Тұңғыш Президенттің Жолдауларының әлеуметтік – құқықтық саясатты қалыптастырудағы маңызы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Тұңғыш Президенттің Жолдауларының әлеуметтік - құқықтық саясатты қалыптастырудағы маңызы

Құрметті ұстаздар!

Қадірлі студенттер!

Құдай қаласа енді екі аптадан кейін ел тәуелсіздігінің 21 жылдығын атап өткелі отырмыз.

Ғасырлар бойы бабаларымыз аңсаған еркіндік, бостандық шын

мәніндегі Тәуелсіздік мерекесі - бұл.

70 жыл Қызыл империяның бұғауында, екі ғасырға жуық Орыс

патшасының боданы болған қазақ халқы үшін бұл мерекенің мәні

өте зор.

Сонымен бірге бұл жүз жылға созылған қазақ-жоңғар соғыста-

рындағы жартысы қырылған, ХХ ғ. басындағы Голщокиндік нәу-

беттен үш миллионы қырылған қазақ халқының өтеміне Алла бер-

ген теңдік десек артық айтқандық болмас.

Оның бер жағында, отызыншы жылдардағы қазақ зиялыларының

репрессияға ұшырауы да аз тауқымет әкелген жоқ.

Бүгін Қазақстан төрткүл дүниеде өз теңдігін алған тәуелсіз ел, тәуелсіз болғанда қарқынды даму жолына түскен, он жылда жүз жылдық межені басып өтіп державаға айналып келе жатқан, теңдігі мен өрлігін бүкіл әлем мойындаған ел.

Бұған дәлел ретінде Түркияның экс-мәдениет министрі Намық Кемал Зейбектің «Қазақстан ең алғаш тәуелсіздігін алғанда біз Қазақстан үшін Түркия үлгі боларлық мемлекет болады деп едік, ал 17 жыл өткен соң біз Түркия үшін Қазақстан үлгі боларлық мемлекетке айналды деп мойындауға мәжбүрміз» - деген сөздерін келтіргім келеді.

Қазақ халқының осындай орасан зор жетістігі әрине елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сияқты ұлтымыздың көшбасшысы, бүкіл әлем мойындаған ұлы тұлғаның басшылығымен болған Ұлы жетістік.

Нұрсұлтан Назарбаев басқарған 21 жыл тарихи оқиғаларға толы сындарлы да, сын кезең болды. Осы сыннан Қазақ халқын аман есен алып өту, тек алып тұлғаның, дара көсбасшының, ұлы саясаткердің, елі үшін жан күйдірген нағыз кемеңгер адамның ғана қолынан келеді десек артық айтқандық болмас.

Егемендіктің алғашқы күнінен бастап Нұрсұлтан Назарбаев бастаған еліміздің әлеуметтік-құқықтық салаларды дамыту бағытындағы алға қойылған міндеттер толық іске асып келеді.

1997 жылы халыққа алғашқы жолдауын арнаған Елбасы: «2030 жылы біздің ұрпақтарымыз бұдан былай әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын елде өмір сүретін болады» - деген болатын. Айтқаны айдай келгеніне бодандықтан басын босатып, биік белестерді бағындырып отырған еліміз куә. Сол кезеңдерде бұған шүбә келтіргендер аз болған жоқ.

Аталған межеге Қазақ халқы 33 жылда емес, бір мүшел уақыттың өзінде-ақ жетті. Содан бері Елбасы 16 жолдау жолдады. Мемлекет басшысының әрбір жолдауында елдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайларға обьективті сараптама жасалып, қазақ елі алдындағы нақты проблемаларды еңсеру жолдары көрсетілді.

Бұл өз нәтижелерін беруде. Халқамыздың әлеуметтік-құқықтық жағдайын көтеруге бағытталған «Қолжетімді баспана- 2020» және «Жұмыссыздықпен күрес- 2020» сияқты бағдарламалар өз нәтижелерін бере бастады. 2011 жылы ел экономикасы 7, 5 пайызға өсті. Мәселен, 1991-1992 жылдары ішкі жалпы өнім жан басына шаққанда 500 доллардай болса, қазір бұл көрсеткіш 13 мың долларға жетті. Бұл халықтың жағдайының әлеуметтік тұрғыда 26 есеге өскенін көрсетеді.

1992-1997 жылдары еліміз үшін өте ауыр кезең болды. Зейнеткерлерге зейнетақысы, әлеуметтік сала қызметкелеріне еңбекақысы уақытында берілмеді. Зейнетақы қарызы бес-алты айға дейін созылды, дәрігерлер мен мұғалімдер бес-алты ай еңбекақысыз жұмыс істеді. Кейбір өңірлерде бұл жағдай бір жылға дейін созылғаны халқымыздың жадында.

Осындай қиыншылық кезеңді бастан өткерген еліміз барлық салада реформалар жүргізіп, маңызды заңдарды қабылдады.

Осы кездері мемлекеттік салық жинау ісі үлкен қиыншылықтарды бастан өткерді. Салық жинау әкімдердің басты проблемасына айналды.

Кеңшарлар мен ұжымшарлар бірінен кейін екіншісі қарызға батып, біртіндеп тарай бастады. Елде жұмыссыздық белең алды. Жұмыс болмаса жалақы болмайтыны белгілі. Ал, жалақы алмаған халық салықты қайдан төлейді?!

Елбасының алғашқы жолдауынан бастап халқымыздың санасына үміт ұялап оң өзгерістер келе бастады.

Заңдар жұмыс істей бастады. Салықты салық комитеттері жинаумен айналысатын болды. Жұмыссыздық проблемалары шешіле бастады. Еңбек еткен адамдардың барлығы заң бойынша салық төлеп, еліміздің еңсесі көтеріле бастады.

Бүгіндері еліміз қарқынды дамудың жолына қадам тастап, әрбір табысымен әлемді мойындатып келе жатыр.

Өткен 2011 жылы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламентінің сенаты «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы заңына толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасы Заңын қабылдады. Соған орай 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні болып белгіленді. Биыл бұл мереке алғаш рет атап өтілді.

ҚР тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев- Мемлекеттің бірлігін, Конституциясын, адам мен азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы.

Елбасымыздың жетістіктері Қазақстан халқының орасан зор шынайы құрметі мен сеніміне ие болды. Бұл Қазақстан Президентінің елімізге сіңірген ғаламат еңбегіне көрсетілген халықтың құрметі.

Бүгінгі таңда Қазақстан әлемдік рейтингте 46 орында! 144 елдің ішінде осындай орынға көтерілгеніміз британдық тәуелсіз Legatum зерттеу институтының зерттеу қорытындылары бойынша жария болды. Бұл 21 жылдың ішінде Елбасының арқасында қол жеткізген табысымыз!

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық мемлекетті нығайтудағы президент жолдауларының маңызы және тиімділігі
Ішкі саясаттың негізгі бағыттары
Әлеуметтік бағдарламалар түсінігі
Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы мемлекеттік мекемесі қызметінің жалпы сипаттамасы
Қазақстан Республикасында Президенттік билік институты
Әлеуметтік мемлекетті орнықтырудағы Қазақстан тәжірибесі
Қазақстан Республикасының имиджін қалыптастырудағы БАҚ-тың рөлі
Баскарудағы жүйелілік кезқарас, баскару функциялары мен кұрылымы
Тұңғыш Президенттің қысқаша өмірбаяны
Қазақстан Республикасының Президенті мемлекет басшысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz