Мемлекеттің дамуын нығайтудағы құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің ролі


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Мемлекеттің дамуын нығайтудағы құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің ролі

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В030100- мамандығы бойынша «құқықтану»

Түркістан 2015

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Әлеуметтік ғылымдар факультеті

Құқықтану кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

Құқықтану кафедрасының

меңгерушісі, з. ғ. к (PhD) .,

қауымдастырылған профессор

« » 2015 ж. № хаттама

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Мемлекеттің дамуын нығайтудағы құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің ролі

5В030100- мамандығы бойынша - «құқықтану»

Орындаған

Ғылыми жетекшісі

Түркістан 2015

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Құқықтық сана және құқықтық мәдениет: теориялық зерттеу

1. 1 Құқықтық сана, құрылымы мен сипаты . . . 5

1. 2 Құқықтық сана және құқықтық мәдениет ара-қатынасы . . . 19

1. 3 Құқықтық сана - құқықтық мәдениеттің құрамдас бөлігі . . . 30

2 Қазақстанның құқықтық дамуын нығайтудағы құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті жетілдіру мәселелері

2. 1 Құқықтық тәрбиелеу саласында заңдарды жетілдірудің бағыттары . . . 41

2. 2 Заң шығарушының құқықтық мәдениетін арттырудың маңыздылығы . . . 48

2. 3 Мемлекетті дамытудағы құқықтық сауаттылықты нығайтудың ролі . . . 61

Қорытынды . . . 67

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 70

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы . Дипломдық жұмыста мемлекеттің дамуын нығайтудағы құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің ролі қарастырылған.

Құқықтық сана мен құқықтық мәдениет мемлекеттің құқықтық дамуындағы ерекше фактор болып табылады. Диплом жұмысының бірінші тарауында құқықтық сана мен құқықтық мәдениетке ғылыми-теориялық талдаулар жасалған. Зерттеу жұмысының екінші тарауында Қазақстанның құқықтық дамуындағы құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті жетілдірудің өзекті мәселелері қарастырылады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы Конституциямыздың 1-бабының 1 тармағында бекітілгендей « . . . өзін-өзі құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады», - делінген. Құқықтық мемлекет орнықтыру тек мемлекет иелігіндегі жұмыс емес, жалпы қоғамдық қолдауды қажет етеді. Мемлекетіміз құқықтық тұрғыда дамуы үшін кәсіби мамандандардың құқықтық сауаттылығы жағынан жоғары болуын талап етеді.

Нарықтық қоғамдық қатынастар жүйесіне өту үрдісінде бұрын қалыптасқан экономикалық-өндірістік жүйе тоқырауға ұшырап, елімізде жұмыссыздық, осыған байланысты туындаған жоқшылық көп қиындықтар тудырды. Жұмыссыздық пен құқықтық сауатсыздық салдарынан ауыл жастарының құқық бұзушылыққа баруы, атап айтқанда ұрлық жасау, тонау, балағатшылдық т. б. көбейді. Осы жағдайлар жастарды құқықтық тұрғыдан оқытуды, қоғам өміріне өз құқықтарын қорғап қана қоймай, заңды міндеттерін түсінетін, құқық бұзушылық жасаса, ол үшін заң алдында жауап беретіндігін сезінетін, қоғамдық тәртіп пен заңдылықтың сақталуына үнемі мүдделілік танытып жүретін құқықтық мінез-құлықтары үлгілі, кәсіби біліктіліктері жоғары азаматтар етіп қосу қажеттілігін күн тәртібіне қойып отыр. Жас ұрпақты құқықтық тұрғыдан жетілдіріп, қоғамдық өмірге құқықтық мәдениеті жоғары, іскер де белсенді азамат етіп қосу мемлекеттің құқықтық өркениетті дамуының алғы шарттарының бірі ретінде саналады.

Еліміздің құқықтық саясатының құрамдас бөлігі, елдің индустриялық-инновациялық дамуын қамтамасыз етудің, оның зияткерлік әлеуетін арттырудың маңызды шарты болып табылатын ғылыми және білім беру қызметін құқықтық реттеу болмақ.

Ғылым-білім беру қызметінің құрамдас бөлігі, өз кезегінде, құқықтық білім беру, құқықтық насихат, яғни құқықтық мәдениет мәселелері болып табылады. Осыған орай, азаматтардың құқықтық санасын, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер арасында заңгерлік сауаттылықты арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыру, заң шығарушының құқықтық мәдениетін көтеру, халық арасында интернет-ресурстарды қоса отырып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы құқықтық насихаттың сапасын арттыру мен көлемін кеңейту, заңнаманы және құқық қолданудың өзекті проблемалары бойынша, атап айтқанда, азаматтардың күнделікті өмірінде жиі қолданылатын құқық салаларында ғылыми зерттеулерді жандандыру бүгінгі таңда мемлекетті құқықтық нығайтудағы өзекті проблемалар қатарына енеді. Сондықтан біздің зерттеуіміз халықтың құқықтық санасы мен еліміздің құқықтық мәдениетін көтеруде жоғарыдағы өзектілік мәселелерін қамтиды.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Құқықтық сана мен құқықтық мәдениет ұғымдары Мемлекет және құқық теориясының зерттейтін объектілері болғандықтан, алдымен Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша бірнеше отандық және Ресейлік авторлардың еңбектеріне сүйендік. Атап айтсақ, Сапарғалиев Ғ., Сартаев С. С., Ибраева А. С., Кунгожинов С. Т., Өсеров Н. Ө., Сырых В. М., Морозова Л. А. Ильин И. А., Керимов Д. А., Синюкова Т. В., Перевалов В. Д., Корельский В. М. т. б.

Тақырып аясында ғалымдардың ғылыми жарияланымдарын, авторефераттарын, монографиялық еңбектерін пайдаландық. Соның қатарында: Воплоненко Н. Н. «Правосознание и правовая культура», Сафронов В. В. «Правосознание молодежи: теоритико-региональный аспект», Белканов Е. А «Стркутура и функции правосознания»., Баймаханов М. Т. «О некоторых подходах к решению проблем правопонимания», Табанов С. «Языковый барьер в законотворчестве»., Ибраев А. С., Каратаев А. М., Сартаев С. А., Есетова С. К., Турсынкулова Д. А. «Құқықтық мәдениет», Бейсебаева С. Б «Жастардың құқықтық мәдениеті». т. б. еңбектерін атауға болады.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Мемлекеттің дамуын нығайтудағы құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің ролін айқындау және Қазақстанның құқықтық дамуындағы құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті нығайтудың мәселелерін талдау болып табылады.

Аталған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешуді қажет етеді:

  • Құқықтық сана мен құқықтық мәдениет ұғымына теориялық тұжырымдар жасау;
  • Құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің байланысын айқындау
  • Құқықтық тәрбиелеу саласында заңдарды жетілдіру бағыттарын құқықтық негіздеу;
  • Заң шығарушының құқықтық мәдениетін арттырудың маңыздылығын зерттеу;
  • Мемлекетті дамытудағы құқықтық сауаттылықты нығайтудың ролін талдау.

Жұмыс құрылымы мен көлемі - д ипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, алты бөлімшеден, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Құқықтық сана және құқықтық мәдениет: теориялық зерттеу

1. 1 Құқықтық сана, құрылымы мен сипаты

Құқықтық сананың ерекшеліктерін талдамас бұрын, алдымен «құқықтық сананың» түсінігіне және оның «құқықтық мәдениетпен» ара-қатынасына сипаттама берген жөн.

Құқықтық сана теориясының жүз жылдық даму тарихы болса да, ғалымдардың құқықтық сана туралы және оның мәні мен табиғатын түсіну, құрылымдық компоненттерінің көрініс табуы және қызмет етуі туралы зерттеулері, олардың көзқарастарының ортақтасуына әкелген жоқ.

Құқықтық сана теориясында көптеген көзқарастардың болуы, табиғи құқықтық, позитивистік, марксистік теория, әлеуметтік, тарихи құқықтық мектеп өкілдерінің болуы, осы құбылыстың күрде-лілігімен түсіндіріледі.

Құқықтық сананың күрделі әлеуметтік-құқықтық табиғатын түсіну ғылымда, құқықтық сананың генезисін зерттеу, оның ғылы-ми құқықтық мектептеріндегі рөлін анықтау, құқықтық сананың өзге сана нысандарымен ара-қатынасын (саяси, діни, өнеге), құқықтық сананың тарихи, рухани, мәдени мәртебелерін және құқықтық менталитетінің ара-қатынасын белгілеу арқылы жетуге болады.

Қарастырып отырған зерттеу жұмысының мақсатына жету үшін құқықтық сананың жалпы сипаттамасына салыстырмалы талдау келтіру, құқықтық сананың негізгі ерекшеліктерін ашу, оның түрлері мен қызметтерінің және құқықтық тәрбиелеудің әдістемелік негіздерін анықтау қажет.

Заң әдебиеттерінде құқықтық санаға түрлі анықтамалар берілген. М. В. Лукьяненко «құқықтық сана жеке тұлғаның құқықтық және құқыққа қайшы мінез-құлықтық бағытқа ұмтылуларын шектей отырып, бағыт беруші күш» деп пайымдаса, И. Ф. Рябко, құқықтық сананы «барлық құқықтық нысандар мен құбылыстардың (құқықтық жүйе, құқықтық тәртіп, зандылық, ) адам санасында жекелеген фактілерге рефлекторлық реакциядан, әлеуметтік маңызы бар теориясына дейін талдап қорытылуының экономикалық өркендеуі» [1] деп түсіндіреді. Бұл жерде автор, құқықтық сананың абстрактілі (идея, теория) және нақты (құқық нормалары) - объективті шындықтың әсер ету қасиеттерін ашып көрсеткен. Алайда, автордың құқықтық сананы экономикалық өркендеумен байланыстыруымен келісуге болмайды.

Құқықтық жүйенің, қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси, рухани құрылымының өзгеруі құқықтық санада әсерленеді және ол құқықтық қабылдаушылық қоғамдық қатынастың түрақталуын қамтамасыз етеді.

В. Н. Сорокин, құқықтық сананы сыртқы талаптардан тәуелсіз деп айта отырып, «құқықтық санаға экономика мен саясат қалай өзгерсе де, оған, отандық құқықтық ойлаудың бір нысанын өндіретін тұрақты шама тән» деп қарастырады. Мұндай түсінік құқықтық сананың позитивті және негативті зарядталуына (жаңалыққа қарсы болу) әсер етеді. Осыған байланысты, құқықтық сананы сипаттаған кезде, И. Ф. Рябконың анықтамасы бойынша көрсетілген құқықтық сананың рационалды, прагматикті жақтарын ғана емес, сонымен қатар, оның құрылымындағы рефлексивті, психологиялық факторларын да елеп өткен жөн.

В. А. Чефранов құқықтық санаға «құқықтық сананың, құқық-тық теорияның, құқықтық көзқарастардың сонымен қатар топтық және жеке құқықтық көзқарастардың тәжірибелік жақтары ретінде құқықтық нормаларда көрініс табатын, құқықтық идеялар. Қазіргі даму үдерісіндегі кәмелетке толмағандардың құқықтық санасы мен оларға тән психологиялық нысандардың жиынтығы» [2] деп түсінік береді. Аталған анықтамадан, құқықтық санада өзінің ерекше ішкі және сыртқы нысандары бар, ұйымдасқан күрделі жүйе түсінігіне негізделген керекті әдістемелік ереже көрініс тапқанын көре аламыз. Алайда құқықтық сананы былайша кең мағынада қарастыру, құқықты түсінудің таптық шектелуіне негізделген, ол өз кезегінде құқықтың және құқықтық сананың әлеуметтік мәнін тарылтады.

Құқықтық сана тек қана таптық көзқарастарды ғана көрсет-пейді, сонымен қатар барша адамзаттық құндылықтарды, құқықта көрініс табатын бостандықты, әлеуметтік әділеттілік, тендікті көрсетеді.

Құқықтық санаға мұндай бағалы түрде түсінік беру В. И. Бегининнің еңбектерінен де байқалады. Ол құқықтық сананы «көзқарастар, түсініктер, бағалау, пікірлер және қатысушылардың мемлекетпен бекітілген және қорғалатын қатынастар мен міндеттерге негізделген әрекет етіп тұрған және міндетті қоғамдық қатынастың тәртібіне деген уайым жүйесі» сонымен қатар «осы тәртіп жағдайында өзінің жауапкершілігін ұғынуы» [3] деп түсінік береді.

Мұндай түсінік бере отырып автор, құқықтық сананың деңгейін оның мазмұнына әлеуметтік белсенді мінез-құлықты енгізе отырып, оны саналы түрде жоғарлатты. Шынында, құқықтық сана өзінің дамыған, мақсатты жағдайында - позитивті құқықты шығармашылық тұрғыдан түсіну, құқықтық мақсаттарын іздеу, оның қүндылығын анықтау және жеке тұлға мен қоғамның рухани шамасын жұмылдыруға, қызмет атқаруға бағытталған.

Заманауи талаптарға сай Қазақстанда құқықтық мемлекеттің қүрылуы барысында бұл сұрақтар ерекше маңызды. Өйткені заңды өзгертуді қамтамасыз етіп қана қою жеткіліксіз, сонымен қатар жеке тұлға мен жария билік деңгейінде жауапкершілік сезімін тәрбиелеу қажет. Бүгінгі танда құқықтық сана азаматтың жалпылай құқықтық әлеуметтену үрдістерінің нәтижесі, қоғамдағы зандылық пен құқықтық тәртіп жағдайы, формальды құқықтық және құқықтық емес сипаттағы нормативті талаптар, орнап отырған құқықтың барлық жүйесін немесе жекелеген элементін өзгерту қажеттілік-терінен көрініс табатын құқықтық шығармашылықта және құқық қолданушылықта маңызды критерий ретінде рөл атқаратын интег-ральды феномен ретінде қарастырылып келеді.

Бірінші кезекте, құқықтық сананың мазмұнының тәжірибиелік жағы мен оның тұрақты қасиеті шығады, ол өз кезегінде уақыт қажеттілігімен құқықтық ақиқаттың қоғамдық қажеттіліктерімен салыстыруға жауап береді, дамыған, дұрыс құқықтық сана негізінде құқықтық жүйенің қайта қүрылуын қамтамасыз етеді. Сондықтан да, құқықтық прогрестің кепілі ретінде, қоғамның, құқық шығармашылықтың, құқық қолданушының құқықтық санасының деңгейін көтеру өте маңызды болып табылады.

Р. С. Байниязов, жоғарыда қарастырылған құқықтық санаға: құқықтық мақсат, көзқарас, ниет, әдет, дәстүр, иллюзия, құқықтық сендіру, еліктеу, құқықтық мәдениетті модельді мінез-құлықпен толықтырады.

Құқықтық сана қай жағынан болмасын анықталса да ол, құқықтық санаға тән белгілерге, сондай-ақ жалпылай өзгешіліктерге ие, қоғамдық сананың бір нысаны ретінде қарастырылады. Бірінші кезекте, құқықтық сананы психикалық іс-әрекеттің нысаны мен салдары, яғни нәтижесі ретінде қарастыру керек. Кез-келген құқықтық нормалар азамат санасына бағытталған. И. А. Ильин «құқық - сана тілі бойынша сөйлейді және саналы тірі жандарға қарай бағытталған» деп айтқан [4] . Адамның санасында объективті шынайылылық бейнесі көрініс табады, демек сана да құқықтық категориядағы білім, түсінік, құқықтық тәжірибе, әрекет етіп тұрған қатынастарда көрінетін объективті белгілерге ие.

Құқықтық шынайылылық санада суреттелу үрдісінде, сана жеке қабылдау, жеке тұлғаның танымдық қабілеттілігі, дүниетанымдық негіздері мен қабылдау сипатын анықтайтын, жеке өмірлік құндылықтар арқылы субъектенеді. Осыған байланысты сана объективті қасиетпен толып, ақиқатты түсіну пайда болады. Таным табиғаты, «әлемнің екіге көбеюіне», яғни, шынайы әлем мен оның, тіл, білім, сезумен көрінетін бейнесінің көбеюіне әкеледі.

Ғ. С. Сапарғалиев, А. С. Ибраева құқықтық сананы қоғамдық сананың жеке бір саласы дей келе, оған мынадай анықтама береді: «Құқықтық сана дегеніміз Қазақстан Республикасы азаматтарының жүзеге асырылып жүрген зандарға, оларды қолдануға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына және қалаулы құқыққа, басқа да құқықтық құбылыстарға құқық сезімдерінің, көзқарастарының, пікірлерінің, бағаларының жүйесі» бес бейне, яғни, құқықтық болмыс жөнінде білімдер, құқықты бағалау және оны жүзеге асыру тәжірибе, құқықтық мақсаттар, қүндылық бағдары зандық мәні бар жағдайлар туындағанда адамдардың жүріс-түрыстарын реттейді деп есептейді [5] .

Басқаша айтқанда, құқықтық сана дегеніміз адамдардың, әлеуметтік бірліктердің қоғамда бар және олардың тілек-ықыластарына сай келетін құқыққа қатыстылықтарын білдіретін көзқарастарының, идеяларының, түсініктері мен сана-сезімдерінің жиынтығы деп қорытындылайды. Жалпы айтқанда, аталған түжырымдама жоғарыда көрсетілген көзқарастарды түйіндеп, толықтырып тұр деп есептеуге болады.

Құқықтық сананың ерекшелігі, оның пәнінің нормативті сипатта болуында. Құқықтық сананың нормативтілігі жөніңдегі сұрақ ғылымда даулы мәселелердің бірі болып табылады. Қөпшілік ізденушілер құқықтық санаға нормативтік сипат тән деген көзқараста. Олардың кейбіреулері құқық нормаларын құқықтық сананың сыртқы нысаны ретінде қарастырады.

Н. И. Козюбра, құқықтық санада нормативті мінез-құлықтың қалыптасуы құқықтық нормалармен байланысты емес, ол заңды құқықтар мен міндеттерді, мінез-құлықты қабылдау мен бағалау нәтижесінде қалыптасады дей келе, «құқықтық сана амалсыз нормативті әдіспен ойлауды ұйғарады» деп қорытындылайды. Мұндай көзқараспен толықтай келісуге болмайды, өйткені ойлау үрдісін, мұндай қатаң шеңбер өзіне құқықтық санаға қатысты саналы және санасыз, аффектілі және кенеттілік психологиялық табиғатын сиғыза алмайды.

Нормативті мінез-құлыққа ереже, стандарт, міндетті берілген масштаб қасиеттері тән, ал ол өз кезегінде құқықты және өнегелік сананы сипаттайды, алайда мұның құқықтық санаға әсері жоқ. Мұндай көзқарасқа А. Д. Керимов, И. Ф. Рябконың және басқа ғалымдар да қосылады. Олар құқықтық сананың реттеушілік рөліне қарсы, бірақ өз кезегінде құқықтық сананың құқықтық ақиқатқа әсер ете алу мүмкіндігін мойындайды [6, 12 б. ] .

Құқықтық сана нормативті мінез-құлық (бірінші кезекте құқықтық) қалыптасу, оның түзелу және жетілу мүмкіндіктерінің (мысалы мотивация саласында) негізінде жатыр.

Мұның барлығы сананың күрделі мазмұны мен өзіне тән белгілі бір ішкі және сыртқы құрылымы бар екендігін білдіреді.

Құқықтық сана құрылымы:

Құқықтық сананың ішкі құрылымы мынадай екі элементтен тұрады: құқықтық психология және құқықтық идеология.

Құқықтық психология жеке тұлға мен қоғамның күнделікті іс-әрекеті үрдісінде түзілетін, құқықтық сананың сезімтал, эмоциялық деңгейін білдіреді. Құқықтық психологияны барлық қатынастарға тән, құқықты қоғамдық түсінудің кең таралған нысаны деп бекер айтпаса керек. Құқықтық сана құрылымындағы құқықтық психологияның ма-ңыздылығын бағаламауға болмайды. Құқықтық саясатта оған көңіл бөлмеу, мемлекеттік билікке қымбатқа түседі және жүргізіліп жатқан реформалардың құқықтық қателігіне ғана емес, сонымен қатар, құқықтық регресске әкеліп соғады. Құқықтық шынайылылықтың эмоциялық түрі, заңды суреттеменің негізгі көрсеткіші болып табылады. Көңіл-күй, уайым, тілек сияқты өзінің айқын құралдары бар құқықтық психология, өзара құқықтық қатынасты түрлі сипатқа толтырады, көптеген құқықтық сезімдер шығарып, құндылық қатынастардың түрлік психологиялық түстерін көрсетеді, құқықты және оған қатынастың қабылдауының күрделілігі мен бір жақты емес екендігін көрсете отырып, құқықтық әлемді толықтыра түседі.

Құқықтық психологияны бірлесіп бағытталған үрдіс ретінде қарастырған жөн: позитивті құқықтың әсер етуін тыйым салу, позитивті міндеттер, рұқсат ету арқылы байқай отырып, құқықтық сана, субъектілердің құқықтық сезім, баға, қатынас, көңіл-күй түріндегі құқықтық ақиқатқа деген нәзік реакциясымен көрсетеді. Бұл сезім (қабылдаған занды мақүлдау немесе келіспеу) бағалау (сот шешімінің әділеттілігі немесе керісінше) құқықтық ұстаным мен іс-әрекетке көзқарас (занды сыйлай, занды тындау) және басқа болуы мүмкін.

Жеке тұлға, әлеуметтік топтар, жалпы қоғам әрекет етіп түр-ған құқыққа, өздерінің құқықтық саладағы мінез-құлықтарына баға береді.

Құқық шығармашылық, құқық қолданушылық үрдісіне сәйкес процедура шеңберінде, эмоциялық сезім жақтары маңызды болып табылады. Құқықтық іс-әрекеттің осы түрлерінде құқықтық ар-ождан, құқықтық қиял, елес көрініс табады. Құқықтық сананың бұл қабаты терең, жасырын, толықтай зерттелмеген құрылымдық механизмі іспеттес.

Құқық психологияның мазмұндық жағына, санасыздыққа жататын категориялар да жатады. Бүгінгі танда, ғылымда адамның іс-әрекетіне санасы арқылы әсер ету, дауласпайтын айғақ болып табылады. М. Г. Ярошевский адамның психологиясында өзінше бір «түрлі ойлар мен көзқарастарды жіберіп немесе жібермей тұратын, санада не болып жатқанын қарап отыратын» «ішкі сынның» [7, 16 б. ] бар екендігін айтады.

3. Фрейд санасыздықдеп, адам дәл осы шақта, үзақ уақыт бойы білмей немесе мүлдем ешкашан білмейтін психикалық өмірінің кейбір мазмұны деп айтады. Осы жағдайда И. А. Ильиннің «әрқашанда өздерінде белгілі дүниетанушылықтың бар екеңдігіне, өздерінде ерекше эстетикалық талғам бар екендігін, ар-ождан үніне қүлақ түре алатын, олардың рухына тән құқықтық сана бар екендігіне шын қуана алатын адамдар, қай уақытта да табылады» деген сөздерін еске түсірген орынды болады. Және әрі қарай, «мұндай жағдайда оның пікірі мен қылықтары түйсіктік әуестілік пен ниет басшылығы арқылы жүзеге асырылып, оның жеке ішкі сезімін, жеке мінезі, жеке өмір деңгейін көрсетеді».

Санасыздық сипаты (Ильиннің айтуы бойынша) әдеттен, стереотип, «шындық түйсігі», сезу, құқықтық жадыдан көрініс табады. Құқықтық жады ойлаудың ерекше белгісі, бастан кешкендерді есте қалдыру және сақтаудың психомоторлық мүмкіндіктерін ашып қана қоймай, сонымен қатар ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын құқықтық мінез-құлықтың нормалары, үлгі, модельдерінің мирасқорлығын білдіреді.

Құқықтық психологияның санасыздық деңгейінде түйсіктік құқықтық болжаулар, айқындалулар, шапшаң құқықтық түрінде көрініс табады. Р. С. Байниязов құқықтық деп жекелеген, танымды (гносеологиялық) бірліктерді, кешенді түрде, негізін, кенеттен, бүтіндей жүйелі түрде түсіндіру, менгеріп алу деп айтады. Автордың ойымен келісе отырып, әрі қарай жалғастырар болсақ, ойлаудың жаңаша, шығармашылық қабілеті, мағыналық штамптарды меңгеру сияқты ерекше белгілеріне көңіл бөлсек. Ф. Т. Михайлов ойлауды «шығармашылық ойдың аффективті күштенуі» катарсис тұрғысынан қарастырады. Осы екі жағдайда да, құқықтық және философиялық көзқарас бойынша, сананың нәзік құрылымында кенеттен жаңаша энергияның құрылуы жөнінде әнгіме болып жатыр. Жаңа бейненің пайда болу негізі болып, Ф. Т. Михайловтың пікірі бойынша «ешкімге түсіндіріп, айтудың қажеті жоқ мылқау, анықталмаған дүниеге батып кетуі» яғни ішкі «мылқау ой» [9, 11 б. ] табылады. Мұндай «ойсыздық» инсайтпен меңгеріледі, яғни ойдың тоқтап қалуы қатып қалған ережелерден бас тартып, жаңалыққа қарсы толқу ретінде шығады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық мемлкет идеясын қарастыру
Құқықтық мәдениеттің түсінігі және түрлері
Құқықтық мәдениет - қоғам мәдениетінің негізгі салаларының бірі
Танымдық - қүқықтық мәдениет теориясын дамыту
Мемлекетті нығайтуда құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің рөлі
Құқықтық сана және құқықтық мәдениет. Құқықтық мәдениет - әлеуметтік құбылыс
Құқықтық сана ұғымы, түсiнiгi және маңызы
Құқықтық мәдениет пен құқықтық сананы дамыту
Қазақстандағы жаһандану кезіндегі ұлтаралық қатынастар
ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz