы үшін алғашқы екі күн тегін су таратылыпты. Жұрттың бәрі жапа-тармағай су жинап алыпты. Содан бір аптаға дейін ешкім су алуға келмей қойған көрінеді. Бірақ, әлгі «акцияның» нысанаға дөп тигенін атап өту керек - бір апта бойы тәтті су ішіп үйреніп халық сатып алсақ та таза су ішейікші, ақша денсаулығымыздан артық па деген дұрыс тұжырымға келіпті.

«Таза су» бағдарламасын облыс көлемінде жүзеге асыруда еңбегі үлкен, осы жобамен нақты айналысып жүрген азамат, облыстық Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаменті директорының орынбасары Батырша Маханов былай дейді.

- Біз Кентау қаласының түбіндегі суы ащы Қарнақ ауылындағы балабақшаға бір қондырғы, ауруханаға бір қондырғы қойдырдық та 4 ай бойына мониторинг жүргіздім. Аурулардың жазылуына қаншалықты судың әсері болғанын дәл айту қиын, өйткені олар судан басқа да дәрі-дәрмектер қабылдайды ғой, ал, балабақшада 4 айдың ішінде сәбилердің денсаулығы күр жақсарған. Егер қондырғы қойылғанға дейін олардың шамамен 60 пайызы ғана үзбей келіп жүрген болса, төрт айдан соң бұл көрсеткіш 95 пайызға жеткен. Қалайша? Балабақшадағы таза су ішкен балалардың іш аурулары сап тыйылған, ал, олар негізінен осы себептен ауырып, үйлерінен келе алмай қала береді екен.

Елбасымыз халыққа таза су беріңдер дап жатыр. Су құбырын тарту арқылы бересің бе, тазартқыш қондырғы қою арқылы бересің бе, әйтеуір халыққа таза су берсең болды. 2010 жылдан кейін ауылдардың бәрін су құбырлары арқылы таза сумен қамтамасыз ететін боламыз, әңгіме оған дейін халықты таза, қоспасыз, денсаулыққа пайдалы сумен қамтамасыз ету болып тұр. Мына «Омега» қондырғылары - сол жолдың біреуі! Біздің мақсатымыз - елдің көзін осыған жеткізу. Сіздер бұл қондырғыны алмаймыз десеңіздер де өздеріңіз білесіздер. Бірақ, таудағы бұлақтың суы тап-таза деп кім айтты? Бактериясы жоқ деп, тұздылығы қалыптан аспайды деп, судың құрамында темір бастаған металдар жоқ деп?

Шардараға іссапар барысында тағы бір мәселенің құшағы қылтиды. «Ақ алтындағылар» энергетиктер мен АТК-нің арасындағы келіспеушіліктің салдарынан қысты күні қондырғының сүзгісін жарып алыпты. Оны ауыстыратын маманды Орал қаласынан екі ай күтіпті. Сондай-ақ қондырғының өзінің электр қуатын өлшейтін есептегіші болмайды екен. Жердегілер оны өз ақшасына сатып алуға мәжбүр. Қондырғы оны су көзіне қосарда қажетті электркабелмен де, темір тұрбалармен де жабдықталмаған болып шықты. Кооператив төрағасының бұл жөніндегі ескертпесін зауыт өкілі «сыныңыз орынды, бұл бірінші партия ғой, келесі партияларда біз тиісті қорытынды шығаратын боламыз» деп уәде беріп кетіпті. Маханов мырза болса кооператив төрағасының сөзіне тәптіштеп жауап берді.

- Бұл қондырғылар - алғашқы қарлығаштар. «Көш жүре түзелмей ме», солай болғандықтан ондай майда мәселелердің туындауы да заңды. Біз әзір сіздің ауданға 11, облыс бойынша 30 қондырғы орнатып жатсақ, оның 28-і істеп тұрса, кейін бір ғана Мақтарал ауданының өзіне 100-ден астамын қоюды жоспарлап отырмыз. Ендеше Шымкент қаласында «Омега» зауытының өкілі отыратын болады. Оның өзінің қолында қосалқы бөлшектері, мамандары болады. Олар облыс бойынша қондырғыларға техникалық қызмет көрсетуді, операторларды оқытуды жолға қояды.

Қондырғылар «Жәрдем» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны арқылы сатып алынды. Қаржыны «Агроқаржы» корпорациясы бес жылға несиеге берді. Оның алғашқы 15 пайызын аудандар өздерінің есебінен төлеп жіберді. Мысалы, Шардара ауданы әкімдігі 11 қондырғы үшін 17 млн. теңге аударды. Қалған бөлігі су сатудан түскен ақшадан бес жыл бойына құйылауға тиіс. Бірақ, қазір облыс басшылығы 30 қондырғы үшін бөлінген 160 млн. теңгені де биылғы таза суға деп бөлінетін қаржының ішінен төлеуді жоспарлап отыр. Сонда қондырғылар түгел мемлекеттің бюджеттің есебінен қаржыландырылған болып шығады. Біз қазір сатылған судан түскен ақшаны ауыл әкімдіктері мен ауылдық-тқтынушылар кооперативтері бірлесе отырып шешіп, өздері қажет деп тапқан ішкі мұқтаждықтарына жұмсасын деген ой бар. Ал, ендігі келетін қондырғылардың бәрін мемлекеттік бюджет өз мойнына алады.

- Судың пайдалы екеніне дау жоқ. Қазір жұрт есігінің алдындағы құдығының тегін суын ішпей қойды. Менің өзім де кейде бұрынғы суды пайдалана қалсам ішімді ауыртады. Ауылдағылардың бұл суға ризалығы соншалықты, таңертең қондырғы ашылатын сегізде осы жерде кезекте тізіліп тұрған халықты көресіз. Кешкі сағат 7-8-ге қарай, жұрт жұмыстан, егіс алқабынан қайтқан соң тағы да сол көрініс. Мен сондықтан енді бір мотороллер сатып алмақшымын, сөйтіп суды операторға әр үйдің алдына тасып апарып беретін етейін деп отырмын, - дейді Әбдікерім мырза.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастар арасында салауатты өмір салты
Бал - бала компаниясынан шыққан қазақ тілінде сөйлейтін ойыншықтар
Бүгінгі істі ертеңге қалдырма
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамыту тақырыбын зерттеп теориялық негіздеу
Шараптың зияны
Маскүнемдік – үлкен дерт
Балалар және олардың ата-аналарының әрекеттесуімен қазақ тілін меңгерудің тиімді моделін әзірлеу
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы»
Оқушылардың тілінде болатын кемшіліктердің себептері
Ишемиялық жүрек ауруының теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz