Тасымалдау шарты кезінде қолданылатын көлік түрлері



І Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Тасымалдау шартының түсінігі мен элементтері.
2. Тасымалдау шарты бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттері

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Кеңестік құрылыс мақсатын шешуде көлік маңызды орын алады. К.Маркстің айтуынша, көлік материалды өндірістің төртінші қабаты деп танылған./1/ Қоғамдық өндіріс шеңберіне тікелей қатысу барысында көлік халық шаруашылығының басқа да салаларының сапалық көрсеткіштерін белгіледі. Оның өнімі болып – жолаушылар мен жүктерді орын ауыстыру процесі болып табылады. Көлік өнімді оны қолдану жеріне жөнелту арқылы айналым шеңберіне енгізеді. Көлік өндіріс процесінің үзіліссіз және қалыпты дамуын қамтамасыз ететін шаруашылық механизмінің құралына жатқызылды. Осылайша ол шикізатты, материалды, құрал-жабдықтарды, ауыл шаруашылық өндірісінің өнімдерін тасымалдау барысында өндірістің тұрақтылығын, ауыл шаруашылық және өндіріс өніміне айналуын қамтамасыз етті. Сондай-ақ халық шаруашылығының барлық саласының қажеттілігін, тасымалдау барысында азаматтардың қажеттілігін қанағаттандырды.
В.И.Ленин көлікті «біздің экономикамыздың өндіріс пен ауыл шаруашылық байланысының материалдық тірегі, шетелмен байланыстырушы материалдық құралы» деп атап көрсеткен.
КСРО-дағы көлік жүйесі жалпы көліктің жекелеген түрлерімен теміржол, өзен, теңіз, әуе және автомобильмен жүзеге асады.
Теміржолмен тасымалдау 1964 жылғы 6 сәуірде КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысымен қабылданған КСРО-ның теміржол Жарғысымен жүзеге асырылады.
1. ҚР Конституциясы, Алматы, «Жеті жарғы», 1995 ж.
2. Қазақстан Республикасындағы көлік туралы ҚР Заңы, 21.09.1994 ж.
3. Қазақстан Республикасындағы авиация қызметі және әуе кеңістігін қолдану туралы ҚР Заң күші бар Жарлығы, 20.12.1995 ж.
4. Теміржол көлігі туралы ҚР Заңы, 08.12.2001ж.
5. Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы ҚР Заңы, 15.12.2001 ж.
6. Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы ҚР Заңы, 17.12.2002 ж.

Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Тасымалдау шартының түсінігі мен элементтері.
2. Тасымалдау шарты бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттері

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Кеңестік құрылыс мақсатын шешуде көлік маңызды орын алады.
К.Маркстің айтуынша, көлік материалды өндірістің төртінші қабаты деп
танылған.1 Қоғамдық өндіріс шеңберіне тікелей қатысу барысында көлік
халық шаруашылығының басқа да салаларының сапалық көрсеткіштерін белгіледі.
Оның өнімі болып – жолаушылар мен жүктерді орын ауыстыру процесі болып
табылады. Көлік өнімді оны қолдану жеріне жөнелту арқылы айналым шеңберіне
енгізеді. Көлік өндіріс процесінің үзіліссіз және қалыпты дамуын қамтамасыз
ететін шаруашылық механизмінің құралына жатқызылды. Осылайша ол шикізатты,
материалды, құрал-жабдықтарды, ауыл шаруашылық өндірісінің өнімдерін
тасымалдау барысында өндірістің тұрақтылығын, ауыл шаруашылық және өндіріс
өніміне айналуын қамтамасыз етті. Сондай-ақ халық шаруашылығының барлық
саласының қажеттілігін, тасымалдау барысында азаматтардың қажеттілігін
қанағаттандырды.
В.И.Ленин көлікті біздің экономикамыздың өндіріс пен ауыл
шаруашылық байланысының материалдық тірегі, шетелмен байланыстырушы
материалдық құралы деп атап көрсеткен.
КСРО-дағы көлік жүйесі жалпы көліктің жекелеген түрлерімен теміржол, өзен,
теңіз, әуе және автомобильмен жүзеге асады.
Теміржолмен тасымалдау 1964 жылғы 6 сәуірде КСРО Министрлер
Кеңесінің қаулысымен қабылданған КСРО-ның теміржол Жарғысымен жүзеге
асырылады.
Автомобиль көлігімен тасымалдау 1969 жылғы 8 қаңтардағы КСРО
Министрлер Кеңесі қабылдаған автомобиль көлік Жарғысымен реттелген. Өзен
көлігімен тасымалдау 1955 жылғы 15 қазандағы КСРО Министрлер Кеңесімен
қабылданған КСРО Ішкі су көлігі Жарғысымен (ІСКЖ) реттелген.
Теңіз көлігімен тасымалдау 1968 жылғы 17 қыркүйектегі КСРО Жоғарғы Кеңес
Президиумының Жарлығымен қабылданған Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы
Кодекспен реттелген.
Әуе көлігімен тасымалдау 1983 жылғы 11 мамырдағы КСРО Жоғарғы
Кеңес Президиумының Жарғысымен қабылданған КСРО Әуе Кодексімен реттелген.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстандағы көлік жүйесі мен
көлік қызметін мемлекеттік реттеу арнайы көлік заңнамасында көрсетілген.
1994 ж. 21 қыркүйектегі Қ.Р-ның Қазақстан Республикасындағы Көлік
туралы Заңының 1 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының көлігі деп –
бұл оның территориясында тіркелген теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі,
қалалық, электрлік, соның ішінде метрополитен, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының территориясында орналасқан магистральді трубажелілі көлік
танылады.
Көлік сөзі көп мағынаны білдіреді. Бір жағынан ол
өздерінің тағайындалуы бойынша адамдар мен заттардың кеңістікте орын
ауыстыруын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың (жеке және заңды тұлғалар)
байланысы деп түсінеміз және ол қазіргі кезде экономиканың маңызды
салаларының бірі болып табылады. Екінші жағынан көлік сөзін өндірістің
ерекше саласы деп түсінеміз. Көлік уақытында және сапалы түрде ішкі және
халықаралық хабарлауларда тұрғындар мен халықты тасымалдау мен қызмет
көрсетуде, олардың қажеттілігін қанағаттандыру, экономиканың барлық
салаларында өмір қызметтеріндегі және мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін,
тасымалдау нарығының қалыптасуы мен олармен байланысты қызметтерді,
кәсіпкерлік қызметтің даму сапалылығын қамтамасыз етеді. Мемлекет көлік
қызметін қадағалауды жүзеге асырады, оның материалдық-техникалық базасының
дамуын, сондай-ақ мемлекеттік мұқтаждықтар құрамының негізгі қажеттілігін
қанағаттандыруды жүзеге асырады.
Көліктің магистральді түрі табиғи монополия түріне жатады. Ол олардың
дамуы мен жұмыс істеуінің ерекше жағдайын анықтайды.
Көліктің экономикалық ерекшелігі сол, ол олардың кеңістікте орын
ауыстыруын қамтамасыз етуде қандай да болмасын материалдық объектілерді
құрмайды. Адамдар мен заттарды тасымалдау көлік өндірісінің өнімі ретінде
қарастырылады.
Көліктік қызметтер 2 құрамды қосады:
1. Транслокацияны, яғни бір жерде басқа жерге орын ауысуы (көшуі);
2. Көліктік-экспедициялық қызмет.
Осыдан көлік –бұл хабарландыру жолдары, тасымалдау құралдары
(қозғалмалы құрам) кемелер, ұшақ, тартқыш құралдар мен терминалдар.
Көліктік қызмет көрсетулер туралы айтқанда келесі бөліктерді көрсетуге
болады: тасымалдаушы; стивидорлы, яғни тиеу-түсіру операцияларын жүзеге
асыру; тальмандық - жүктердің саны, қызмет көрсетулердің сауда-саттығы;
қоймалық- жүктерді сақтаумен байланысты қызмет көрсетудің сауда саттығы;
сондай-ақ басқа да көмекші қосымша қызметтердің іске асуы, мысалы: жүктерді
сорттау, таралар мен қораптау).
Тасымалдау шарты кезінде қолданылатын көлік түрлерінің сипаты:
Теміржол көлігі – темір жолдар жүктерді мол вагондық партиялармен –
ұзақ қашықтықта –таскөмір, руда, құм, ауылшаруашылық және орман өнімдерін
тасымалдау үшін көліктің ең тиімді түрі болып табылады. Жақында темір
жолдар клиеттердің арнайылығы бойынша өзінің санын көбейте бастады.
Автомобильдік тіркемелер (рейстік контрейлерлер) тасымалдауы үшін
платформалар, жүктердің жекелеген санаттарын сапалы түрде жүк өңдеуі
мақсатында жаңа құрылға жасалынды, тасымалдау барысында жүктердің өңделуі
мен тиелген жүктерді белгіленген мекенге тікелей маршрутпен
қайтаадресациялау сияқты жолдарда қызметтер көрсетіле бастады.
Су көлігі – құны жоғары емес үлкен тез бұзылмайтын жүктерді су
көлігімен тасымалдау құны, яғни құм, тас көмір, бидай, металл рудалар құны
өте аз. Бір жағынан су көлігі ең жай жүрісті және ауа-райының әсеріне аз
ұшырайды.

1. Тасымалдау шартының түсінігі мен элементтері.

Тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы жүкті немесе жолаушыны (теңдеме
жүкті) белгіленген мекенге жеткізуге міндеттенеді, ал жүк жөнелтуші немесе
шартта көзделген басқа да тұлға, жолаушы көрсетілген көлік қызметі үшін
ақы төлеуге міндеттенеді. Тасымалдау шартына тән ерекше белгілер жүктерді
тасмалдау шартында неғұрлым айқын көрінеді. Өзінің құқықтық табиғаты
жағынан ол реалды шарт болып табылады, тасымалдаушы өзіне сеніп тапсырылған
жүкті белгіленген мекенге жеткізуге міндеттенеді. Осылайша, тасымалдау
шартын бекіту тараптардан, тасымалдау шартының алғы шарттары ретінде
бағалауға болатын, белгілі бір әрекеттерді жүзеге асыруды талап етеді.
Кейбір жағдайларда тасымалдауға мүдделі жүк жөнелтуші мәлімдеме (тапсырыс
жасайды). Тасымалдаушы сертификаты бар көлік құралдарын (яғни олар дұрыс
болуға тиіс) беруге міндетті. Жүк жөнелтуші жүкті тасымалдауға беруге тиіс.
Темір жолдар мен жүк жөнелтушілер (жүк алушылар) жүктерді тасымалдауға
қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді шарттар (келісімшарттар) бекіте алады.
Ұзақ мерзімді тасымалдау шарттарының заңдық табиғаты өте даулы болып
табылады. Сөз, ҚР АК 692 – бабымен және ҚР Теміржол көлігі туралы заңының
38 –бабымен реттелген, тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарт жайында болып
отыр. Ол ұзақ мерзімді жүйелі тасымалдаулар орын алғанда қолданылады.
Тасымалдауды ұйымдастыру шарты консенсуалды болып табылады, өйткені
тасымалдаушы белгіленген мерзімдерде жүкті қабылдауға, ал жүк жөнелтуші
жүкті келісілген көлемде тасымалдауға беруге міндеттенеді. Біздің ойымызша
сөз алдын-ала шарттың ерекше бір түрі жайлы болып отыр. Заң шығарушы екі
мағыналы тұжырымды қолданған. Ұзақ мерзімді шарт мәнісі жағынан алдын-ала
шартепн көзделген жағдайларда тасымалдаудың негізгі шарттарын (болашақта)
бекіту туралы келісім болып табылады. Оның алдын-ала шарт екеніне
қарамастан, тасымалдаушылар мен жүк жөнелтушілер мүдделерінің маңыздылығын
ескере отырып, тараптар үшін оның міндеттемелік дәрежесі жоғары болуға
тиіс. Тек тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарт қазіргі жағдайларда
жоспарлаудың әкімшілік актісіне балама болып табылатынын атап өткен жөн.
Сонымен қатар ол тасымалдау шартында тікелей бекітілетін тараптардың
құқықтары мен міндеттерін анықтау үшін аса зор маңызға ие. Тасымалдауды
ұйымдастыру туралы шартта тасымалдаудың көлемі, мерзімдері, сапасы және
тасымалдау үшін көлік құралдары мен жүктерді берудің басқа да жағдайлары
анықталады.
Тасымалдау шарты – екі жақты және ақылы шарт, оның бұл сипаттамалары
оның элементтерін, соның ішінде ерекше тұрғын жүктерді тасымалдау шартының
мазмұнын, одан әрі қарастыру кезінде көрінетін болады. Заңнама (жүктерді)
тасымалдау шартына қатаң талаптар қояды. Ол көлік накладнойын,
коносаментті, тауарлы-көлік накладнойын немесе көлік туралы заңды
актілермен көзделген, жүкке деген басқа да құжаттарды толтырумен
рәсімделеді. Тауарлы-көлік накладнойында (накладной мен коносаментте)
шарттың негізгі жағдайлары туралы ақпарат болады. Оның (басқа да
тасымалдаудың құжаттарының) нысаны ҚР Көлік және коммуникация
министрлігімен жасалады. Осылайша тасымалдау шарттары ерекше формулярлы
жазбаша нысанда бекітілетіндігі айтуға болады. Тасымалдау шартының
ерекшелігі – оның қатысушыларының құқықтары мен міндеттерінің көпшілігі
тікелей нормативті актілермен реттелгендігінде. Жалпы алғанда тасымалдау
шарты жария сипатқа ие. ҚР Көлік туралы Заңының 11-бабына сәйкес
тасымалдаушы, ҚР-ның көлік кодекстерімен (жарғыларымен) көзделген
жағдайлардан басқа. Жеке және заңды тұлғаларға тасымалдаудан бас тартуға
құқылы емес.
Тасымалдау шартының тараптары. Жүктерді тасымалдау шартының бір тарабы
болып тасымалдаушы-заңды немесе жеке тұлға табылады. Тасымалдаушы – заңды
тұлға ретінде негізінен (мамандандырылған) көлік кәсіпорны болады, оның
орнында басқа да ұйымдар болуы мүмкін. Көлік кәсіпорындары жүктерді,
жолаушыларды тасымалдау бойынша көлік құралдарын сақтау, оларға техникалық
қызмет көрсету мен жөндеу жүргізу бойынша шаруашылық коммерциялық қызметпен
айналысады. Тасымалдаушы меншік құқығы немесе басқа да заңдық негіздер
бойынша көлік құралын иеленетін, ақы үшін немесе жалдау бойынша
жолаушыларды, көтерме жүкті, почтаны тасымалдау жөнінде қызмет көрсететін
және оған белгіленген тәртіпте берілген рұқсаты немесе лицензиясы бар тұлға
ретінде анықталады.
АК-тің 688 бабында алғаш рет Тасымал деген ұғым көліктік ұйым
деген түсініктің орнына енгізілді, ол деп отырғанымыз жалпы әлеуметтік
көліктің сол немесе басқа түріне енуші арнайы көлік ұйымы деп түсінеміз.
АК-те Тасымалдаушы деген ұғым біршама эволюциядан өтті. Мұндай
процесс шетел мемлекетінің заң шығару органдарында да өтіп жатты. Мысалы,
англосаксондық, француз және неміс құқығы бойынша тек көлік құралы иесі
тасымалдау шартын жасаған (shipowner – ағылшынша, shipleer – немісше,
lebourageois de Navir – французша) деп танылады. Кейіннен терминология
бөлшекті түрде өзгерді. Француз сияқты неміс құқығында кеме иелері деген
терминмен бірге кеме жалдаушы (фрахтователь) термині пайда болды. Ұқсас
өзгерістер көбінесе солтүстік еуропа мемлекетінде, сондай-ақ Голландияда
жүзеге асырылды. АҚШ-та олар freigt contracters деп, Еуропалық
контингентте – transportubernem деп аталады. Көрсетілген тұлғалар
тасымалдауды жүзеге асырумен айналысқан.
Көптеген жағдайларда олардың өздерінде көлік құралдары болмаған, бірақ олар
оны басқа кеме иелерінен жалдап алған, сондай-ақ, олар жалдау ставкасынан
айырмашылықты ала отырып тасымалдауды жүзеге асырған.
1921 ж. Гаага ережелерінде алғаш рет тасымалдаушы деген термин
(transporteur – франц., carrier - ағылш., transportowiec - поляк.)
енгізілген. Ал 1924 ж. коноссаменттер туралы Брюссель конвенциясында
мынадай анықтама бар (1 б. а т.): тасымалдаушы деген термин бұл
тасымалдау шартын жөнелтушімен жасасатын меншік (кеме) иесі немесе жалдаушы
болып табылады. Осы анықтамадан жүк тасымалдау шартын жөнелтушімен жасайтын
кез келген тұлға танылады, жүзеге асыруды қолға алады немесе көлік құралы
оның меншік құқығында немесе ол көлік құралын басқа құқықтық титул
негізінде пайдалануына қарамастан тасымалдаушы болып табылады. Сөйтіп,
тасымалдаушы деген АК-те қолданылатын ұғым халықаралық көлік құралдарында
қолданылатын терминге сәйкес өз атынан жүктейді, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туристерді тасымалдау ережелері
Тасымалдау шартының түсінігі
Жалпы пайдаланыстағы көлікпен тасымалдау
Тасымалдау шарты жайлы
ЖҮК ТАСЫМАЛДАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ
Сатып алу-сату шартының ұғымы және элементтері
Шарттардың жеке түрлері
Халықаралық жеке құқық пәнінен лекция жинағы
Тасымалдау шартының жалпы ережелері
Тасымалдау шартының сипаттамасы
Пәндер