Педагогика пәні бойынша СЕМИНАР САБАҒЫ



Тақырыбы: ОҚЫТУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
Тақырыбы: МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМНІҢ МАЗМҰНЫ
Тақырыбы: ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ
Тақырыбы: Оқытуды ұйымдастыру формалары.
Тақырыбы: Сабақтардың кезеңдері мен құрылымы
Тақырыбы: Сабақтардың кезеңдері мен құрылымы
Тақырыбы: Оқушылардың сабағы, танымдық іс.әрекеттері
1.Оқыту процесін іске асыру белгілі бір заңдылықтарды меңгеру негізінде жүзеге асады.
Құбылыстар мен процесстер арасындағы объектілігі, маңызды, қажетті, жалпы, берік, белгілі жағдайда қайталанатын өзара байланыс заңдылық деп аталады. Өзара байланысы бар объектілер, байланыстың түрі, сипаты, қызмет аясы анықталған кезде заңдылықты заң деп білеміз.
Оқыту процесінің заңдылықтары оның тұтастығын дәлелелдейді. Оқу заңдылықтары сыртқы және ішкі, жалпы және жеке деп бөлінеді. Сыртқы заңдылықтар оқытудың қоғамдық шарттардан, саяси-әлеуметтік жағдайлардан тәуелділігін сипаттайды. Ішкі заңдылықтар оқытудың мақсаты, әдістері, құралдары, түрлері арасындағы байланыстарды сипаттайды. Жалпы заңдылықтар бүкіл оқыту жүйесін қамтыса, жеке заңдылықтар нақты, жеке бөліктерін қамтиды.
Заңдылықтар мен заңдар ғылыми теорияның негізгі бөліктері болып келеді.
1.Бержанов Қ., С. Мусин. Педагогика тарихы,-Мектеп, 1984
2.Бержанов Қ. Оқу-ағартудағы халықтар достығы. Алматы, 1976
3. Әбдиев Ж.Ә., Бабаев С.Б., Құдиярова А.М. Педагогика, Дарын, Алматы - 2004
4. Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаева Педагогика, Алматы- 2002
5. Бабаев С.Б., Оңалбек Ж. К. Жалпы педагогика. Алматы-2005
6.Нургалиева Г.К. Ценностные ориентации личности: методология, теория, практика, формирования. ІІ часть, Алматы-1994.
7.Нурланова Г.Т. Орта ғасыр ғұламаларының тәрбие тағылымдары.- Алматы,/Қазақстан мектебі, №7. 2003 ж/
8.Бержанов Қ., С. Мусин. Педагогика тарихы,-Мектеп, 1984
9.Бержанов Қ. Оқу-ағартудағы халықтар достығы. Алматы, 1976
10. Әбдиев Ж.Ә., Бабаев С.Б., Құдиярова А.М. Педагогика, Дарын, Алматы - 2004
11. Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаева Педагогика, Алматы- 2002
12. Бабаев С.Б., Оңалбек Ж. К. Жалпы педагогика. Алматы-2005
13.Нургалиева Г.К. Ценностные ориентации личности: методология, теория, практика, формирования. ІІ часть, Алматы-1994.
14.Нурланова Г.Т. Орта ғасыр ғұламаларының тәрбие тағылымдары.- Алматы,/Қазақстан мектебі, №7. 2003 ж/

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Кентау институты

Экология факультеті

Енбек технологиясы және педагогика кафедрасы

“Бекітемін”

Еңбек технологиясы және педагогика

кафедрасының менгерушісі т.ғ.к.
доцент
м.а.___________Н.Әбілдаев

_________________2005 ж.

Педагогика пәні бойынша

СЕМИНАР САБАҒЫ

Тақырыбы: ОҚЫТУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ

Кентау - 2005

N3 семинар сабағының тақырыбы: Оқыту заңдылықтары.

2 сағ.

1 курс

1.Сабақ жоспары:
1.Оқыту заңдылықтары туралы жалпы түсінік.
2.Оқыту принциптері туралы түсінік.

2.Қысқаша теориялық мәліметтер:
1.Оқыту процесін іске асыру белгілі бір заңдылықтарды меңгеру
негізінде жүзеге асады.
Құбылыстар мен процесстер арасындағы объектілігі, маңызды, қажетті,
жалпы, берік, белгілі жағдайда қайталанатын өзара байланыс заңдылық деп
аталады. Өзара байланысы бар объектілер, байланыстың түрі, сипаты, қызмет
аясы анықталған кезде заңдылықты заң деп білеміз.
Оқыту процесінің заңдылықтары оның тұтастығын дәлелелдейді. Оқу
заңдылықтары сыртқы және ішкі, жалпы және жеке деп бөлінеді. Сыртқы
заңдылықтар оқытудың қоғамдық шарттардан, саяси-әлеуметтік жағдайлардан
тәуелділігін сипаттайды. Ішкі заңдылықтар оқытудың мақсаты, әдістері,
құралдары, түрлері арасындағы байланыстарды сипаттайды. Жалпы заңдылықтар
бүкіл оқыту жүйесін қамтыса, жеке заңдылықтар нақты, жеке бөліктерін
қамтиды.
Заңдылықтар мен заңдар ғылыми теорияның негізгі бөліктері болып
келеді.

2.Принцип (латын сөзі) – басшылыққа алатын идея, негізгі талап,
қағида. Дидактикалық принциптер – оқытудың мазмұнын ұйымдастыру түрлерін,
әдістердің, оқытудың мақсаты мен заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар
жүйесі. Оқыту принциптері дидактиканың категорияларына жатады. Олар оқыту
заңдарын және заңдылықтарын пайдалану әдістерін сипаттайды.
Дидактика тарихында зерттеушілер оқыту принциптерін, негізгі
қағидаларды белгілуге күш салады.
Дидактикалық принциптер нақтылы тарихы-әлеуметтік жағдайларға
байланысты.
Оқыту процесінде кез келген мұғалім дидактиканың принциптерін
басшылыққа ала отырып оқытудың мазмұның, амал-тәсілдерін және ұйымдастыру
формаларын таңдап, шәкірттерін жоғары нәтижелерге жеткізуі шарт. Мұғалім
дидактикалық принциптерді дұрыс таңдаса, оқытуды дұрыс ұйымдастырса сабақ
тиімді және нәтижелі болары даусыз.
Дидактиканың принциптерінің қызметі: олардың негізінде оқушыларға
оқытудың мақсатына сәйкес берілетін білім мазмұнын жүйелі, саналықпен
белсенді түрде меңгеруге деген қызығушылықтар пайда болады.

3.Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:
1.Бержанов Қ., С. Мусин. Педагогика тарихы,-Мектеп, 1984
2.Бержанов Қ. Оқу-ағартудағы халықтар достығы. Алматы, 1976
3. Әбдиев Ж.Ә., Бабаев С.Б., Құдиярова А.М. Педагогика, Дарын, Алматы -
2004
4. Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаева Педагогика, Алматы- 2002
5. Бабаев С.Б., Оңалбек Ж. К. Жалпы педагогика. Алматы-2005
6.Нургалиева Г.К. Ценностные ориентации личности: методология, теория,
практика, формирования. ІІ часть, Алматы-1994.
7.Нурланова Г.Т. Орта ғасыр ғұламаларының тәрбие тағылымдары.-
Алматы,Қазақстан мектебі, №7. 2003 ж

4. Бақылау сұрақтары:
1.Оқыту процесін іске асыру ненің негізінде жүзеге асады?
2Заңдылық деп не аталады?
3Заң деп нені білеміз?
4Оқыту процесінің заңдылықтары нені дәлелелдейді?
5Оқу заңдылықтары қалай бөлінеді?
6Сыртқы заңдылықтар нені сипаттайды?
7 Ішкі заңдылықтар нені сипаттайды?
8Жалпы заңдылықтар нені қамтиды?
9Заңдылықтар мен заңдар ненің негізгі бөліктері болып келеді?
10Принцип дегеніміз не?
11Дидактикалық принциптер ненің жүйесі?
12Оқыту принциптері ненің категорияларына жатады? Олар нені сипаттайды?
13Дидактикалық принциптер неге байланысты?
14Дидактиканың принциптерінің негізінде не пайда болады?
5 . Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:
1. Сабақ тақырыбы бойынша:
- конспект жазу
2. СӨЖ тақырыпқа жазылған
- рефераттарды қорғау
- өзіндік жұмысын талдау.
3. Сабақ тақырыбы бойынша бойынша:
- сухбат өткізу

6.Үй тапсырмасы:
1.Келесі семинар тақырыптық сұрақтарына дайындалып келу:
1Білім беру мазмұны.
2Оқу жоспары.
3Оқу ьағдарламалары
4Оқулықтар
2.Лекция тақырыбына дайындалып келу: Мектептегі білімнің мазмұны.
3.Өзіндік жұмысының тапсырмаларын орындау.
Тақырыбы: “Мектептік білім беру жүйесін қайта түзу жағдайларындағы оқу
пәндерін интеграциялау ”

7.Әдебиеттер тізімі:
1.Бержанов Қ., С. Мусин. Педагогика тарихы,-Мектеп, 1984
2.Бержанов Қ. Оқу-ағартудағы халықтар достығы. Алматы, 1976
3. Әбдиев Ж.Ә., Бабаев С.Б., Құдиярова А.М. Педагогика, Дарын, Алматы -
2004
4. Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаева Педагогика, Алматы- 2002
5. Бабаев С.Б., Оңалбек Ж. К. Жалпы педагогика. Алматы-2005
6.Нургалиева Г.К. Ценностные ориентации личности: методология, теория,
практика, формирования. ІІ часть, Алматы-1994.
7.Нурланова Г.Т. Орта ғасыр ғұламаларының тәрбие тағылымдары.-
Алматы,Қазақстан мектебі, №7. 2003 ж

Семинар сабағының әдістемелік нусқауы еңбек технологиясы және педагогика
кафедрасының 14.01.2006ж. мәжілісінде талқыланып бекітілді, N 5 хаттама.

Құрастырған : Еңбек технологиясы және педагогика кафедрасының
аға оқытушысы Табылдиева Г.Б.

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Кентау институты

Экология факультеті

Енбек технологиясы және педагогика кафедрасы

“Бекітемін”

Еңбек технологиясы және педагогика

кафедрасының менгерушісі т.ғ.к.
доцент
м.а.___________Н.Әбілдаев

_________________2005 ж.

Педагогика пәні бойынша

СЕМИНАР САБАҒЫ

Тақырыбы: МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМНІҢ МАЗМҰНЫ

Кентау - 2005

N4 семинар сабағының тақырыбы: Мектептегі білімнің мазмұны
2 сағ.

1 курс

1.Сабақ жоспары:
1Білім беру мазмұны.
2Оқу жоспары.
3Оқу бағдарламалары
4Оқулықтар
2.Қысқаша теориялық мәліметтер:
1. Табысты оқу қамтамасыздығы үшін неге оқыту қажет, білім мазмұны
қандай болуы керектігін анықтап алу міндетті шарт. Білім мазмұны түсінігі
бойынша біркелкі пайымдама жоқ.
Мектептің көбіне білімдендіру қызметін іске асыруға бағытталған
дәстүрлі педагогикада білім мазмұны оқушылар игеруі тиіс педагогикалық
икем, сәйкестікке келтірілген ғылыми білімдер және оларға байланысты
тәжірибелік ептіліктер мен дағдылар жүйесі ретінде қабылданған Білім
мазмұнының мәнін ашуда бұл бағыт білім бағдарлы (знаниево-ориентированное)
оқу атамасын алған. Мұндай оқу жүйесінде адамзаттың тарихи дамуы барысында
жинақталған білімдер ғана әлеуметтік құндылық ретінде танылады.
Бұл көзқарастан демократиялық қоғамның басты міндеті- шығармашыл,
дербес ой жүргізе алатын адам қалыптатыру – білім игеру талаптарының
көлеңкесінде қалып келді.
Соңғы кезеңдерде білімді адамиластыру идеясының арқасында білім
мазмұнының мәнін айқындауда тұлғалық бағдарлы (личностно-ориентированное)
оқу бағыты кең назарға алынуда. Осы бағытқа орай оқушылар белгілі оқу
мазмұнын меңгерумен шектелмеуі тиіс.
Білім мазмұнының аталған элементтері бір-бірімен байланысты және өзара
шарттасқан. Әлеуметтік тәжірибенің осы элементтерін игерген адам жақсы
орындаушы ғана болып қалмастан , дербес өз бетінше шығармашылдықпен әрекет
істей алатын, қалыптасқан қатынастар жүйесіне өз үлесін қоса білетін тұлға
дәрежесіне көтерілуге мүмкіндік алады.
Білім мазмұны расалық, ұлттық, этникалық, діни және әлеуметтік
тегіне тәуелсіз адамдар, халықтар арасындағы өзара түсіністікпен
қызметтестік қатынастардың орнығуына жәрдемдесуі, оқушының ерікті пікір
мен наным таңдау құқығын іске асыруға көмектесуі, әрқилы дүниетаным
көзқарастарды ескеруі қажетті шарт.
Білім мазмұны жалпы және кәсіби білімдерден құралады. Жалпы білім
мазмұны негізінде тұлғаның жалпы мәдениеті, оның дүниетанымы, азаматтың
бағдары, әлемге, еңбекке және қоғамдық өмірге болған көзқарасы
қалыптасады.
Кәсіби білім мазмұны адамға нақты еңбектік іс-әрекет саласында қажет
білімдер мен ептіліктерді игеру үшін қажет.
2. ҚР “Білім заңына” сәйкес елімізде білім стандарттары
қабылданған.
“Стандарт” түсінігі латын сөзі негізінде қабылданып, “үлгі”,
“өлшем”деген мағынаны аңдатады. Білім стандарты мән-мағыналық тұрғыдан
сауат білімділіктің мемлекеттік өлшемі ретінде қабылданып, қоғамдық
мұратқа әрі орайластырылған, әрі нақты тұлғаның мүмкіндіктерін ескерген
және сол мұратқа жеткенге дейінгі білімдену жүйесін айғақтай негізгі белгі
талаптар жиынтығын қамтиды.
Білім саласындағы стандарттаудың негізгі нысандары –стандарт
құрылымы, оқу жүктемелерінің – мазмұны, көлемі және оқушыны дайындау
деңгейі. Стандарт бойынша белгіленген деңгей, дәрежелер мен талаптар білім
сапасын бағалау мен білімдену процесінің негізгі қырларын сараптауда
мызғымас шек (эталон) сипатында қабылданады.
Білімді стандарттаудың қажеттігі қоғамдық құбылысқа ретінде танылған
білім саласындағы түбегейлі өзгерістерге орай туындап отыр. Қазақстанның
егеменді елдер қатарында демократияға , нарықтың қатынастарға, тұлғаның
құқы мен еркіндігіне бетбұрысы білім аймағындағы саясатты қайта қарастырып,
замандық көзқараспен түсінуді талап етіп отыр.Білім саласы енді ең алдымен
жеке тұлғаның рухани қасиеттерін қамтамасыз етуге бет бұрды. Бұл өз
кезегінде оқу процесін ұйымдастыру, оқу оның формалары мен әдістерін
таңдау және білім мазмұнын іріктеу істеріне көптеген өзгерістердің енуіне
себепші болды.
Стандарт құрамы келесі бірліктерді қамтиды: жалпыбілімдік оқу
орындарының түбірлі (типтік)жоспары, мазмұн құраушы мызғымас(инвариант)және
баламалы бөліктер, оқушыларын жалпы дайындық деңгейіне қойылатын
мемлекеттік талаптар.
3.Білім мазмұны оқу жоспарларында, бағдарламаларында, оқулықтар
мен оқу құралдарында айқындалады. Оқу жоспары – оқу
орнында игерілетін оқу пәндерінің құрамын, олрды менгеру бірізділігі мен
кезек тәртібін, әр пән бойынша жылдық, апталық бөлінген сағат санын, оқу
жылының бас-аяқ мерзімі және апта, айларын анықтап беретін құжат.
Оқу жоспарлы түбірлі (типті)және нақты оқу мекемесі тарапынан жасалған оқу
жоспары болып бөлінеді. Түбірлі оқу жоспарында мектеп
(ЖОО) қабырғасында оқу жылдарана орай жүргізілетін барша оқу пәндерінің
тізімі теріледі.Игерілуі қажет пәндер оқу жоспарында үш топқа бөлінеді:
1)міндетті(базалық-мемлекеттік бөлік), 2)оқушылар қалауы бойынша(аймақтық
бөлік) және 3)мектеп(ЖОО) кеңесі , бекімімен өтілетін пәндер (мектептің
(ЖОО) бірлік). Базалық жоспарында әрқилы білім
сапасына, факультативтерге, оқушылар таңдауы мен енген курстерге, арналған
сағаттар бөлігі өрнектеледі. 4.Базалық жоспар
негізінде ерекшеліктерін ескерумен мектеп (ЖОО) өз оқу жоспарларын
жасайды.Оқу формаларына қарай:күндізгі, ауысымды, сырттай, қашықтықтан
оқытулардың жоспарларына даәр қилы келеді.
Оқу жоспарлары негізінде оқу бағдарламалары түзіледі. О қ у б а ғ
д а р л а м а л а р ы өз ішіне:1)нақты пәнді оқу жөніндегі түсініктемені;
2) оқушылардың (студенттердің) біліміне қойылатын талаптарды; 3) әр сыныпта
(курста) пән бойынша өтілетін материалдардың тақырыптық жоспарын; 4) пән
курсы бойынша білімдер мен тақырыптар тізімін, яғни бағдарламаның өзін; 5)
пәнге орай оқу жабдықтары мен көрнекі құралдар тізімін; 6) қажетті
әдебиеттер ауқымы; 7) бақылау сұрақтарын, 8) курстық, дипломдық жұмыстар
тақырыбын (ЖОО да )-қамтиды.
Оқу бағдарламаларының түбірлі (типтік), оқу-жұмыс (рабочие) және
авторлық түрлері ажыралады.
Түбірлі оқу жоспарлары Мемлекеттік білім стандарты негізінде
нақты пән бойынша құрастырылады. Оларды ұсыныс сипатында қабылдауға болады.

Оқу жұмыс бағдарламалары түбірлі жоспарды негізге алумен түзіліп,
мектептің педагогикалық кеңесінің (ЖОО да жетекші кафедра) шешімімен
бекиді. Бұл бағдарламалар білім стандартының талаптарына сәйкес, сонымен
бірге ол нақты оқу орнының мүмкіндіктерін ескерумен жасалады.
Авторлық оқу жоспарларында білім стандартының талаптары міндетті
сақталады, бірақ оқу материалын ұсынудың өзгеше қисыны, оқу барысында
оқып-зерттелетін құбылыстар мен процестерге авторы тарапынан өзіндік
көзқарастар болуы мүмкін.Мұндай бағдарламалар көбіне таңдамалы курстар мен
факультативтерде қолданыс табады. Оқу
бағдарламаларын құрастырудың педагогика тарихында ені әдісі белгілі:
концентрлі және тізбекті. Концентрлі әдіске орай
бір оқу сатысында өтілген оқу материалы алдағы жоғарылау сатыларда
күрделірек күйде және оқылады.Бұл әдісті қолданудың қажеттігі оқушылардың
жас ерекшеліктерін ескеру принципін сақтаудан туындайды.
Тізбекті әдіспен түзінген оқу бағдарламаларында әр кезекті оқу
сатысының материалы өткен жылдардағы игерілгендердің қисынды жалғасы
ретінде қабылданады. Мұндай оқу өзінің үнемділігімен еленеді.
Білімдік, оқу материалының нақты мазмұны оқулықтар мен оқу
құралдарында ашылады.
Оқулық мектептік (ЖОО) білім ақпаратының көзі әрі оқу жабдығы,
білімдену мақсаттары мен мазмұнын айқындайды.
Жұмыстың басты көрінісі –мәтінде. Мәтін келесі бірліктерден құралады:
- негізгі (базалық терминдер, олардың анықтамалары, негізгі деректер,
құбылыстар, оқиғалар; заңдар, теориялар және жетекші идеялар ж.т.б.
баяны);
- қосымша (құжаттар, хрестоматиялық және анықтамалық материалдар,
өмірнама деректері, статистика мәліметтері ж.т.б.);
- түсініктеме (кіріспе, ескертулер, сөздіктер, көрсетпелер ж.т.б.)
Оқулықтарға қосымша оқу құралдары дайындалады. Мұнда оқулық
материалдарының кейбірі мазмұн тұрғысынан тереңдей түседі, кеңейеді. Оқу
құралдары – бұлар хрестоматиялар, есеп жинақтары, атластар, жаттығу
жинақтары ж.с.с.

3.Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:
1.Бержанов Қ., С. Мусин. Педагогика тарихы,-Мектеп, 1984
2.Бержанов Қ. Оқу-ағартудағы халықтар достығы. Алматы, 1976
3. Әбдиев Ж.Ә., Бабаев С.Б., Құдиярова А.М. Педагогика, Дарын, Алматы -
2004
4. Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаева Педагогика, Алматы- 2002
5. Бабаев С.Б., Оңалбек Ж. К. Жалпы педагогика. Алматы-2005
6.Нургалиева Г.К. Ценностные ориентации личности: методология, теория,
практика, формирования. ІІ часть, Алматы-1994.
7.Нурланова Г.Т. Орта ғасыр ғұламаларының тәрбие тағылымдары.-
Алматы,Қазақстан мектебі, №7. 2003 ж

4. Бақылау сұрақтары:
1Білім мазмұны дегеніміз не?
2Білім мазмұны немен байланысты анықталды?
3Қандай мемлекеттік құжаттар оқытудың мазмұнын анықтайды?
4Оқыту процесінде оқу жоспары, оқу бағдарламасының қызметі қандайдеп
ойлайсыз?
5Оқу пәні немесе оқұлық дегеніміз не?
6Оқу жоспары, оқу бағдарламасы мен оқулыққа қойылатын дидактикалық
талаптарды атаңыз.
5 . Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:
1. Сабақ тақырыбы бойынша:
- конспект жазу
2. СӨЖ тақырыпқа жазылған
- рефераттарды қорғау
- өзіндік жұмысын талдау.
3. Сабақ тақырыбы бойынша бойынша:
- сухбат өткізу
6.Үй тапсырмасы:
1.Келесі семинар тақырыптық сұрақтарына дайындалып келу:
1Оқыту әдістері тұралы түсінік.
2Оқыту әдістерінің қөптүрлігі, оларды топтастыру.
3оқыту әдістеріне жалпы сипаттама.
4Оқыту әдістерін жетілдіру.
2.Лекция тақырыбына дайындалып келу: Оқыту әдістері.
3.Өзіндік жұмысының тапсырмаларын орындау.
Тақырыбы: “Оқу жұмысын ұйымдастырудың мағызды формасы – экскурсия. Оқу
барысында оқышуларға қазақстандық елжандылық пен ұлтжандылық тәрбиелеудің
негіздері ”

7.Әдебиеттер тізімі:
1.Бержанов Қ., С. Мусин. Педагогика тарихы,-Мектеп, 1984
2.Бержанов Қ. Оқу-ағартудағы халықтар достығы. Алматы, 1976
3. Әбдиев Ж.Ә., Бабаев С.Б., Құдиярова А.М. Педагогика, Дарын, Алматы -
2004
4. Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаева Педагогика, Алматы- 2002
5. Бабаев С.Б., Оңалбек Ж. К. Жалпы педагогика. Алматы-2005
6.Нургалиева Г.К. Ценностные ориентации личности: методология, теория,
практика, формирования. ІІ часть, Алматы-1994.
7.Нурланова Г.Т. Орта ғасыр ғұламаларының тәрбие тағылымдары.-
Алматы,Қазақстан мектебі, №7. 2003 ж

Семинар сабағының әдістемелік нусқауы еңбек технологиясы және педагогика
кафедрасының 14.01.2005ж. мәжілісінде талқыланып бекітілді, N 5 хаттама.

Құрастырған : Еңбек технологиясы және педагогика кафедрасының
аға оқытушысы Табылдиева Г.Б.

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Кентау институты

Экология факультеті

Енбек технологиясы және педагогика кафедрасы

“Бекітемін”

Еңбек технологиясы және педагогика

кафедрасының менгерушісі т.ғ.к.
доцент
м.а.___________Н.Әбілдаев

_________________2005 ж.

Педагогика пәні бойынша

СЕМИНАР САБАҒЫ

Тақырыбы: ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ

Кентау - 2005

N5,6 семинар сабағының тақырыбы: Оқыту әдістері 4 сағ.

1 курс

1.Сабақ жоспары:
1Оқыту әдістері тұралы түсінік.
2Оқыту әдістерінің қөптүрлігі, оларды топтастыру.
3оқыту әдістеріне жалпы сипаттама.
4Оқыту әдістерін жетілдіру.

2.Қысқаша теориялық мәліметтер:
1.Білімдену процесінің табысты болуы көбіне қолданылатын оқу
әдістеріне тәуелді.

Оқу әдісі – білім игеру мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған
оқытушы мен оқушының бірлікті іс -әрекеттік қимыл тәсілдері. Оқу мақсаты
жолындағы ұстаздың оқыту жұмысы мен шәкірттік оқып- үйрену әрекеттерінің
өзара байланыстылығы және анайылығы осы оқу әдісінен көрінеді.

Дидактидада кең қолданым тауып жүрген және бір түсініктер легі –бұл
“оқу тәсілі” және “оқу ережелері”.

Оқу тәсілдері- оқу әдісінің құрамды бөлігі немесе бір қыры, яғни
жалпы “әдіс” түсігіне байланысты жалқы ұғым. Бұл екі ұғымды өз алдына
шектеп болмайды, олардың ара қатынасы ауыспалы, өзгермелі. Кей
жағдайларда әдіс педагогикалық міндетті шешудің дербес жолы есептелсе,
және бір ықшам оқу-тәрбие мәселесіне орай- тәсіл болуы мүмкін. Мысалы,
егер мұғалім жаңа білімдерді сөздік, ауызша әдіспен (түсіндіру,
әңгімелеу, сұхбат) ұсыну барысында көрнекі құралдарды пайдаланса, онда
бұл көрнекілік –тәсіл ретінде қабылданады. Егер де көрнекіліктер білім
игертудің негізгі құралы болып, солар негізінде оқушылар жаңа білім
ақпараттарын қабылдаса, онда көрнекілік - әдіс, ал мұғалімнің қалған оқу
іс-әрекеттерінің бәрі тәсіл есептеледі.

Сонымен, әдіс көптеген тәсілдерден құралады, бірақ олардың жәй
жиынтығын білдірмейді. Тәсілдер арқылы оқытушы мен оқушының оқу жұмыстарын
орындаудағы өзіндік ерекшелігі көрініп, оқу субъекттері іс-әрекеттеріне
даралық сипат енеді.

2. Осы заманғы педагогикалық процесте қолданылатын әдістер саны,
түрі орасан көп. Осыдан, оларды ғылыми топтастыру қажеттігі туындайды. Бұл
оқу әдістеріндегі жалпылық пен жалқылықты мәнділік пен кездейсоқтықты
анықтауға жәрдемдеседі, оларды мақсатқа орай әрі тиімді пайдалануға себін
тигізеді.
Қазіргі күнде педагогикада әдістерді топтастырудың үш жолы кең
танылған.
1.Оқу әдістерін дидактикалық мақсаттарға орай топтастыру.
Мұндай топтастыруға байланысты әдістерді бөлу ең алдымен оқу мақсатын
назарға алады. Бұл жағдайда оқу мақсатына қол жеткізуге бағытталған мұғалім
әрекетіне көп көңіл бөлінеді.Мақсатты көздеген әдістер тобына енетіндер:

- білім жинақтау әдісі;
- ептілік және дағды қалыптастыру әдісі;
- білімді қолдану, пайдалану әдісі;
-білім, ептілік, дағдыларды бекіту мен тексеру (бақылау) әдістері.
2.Оқу әдістерін білім көзі бойынша топтастыру.
Тәжірибеде негізгі үш білім көзі нақты танылған: сөз, көрнекілік, іс-
әрекеттік (практика). Осыған орай ажырататынымыз: сөздік, әдістер (білім
көзі ретінде ауызша не жазба сөз қызмет етеді); көрнекі әдістер (білім
көзі- бақылауға түскен заттар, құбылыстар, көрнекі құралдар) және іс-
әрекеттік әдістер (білім және ептіліктер ойын, оқу, қарапайым еңбектік
істер процесінде қалыптасады).
Оқу әдістері жүйесінде басты орын сөздік әдістерге беріледі. Олар-
әңгімелеу, түсіндіру, сұхбат, сөз-жарыс, пікір-талас, дәрісбаян
(лекция), кітаппен жұмыс.
3Оқу әдістерін шәкірттердің танымдық әрекеттеріне орай топтастыру.
Танымдық іс-әрекет сипаты оқушының
ойлау белсенділігінің деңгейінен көрінеді. Мұндай топтастыру тұрғысынан
келесі әдістер түрі ажыралады: Түсіндірме – көрнекілі (ақпаратты –
рецептивті іштей түсіну), қайталай жасау (репрадуктивті), проблемді
баяндау, бөлшектеп ізденіс (эвристикалы) және зерттеу.

3.Білімді меңгерту қандай жолдармен немесе тәсілдермен іске асса
да, оқытудың әдістерін таңдау негізінен, білім берудің мазмұны сияқты,
оқытудың жалпы мақсаттары және міндеттеріне сәйкес анықталады.
Оқу процесінде білім берудің қөздеріне қарай қолданылатын әдістер:
сөздік әдістер, қөрнекі әдістер, тәжірибелік әдістер.
Сөздік әдістер: түсіндіру, әңгіме, әңгімелесу, лекция, кітаппен
жұмыс.
Қөрнекі әдістер: иллюстрация және демонстрация.
Тәжірибелік әдістер: лабораториялық, практикалық, графикалық,
әртүрлі жаттығу жұмыстары
Оқытуда ең қөп тараған дәстүрлі әдіс – сөздік немесе мұғалімнің ауызша
баяндау әдісі.

4.Оқыту әдістерін жетілдіру бүгінгі күннің басты мәселесі болып
отыр. Оқыту әдістерінің тиімділігін арттырып, оқытудың жаңа формалары мен
тәсілдерін меңгеру қажеттігіне педагогикалық зерттеулерде айырықша маңыз
беріледі.
Алайда, оқыту әдісін қайта құру – күрделі процестің бірі. Кейбір
әдістерді қолдануда біржақты асыра сілтеушілікке жол бермеу керек. Тіпті әр
тақырыптың өзі де оқытудың ерекше тәсілдері мен жолдарын талап етеді.
Сондықтан, оқытуда әртүрлі әдістерді қолдану қажет.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатына, оқу материалдарының мазмұны мен
қөлеміне, оқушылардың дайындық дәрежесіне сәйкес, сабақтың құрылысы мен
әдісін ұдайы толықтырып отыруды мұгалім өзі белгілеп, өзі таңдап алады.

3.Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:
1.Бержанов Қ., С. Мусин. Педагогика тарихы,-Мектеп, 1984
2.Бержанов Қ. Оқу-ағартудағы халықтар достығы. Алматы, 1976
3. Әбдиев Ж.Ә., Бабаев С.Б., Құдиярова А.М. Педагогика, Дарын, Алматы -
2004
4. Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаева Педагогика, Алматы- 2002
5. Бабаев С.Б., Оңалбек Ж. К. Жалпы педагогика. Алматы-2005
6.Нургалиева Г.К. Ценностные ориентации личности: методология, теория,
практика, формирования. ІІ часть, Алматы-1994.
7.Нурланова Г.Т. Орта ғасыр ғұламаларының тәрбие тағылымдары.-
Алматы,Қазақстан мектебі, №7. 2003 ж

4. Бақылау сұрақтары:
1Оқыту әдісі дегеніміз не?
2Оқыту әдістерінің түрлерінің топтастыру қажеттілігі неде?
3Білім беру қөзіне сай топтастыру деп нені айтамыз?
4Оқыту әдістерінің түрлеріне сипаттама беріңіз.
5Қазіргі оқыту әдістеріне қандай талаптар қойылады?

5 . Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:
1. Сабақ тақырыбы бойынша:
- конспект жазу
2. СӨЖ тақырыпқа жазылған
- рефераттарды қорғау
- өзіндік жұмысын талдау.
3. Сабақ тақырыбы бойынша бойынша:
- сухбат өткізу
6.Үй тапсырмасы:
1.Келесі семинар тақырыптық сұрақтарына дайындалып келу:
1Оқытуды ұйымдастыру формалары тұралы түсінік.
2Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар.
3Сабақтың түрлері және дидактикалық құрылымы.
2.Лекция тақырыбына дайындалып келу: Оқытуды ұйымдастыру формалары.
3.Өзіндік жұмысының тапсырмаларын орындау.
Тақырыбы: “Әңгіме – сұхбат әдісі ретінде және оны қолданудың тиімді
шарттары ”

7.Әдебиеттер тізімі:
1.Бержанов Қ., С. Мусин. Педагогика тарихы,-Мектеп, 1984
2.Бержанов Қ. Оқу-ағартудағы халықтар достығы. Алматы, 1976
3. Әбдиев Ж.Ә., Бабаев С.Б., Құдиярова А.М. Педагогика, Дарын, Алматы -
2004
4. Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаева Педагогика, Алматы- 2002
5. Бабаев С.Б., Оңалбек Ж. К. Жалпы педагогика. Алматы-2005
6.Нургалиева Г.К. Ценностные ориентации личности: методология, теория,
практика, формирования. ІІ часть, Алматы-1994.
7.Нурланова Г.Т. Орта ғасыр ғұламаларының тәрбие тағылымдары.-
Алматы,Қазақстан мектебі, №7. 2003 ж

Семинар сабағының әдістемелік нусқауы еңбек технологиясы және педагогика
кафедрасының 14.01.2005ж. мәжілісінде талқыланып бекітілді, N 5 хаттама.

Құрастырған : Еңбек технологиясы және педагогика кафедрасының
аға оқытушысы Табылдиева Г.Б.

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Кентау институты

Экология факультеті

Педагогика және гуманитарлық пәндер кафедрасы

“Бекітемін”

Педагогика және гуманитарлық пәндер

кафедрасының менгерушісі т.ғ.к.
доцент
м.а.___________Н.Әбілдаев

_________________2005 ж.

Педагогика пәні бойынша

СЕМИНАР САБАҒЫ

Тақырыбы: Оқытуды ұйымдастыру формалары.

Кентау - 2006

N7 семинар сабағының тақырыбы: Оқытуды ұйымдастыру формалары.
2 сағ.

1 курс

1.Сабақ жоспары:
1Оқытуды ұйымдастыру формалары тұралы түсінік.
2Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар.
3Сабақтың түрлері және дидактикалық құрылымы.

2.Қысқаша теориялық мәліметтер:
1.Оқушылардың білім мазмұнын игеру іс-әрекеттері әрқилы формада
жүзеге асып барады.
Латын сөзі форма тысқы бейне, сырттай көрініс, қандай да нәрсенің
құрылымы дегенді аңдатады. Оқуға байланысты форма екі мағынада ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикадағы оқыту процесі және принциптері
Музыкалық тәрбиенің тенденциялары
Педагогикалық практикаға есеп беру
Семинар сабақтарын өткізу формалары
Оқытуды ұйымдастырудың формасы
Оқытуды ұйымдастырудың басқа формалары
Әдебиет сабағы. Сабақ түрлері мен үлгілері
Мектептегі әдебиет сабағын ұйымдастыру және оның маңызы
Биология сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту
Студенттің өзіндік жұмысы
Пәндер