Кітапхананың ақпараттық іс-әрекетіндегі маркетинг


Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:   

Диплом жұмысының жетекшісінің пікірі

Студент дипломдық жұмысының тақырыбы: «Кітапхананың ақпараттық іс-әрекетіндегі маркетинг».

Студент дипломдық жұмыста кітапхананың ақпараттық құрылым жүйесінде маркетингті қолдану, пайдаланушыларға ақпараттық қызмет көрсетудегі маркетингтің маңызды функциясын талдап, кітапханалық маркетингті теориялық тұрғыда негіздеп, ұсынуға қадам жасаған. Кітапхананың ақпараттық іс-әрекетін оңтайлы басқарудағы маркетингтің маңыздылығын айқындаған.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Жұмыстың теориялық-тәжірибелік маңызы. «Кітапханалық маркетинг» пәнін оқытуда, осы пән бойынша пайдаланушыларға ақпараттық қызмет көрсетуде қолданысқа енгізуге зор көмегін тигізері сөзсіз.

Дипломдық жұмысты орындау барысында көзделген міндеттер орындалған.

Жұмыс өте жоғары дәрежеде жазылған, сондықтан бұл жұмыс қорғауға жіберіледі.

Жетекші:

«___»20__ ж.

Диплом жұмысы жайында кафедра қорытындысы

Студент диплом жұмысы тексерілді, Мемлекеттік комиссияға бұл жұмыс қорғауға жіберілді.

Студент дипломдық жұмысына сын-пікір

Жұмыс тақырыбы: «Кітапхананың ақпараттық іс-әрекетіндегі маркетинг».

Диплом жұмысы жеке орындалған, аяқталған зерттеу болып табылады. Онда кітапхана қызметі саласында маркетенгті пайдаланудың жалпы мәселелері талданып, кітапханаларға арналған маркетинг концепциясы ұсынылған. Кітапханалық - ақпараттық өнімдер маркетингін пайдаланудың қажеттілігі мен маңызы көрсетіліп, қызмет көрсетудің қазіргі заман талабына сай жоғары деңгейде ұсынылу мәселелері қарастырылған. Студент өз жұмысын теориялық тұрғыда негіздеп, отандық және шетелдік маркетологтардың пікірлеріне сүйенген.

Жұмыстың зерттеу мақсаты кітапханаларда маркетингті қолдануды теориялық тұрғыда негіздеп, жоғары деңгейдегі қызмет көрсету мен кітапхана қызметін басқарудағы өзектілігін ашып көрсету болып табылады.

Дипломдық жұмысының құрылымы дипломдық жұмыстарға қойылатын ЖОО талаптарына сай жазылған. Жұмыста кітапханалық маркетингті пайдаланудың қажеттілігі айқындалған. Сондықтан бұл дипломдық жұмыста бітірушінің көп ізденгені, соңғы шыққан әдебиетерді талдап зерттегені байқалады.

Бұл жұмыстың кемшілігі ұсыныстарын толық ашып көрсетпеген. Бұл кемшіліктерге қарамастан жұмыс «өте жақсы» деген бағаға лайық деп табылып, қорғауға жіберіледі.

Мазмұны

Кіріспе 3

I Тарау: Маркетингтің теоретикалық негіздері және жетекші құрылымдық элементтері.

1. 1. Кітапхана қызметі саласында маркетингті пайдаланудың жалпы

мәселелері. 6

1. 2. Кітапханалық қызмет көрсетудегі маркетинг. 16

1. 3. Кітапхана қызметінде қолданылатын маркетингтің түрлері. 36

II Тарау: Кітапхананың ақпараттық іс-әрекетіндегі маркетинг

2. 1. Кітапхананың ақпараттық құрылым жүйесінде маркетингті қолдану59

2. 2. Кітапханалық - ақпараттық өнімдер маркетингінің маңызы мен жалпы сипаты 67

Қорытынды 78

Әдебиеттер тізімі 80


Кіріспе

Зерттеудің көкейтестілігі: Нарықтық экономиканың дамуы, жеке тұлғаның құқықтарының кеңеюі ақпараттар әлемінде де елеусіз қалған жоқ. Әрбір ақпаратты пайдаланушы өзіне қажетті ақпаратты таңдаумен ғана емес, сондай-ақ өзінің кәсіби қызығушылығы мен ықыласына сәйкес ақпаратты алуға, жеке білім жолын жобалап, жүйелеуіне құқылы.

Мұндай жағдайда ақпарат пайдалану кеңістігі мен уақытындағы пайдаланушының білім алуын жақсартудың қажеттілігін мойындауға тура келеді.

Қазіргі заман талабына сай пайдаланушылардың қажеттіліктерін, сұраныстарын қанағаттандыру, әрбір кітапхананың имиджін, артықшылығын көтеру, кітапхананың қызметі жайлы мәліметтерді көпшілікке жеткізу, тарату мақсатындағы жарнама, міне осының барлығы кітапханалық маркетинг қызметінің қажеттілігін айқындап берді.

Кітапханалық маркетинг спецификасы көпшілік кітапханаларында тегін кітапханалық - ақпараттық қызмет көрсету және олардың ауқымын кеңейтуге бағытталған. Ақылы қызмет қосымша қызмет ретінде атқарылады, ол кітапханаға қосымша қаржылай және материалды түрде кіріс кіргізу мақсатында іске асырылады.

ҚР инновациялық экономика құрудың бірден-бір жолы пайдаланушыларға ақпаратты мейлінше кеңінен тарату, кітапханалық -ақпараттық қызметте маркетинг үрдісін пайдалану арқылы кітапхананың экономикалық жағдайын жақсартып, деңгейін көтеруге мүмкіндік алып, пайдаланушылардың қызығушылығын есепке ала отырып, қажеттіліктерін жауапсыз қалдырмау болып саналады. Адамзат тіршілігіндегі әрбір жаңа кезеңнің өзіне тән жетістігі мен мұқтажы болады. Ал қазіргі нарықтың экономиканың құлашын кеңге жайып, тез қарқындап өсе түсу адамзат қоғамының жаңалыққа тез қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Осыған орай халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы және рухани байлығы да әрбір жекелеген жағдайда қажетті мазмұнмен толықтырылып отырыды. Ал бұл жағдайда қоғамда ақпараттың алар маңызы ерекше.

Жұмыс тақырыбының өзектілігі ақпараттандыру адам өмірінің барлық жағының интелектуалды-гуманистік құрылымы ретінде танылып, ақпаратты мейлінше толығымен пайдалану оның даму ресурсы ретінде адамның ақпараттық мәдениетінің қалыптасуының маңызын арттырды.

Уақыт өткен сайын пайдаланушылардың да ақпаратқа деген қажеттілігі тереңдеп, әр түрлі сипатқа ие бола бастады. Ал оны қанағаттандыруда кітапханалардың ақпаратын қызметі ұшан-теңіз. Пайдаланушылардың кітапханаға деген қызығушылығын ояту, ақпаратқа деген сұранысты жоғарылату, кітапханалық қызмет көрсетуді сапалы жүргізу, кітапхананың пайдасын, оның қажеттілігін дәлелдеу, міне осылардың барлығы кітапханалық маркетингтің өмірге келуіне септігін тигізді.

Осыған байланысты қазіргі заман талабына сай пайдаланушыларға жоғары деңгейде қызмет көрсету, оқырман қажеттіліктеріне сәйкес жұмыс жүргізу, кітапхана мәртебесін көтеру, кітапханалық технологияны оңтайландыруды теориялық тұрғыда ғана емес практика жүзінде дұрыс бағыт көрсетейік деген мақсатпен диплом жұмысының тақырыбын «Кітапхананың ақпараттық іс-әрекетіндегі маркетинг» деп таңдап алуымызға себеп болды.

Диплом жұмысының мақсаты: Кітапхананың ақпараттық іс-әрекетін оңтайлы басқаруды көздейтін кітапханалық маркетингті теориялық тұрғыда негіздеу, әрі әдістемелік жақтарын ашып көрсету.

Диплом жұмысының обьектісі: Кітапханалардың іс-әрекетінде ақпараттық маркетингі қолдану мәселелерін қарастыру.

Дипломдық жұмысының міндеті: - Кітапханалық - ақпараттық жүйе қызметінің экономикалық негіздерін зерттеу;

- Кітапханалық - ақпараттық ресурстарды тимді пайдалану жағдайында кітапханалық - ақпараттық жүйенің ұйымдастырылған құрылымын басқарудың ғылыми негізін өңдеу;

- Пайдаланушыларды ақпаратпен қамтамасыз ету;

- Кітапханалық қызмет көрсетудегі маркетингтің маңызды сипатын ашып көрсету.

Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде диплом жұмысының көкейтесті мәселелері, яғни ақпараттандырудың адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналып, ақпаратты таратудағы кітапханалардың маңызы, қызметі өскені, кітапханалық іс-әрекетті басқарудағы ақпараттық маркетингтің қажеттілігі мәселесі қозғалды.

І. Тарауда «Маркетингтің теоретикалық негіздері және жетекші құрылымдық элементтері» деп аталып, бұл тарауда кітапхана қызметі саласында маркетингті пайдалану, кітапханалық қызмет көрсетудегі маркетинг, кітапханада қолданылатын маркетинг түрлері мәселелері қарастырылды.

II. Тарауда «Кітапхананың ақпараттық іс-әрекетіндегі маркетинг» деп аталып, кітапхананың ақпараттық жүйесінде маркетингті қолдану, кітапханалық-ақпараттық өнімдер маркетингінің олар маңызын, жалпы сипаты көрсетілді.

Қорытындыда диплом жұмысын алға қойған мақсатын айқындап, кітапханалық маркетингтің кітапханаларда қолданылу аясының тар екендігіне баса назар аудардық.


I Тарау: Маркетингтің теоретикалық негіздері және жетекші құрылымдық элементтері

1. 1. Кітапхана қызметі саласында маркетингті пайдаланудың

жалпы мәселелері.

«Маркетинг» терминінің негізінде «нарық» десен сөзді білдіретін «market» сөзі жатыр. Сондықтан маркетинг термині басқару философиясы, нарық жағдайындағы басқару, нақты пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған процесс ретінде түсініледі.

Кең мағынада маркетинг - бұл индивидтер мен жекелеген топтардың өнімді шығаруы мен алмасу арқылы өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатындағы әлеуметтік - басқарушылық процесс. Бұл процесстің негізінде келесі түсініктер жатыр: қажеттілік, сұраныс, өнім, айырбас, келісім, нарық. Қажеттілік - қанағаттандыруды талап ететін бір нәрсеге деген зәрулік. Егер адам қандай да бір қажеттілікті қанағаттандыра алмаса, онда ол оны өзгертеді немесе қажеттілік деңгейін төмендетеді. Маркетингтің басты мақсаты - қажеттілікті табу және оны қанағаттандыру.

Маркетингке байланысты айтқан отандық және шетелдік маркетологтардың көптеген пікірлерін қорыта келе бір жағынан оның сұранысқа, қажеттілікке, яғни нарық диагностикасына бейімделуін, екінші жағынан - сұранысқа сәйкес нарықты қалыптастыру үшін осы сұранысқа белсенді ықпал етуін айта кету қажет. Ол пайдаланушылардың күнделікті қажеттіліктері, қосымша қызмет көрсетуге (сервиске) ескертпелері, сондай-ақ нақты субъектінің жағдайлық және потенциалды мүмкіндіктері жайлы бір уақыттағы ақпаратты сенімді болжауға бағытталған. Маркетинг концепциясы басқару қызметіне жүйелік тәсілді жүзеге асыруға мүмкіндік береді: ыңғайлы мақсаттар қояды, күнделікті тапсырмаларды жинақтайды, қажетті ұйымдастырушылық-экономикалық іс-шараларды іске асырады.

Қазіргі кітапханалардың мамандары, бірінші кезекте директор, меңгеруші және құрылымдық бөлімдерді басқарушылар - кітапханалық менежерлер маркетингтің негізгі мәнін теоретикалық білуі және кітапханалық-ақпараттық мекемені басқарудың нарықтық концепциясын практикада қолдана білуі тиіс.

Классикалық интерпретацияда маркетинг жеткізіп беруші (өнімді, қызметті) және сатып алушы (пайдаланушы) арасындағы қарым-қатынасты оңтайлы жолмен шешуге бағытталған әрекетті ұсынады. Бұл қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған, профильді сұранысты қалыптастыратын басқарудың жүйелі әдісі. Маркетингтің (М) келесі «формуласын» модельдеуге болады:

сұранысты зерттеу, қосу

М оны қанағаттандырудың тиімді тәсілдері, қосу

өнім / қызметті ойланып «беру» детальдарына дейін

Маркетинг теориясының пайда болуы тікелей өмірмен байланысты. Қоғамның даму жағдайларындағы өзгерістер, жинақталған тәжірибелер мен өндірушілермен тұтынушылар арасындағы әрекеттің жинақталуы маркетинтің дамуына жағдай жасады.

«Маркетинг», «менеджер», «менеджмент» түсініктері әлемдік экономикалық сөздікке тез енді.

Әлемдік тәжірибеде маркетинг теориясы бірден пайда бола қойған жоқ. тек XIX ғасырдың ортасында ғана маркетингтің принциптері мен әдістері пайдаланыла бастады. XX ғасырдың басында АҚШ-тың кейбір университеттерінде оқу процестеріне «Маркетинг әдістері» курсы енгізілді. Осы жылдар нарықтық қызметке арналған көптеген. жұмыстар жарық көреді. 20 жылдары «Маркетинг» теориясы экономика ғылымына тауарлық қатынас саласының қызметтің барлық түрі ретінде мықтап енді. 1931 жылы маркетингтің американдық ассоциациясы құрылды.

60 ж. ж. көптеген батысамерикандық және жапониялық компаниялар маркетингті жоспарлау негізінде пайдаланыла бастады. Осы жылдары халық аралық маркетинг деп аталған нарықтық концепцияның бір түрі пайда бола бастады (international marketing) . Бұл халықаралық сауданың қарқынды дамуына байланысты маркетингтің теориясы мен практикасындағы жаңа бағыт.

Қызмет көрсету маркетингінің тауарды және өнімді тұтынушылардың маркетингінен айырмашылығы бірыңғай модель құрмайды. Керісінше, тұтынушылық және өнім маркетингіне бөлініп, өз ерекшелігі бойынша өнім құралдар маркетингімен қосылады.

Қызмет көрсетуді жіктеу қызметке деген сұраныс, қажет етілген қызмет көлемі мен оның күнделігіне байланысты. Материалдық емес қызмет сапасын тек қана қызметті орындағаннан соң бағалауға болады. Сондықтан қызмет көрсету деңгейін әрқашан бірқалыпты сақтап тұруға болмайды, өйткені қызмет көрсету әр түрлі деңгейдегі мамандардың қатысуымен өзгеріп отырады.

Қызметке сұраныс қанағаттандырылмай қалуы да мүмкін. Бұл жерде фирманың мүмкіндіктерін есепке алу қажет, бұл сұранысты бақылауға септігін тигізеді.

Ақпарат - қоғамның таусылмайтын және шектеусіз ресурсы. Осы ресурстарды өңдеуде және тұтынушының ақпаратты пайдалануына жағдай жасауда көрсетілетін қызмет маркетингіне жатады. Кітапхананың қызмет маркетингі кейде кітапханалық өнім маркетингі кешеніндегі қызмет ретінде жүзеге асырылады. Бұл ерекшелік кітапханалық өнім мен кітапханалық қызметті тұтыну процестерінің сәйкес келу нәтижесі. Көбінесе бұл еңбек құралы ЭВМ болып табылатын өнімдер мен қызметке жатады.

Маркетинг рынокқа шығаруға жарайтын - кітапханалық өнім мен қызметтің мүмкіндіктері мен кітапхана мүмкіндігін байланыстырады.

Кітапхана өнімінің бағалылығы үлкен маңызға ие және жалпы адамзаттық жетістік ретінде ерекшеленеді. Қоршаған ортаны талдауды, нарықты жан-жақты зерттеуді (нарықтық зерттеу), ресурстарды бағалауды, қажеттіліктерді талдауды, қанағаттандырылмаған сұранысты және жанама пайдаланушыларды көрсетуді, қызмет өнімдерінің бөсекелестікке жарамдылығын анықтауды қамтамасыз ететін кітапханалық маркетингтің теориясы келесі жағдайларға негізделген:

- Өнім мен қызмет (өнім саясаты) ассортименттерін (номенклатурасын) жоспарлау;

- Өзіндік баға мен жалпы бағаны (баға саясаты) жоспарлау;

- Өткізуді жүзеге асыру және жоспарлау(дистибуция саясаты) ;

- Өнім мен қызметті жоспарлау(өнім саясаты) ;

- Ұйымға ықпал ету және нақты қызметті басқару (коммуникация саясаты) .

Маркетингтің негізгі мақсаты мен міндеті тұтынушының толық қанағаттануына, максималды түрде тұтынуға қол жеткізу, нарықтық профильді сегментін қатайту, өнім мен қызметтің оңтайлы таңдауын ұсыну, перспективті сұранысты дамыту, позитивті имиджді қалыптастыру.

Маркетинг теориясының принциптеріне байланысты кітапханаларды қазіргі заман талабына сай басқару мен қызмет логикасы 1981 жылдың өзінде-ақ ағылшын кітапханашысы Б. Кронин құрастырған коммерциялық емес ұйымдар, кітапханалар, ақпарат пен құжат жүргізу органдарына арналған маркетинг концепциясына сәйкес келеді. Кейіннен бұл концепция модификацияланып (өңделіп) «материктік» жағдайлар мен П. Борхард басқаратын неміс кітапханалық институтының (Берлин) эксперт топтарының европалық кітапханалық ландшафтына сәйкестендірілді. Кітапханалардың маркетингтік концепциясы біздің интерпретацияда 11 кезеңнен жинақталып, жалпылама сызба түрінде былай бейнеленеді:


Кітапханаларға арналған маркетинг концепциясы

Кітапханалық маркетингте ең бастысы - екі жақты және бірін-бірі толықтырып отыратын әрекет. Бір жағынан бұл оқырмандардың қажеттіліктерін, сұраныстарын, қызығушылықтарын мұқият және жан-жақты зерттеу, осы қажеттіліктерге сәйкес қызмет көрсетуге бейімделу, қызмет көрсету мекенінің тұрақтылығы; екінші жағынан - сұранысқа сәйкес көрсетілетін қызметті пайдалануға белсенді ықпал ету, қажеттіліктерді қалыптастыру. Міне, осылайша кітапханалық маркетингтің негізі анықталады.

Маркетинг жеке мүмкіндіктерді бағалауды, өзіңе және өз жұмысына пайдаланушының көзқарасымен қарауды, өз кемшіліктеріңді жоюды талап ететін құрал болып табылады.

Маркетингті кітапханаларға енгізу маркетинг концепциясын зерттеуден басталады. Кітапханалардың дамуына мемлекеттік тұрғыдан қолдау көрсетілу қысқартылып жатқан қазіргі уақытта кітапханалар қолда бар қорды оңтайлы пайдалану және өзінің әлеуметтік, мәдени-қоғамдық қажеттілігін әрдайым дәлелдеп отыру үшін өз қызметінің жаңа концепциясын қарастыруы тиіс. Мұндай жаңа концепция маркетинг болып табылады.

Осыдан келіп қазіргі заман талабына сай кітапханалық маркетинг концепциясын біз қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайда тиімді жұмыс істеуге жағдай жасайтын жүйе ретінде кітапханаларда маркетингті пайдалану қажеттілігін түсінеміз. Кітапханалық маркетинг концепциясы кітапхананың жалпы мақсатын, міндетін және қызметін, оның жетістіктері мен бағытын айқындайды. Концепция - бұл кітапхананың қызметінің өзіндік атауы. Маркетингтік концепцияның жай концепциядан айырмашылығы, ол маркетинг теориясы мен нарықтық жағдайға сүйене отырып жасалады, пайдаланушылардың сұраныстарын, қызығушылықтары мен ерекшеліктерін есепке алады.

Маркетингтік концепция жұмысының негізгі кезеңдері:

- негізгі жағдайларды анықтау;

- негізгі қызметтің мақсатын, міндетін анықтау;

- ішкі жағдайды (күшті және әлсіз жақтарды) талдау;

- қоршаған ортаны, бәсекелестерді, серіктестерді талдау;

- мақсаттық топтарды, олардың сұранысын (нарық сегментациясын) анықтау;

- пайдаланушыға бейімдеу арқылы қызмет номенклатурасын жасау;

- экономикалық талдау, бағалау, қосымша қаржы көздерін талдау;

- жарнамалық іс-шараларды, «паблик рилейшнз» өткізу;

- маркетингтік қызметті бағалау және бақылау әдісін анықтау;

- кітапханаға құрылымдық өзгерістер енгізу.

Сонымен, кітапханада маркетингті пайдалану әр түрлі деңгейде болатын пайдаланушылардың сұранысына тез арада жауап берудің арқасында қызмет көрсету деңгейін жақсартуы тиіс. Сондықтан да кітапханалық технологияларды өзгерту және қолда бар қорды талдау қажет.

Кітапханалық өнім мен қызмет маркетингін кітапханалық өнім мен қызметтегі қажеттіліктерді максималды түрде қанағаттандыруға негізделген, кітапханалық қызметті басқару мен ұйымдастыру мақсатында сұранысты кешенді түрде зерттеу деп түсінуге болады. Қысқаша айтқанда мынадай анықтама беріледі: маркетинг бұл - кітапхана абонентін құру.

Ақпараттық қызметте маркетингтің теориясы мен практикасын қолдану мүмкіндіктері бір жақты бағаланбайды. Өйткені маркетинг бизнес құралы ретінде ақпаратты пайдаланудың әлеуметтік аспектілеріне қайшы келуі мүмкін, яғни жеткілікті материалдық құралы жоқ адамдар ақпаратты пайдалана алмайды. Бірақ маркетинг бәрінен бұрын ақпаратты өндірушілерге нарық қажеттіліктерін жақсы білу мен қанағаттандыруға көмектесетін басты құрал екенін естен шығармау қажет.

Маркетинг теориясы, маркетинг әдістемесі ғылыми-ақпараттық және кітапханалық қызметтің әр түрлі салаларында қолданылады. Олардың қатарына ақпарат пен құжаттарға деген сұранысты зерттеу, ақпараттық өнім мен қызмет нарығын зерттеу, ақпарат алуға кеткен шығынды болжау, ақпаратты таңдап тарату (ИРИ) жүйесін жүзеге асыру және автоматтандырылған жүйеге арналған пайдаланушы профилін анықтау, бірінші және екінші ақпарат қызметінің өзара сәйкестігі, байланысы, ақпарат алуды жүзеге асырудың тиімділігін арттыру, ақпараттық және кітапханалық қызмет көрсету технологиясын өңдеу, формальдық емес қарым-қатынас мәселелері және т. б. кіреді.

Ақпараттық нарықтың кез келген қатысушысына өз фирмасының өзгелерден артықшылық мақсатын анықтау маңызды. Осы тұрғыдан алғанда кітапханалық-ақпараттық жүйенің мақсатын төмендегідей етіп бөлуге болады:

нарықты - кітапханалық және ақпараттық өнімдер мен қызметтегі нарықтың үлесін анықтау; ақпаратты тұтынушыларды - өнімдер мен қызметті сатып алушыларды табу; өнімдер мен қызметті өткізу жағдайын талдау;

маркетингтік - кітапханалық-ақпараттық жүйенің имиджін қалыптастыру, шығарылып жатқан, сондай-ақ өнімдер мен қызметтердің енді шығарылатын жаңа түрлерін жүзеге асыру, оларды ақпараттық ресурстар рыногына ендіру, ақылы және ақысыз қызмет түрлерінің көлемін көрсету, оларды жарнамалауды ұйымдастыру, ақылы қызмет арқылы түскен пайданың көлемін анықтау;

құрылымдық-басқарушылық - тиімді қызметті қамтамасыз ететін қалаған кітапханалық-ақпараттық құрылымды құру, кітапханалық және ақпараттық өнім мен қызметті таратушылар мен өндірушілер арасындағы өзара қарым-қатынастың динамикалық жүйесін қалыптастыру. Олардың сыртқы ортада болып жатқан өзгерістерге тез бейімделу, әр түрлі деңгейдегі басшыларға (менеджерлерге) талаптар қою;

бақылау - кітапханалық және ақпараттық өнімдер мен қызметтердің өмірлік циклін болжау және талдау, кітапханалық-ақпараттық жүйе қызметінің жетістіктері немесе алға қойған мақсатқа жақындау кезеңдерін анықтау.

Осыған дейін маркетинг теориясындағы тек игілікті тауарлар қарастырылған еді. Қазіргі дәуірдің даму бағытында қызмет саласындағы даму ерекше орын алуда. Мысалы, АҚШ-та жұмыс орнының 79 және жиынтық ішкі өнімнің 74 қызмет саласының үлесіне келеді. Қазақстанда да соңғы жылдары қызмет саласы даму бағытын алған. Қызмет саласында неше түрлі институттар орын алған. Солардың қатарына мыналар жатады:

• мемлекеттік сектор (сот, жұмыспен қамту бөлімдері, емханалар, полиция, пошта, мектеп, кітапхана, бақылау органдары т. б. ) .

• жекеменшік бейкоммерциялық сектор (музейлер, шіркеулер, мешіттер, дін т. б. колледждер, мейірімділік емханалар т. б. ) .

• коммерциялық сектор (әуе жолдары, банктер, қонақ үйлері, құқық және кеңес беру фирмалары т. б. ) .

Өндіріс саласындағы көптеген мамандар, мысалы, компьютер операторлары, бухгалтерлер, маркетологтар негізінде «тауар фабрикасының» әрекеттерін қамтамасыз ететін «қызмет көрсету фабрикасында» қызмет атқарады.

Үнемі пайдаланушылардың өзгерген қажеттерін қанағаттандыруға бағытталған жаңа қызмет түрлері пайда болып жатады. Сондықтан қызметтің мән-мағынасын зерттеу, оның маркетинг кешенін өңдеу қажеттілігі қалыптасқан.

Адамзат тіршілігіндегі әрбір жаңа кезеңнің өзіне тән жетістігі мен мұқтажы болады. Өркениет деңгейіне қарай өсе түскен өмірлік қажеттілік өндіру мен тұтыну арасындағы оралымдылыққа қол жеткізуді алға тартады. Осы талапты жүзеге асыру өмірге маркетингті алып келіп отыр.

Маркетинг - экономикалық дамудың өзекті проблемаларын жан-жақты талдай отырып, бүгінгі таңдағы уақыт талабына сәйкес келетін әрі келешекке бағыт сілтейтін қызмет түрі болып табылады.

Маркетинг концепциясының жаңалығы мен құндылығы сонда, ол экономиканың негізгі құрамы: өндірісті, сауданы және адам тіршілігінің өзара ынталы әрі біртұтас қарым-қатынаста қарастыруға саяды.

Ал маркетингтің мақсаты: нарықтық экономикалық және шаруашылық коньюктураны зерттеу, тұтынушылардың пайдаланушылардың нақты сұранысын анықтау мен олардың қажеттіліктерін қанағаттандыру.

Халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы және рухани байлығы нарықтық тауар қатынасындағы субъектілердің құрылуы мен дамып-жетілуіне сәйкес қалыптасқандықтан, маркетингтік мағлұматтардың адам мұқтажына қарай бейімделетіні белгілі.

Маркетинг аса маңызды теориялық ұғымдарға мән берумен бірге, нақты іс-тәжірибеге де баса назар аударып, солардың негізінде сындарлы стратегиялық болжаулар ұсынады.

Маркетингті сөз еткенде оның мұқтаждық қажеттілік, талап ету секілді ұғымдарын аттап өтуге болмайды.

Мұқтаждық дегеніміз - адамның өзіне бірдеңенің жетіспейтінін іштей түйсінуі. Адамдардың мұқтаждықтары әр қилы әрі қарама-қайшылықты болып келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кітапхана қызметінде қолданылатын маркетингтің түрлері
Кітапханалық қызмет ету маркетингі
Мектеп кітапханасы және оның мақсаттары мен міндеттері
Кітапхана жарнамасының тарихи аспектілері
Кітапханалық анықтамалық библиографиялық ақпаратты ұйымдастыру
Кітапхана имиджі
ҚР кітапханалық жарнамасының мәселелелерін шешу жолдары
Пошта жарнамасы жəне басылымды жарнама құралдары
Қазақстан Республикасының кітапханалық жаранамасының мәселелерін шешу жолдары
Ақпараттық өнімдерді сапалы басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz