Қазақстан Республикасындағы адвокаттық жұмыстар


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

1. Қазақстан Республикасындағы адвокат

2. Адвокаттар алқасына мүшелікке қабылдау тәртібі

3. Адвокаттар алқасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері

4. Адвокаттың кәсiби мiнез-құлық нормалары

5. Адвокаттық қызметтiң кепiлдiктерi

6. Адвокат құпиясы

Адвокаттар алқасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі

Қазақстан Республикасындағы адвокатура адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және бiлiктi заң көмегiн алуға мемлекет кепiлдiк берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етiлген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған. Адвокатура қылмыстық iстер бойынша қорғау, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша, сондай-ақ қылмыстық және азаматтық iстер мен әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша өкiлдiк ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мен iске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегiнiң өзге де түрлерiн көрсету жөнiндегi адвокаттардың қызметiн ұйымдастырады. Адвокаттық қызмет шеңберiнде адвокаттар көрсететiн заң көмегi кәсiпкерлiк қызмет болып табылмайды. Шетел сөздерінің қазіргі сөздігінде «адвокат» терминіне (шақыру, үндеу) : 1) консультациялар арқылы кәсіби құқық көмегін көрсететін заңгер, сотта айыпталушы қорғау және тағы басқа, қорғаушы; 2) адамды қандай да бір нәрсені қорғау үшін күресуші ретінде анықтама берілген. 1997 жылы 5-желтоқсандағы ҚР -ның «Адвокаттық қызмет туралы» заңында адвокаттың жоғары заң білімі бар, адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығында лицензия алған, міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және осы заң шеңберінде кәсіби негізде заң шеңберінде кәсіби негізде заң көмегін көрсететін ҚР - ның азаматы екендігі көрсетілген. Ол тиісті әкімшілік - аумақтық бірлік аумағында құрылған және әрекет ететін адвокаттар алқасының мүшесі болуға тиіс. Заңнама адвокаттық қызметпен айналысқысы келген тұлғаға қатаң талап қояды. Қасақана қылмыс жасағаны үшін сотталған, белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған, адвокаттар алқасынан шығарылған, сондай - ақ босатылған күннен бастап бір жыл бойы тәртіптік жағымсыз әрекет жасағаны үшін құқық қорғау органынан босатылған, сондай - ақ лицензиясының қолданылуы заңда белгіленген тәртіппен тоқтатылған адам адвокат бола алмайды. Кісі алқадан шығарылған, адвокаттық қызметті жүргізу құқығына лицензияны сақтаған жағдайда, ол шығарылған сәттен бастап алты ай өткенше алқаға қайта қабылдануы мүмкін. Адвокат қызметі тек заң мен адвокаттық әдеп нормалары шегінде ғана тәртіптелмейді. Ол сондай-ақ, қандай да бір ретпен оның еңбегінде із қалдыратын сол қоғамдағы жалпы қабылданған мінез - құлық қағидасы сүйенуге тиіс. Адвокат қызметін сипаттайтын осындай негізгі белгілер: - кәсіби қызмет адвокаттарды жалпы құндылықтар мен мүдделерге байланысты адамдар қоғамдастығына біріктіреді; - заң көмегін көрсету мақсатын кіріс табудан жоғары қою; - білікті заңгерлік білім мен практикалық тәжірибе; - жоғары кәсіби әдеп. Бұл жерде кәсіпқойлық, біліктілік, тәжірибе және біліммен қатар сенім, ар - ождан, абырой, бедел сияқты адамгершілік категориялары да негізгі өлшем бола алады. Сондықтан адвокат болғысы келген адам азаматтар мен ұйымдарға заң көмегін көрсету барысында заң көмегін көрсету барысында заң талаптарына да, моральдық принциптерге де сай болуға тиіс. Лицензия ретінде қызметтің белгілі бір түрімен шұғылданатын немесе белгілі бір іс-әрекетпен айналысатын адамға құзырлы мемлекеттік орган беретін рұқсат түсініледі.

Адвокаттар алқасына мүшелікке қабылдау тәртібі мен шарттары ҚР - ның «Адвокаттық қызмет туралы» заңымен анықталады, осы заңға сәйкес адвокаттар алқасына мүшелік міндетті болып табылады. Лицензия алған және адвокаттық кызметнен айналысқысы келген адам өз тандауы бойынша адвокаттар алкасына мүшелікке кіруі және "Адвокаттық кызмет туралы" заңның шенберінде кәсіптік негізде заң кқмегін корсетуі міндетті. Алқа мүшелігіне қабылдауды адвокаттар алкасының төралқасы жүзеге асырады. Өтініш адвокатгар алқасының төралқасына оны берген адамның катысуымсн өтініш түскен сәттен бастап бір айдан кешіктірілмей қаралады. Адвокаттық кызметпен шұғылдану құқығының лицензиясы бар және адвокаттар алқасының Жарғысы мойындалған жағдайда алқаға қабылдаудан бас тартылуға жол берілмейді. Адвокаттар алқасы санының шектеулігі туралы желеумен де кабылдаудан бас тартылмайды. Адам алкадан шығарылган, алайда адвокаттық қызметпен шұғылдану құқығының лицснзиясын сақтаган жағдайда ол адвокаттар алқасына шығарылган сәттен бастап алты ай өткен соң қайтадан қабылдануы мүмкін. Жоғарыда көрсетілген талаптардың бұзылуына байланысты қабылдаудан бас тартуға мүдделі адам адвокатгар алқасына мүшелікке қабылдаудан бас тарту туралы шешімнің көшірмесін алған күннен бастап сотка бір ай мерзімде шағымдана алады. Қажетгі білімдер мен кәсіби дағдылары бар адамды алка мүшелікшс қабылдауды қамтамасыз ету мақсатында дербес, тәуелсіз мекеме болып табылатын Әділет аттестациялык комиссиясы құрылған және жұмыс істейді. Аттестациялык комиссия адвокаттық қызметпен шұғылданғысы келген адамның өтініші бойынша аттестация өткізеді және шешім шығарады, осы ұсыныс негізінде Әділет министрлігі тиісті лицензия береді.

Адвокаттың құқықтары: 1. Адвокат көмек сұрап келген адамға ол мұқтаж болған кез келген заң көмегiн көрсетуге құқылы.

2. Адвокат өзiне өтiнiш жасаған адаммен заң көмегiн көрсету туралы өз атынан жазбаша шарт жасасады.

3. Адвокат, қорғаушы немесе өкiл ретiнде әрекет жасай отырып, iс жүргiзу заңына сәйкес:

1) барлық соттарда, құзыретiне тиiстi мәселелердi шешу кiретiн мемлекеттiк, өзге де органдар мен ұйымдарда заң көмегiн сұрап өтiнiш жасаған тұлғалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауға және бiлдiруге;

2) барлық мемлекеттiк органдардан және мемлекеттiк емес ұйымдардан адвокаттық қызметтi жүзеге асыруға қажеттi мәлiметтердi сұратуға және алуға;

3) заң көмегiн көрсету үшiн қажет нақты мәлiметтердi дербес жинауға және дәлелдер табыс етуге;

4) көмек сұрап өтiнiш жасаған адамға қатысты материалдармен, соның iшiнде iс жүргiзу құжаттарымен, тергеу және сот iстерiмен танысуға және олардағы ақпаратты заң актiлерiнде тыйым салынбаған кез келген тәсiлмен белгiлеп алуға;

5) iске қатысуға жiберiлген сәттен бастап жолығулар санын, олардың ұзақтығын шектемей және мұндай жолығулардың құпиялығын қамтамасыз ететiн жағдайларда өзi қорғайтын адаммен оңаша жолығып тұруға;

6) заң көмегiн көрсетуге байланысты туындайтын және ғылым, техника, өнер мен басқа да қызмет салаларында арнайы бiлiмдi қажет ететiн мәселелердi түсiндiру үшiн шарттық негiзде мамандардың қорытындыларын сұратуға;

7) өтiнiштер мәлiмдеуге, әдiлет, прокуратура, анықтау, алдын ала тергеу органдары мен соттың лауазымды адамдарының, сондай-ақ көмек сұрап өтiнiш жасаған адамдардың құқықтарына және заңдармен қорғалатын мүдделерiне қысым жасайтын өзге де лауазымды адамдардың әрекеттерiне белгiленген тәртiппен шағым жасауға;

8) мемлекеттiк құпияларды құрайтын ақпаратпен, сондай-ақ әскери, коммерциялық, қызметтiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын ақпаратпен, егер бұл анықтау, алдын ала тергеу кезiнде және сотта қорғау немесе өкiлдiк ету үшiн қажет болса, заң актiлерiнде көзделген тәртiппен танысуға;

9) заң көмегiн сұрап өтiнiш жасаған адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғаудың заңдарда тыйым салынбаған барлық құралдары мен тәсiлдерiн пайдалануға;

10) заңдарға қайшы келмейтiн өзге де әрекеттердi жасауға құқылы.

4. Мемлекеттiк орган немесе лауазымды адам адвокаттың заң көмегiн сұрап өтiнiш жасаған адамның мүддесiн бiлдiру құқығын танудан бас тарта алмайды.

5. Адвокат соттардың, прокуратураның, қылмыстық процестi жүргiзушi органдардың әкiмшiлiк ғимараттарына белгiленген тәртiппен өзiнiң адвокаттық куәлiгiн көрсетуi бойынша еркiн кiру құқығын пайдаланады.

Адвокаттың ұсталғандар, тұтқынға алынғандар және жазасын өтеп жатқандар отырған орындарға кiруi белгiленген рұқсаттық режимге сәйкес жүзеге асырылады.

6. Адвокат мiндеттi сақтандыру қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын мемлекет кепiлдiк берген әлеуметтiк қорғалуға құқылы.

Әлеуметтiк сақтандыруға арналған жарналарды адвокаттар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес төлейдi.

Адвокаттың міндеттері: 1. Адвокат:

1) өзiнiң кәсiптiк мiндеттерiн орындаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасын және Адвокаттардың кәсiптiк әдебi кодексiнiң нормаларын сақтауға;

2) өзiнiң кәсiптiк қызметiнде адвокатураны ұйымдастыру мен оның қызметiнiң қағидаттарын басшылыққа алуға;

3) өзiнiң кәсiптiк бiлiктiлiгiн үнемi арттырып отыруға;

4) заң көмегiн көрсетуге байланысты өзiне мәлiм болған мәлiметтердi құпия сақтауға және көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның келiсiмiнсiз оларды жария етпеуге;

5) адвокаттар алқасына мүше болып кiргеннен кейiн, сондай-ақ коммерциялық ұйым құрылғаннан кейiн бiр ай iшiнде, өзiне заңды түрде тиесiлi ақшаны, сондай-ақ мүлiктiк жалдауға берiлген мүлiктi қоспағанда, өз меншiгiндегi, коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы үлестi (акциялар топтамасын) және пайдаланылуы табыс алуға әкелетiн өзге де мүлiктi сенiмгерлiкпен басқаруға беруге мiндеттi. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты нотариатта куәландыруға жатады. Адвокат өзiне тиесiлi облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын сенiмгерлiкпен басқаруға бермеуге құқылы. Адвокаттың сенiмгерлiкпен басқаруға берiлген мүлiктен табыс алуға құқығы бар;

6) сенiм бiлдiрушiнiң құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге бағытталған iс жүзiндегi мән-жайларды анықтау бойынша заңмен тыйым салынбаған кез келген iс-әрекеттi орындауға мiндеттi.

Адвокаттың кәсiби мiнез-құлық нормалары:

Адвокат заң көмегiн көрсету кезiнде мынадай кәсiптiк ережелердi сақтауға тиiс:

1) көп күш-жiгер не уақыт жұмсауды талап ететiн қажеттi әрекеттер жасаудан жасқанбай ыждағаттылық пен құлшыныс бiлдiру;

2) заң мәселелерiн қарап жатқан органдар мен лауазымды адамдарға қатысты өзiн әдептi ұстау;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адвокаттық қызметінің ұйымдық нысаны
Құқыққорғау органдар жүйесінің конституциялық құқықтық жүйесі
Құқық қорғау қызметі
Адвокатураның дамуы мен құрылуы
Қылмыстық процестегі тараптардың тең құқықтылығы мен сайыскерлігі қағидасы. Кәсіптік практика есебі
Адвокаттың азаматтық процеске өкіл ретінде қатысу мәселелері
ҚР адвокатура қызметінің құқықтық негіздері
Адвокаттар алқасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі
Адвокаттық мінез-құлық нормалар ұғымы және маңыздылығы
Адвокатура ұғымы және міндеттері мен адвокатураның ұйымдық құрылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz