Түркістанның флорасы мен фаунасы



Түркiстанның бағзы тарихы
Түркiстанда ботаникалық бақ ашу
Соңғы жылдары денсаулығына байланысты Түркiстанға бiржолата қоныс тепкен танымал қаламгер, белгiлi әдебиет сыншысы Құлбек Ергөбек "Түрiк дүниесiнiң ортақ астанасы" (Н.Назарбаев) жайында кiтап жазу үстiнде. Кiтап көне Түркiстанның бағзы тарихы, бойын тiктеген бүгiнгi халi, ертеңгi тағдыры жөнiнде ой-толғаныс.
Ертеде...
Иә, ертеде Түркiстанда "Жиһан бақ" аталатын бақ болыпты. Оның iшiн атпен жүрiп алты күн араласаң о шетi мен бұ шетiне шыға алмайтын болсаң керек. Ханның жүйрiк аты арқанын үзiп кетiп, шабармандар "Жиһан бақ" iшiнен алты ай iздеп зорға тапқан деседi.
Сырдың бойы сыңсыған орман, Түркiстан өңiрi толы тұтасқан тоғай болған деседi. Басын көкке көтерiп, тамырын тереңге жiберiп, небiр нарқамыстар өсiптi. Небiр жыртқыш аңдар жүрiптi нарқамыс арасында. Өткен ғасырларда iс-сапармен Түркiстан өңiрiне тарантаспен саяхаттаған жиһанкездерге Сыр жолбарысы қауiп төндiрер екен. Ұмытпасам, сондай жазбаның бiрiн талантты тәржiман, қаламгер, әзiз адам Әбiлмәжiн Жұмабайұлы қазақшаға аударып "Қазақтар" аталатын кiтабында бастырды.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Түркістанның флорасы мен фаунасы
Соңғы жылдары денсаулығына байланысты Түркiстанға бiржолата қоныс
тепкен танымал қаламгер, белгiлi әдебиет сыншысы Құлбек Ергөбек "Түрiк
дүниесiнiң ортақ астанасы" (Н.Назарбаев) жайында кiтап жазу үстiнде. Кiтап
көне Түркiстанның бағзы тарихы, бойын тiктеген бүгiнгi халi, ертеңгi
тағдыры жөнiнде ой-толғаныс. 
Ертеде...
Иә, ертеде Түркiстанда "Жиһан бақ" аталатын бақ болыпты. Оның iшiн атпен
жүрiп алты күн араласаң о шетi мен бұ шетiне шыға алмайтын болсаң керек.
Ханның жүйрiк аты арқанын үзiп кетiп, шабармандар "Жиһан бақ" iшiнен алты
ай iздеп зорға тапқан деседi. 
Сырдың бойы сыңсыған орман, Түркiстан өңiрi толы тұтасқан тоғай болған
деседi. Басын көкке көтерiп, тамырын тереңге жiберiп, небiр нарқамыстар
өсiптi. Небiр жыртқыш аңдар жүрiптi нарқамыс арасында. Өткен ғасырларда iс-
сапармен Түркiстан өңiрiне тарантаспен саяхаттаған жиһанкездерге Сыр
жолбарысы қауiп төндiрер екен. Ұмытпасам, сондай жазбаның бiрiн талантты
тәржiман, қаламгер, әзiз адам Әбiлмәжiн Жұмабайұлы қазақшаға аударып
"Қазақтар" аталатын кiтабында бастырды. 
Түркiстан өңiрiнде аң-құстың жыртылып-айырыларын "Н.А.Северцевтiң Түркiстан
хайуанаттарын көлбей және тiгiнен зерттеуi" аталатын Мәскеуде 1873 жылы
басылған кiтапты оқыған кiсiнiң көзi жетедi. Императордың жаратылыстану,
антропология және этнографияға жантартушылар қоғамы арқылы жарық көрген
кiтап менде сақтаулы. 
Тұма-бастауын қарт Қаратаудан алып өзара сырласқандай сылдырай табысып,
жамырай жарысып Сырға қарай жөңкiле жөнелетiн сан тармақты өзендер болыпты.
Ол өзендер де жоқ бұл күнде. Қаратаудың ботагөз бұлақтарының әсем көзi
тартылып кеткен. Сол өзендердiң бiрi Қаратаудан құлап, қаланы қақ жарып,
жарықтық Ясауи кесенесiн солтүстiк шығыс жағынан орай өтiп Сырдарияға қарай
сырғып кете барады екен. Бүгiнде өзен жоқ, қалада шағын арнасы жатыр күл-
қоқысқа толып.
Ертеде аталарымыз "Көкше құрақ, көкше құрақ болған көлге тұрақ" деп
жырлаған. Бүгiнде көкше құрақ та жоқ, көл де жоқ.
Ну орман, қалың тоғай, нар қамыс, сыңсыған көкше құрақ – қолдан егiлiп,
бапталған "Жиһан баққа" қосылып, табиғи тамырласып Түркiстанға әр берген,
сән берген, абат баққа айналдырған. Андыздаған аңыздар, ғажайып әфсаналар
содан туады. Содан да Түркiстан бауырындағы адамзатқа омырауынан сүт
саулаған, қойнауынан құт дарыған қайырлы мекенге айналған.
Бүгiнде баяғы "Жиһан бақ" жоқ әрине!
Дегенмен, Түркiстанның шығысынан батысына қарай бiрсыпыра жердi алып жатқан
әдемi бақ бар едi. 1999 жылы Алматыдан келiп қала әкiмiнiң орынбасары болып
аз уақыт қызмет iстегенде мың болғыр Өмiрзақ Әметұлына айтып сол бақты
жекешеленуден сақтап қалған едiм. 
Ендi бiлiп отырмын, сол "Түркiстан бағы" сатылып кеткен. Ендiгi күнi не
болар? Барып көрмедiм. Тоз-тозы шықпаса не қылсын? Өзектi өртер өкiнiш көп
әрине. 
Төс соққылап "Түркiстан, Түркiстан!" – дей бергенмен жәдiгер қала қарадай
көркейiп кете қоймайды. Көркейту үшiн перзенттiк пейiл керек. Сондай
перзенттiк пейiлдi Түркiстандағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк
университетiнiң 100 га жердi алып жатқан бағын егiп баптаған бағбаннан
көрдiм. Әңгiме сол бақ, оны бастаушы-баптаушы ботаник ғалым Құлахмет
Байжiгiтов туралы. 
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетi құрылған 1992 жылы
Түркiстан қаласының төл перзентi академик Иса Омарұлы Байтулин
университеттiң сол кездегi президентi Мұрат Жұрынұлына ұсыныс айта келедi.
Ол ұсыныс Түркiстанда ботаникалық бақ ашу туралы. Себебi ол кiсi осы
өңiрдi, яғни Сырдария, Қаратау өңiрлерiнiң өсiмдiктер дүниесiн (флорасын)
зерттеп, Түркiстан климатының соңғы елу жылда қатты өзгергендiгiн байқаған
болатын. 
Сырдарияның Қазақстандағы алып жатқан аумағы 1400 шақырымды құрайды. Бұрын
Сырдария тасып, жылға-жылға суға толып, өзеннiң суы арнасынан асып, соның
салдарынан өзеннiң екi жағалауында қалың тоғай қаптаған. Сол тоғай бұл
өлкенi Қызылқұмның ыстық желiнен қорғаған. Кейiн мақта шаруашылығы
дамығаннан кейiн, өзен суын көп жерден бөгеп, пайдаланудың әсерiнен судың
көлемi азайып кеттi. Өңiрдiң құрғақ тартып, сыңсыған қалың тоғайдың құруына
әкелген жағдай осы! Қазiр ол тоғайды Сырдария жиегiнен ғана кездестiресiз. 
Екiншi бiр жағдай Сыр алқабын құрғақшылықтан сақтайтын қарт Қаратаудан
бастау алып ойпаңға қарай жамырай ағатын өзендер болатын. Қарт Қаратау
бойынан комбинаттар салынып қорғасын өндiрiле бастағалы, ол өзендердi
құрайтын сұлу көздер – ғажайып көлдер құрып кеттi. Бағзыда көне шаһардың
шығыс жағындағы Шошқа көл жылда арнасынан асып-тасып, Түркiстанға дейiн
келетiн болған. Қазiргi таңда ол да тартылып кеткен.
Қысқасы, осы сияқты бiрнеше себептердiң салдарынан климаты өзгерген
Түркiстан – экологиялық қасiреттi өңiрге айналып отыр. Кезiнде Түркiстанда
туған, көне қалада педагогикалық училищеде оқыған, Қазақстанның iшiн былай
қойып, көптеген шетелдерге танымал Иса Омарұлы Байтулин бұл жайларды жақсы
бiледi. Халықаралық конференция, конгрестерде талай рет қабырғасы қайыса
тұрып баяндама жасаған. Келелi ойларын кеңеске салған. Қайтсек даңқты
Түркiстан уалаяты жерiн тұзданудан, шөлейттенуден сақтаймыз? Өзара
байланыста өрiстейтiн, өзара ықпалмен қалыпты күй кешетiн Түркiстан
климатын қалай сақтаймыз? – деп бiралуан ой кешетiн академик Иса Омарұлы!
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетi ашылғанда оны
Түркiстанға жетелей жөнелген – туған жер табиғатына қайтсек болысамыз деген
жанды жегiдей жеген жайтаптырмас ой!
Иса Омарұлы Түркiстанда ботаникалық бақ ашу керек екендiгiн жете түсiнiп,
ретiнде Өкiлеттi Кеңес төрағасы Н.К.Зейбек алдына тартты. Обалы не, ол да
қарсы болмады. Бiрақ, жақсы ой, жарқын идеяны жүзеге қалай асыру керек? 
Түркiстанда ботаникалық бақ ашу үшiн алдымен жанын аямбас-жансебiл адам,
жақсы маман қажет! Алматыдағы Қазақтың егiншiлiк ғылыми-зерттеу
институтының лаборатория бөлiм меңгерушiсi Құлахмет Байжiгiтовке қолқа
салды. Өзiн Иса Байтулин шәкiртiмiн деп есептейтiн ол ұстаз ұсынысына
келiстi. 1993 жылы маусым айында Түркiстанға бiржолата келдi.
Биолог ғалым Құлахмет Байжiгiтов бұл бақтың ғылыми негiзде салыну
қажеттiгiн және оның өзiндiк белгiлi ғылыми жобасы болу керектiгiн айтады.
Бұл мәселенi өзi қолға алып, Алматыдағы Казгипрограф (қалалардың бас
жобасын жасайтын мекеме) мекемесiнiң бас инженерi Татьяна Жүрсiнғалиқызымен
бiрiгiп жобаны дайындауға кiрiстi. Иса Омарұлы Байтулин бұған дейiн Ұлттық
Ғылым академиясының бағын жасаған, ел аралап, жер көрген тәжiрибелi адам,
айтулы ғұлама. Мiне, сол ұстаз басшылық жасады. 1994 жылы ботаникалық
бақтың жобасы дайын болады. Ол Ұлттық Ғылым Академиясы қарамағындағы
Қазақстанның бас ботаникалық бағының ғылыми кеңесiнде қаралып, бекiтiлдi. 
"– Жалпы ботаникалық бақ оңтүстiк америка, солтүстiк америка, сiбiр,
орталық азия дегендей бiрнеше зоналарға бөлiнсе, бұл ботаникалық бақ олай
емес, өзгеше ерекшелiкке құрылды– дейдi Құлахмет Байжiгiтов.
Ботаникалық бақ үш бөлiмнен тұрады: дендрари секторы, қандай декоративтi
ағаштар өседi, қандай жемiс ағаштарының питомниктерi бар екенiн эксперимент
бөлiмi қарайды. 
Қазақстанда бес топырақ климат зонасы бар. Осы климат зоналары осы
ботаникалық баққа салынуы қажет. Ботаникалық бақтың аумағы 104 гектар жердi
алып жатыр. Бақта 28 питомниктiң түрi бар".
Түркiстан қаласы шаруашылық аймақ болғандықтан, жемiс ағаштарының бiрнеше
түрi бар. Өзбек ағайындар көршiлес Өзбекстан, Түркiменстан, Тәжiкстанның
барлық аймақтарында өсетiн жемiс ағаштарының түрлерiн (алманың, өрiктiң
т.б) Түркiстанға әкелiп өсiрген. Оларды зерттеп, бiрнеше питомниктерiн осы
ботаникалық баққа әкеп отырғызды. Қосқорған мекенiнде тұратын бiр кiсiнiң
үйiнде шабдалының 12 сорты бар екен. Оның бiрiншi сорты мамыр айының
аяғында пiседi. Онан кейiнгiлерi әрбiр он күн сайын пiсiп, қазан айының 15-
не дейiн барады. Шабдалы ешқандай сақталмайтын жемiс. Оның көп уақытқа
дейiн базарларда сатылуы осыған байланысты. Туа бiттi бағбанға барып қолқа
салуға тура келдi. Құлахмет бағбан кiсiлiгiн сақтап кiшiрейiп барды.
Түркiстан, Кентау өңiрлерiнде сары өрiктiң 28 сортын кездестiресiз. Алманың
да бiрнеше сорттары бар. Осылардың барлығын зерттеп, ботаникалық баққа
байырқаландыруға Байжiгiтов барын салды. Одан басқа жидектердiң де бiрнеше
түрлерiн жинаған. Айтулы өңiрдi алып жатқан бақ осындай жансебiлдiкке
бiттi. 
Бүгiнгi таңда ботаникалық бақта декоративтi сәндiк ағаштар мен жемiс
ағаштарының 127 тұқымы бар. Олар 59 атаға, 28 әулетке жатады. Бұл
ағаштардың барлығы ғылыми негiзде егiлген. Ал ол ғылымның теориясын жасаған
Иса Омарұлы Байтулин. Ол қандай теория? 
"– Түркiстан өңiрi жаз айларында өте ыстық болады. +45° кейде +50°-қа дейiн
көтерiледi, ал қыста -20°, қара суықтың есебiнен кейде -30° қа дейiн
төмендейдi. Осындай ауа райының жағдайына төзетiн декоративтi ағаштар мен
жемiс ағаштарының тiзiмiн жасайды. Ондай ағаштар қайда өседi? Мысалы, бiр
декоративтi ағаштың түрi Өзбекстанда өссе, сол ағаш Жезқазғанда да өседi.
Яғни бұл ағашты бiзде өсiруге болады, суыққа да, ыстыққа да төзiмдi ағаш.
Ботаникалық бақтағы ағаштың 127 тұқымы болса, оның 98-i декоративтi ағаш,
соның 80 түрi бұрын Түркiстанда өспейтiн. Ендi қалыптастырып, оларды
халыққа ұсынып отырмыз" – дейдi бағбан Байжiгiтов!
Университет ботаникалық бағын дендрари, розари, сиренгарилер бар. Бақта
роза гүлiнiң бүгiнгi күнi 15 түрi өседi. Бұл басқа ботаникалық бақтарда
жоқ. Сиреннiң оннан аса түрi өседi. Сондай-ақ, ақ қайың да бар. Негiзi ақ
қайыңның жүзден ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның экологиялық аймақтары
ОҚО физикалық – географиялық сипаттама
Биогеография пәнінің зерттеу обьектісі
Қазақстан Республикасының флорасы мен фаунасы
Австралия материгі
Халықаралық ынтымақтастық
Оңтүстік Американың өсімдіктер дүниесі
Тарбағатай жотасы - Геоқұрылымдық тұрғысынан
Қазақстандағы ірі су қоймаларының экожүйесінің фаунасы мен флорасы зардаптары
Қазақстанның әлемдік қауымдастықта алатын орны
Пәндер