Педагогикалық зерттеу жұмыстары



І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1. Педагогикалық зерттеу жұмыстары
2.2. Педагогиканың заңдылықтары мен принциптері
ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Зерттеу әдістемесінің (методика) дайындығы ғылыми ізденіс логикасына орай жүргізіледі. Бұл әдістеме өте күрделі де сан қилы қызметтермен байланысты нысан болған білімдену процесін аса жоғары шынайылылықпен зерттеуге мүмкіндік беретін теориялық және эмпирикалық әдістер (метод) тобынан құралады. Әдістердің тұтастай бір бөлігін қолданудан назарға алынған проблема жан-жақты айқындалады, оның барша қырлары мен шектері түгелдей зерттеуден өтеді.
Педагогикалық зерттеу әдістерінің әдіснамадан өзгешелігі – бұл педагогикалық құбылыстарды зерттеу, олар жөніндегі ғылыми ақпараттарды жинақтап, заңдылықты байланыстар, қатынастарды анықтау, оның нәтижесінде ғылыми теория қалыптастыру мақсатымен жүргізілетін іс-әрекет жолдары мен тәсілдерінің өзі. Әдістер көп түрлі де сан қилы, бірақ жүйелестіре келгенде, бұлардың бәрі үш топқа ажыралады:
1) педагогикалық тәжірибені зерттеу әдістері,
2) теориялық зерттеу әдістері,
3) математикалық әдістер.
1. Ақпанбек Г. Қазақтардың дүниетанымы. – Алматы., 1989
2. Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. – Алматы, 1991.
3. Махмудов М. Мектепте проблемалы оқытуды ұйымдастыру. –Алматы, 1981
4. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. Дарын-Алматы-2004
5. БержановҚ., Мусин С. Педагогика тарихы. – Алматы, Мектеп, 1984

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1. Педагогикалық зерттеу жұмыстары
2.2. Педагогиканың заңдылықтары мен принциптері
ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Зерттеу әдістемесінің (методика) дайындығы ғылыми ізденіс логикасына
орай жүргізіледі. Бұл әдістеме өте күрделі де сан қилы қызметтермен
байланысты нысан болған білімдену процесін аса жоғары шынайылылықпен
зерттеуге мүмкіндік беретін теориялық және эмпирикалық әдістер (метод)
тобынан құралады. Әдістердің тұтастай бір бөлігін қолданудан назарға
алынған проблема жан-жақты айқындалады, оның барша қырлары мен шектері
түгелдей зерттеуден өтеді.
Педагогикалық зерттеу әдістерінің әдіснамадан өзгешелігі – бұл
педагогикалық құбылыстарды зерттеу, олар жөніндегі ғылыми ақпараттарды
жинақтап, заңдылықты байланыстар, қатынастарды анықтау, оның нәтижесінде
ғылыми теория қалыптастыру мақсатымен жүргізілетін іс-әрекет жолдары мен
тәсілдерінің өзі. Әдістер көп түрлі де сан қилы, бірақ жүйелестіре
келгенде, бұлардың бәрі үш топқа ажыралады:
1) педагогикалық тәжірибені зерттеу әдістері,
2) теориялық зерттеу әдістері,
3) математикалық әдістер.

1.Педагогикалық зерттеу жұмыстарының заңдылықтары мен принциптері

Педагогикалық тәжірибені зерттеу әдістері – білім беру процесін
ұйымдастырудың көз алдымызда қалыптасқан тәжірибесін зерттеудің жолдары.
Зерттеуге озат тәжірибе, яғни танымал мұғалімдер мен қатардағы тәлімгерлер
қызметтері бірдей алынады. Олардың жұмыстарында кезігетін қиындықтар
педагогикалық үдеріс қайшылықтарымен, пайда болған не енді туындауы мүмкін
проблемалармен байланысты келеді. Педагогикалық тәжірибені зерттеу
барысында келесідей әдістер қолданылады: бақылау,
әңгімелесу, интервью, анкеттеу, оқушылардың жазба, графикалық және шығарма
жұмыстарын көзден өткеру, педагогикалық құжаттармен танысу.
Бақылау – зерттеу барысында нақты дерек материал жинақтау мақсатымен
қандай да педагогикалық құбылыстың назарға алынуы. Бақыланған құбылыстар
міндетті түрде хатталады. Бақылау нақты нысанмен жете танысуға орай алдын
ала белгіленген жоспар бойынша жүргізіледі. Бақылау жұмысы келесі
кезеңдерге бөлінеді: 1) міндеттері мен мақсаттарын айқындау; 2) бақыланатын
объект, оның элементтерін және ситуацияларын таңдастыру; 3) бақылау және
оның барысында ақпарат топтастыруға оңтайлы әрі тиімді тәсілдерді іріктеу;
4) байқалғандарды хатқа түсіру формасын ойластыру; 5) жинақталған
ақпараттарды өңдеу және дәйектеу.
Бақылау түрлері: араласа бақылау – ізденуші зерттеу жүргізіп жатқан
топтың мүшесі ретінде қатысады; сырттай бақылау- зерттеуші ізденіс
жұмыстарына тікелей араласпайды; ашық және жасырын бақылау; тұтастай және
таңдамалы бақылау.
Бақылау – орындалуы тұрғысынан ең оңай әдіс, бірақ өзіндік кемшілігі
де жоқ емес: көп жағдайларда бақылау барысындағы не соңғы нәтижеге
зерттеушінің тұлғалық-әлеуметтік жеке –дара бітістері (көзқарасы, мүддесі,
жан толғанысы) ықпал жасап, оның қандай да шынайылылықтан ауытқуына себепші
болуы мүмкін.
Сұхбат әдісі - қажетті ақпаратты алу немесе бақылау барысында
түсініксіздеу болған құбылыстың мәнін аша түсу мақсатымен дербес не қосымша
қолданылатын зерттеу тәсілі. Сұхбат айқындалуы тиіс нақты сұрақтар бойынша
күні ілгері түзілген жоспармен орындалады. Әңгімелесу еркін жүргізіліп,
сұхбаттас кісінің жауаптары хатталмайды. Сұхбаттасудың екінші бір түрі
педагогикаға әлеуметтану саласынан енген – интервью алу. Бұл әдісте
сұрақтар алдын ала түзіліп, бірізділікпен қойылып барады. Интервью
жауаптары ашық жазылып, хатталады.
Анкеттеу – ауқымды материал жинақтау үшін қолданылады. Сұрақ жауаптары
жазба күйінде қабылданады. Сұхбаттасу мен интервью алу бетпе-бет
әңгімелесумен жүргізіледі, ал анкеттеу – сырттай орындалады. Аталған
әдістердің нәтижелі болуы қойылатын сұрақтардың мазмұны мен құрылымына
тәуелді. Сауалнама түзуде ескерілетін жәйттер: 1) алынатын ақпараттың
сипатын анықтап алған жөн; 2) қойылатын сұрақтың бірнеше баламалы өрнегі
болғаны қажет; 3) сауалнаманың бірнеше жоспары түзіліп, ол алғашқы
тексеруден өткізілуі тиіс; 4) сауалнама кемшіліктері түзетіліп, пайдалануға
ақырға редакциясының ұсынылуы дұрыс.
Құнды материал оқушылардың шығармашылық туындыларын зерттеу әдісімен
де алынады. Олар: шәкірттер орындаған жазба, графикалық, шығармашылық және
бақылау жұмыстары; балалардың суреттері, сызылмалары, жасалған қосалқы
бөлшектер, кейбір пән дәптерлері. Мұндай жұмыстар оқушылардың даралық
қабілеттерінен дерек береді, олардың қандай да бір саладағы ептілік және
дағды жетістіктерінің деңгейін көрсетеді. Мектеп құжаттарымен танысу әдісін
қолдана отырып, оқушының жеке ісі (личное дело), дәрігерлік карта,
күнделік, жиналыс не отырыс хаттамалары және сол секілді мектеп хат-
қағаздарымен танысу арқылы зерттеуші оқу-тәрбие , білім игеру процесін
ұйымдастыру практикасында нақты қалыптасқан объектив жағдайлар жөніндегі
ақпараттармен қаруланады.
Педагогикалық зерттеудің қандайда бір әдіс не тәсілінің педагогикалық
тиімділігін анықтау үшін арнайы ұйымдастырылған тексеру түрі- эксперимент
ерекше маңызды. Педагогикалық эксперимент міндеттері:1) жобаланған
педагогикалық құбылыс және оның іске асуында көрініс беретін себеп-салдарлы
байланыстар мәнін зерттеу; 2) педагогикалық құбылысқа зерттеушінің белсенді
ықпал жасауы; 3) педагогикалық ықпал мен ықпалдастықтың нәтижесін
өлшестіру. Эксперимент келесі кезеңмен өткізіледі: - теориялық
(проблема қою, зерттеу мақсатын, нысанын және денін анықтау, міндеттер мен
гипотеза белгілеу);
- әдістемелік (зерттеу әдістемесі мен оның оның жоспарын айқындау,
бағдарлама түзіп, алынған нәтижелерді өңдеу әдістерін нақтылау);
- эксперимент жұмысы – бірнеше тәжірибелік зерттеу әрекеттерін орындау
(ситуация ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Студенттің өзіндік жұмысы
Оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу
Мектептегі басқарудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың моделі
СТУДЕНТТІҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛЫҚ ІС-ТӘЖІРИБЕ КЕЗІНДЕГІ БАҚЫЛАУ-ТІРКЕУ КІТАПШАСЫ
Ғылыми педагогикалық зерттеу негіздері пәнінен дәрістер
Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдіснамасы мен әдістемесі пәні. Лекция тезистері
«Мамандыққа кіріспе» пәнінен дәрістер
Педагогикалық шеберлік туралы дәрістік тезистер
Оқыту формасының әртүрлілігі, оның дамуы, Жеке топтық, топаралық, ұжымдық оқыту формалары
Пәндер