Грек пәлсапасы Сократ


Сократ
Аты: Сократ (Σωκράτης)
Тууы: c. 469 / б. з. д. 471[1]
Өлімі: б. з. д. 399
Ағымы/салты: Грек пәлсапасы
Басты мүдделері: эпистемология, этика
Елеулі идеялары: Сократтық әдіс, Сократтық мысқыл
Ықпалданғандар: Платон, Аристотель, Аристипп, Антисфен Батыс пәлсапасы
Сократ (грекше: Σωκράτης c. 469 / 471 BC-399 BC[1] ), - ежелгі грек пәлсапашысы. Батыс пәлсапасының негізін қалаушылардың бірі болып есептелетін[1] ол Платонға қатты ықпал жасап, оның әсері Платонның шәкірті болған Аристотельге де етті. Сократтың ілімі қазіргі заман пәлсапасының маңызды бөлігі болып қалып отыр.
Ол этика саласына жасаған үлесімен белгілі, Сократтық мысқыл және Сократтық әдіс атты ұғымдар оның атымен аталған. Сократтық әдіс әлі де түрлі пікірталастарда жиі қолданылатын құрал болып отыр, ол құралды мәнісі мынада: түрлі-түрлі сұрақтар тек жауап алу үшін ғана емес, қатысып отырғандарға қарастырылып отырған мәселенің түп-тамырына үңілу үшін де қойылады. Сократ эпистемология және логика салаларына да маңызды үлестер жасап, батыс пәлсапасы мықтап орналасқан негізді қалады. Мазмұны
1 Өмірбаяны
1. 1 «Сократ мәселесі»
1. 2 Өмірі
1. 3 Сотталуы және өлімге кесілуі
Өмірбаяны
«Сократ мәселесі»
Сократтың тарихи дұрыс бейнесін жасап, оның пәлсапалық көзқарастарын сипаттауда белгілі бір қиындықтар бар. Ол қиындықтар «Сократ мәселесі» деп аталады.
Сократтың өзі ешқандай пәлсапалық шығармалар жазбаған. Біздің бұл кісі туралы білетініміздің барлығы оның замандастары мен шәкірттерінің жазып қалғандарынан алынған. Олардың ішіндегі ең маңыздысы - Платон, сонымен Ксенофонт, Аристотель және Аристофанның еңбектерінде де көп мәлімет берілген. [2] Сократтың «шынайы» тұлғасын қалпына келтірудің қиындығы - осы шығармалар тарихи шығармалар емес, пәлсапалық немесе көркем шығармалар ретінде жазылған. Оның үстіне ол дерек көздері өздерін тарихи сенімді деп сөз бермейді. Мынаны Сократ жазған деген ешбір шығарма белгілі болмағандықтан, тарихшылардың алдында тұрған қиын міндет - осы шығармаларда айтылғанды бағалай отырып, Сократтың өмірі мен үйреткен ілімін дұрыс сипаттай алу.
Жалпы алғанда, Платонның жазбалары Сократтың өмірі мен пәлсапасы туралы сенімді және мәліметті мол беретін дерек көзі ретінде қарастырылады. [3] Басқа шығармалармен салыстыра отырып, Сократты жай ғана Платон ойлап шығарған тұлға деуге келмейді. Ксенофонт пен Аристотельдің куәліктері мен Аристофанның Бұлттар комедиясындағы кейбір бөліктер Сократтың шынайы бейнесін қалпына келтіруге көмектеседі.
Өмірі
Сократ бейнеленген әшекей тас. Б. з. д. 1-ші ғасыр - б. з. 1-ші ғасыры.
Сократ туралы мәліметтер онымен замандас үш дерек көзінен алынған: Платон мен Ксенофонттың (екеуі де Сократтың шәкірті) диалогтары және Аристофанның комедиялары.
Аристофанның «Бұлттар» комедиясында Сократ өзінің шәкірттеріне алған қарызды қалай төлемей қлюға болатынын үйрететін алаяқ ретінде бейнеленген. Алайда Аристофанның шығармаларының көбі пародия ретінде жазылған, сондықтан оларда айтылғанды тіке мағынасында түсінуге болмайды.
Платонның айтуынша, Сократтың әкесінің аты Софрониск, шешесінің аты Фенарета болған, шешесі әйелдерді босандыратын кіндік шеше болған. Бет-әлпеті ұсқынсыз, бойы тапал адам ретінде сипатталса да, Сократ жасы өзінен көп кіші Ксантиппаға үйленген. Одан ол Лампрокл, Софрониск және Менексен деген үш ұл сүйген. Сократ өлім жазасына кесілгеннен кейін мүмкіндік бола тұра қашудан бас тартқан, сол үшін оның досы Критон сол балаңды неге ойламайсың деп жазғырды.
Сократтың нендей кәсіппен айналысып күн көргені белгісіз. Тимонның және кейінгі дерек көздерінің айтуынша Сократ әкесінен тас қалаушылық өнерін үйренген.
Сократтың ешқашан ешқандай кәсіппен айналыспағанына меңзейтін деректер бар: Ксенофонттың «Симпозиум» деген шығармасында Сократ өзінің бар уақытын ең маңызды кәсіп немесе өнер деп қарастыратын нәрсеге, яғни пәлсапаны талқылауға бағыштайтынын айтады. Аристофан «Бұлттар» комедиясында Сократты тәлім бергені үшін ақы алады деп суреттесе, Платонның «Апология» және «Симпозиум» атты шығармаларында және Ксенофонттың шығармаларында Сократ өзінің берген тәлімі үшін ақша алғанын жоққа шығарады. «Апологияда» Сократ егер мен ақы алатын ұстаз болсам неге сонша кедеймін деген уәж айтады.
Платонның бірнеше диалогтарында Сократтың әскери қызмет атқарғаны туралы айтылады. Сократ өзінің үш жорықтың кезінде: Потидея, Амфиполь және Делий жорықтарында әскерде болғанын айтады. «Симпозиумда» Алкивиад Сократтың Потидея және Делий шайқастарында көрсеткен ерлігін, Потидеяда Сократ өзін өлім аузынан аман алып қалғаны туралы айтады. Сократтың Делийдегі ерекше қызметі «Лахет» диалогында Лахет деген қолбасшы егжей-тегжейлі айтып береді. «Апологияда» Сократ өзінің соттағы көріп отырған қиындықтарын әскери қызметімен салыстырып, менің өлімнен қорқып өз пәлсапамнан бас тартуым жауынгердің өлімнен қорқып, шайқасты тастап
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz