Оралмандардың құқықтары мен міндеттері


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Оралман деген кім?

Оралман дегеніміз - Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерлерде тұрақты тұрған және Қазақстанға тұрақты тұру мақсатында келген ұлты қазақ шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар.

Оралман мәртебесін алған тұлға Қазақстан Республикасында кең спекторлы жеңілдіктерді алады.

Ондай жеңілдік түрлері мыналар:

жұмысқа орналауға, біліктілікті арттыруға, жаңа мамандық алуға көмектесу;

мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеруге жағдай жасау;

Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес Қарулы күштер қатары қызметінен босату;

орта кәсіби және жоғары кәсіби білім ұйымдарына түсуге квота бөлу;

мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерден орын қажет еткендерге орын алып беру;

зейнетақы мен жәрдемақы төлеу;

бұқаралық саяси репрессия құрбандары үшін өтемақы алатындар қатарындағы азаматтардың хұқын жаңғырту;

Қазақстан Республикасына кіру үшін берілетін визаға консулдық жинақтан босату;

заңнамаға сәйкес кепілденге көлемдегі тегін медициналық көмек алу;

Қазақстан Республикасы азаматтарына қарастырылған мемлекеттік адрестік көмек көрсету;

кеден төлемдері мен салық төлемдерінсіз шекарадан өткізу;

тұрғылықты мекен-жайына тегін жету және мүлкін жеткізу (соның ішінде сиыр) ;

келген жерінен баспана алу мен бірреттік жәрдемақы төлеу үшін қаражат бөлу.

Оралман мәртебесін қалай алуға болады

Басқа мемлекеттен Қазақстан Республикасына қоныс аударған көшіп- келушілерге оралман мәртебесі беріледі.

Қазақстан Республикасының аумағындағы әрбiр көшi-қон субъектiсi өзiнiң тұрақты немесе уақытша тұратын жерi бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан өткен күннен бастап күнтiзбелiк бес күн iшiнде тiркелуге мiндеттi.

Көшi-қон субъектiлерiн тiркеу жеке басты куәландыратын құжаттар бойынша жүзеге асырылады.

Оралман мәртебесін беру және (немесе) оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу туралы өтінішті отбасының кәмелетке толған мүшелерінің бірі жеке өзі уәкілетті органның аумақтық органына береді.

Жеке өзі жүгінуі мүмкін болмаған жағдайда өтініш беруші уәкілетті өкілге жүгінуге нотариалды расталған сенімхатты оралман мәртебесін беру және (немесе) оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу туралы өтінішпен қоса береді.

Өтініш берушіге оның өтініші қандай нөмірден кейін тіркелгені туралы тіркелу нөмірі беріледі:

өтініш қолдаухат тұлғасы мен бірге көшіп келген оның отбасы мүшелерін куәландыратын (паспорт, жеке куәлік, туу туралы куәлік, неке туралы куәлік, ажырасу туралы куәлік, әскери билет, еңбек кітапшасы) ;

Қазақстан Республикасы аумағында тұратын тұрғылықты жерінен отбасы құрамы туралы анықтама;

тұрғылықты үйі бар немесе жоғы туралы анықтама

Оралман мәртебесін беру туралы өтінішті тіркеу, өтініш берушіні және оның отбасы мүшелері туралы мәліметтерді «Оралман» электрондық деректер қорына енгізгеннен соң жүзеге асады.

Оралман мәртебесін беру немесе бермеу туралы шешім, аумақтық органда тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей уәкілетті органның аумақтық органымен қабылданады.

Оралман мәртебесін алғандарға бекітілген үлгідегі куәлік беріледі.
Оралман куәлігін жоғалтқан жағдайда, оның иегері уәкілетті органның аумақтық органына жоғалтқаны және телнұсқасын беру туралы өтініш ұсынады. Өтініш тапсырылғаннан кейін, уәкілетті органның аумақтық органы бес жұмыс күні ішінде оралман куәлігінің телнұсқасын береді, оған, «телнұсқа» мөрі басылады.

Оралман куәлігі қатал есепті құжат және оралман мәртебесін растайтын негіз болып табылады.

Оралман мәртебесі, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін өз күшін жоғалтады.

Оралмандардың құқықтары мен міндеттері

Оралмандар мен олардың отбасыларының мүшелері:

уәкілетті органның аумақтық органдарына оралман мәртебесін беру және (немесе) оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу туралы өз өтініштерін қарау үшін қажетті отбасының барлық мүшелеріне дұрыс мәліметтерді табыс етуге;
денсаулық сақтау органдарының талап етуі бойынша медициналық тексеруден өтуге, екпелер қабылдауға, емделу курсынан өтуге, сондай-ақ денсаулық сақтау органдарының нұсқамаларын орындауға;
оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығына жолдама алған кезде үш күннің ішінде сонда қоныстануға және оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында болудың белгіленген кезеңі аяқталғаннан кейін өздеріне берілген үй-жайды босатуға;

уақытша орналастыру орталығында және оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында болудың белгіленген тәртібін сақтауға міндетті.

Оралмандардың құқықтары

Оралмандар мен олардың отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жеңілдіктерді, өтемақыларды, сонымен қатар басқа да жәрдемақы және атаулы көмекті алуға құқықтары бар:
Оралман мәртебесін алған тұлғалар үшін көрсетілетін әлеуметтік жеңілдіктердің негізгі бағыттары жұмысқа орналасуда, бiлiктiлiгiн арттыруда және жаңа мамандықты игеруде көмек көрсету;

мемлекеттiк тiлдi және орыс тiлiн оқып-үйренуге жағдай жасауды қамтамасыз ету;

Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Қарулы Күштер қатарында қызмет атқаруға шақыруды кейiнге қалдыру;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға түсу үшiн квoтa бөлу;

мұқтаж болғандарға мектептерден, мектепке дейiнгi ұйымдардан, сондай-ақ әлеуметтiк қорғау мекемелерiнен орын беру;

біржолғы жәрдемақылар мен зейнетақыны төлеу;

азаматтығы қалпына келтiрiлгендердiң "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген өтемақыға құқықтарын iске асыру;

Қазақстан Республикасына келуге виза беру үшін консулдық алымдардан босату;
заңнамаға сәйкес медициналық көмектің кепілдеме бөлігін тегін алу;
Қазақстан Республикасының азаматтарына қарастырылған атаулы көмекті алу;
мүлікті шекара арқылы кеден төлемдерін алмай өткізу;
тұрақты тұратын жеріне жол жүру және мүлкін (оның ішінде малын) жеткізу жөніндегі шығыстарды өтеу;

тұрғын үй сатып алу үшін қаражат бөлу;

Қосымша жеңілдіктерді, өтемақылар мен біржолғы жәрдемақыларды қоспағанда, жеңілдіктерді, өтемақыларды, жәрдемақыларды және атаулы көмектің басқа да түрлерін алу құқығы оралмандардың Қазақстан Республикасының азаматтығын алуына қарамастан, оралман мәртебесі берілген күннен бастап үш жыл бойы сақталады.

Оралмандардың туыстары болып келетін адамдар

Көшіп келушілердің отбасын құрайтын тұлғалар:

жары (жолдасы)

ата-анасы

қарауындағы балалар, соның ішінде асырап алынған балалар

кәмелет жасқа толмаған, бұрынғы тұрған мекені бойынша асырауға тиісті ата-анасы немесе асыраушылары жоқ бауырлары, әпкелері

Он сегіз жасқа дейінгі балаларды Қазақстан Республикасына орналастыру олардың ата-аналары мен асыраушыларының (асыраушысы немесе қараушысы) келісімі бойынша шешіледі.

Осыған орай, он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі балалардың нотариалды рәсімделген жазбаша келісімдері ұсынылады.

Жеке отбасын құрмайтын, ата-анасынан бөлек Қазақстан Республикасына көшірілетін он сегіз жасқа дейінгі жасөспірімдерге ата-анасының (асыраушылары мен қараушыларының) ресми рәсімделген жазбаша келісімдері қажет.

Көшіп-келу квотасына жатпайтын тұлғаларға берілетін жеңілдіктер

«Халықтың көшi-қоны туралы» Заңына сәйкес республикаға тұрғылықты мекендеуге келген тұлғалар квота бойынша немесе квотадан тыс екеніне қарамастан оралман мәртебесін алады.

Оралман мәртебесін алған тұлғаларға мемлекет мынадай жағдай жасайды:

Арнайы мемлекеттік жәрдемақы, мүгедектікке жәрдемақы және асыраушысынан айырылғандарға жәрдемақы мен жас бойынша зейнетақы төлейді;

Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген квотасына сәйкес орта кәсіби және жоғары кәсіби білім ұйымдарына түсуге;

Қазақстан Республикасына кіруге виза беру консулдық таңдауынан босату;

Қарулы күштер қатарында қызмет етуден босату.

Бұдан басқа, жергілікті атқарушы органдар тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуды қамтамасыз етеді, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, жұмысқа орналасуға көмектесу, біліктілігін арттыру мен жаңа мамандық алуға, мектептерде, мектепке дейінгі және әлеуметтік көмек көрсететін, мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеруге жағдай жасау.

Орталық мемлекеттiк басқару органдары және жергiлiктi атқарушы органдарымен оралмандарға көрсетілетін жеңілдіктер мен өтемақылар

Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» заңына сәйкес Орталық мемлекеттiк органдар халықтың көшi-қоны саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтді және өз құзыреті шегінде оралмандарға және олардың отбасыларының мүшелеріне.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі:

Қазақстан Республикасының заңдарына немесе Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес зейнетақы төлеудi;
"ҚР мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты жәрдемақылар төлеудi;

"ҚР арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы төлеудi;
азаматтығы қалпына келтiрiлгендердiң"Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген өтемақыға құқықтарын iске асыруды.

Сонымен қатар оралмандарға және олардың отбасыларының мүшелеріне жеке қосалқы шаруашылық жүргiзу, бау-бақша өсiру және саяжай салу үшiн жер учаскелерiн беру Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес ауылдық елдi мекендердiң ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерiнен, көшiп келушiлер жер қорынан, арнаулы жер қорынан және жер запасынан уақытша қайтарымсыз жер пайдалану құқығымен жүзеге асырылады.

Білім және ғылым министрлігі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға түсу үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мөлшерде квoтa бөлуді.
Сыртқы істер министрлігіҚазақстан Республикасына келуге виза беру үшін консулдық алымдардан босатуды.

Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген тәртіпте Қарулы Күштер қатарындағы қызметті кейінге қалдыруды қамтамасыз етеді.

Кедендік бақылау комитеті шекарадан кеден төлемдері мен салығынсыз мүліктерін алып өту.

Көші-қон уәкілетті органдарының оралмандарға бөлетін қаржы мен жәрдемақылары

Көшiп-келу квотасы бойынша келген оралмандарға тұрақты тұратын жерiне бару және мүлкiн (оның iшiнде малын) апару жөнiндегi шығыстарын өтеу, келген жерi бойынша тұрғын үй сатып алу үшiн қаражат бөлу және бiржолғы жәрдемақы төлеу ережесiне сәйкес, көші-қон квотасына енген оралмандарға бір реттік жәрдемақы, жол-көлік шығындары мен үй алуға қажетті қаржы төленеді.

Бірреттік жәрдемақы: - отағасына 15 АЕК; - отбасының әрбір мүшесіне 10 АЕК

Баспана алу үшін: - әр отбасы мүшесіне 100 АЕК

Әр оралманның жолақысын төлеу - 10 АЕК

Оралман отбасының жекемүлкін жеткізуге төлеу - 50 АЕК.

АЕК - айлық есептік көрсеткіш.

Жәрдемақы алуға арналған өтініш үлгісі.

Көлік шығындары мен жеке мүліктерін жеткізуге кеткен шығындарды өтеу үшін жолжүру құжаттары ұсынылмайды.

Үй сатып алу үшін мемлекет отбасының бір мүшесіне жүз реттік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қаражат бөледі.

2002 жылдың 9 маусымынан бастап жеке тұрғын үй салу үшін жер телімдерін беру ережесі өз күшіне енді.

Оралман мәртебесін беру және тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

Мемлекеттік қызмет көрсетудің осы стандарты (бұдан әрі - Стандарт) оралман мәртебесін беру және тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) тәртібін айқындайды.

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны ішінара автоматтандырылған.

Мемлекеттік қызмет «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 23 желтоқсандағы Заңы мен «Оралман мәртебесін беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 224-ө (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2007 жылғы 10 қазанда № 4964 тіркелген) бұйрығының негізінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - аумақтық орган) тұтынушының тұратын жері бойынша аумақтық органының ғимаратында көрсетеді

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны оралман куәлігін беру болып табылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:

мемлекеттік қызмет тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап, аумақтық органда тіркелген күнінен бастап екі ай ішінде жүзеге асырылады;

қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің ең жоғары шекті уақыты бір адамға қызмет көрсетуге 15-30 минуттан есептелгенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады.

Мемлекеттік қызмет ақысыз көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми веб-сайтында (бұдан әрі - веб-сайт) орналастырылады (www. enbek. gov. kz) .

Мемлекеттік қызмет сенбі, жексенбі күндерін қоспағанда, күн сайын көрсетіледі.

Аумақтық органының жұмыс кестесі: 9 сағат 00 минуттан бастап 18 сағат 30 минутқа дейін, үзіліс 13 сағат 00 минуттан бастап 14 сағат 30 минутқа дейін.

Алдын ала жазу және қызметті жедел ресімдеу қызметі көзделмеген.

Қызмет көрсетілетін ғимараттың ішіндегі орынжай көлемі, орналасуы және конфигурациясы жағынан сапалы қызмет көрсету шарттарына сәйкес келеді және ақпараттық стенділермен жабдықталған. Күту және қажетті құжаттарды дайындаудың ыңғайлылығы үшін орынжай орындықтармен және үстелмен жабдықталған.

Қызметті алу үшін мынадай құжаттарды:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықтың көші-қоны туралы
ҚР адам мен азаматтың азаматтық құқықтық жағдайы
Көші-қон мәселесі жайлы
Адам және азаматтардың құқықтарының негіздері, оларды қорғау
Оралмандар құқықтары
Қазақстан Республикасында көші-қон қатынастарын реттеудің мемлекеттік-құқықтық негізі
Қазақстан Республикасындағы еңбек миграциясының динамикасы мен себептері және оның елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына әсері
ҚАЗІРГІ МИГРАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІ БАСҚАРУ: ӘЛЕУМЕТТІК АСПЕКТ
Қазақстан Республикасында көші-қон үрдісінің әлеуметтік аспектілері
Шетелдік түсінігін бірнеше мемлекеттің халықаралық - құқықтық басқаруы үлгісінде талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz