Ана тілі сабағынан ашық сабақ


1 Сабақтың тақырыбы: ҚАНАҒАТ ҚАРЫН ТОЙҒЫЗАР
2 Сабақтың тақырыбы: ҚАСҚЫР ҚЫСТЫ ҚАЛАЙ ӨТКІЗЕДІ?
3 Сабақтың тақырыбы: ЖЕМІС БАҒЫНДА
Бейнеткер көпшілікте көрдім халық,
Күнінде бір отырмас дамыл алып.
Өзінен ауыр жүкті көтереді.
Үйінде жатып жейді рахаттанып.
(Құмырсқа).
Екі басы жұдырықтай,
Ортасы қылдырықтай.
(Құмырсқа).
Шешуін тапқан соң “Қанағат қарын тойғызар” (ел аузынан алынған) атты тәрбиелік мәні бар мәтінді мәнерлеп оқитынымызды айтамын. Ауыз әдебиетінен үлгі ретінде берілгенін ескертемін, авторы жоқ.
Мәтінді мәнерлеп оқымас бұрын “Қанағат” деген сөзді қалай түсінетіндіктерін сұраймын. Тақтаға бормен жазылады. Қанағат деген не?
Ой қозғау.
- аз демеу керек
- жоққа шыдау керек
- ең асыл қасиет
- қанағат қарын тойғызады т.б.
Қанағаттың не екенін білген соң мәтінді мәнерлеп оқып беремін. Ұнаған, ұнамағанын сұрап, өздеріне диалог бойынша рольмен кезекпен оқытамын. Енді сөздік жұмысын жүргіземін, v + ? – белгілері бойынша.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Көлемі: 8 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге
Таңдаулыға:   




Сабақтың тақырыбы: қанағат қарын тойғызар (ел аузынан).

Сабақтың мақсаты:
1. Тақырыптың идеясын ашу, қанағатшыл, шыдамды болуға үйрету.
2. Өтілген сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру арқылы шығармашылық
ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: Дамытушылық сабақ.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты:
1. Кішіпейіл, қарапайым, қанағатшыл болуға үйрету.
2. Адам бойындағы жақсы қасиеттерді үйренуге тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын әдістер: Ой шақыру, топқа бөлу, топпен жұмыс,
салыстыру кестесі, түртіп алу жүйесі, 5 жолды өлең, жұптасып сурет салу,
болжау, негізгі идеяны суреттеу, сұрақ қою, көрнекілік стратегияларын
пайдалану.
Сабақтың көрнекіліктері: ватман қағаз, карточкалар, қосымша кітаптар,
қағаздар, суреттер, маркер т.б.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Ой ашар: Сабақты бастамас бұрын оқушыларды жаңаша топқа бөлуден
бастаймын. Қабырғаға ара, құмырсқа, көбелектің суреттерін ілемін. Сосын сол
суреттегі бунақденелілерді, жәндіктерді балалардың әрқайсысы өзі таңдап,
жақсы көретін насекомдардың жанына келіп тұруын өтінемін. Оларды үш топқа
бөліп, сұрақ қоямын? Неге бұл насекомды таңдадың? Ол несімен ұнайды?
Сол туралы марапаттап, өлең, тақпақ айтуын сұранамын. Ойлануға 3,5
минут уақыт беремін. Әр топ уақыт біткен соң сұраққа жауап береді.
І топ – “Құмырсқа”.
ІІ топ – “Көбелек”.
ІІІ топ – “Ара”.
Олар таңдап алу себебін және өлең тақпақтарын айтып береді.
Енді, балалар, осы 3 топтан қосып тағы 4-топ құрамыз.
Балаларға кеуделеріне суреті бар эмблеманы, топқа бөлінген соң өздері
таңдап тағуын ескертемін.
Әр топта бір құмырсқа, екі көбелек, бір арадан болу керектігін айтамын.
Балалар 4-4-тен топталады, топқа бөлініп, жаңадан орын алып отырады.
Сосын сабақты бастаймын. Үй тапсырмасы тексеріледі. Үйге
Ғ.Қайырбековтың “Комбайншы” өлеңі жаттауға берілген. Сонан соң егіс даласы,
нан түрлері, дақыл, астық түрлері туралы сурет салу берілген. Оқушылардан
тақпақты айтқызып болған соң сурет бойынша әңгіме сұралады. Магнитті
тақтаға ілу, түсінігін әңгімелеу, 5-6 оқушыдан мақал-мәтел, жұмбақтар
сұрау. Салған суреттерін қабырғаға ілу. Өткен сабақты қорытындылау.
Жаңа сабақ: Сабақты бастамас бұрын жұмбақ жасырамын.
Бейнеткер көпшілікте көрдім халық,
Күнінде бір отырмас дамыл алып.
Өзінен ауыр жүкті көтереді.
Үйінде жатып жейді рахаттанып.
(Құмырсқа).
Екі басы жұдырықтай,
Ортасы қылдырықтай.
(Құмырсқа).
Шешуін тапқан соң “Қанағат қарын тойғызар” (ел аузынан алынған) атты
тәрбиелік мәні бар мәтінді мәнерлеп оқитынымызды айтамын. Ауыз әдебиетінен
үлгі ретінде берілгенін ескертемін, авторы жоқ.
Мәтінді мәнерлеп оқымас бұрын “Қанағат” деген сөзді қалай
түсінетіндіктерін сұраймын. Тақтаға бормен жазылады. Қанағат деген не?
Ой қозғау.
- аз демеу керек
- жоққа шыдау керек
- ең асыл қасиет
- қанағат қарын тойғызады т.б.
Қанағаттың не екенін білген соң мәтінді мәнерлеп оқып беремін. Ұнаған,
ұнамағанын сұрап, өздеріне диалог бойынша рольмен кезекпен оқытамын. Енді
сөздік жұмысын жүргіземін, v + ? – белгілері бойынша.
Топпен жұмыс:
І топтың сұрағы: Оқиға қалай басталды?
ІІ топтың сұрағы: Оқымысты мен құмырсқаның сөйлесуі. Диалог құру.
ІІІ топтың сұрағы: Бір жыл өткен соң не болды?
ІV топтың сұрағы: Құмырсқа дәнді неге үнемдеді?
V топтың сұрағы: Құмырсқа болсаң не істер едің? Ол сендерге ұнай ма?
Неге?
VІ топтың сұрағы: Құмырсқа туралы не білесіңдер? Тағы басқа қандай
шығарма өлең оқыдыңдар? Құмырсқа қандай екен?
Әр топқа 5 минуттай уақыт беріледі. Талданады, топпен жұмыс біткен соң
салыстыру кестесін құрамыз. Тақтаға ақ ватман қағазға ортақ ой жазылады.

Салыстыру кестесі

1.Мысалдың аты, Шегіртке мен Қанағат қарын тойғызар
тақырыбы құмырсқа
2.Авторы Крылов (Абай Ел аузынан
аударған)
3.Оқиға орны Егіс даласында Бақ ішінде
4.Кейіпкерлер Шегіртке мен құмырсқаОқымысты мен құмырсқа
5.Құмырсқа қандай? Біреу, еңбекқор, Құмырсқа біреу және көп дән
қарапайым, үйі бар, жинады, күзетті, інін
дән жинайды кеңейтеді
6.Мазмұны, идеясы Қарапайым, еңбекқор Ақылды, шыдамды, қанағатшыл
қандай? болу керек болуы керек

Сабақты қорыту. Осы І, ІІ тақырып бізді неге тәрбиелейді?
1. Еңбексүйгіштікке, қарапайымдылыққа.
2. Шыдамдылыққа, төзімділікке, қанағатшыл болуға үйретеді.
Бағалау.
Үйге тапсырма: Стратегиялар. Еркін жазу немесе Sinkuein бойынша бес
жолды өлең жазып келу, түсінігін айту.

Ана тілі

3-сынып

Сабақтың тақырыбы: қасқыр қысты қалай Өткізеді? (М.Дулатов).

Сабақтың мақсаты:
1. Жабайы аңдар, олардың өмірімен таныстыру.
2. Қасқыр, оның жабайы, жыртқыш аң екендігін ұғындыру, пайдасы, зияны
туралы айту, түсінік беру.
3. Халық педагогикасы арқылы имандылыққа тәрбиелеу.
4. Әр түрлі ой дамыту стратегияларын пайдаланып, логикалық ойлау
қабілеттерін жетілдіру.
Сабақтың түрі: Дамытушылық сабақ.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Табиғатты қорғауға, жан-жануарды, Қызыл
кітапқа енген жануарларды қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: қасқыр т.б. жабайы аңдардың суреттері, “Зоопарктегі
аңдар” сюжетті суреттер, жеке үй жануарларының суреті, қосымша суреттер,
кітаптар, энциклопедия, Ақсу-Жабағылы қорығы туралы буклеттер, аңдардың
маскілері, ватман қағаз, М.Дулатовтың портреті т.б.
Сабақта қолданылатын әдістер: Ой қозғау, негізгі идеяны суреттеу, сұрақ
қою, топпен жұмыс, салыстыру кестесі, 5 жолды өлең т.б. стратегияларды
пайдалану.
Пән аралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі, математика; өмірмен,
қоршаған ортамен байланыс, халық педагогикасын пайдалану, көрнекілік
қолдану.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Ой ашар:
1. Қыс туралы жұмбақ өлең оқу, жауабын сұрау. Мәнерлеп оқимын, жауабын
сұраймын (күз, қыс).
2. Жыл мезгілдерін сұрау. Қыс мезгіліне тоқталу. Сурет бойынша әңгіме,
“Қыс туралы” қыс айлары, қыс мезгіліндегі мерекелер туралы сұрау. 16
желтоқсан тәуелсіздік алған күн, Жаңа жыл мерекелерін сұрау. Қай
жылы, қай ғасырда өмір сүрудеміз? т.б. сұрақтар қою.
Үй тапсырмасын сұрау: Үйге М.Иманжановтың “Қысқы кеш” әңгімесін оқу, өз
суреттерін салу, сурет бойынша әңгімелеу берілген, енді оқушылардың
суреттері тексеріліп, 1, 2, 3 оқушыдан сурет бойынша әңгімелеп беруін
сұраймын. Қалған оқушылардың суреттері қабырғаға ілінеді.
Тақырып бойынша диалог арқылы пысықтау сұрақтарына жауап алынады.
Классик ақын Абай атамыздың табиғат лирикасына арналған өлеңдері сұралып,
соның ішінде қыс өлеңінен 3 шумағын сұраймын.
Жаңа сабақ: Оқушылардың М.Дулатовтың “Қасқыр қысты қалай өткізеді?”
атты әңгімесін оқитынымызды айтамын, портретімен таныстырамын. Тақтаға,
дәптерге сол күнді, тақырыпты жазамыз. Енді балалардан қасқыр туралы не
білетіндігін сұраймын. Қасқыр туралы өз серіктесімен ой бөлісуін, 2
минуттан кейін оқушылардың жауаптарын тізбектеп, тақтаға жазып шығамын.
Ой қозғау: Қасқыр туралы не білеміз?
Жыртқыш аң.
Жабайы аң.
Орманда, тауда, тоғайда.
Етті жақсы көреді.
Түсі қара көкшіл, сұр, ақ болады.
Оның жауы – бүркіт.
Сүтқоректі.
Аңқау болады т.б. ойларын тізбектеп жазамын.
Ойларын қорытып жазып болған соң мәтінді таныстырамын, авторы –
Міржақып Дулатов. Мәнерлеп оқып беремін. Оқушылардан қарындаштарын алып
отыруын сұранамын, ескертемін. Түртіп алу жүйесі бойынша +, ?, v, –
белгісімен оқушылар жұмыс істейді. Түсінбеген сөздерін сұраймын. Бір-
бірінен сұратамын, білмесе өзім түсіндіріп айтып, сөздік жұмысын
жүргіземін.
Диалог: Әңгіме ұнады ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Информатика сабағынан сабақ жоспары
Құстар туралы ашық сабақ
Біздің кішкентай көршілеріміз. (Ашық сабақ)
Отбасы бақыты тақырыбына ашық сабақ
«Ана тілі» - тіл жанашыры
Денсаулық зор байлық (ашық сабақ)
Ана тілі сабақтарында бекіту кезеңі
Ауған соғысы тақырыбына ашық сабақ
“Аға ұрпақ бізге үлгі” тақырыбына ашық сабақ
Ана тілі пәні арқылы оқушыларды өз ана тілінде сөйлуге дағдыландыру
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.



WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь