ХХІ ғасырдағы орталық азия қауіпсіздік мәселесін нығайту мен жетілдіру жолдары
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 Тарау Аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстанның күш.жігері және бастамалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.1 Шанхай ынтымақтастық ұйымының қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
1.3 Қазақстан және аймақтық қауіпсіздік: Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2 Тарау Қазақстан мен Орталық Азия аймағының қауіпсіздік мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.1 Азия құрлығында қауіпсіздік орнату үшін өзара ынтымақтастық жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
2.2 Шанхай ынтымақтастық ұйымының Қазақстанға әсері ... ... ... ... ... ... ... .23
2.3 Шанхай ынтымақтастық ұйымының терроризм, заңсыз көші.қон
және есірткі транзитімен күрес жүргізуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
3 Тарау ХХІ ғасырдағы Орталық Азия қауіпсіздік мәселесін нығайту мен жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .43
3.1 Ұзақ мерзімді басымдық: Ұлттық Қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...43
3.2 Орталық Азия елдері және қауіпсіздік мәселесін орнату
стратегиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...46
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 52
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57
Қосымша

Кіріспе
Ғасыр бойы Азияда аймақтық проблемаларды тиімді шешу үшін ортақ тұғырнаманы қалыптастырудың көптеген әрекеттері қолға алынды. Азияда ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру туралы КСРО-ның ұсынысын еске алсақ та жеткілікті. 1970 жылдардың басында Л.Брежнев осындай бастама көтерді, мұны және Үндістан белсенді түрде қолдайды деп есептеді. Бірақ Үндістан да, басқа азиялық мемлекеттер де ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру туралы кеңестік ұсынысты қолдаған жоқ. Азия елдерінің КСРО-ның жоспарларына дәстүрлі түрде күдікпен қарауы, сондай-ақ Пекиннің жанталаса қарсылық білдіруі өзінің теріс рөлін атқарады. Оның үстіне аймақтағы көптеген елдердің арасындағы күрделі қарама-қайшылықтардың болуына байланысты Азия құрлығындағы қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың базалық қағидаларында қалыптастыруға мүмкіншілік болмады.
Жоғарыда атап өткендей, 1990 жылдардың басында жағдай өзгерді: бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту жолында Азиялық елдердің күш-жігерін біріктіру үшін нақты алғышарттар пайда болды. Екі астам державаның ғаламдық тікетіресу дәуірі аяқталды. Азиядағы тікетірес, бәлкім, елеулі дәрежеде әлсіремеген болар, бірақ аймақтық шиеленісті ұшықтыруға жәрдемдескен көптеген факторлар бірте-бірте өзінің күшін жоғалта бастады. Сондықтан Азияда мемлекеттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тетіктерді жасауға ұмтылыс жанданды. Бағдарлар алмасты. Тікетірес экономикалық кооперация, коммуникацияны дамыту, қоршаған ортаны қорғау, су ресуртарын пайдалану, қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты салалардағы өзара іс-қимылға орын берді. Аймақ ұғымы Шығыс Азия мен Оңтүстік Шығыс Азияны жаңа экономикалық архитектурасын қалыптастыратын іргетасқа айналды.
Азиялық елдер дамуының ортақ векторы белгіленді, оның Азиялық қоғамдардың либералдық демократия мен нарықтық экономика жағынан бейімделуі ретінде сипаттауға болады. Осындай бейімделу аймақтағы көптеген мемлекетердің ішкі және сыртқы саясатының мазмұның айқындаушы факторына айналды. Олардың жаңа геосаяси жағдайларға бейімделуі аймақтық қауіпсіздік саласында азиялық елдердің ынтымақтастығын бірте-бірте өрістеуге алып келді.
Қазақстан Республикасы халықаралық қауіпсіздік және қарусыздану мәселелері жөніндегі өзінің барлық практикалық істерінде екі қағидалары негізге ие:
1. Қазіргі барлық геосаяси және геоэкономикалық тенденцияларды барабар қабылдау қажет, халықаралық қауіпсіздіктің жаңа құрылымдарының және тетіктерінің құрылысымен бірте-бірте айналысу керек.
2. Аймақтық қауіпсіздік жүйесін құра отырып, ғаламдық қауіпсіздікті нығайтуды тиімді жолдарын іздестіру сияқты міндетті де ұмытпаған жөн.
Стратегиялық тұрақтылық тетігінің өзіне тән ерекшелігі оның көп тарапты сипаты, яғни тиісті елдердің келісілген іс-қимылы болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – қазіргі кездегі Шанхай ынтымақтастық ұйымының Қазақстанға тигізетін әсерін, аймақтағы қауіпсіздікті орнату мен өңірдегі мемлекеттермен тығыз қарым-қатынасты орнату болып табылады.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Бүгінгі таңда қауіпсіздік мәселесі қай елге болмасын, маңызды болып табылады. Өйткені қауіпсіздікті орнатпай, болашақ та болмайды. Сондықтан әскери қауіпсіздікті орнатып, экономикалық мәселелерді, дипломатиялық қарым-қатынастарды, яғни, халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті орнату қажет. Бұл мәселелер бүгінгі күннің ең өзекті

Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Абдиев К.С. Статистический ежегодник Казахстан. Агенство РК по статистике. 2006.
2. Абдулпаттаев С. Халықаралық қатынастардың қазіргі проблемалары. Алматы «Қарасай»2006. 72 б.
3. Абдулпаттаев С. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты. Алматы,2005.92 б.
4. Аяған И.Г. Тенденции и динамика изменений национального состава Казахстана // Евразийское сообщество; экономика, политика, безопасность. 2006.
5. "Analytic" Аналитическое обозрение. Информационно-аналитический журнал.
№ 3/2002. Интервью. Яо Пэйшен-Чрезвычайный и Полномочный Посол КНР в РК "Китай отказывается от сферы влияния в регионе". С. 3
6. "Analytic" Аналитическое обозрение. Информационно-аналитический журнал.
№ 2/2002 Султанов. Б.К. Состояние и песпективы сотрудничества РК и РФ в рамках Договора о коллективной безопасности и Шанхайской организации сотрудничеству. С. 11
7. Бакаев А.Н. Национальная безопасность Казахстана в контексте истории и современности. Астана. Елорда., 2000.
8. Декларация о создании Шанхайской Организации Сотрудничества. Шанхай, 15 июня, 2001. //Национальная безопасность: итоги десятилетия. Астана, 2001. 442 с.
9. Декларация о создании Шанхайской Организации Сотрудничества. Шанхай, 15 июня, 2001. //Национальная безопасность: итоги десятилетия. Астана, 2001. 337 с.
10. Демографичекий ежегодник Казахстана: Статистический сборник. Алматы, 2007
11. Fuller G.E. Central Asia. The New Geopolitics. – Santa Monica: Rand Corporation,1992. 25 p.
12. Заявление глав государств - участников СНГ.// Дипломатический вестник. МИД РK.- 2000. - № 9- с.22.
13. Иватова Л.М. Проблема международной безопасности в политике Республики Казахстан / Центральная Азия и Казахстан в фокусе современных международных отношений. Алматы., 2001, С 79.
14. Кажокин Е. Россия кровно заинтересована в стабильности в Центральноазиатском регионе.// Аналитическое обозрение. - 2002. - № 2. -с.3.
15. КазЭУ хабаршы. «Халықаралық өмір және саясат» сериясы. А., 2004. №1 (6). 65-69 – бб.
16. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Алматы «Жеті жарғы» 2007, 128 – бет.
17. Мирошниченко В. Шанхай ұйымының парламенттік өлшемі. 30 мамырда Мәскеуде Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Нұртай Әбіқаев қатысқан ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер қатысты // В.Мирошниченко // Егемен Қазақстан. – 2006. – 30 мамыр
18. Назарбаев Н.А. За мир и согласия в нашем доме // Материалы второй Ассамблеи народов Казахстана. Алматы, 1998.
19. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030.Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы:Білім, 2002.
20. Назарбаев. Н.Ә. Қазақстан Халықтарының Ассамблеясы.Астана «Елорда» 2005.
Назарбаев.Н.Ә. Жаһандану дамудың жаңа кіндігі. Шанхай ынтымақтастық ұйымы бола алады //

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 Тарау Аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі
Қазақстанның күш-жігері және
бастамалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.1 Шанхай ынтымақтастық ұйымының
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...6
1.2 Шанхай ынтымақтастық ұйымының
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
1.3 Қазақстан және аймақтық қауіпсіздік: Ұжымдық қауіпсіздік шарты
ұйымы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2 Тарау Қазақстан мен Орталық Азия аймағының қауіпсіздік
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2.1 Азия құрлығында қауіпсіздік орнату үшін өзара ынтымақтастық
жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2.2 Шанхай ынтымақтастық ұйымының Қазақстанға
әсері ... ... ... ... ... ... ... .2 3
2.3 Шанхай ынтымақтастық ұйымының терроризм, заңсыз көші-қон
және есірткі транзитімен күрес
жүргізуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...31
3 Тарау ХХІ ғасырдағы Орталық Азия қауіпсіздік мәселесін нығайту мен
жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 43
3.1 Ұзақ мерзімді басымдық: Ұлттық
Қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...43
3.2 Орталық Азия елдері және қауіпсіздік мәселесін орнату
стратегиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..4 6
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..52
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..57
Қосымша
Кіріспе
Ғасыр бойы Азияда аймақтық проблемаларды тиімді шешу үшін
ортақ тұғырнаманы қалыптастырудың көптеген әрекеттері қолға
алынды. Азияда ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру туралы КСРО-ның
ұсынысын еске алсақ та жеткілікті. 1970 жылдардың басында
Л.Брежнев осындай бастама көтерді, мұны және Үндістан белсенді
түрде қолдайды деп есептеді. Бірақ Үндістан да, басқа азиялық
мемлекеттер де ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру туралы
кеңестік ұсынысты қолдаған жоқ. Азия елдерінің КСРО-ның
жоспарларына дәстүрлі түрде күдікпен қарауы, сондай-ақ
Пекиннің жанталаса қарсылық білдіруі өзінің теріс
рөлін атқарады. Оның үстіне аймақтағы көптеген
елдердің арасындағы күрделі қарама-қайшылықтардың болуына
байланысты Азия құрлығындағы қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың
базалық қағидаларында қалыптастыруға мүмкіншілік болмады.
Жоғарыда атап өткендей, 1990 жылдардың басында жағдай өзгерді:
бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту жолында Азиялық елдердің
күш-жігерін біріктіру үшін нақты алғышарттар пайда болды. Екі
астам державаның ғаламдық тікетіресу дәуірі аяқталды. Азиядағы
тікетірес, бәлкім, елеулі дәрежеде әлсіремеген болар, бірақ
аймақтық шиеленісті ұшықтыруға жәрдемдескен көптеген факторлар
бірте-бірте өзінің күшін жоғалта бастады. Сондықтан Азияда
мемлекеттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тетіктерді
жасауға ұмтылыс жанданды. Бағдарлар алмасты. Тікетірес экономикалық
кооперация, коммуникацияны дамыту, қоршаған ортаны қорғау, су
ресуртарын пайдалану, қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты
салалардағы өзара іс-қимылға орын берді. Аймақ ұғымы Шығыс Азия
мен Оңтүстік Шығыс Азияны жаңа экономикалық архитектурасын
қалыптастыратын іргетасқа айналды.
Азиялық елдер дамуының ортақ векторы белгіленді, оның
Азиялық қоғамдардың либералдық демократия мен нарықтық
экономика жағынан бейімделуі ретінде сипаттауға болады. [?]
Осындай бейімделу аймақтағы көптеген мемлекетердің ішкі және
сыртқы саясатының мазмұның айқындаушы факторына айналды. Олардың
жаңа геосаяси жағдайларға бейімделуі аймақтық қауіпсіздік
саласында азиялық елдердің ынтымақтастығын бірте-бірте өрістеуге
алып келді.
Қазақстан Республикасы халықаралық қауіпсіздік және қарусыздану
мәселелері жөніндегі өзінің барлық практикалық істерінде
екі қағидалары негізге ие:
1. Қазіргі барлық геосаяси және геоэкономикалық тенденцияларды
барабар қабылдау қажет, халықаралық қауіпсіздіктің жаңа
құрылымдарының және тетіктерінің құрылысымен бірте-бірте
айналысу керек.
2. Аймақтық қауіпсіздік жүйесін құра отырып, ғаламдық
қауіпсіздікті нығайтуды тиімді жолдарын іздестіру сияқты
міндетті де ұмытпаған жөн.
Стратегиялық тұрақтылық тетігінің өзіне тән ерекшелігі
оның көп тарапты сипаты, яғни тиісті елдердің
келісілген іс-қимылы болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – қазіргі кездегі Шанхай ынтымақтастық
ұйымының Қазақстанға тигізетін әсерін, аймақтағы қауіпсіздікті орнату мен
өңірдегі мемлекеттермен тығыз қарым-қатынасты орнату болып табылады.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Бүгінгі таңда қауіпсіздік мәселесі қай
елге болмасын, маңызды болып табылады. Өйткені қауіпсіздікті орнатпай,
болашақ та болмайды. Сондықтан әскери қауіпсіздікті орнатып, экономикалық
мәселелерді, дипломатиялық қарым-қатынастарды, яғни, халықаралық және
аймақтық қауіпсіздікті орнату қажет. Бұл мәселелер бүгінгі күннің ең өзекті
мәселесіне айналған. Сондықтан да, мен Орталық Азия және қауіпсіздік
мәселесі атты диплом жұмысты алу себебім де осы.
Диплом жұмысының құрылымы келесідей тұрады: кіріспеден, үш
бөлімнен, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан.
Бірінші бөлімде, Шанхай ынтымақтастық ұйымының қалыптасуы мен
құрылымы қарастырылған.
Екінші бөлімде, Қазақстан мен Орталық Азия аймағының қауіпсіздік
мәселелері, сонымен қатар, Шанхай ынтымақтастық ұйымының терроризм,
заңсыз көші-қон және есірткі транзиті мен күрес жүргізу
мәселелері талқыланған.
Үшінші бөлімде, Орталық Азияда қауіпсіздікті нығайту мен
жетілдіру жолдары қарастырылған.
Дипломдық жұмысты жазу барысында отандық және шетел ғалымдарының
еңбектері, Шанхай ынтымақтастық ұйымының келісім-шарттары,
декларациясы, статистикалық мәліметтер, сонымен қатар периодикалық
басылымдар, сайт басылымдары қолданылды.

Қазақстанның күш-жігері және бастамалары
1.1 Шанхай ынтымақтастық ұйымының қалыптасуы
Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ-ШОС) тұрақты үкіметаралық ұйым ретінде
2001 жылғы маусымның 15-інде Шанхай қаласында Қазақстан, Қытай, Қырғызстан,
Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттерінің өзара келісімімен құрылған.
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Еуразия кеңістігінің жер аумағының 35-ін құрайды,
ал жалпы көлемі 30 миллион 189 мың шаршы шақырым. Халық саны - 1 миллиард
455 миллион адамды қамтиды, яғни мұның өзі жер шарын мекендеген
тұрғындардың төрттен бірі осы ұйымның мүшелері болып отыр дегенді
білдіреді.[?]
ШЫҰ құрамына Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің Қытай және
Ресей тәрізді екі бірдей тұрақты мүшесінің кіруі, ұйымның халықаралық
аренада үлкен саяси беделге ие болуына және аумақта осы державалар мен АҚШ
мүдделерін теңгермешілік дәрежеде ұстауға мүмкіндік беруде. Сыртқы
қатынаста ШЫҰ өзге мемлекеттерге қарсы бағытталмаған және ашық саясат
қағидаларына жүгінеді.
ШЫҰ ауқымында оған мүше мемлекеттердің бірлесіп жасалатын іс-қимылдары
әскери-стратегиялық қауіпсіздікті дамыту, сенімділік шараларын нығайту;
лаңкестіккке және экстремизмге, заңсыз көші-қонға, есірткі тасымалына,
трансшекаралық өзге де қылмыстық істерге тосқауыл қою; экономикалық
ынтамақтастық, өзара сауда жүйесінде Дүниежүзілік сауда ұйымының
стандарттарына біртіндеп жақындау; табиғи және техногенді мазмұндағы
төтенше жағдайларды бірлесе отырып, сақтандыру және болдырмау, мәдени-
гуманитарлық ынтымақтастық бағыттары бойынша атқарылады.
Азиялық мемлекеттердің қауіпсіздік саласындағы жемісті
ынтымақтастығының анағұрлым көрнекті мысалы Шанхай
бестігінің қызметі болды (2001 жылғы маусымнан бастап –
Шанхай ынтымақтастық ұйымы).[?] Қытайдың, Қазақстанның Ресейдің
және Орталық Азияның басқа да мемлекеттерінің өзара іс-
қимылы сенім білдіруді нығайтуға және әскери
текетірес деңгейін төмендетуге қатысты проблемаларды
шеше білудің үлкен дәлелі бола алады. Шанхай
ынтымақтастық ұйымының қызметіне негіз болған Шанхай мен
Мәскеуде қол қойылған келісімдердің әлемдік дипломатияда
тұрақтылық кепілі ретінде қызмет ететіндей тәжірибелік
құндылығы бар.
Шанхай келісімінің шеңберінде шекаралық проблемаларды
реттеу және бастапқы сенім білдіру шаралары жөніндегі
жұмыстың басталуы 1990 жылдың сәуір айына тура
келеді, сол кезде Кеңес-Қытай шекарасы ауданында
қарулы күштерді өзара қысқартудың басшылыққа алынатын
қағидалары мен әскери салада сенім білдіруді нығайту туралы
КСРО Үкіметі мен КХР Үкіметі арасындағы келісімге қол
қойылды. Сол уақытта бұл Сенім білдіру мен қарулы күштерді
қысқарту туралы бірыңғай келісім деп көзделді. Барабар
нұсқа ретінде Еуропадағы әдеттегі қарулы күштер
туралы шарт пайдаланылды, егер еуропалық келісім оған
қатысушы мемлекеттердің бүкіл аумағында қолданылса, біз
сөз етіп отырған келісім шекаралық аймақта ғана
қолданылды. КСРО ыдырағаннан кейін ерекше маңызды келіссөздерді
жалғастыру үшін Бірлескен тарап делегациясы құрылды, оның
құрамына Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей
Федерациясы және Тәжікстан Республикасы енді. Одан кейінгі
келіссөздерде әскери саладағы сенім білдіруді нығайтатын
саяси шешімдерді қабылданды.
Парасатты түрде тұжырымдалған мүдделердің негізінде
осы саладағы ынтымақтастықтың төмендегідей қағидалары
белгіленді:
- Тату көршіліктің және достықтың ұзақ мерзімді қарым-
қатынасын нығайту және дамыту
- Шекара аймағында қауіпсіздік пен тұрақтылықты
нығайту
- Азия-Тынық мұхит аймағында және бүкіл әлемде
бейбітшілікті қорғау.
- Біржақты әскери үстемдікті болдырмау.
- Шекара аймағында орналасқан қарулы күштерді
қысқарту және шектеу, оларға бірыңғай қорғаныс
сипатын беру.
Алайда, шешім қабылдау барлық уақытта оңайға түскен жоқ.
Бұл ең алдымен келіссөздердің басты тақырыбына – қысқарту
үрдісі аяқталғаннан кейін қалатын жеке құрамның, қару-жарақтың
және әскери техниканың шекті деңгейін айқындауға
қатысты болды. Пікірлердегі белгілі бір алшақтық жұмыс
ырғағын елеулі түрде бәсеңдетті. 100 километрлік аймақта
саны аз әскері мен әскери техникасы бар Қытай тарапы бір
жақты қысқартуды талап етті. Және де ТМД елдері
жағырапиялық тұрғыдан қалыптасып кеткен орналасуы ескерілмеді.
Осы мәселені шешудің қытайлық нұсқасы, Қытайдың шектес
әскери округтеріндегі, әскерлердің негізгі бөлігін
Келісім қолданысынан тыс сақтап қалуды көздеді.
Келіссөздерді тұйыққа тіремес үшін, Бірлескен делегация
тарабы шекара аймағындағы әскери саладағы сенім білдіру
шараларына қатысты мәселелерді жеке құжатқа көшіруді ұсынды.
Тынымсыз диломатиялық жұмыстың нәтижесінде тиісті Келісімге
бес мемлекеттің басшысы 1996 жылғы 26 сәуірде Шанхайда қол
қойды.
Одан әрі келіссөздер қысқарту, шектеу, бақылау мен тексерудің
деректерімен алмасу мәселелеріне қатысты жүргізілді. Қытай
Бірлескен тараптың шекті деңгейлерге қатысты ұсыныстарымен
келісті. 1997 жылы 24 сәуірде Мәскеуде қол қойылған Қарулы
күштерді қысқарту туралы келісім біртұтас құжат болып
табылады, оның мынадай қосымшалары бар:
- Келісімді қолданудың жағырапиялық шектері туралы
хаттама, оған жағырапиялық шектерді белгілейтін
сызықтар түсірілген және осы сызықтардың өтуінің
мәтіндік сипаттамасы бар карталар қоса тіркеледі;
- Келісім шеңберінде деректер алмасудың санаттары
мен үлгілерін белгілейтін ақпарат алмасу туралы
хаттама;
- Бақылау жасау объектілерінде, қысқарту орындарында
және тараптардың инспекторлары көрсеткен аудандарда,
верификациялық іс-шараларды жүргізудің ұйымдастыру
және оның тәртібін егжей-тегжейлі қарайтын
бақылау мен тексеру жасау туралы хаттама;
- Келісім қамтитын қару-жарақ пен әскери техниканы
қысқарту жүргізудің нақты түрлері мен әдістерін
белгілейтін қысқарту тәртібі туралы хаттама.
Шекара ауданындағы сенім білдіру шаралары және қарулы
күштерді қысқарту туралы уағдаластықтар әлемдік практикада
теңдесі жоқ үлгі болып табылады. Бұл уағдаластықтарды әлемдік
қоғамдастық оң түрде бағалады. Төтенше маңызды жағдай мынадай
көрінеді, халықаралық құқықтық тұрғыдан алғанда, бәсендік
үрдісте Қытай тартылды.
Түпкі нәтижесінде, аталған келісімдер, шекаралас елдерге
Еуразияның ұлан-байтақ аумағындағы қауіпсіздікке қатысты
мәселелердің анағұрлым кең ауқымы бойынша келіссөздерге
кірісуге мүмкіндік берді.
1998 жылы 3 шілдеде Алматыда Шанхай және Мәскеу
келісімдеріне қатысушы бес мемлекет басшыларының кездесуі
өтті. Міне, осы кездесуден кейін Шанхай бестігі деп
аталатын ұйым өмірге келді. Оған қатысушылар осы құжаттардың
екі жақты және көп жақты ынтымақтастықты, аймақтағы
қауіпсіздікті нығайтуға оң ықпалын тигізгенін атап өтті.
Делегациялар басшылары бес мемлекеттің өзара іс-қимылы әскери-
саяси және шекара мәселелерімен шектелмеуі тиіс деген
пікір білдірді. Өйткені, қауіпсіздік пен ынтымақтастық
проблемалары бойынша тұрақты механизмді қалыптастыру қажеттігі
пісіп-жетілді.
Сыртқы істер министрлері қол қойған Алматы кездесуіне
қатысушылардың бірлескен мәлімдемесінде қырғи-қабақ соғыс
аяқталмағаннан кейін, туындаған қауіпсіздіктің нығайып
келе жатқан жаңа тұжырымдамасы туралы айтылады. Сыртқы
саяси ведомстволар басшылары бес мемлекеттің арасындағы өзара
іс-қимылдың ашық сипаты бар екендігін және басқа елдерге
қарсы бағыттамағандығын атап көрсету қажет деп тапты.
Тараптар аймақтағы нақты болмыстарды негізге ала отырып,
қауіпсіздік мәселесі бойынша екі жақты және көп жақты
кеңестерді белсенді түрде жүргізуге уағдаласты. Кездесуге
қатысушы бес мемлекет ХХІ ғасырда жалпыға бірдей
бейбітшілік пен гүлдену үшін жаңа әділетті және
ұтымды халықаралық саяси сондай-ақ экономикалық тәртіп
құру қажет деп мәлімдеді. Олар тату көршілік, достық және
ынтымақтастық қатынастарын бүкіл Еуразиялық кеңістікте
тұрақтылықтың, қауіпсіздіктің және дамудың тұрақты жұмыс
істейтін факторына айналдыруға бекем бел буғандарын білдірді.
1999 жылғы тамызда болған Шанхай бестігінің Бішкек
мәжілісі, маңызды саяси оқиға болды. Оның қатысушылары сенім
білдіру тетіктерін әзірледі, олар келісімдерді көздейді:
әскери қызметтің транспаренттілігі және оны шекара алабында
азайту; шекаралық мәселелерді реттеу және әскери қызмет
туралы тұрақты ақпарат алмасу. Бес мемлекеттің басшылары көп
тараптылық осы заманғы дамудың ортақ үрдісі болып табылады
және халықаралық жағдайдың ұзақ мерзімді тұрақтылығына
жәрдемдеседі деген пікір білдірді.
1999 жылы Қарулы күштерді қысқарту туралы келісімнің
күшіне енуіне байланысты оған қатысушылар 100 километрлік
жағырапиялық аймақтардағы жеке құрам, қару-жарақ және әскери
техника туралы ресми ақпарат алмасуды жүзеге асырды.
Мұндай акцияның азиялық дипломатиялық тәжірибесінде ұқсас
нұсқасы жоқ. Сондықтан, аймақтағы қарусыздану үрдісі
практикалық нәтижелерге айналды деп кәміл сеніммен айтуға
болады. Қазақстан үшін, бұл әсіресе маңызды, өйткені
мәселе шекара арасындағы қытайлық тарап іс-қимылының толық
ашық жүргізілетіндігі туралы болып отыр.
Аталған келісімдерді орындау мақсатында 2000 жылы инспекциялар
өткізілді, олар, сөз жоқ, Шанхай бестігіне қатысушы
мемлекеттердің қарулы күштерінің арасында ашық ой-ниеттің
нығаюына және өзара сенім білдірудің өсуіне ықпал етті.
Соңғы уақытта, Шанхай бестігі шеңберіндегі ынтымақтастықта
жаңа элементтер көзге түсуде. Аймақтағы күрделеніп келе жатқан
жағдай, терроризм мен экстремизмнің таралуы, есірткімен және
атыс қаруымен сауда-саттықтың кеңеюі, азиялық
мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынасы кешенді түрде
қайта қарауды талап етті.
2000 жылғы сәуірде Астанада өткен Қорғаныс министрлерінің
кездесуі және 2000 жылы Душанбеде өткен бестіктің
саммиті жаңа қауіп-қатерге қарсы іс-қимыл жасау жөнінде
тиісті елдердің батыл шараларға бару дайындығын паш еткен
маңызды оқиғалар болды. Саммит қорытындылары бойынша
қабылданған Душанбе декларациясында бестікке қатысушылар өз
аумағын барлық қатысушы мемлекеттердің егемендігіне,
қауіпсіздігіне және қоғамдық тәртібіне нұқсан келтіретін
қызмет үшін пайдалануға жол бермейтіндігін қадап айтты.
2001 жылғы 15 маусымда Шанхайда Қазақстан, Қытай, Қырғызстан,
Ресей және Тәжікстан Президенттерінің қатысуымен Шанхай
бестігі мемлекеттер басшыларының кезекті кездесуі өтті. Осы
форумның жұмысына бірінші рет Өзбекстан Президенті қатысты.
Форум жұмысының нәтижесінде төмендегідей құжаттар өмірге
келді: Шанхай ынтымақтастық ұйымын (ШЫҰ) құру туралы декларация
және терроризмге, экстремизмге, сондай-ақ сепаратизмге қарсы
күрес туралы Шанхай конвенциясы. Декларацияда Шанхай
ынтымақтастық ұйымы басқа мемлекеттермен, тиісті халықаралық
және аймақтық ұйымдармен пікір алмасуға, байланыстар
жасауға және ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін білдірді.
Шанхай ынтымақтастық ұйым шеңберіндегі мақсаттар мен міндеттерді
бөлісетін басқа елдерге де ашық.
Алты мемлекеттің басшылары Шанхай ынтымақтастық ұйымы
қатысушы мемлекеттердің өзара тиімді ынтымақтастығының орасан
зор әлеуетін және ауқымы кең мүмкіндіктерін сауда-
экономикалық салада пайдалануға, екі жақты және көп
жақты негізде аймақта ынтымақтастықты одан әрі дамытуға
жәрдемдесуге ниеттеніп отыр деп мәлімдеді. Самитте сөйлеген
сөзінде Н.Назарбаев Шанхай бестігі аймақтық қауіпсіздікті
қамтамасыз етуге нақты үлес қосты деп атап өтті, мұның өзі
әскери қызметте сенім білдіру, транспаренттілік, шекара
ауданында қарулы күштерді қысқарту, теңдік, дәйектілік, өзіне
алған қағидаларға байланысты мүмкін болды.
Қытаймен ортақ шекарасы жоқ мемлекет Өзбекстанның Шанхай
ынтымақтастық ұйымына қосылуымен, осы ұйымның алдында жаңа
міндеттердің туындайтыны белгілі болатын. Бұл, ең алдымен,
терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл
жасау. Аталған теріс үрдістер Орталық Азия аймағының ғана
емес, сонымен бірге Қытайдың да қайғылы шындығы болып табылады.
Шанхай ынтымақтастық ұйымына енген елдердің тұрақтылығы мен
қауіпсіздігіне төнген ортақ қауіп-қатер, олардың бірлескен
іс-қимылға дайындығының алғышарты болды.
Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттер Ауғанстандағы
жағдайға алаңдаушылық білдірді. Бұл позицияны Қазақстан да
бөліседі, ол азаптан көз ашпаған осы мемлекеттегі жағдайды
бейбіт реттеуге жәрдемдесу үшін келісілген саясатты
жүзеге асыру талап етіледі деп есептейді. Бұрынғысынша,
бейбітшілік пен қауіпсіздікке кепілдік беруге қабілетті
әмбебап ұйым болып табылатын БҰҰ мен Шанхай ынтымақтастық ұйымының
кеңес жүргізуінің зор маңызы болар еді.
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мемлекеттер ынтымақтастығының
жаңа бағыты көп үміт ұялатады. Мәселе сауда-экономикалық
байланыстырға, көлікке, коммуникацияларға және туризмгі қатысты
мәселелерді шешудегі іс-қимыл туралы болып отыр.
2001 жылғы 9-10 шілдеде Астанада өткен Шанхай ынтымақтастық
ұйымына қатысушы мемлекеттер сарапшыларының кездесуі
жоғарыда аталған мәселелерді талқылауға және тиісті көп
жақты құжаттарды пысықтауға арналады.
2001 жылғы 14 қыркүйекте Алматыда Шанхай ынтымақтастық
ұйымға қатысушы үкіметтер басшыларының тұңғыш отырысы
өткізілді, онда алты тарапты үлгіде ынтымақтастықтың
басымдық берілетін салалары қаралды, осы үрдісті жандандыру
және тереңдету жөнінде нақты қадамдар белгіленді. [?] Аймақтық
сауда-экономикалық ынтымақтастықтың негізгі мақсаттары мен
бағыттары және сауда мен инвестиция саласында қолайлы жағдайлар
туғызу жөніндегі үрдісті іске қосу туралы
меморандумға алты мемлекет Премьер-министрлерінің қол қоюы
форумның маңызды нәтижесі болды.
Ресей Федерациясыынң солтүстік астанасында 2002 жылдың
7-8 маусымында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының Саммиті
шын мәнінде маңызды оқиға болды. [?] Форум таяуда ғана
Қазақстанда аяқталған, бір шаңырақтың астына 16 азиялық
мемлекеттердің көшбасшыларын жинаған кездесуінде болған
сындарлы мәселе енді алты тарапты үлгіде өткен
келіссөздерді жемісті болуына жағдай жасады.
Бірден мына нәрсенің басын ашып алу керек. ШЫҰ мен АӨСШК
бірінші кезекте тұрақтылық пен қауіпсіздік шараларын
қамтамасыз етуге қатысты ұқсас мақсаттар мен міндеттерді
бөлісетін құрылымдар болып табылса да, бірін-бірі
қайталамайды, екібастан бір-біріне қайшы келмейді. Керісінше,
мәселе Азиядағы қауіпсіздіктің ұжымдық жүйесінің өзара
толықтырғыштары, өзінше бір қосылғыштары туралы болып
отыр. Егер Шанхай ұйымы оған қатысушылардың барлығының
нақты құқықтары мен міндеттемелеріне негізделген бірлестік
болса, АӨСШК көкейде жатқан проблемаларды емін-еркін
талқылауға және шешуге арналған анағұрлым кеңейтілген
форум болып табылады.
1.2 Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының құрылымы
2001 жылғы маусымда қызметін бастаған Шанхай ынтымақтастық ұйымы
мынандай қағидаларды атап көрсетті:
– ұзақ мерзімді тату көршілік және достық
қатынастарды нығайту және дамыту;
– шекара аймағындағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты
нығайту;
– Азия-Тынық мұхиты аймағында және бүкіл әлемде
бейбітшілікті қолдау;
– Біржақты әскери басымдылықты болдырмау;
– Шекараға таяу жердегі қрулы күштерді шектеу
және қысқарту, оған тек қорғаныс сипатын беру.[?]
Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес
туралы Шанхай конвенциясына қол қойылды (2001 жылғы 15 маусым).
Конвенцияның негізінде осы үш зұлымдыққа қарсы күресті
өзара ықпалдастықты арттыру үшін Өңірлік антитеррорлық
құрылым (ӨАТҚ) өмірге келді.
Ресей астанасы Мәскеуде 2003 жылғы 29 мамырда өткен
Мемлекет басшыларының отырысында, Шанхай ынтымақтастық
ұйымының негізгі институттары: Хатшылығы мен Өңірлік антитеррорлық
құрылымды жасақтау мәселелері талқыланып, олардың ережелері
туралы шешімдері, сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымының
бюджетін қалыптастыру мен орындау туралы келісім қабылданды.
Сол жылғы қыркүйекте Пекинге жиналған Үкімет басшылары өз
кеңесінде ұйымның жаңа мазмұндағы бағыты – сауда-экономикалық
қызметінің тұсауын кесті. Жиында Шанхай ынтымақтастық ұйымы
көп жақты сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы туралы
шешімнің қабылдануы, сондай-ақ осы Ұйымның келешекте көлік,
энергетика саласындағы қызметінің, органдарының жұмыс тәртібі
және алдағы бюджетінің талқылануы осыны айғақтайды. Аталған
бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары Үкімет
басшыларының 2004 жылы Бішкектегі бас қосуында кедергісіз
бекітілді.
Мемлекет басшыларының 2004 жылдың маусымындағы кездесуі
барысында Ташкентте Өңірлік антитеррорлық құрылымның
Атқарушы комитеті ұйымдастырылып, ол тұрақты орган ретінде
қызметіне кірісті. Бұл жолғы басқосуда, сонымен қатар Шанхай
ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасында есірткі
заттарының заңсыз айналымына, психотроптық заттар және
олардың прекурсорларына қарсы күрес туралы келісім, Шанхай
ынтымақтастық ұйымы ӨАТҚ-ның шеңберіндегі құпия ақпаратты
қорғауды қамтамасыз ету туралы және басқа да маңызды
құжаттарға қол қойылды. Бірлестіктің бірқалыпты және үздіксіз
қызметінің көрінісі ретінде 2004 жылдың қаңтарында Пекин
қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымы Хатшылығы ресми түрде
ашылған болатын.
2004 жылдың желтоқсан айында Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас
Ассамблеясы Шанхай ынтымақтастық ұйымына бақылаушы мәртебесін
берді, ал 2005 жылдың сәуір айында осы ұйымның АСЕАН-мен
өзара қатынасы туралы меморандумға қол қойылды.
ШЫҰ - әскери блок емес және басқаларға қарсы бағытталған жабық
альянсқа да жатпайды, керісінше, құрамын ұлғайту арқылы
кең көлемді халықаралық ынтымақтастықты қолдайтын ашық
ұйым. Ал Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары Кеңесі –
ұйым емес, ол – форум, немесе Президент Н.Назарбаев айтқандай,
Азия қауіпсіздігі мәселелері бойынша кеңес және пікір алмасулар
өткізетін алаң.
Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі
Кеңесті шақыру туралы Қазақстан Республикасы бастама көтеріп,
ол еліміздің сыртқы саясатында басымдықтарға ие болып келеді.
Жалпы, Азия Кеңесін шақыру туралы идеяны Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Назарбаев алғаш рет 1992 жылы 5-
қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында көтерген
болатын. Шындығында бұл идея еліміздің алғашқы ғаламдық
бастамасы болатын. Саяси құрылымды ұйымдастыру жөніндегі
құнды бастама еліміздің сыртқы саяси қызметінің әлемдік
қауымдастыққа еркін көрсете алатын басты құжаты болып табылады.
Қазіргі кезде АӨСШК-нің жұмысына әлемнің 17 мемлекеті
тұрақты, 7 мемлекет бақылаушы ретінде қатысады. Оның
үрдістеріне БҰҰ, ЕҚЫҰ, Араб мемлекеттері лигасы, Орталық Азия
ынтымақтастық ұйымының Атқару комитеті секілді халықаралық
ұйымдар белсенді қатысып отыр.[?]
1-сурет. Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылымы.[?]
Астанада 2005 жылы 5 шілдеде өткен ШЫҰ саммитінің оныншы
мерекелік мәжілісі – Үндістан, Иран, Моңғолия және Пәкістанды бақылаушы
ретінде қабылдады.
1.3 Қазақстан және аймақтық қауіпсіздік:
Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы
Қазіргі кезеңде қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету тек Орталық
Азия өңірі үшін ғана емес, бүкіл әлемдік қауымдастығы үшін де ең өзекті
мәселелердің бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасы елдегі және өңірдегі қауіпсіздік пен
тұрақтылықты қамтамасыз етуге, жаңа қауіп–қатерлермен халықаралық құқық
арқылы күресуге, төнер қауіпті болдырмау және алдын ала сақтандыру
мәселелерін шешуге, олардың негізінде жатқан іргелі себептерді жоюға
қолайлы жағдайларды туғызу үшін дәйекті түрде қолдау жасайды.
Бүгінгі күні, Ұжымдық қауіпсіздік тұралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) өңірдегі
тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі өзара іс-қимыл мен
үйлестіру жұмыстарының құралдарының бірі болып табылады.
ҰҚШҰ – халықаралық аймақтық бірлестік, оның құрамына Армения, Беларусь,
Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстан кіреді.
Ұйымның жоғарғы органы – Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі (ҰҚК). Бұл кеңес
Ұйым қызметінің қағидатты мәселелерін қарастырып, оның мақсаттары мен
міндеттерін жүзеге асыруға қатысты шешімдер қабылдайды, сондай-ақ осы
мақсаттарды іске асыру үшін мүше мемлекеттердің қызметін үйлестіруін және
бірлескен әрекеттерін қамтамасыз етеді. Кеңес құрамына мүше мемлекеттердің
басшылары кіреді.
ҰҚК сессиялары арасында мүше мемлекеттер тағайындайтын өкілетті
өкілдерден тұратын Тұрақты Кеңес, Ұйым органдары қабылдаған шешімдерді іске
асыру үшін тараптардың өзара қатынастарын үйлестіру мәселелерімен
айналысады.
Сыртқы істер министрлері кеңесі – сыртқы саясат саласындағы мүше
мемлекеттердің өзара іс-қимылын үйлестіру мәселелерімен айналысатын
ұйымның кеңесші және атқарушы органы.
Қорғаныс министрлері кеңесі - әскери саясат, әскери құрылыс және
әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы мүше мемлекеттердің өзара іс-
қимылын үйлестіру мәселелерімен шұғылданатын, кеңесші және атқарушы органы.
Қауіпсіздік кеңестер хатшыларының комитеті – мүше мемлекеттердің ұлттық
қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы олардың өзара іс-қимылын
үйлестіру мәселелерімен шұғылданатын Ұйымның кеңесші және атқарушы органы.
Ұйымның бас хатшысы – Ұйым хатшылығын басқаруды іске асыратын жоғары
әкімшілік лауазымды тұлға. Мүше мемлекеттердің азаматтары санынан ҰҚК
шешімімен тағайындалады және Кеңеске есеп беруге міндетті.
Ұйым хатшылығы - Ұйым органдары қызметінің ұйымдастыру, ақпараттық,
кеңес және талдаудың қамтамасыз етілуін жүзеге асыратын тұрақты жұмыс
орган.
ҰҚШҰ-ның негізгі мақсаттары ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мүше
мемлекеттердің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау, ұлттық қарулы
күштерді әскери және ұйымдастыру жағынан күшейту, әуе шабуылға қарсы
қорғаныстың бірлескен жүйесін сақтау, ТМД-ға кірмейтін мемлекеттермен
шекараны бірлесіп қорғау саласындағы өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты
үйлестіру болып табылады.
ҰҚШҰ қызметінің маңызды бағыттарының бірі халықаралық лаңкестікке,
экстремизмге және оларға тән қылмыстарға: қару-жарақ пен есірткінің
контрабандасына, ұйымдасқан қылмысқа, заңсыз көші-қон әрекеттеріне қарсы
күрес саласындағы ынтымақтастық болып табылады. Бұл бағытта алдын ала
келіскен арнайы оперцияларды өткізу және іс-қимылды үйлестіру үшін,
көпжақты негіз жасалынды. Осы тұрғыда, контрабандалық есірткіге қарсы күрес
шеңберінде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер құзыреттілік органдары басшыларының
Үйлестіру кеңесі құрылып, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, шекара және кеден
қызметтерінің құралдары мен күштерінің қатысуымен алдын ала сақтандыру
шаралары өткізілуде (мысалы, "Арна" операциясы).
ҰҚШҰ қызметінің маңызды бағыттарының бірі, Ядролық таратпау халықаралық
режимін күшейту жұмысы болып саналады. 2005 жылғы маусым айында Нью-Йорк
қаласында өткен, Ядролық қаруды таратпау туралы Шартты қарастыру
жөніндегі жетінші Конференцияда ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттермен ядролық қарудың
және оны өндіру үшін қажет, әсіресе, лаңкестік қауіптің өркендей түсу
жағдайында, технологиялар мен құрал–жабдықтардың таралу қауіпі мәселесінің
өзектілігі айқындалған ортақ мәлімдеме жарияланды. ҰҚШҰ-ға мүше
мемлекеттер Беларусь пен Қазақстанның таратпау тәртібінің күшеюіне,
ядролық қаруды өз аумақтарынан, өзі еркімен шығару арқылы қосқан үлесін
атап өтті және Ядролық қаруды таратпау шартына басқа қатысушыларын осы
келісім шартқа ұстанушылығын дәлелдеуге шақырды.
Аталған құжаттарды қабылдаудың және қорғаныс, сыртқы істер
министрліктерінің, арнайы қызметтердің, қауіпсіздік кеңестерінің өткізген
жұмыстарының нәтижесі ҰҚШҰ тиімділігінің ұлғаюы, оның қазіргі заманның
геосаяси және әскери-саяси жағдайға бейімделуі, бекітілген келісімдерді
іске асыру жөніндегі нақты тетіктерді әзірлеуі болып табылады.
2 Тарау Қазақстан және аймақтық қауіпсіздік
1. Шанхай ынтымақтастық ұйымының келісім-шарттары
Қазақстан, Шанхай ынтымақтастық ұйымымен ықпалдасуды өзінің сыртқы
саясатының басым бағыттарының бірі ретінде қарастыра отырып, аталған Ұйымға
ерекше мән береді.
ШЫҰ осы өңірдегі мемлекеттердің қауіпсіздік және сенім шараларын
нығайту мәселелерін бірлесіп шешу ұмтылысының нәтижесінде пайда болды.
Ұйымның мүдделері саяси, экономикалық және мәдени–гуманитарлық салаларға
таралды.
Терроризм, экстремизм және тағы басқа сыртқы қауіптер аймақтағы
мемлекеттерді ШЫҰ-ның құрамында бірігуге итермелейді.
ШЫҰ – белгілі бір күштерге қарсы қимылдайтын әскери одақ немесе тұйық
қоғамдастық емес. Ол – халықаралық ынтымақтастыққа ұмтылған ашық ұйым. ШЫҰ-
ның қазіргі жағдайдағы мән беретін мәселелері – аймақтағы бейбітшілікті,
тұрақтылықты және қауіпсіздікті сақтау, әсіресе, сауда–экономикалық
ынтымақтастықтың дамуы.
2001 жылғы Шанхай Саммитінде терроризм, сепаратизм және экстремизмге
қарсы күрес туралы келісімшарт негізінде ӨТҚҚ құрылды. ӨТҚҚ-ның Атқарушы
Комитеті 2004 жылдан бері Ташкентте жұмыс істейді.
2002 жылғы 7 маусымда Санкт–Петербургте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер
басшыларының екінші кездесуінде үш маңызды құжат жасалды: ШЫҰ-ның Хартиясы,
ӨТҚҚ туралы келісім және ШЫҰ-ның мүше мемлекеттері басшыларының
мәлімдемесі.
2003 жылғы 29 мамырда Мәскеу қаласында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер
басшыларының кездесуінде Ұйымның бюджетін қалыптастыру және орындалуының
тәртібі туралы келісімге қол қойылды.
2003 жылы 23 қыркүйекте Пекинде Үкімет басшылары Кеңесінде
сауда–экономикалық, көлік, энергетика салаларындағы қарым–қатынасты одан
әрі дамыту туралы мәселелер талқыланды. Көп жақты сауда–экономикалық
ынтымақтастықтың Бағдарламасы, ШЫҰ-ның 2004 жылғы бюджеті және тағы басқа
қаржы құжаттары қабылданды.
2004 жылы 15 каңтардан бері Пекинде ШЫҰ-ның Хатшылығы жұмыс істейді.
2004 жылы 17 маусымда Ташкентте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының
кездесуі өтіп, Ташкент мәлімдемесін жасады және көптеген құжаттарға қол
қойылды. Соның ішінде ШЫҰ ӨТҚҚ шеңберінде құпия ақпаратты қорғау, есірткіге
қарсы күрес туралы келісімдерді атап өтуге болады.
2004 жылы қыркүйекте Бішкекте Ұйымның үкімет басшылары ШЫҰ-ның көп
жақты сауда–экономикалық ынтымақтастығы Бағдарламасын жүзеге асыратын
шаралардың жоспарын қабылдады.
2005 жылы 5 шілдеде Астанада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының
кезекті саммитінде Астана мәлімдемесі жасалды. Антитеррорлық сипаттағы
маңызды құжаттар (терроризм, сепаратизм және экстремизмге қарсы күресуде
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ынтымақтастық тұжырымдамасы, ШЫҰ ӨТҚҚ жанындағы
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің тұрақты өкілдіктері туралы Ережесі және ШЫҰ ӨТҚҚ
Кеңесінің баяндамасы бекітілді. Сонымен қатар Пәкістан, Иран және Үндістан
мемлекеттеріне ШЫҰ-ның жанындағы бақылаушы мәртебесін беру туралы шешім
қабылданды.
2005 жылы 26 қазанда Мәскеуде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Үкімет басшылары
Кеңесінің мәжілісінде Банкаралық әрекеттесу және Төтенше жағдайды жоюға
жәрдем етуде өзара іс-қимыл туралы келісімдер қабылданды.[?]
2006 жылғы 15 маусымда Шанхайдағы мерейтойлық саммитінде Шанхай
ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің аумақтарында терроризмге қарсы
бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы, Ұйымға мүше
мемлекеттердің аумағына террористік, сепаратистік және экстремистік іс-
әрекетке қатысы бар адамдардың кіру арналарын анықтау және жолын кесу
саласындағы ынтымақтастық туралы және 2007–2009 жылдарға арналған ШЫҰ-ның
мүше мемлекеттердің терроризм, сепаратизм және экстремизмге қарсы күрестің
бағдарламасы қабылданды.[?]
Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылары және бас прокурорлар жылына бір рет
жүйелі түрде кездеседі. 2006 ж. 30 мамырда Мәскеу қаласында ШЫҰ-на мүше
мемлекеттер парламенттері төрағаларының кездесуі өтті, Жоғарғы соттар
төрағаларының кездесуі 2006 ж. қыркүйек айында өтті. [?]
2006 жылы ШЫҰ-да жаңа іскерлік құрылымдар – Банкаралық Бірлестік және
Іскерлік Кеңес құрылды. 2006 жылдың мамыр айынан ғылыми-саяси топтардың
Форумы өз жұмысын бастады.
Соңғы кездерде ШЫҰ-ның халықаралық қатынастары едәуір нығайды. Мысалы,
Солтүстік Корея, Непал, ТМД және Еуроодақтың мемлекеттері, БҰҰ-ның Даму
Бағдарламасы, ҰҚШҰ, ЭЫҰ, басқа мемлекеттер мен ұйымдар ШЫҰ-ның іс-әрекетіне
зор ықылас қойып отыр. 2004 жылы ШЫҰ БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында бақылаушы
ұйымы мәртебесін алды, ал 2005 жылдың көктемінде ОШАМҚ және ТМД
хатшылықтарымен өзара түсінісу туралы меморандумы қабылданды.
ШЫҰ шеңберінде гуманитарлық салаларда, яғни білім, мәдениет, туризм
және спорт алаңдарында өзара ықпалдасу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2007 жылдың қаңтарынан бастап, ШЫҰ-ның бас хатшысы Қазақстанның өкілі,
ал ӨТҚҚ Атқарушы Комитетінің директоры Қырғыз Республикасының өкілі болып
есептеледі.[?]
2. Шанхай ынтымақтастық ұйымының Қазақстанға әсері
ШЫҰ кеңейтілген құрамда әлемдік мұнай мен газ қорының елеулі бөлігін
бақылап, қуатты ядролық арсеналға ие болады. “Іс жүзінде бұл екінші ОПЕК
болады”, – деп атап өтті Вашингтон Таймсқа сұхбатында Кембридж
университетінің жанындағы Шығыс Азия институтының профессоры Дэвид Холл.
ШЫҰ 2001 жылы Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан арасында
шекара мәселелерін реттеу үшін 1996 жылы құрылған “Шанхай бестігінің”
негізінде пайда болды. Кейіннен ШЫҰ-ға Өзбекстан қосылды, ал Үндістан,
Иран, Моңғолия және Пәкістан бақылаушылар мәртебесіне ие болды.
Клубқа мүше алты мемлекеттің – Қытайдың, Ресейдің, Қазақстанның,
Қырғызстанның, Өзбекстан мен Тәжікстанның салтанат құру үшін себептері аз
емес, ШЫҰ өңірде ғана емес, сонымен бірге бүкіл әлемде барған сайын ықпалды
ұйым болып келеді.
Шанхай алтылығы толыққанды мүшесінің мәртебесі жоғары бағаланатынына
таңданудың реті жоқ. Оған әсіресе Пәкістан мүше болуға ұмтылуда, алайда
оның дәл қазір Иран, Үндістан және Моңғолия сияқты тек бақылаушы
мәртебесіне ғана ие.
ШЫҰ осы өңірдің нақты жағдайларын негізге ала отырып, экономикалық
ынтымақтастық саласындағы мақсаттары мен бағыттарын анықтады. 2003 жылы
ұйым өз бағдарламасын талдап құрған болатын, онда болашақ мақсаттары,
кезеңдер бойынша міндеттері белгіленген. Осы міндеттерді іске асыру
жөніндегі тәжірибелік шаралар таяудағы 20 жылда тауарлардың, капиталдың,
технологиялар мен еңбек қызметтерінің еркін қозғалысын көздейді. 2004 жылы
энергетика, көлік, коммуникациялар, қоршаған ортаны қорғау, егіншілік және
ғылыми зерттеулер сияқты салаларда ынтымақтастықтың қосымша 127 нысаны,
оларды іске асырушылар мен мерзімдердің тізімі белгіленді.
Қазақстан-Қытай қатынастары ҚХР-дың сыртқы саясатында ең маңызды орынға
ие. Көршілес мемлекеттер саясат, экономика, сауда, энергетика, қауіпсіздік
салаларында, сондай-ақ гуманитарлық саладағы екі-жақты ынтымақтастықта
айтарлықтай табыстарға қол жеткізді. Жоғары саяси өзара сенім, берік
құқықтық негіз, өзара тиімді ынтымақтастық, “халықтық дипломатия” жолы
бойынша жиілей түскен байланыстар және халықаралық аренадағы тығыз өзара
ықпалдастық – екі ел арасындағы қатынастарды нығайтуға қызмет ететін
стратегиялық тіректер, міне, осылар, деді ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтао ШЫҰ-ға
мүше Мемлекеттер басшылары кеңесінің 6-шы отырысына қатысу үшін Шанхайға
келген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу кезінде, Қытай
мемлекетінің басшысы елдің Қытай-Қазақстан стратегиялық әріптестік
қатынастарын жаңа деңгейге шығару ниетін атап көрсетіп, энергетикалық
саладағы ынтымақтастықтың одан әрі алға жылжитынына және Қорғас бақылау-
өткізу бекеті аумағында салынып жатқан шекаралық ынтымақтастық халықаралық
орталығының құрылысы жеделдейтініне сенім білдірді. [?]
Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның бұдан былай да экономика, сауда, энергетика
және білім беру салаларындағы екі-жақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге,
сондай-ақ терроризмге, сепаратизм мен экстремизмге қарсы күресте Қытаймен
өзара ықпалдастықты жандандыруға деген әзірлігін атап өтті.
ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтао ШЫҰ саммитінің аяқталуына байланысты баспасөз
мәслихатында сөз сөйлегенде лидерлердің болып өткен кездесуін “толық
табысты” болды деп атады.
“Саммитте біз ШЫҰ-ны ұйымдық құрылымдауды жақсарту, ынтымақтастықты
нақты жобалар бойынша алға жылжыту, ұйымдағы бақылаушылармен және
халықаралық ұйымдармен алмасу мен өзара ықпалдастықты кеңейту туралы
уағдаластық”, деп мәлімдеді Ху Цзиньтао.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев болып өткен саммиттің “тарихи
маңызы” бар деп мәлімдеді. Оның сөзіне қарағанда, ШЫҰ өткен бес жылда
ықпалды ұйымға және Орталық Азия өңіріндегі дербес, жауапты әріптеске
айналды.
Қазақстан ШЫҰ өңіріндегі АҚШ саясатының ең өзекті мәселесі болып
табылады. Құрама Штаттар өңірде ең либералды экономикалық саясат жүргізетін
маңызды мұнай өндіруші Қазақстанмен өз байланысын кеңейте түсуде.
ШЫҰ-ның Орталық Азиядағы мүшелері мен бақылаушылары – Ауғанстан,
Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан саяси жаңару мен экономикалық дамуға
өте мұқтаж, сондықтан Қазақстан негізгі модель бола алады. Қазақстан
бүгінде энергия көздері мен шикізатқа, машина жасауға, құрылыс пен қызмет
көрсетуге негізделген өз экономикасын әртараптандыруды жоспарлап отыр.
Мұнайдың жоғары бағасы соңғы онжылдықта Қазақстан халқының жан басына
келетін табысты 4 еседен астамға ұлғайтты; 2012 жылға қарай мұнай өндіру
көлемін тәулігіне 3,5 млн. баррельге дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Құрама Штаттарға Қазақстанмен қатынастарын нығайтып, қыркүйекте
Президент Назарбаев Америкаға келгенде ыстық ықыласпен қарсы алғаны жөн.
Құрама Штаттарға сондай-ақ Қазақстандағы демократияландыруды, жеке меншік
құқығын қорғау мен еркін рыноктың экономикалық саясатын ынталандыру керек.
ШЫҰ оның жауапкершілік аумағында пайда болатын проблемаларды дербес
шешуге қабілетті, сонымен бірге өңірден тыс барлық күштермен тең құқылы
негізде ынтымақтасуға әзір. Ұйым ешкіммен бәсекелестікке түсу ниетінде
емес. ШЫҰ қауіпсіздіктің, өзара сенім орнатудың, шекара проблемаларын
қатарласа шешудің аса күрделі мәселелерінің түйінін Азия үшін бұрын-соңды
болмаған ажыратудың бірегей тәжірибесінен өсіп шықты. ШЫҰ өзінің мерекелік
саммитіне Азия-Тынық мұхиты өңірінде ғана емес, сонымен бірге жаһандық
ауқымда да барған сайын елеулі рөл атқаратын толысқан халықаралық бірлестік
ретінде келіп отыр.
Шанхайда ШЫҰ-ға мүше Мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз
сөйлеген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, мүдделі елдерді есірткі
бизнесіне қарсы іс-әрекетті әлдеқайда үйлесімді жүргізуге шақырды.
Н.Назарбаев “ШЫҰ-Ауғанстан” байланыс тобына Ауғанстанды әлеуметтік-
экономикалық қалпына келтіруге, соның ішінде апиын өндірісін қысқартуға
ұжымдық жәрдемдесу, сонымен қатар ИИР үкіметінің қолдауымен, Ауғанстандағы
саяси реттеу процесіндегі әлемдік қоғамдастық және ББҰ мен бірге белсенді
ынтымақтасуда. Ауғанстандағы жағдайдың оңалуынан бүкіл Орталық-Азиялық
өңірдегі қауіпсіздік пен бейбітшілік байланысты болуда.
Қазақстан Орталық Азияның тұрақты және орнықты дамуына мүдделі. Осы
тұрғыда аумағынан халықаралық терроризм, есірткі трафигі, діни экстремизм
қауіпі төніп отырған Ауғанстан бүгінгі таңда проблемалық өңір болып
табылады.
Ауғанстанды бейбіт және жасампаз өмірге бейімдеу жөніндегі міндетті
тиімді шешу үшін біздің еліміз өңірде интеграциялық үрдісті дамыту идеясын
сындарлы түрде жақтап келеді. Осы орайда, түрлі деңгейде сарапшылар
көтерген Үлкен Орталық Азия идеясының іске асырылуы ерекше маңызға ие
болары анық. Бұлай болған жағдайда, осы байтақ кеңістікте орналасқан
мемлекеттердің өзара ықпалдасуының дамуына жәрдемдесетін интеграциялық
үрдістердің ауқымы кеңейе түседі.
Біздің еліміз, Ауғанстан мемлекетін қоршай есірткіге қарсы белдеу
құруға қатысты ықпалды шара қолдануды қолдайды. Осыған байланысты БҰҰ-ның
Орталық Азия аймақтық ақпараттық және үйлестіру орталығын құру жөніндегі
жобасын жүзеге асырудың маңызы мен бірлескен антитеррорлық шараларды
ұйымдастырудың маңызын ерекше атады. Орталық байланыс орнату, шұғыл
ақпараттармен алмасу және оны талдауға қызмет етпек. Министрдің пікірінше,
сонымен бірге Шанхай ынтымақтастығы ұйымы сияқты бірлестіктердің әлеуетін
пайдалану қажет.
Конференцияның екінші күні "Қайта жаңғыру және даму" тақырыбы бойынша
өткізілетін мәслихатта баяндама жасаған Қ.Тоқаев Қазақстанның бұл елді
аймақтағы интеграциялық құбылыстарға белсенді атсалыстырудан мүдделі екенін
мәлімдеді. Атап айтсақ, Қазақстан бұл елге экономика, өнеркәсіп, қаржы,
көлік және білім беру саласында кәсіби білікті мамандар дайындап беруге,
Ауғанстан тұрғындарын ауыз сумен, дизельдік отынмен қамтамасыз етуге,
сондай-ақ, коммуникацияларды қалпына келтіру мен дамытуға қолұшын беруге
дайын. Қазақстандық мамандар сонымен бірге Ауғанстанның солтүстік
бөлігіндегі мұнайгаз кеніштерін игеруге жәрдемдесуге әзір.
Ауғанстан және халықаралық қоғамдастық – болашақ үшін серіктестік
Берлин конференциясының (31 наурыз - 1 сәуір) барысында Қазақстан
Республикасының делегациясы Орталық Азия мемлекеттерінің қатысуымен
Ауғанстанды қайта қалпына келтіру жөніндегі арнайы бағдарлама әзірлеу
бастамасын көтерді. Ол, өңірде қалыптаса бастаған көліктік-коммуникациялық
жүйеге Ауғанстанды қосу үшін келісілген іс-шараларды әзірлеуді көздейді.
Біздің ұсынысымызды Еуропалық Одақ елдері оңды қабылдады.
Ауғанстан жөніндегі Лондон конференциясында (2006 жылғы, 31 қаңтар - 1
ақпан) қазақстандық тарап ауғандық экономиканы қалпына келтіру
перспективаларын, басымды әлеуметтік және экономикалық жобаларды, сондай-ақ
есірткілердің өндірісі мен заңсыз айналымын қосатын, өңірлік қауіпсіздіктің
өзекті проблемаларын белгілейтін ИИР Үкіметі мен Халықаралық қоғамдастық
арасындағы Ауған келісімін қолдады.
Біз терроршылдық қызметті қаржыландыру арналарының және Ауғанстаннан
Еуропаға есірткі тасымалының жолын кесу жөніндегі ұжымдық тетіктер құру
мақсатында, Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңес,
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы сияқты
және т.б. өңірлік ұйымдардың әлеуетін қолдану қажет деп есептейміз.
Осы мақсатта ауғандық тарап ШЫҰ – Ауғанстан Байланыс тобының және ҰҚШҰ
СІМК жанындағы Ауғанстан жөніндегі Жұмыс тобының шеңберінде бірлескен
жұмысқа қосылуы мүмкін еді, ол халықаралық есірткіге қарсы белдеудің
қалыптасуына ықпал етеді.
Сонымен қатар, Ауғанстанның Орталық Азия елдері мен Есірткі және қылмыс
жөніндегі БҰҰ басқармасы арасындағы Орталық Азиядағы есірткіге бақылау
жасау саласында өзара түсіністік туралы 1996 жылы қол қойылған Меморандумға
қосылуы маңызды рөл атқарар еді.
Қазақстан Республикасы Ауғанстанға коммуникациялар мен құрылысты қайта
қалпына келтіруге және мұнай-газ кеніштерін игеруге, сонымен қатар,
экономика, өнеркәсіп, қаржы, көлік және білім саласына білікті мамандар
даярлауға жәрдем көрсетуге әзір.
2006 жылғы 4-5 қыркүйекте Ауғанстан Президентінің аға экономикалық
кеңесшісі И.Надеридің Астанаға сапары барысында оны ҚР Премьер-министрінің
орынбасары К.Мәсімов қабылдады, сонымен қатар сыртқы істер, энергетика және
минералды ресурстар министрлері, Астана әкімі, Қазақстанның Инвестициялық
қоры АК басқармасының төрағасымен келіссөздер өтіп ынтымақтастықтың нақты
жолдары мен нышандары тақыланды.
И.Надери Қазақстанға Ауғанстанның көліктік инфрақұрылымын дамытуға,
елдің солтүстігіндегі мұнайгаз кеніштерін игеруге, жанар-жағар май мен ауыл
шаруашылық өнімдерін жеткізіп беруге және ұлттық кадрлар даярлауға көмек
көрсету жөнінде өтініш білдірді.
Осыған орай, 24-28 қыркүйек аралығында Сыртқы істер министрінің
орынбасары Қ.Әбдірахманов басқарған ҚР ресми делегациясы Ауғанстанда
сапармен болды. ИИР министрліктері мен ведомстволары басшыларымен,
халықаралық ұйымдар өкілдерімен, әскери басшылық пен Ауғанстан экономикасын
қайта қалпына келтіру процесіне қазақстандық тарапты қатыстыру мәселесі
жөніндегі коалициялық күштер басшылығымен келіссөздер болып өтті.
Аталған делегация сапарының қорытындысымен Ауғанстанмен жан-жақты
ынтымақтастықты дамыту жөнінде арнайы бағдарлама әзірленуде. Ол
инвестициялық, сауда және гуманитарлық жобалардың іске асырылуын көздейді.
2007 жылы алғашқы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі
қазақстандық-ауған үкіметаралық комиссиясының өткізілуі түрлі салаларда
өзара тиімді ынтымақтастықтың әлеуетін ашуға және Қазақстанның Ауғанстанды
соғыстан кейінгі жандану үрдісіне қатысуға жәрдемдесетін болады.
ШЫҰ оның мүшелері арасындағы сенімнің тиімді құралы болып қалуда. Жаңа
қатерлер: терроризм, өшпенді ұлтшылдық, есірткі трафигі ұйымға мүше елдерді
осы қатерлерге қарсы тұру жөніндегі күш-жігерді бұрынғыдан да тығыз
үйлестіруге мәжбүрлеп отырғаны басқа мәселе.
Мүмкін,бұл ұйымды халықаралық аренадағы байыпты ойыншы ретінде
қарастыра қоймаған өңірдің басқа елдерінің оның жұмысына көп қызығушылық
танытуы сондықтан болар. Қазірдің өзінде ШЫҰ-ға кіру тілегін көп миллиондық
Үндістан мен Иран айтып отыр.
Іс жүзінде саммиттің ашылуы ШЫҰ-ның Іскерлік кеңесін белгілеумен
басталды. Бұл Іскерлік кеңес, Ресей Президентінің сөзіне қарағанда, “Ұйымға
қатысушы елдер іскерлік әлемінің үйлестіруші орталығына” айналады. Олай
болса, таяудағы болашақта, саммит қарсаңында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан
Назарбаев атап өткеніндей, ШЫҰ-ның “жаһандық ауқымдағы “экономикалық
серпінді секірістің” эпицентріне” айналу мүмкіндігі бар.
Қазақстан Президенті Шанхай ынтымақтастық ұйымының жаһандық қауіпсіздік
жүйесінің ажырағысыз бөлігіне айналу перспективасы бар деп санайды.
“ШЫҰ ішкі өңірлік ынтымақтастықтың түбегейлі жаңа жүйесі ретінде
жаһандық қауіпсіздік жүйесінің ажырамас бөлігі болу мүмкіндігіне ие”, –
деді Нұрсұлтан Назарбаев ұйым саммитінің қарсаңында. “Сондай-ақ қатысушы
елдердің күннен-күнге өсіп отырған сауда-экономикалық ынтымақтастық
әлеуетін ескере отырып, ШЫҰ-ның жаһандық деңгейде “экономикалық
серпілістің” кіндігі атану мүмкіндігі тағы бар”, – деп қосты Н.Назарбаев.
[?]
Мемлекет басшысы ұйымның 5 жылдағы жұмысының даму қорытындысы
талқыланып, келешек жоспарлар белгіленетінін атап өтті. “...Келешек
жоспарларды белгілейміз, қауіпсіздік пен тұрақтылық саласындағы жаһандық
және аймақтық өзекті проблемаларды, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ұйым
аясында, бірінші кезекте сауда-экономикалық саладағы ынтымақтастықтың басым
бағыттары бойынша өзара ықпалдастығын нығайту мәселелерін қараймыз”, – деді
Н.Назарбаев. Президент сонымен бірге ШЫҰ-ның жаңа бас хатшысы туралы шешім
қабылданып, бірқатар құжаттарға қол қойылатынын хабарлады.
“Саммит күндерінде ШЫҰ Іскерлік кеңесі құрылтайшы сессиясының, ШЫҰ
елдері өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері форумының және ШЫҰ Банкаралық
бірлестігі құрылтайшы мәжілісінің өткізілуіне біз ерекше мән беріп отырмыз.
Өйткені дәл осы аталған тетіктер ұйым аясындағы сауда-экономикалық,
қаржылық, инвестициялық ынтымақтастықтарды алға қарай ілгерілететін
болады”, деп атап көрсетті Н.Назарбаев.
1 қосымша
1 кесте - Сыртқы миграция
адам
Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасы -108307 -88162 -62012 -8306 2789 22668 33041
10962 4381 Ақмола -11874 -11071 -9387 -4480 -1372 -265 1706 -
448 -150 Ақтөбе -8687 -4398 -2796 -422 1633 1812 2394 1573 422
Алматы -6151 -4344 -1116 3205 5101 5682 4946 4633 975 Атырау
-168 -31 116 158 842 2070 1063 1681 434 Батыс-Қазақстан -7078
-1874 420 -123 -15 735 735 353 -92 Жамбыл -4959 -3958 -1360
2267 2390 4052 793 476 162 Қарағанды -14827 -14516 -10335 -
3997 -1485 197 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz