Мемлекет және құқық теориясы пәнінен дәрістер



Тақырыбы: Мемлекет, құқық және мемлекеттік құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының негіздері
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық негіздері
Тақырыбы: ҚР азаматтық және отбасы құқық негіздері.
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қамтамасыз ету құқығының негіздері
Тақырыбы: ҚР қылмыстық құқық негіздері
1. Мемлекет және құқық теориясы пәні мемлекет пен құқықтың ара-қатынасын, ұғымын, мазмұнын, мәнін, пайда болуын, мемлекет нысанын, қызметтерін, аппараттарын, билік жүйесін, құқықтық сана мен мәдениетті, құқық нормаларын, нысанын, нормативтік құқықтық актілерді, құқық бұзушылық пен заңды жауапкершіліктерді және құқықтық мемлекет ұғымын, белгісін оқытатын құқық саласы.
Мемлекет - басқару қызметін орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғы шарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Мемлекеттің пайда болу процестерінің саяси құқықтық ойда бейнеленуінің нәтижесі бірнеше теорияларға, тұжырымдарға келіп тоғысты. Олар: теологиялық, патерналистік, қоғамдық келісім, озбырлық, диалектикалық-материалистік теориялар.
Қорыта келгенде, мемлекет - адамзат қоғамы дамуының маңызды кезеңдеріне тән саяси ұйым болып табылады. Мемлекетке тән белгілер: жері, белгіленген аумақ шегі, халқы, басқару органдары, құқық және салық жүйелері, рәміздері, егемендігі.
2. Өзінің бағытына сәйкес өз қызметін белсенді атқаратын, яғни қоғамдық өмірдің маңызды салаларындағы істердің жағдайына белгілі дәрежеде әсер ететін дербес бағыт мемлекет қызметі болып табылады. Мемлекеттік қызмет ішкі және сырқы болып бөлінеді.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Лекция № 1
Тақырыбы: Мемлекет, құқық және мемлекеттік құқықтық құбылыстар туралы
негізгі ұғымдар

1. Мемлекет ұғымы және оның пайда болу теориялары.
2. Мемлекеттің қызметі, механизмі мен нысандары.
3. Құқық ұғымы және оның қайнар көздері мен құқықтық қатынастары.
4. Құқық бұзушылық пен заңдық жауапкершілік түрлері.

1. Мемлекет және құқық теориясы пәні мемлекет пен құқықтың ара-қатынасын,
ұғымын, мазмұнын, мәнін, пайда болуын, мемлекет нысанын, қызметтерін,
аппараттарын, билік жүйесін, құқықтық сана мен мәдениетті, құқық
нормаларын, нысанын, нормативтік құқықтық актілерді, құқық бұзушылық
пен заңды жауапкершіліктерді және құқықтық мемлекет ұғымын, белгісін
оқытатын құқық саласы.
Мемлекет - басқару қызметін орындайтын және соның көмегімен қоғамның
тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғы шарттар
жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны.
Мемлекеттің пайда болу процестерінің саяси құқықтық ойда бейнеленуінің
нәтижесі бірнеше теорияларға, тұжырымдарға келіп тоғысты. Олар:
теологиялық, патерналистік, қоғамдық келісім, озбырлық, диалектикалық-
материалистік теориялар.
Қорыта келгенде, мемлекет - адамзат қоғамы дамуының маңызды
кезеңдеріне тән саяси ұйым болып табылады. Мемлекетке тән белгілер: жері,
белгіленген аумақ шегі, халқы, басқару органдары, құқық және салық
жүйелері, рәміздері, егемендігі.
2. Өзінің бағытына сәйкес өз қызметін белсенді атқаратын, яғни қоғамдық
өмірдің маңызды салаларындағы істердің жағдайына белгілі дәрежеде әсер
ететін дербес бағыт мемлекет қызметі болып табылады. Мемлекеттік қызмет
ішкі және сырқы болып бөлінеді.
Мемлекеттің ішкі қызметі - қоғамның ішкі өмірінің ірі салаларына
мемлекеттік ықпал ету немесе мемлекеттік басқару бағыты.Олардың түрлері:
экономикалық, әлеуметтік, идеологиялық, қорғаушы, экологиялық.
Мемлекеттің сыртқы қызметі - халықаралық қатынастар саласына қатысты
оның сыртқы саяси міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін бағыттар. Сыртқы
қызметтің түрлері: елдің қорғаныс, дипломатиялық халықаралық қатынастарды
қамтиды.
Мемлекеттік аппарат - мемлекеттік міндеттерді шешу, оның қызметтерін
іс жүзіне асыру мақсатында құрылған мемлекеттік органдардың, сондай-ақ
билікті ұйымдастырушы және ұйымдастыру-мәжбүрлеу құралдарының жүйесі болып
табылады. Мемлекет аппараты атқаратын қызметі мен өкілеттілігіне байланысты
үш топқабөлінеді:
1-топ, мемлекеттің заң шығарушы және өкілді органдары.(Парламент,
жергілікті өкілді органдар);
2-топ, мемлекеттің атқарушы органдары - мемлекеттің Конституциялары мен заң
талаптарын іс жүзіне асыру міндеті жүктелген органдар: Үкімет,
министрліктер, т.б. органдар;
3-топ, құқық қорғау органдары: сот, прокуратура, ішкі істер органдары,
әділет органдары.
Мемлекеттің нысандары үш топқа жіктеледі: мемлекеттің басқару нысаны,
құрылым нысаны, саяси жүйесі.
Мемлекеттің басқару нысаны екіге бөлінеді: монархия және республика.
Монархиялық басқару - мемлекеттік биліктің бір адам қолына шоғырлану
нысаны, яғни биліктің мұрагерлік негізде атадан балаға қалуымен жүргізілуі.
Республикалық басқару - бірнеше басқару органдар жүйесінің шектеулі
мерзімге сайланбалы түрде жүзеге асырылуы нысаны. Республиканың үш түрі
бар: Президенттік, Парламенттік және жартылай Президенттік немесе
Парламенттік.
Мемлекеттің құрылым нысаны үш түрге бөлінеді. Олар: унитарлы -
әкімшілік-аумақтық бөліністерге бөлініп құралған біртұтас мемлекет.
федерациялы - бірнеше мемлекеттік құрылымдардан құралған мемлекет.
Конфедерация - бірнеше мемлекеттердің белгілі бір мақсатта біріккен одағы.
Саяси жүйе демократиялық және антидемократиялық болып жіктеледі.
3. Құқық ұғымы екі үлкен мағынада түсіндіріледі: сбъективті және
объективті.
Субьективті мағынада: құқық дегеніміз - тұлғалардың мүддесін
қанағаттандыру мақсатында құқықтық нормалардың тұлғаларға берілген құқықтық
мүмкіндіктері. Мұндай мүмкіндіктер құқықтық қатынастарға түсуші тұлғалардың
мінез-құлқының шегін анықтайды. Мәселен: әрбір азаматтың оқып, білім алу
құқығы.
Обьективтік мағынада: құқық дегеніміз - жалпыға бірдей міндетті,
мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін,
заңда және басқа да ресми құжаттарда анықталған құқықтық нормалардың
жиынтығы.
Құқықтың белгілері:
1. Жүйелілігі - бірнеше бөлшектен тұратын жүйелі құбылыс. Мысалы: адамның
өмірі мен денсаулығы табиғи құбылыстар.
2. Нормативтік сипаты - құқықтың нормалары тұлғалардың іс-әрекетінің, мінез-
құлықының үлгісі. Құқықтық норма қоғамдық қатынастарды қажетті арнаға
бағыттап реттейді, ұйымдастырады, тұрақтандырады.
3. Формальды анықтылығы - құқықтың мемлекетпен байланыстылығын көрсетеді,
яғни құқықты құрайтын заңдарды, нормативтік актілерді жасайтын
мемлекеттік органдар болып табылады. Ол заңдар ресми түрде қабылданған
ережелер жиынтығын құрайды.
4. Мемлекеттің күшіне сүйенуі - мемлекеттік органдар заңдардың жүзеге
асырылуын қамтамасыз етеді. Егер азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарына қол сұғылса, мемлекет оларды қорғайды. Заң бұзғандар
құқықтық жауапқа тартылады, мүмкіндігінше бұзылған құқық қалпына
келтіріледі.
5. Адамдардың еркін білдіруі - құқықтық нормалары азаматтардың еркін
білдіреді, яғни мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы - халық. Халық
билікті тікелей еркін сайлау және өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік
органдарға беру арқылы жүзеге асырады. Ол – халық үшін қызмет істейді.

Құқықтың қайнар көздері болып құқықтың негізгі бастау, идеялары
табылады. Құқықтың қайнар көздері: нормативтік құқықтық актілер, соттық
прецеденттер(үлгілер), әдеп-ғұрып нормалары, құқықтық келісім-шарттар.
Құқықтық қатынастар - қатысушылардың субьективтік құқықтары мен
заңда көрсетілген міндеттері болатын, құқық нормалары мен заңда көрсетілген
айғақтарға сәйкес туындайтын, ерік ықтиярды білдіретін қоғамдық қатынастар.

Құқықтық қатынас құрамы:
1. Құқық субъектісі - жеке тұлға және заңды тұлға;
2. Субьективтік құқық - тұлғалардың мүдделерін қанағаттандыру үшін,оларға
белгілі шекте әрекет жасауға берілген құқықтық мүмкіндік, заңды міндет
азаматтардың белгілі бір құқықтары мен міндеттерін туындататын өзара
қатынастар;
3. Заңды міндет - заң белгілеген әрекетті жүзеге асыру немесе асырмау
шарттары. Заңды міндеті өз еркімен орындамаған тұлғаға мемлекеттік
мәжбүрлеу шаралары қолданылады;
4. Объектісі (заты) - табиғат құбылыстары, мүліктік, өзіндік мүліктік емес
игіліктер.
4. Құқық бұзушылық дегеніміз қоғамның, мемлекет пен жеке адамның
мүдделеріне зиян келтіретін субъектінің кінәлі, құқыққа қарсы, қоғамға
қауіпті әрекеті немесе әрекетсіздігі. Құқық бұзушылықтың белгілері:
1. қоғамға қауіптілігі (құқық бұзушылық салдарынан пайда болатын залалды
немесе зиянды анықтау);
2. заңға қайшылығы (заң міндеттерін орындамау);
3. кінәлілігі (құқық бұзушылардың мақсаттары. Кінә абайсызда және қасақана
болып жіктеледі);
4. жауапкершілігі (әрекеттің залалына қарай құқық бұзушыға заңды негізде
тағайындалатын жауапкершілік немесе жаза түрлері).
Кез-келген әрекетті немесе әрекетсіздікті құқық бұзушылық деп тану
үшін оның құрамы түгел болуы тиіс. құқық бұзушылықтың құрамы 4 элементтен
тұрады. Оларға тоқтайтын болсақ:
- субъект - бұл әрекет қабілеттігі бар құқық бұзушы адам;
- объект - құқықпен реттелінетін және қорғалатын қоғамдық қатынастар;
- субъективтік жақ - субьектінің өз әрекетінің зардаптарына ішкі,
психикалық көзқарасын сипаттайтын белгілер жиынтығы;
- объективтік жақ - әрекеттің сыртқы көрінісінің белгілер жиынтығы.
Құқық бұзушылық түрлері: қылмыс және теріс қылық.
Заңдық жауапкершілік дегеніміз арнаулы органдар немесе лауазымды
тұлғалар түріндегі мемлекет пен құқық бұзушының арасындағы құқыққа қарсы
әрекеті үшін жағымсыз салдарға төзу міндеті жүктелетін құқық нормасын
бұзудан туындайтын құқықтық қатынас. Заңды жауапкершілік түрлері:
- қылмыстық - қылмыс үшін тағайындалатын және қылмыстық іс жүргізу
заңдарына сәйкес соттың үкімі бойынша қолданылатын заңды жауапкершіліқтің
қатаң түрі;
- азаматтық - шарттық міндеттемелерді бұзудан туындайтын жауапкершілік
түрі;
- әкімшілік - әкімшілік теріс қылық жасағаны үшін, қызмет міндеттерін
орындаумен байланысы жоқ түрі;
- тәртіптік - лауазымды адамдардың тәртіптік теріс қылық үшін қолданатын
жауапкершілік түрі (ішкі еңбек тәртібінің ережелеріне, бағыныштылық
тәртібіне сәйкес пайда болатын жауапкершілік).

Лекция № 2
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының негіздері

1. ҚР-ның Конституциялық құқық ұғымы, пәні, қайнар көздері
2. ҚР Конституциясына жалпы сипаттама
3. Жеке тұлға және мемлекеттің басқарушы органдары
4. ҚР-ның сайлау жүйесі

1. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы қоғамның барлық
құрылымының негізін құрайтын құқықтарды реттейді, сондай-ақ мемлекеттік
билікті ұйымдастырады және жүзеге асырады. Конституциялық құқық
республикамыздың құқық жүйесінің басты саласы болып табылады. Ол - адам
мен мемлекет арасында пайда болатын қатынастардың кешенін реттейтін заң
жүйесінің бір саласы.
ҚР-ның конституциялық құығы адамның, мемлекеттің азаматтылығына
тиесілілігін анықтайтын, адамның мемлекеттегі, қоғамдағы жағдайын
сипаттайтын, олардың құқықтары мен бостандықтарын, міндеттерін,
экономикалық, саяси жүйелерді, мемлекеттік билік пен жергілікті басқару
органдарын қамтитын құқықтық саланың бір пәні болып танылады.
Конституциялық құқық институттары мыналар: ҚР-ның конституциялық
құрылым негіздері; жеке тұлғаның құқықтық мәртебе негіздері; азаматтық;
сайлау; президенттік; парламентаризм; конституциялық кеңес; сот және
жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару институттары.
Конституциялық құқықтың қайнар көздері: ҚР-ның Конституциясы; ҚР-ның
Президенті туралы Заңы; ҚР-ның Парламенті және оның депутаттарының
мәртебесі туралы Заңы; ҚР-ның Конституциялық кеңесі туралы Заңы; ҚР-ның
азаматтығы туралы Заңы және т.б.
2. Рим императорларының жарлықтары “rem respumblіcam constіtuіre” яғни,
“Рим республикасы қаулы етеді” сөздерінен басталған. Сонымен, конституция
терминінің Рим империясы дәуірінен бастап заң практикасында пайдаланғанына
көзіміз жетіп отыр.
ҚР-ның Конституциясы – жоғарғы заң күші бар нормативтік құқықтық акт.
1993 жылдың 28 қаңтарда ҚР-ның алғашқы Ата Заңы он екінші сайланған ҚР
Жоғарғы Кеңесінің тоғызыншы сессиясында қабылданды. Ата Заң конституциялық
құрылыстан басталады. Ол 4 бөлімнен, 21 тараудан және 131 баптан тұрды. Әр
бөлімге тоқтайтын болсақ, олар:
1-бөлім: Адам, оның құқығы, бостандығы мен міндеттері.
2-бөлім: Қоғам, оның құрылыс негіздері.
3-бөлім: Мемлекет, оның органдары мен институттары.
4-бөлім: Конституцияны сақтау кепілдіктері.
1995 жылдың 30 тамызында өткен референдумда ҚР-ның жаңа Конституциясы
қабылданды. Ол 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады:
1-бөлім: Жалпы ереже.
2-бөлім: Адам және азамат.
3-бөлім: Президент.
4-бөлім: Парламент.
5-бөлім: Үкімет.
6-бөлім: Конституциялық кеңес.
7-бөлім: Сот және сот төрелігі.
8-бөлім: Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару.
9-бөлім: Қорытынды және өтпелі ережелер.
3. Заң жүйесінде жеке тұлғаны азамат, азаматтығы жоқ адам және шетел
азаматы деген ұғымдар кең қолданылады. Азамат – белгілі бір мемлекет
азаматы болып танылатын және сол мемлекеттің тұрғылықты тұрғыны. Азаматтығы
жоқ адам – белгілі бір мемлекет тұрғыны және ешқандай мемлекеттің азаматы
болып танылмайтын жеке тұлға. Шетел азаматы – белгілі бір мемлекет тұрғыны
және басқа мемлекет азаматы.
Адам мен азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтары
негізгі 4 топтан тұрады:
1. өзіндік құқықтар мен бостандықтар (өмір сүру, ар-ождан және т.б.);
2. әлеуметтік құқықтар мен бостандықтар (білім алу, еңбек ету, демалу және
т.б.);
3. экономикалық құқықтар мен бостандықтар (ссуда, несие қатынастарына түсу
және т.б.);
4. саяси құқықтар мен бостандықтар (сайлау, сайлану, митингілер мен
шерулерге қатысу және т.б.).
Мемлекеттік басшы Қазақ ССР-нің Президенті ретінде 1990 жылдың 24
сәуірінде 1978 жылғы Қазақ ССР Конституциясына толықтыру негізінде
енгізілді. 1991 жылғы 1-желтоқсанда жалпы халықтық дауыс беру жолымен ҚР-
ның тұңғыш Президенті сайланды. Президент өкілеттігі 7 жыл. Президент
өкілеттігі мынандай жағдайларда тоқтатылады:
- жаңадан сайланған президент қызметіне кіріскен сәттен;
- қызметтен кетіргеннен бастап;
- қайтыс болған жағдайда;
- мерзімнен бұрын босатылғаннан бастап.
Президент өкілеттіктерінің бағыттары:
1. заң шығарушылық саласында;
2. үкіметке қатысты;
3. парламентке қатысты;
4. сыртқы саясатқа қатысты;
5. қорғаныс саласында;
6. соттар мен судъяларға қатысты.
ҚР-ның заң шығарушы органы – Парламент екі палатадан тұрады: Сенат
және Мәжіліс. Сенат жанама, Мәжіліс депутаттары төтенше сайлау арқылы
құралады. Парламент палаталарының бөлек отырыстарында қаралатын мәселелерді
алдымен Мәжілісте, кейін Сенатта қарау арқылы: мемлекеттік заемдар мен
Республиканың экономикалық және т.б. көмек көрсету туралы мәселелерді
шешеді және мемлекеттік алымдар мен салымдарды белгілейді. Парламент Үкімет
қызметіне бақылау жасайды.
Атқарушы билікті жүзге асырушы негізгі жоғарғы орган - Үкімет. Үкімет
министрліктердің, атқарушы билік комитеттері және орталық орган жұмысының
негізгі бағыттарын айқындайды және ұйымдастырады. Өз өкілдіктерін
нормативтік актілер шығару арқылы іске асырады. Үкімет актілеріне қаулылар
мен өкімдер жатады.
Қабылданған заңдардың және басқа да нормативтік актілердің ҚР
Конституциясына қайшы келмеуін, сондай-ақ барлық құқықтық актілердің және
сайлау жүйесінің дұрыс орындалуын қадағалаушы орган – Конституциялық кеңес.
Ол 7 мүшеден тұрады және өкілдік мерзімі - 6 жыл. Конституциялық кеңес
ерекшелігі Конституция нормаларына ресми түсініктеме беру болып табылады.
Оның нормативтік актілері: қаулылар, қорытындылар, жолдаулар.
Сот билігі сот ісін жүргізуші қылмыстық, азаматтық заңдармен
белгіленген тәртіп бойынша және басқа да нысандары арқылы жүзеге асырылады.
Соттардың актілері Республиканың аумағында жеке және заңды тұлғалардың
орындауы үшін міндетті. Сот жүйесі: жоғарғы сот; жергілікті соттар
(облыстық және оған теңестірілген соттар); қалалық, аудандық және ауылдық
соттар; арнайы соттар.
Судъялардың тәуелсіздігі заңмен қарастырылған. Олар қызметтен 2 жағдайда
босатылады: қызметтен босатылуы; өкілеттігінің тоқтатылу арқылы.
Жергілікті басқарушы органдар жүйесі:
- жергілікті өкілді орган – маслихат;
- жергілікті атқарушы орган - әкімшілік.
Маслихат депутаттарын халық төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру
арқылы 4 жыл мерзімге сайлайды. Маслихаттың қарауына жататын мәселелер
жөнінде ҚР Конституциясының 86-бабында толық айтылған. Әкімшілікті
басқарушы тұлға - әкім. Олар - ҚР Президенті мен Үкімет өкілі.
4. Сайлау құқығы белсенді және бәсең болып жіктеледі. Белсенді сайлау
құқығы - Республиканың кәмелетке (18 жасқа) толған азаматтардың жынысына,
ұлтына, тіліне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, тегіне, сеніміне және
т.б. қарамастан сайлауда дауыс беру құқығы. Бәсең сайлау құқығы - ҚР
азаматтарының ҚР Президенттігіне, өкілді және жергілікті органдарына мүше
болып сайлану құқығы. Әрбір сайлауға түсуші кандидат сайлауға қатыса алады.
Төте сайлау - азаматтардың тікелей Президентті, Парламент Мәжілісі мен
маслихат депутаттарын және жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін
сайлау құқығы. Жанама сайлау құқығы тек қана, Парламенттің Сенат
депутаттарын сайлау кезінде қолданылады және оларды тыңдаушылар, яғни
облыстық, қалалық Маслихат депутаттары сайлайды. Жасырын дауыс беру
сайлаушылардың еркін білдіру құпиясын сақтайды.
Сайлау жүйесі: мажоритарлық (көпшілік) және пропорционалды (тепе-
теңдік) болып бөлінеді. Мажоритарлық жүйенің екі түрі бар:
- абсолютті көпшілік (сайлауға тыңдаушылардың 50% қатысқан жағдайда және
сайлаушылар санының 50% астамының дауысын алған кандидат сайланған болып
танылады);
- салыстырмалы көпшілік (қайта дауыс беру кезінде басқа кандидатқа
қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санынан көпшілігін алған
кандидат сайланған болып танылады).
Сайлау органдарының жүйесі:
1. Республиканың ортақ сайлау комиссиясы;
2. Аумақтық сайлау комиссиялары;
3. Округтік сайлау комиссиялары;
4. Учаскелік сайлау комиссиялары.

Лекция № 3
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық негіздері

1. Әкімшілік құқық ұғымы.
2. Әкімшілік құқықтық нормалар мен қатынастар.
3. Атқарушы билік органдары. Мемлекеттік қызмет.
4. Әкімшілік құқық бұзушылық және жауаптылық.

1. Әкімшілік құқық қоғамдық қатынастарды реттейтін, мемлекеттің басқару
қызметінің процесінде пайдаланатын және мемлекеттік аппараттың
тәртіптерінен бірізділік жұмысын қамтамасыз ететін аса маңызды тәсілдердің
бірі болып табылады. Мемлекеттік әкімшілік құқықтық нормалар арқылы өзінің
өкілетті органдарымен қоғамның қажеттерін қанағаттандыру және де өз
азаматтарының өміріне қауіпті жағдайларды қамтамасыз ету үшін экономикалық
және әлеуметтік-мәдени мәні бар аса маңызды ұйымдық шараларды жүзеге асырып
отырады.
Әкімшілік құқық азаматтардың меншікті басқаруға қатысушылардың
құқықтық және ұйымдық нысандарын бекітеді, сонымен қатар өкілетті органдар
мен лауазымды адамдар және азаматтар үшін тиісті мінез-құлық ережелерін
тағайындайды. Әкімшілік құқық - мемлекеттік басқару аясындағы қоғамдық
қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылатын
құқықтық сала. Мемлекеттік басқару – бұл мемлекеттік билікті жүзеге асыру,
мемлекеттік биліктік өкілеттіктерді жүзеге асырушы мемлекеттік органдар
қызметі түрлерінің бірі.
Атқарушы билік ұйымдастыру, басқару, атқару, өкім ету сипаты бар
функцияны жүзеге асырады. Атқарушы билік органының негізгі қызметі -
заңдарды орындау және олардың орындалуын бақылау. Атқарушы билік органдары
қызметінің негізгі бағыттары: болжау; жоспарлау; басқарушы және басқарылушы
кіші жүйелерді ұйымдастыру; құқықтық реттеу; жалпы басшылық жасау және
жедел өкім; бақылау; атқару; ақпараттық қамтамасыз ету және ақпараттық
талдау; әдістемелік басшылық жасау; кадрмен, материалдық-техникалық
заттармен қамтамасыз ету; қаржыландыру және т.б.
Әкімшілік құқық нормалары мемлекет пен қоғамның мүдделерін
қанағаттандыруға; жариялылық мүдделерді қорғаудың тәсілдерін және оларды
бұзғаны үшін жауапкершілік шараларын айқындауға; әкімшілік санкцияларды
қолдануға бейімделген. Құқықтың кез-келген саласы өкім беру, тыйым салу
және рұқсат ету сияқты қоғамдық қатынастарға реттеушілік ықпал ету
тәсілдерін пайдаланады. Өкім – бұл қоғамдық қатынастарға түсушілерге
құқықтық норма талаптарына толығымен сәйкестендіріп әрекет жасауға
міндеттейтін мемлекеттік нұсқама. Тыйым – қоғамдық қатынастарға түсушілерге
құқықтық нормамен қаралған әрекеттерді жасаудан бас тартуға міндеттейді.
Рұқсат ету – бұл қоғамдық қатынасқа қатысушыларына құқықтық нормада
көрсетілген қандайда болмасын заңды мәні бар әрекеттерді жасауға немесе
одан бас тартуға рұқсат беру.

2. Мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін-өзі басқару субъектілерінің
өзара қарым-қатынастарының құқықтық режимін белгілеуші, азаматтардың
атқарушы билік нысанындағы құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін және
оларды жүзеге асырудың кепілдіктерін айқындаушы сала әкімшілік құқық
нормалары болып табылады. Әкімшілік құқықтық нормаларды мазмұнына,
белгіленген ережелер көрінісінің нысанына, олар ықпал ететін тұлғалар
тобына, яғни нормалардың кеңістіктегі әрекетінің тәртібіне байланысты
бірнеше түрлерге бөлінеді. Әкімшілік-құқықтық нормалар мазмұнына қарай
мынандай түрлерге бөлінеді:
- әкімшілік құқық субъектілерінің құқықтарын, міндеттерін және
жауапкершіліктерін бекітуші;
- атқарушы билікті жүзеге асырудың нысандары мен әдістерін айқындаушы;
- теріс қылық үшін әкімшілік жауапкершілік белгілеуші;
- әкімшілік іс жүргізу қызметін реттеуші;
- атқарушы органдардың қызметіне заңдылықты қамтамасыз етуші;
- әкімшілік, саяси, әлеуметтік, мәдени және экономика салаларындағы
мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру туралы негізгі ережелерді айқындаушы.
Әкімшілік құқықтық нормалар көрінісінің нысаны бойынша (ықпал ету
тәсілі бойынша) міндеттейтін, тыйым салатын, рұқсат беретін, ынталандыратын
және ұсынылатын болады. Кез-келген құқық нормалары сияқты әкімшілік құқық
нормасы гипотеза, диспозиция және санкциядан тұрады.
Әкімшілік құқық нормаларымен реттелген атқарушы билік негізінде пайда
болған қоғамдық қатынастар әкімшілік-құқықтық қатынастар деп аталады.
Әкімшілік-құқықтық қатынастарға түсуші тұлғаларды субъект деп атайды.
Әкімшілік-құқықтық қатынас субъектісі болып мемлекеттік атқарушы билік
органы және оның лауазымды адамы табылады. Заң нормалары бойынша әкімшілік
істерді қараған кезде соттар және сыртқы басқарушылық функцияларын іске
асырған кезде қоғамдық бірлестіктер әкімшілік құқық субъектілері бола
алады. Басқарудың объектісі атқарушы биліктегі құқықтары мен міндеттері
белгіленген және басқарылатын тарап ретінде жеке және заңды тұлғалар
болады.

3. Атқарушы билік органдарының ерекшеліктері:
- заң шығарушы және сот биліктері органдарымен қатар мемлекеттік аппараттың
бөлек саласы;
- өз қызметтерін заң жүзінде атқарады;
- заңдар мен заңға негізделген нормативтік актілерді орындау үшін құралады;
- мемлекет атынан жеке және заңды тұлғаларға арналатын заңға негізделген
нормативтік актілер шығарады, олардың ережелері мен талаптарының
сақталуына қадағалау жүргізеді және бұл актілердің орындалуын қамтамасыз
етіп қорғайды;
- мемлекеттік әкімшіліктің бірыңғай жүйесін құрайды және т.б.
Атқарушы билік органдары – бұл мемлекеттің, қоғамның шаруашылық,
әлеуметтік, мәдени және әкімшілік саяси өмірінің әр-түрлі салаларында
атқарушы-өкім етуші қызметін жүзеге асырушы аппарат. Атқарушы билік
органдары қызметтерінің мазмұны мен бағытына қарай мынандай топтарға бөлуге
болады:
1. қызметінің аумақтық көлемі бойынша: республикалық және жергілікті;
2. ұйымдастыру-құқықтық нысандары бойынша;
3. атқарушы билік органдары құзретінің сипаты бойынша:
а) жалпы құзыретті (Үкімет, әкімдер, әкімшіліктер);
ә) салалық құзыретті (министрліктер, жергілікті атқарушы органдар);
б) салааралық құзыретті (министрліктер, агенттіктер, ведомстолар);
4. өз ведомстасына қарасты мәселелерді шешу тәртібі бойынша:
а) алқалы органдар (Үкімет пен әкімшіліктер);
ә) дара басшылық органдары.
Үкімет – атқарушы органдар жүйесін басқаратын және олардың қызметіне
басшылық жасайтын орган. Үкіметті Президент құрады және оны таратуға
құқылы. Премъер-министр тағайындалғаннан кейін 10 күн мерзімде Республика
Президентіне Үкіметтің құрлымы мен құрамы жөніндегі ұсыныс береді. Үкімет
құрылымына министрліктер мен басқа да орталық атқарушы органдар кіреді.
Үкімет мүшелері: Премъер-министр, оның орынбасарлары, министрлер және
лауазымды адамдар. Премъер-министрді қызметке Парламент келісімімен
Президент тағайындайды.Үкімет Президенттің өкілеттік мерзімі біткенше
қызмет атқарады.
Атқарушы биліктің орталық органдары олардың қызметінің сипатына қарай
салалық құзыретті органдарға, салааралық құзыретті органдарға, бақылау және
қадағалау органдарына жіктеледі. Мемлекеттік арнайы немесе ерекше
функцияларын іске асыратын мамандандырылған мемлекеттік органдарға бөлуге
болады. Қазіргі уақытта республикада негізгі 3 сала бойынша орталық
атқарушы органдар қызмет атқарады: экономикалық; әкімшілік-саяси;
әлеуметтік-мәдени.
Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік
биліктің міндеттері мен қызметтерін жүзеге асыруға бағытталған лауазымды
өкілеттігін атқару функциясын мемлекеттік қызмет деп атаймыз.
Мемлекеттік қызмет принциптері: заңдылық; мемлекеттік патриотизм;
мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы; азаматтардың заңды мүддесінің
басымдығы; мемлекеттік қызметтің жалпыға ашықтығы; мемлекеттік органдар мен
лауазымды адамдардың қабылдаған шешімдерінің мемлекет қызметшілерінің
орындауы үшін міндеттілігі; мемлекеттік қызметшілердің бақылауда болуы және
есептілігі.
Мемлекеттік лауазым – нормативтік құқықтық актілермен белгіленген
лауазымдық өкілеттіктер мен лауазымдық міндеттердің белгілі тобы жүктелген
мемлекеттік органның құрылымдық бөлігі.
Заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті
бюджеттен ақы төленетін қызметін мемлекеттік органда атқаратын және
мемлекеттік міндеттер мен қызметтерді жүзеге асыру мақсатында лауазымдық
өкілеттікті жүзеге асыратын азамат - мемлекет қызметшісі болып табылады.
Мемлекеттік қызметшілер екі топқа бөлінеді: мемлекеттік әкімшілік қызметші
және мемлекеттік саяси қызметші.

4. Әкімшілік құқық бұзушылық жеке тұлғалардың, қоғамның және мемлекеттің
мүдделеріне зиян келтіретін және құқыққа қарсы әрекет. Әкімшілік құқық
бұзушылықтың объектісі - әкімшілік жауаптылық шараларымен қорғалатын
мемлекеттік басқару аясындағы қоғамдық қатынастар болып табылады.
Объективтік жағы - әкімшілік құқық бұзушылықтың объектісіне бағытталған
құқыққа қарсы әрекет немесе әрекетсіздік. Субъект – бұл әкімшілік құқық
бұзушы жеке немесе заңды тұлға. Әкімшілік құқық бұзушылық құрамының
субъективтік жағы – кінә, яғни құқық бұзушының мақсаты.
Әкімшілік жауаптылық - өкілетті мемлекеттік органның әкімшілік құқық
қолданылып жүрген нормаларымен құралған нақты әкімшілік-құқықтық
санкцияларды құқық бұзушылықтың ерекше түрі кінәлі жеке немесе заңды
тұлғаларға қолдануынан көрінеді. Әкімшілік жауаптылық әкімшілік құқықтық
нормаларды бұзған жағдайда пайда болады.
Әкімшілік жазалар әлдебір адамның жасаған әрекетіне теріс баға
беруден немесе құқық бұзушыға материалдық ықпал жасаудан көрініс табуы
мүмкін. Әкімшілік жаза түрлері:
- ескерту;
- айыппұл, заттың өтемін төлеу;
- мүлікті, ақшаны, бағалы қағазды тәлкілеу;
- арнаулы құқықтан айыру;
- лицензиядан, арнаулы рұқсаттан және т.б.с.с. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ мұғалімдерді мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге даярлау
Батыс Европа және АҚШ - тағы саяси - құқықтық iлiмдер
Құқық норманың негізгі сипаты
Кәсіпорынның өндірістік қуаты
Ортаның факторларына организмдердің адаптациясы
«Мемлекеттік құқық теориясы» пәні бойынша дәріс сабақтарының контактілік мәліметтері
Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлау («Ана тілі» және «Дүниетану» оқулықтары негізінде)
Азаматтық қоғам жайында
Ертедегі алғашқы қауымдық кезеңі
Білім беру модернизациясының әлемдік тәжірибесі және оқытудың интерактивті әдістері
Пәндер