Аграрлық секторда шағын кәсіпкерлікті дамыту


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Соңғы бесінші бағыт - қоғамда кәсіпкерлік ахуал жасау, қоғамның өргетасын өзгерту сипаттамасын талап етеді, қоғамдық сана және қоғамдық пікірді айтарлықтай өзгертетін. Бұл жол кәсіпкерлікке деген қоғамның теріс көзқарастарын жойып, кәсіпкерліктің тұтас класын құруды және үнемі жаңа түрлерімен және мүшелерімен толықтырылып тұратын қатынастарды жүзеге асырады. Қазақстанда бүгінгі күнге дейін теріс көзқарастар халықтардың кәсіпкерлерді «оңай ақшамен» табыс табатын адамдар жөніндегі әлі жойылмаған. Бұл түсініктер біртіндеп кәсіпкерлік қызмет сипаттамасымен, яғни сауда - делдалдық қызметтерге бағытталғанын түсіндіріледі.

90 жылдардың басында еліміздің аграрлық реформада жекешелендіру және мемлекеттік иеліктен алу белгілі бір деңгейде жүргізіледі және зұлматты процеспен аяқталды - «халықтық» жекешелендіру деп аталды, ауыл тұрғындарын реформаның маңыздылығын, өздерінің құқықтары мен міндеттері жөнінде толық ақпаратпен қамтылмады. Ауыл тұрғындарының бірқатары қайта құруды компанияның үстінен кезекті өткізу деп қабылдады.

Көптеген ауыл тұрғындарының кәсіпкерлікке деген теріс көзқарастары тек ауыл шаруашылықтың төмен табыстылық факторы ғана емес, мақсатты бағыттарының қалыс қалуы мемлекеттік қолдаудың және жабдықтаудың, өткізу, несиелік құрылымның: ауыл кәсіпкерлер мәселелерін өздері ғана шешіп отырды. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау, қорғау және үнемі насихаттаудағы бетбұрыс - кәсіпкерлік қызметтің аласындағы психалогиялық ахуалын өзгертуді және қоғамдық пікірді толық кәсіпкерлікті қолдау жағына қарай өзгерту.

Шағын кәсіпкерлікті басқарудың аймақтық (облыстық) жүйесін құру және атқарымдылығы.

Аграрлық секторда шағын кәсіпкерлікті дамыту деңгейі аймақтарда әлеуметтік - экономикалық және табиғи - климаттық жағдайларға байланысты ерекшеленеді, сонымен қатар аймақтың басқару органдарының қызметтері. Аймақтарда жергілікті басқару органдары кәсіпкерлікті дамытуға назар аудармайтын болса, жаңа кәсіпорындарды құру кезінде қадағалауы тиіс және аймақтың толыққанды нашар экономикалық дамуы байқалады.

Шағын кәсіпкерлікті дамыуың аймақтық саясаты жалпы мемлекеттік заңдылықтар мен реттеудің көлемінде жүзеге асырылуы қажет, мұнда кәсіпкерлікті аймақтың басқарудың бірқатар шектеулерін атап өтуге болады. Бірақта жергілікті салықтардың мөлшері, бизнесті қаржылық ынталандыру, ақпараттық көздерде және өндіріс құралдарын жеткізу аймақта ең төменгі күнкөрістің салыстырмалы арзандығы, бизнесті ашу және қызметтері кезіндегі нысаншылдықтың қалыс қалуы, бизнес инфрақұрылымыының саны кейбір аймақтарда бизнесті қалыптастыру үшін басқалармен салыстырғанда аса тиімді тартымды болуы мүмкін.

Тәжірибеде көрсеткендей, егер аймақта немесе облыста жергілікті басқару органды кәсіпкерлікті қолдау белсенді қызмет атқарса, онда жаңадан құрылған шағын бизнес субъектісінің саны артады.

Шағын бизнесті мемлекеттік қолдаудың аймақтық (облыстық) деңгейлерде негізгі бағыттары мынадай:

  1. Облыста дамытудың әлеуметтік - экономикалық бағдарламасын жасау және тарату, шағын бизнесті дамыту негізінде жаңа жұмыс орындарын ашу.
  2. Ауылдың кәсіпкерлік жүйесінде инвесиция және басқа да қаржыландырудың мемлекеттік емес көздерін тарту.
  3. Кеңес беру орталығын құру және осындай орталықтарды ұйымдастыру арқылы жергілікті атқарушы органдарға көмек беру.
  4. Ауыл кәсіпкерлігі үшін мамандарды даярлау және қайта даярлау курстарын ашу.
  5. шағын кәсіпкерліктің мүддесін қорғау.

Аймақ немесе облыс деңгейіндегі кәсіпкерлікті қолдаудың бірінші бағыттары - шағын бизнесті дамыту базасында аймақты экономикалық дамытудың бағдарламасын жасау. Бұл бағыттар аймақтың экономикалық жағдайын жақсарту мақсатында, кәсіпкерлікке көмек көрсету және оның бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату жолымен енгізілуі қажет.

Аграрлық секторда аймақтың бағдарламаны жасау кезінде мүмкінділігінде аймақтың өз күшімен және өз қаражаттарымен сонымен бірге кәсіпкерлік қызметтегі жеке тұлғаларды қатыстыруды ескеру қажет. Басқыншылық және сыртқы көмектер оларды жүзеге асырудың қосымша көздері болуы мүмкін. Аймақтық жобаларды қолдау деңгейінің белгілі билік етуі орталық органдардың тек олардың экономикалық түсімділігі ғана емес, сонымен қатар аймақты дамытудың тұрақтылығы, келешегі, жаңа жұмыс орындарын құруы болып табылады. Сол себепті сыртқы көмектер білікті, нақты және атаулы болуы қажет.

Аграрлық сектордағы аймақтық саясаттың мақсаты - ауыл шаруашылық өндірістерін оңтайландыру, яғңни мұндай өндірістің оңтайландыру құрылымы аса тиімді экономикалық қажеттіліктің және табиғатты қорғаудың нақты шаралары. Ол бәсекеге қабілетсізділік жағдайларда өндірістің құрылымын өзгертуді және әртараптандыруды ынталандыруы қажет. Бұл байланыстарда басты назар сараланған факторларды пайдаланудың қарқындандыру ретінде және салынған қаражаттардың ең жоғарғы тиімділігін қамтамасыз ету үшін экстенсивтендіру жөн.

Аймақ деңгейіндегі кәсіпкерлікті дамытудың саясаты нына төмендегілерді қамтуы қажет:

  • облыстық және аудандық деңгейде шағын кәсіпкерліеті қолдауда инфрақұрылым элементтерін құрудағы шаралар;
  • кәсіпкерлік қызметке халықтың көбірек тарту, әсіресе жұмыссыздарды.

Қазақстанның аграрлық секторының өзіндік ерекшеліктері оның әр түрлі табиғи - климаттық жағдайымен қоса, жоғарыда атап өткенбіз, аймақ бойынша ауыл кәсіпкерлігін дамытудың негізгі бағыттарын анықтау кезінде сараланған жолдарды талап етеді. Аймақтық бағдарлама өндірістің мақсатқа сай және тиімділік принциптерінен және ауыл шаруашылық өнімдерінің немесе ауыл шаруашылығы салаларының осы және басқа да түрлерін дамытудан құрылуы керек. XIX ғасырдың ортасында Ресейлік аграрлық ғылымдарының атақты зерттеушілерінің бірі М. Вольский факторлардың арасынан аймақтың агарарлық саясатты жүргізудің сараланған жолды ашықтаудағы қажеттілік деп ең бірінші кезекте табиғи жағдайларды атап көрсетті (103, 18 бет) . Бұл факторларды ерекше бөледі және көптеген қазақстандық ғалымдары (104, 105, 106) әселен, Солтүстік аймақтың табиғи - климаттық жағдайы астық шаруашылығын дамыту үшін аса қолайлы болып келеді. Сондықтан кәсіпкерлікті дамыту негізінен осы бағыттар бойынша жүзеге асырылуы тиіс.

Шығыстағы аймақтар жарма (тары, горох, сулы), майлы (өсімдік майы) дақылдар шаруашылығы үшін; ал мал шаруашылығында майлы етті қойларды және марал шаруашылықтары үшін тиімді болып саналады.

Оңтүстік аймақтық облысының жағдайы негізінен жүгері, күріш, көкөніс және бақша дақылдары, жүзім және жеміс жидек дақылдары үшін қолайлы. Ал мал шаруашылығында жүнді қой мен қаракөл қойлары өсіріледі.

Орталық аймақтық облыстары жайылым жерлеріне бай. Сондықтан мүнда ауыл кәсіпкерлігі майлы - етті қой шаруашылығына, етті мал шаруашыылығы және жылқы өсірумен айналысуы қажет.

Батыс аймағы кәсіпкерліктің мал және қой шаруашылығына мамандануына аса тиімді, сонымен бірге балық шаруашылығы үшін ауқымды мүмкіндіктері бар (107) .

Аграрлық секторда аймақтық саясаттың міндеттері нақты аймақтарды экономикалық және әлеуметтік дамытудың ғылыми негіздерін қалыптастыру болып табылады, бірінші кезекте оның мақсаттары жалпы экономикалық өсудің айтарлықтай деңгейіне бейімделуге жету үшін негізгі тетіктерді қолдану керек. Сол себепті есепке аалу керек, жеке капитал өндірістік жүйеге қаражаттарын салады, белгілі бір табыс әкеледі, ал инвестиция тұрақты сипаттағы (инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік мәдени жүйе және т. б) бюджеттен жүзеге асуы тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономика жағдайындағы шағын кәсіпкерлік қызметтің ғылыми негіздері
Аграрлық секторда кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі (Моңғолия Республикасының Баян-Өлгий аймағының мысалында)
:Кәсіпкерлік пен бизнестің айырмашылығы
Аграрлық секторда тауар өндірушілердің тұрақты жұмыс істеуі үшін түрақты қаржы-несие жүйесін құру
Шаруа қожалықтарының және кәсіпкерліктің даму жағдайы
Аграрлық секторда кәсіпкерлікті дамытуды жетілдіру жолдары ( Оңтүстік Қазақстан облысының мәліметтері негізінде
Шаруа қожалықтарының даму концепциялары
Ауыл шаруашылық өндірісі
Аграрлық өндіріс пен агробизнестің экономикалық мазмұны мен табиғи ерекшеліктері
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕДЕЛДЕТІЛГЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ПРОГРЕСІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz