Теориялық дінтану


2-БӨЛІМ. ДӘРІС КЕШЕНІ
1 Бөлім. Теориялық дінтану
Глоссарийлер (анықтама, сөздік) ;
Антропологизм - философиялық концепция, оның өкілдері “адам” ұғымын негізгі көзқарастық категория деп қарастырады және табиғат, қоғам, ойлау туралы түсініктер жүйесін тек осы категория арқылы ғана жасауға болады деп тұжырымдайды.
Архетип - алғашқы образ, идея. Архетиптер аналитикалық психологияда инстинктілермен қатар “ұжымдық бейсаналылықтың” қатпарларында болатын және жалпыадамзаттық символиканың негізін құрайтын, туа біткен психикалық құрылымдар болып табылады.
Аксиология - құндылықтар ілімі, адам қызметінің бағытталғандығын, адамның іс-қылықтарының мотивациясын анықтайтын жалпы маңызды принциптердің философиялық теориясы.
Аксиология (грек, axia - құнды, logos - ілім) - құндылықтардың табиғаты, олардың әлеуметтік шындықта аталған орны және құндылық әлеміінің құрылымы туралы философиялық ілім.
Агностицизм (agnostos) - танылмайтын нәрсе
Анимизм (лат. anima - рух, жан) - заттық дүние құбылыстарының жандылығын білдіретін. Анимизм терминін ғылыми қолданысқа ағылшын этнографы және мәдени антропологы Э. Б. Тайлор (1832-1917) енгізген.
Архетип (грек. Arche - бастау, tupos - бейне) - алғашқы үлгі, түпнұсқа. Архетип өнерде ерекше рөл атқарады. Мәденпи архетиптер - бұл ілкі мәдени түпнұсқалар, адам және оның табиғат пен қоғамдағы орны жөніндегі түсінік-рәміздер, тарихтың терең қойлауларынан үзілмей «өсіп» шығып, қазіргі мәдениеттің нормалық-құндылық кеңістігінде өз маңызы мен мағынасын жоғалтпаған және бүгінгі адамдардың әрекеттеріне жалпы жоба беретін баптық-құндылық бағдар
Бихевиористік теориялар -
Варварлық (грек barbaros - тағылық) - 1) ХІХ ғ. қоғамтануындағы (Л. Морган, Ф. Энгельс) мәдени-тарихи кезеңдердегі адамзат дамуындағы орта дәуір (тағылық, варварлық өркениет) ; 2) астарлы мағынасында- әсіре қатігездік, мәдениетсіздік.
Ведалар (санскр. veda - білім) үнді әдебиетінің ең көне (ІІ соңы 1 мыңжылдықтар басы) діни және философиялық мұралары.
Верификационизм (лат. verus - ақиқат, facio- жасаймын) - ғылыми ақиқат, оның деректері эмпирикалық тексеру арқылы айқындалады деген әдістемелік концепция. Верификационизм логикалық позитивизм мен аналитикалық фигоафияның бір тармағы болып табылатын ғылым тіліне қатысты логикалық эмпиризмде кең қолданыс тапты.
Генотеизм ( гр. hen( henos) - бір, theos-құдай) - политеизмнің көп құдайды мойындайтын және олардың ішінен айналысына діндар табынушылар шоғырланған бастысын бөлекше көретін түрі.
Генезис (грек. Genesis - пайда болу, қалыптасу) - генетикалық-диахрондық әдістемеде дамушы құбылыстың, нәрсенің, болмыс бітімдерінің бастапқы кезеңі, шығу тарихы қалыптасу сатылары. Генезис мәдениеттану ілімінде кеңінен қолданыс табады. Тарихи мәдениеттануда тарихи-мәдени типтердің қалыптасуына үлкен мән беріледі. О. Шпенглер, Н. Данилевский, А. Тойнби оқшау мәдени типтерді зерделегенде, олардың бастапқы қалыптарын талдау нәтижесінде алынған ерекшеліктерінен кейінгі даму бағыттарын айқындайды.
Герменевтика - алғашқы мағыналары көне немесе көпмағыналы болып келетін мәтіндерді ұғындырудың әдістері туралы өнер мен ілім.
Грек мифологиясы - табиғат, қоғам және адам туралы ой-қиялыды көркемдеп бейнелейтін қоғамдық таным түрі. Құдайлар және Эллада кейіпкерлері туралы ертегі - әңгімелер жиынтығы (Эллада - грек тіліндегі Греция атауы) .
Дао - қытай философиясы негізгі ұғымдарының бірі. Конфуций ұғымынша, адам жолы, яғни өнегелі тәрбие және моральға негізделген әлеуметтік тәртіп.
Декаденттік - шығармашылықтарында ой шабытынан түңілу, өмірлік мәнді мәселелерге тірелу, өзінділілік және талғамдылық басым болатын көркемөнер мектептері мен қайраткерлерін бағалауға арналған идеологиялық қалып.
Дінтану - діннің мәнін, оның тарихы мен қазіргі таңдағы жай-күйін зерттейтін ғылым.
Дін философиясы - зерзетқа философиялық түсіндірме және түсінік беретін философиялық ұғымдардың, ұстанымдардың, тұғырнамалардың жиынтығы.
Дін психологиясы қоғамдық, топтық және жеке тұлға психологиясының діни құбылыстарының (қажттіліктер, сезімдер, көңіл-күйі, дәтүрлер) пайда болу, даму және қызмет етуінің психологиялық заңдылықтарын, сол құбылыстардың мазмұны, құрылымы, бағыттылығын, олардың діни кешендегі орны мен рөлін және олардың қоғам, топтар, жеке тұлғалардың діни емес тіршілік әрекетінің салаларына әсерін зерттейді.
Дін тарихы уақыт кеңістігінде қозғалатын дін әлемін алуан түрлі қырынан суреттейді, әр түрлі діндердің өткенін нақты нысандары арқылы береді, бұрын болған және бүгін де бар сансыз көп діндер туралы ақпараттар жинақтап, оларды сақтайды.
Деизм ( фр. deisme, лат. deus- құдай) - ХУІІ-ХУІІІ ғасырларда таралған, дүниені жаратушы құдай деп санайтын, бірақ табиғат пен қоғам өмірінде оның қатынасын жоққа шығаратын діни-философиялық ілім.
Зороастризм - орта азия, иран, таяу және орта шығыс халықтарының діні. Заратуштра деген әулиенің атымен аталған. Екі қарама-қарсы бастама - мейірімділік пен өшпенділік-күресі, отты қадір тұту арқылы ұғымға тән Дін ілімі «авестеде» баяндалған.
Интерпретация - талдау, түсіндіру, түсінікті тілге айдару; Мәтіннің көркемдік мазмұнын стилін (тілін), құрылымдық қағидаларын талдауға жетелейтін әдебиеттерді оқып-үйрену әдісі.
Космогония - ғарыш тұтас, реттелген және дүние заңдылықтарына қатысты қарағанда ұйымдасқан нәрсе ретінде түсіндіріліп және және қабылдап отырған әлемді мифтік - діни тұрғыдан тану.
Құрылымдылық - көркем шығармашылықты индустриялы тұрмыстың тәжірибелігі мен пішіні жағынан жақындастыратын ХХ ғасырдағы өнер бағыты.
Құран - исламның қасиетті кітабы, мұсылмандардағы құқығын (шариғат) жазуға негіз болған діни, мифологиялық және хұқықтық мәтіндер жинағы.
Монотеизм (бір, біртұтас) - бірқұдайлық , жалғыз ғана құдайды танитын дін.
Мифология - мифтердің жеке ерекшеліктері; миф мен аңыздарды ертегіні зерттейтін ғылыми пән.
Нирвана - өмір тіршілігінен және талпыныстардың барлығынан безушілік, адам талпынысының соңғы мақсаты болып табылып құдіретпен бірігетін буддизмдегі жоғары рахаттану қалпы. Нирванаға шому - толық тыныштық қалыпқа берілу.
Ноосфера (ақыл - ой өрісі) - адамзаттың рухани шығармашылығы шешуші мән-мағынаға ие болатын биосфера дамуындағы ерекше кезең.
Патетика - асқақтау категориясы шеңберінде жазылатын өнердің түрін сипаттау.
Пантеизм ( гр. pan - барлық, гр. theos - құдай) - құдайды табиғатпен теңестіретін және табиғатты құдіреттің іске асырғаны деп қарайтын философиялық ілім.
Постимпрессионизм - ХІХ-ХХ ғ. импрессионизмге қарсы пайда болған шетелдегі көркемсурет құбылыстарының шартты белгілері; постимрессинонистер түс тазалығы мен сәйкестігін сақтай отырып, аса шартты, бірақ сонымен бірге, жалпыланған, тұтас әлем бейнесін жасауға тырысты.
Политеизм (гр. Poli - көп, көп, theos - құдай) - көпқұдайлық -көп құдайға сенуге негізделген.
Реализм - өзіне міндет ретінде шындықтың толық, жалғансыз бейнесін беруді алдына қойған әдебиеттегі және өнердегі бағыт. Реализм - өмір шындығы деп түсіндіру ежелгі мәдениет дәстүрлері бір және бірнеше тарихи дәуірлерден өтеді. Реализм термині және оны толық түсіну 19 ғ. пайда болған.
Ресессанс - қайта өрлеу
Реформация - діни оқытушылықтағы шындықты түсіндіру үшін құрылған, римдік - католиктік шіркеукдің монополисіне қарсы бағытталған солтүстік және орталық еуропадағы 16 ғ. діни қоғамдық қозғалыс.
Сансара - үнді дінінің және діндік философияның негізгі ұғымдарының бірі, жаңа дәуірде рухтың түрленуі. Карма, қарғыс заңы бойынша жүзеге асады
Символизм - ХІХ ғ. аяғындағы француз поэзиясы смен әдеби сынындағы антинатуралистік бағыт, символистер бейнелі - символдық шындықты ашық айту арқылы астарлап жеткізу поэзияға тән деп есептеледі: Ресейде поэзия өз мәніндегі паймағамлардың «естілмеген өзгерістерді» қарсы алумен өздігінен хабарланған.
Сюрреализм - сфераны санасыз бейнелеу өнердің басты мақсаты ретінде көрсететін 20 ғ. көркем мәдениеттегі авангардтық бағыт.
Табу (полинез ) - қанда да болмасын затқа, қимыл-әрекетке, сөзге бағындырылатын бағалылардың кез-келген қасиеттелген тыйымдардың жүйесі. Д. Фрезер, Э. Б. Тайлер, К. Леви-Стросс, З. Фрейд суреттеген.
Талант, дарын - керемет тума қасиеттер, ерекше табиғи қабілеттер, дарындылық; дарынды адам.
Тәңірлік күнтізбе - орталық азиядағы көшпелі халықтардың күнтізбесі. Тәңірлік күнтізбе бойынша аспан жарықтарының, жұлдыздардың және жануарлар кейпіндегі құдайлардың көмегімен әлемді бәрінен жоғары тұратын тәңір басқарады. Тәңірлік күнтізбе құрылымдық негіздемесі - қазақтардағы мүшел деп аталса, ал өзбек, түркімен, ноғай, әзербайджан, түріктерде мучаль, муджьаль болып аталады. Орталық және оңтүстік - шығыс азияның кең аймағының бәрінде бар. Тәңірлік - далалықтардың ежелгі діні, тәңірге сену, түркілік жоғары мәдениеттің биік дәрежесі. Ол әлемдегі ең жоғары әділеттілік бар дегенге негізделген. Бұл дін ғарыштық өмірдің айналым заңын білген. Сондықтан өлім деген түсінікті қазақтар білмеген, оларда «қайтыс болу» деген түсінік қана болған. Бұл физикалық әлемде өлу, ал паралельдік әлемде тірілу деген мағына береді (Е. Шаймерденұлы)
Тотем - халықтың ежелгі ата-бабасы, рудың басы деп есептеген аң, құс, өсімдік, зат немесе табиғат құбылысы. Діни сенімнің белгісі және табу ретіндегікөрінген (мәселен, тотемдік аңға аңшылық жасауға болмайды) Тотем табынушылық сиқырлы әдет-ғұрыппен, салт-дәстүрмен анықталады.
Тұлға - қоғамдық қатынастардағы индивид.
Фетишизм - жансыз заттарға табыну, бойтұмардардың шамадан тыс күшіне сену; заттар мен құбылыстарды құдай деп түсіну.
Фольклор - қазіргі тілдерде бұл термин индустриалды дамыған қоғамда мәдениет құбылыстарының дәстүрлі шығу тарихын зерттейтін академиялық пәннің атауын білдіреді.
Формация - белгілі бір даму сатысына, кезеңіне сәйкес бір нәрсенің түрі, құрылысы; қоғамдық-экономикалық формация тек қана өзіне тән өндіріс әдісімен және осы әдіспен байланысты идеология, мәдениетпен сипатталатын адамзат қоғамы дамуындағы тарихи айқындалған саты.
Феномен - мән ұғымымен байланысты және оған қарсы қойылатын ұғым. Шындықты мына түрде қарастырады: адам аңғал реализмнен (“заттарды көріп тұрмын”) заттардың құбылысы (көрінісі) олармен бірдей еместігін түсінуге көшеді.
Хаос - ғарыштың кескінсіз қарама-қарсыжағы, сондай-ақ жаңа бастама түріндегі шексіз, бос әлемдік кеңістік.
Христиандық - біздің дәуіріміздегі 1 ғ. пайда болып еуропа мәдениетінің рухани негізі болған әлемдік діннің бірі. Негізін салушы хрситың атымен аталған. Христиандық құдайы - тағдыр әміршісі, әлемді «жоқтан» жасайтын құдіретті тұлға.
Хронотоп - (сөзбе-сөз (уақыт-кеңістік) - нақты бір (мәдени, көркем) мәнді көрсетуге бағытталған кеңістік және уақыт өлшемдерінің бірлігі.
Цивилизация (өркениет) - (лат. азаматты, мемлекеттік) алғашқы қауымдыққұрылыстың соңынан еретін саты; нақты бір қоғамның, халықтың елдің тарихи, географиялық, социо- мәдениеттік ерекшеліктерінің жеке өзгешеліктері; өзіндік жайлылығы бар қазіргі заманның қоғамы; адамның өзіне, өзінің дамуына деген тәжірибедегі және рухани қарым-қатынасы негізге алынған адамзат тарихындағы негізі типтік бірлік.
Шедевр - орта ғасырдағы шеберлік атағын алу үшін қолөнершінің ұсынатын үлгілік бұйымы; өнердің, шеберліктің ең жоғары жетістігі болып табылатын шығарма.
Эволюция - өзгеру, даму үлгісі; мәдениеттегі қозғалыстың, дамудың негізгі түрі.
Экзистенциализм - ХХ ғ. басындағы батыс философиясындағы бағыт; идеялық шығу кездері кьеркегор философиясы, өмір философиясы, феноменология. Экзистенциализм діни (Ясперс, Марсель) және діни емес (Хайдеггер, Сартр, Камю) деп бөледі. Негізгі ұғымы - адами тіршілік.
Экспрессионизм- ХХ ғ. басындағы батыс еуропа өнеріндегі бағыт. Буржуазиялық қоғамға жекелеп қарсы тұруы оның дүниетанымдық негізі болып табылады.
Экспрессия - мәнерлілік (сезімнің, толқып ойланудың) байқалу күші.
Этнография - әлем халықтарының құрамын, шығу тегін, жеке-жеке орналасуын және мәдени - тарихи қарым-қатынасын зерттейтін тарих ғылымдарының бір бөлігі. Сонымен қатар олардың материалдық және рухани мәдениетін, тұрмыс тіршілік ерекшеліктерін зерттейді.
Этнология- бұл да этнография дегенді білдіреді. Этнология этномузыкатану, этнопедагогика, этнопсихология, этноәлеуметтану, этномәдениеттану кезеңдеріне бөлінеді.
1Тақырып Дінтанудың пәні, құрылымы және әдістемесі.
. Дәріс мақсаты : Дінтанудың пәні, құрылымы және әдістемесін қарастыру.
Тақырыпқа қатысты сұрақтар :
1. Дінтану - кешенді пән аралық зерттеу саласы ретінде.
2. Дін зерттеу пәні ретінде.
3. Дін терминінің мазмұны. Діннің түрі. Дінді жіктеу мәселесі
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер ) .
Дінтану - кешенді пән аралық зерттеу саласы ретінде. бағалауға арналған идеологиялық қалып. Дінтану - діннің мәнін, оның тарихы мен қазіргі таңдағы жай-күйін зерттейтін ғылым .
«Дінтану сөздің кең мағынасында діннің құбылысын «ішкі жағынан» да, «сыртқы жағынан» да ұғынудың және түсіндірудің барлық мүмкін тәсілдерін қамтиды», - деп көрсетілген «жаңа философиялық энциклопедияда». Дінге діни көзқарас теологияда (дін ілімі) теориялық жолмен көркемделеді. Христиандық «дін ілімінің» негізін қалаған Аврелий Августинше айтсақ, дін - адам мен Құдайдың арасындағы Құдай орнатқан байланыс.
Дінге сырттай көзқарас басында антикалық философияда туғанымен, ХУІІІ ғасырда ең алдымен Д. Юм және И. Кант еңбектерінің арқасында дербес философиялық тақырып ретінде ерекшеленген дін философиясында жүйелі дами бастады. Дін философиясының теологиядан айырмашылығы - ол дін пән ретінде өзінің бұлжымастай орнықты тақырыптық саласы және жүзеге асырудың тарихи формалары бар дін философиясымен айналысудың қағидасы-догмадан - дәлелденбеген соқыр сенімге сүйенген қағидадан - азат нәрсе». (4 томдық Жаңа философиялық энциклопедия. - ІІІ т. М., 2001. 435-436 б. т)
Дін туралы ғылымның пайда болу және жетілу тарихы. Алғаш рет дінді таза ғылыми тұрғыда, алдын ала жорамал жасамай зерттеу қажеттілігі туралы ой ғалымдардың басына орта ғасырлар кезеңінде-ақ ұялағанымен, бұл ой тек ХУІІІ ғасырда ғалымдар арасында қолдау тауып қана қоймай, жеке ғылым ретінде қалыптаса бастады.
ХІХ ғасырда дінтану біржолата пісіп-жетіліп, әлеуметтік-гуманитарлық ғылым жүйесінде өз орнын тапты. Білімнің дербес саласы ретіндегі дінтанудың негізін салушылар болып шын мәнісінде Макс Мюллер, Корнелис Тиле және Шантепи де ла Соссе саналады.
Теология мен дінтанудың ара қатынасы. Дінтанудың дін оқуынан немесе теологиядан (theos - құдай, logos - -ілім) яғни Құдай туралы ілімнен принципті түрде ерекшеленетінін тағы бір рет айрықша атап өту маңызды.
Дін оқуы дамыған діндерге тән және ол әртүрлі шіркеулер ілімін әзірлеумен айналысады. Ал дінтану біздің енді білуімізше, дінді, оның ішінде теологияны да бейтарап тұрғыда, жан-жақты оқып-үйренеді. Кез келген ғылымдағы сияқты, дінтануда жалпы философиялық, әлеуметтік-философиялық, арнайы жалпы ғылымдық және ғылымдық, теориялық, және эмпирикалық әдістер: диалектика, жүйелі әдіс, талдау, жинақтау, абстракциялау, жалпылау, экстраполяция, модельдеу, ұқсастық, болжам, индукция, дедукция, бақылау, эксперимент және т. б. қолданылады. Мысалы, дін социологиясында әлеуметтік деректерді анықтау әдістері: құжаттарды зерттеу, әр түрлі пікіртерімдер - интервью, сауалнамалар және алынған мәліметтерді алғашқы өңдеу: статистикалық кестелерді топтаушылдық, тәртіпке келтіру, құрастыру және т. б. жемісті нәтижелерін береді. Дін психологиясы өмірбаяндар талдауын, жобалы тестілер, тұлғаға арналғансуалдамалар, тұлғаның бағдарлары мен диспозициясын зерттеу әдістерін, социометрияны пайдаланады.
Дін зерттеу пәні ретінде . Діннің анықтамасы: relegio - қасиеттілік, құдайылық - Абсолюттік бастаудың, Құдайдың бар екендігінен туындайтын жəне соған сəйкес мінез-құлық, өмір сүру тəртібін, өмір салтын қалыптастыратын көзқарас, дүниетаным; адамға күш беретін, тірек болатын, өзіне табындыратын тылсым күшпен байланыстылық жəне оған тəуелділік сезімі.
Дін күрделі жүйе, ол діни сананы, діни институттарды, діни қатынастарды жəне діни қызметті қамтиды. Дінге: 1) діни ілім; 2) діни сезімдер; 3) діни салттар; 4) діни ұйымдар мен секталар кіреді.
Діннің даму сатылары: 1) табиғи дін - бұл кезеңде табиғи күштер құдайлар сияқты болып көрінді; 2) заңдық сипаттағы дін - діни қағидалар мен ережелерді бұлжытпай орындау талап етілді; 3) ақталу діні, ол Құдайдың алдындағы күнəлілік, бүкіл болмыстың қасіреттілігі жəне Құдайдың мейірімділігі сезімінен туындайды.
Діннің түрі. Дінді жіктеу мәселесі. Діннің тарихи түрлерін ғалымдар түрліше амал-тәсілдермен жіктеуге әрекет еткен. Сондай іктеуді алғаш жүзеге асырған неміс классикалық философиясының ірі өкілі, дінге тарихи көзқарас идеясының негізін салушылардың бірі Горг Вильгелм Фридрих Гегель болғанды. Оның ойынша, дін -адам рухының өзін-өзі үдерісіндегі қажетті кезең бұл үдеріс діннің дамуының үш: табиғи дін, өнер діні және шегіне жеткізілген дін сатысынан өткен.
Гегельдің идеясын неміс философы Эдруард фон Гартман , голландық діни қызметші және дін тарихшысы Корнелис Петер Тиле және неміс философы дінтанушы Герман Зибек ары қарай дамытты. Олардың дінді жіктеуі алғаш рет голландық дін қызметшісі және көрнекті дінтанушы Пьер Даниель Шантепи де ла Соссенің «Дін тарихы бойынша оқулық» деген кітабында сызба нұсқа түрінде берілді.
Гегель:
- Табиғи дін
- Рухани даралану діні
- Сөзсіз дара дін (мәсіхшілдік - христианство)
Фон Гатман:
- Табиғатқа табынушылық
- Супранатурализм
Тиле:
- Табиғи діндер
- Этикалық діндер (спиритуалистік-этикалық жаңалық діндері)
Зибек:
Табиғи дін, этикалық бағытта емес, әлемдік келісім діні (төменгі мәдениеттер діні) .
Мораль дінінің құтқарылу дініне ауысуын яһудиліктер іске ассырды.
Құтқарылу діні - құтқарылу дүниеден біржақты бас тарту (буддизм) жолымен қол жететін дін.
Өзін-өзі бақылау үшін тапсырмалар ;
Дінтану - кешенді пән аралық зерттеу саласы ретінде қалай сипатталады?.
Теориялық дінтану нені зерттейді?
Дін туралы ғылымның қалай пайда болған?.
Діннің ерекшеліктері және оның тарихы жайлы не білеміз?
Теология мен дінтанудың ара қатынасы қандай?.
Зерттеудің әдістері қандай?
Дін зерттеу пәні ретінде.
Дін терминінің мазмұны неде?.
Діннің түрлері қалай бөлінеді?.
Дінді жіктеу мәселесі қандай?
Әдебиеттер: 1, 2, 3, 5, 6.
2 Тақырып. Дін философиясы. Дін психологиясы.
Дәріс мақсаты: Дін философиясы. Дін психологиясын қарастыру.
Тақырыпқа қатысты сұрақтар :
- Дінге философиялық тұрғыдан қару ерекшеліктері.
- Дін және «миф философиясы».
- Діннің психологиялық негізі.
- Діннің психологиялық құбылыстары
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер ) ;
Дін философиясы - зерзетқа философиялық түсіндірме және түсінік беретін философиялық ұғымдардың, ұстанымдардың, тұғырнамалардың жиынтығы.
Дінге философиялық тұрғыдан қару ерекшеліктері. Дін қазіргі заманғы адам мен қоғамның рухани өмірінде ерекше орын алады. Кеңестік таптық идеология үстемдік құрған жылдары дін біржақты зерттелгені белгілі. Діннің соңғы жылдары қарқынды дамуы, қоғамда діни сенімді қабылдаушылардың санының көптеп артуы дінді жан-жақты зерттеуді қажет етті жəне бұл бағыттағы жұмыстар табысты жүргізіліп отыр. Мысалы, дінді тарих, социология, мəдениеттану, саясаттану, философия жəне тағы басқа ғылымдар өз ғылымдары деңгейінен, əртүрлі аспектілерде зерттеуде.
Дінді философиялық зерттеудің ерекшеліктері:
1) философия діннің адам мен қоғамның рухани өміріндегі құбылыс, қоғамдық сананың формасы ретіндегі мəнін анықтайды;
2) көзқарастың түрі ретінде зерттейді;
3) діннің пайда болуының əлеуметтік жəне гносеологиялық себептерін талдайды;
4) діннің қоғамда атқаратын функцияларын жіктейді;
5) сенім мен ақылдың арақатынасы мəселесін қарастырады;
6) діннің адам бойында адамгершіліктікті қалыптастырудағы ролін көрсетеді;
7) діни сенім бостандығы мəселесін зерттейді.
Діни сана - жаратылыстан тыс күштерге, құдайға деген сенімнен туындайтын көзқарастардың, идеялардың, нанымдардың, теориялардың жиынтығы. Діни сананың құрылымына діни психология (діни идеялардың белгілі бір жүйесімен байланысты стихиялық түрде қалыптасатын түсініктердің, сезімдердің, көңіл-күйлердің, əдет-дəстүрлердің жиынтығы) жəне діни идеология (діни идеялар жүйесі, оны қалыптастыру жəне тарату ісімен діни ұйымдар, дінбасылар, діни қызметшілер айналысады) кіреді. Діни идеологияның маңызды бөлігі болып теология есептеледі, ол құдай, оның қасиеттері, сапалары, белгілері туралы ілімнің жүйелі баяндалуы жəне негізделуі. Діни сенімге деген екі түрлі көзқарас бар. Атеистік көзқарас дін өмір шындығын бұрмалап, фантастикалық тұрғыдан түсіндіреді десе, дінді қолдаушылар онынағыз ақиқат, танымның ең жоғарғы сатысы, адам өмірініндегі барлық сұрақтарға жауап бере алатын, қоғамдық сананың басқа формаларының бəрінен асып түсетін формасы деп тұжырымдайды. Қазіргі қоғамда екінші көзқарас басымырақ.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz