Саясаттану ғылым және пән ретінде


Мазмұны
Саясаттану ғылым ретінде
Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері
Қазақстандағы саяси ойдың даму тарихы
Саясат қоғамдық өмір жүйесінде
Билік саяси феномен ретінде
Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар және ұлттық саясат
Қоғамның саяси жүйесі
Мемлекет және азаматтық қоғам
Саяси партиялар және қоғамдық-саяси қозғалыстар
Саяси тәртіп
Қоғамды демократияландыру және саяси модернизация
Саяси процесс және саяси қызмет
Саяси сана мен саяси мәдениет
Саяси элита және саяси басшылық
Әлемдік саясат және халықаралық қатынас
Қазіргі заманның ғаламдық мәселелері
Егемен Қазақстанның саяси проблемалары
Саясаттану ғылым ретінде
- Саясаттану ғылым және пән ретінде
- Саясаттану ғылымының объектісі және пәні
- Саясаттанудың заңдары мен принциптері, категориялары мен тәсілдері
- Саясаттанудың қоғамдық ғылымдар жүйесіндегі орны.
1. Саясаттану қоғамдық ғылымдар жүйесінде өз орны мен рөлі, өзіндік атқаратын қызметі бар ғылым болып табылады. Ол өзінше күрделі ғылым. Өйткені, оның дербес ғылым ретіндегі зерттейтін пәні және оның ауқымы туралы мәселелерде осы күнге дейін ортақ пікір қалыптаспаған. Мәселен, кей ғалымдар оны философияның бір саласы деп есептесе, екіншілері заң ғылымының, үшіншілері тарихтың, төртіншілері әлеуметтанудың саласы деп айтуда. Бірақ, бұған қарамастан саясаттану ғылымы дүниежүзілік ғылыми сахнада академиялық пән ретінде, ғылым ретінде қалыптасып, кең өріс алуда. Сондықтан саясаттанудың өз зерттейтінмәселесі, пәні бар дербес ғылым.
Шамамен алғанда 19 ғасырдың екінші жартысынан бастап саясаттану дербес ғылым ретінде, академиялық пән ретінде қалыптаса бастады. 1857 жылы АҚШ-тағы Колумбия колледжінде Фрэнсис либер тарих және саяси ғылым кафедрасын ашады. 1880 жылы осы колледжде алғашқы саяси ғылым мектебі ұйымдастырылады. саясаттану ұғымы гректің “Politik” және “Logos” - деген сөздерінен шыққан. Біріншісі - мемлекеттік іс немесе мемлекеттік істі басқару мағынасында қолданса, ал екіншісі -ілім, ғылым денген мағынаны білдіреді. Жалпы саясаттану дегеніміз қоғамның саяси өмірінің қалыптасуы мен даму заңдылықтары, қозғаушы күштері, оны ұйымдастыру жолдары, тәсілдері, принциптері және халықаралық саяси қатынас туралы ғылым. Дәлірек айтқанда саясаттану - саясат пен саяси билік, саяси мүдделер мен саяси қатынастар, саяси сана мен саяси мәдениет, адамдардың саяси әрекеттері мен саяси үрдістер туралы логикалық тұрғыдан негізделген біртұтас ілімдердің жиынтығы.
2. Саясаттануды өз алдына алдына дербес ғылым дейтін болсақ, оны зерттейтін мәселесін анықтау үшін алдымен, оның зерттейтін объектісін анықтаған дұрыс. Жалпы алғанда, қазіргі қоғам өміріндегі барлық қоғамдық-саяси қатынастардың жиынтығы саясаттанудың зерттеу объектісі болып табылады. Мәселен, мемлекеттің өз ішіндегі және мемлекетаралық саяси қатынастар, таптар, ұлттар, және ұлыстар, әлеуметтік топтар, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, кәсіподақтар, жеке адамдар арасындағы қатынастар. Дәлірек айтқанда, саясаттанудың объектісі -саясат.
Сонымен, саясаттану ең алдымен саясаттың қоғамдық құбылыс екенін дәлелдеп, оның мәні мен мазмұнын, мақсатын, міндетін, қоғамдағы орны мен рөлін, әлеуметтік негіздерін, саясаттың объектісі мен субъектісін зерттейді.
Қорыта келгенде саясаттанудың зерттеу пәні ретінде төмендегі мәселелерді айтуға болады:
-қоғамның саяси жүйесінің құрылымы мен қызметі;
-мемлекеттік саясатты жасау тәсілдері мен оны іске асыру;
-қоғамдық-саяси қатынастарды реттеу мәселелері;
-демократия мәселесінің бүкіл кешені;
-саяси билік мәселелері,
-адамды саяси ортаға бейімдеу;
-саяси ойлар тарихы және оның негізгі ағымдары;
- Саясаттанудың заңдарын үш топқа бөлуге болады.
1. Саяси-экономикалық заңдар
2. Әлеуметтік заңдар
3. Саяси психологиялық заңдар
Саясаттану өзінің танымдық процесінде мынадай негізгі принциптерге сүйенеді:
- Саясаттану қоғамның саяси өмірін үнемі қозғалыста болатын құбылыс ретінде қарастырады.
- Саяси өмірді үнемі қайшылықта болатын процесс ретінде тану принципіне негізделеді.
- Саясаттану саяси құбылыстардың, жалпы саясаттың ішкі біртұтастығын мойындау принципіне негізделеді.
Саясаттанудың ғылым ретінде өзіндік категориялары бар. Саясаттанудың негізгі ұғымдарына төмендегілерді жатқызуға болады: саясат, саяси өмір, саяси жүйе, саяси процесс, саяси қозғалыс, саяси мүдде, саяси партия, саяси билік, саяси институттар, саяси қатынас, саяси құндылық, саяси субъект, саяси сана, саяси мәдениет, саяси құқық, мемлекет, саяси конфликт, саяси дағдарыс, саяси элита, және т. б.
Барлық ғылымдардағыда сияқты саясаттануға да төмендегідей ғылыми зерттеу тәсілдері тән: жүйелік тәсіл, бихевиористік тәсіл, сандық көрсеткіштерге негізделу тәсілі, салыстырмалы тәсіл.
4. Саясаттану басқа қоғамдық ғылымдармен тығыз байланыста дамиды. Себебі олардың бәрінің зерттеу объектісі ортақ -қоғамдық өмір. Олар бірталай ортақ ұғымдарды пайдаланады.
Қазір еліміз тәуелсіздігін алып, шын мәнінде, демократиялық жолға түсіп жатқан кезде азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет орнату үшін саясаттану пәнін оқып-үйрену болашақ мамандарға ауадай қажет.
Саясаттануды оқып-үйрену саяси шыдамдылықты, келісімге, ымыраға келуге дайын болуды, өркениетті және заң шеңберінде, демократиялық институттар арқылы өз мүдделерін білдіріп, қөорғай білуді, әлеуметтік шиеленістердің алдын алып, болдырмай немесе оларды ауыртпалықсыз жеңілірек шешу сияқты қасиеттерді қалыптастырады.
Саяси білім азаматқа өмір сүріп отырған қоғамдық және саяси құрылысты, мемлекеттегі өз орны мен рөлін, құқығы мен міндеттерін дұрыс ұғынып, жете түсінуге көмектеседі. Оның мақсаты - адамды күрделі әлеуметтік - саяси жағдайда лайықты жөн таба білуге, басқа адамдардың мүдделері мен құқығын сыйлай отырып, өз мұддесін қорғой білуге үйрету. Сонымен қатар ол азаматтарды демократиялық тәртіпті және оны қамтамасыз ететін мемлекеттік, қоғамдық ұйымдарды сыйлауға баулиды.
Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері
- Антикалық замандағы саяси ойлар. Платон мен Аристотельдің саяси ойлары.
- Орта ғасырдағы негізгі саяси ойлар. Августин Аврелий, Фома Аквинский.
- Жаңа замандағы саяси ойлар
- Қазіргі заманғы батыс саясаттануы. Негізгі мектептер мен ағымдар.
Ежелгі шығыстың саяси ойлары (буддизм, конфуцийшылдық, даосизм, заңшылдар мектебі) . Ежелгі Грекия мен ежелгі Римдегі саяси ойлар (Платон, Аристотель, Цицерон) . Ортағасырлық Шығыстағы саяси ойлар (Әл-Фараби, Низами, Әлішер Науаи) . Саяси ойлар тарихындағы Еуропалық ортағасыр (Марк Аврелий, Фома Аквинский) . Қайта өркендеу дәуіріндегі саяси ойлар (Н. Макиавелли, Томас Мор, Жан Боден) . Еуропалық ағартушылық дәуірдегі саяси идеялар (Т. Гоббс, Дж. Локк, Ш. Монтескье, Ж-Ж. Руссо) . ХХ ғасырдағы шетелдік саяси ой-пікірлер (В. Парето, Д. Истон, Г. Моска, М. Вебер, Т. Парсонс, М. Дюверже)
1. Батыс елдерінің ішінде саяси идеялар Ежелгі гректерде қарқынды дамыды. Онда қоғам шығыс елдерімен салыстырғанда көп жағдайда қарама-қарсы өрістеді. Саяси ұйым түрін жеке мемлекет болып саналған қалалар құрды. Патшалық өкіметтің орнына аристократиялық және құлиеленушілік демократия орын алды. Саяси өмір қызу өрбіді, ол саяси сана теориясының терең дамуына әкелді. Сондықтан олардың саяси санасы мифтен теорияға тез ауысты.
Платон б. з. б. 427-347 жылдарда өмір сүрді. Шын аты Аристокл. Платонның екі жүздей еңбектері бар. Саясаттануға қатысты еңбектері “Мемлекет”, “Саясатшы”, “Заңдар”, “Софист”, “Парменид” және т. б. Платонның ойынша адамдар жеке дара өмір сүре алмайды. Адамдар бірігіп қажеттіліктерін өтейді. Осы бірігудің арқасында қоғам, мемлекет пайда болады. Ол қоғамдағы адамдарды үш үлкен әлеуметтік топқа бөлді: 1) әкімдер; 2) қорғаушылар; 3) өндірушілер. Платон қоғамдық меншікті қолдап жеке меншікке қарсы тұрды. Өйткені қоғамдағы дау-жанжал, қайшылықтарды тудыратын жеке меншік деп санады. Платон мемлекеттік құрылысты 5 түрге бөлді: аристократия, олигархия, демократия, тимократия, тирания.
Аристотель б. з. б. 384-322 ж. ж Саясаттануға қатысты “ Саясат”, “Афиналық полития”, “Этика”, “Риторика” деген еңбектері бар. Саясатты адам мен мемлекеттің жоғарғы игілігі, оның мақсаты- адамды, мемлекетті жақсы тұрмысқа, молшылыққа, бақытқа жеткізу деп білді. Аристотелдің ойынша, мемлекет -қауымның дамыған түрі, ал қауым-отбасының дамыған түрі. Мемлекетке адамдар белгілі бір игілікке жету үшін бірігеді. Ол мемлекетті бұрыс және бұрыс деп екі түрге бөлді. Дұрыс түріне монархияны, аристократияны және политияны жатқызды. Ал, тирания, олигархия, мен демократияны бұрыс мемлекеттер қатарына жатқызды. Ұлы ойшыл саяси басқаруда адам емес заң басқарғанын дұрыс көрді. Себебі, әкім қаншалықты жақсы болғанымен сезімге, ашу-ызаға берілмей қоймайды, ал заң болса байсалдылығын, парасаттылығын жоймайды.
Марк Туллий Цицерон (б. з. б. 106-43 ж. ж) атақты шешен, мемлекет қайраткері және ойшыл. Оның “ Мемлекет туралы”, “Заңдар туралы”. “Міндеттер туралы” деген еңбектері көпке әйгілі. Цицерон мемлекеттің пайда болуының негізгі себебі -адамдардың бірігіп өмір сүруге тырысатын табиғи талабының және меншікті қорғау мақсатынан туындайды дейді. Қоғамға және жеке меншікке қол сұғуға болмайды.
2. Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орны ерекше. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан артыққа созылды (V-XVI ғ) . Бұл дәуірде рухани өмірде түгелдей дін үстемдік етті. Христиан діні феодалдық қоғам көзқарасының өзегі, біртұтас христиан мәдениетінің негізі болды.
Бұл заманда христиан дініне көп еңбек сіңірген Авреллий Августин (354-430) еді. Ол христиан философиясының негізгі қағидаларын зерттеп жетілдірді. Оның саяси көзқарастары “Құдай қаласы туралы” деген еңбегінде баяндалған.
Христиан дінінің саяси теориясын жасап, шыңына жеткізген монах Фома Аквинский (1225-1274) болды. Оның саяси көзқарастары “Билеушілердің басқаруы туралы”, “Теологияның жиынтығы” деген еңбектерінде қаралады. Фоманың ойынша билік құдайдың құдіретімен орнайды. Сондықтан патшалық билік жоғары діни билікке бағынуы керек, оның түсіндіруінше, аспанда құдай, жерде Рим папасы билеуі тиіс.
3. Бұл дәуірдің көрнекті өкілдерінің бірі ағылшын ойшылы Томас Гоббс (1588-1679) еді. Оның ойынша, мемлекет қоғамдық келісімнің негізінде жалпыға бірдей жалпыға бірдей бейбіт өмір мен қауіпсіздікті сақтау үшін пайда болды. Қоғамдық келісім бойынша патшаға жеке адамдардың құқы тапсырылды.
Франциядағы буржуазиялық революцияның көрнекті өкілі Шарль Луи Монтескье (1689-1775) әр халықтың адамгершілік бейнесін, оның заңдарының айырмашылығын, қоғамның дамуын географиялық ортаға байланыстырады.
Францияның ойшыл -ағартушысы Жан Жак Руссо (1712-1778) ұсақ буржуазияның, шаруалардың мүддесін қорғады. Ол еркіндік пен теңдікті ең жоғарғы игілік деп санады.
Америка халқының демократия жолында азаттық күресі Томас Джефферсонның (1743-1826) атына байланысты. Ол сол кездегі ұлы революциялық құжат- Америка Құрама штаттарының “Тәуелсіздік Декларациясын” жазды. Мұнда Джефферсон рақымсыз билеушіге қарсы халықтың көтеріліс жасауға құқы барлығын дәлелдеп, халық егемендігін жақтады. Декларацияда жаратушы барлық адамдарды тең етіп жаратты және олардың өмірге, бостандыққа, бақытқа тырысуына құқы бар делінген.
Тәуелсіздік үшін күрес кезінде өзінің батыл идеяларымен Томас Пейн (1737-1809) көзге түсті. Ол Америка халқын азаттық күреске, отаршылдардан бөлініп шығуға шақырды. Адамдардың табиғи құқына еркіндікті, теңдікті, сөз, баспасөз, дінге сену бостандығын, рақатқа, бақытқа жету т. б. жатқызды. пейн соғысқа қарсы болды, бейбітшілікке шақырды.
4. ХХ ғасырдың бірінші жартысында Батыс елдерінде солидаризм ілімі кең өріс алды. Бұл ілімнің негізін салушы француз ғалымы Л. Дюгидің (1859-1928) пікірінше әрбір тап өмірде өз міндетін атқаруы, қоғамның ынтымақтастығы мен үйлесушілігін қамтамасыз етуі қажет.
ХХ ғасырда кең жайылған аристократиялық теориялардың бірі - элитаризм. элита деген сөз француз тілінде ең жақсы, іріктелген, сұрыпталған, таңдаулы деген мағынаны білдіреді. Бұл теорияны жаңа жағдайда жаңғыртып, толықтырып, жетесіне жеткізгендер итальяндық саясатшылар Г. Моска мен В. Паретто болды. Олардың ойынша халық өзін-өзі басқара алмайды, оған қабілеті, бейімі жетпейді.
Г. Моска (1856-1941) “Саяси ілімнің негіздері” деген кітабында саясат қарама-қарсы екі таптың - үстемдік жүргізуші азшылықтың және оған бағынышты көпшіліктің- күресінің айналасында болатын жағдай деп түсіндіреді.
В. Паретто (1848-1923) “Жалпы социология жөніндегі трактат” деген еңбегінде элита деген атауды саяси ілімге бірінші болып енгізді.
Импералистік буржуазияның мүддесін көздейтін реакцияшыл саяси бағытқа фашизм жатады. Оның негізгі белгілері -еңбекшілерді басып жаншуда зорлық-зомбылықтың шектен тыс түрлерін пайдалану, қоғам және адам өмірін қатаң қадағалау және т. б. Сыртқы саясатта фашизм басқа елдердің жерін басып алуға бағытталады. Бұл мақсатын іске асыру үшін ол геосаясат деген теорияны ойлап шығарды (негізін салушы Ф. Рацель ) Бұл теория бойынша мемлекеттің өмірі қауіпсіз, сенімді болу үшін оған жеткілікті географиялық кеңістік, жер қажет.
ХХ ғасырда елімізге көп қайғы-қасірет әкелген тоталитаризм теориясы дамыды. Ол- мемлекет тарапынан қоғамның және әр азаматтың өмірін қатаң бақылауға алатын мемлекеттік-саяси құрылыс.
Қазақстандағы саяси ойдың даму тарихы
- Қазақстандағы саяси ойдың қалыптасуы
- ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының саяси ойлары
- ХХ ғасырдағы саяси ілім
Қазақстандағы саяси ойлардың қалыптасуы мен дамуы. Жүсіп Баласағұни,
Қорқыт Ата, Қожа Ахмет Яссауидің көзқарастары. Фольклор - қазақ халқының саяси ой-пікірлерінің қайнар көзі. Тәуке хан заңдары. «Жеті жарғы» - маңызды саяси құқықтық құжат. ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының саяси көзқарастары. (Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев) . ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы саяси ойлар. Ә. Бөкейхановтың, А. Байтұрсыновтың, М. Дулатовтың, М. Шоқайдың, М. Тынышпаевтың, Х. Досмұхамедовтың, Т. Рысқұловтың, М. Жұмабаевтың, С. Сейфулиннің және т. б. саяси идеялары.
Қазіргі жағдайдағы Қазақстандағы саяси ой-пікірлердің ерекшеліктері мен негізгі бағыттары.
1. Қазақтың бірінші философы, әлеуметтанушысы, математигі, астрономы, физигі, ботанигі, логика және тіл маманы, музыка зерттеушісі Әбу Насыр Мұхаммед ибн Тархан Әл-Фараби 870-950 жылдары өмір сүрді. Бабамыз ғылымның сан саласы бойынша 160-тан астам трактаттар жазып, артына мол мұра қалдырды. Саясаттануға байланысты “Рахымды қала тұрғындарының көзқарастары”, “Азаматтық саясат”, “Бақытқа жету жолдары”, “Саясат туралы” деген еңбектері бар. Әл-фараби басқаруды қайырлы және қайырсыз етіп екіге бөлді. Қайырлы, білімді, мәдениетті басқару халықты бақытқа бастайды, олардың іс-әрекетін, ерік-қасиетін осы жолға бағыттайды. Ол үшін басқару заң күшіне, игі тәжірибеге негізделуі тиіс. Ал, қайырымсыз, надан басқаруда теріс әрекеттер мен жаман қасиеттер бой алады. Сондықтан ол надан адам басқарған, озбырлыққа сүйенген, қайырымсыз, қатал мемлекеттік тәртіпті өткір сынайды. Ол мінсіз мемлекетті уағыздайды.
Жүсіп Хасхаджиб Баласағұни (1021-1075) аты әлемге әйгілі ақын, философ, қоғам қайраткері болған. Ол туралы мағлұматтарды біз оның өзінің негізгі еңбегі “Құтадғу білік” (Құтты білік) дастанынан білеміз. “Құтадғу білікте мемлекетті орталықтандыру, оның бірлігі, мемлекетті басқару мәселелеріне басым көңіл бөлінген. Ол-тек саяси трактат қана емес, онда өмірдің мән-мағынасына, адамның тағдыры, оның қоғамдағы орны мен ролі, халықтың мінез-құлқы, салт-санасы, дет-ғұрпы және т. с. с. туралы көзқарастар жинақталған үлкен шығарма. Ол шындыққа, бақытқа жетудің адамгершілік жолдарын іздейді. Әділет, ақыл, рақымдылықты жырлайды. Өмірде әділ заңды, еркіндікті аңсайды.
Махмуд Қашғари “Диуани лұғат-ат-түрік” (“Түркі сөздерінің жинағы) ” еңбегінің негізгі идеясы әскери, табиғат, адамгершілік, махаббат, рухтық-этикалық, тұрмыстық оқиғалар да сөз болады. Махмуд Қашғаридің шығармаларынан түркі тайпаларының ХІ ғасырдағы әлеуметтік-саяси жағдайы, олардың отырықшылыққа көшіп, қала мәдениетін қабылдағаны, мемлекеттік-әкімшілік дәстүрге зор мән бергені көрінеді.
Қожа Ахмет Ясауидің (1093-1157) басты еңбегі “Диуани Хикмет” (“Даналық жайындағы кітап) ” көне қыпшақ тілінде жазылған, 4 мың 400 жолдан тұратын әдеби-философиялық мұра. Осы шығармасында ол әділдік, шапағаттық, мейірімділік, шыншылдық, ойлылық, тазалық секілді игі істерге, яғни, Абай айтқандай “бес нәрсеге асық, бес нәрседен қашық” болуға шақырады.
2. ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ даласында саяси идеология ретінде ағартушылық кең өріс алды. Бұл кезде қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы-демократ, саяхатшы, этнограф, Орта Азияның, Қазақстанның, Батыс қытайдың тарихы мен мәдениетін зерттеуші Шоқан Уалиханов (1835-1865) өмір сүрді. Шоқан өз өмірінің негізгі мақсаты- халыққа қызмет ету, оның мақсат-мүддесін патша шенеуніктері мен жергілікті байлардың зорлық-зомбылығынан қорғау, қолынан келгенше оның рухани және мәдени өркендеуіне ықпал жасау деп білді.
Шоқан Азия мен Қазақстан жағдайында халықты аяусыз қанап, соның нәтижесінде билеп-төстеушілердің орынсыз баюына жол ашатын нәрсе-олардың қолындағы шексіз билік деп ұқты. Сондықтан халықты қанаудан құтқару үшін бай-манаптардың билігін жою немесе тым болмаса олардың саяси үстемдігін шектеп, бұқара халықтың демократиялық құқығы мен бостандығын кеңейтпек болды.
Бұл кезде қазақ халқынан шыққан ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) де өмір сүрді. Ол тек білім, ағартушылық қана бұқара халықты билеп-төстеушілердің қысым-қыспағынан құтқара алады. Адамдардың ойындағы бос қиялдардан арылып, дүниенің ақиқатына көздерін ашып, шын мәнінде алға жылжитын, прогрестік жолға түсіруге тырысты. Ыбырай “Қазақ даласындағы жұт” деген еңбегінде халқының болашағы отырықшылыққа көшу және егін шаруашылығымен айналысуда деп атап көрсетті. Бірақ оны өз еркімен, ықтиярымен біртіндеп істеуге тиіс. Сондықтан көшпелі қазақтарды күшпен отырықшылыққа айналдыруға болмайды деп, үзілді-кесілді қарсы шықты.
Бұл кезде қазақтың кемеңгер данасы, заңғар ақыны, асқан ағартушысы, жазба әдебиетіміздің негізін салушы Абай Құнанбаев (1845-1905) та өмір сүрген еді. Абай қазақ даласында барлық жақсылықтың, жаңалықтың жаршысы болды. Абай қазақ даласында барлық жақсылықтың, жаңалықтың жаршысы болды. Ол адамды “ақыл, білім, ерік” жоғары дәрежеге көтеріп, асқақтататындай қоғамның прогрестік дамуын аңсады. Игілікті, парасатты қоғам орнату Абай еңбектерінің басты бағыттарының бірі болды. Сондықтан ол барлық адамдарды өзіңді өмірде қалай ұстадың, игілікке, ақылға сыйымды іс істедім бе деп күніне немесе аптасына, тым болмаса, айына бір рет өз-өзіне есеп беруге шақырады.
3. Қазақ халқының саяси санасының дамуына ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында пайда болған алғашқы интеллегенттік топ та зор ықпал етті. Оларға: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мыржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Мұхамеджан тынышбаев, Мағжан Жұмабаев, Бақытжан Қаратаев, Халел және Жаханша Досмұхамедовтар және т. б. жатады. Олар ресейдің отаршыл саясатына қарсы ұлт-азаттық қозғалысын басқарып, қазақ халқының ұлттық бірлесуін мұрат етті. Алаштың білімді де білікті асыл азаматтары қызыл империяның құрбаны болып кетті. Бірақ олардың ісі, саяси мұраты өлген жоқ.
Саясат қоғамдық өмір жүйесінде
- Саясат ұғымы және оның пайда болуы
- Саясаттың элементтері
- Саясаттың қызметтері
1 . «Саясат» ұғымы қоғамның қалыптасуымен, қызметімен, құрылысымен байланыста өмір сүрудің айрықша аспектісін білдіреді. Адамдардың ассоциативты негізде бірлесіп өмір сүрулері ғана қажетті мәнді кезең ретінде саясатты тудырады. Ол адамдардың мүддесін түйістіретін және қоғам тұтастығын сақтайтын қоғамдық өмірдің реттеуші функциясы. Саясаттың осы функциясы оған жеткілікті түрде әмбебаптылық сипат береді, өйткені саясат адамдардың тіршілік әрекетінің негізгі сфераларындағы қоғамның барлық құрылымдық әрекеттерінің белсенділігін бақылауға және бағыт беруге міндетті. Осы негізде саясат әлеуметтік мазмұны бойынша өте кең мағынаға ие.
Қазіргі қоғамдық өмірде «саясат» термині төмендегідей түсінік береді: Біріншіден, мемлекеттің қызметін, адамдардың үлкен ассоциативты топтарының (әлеуметтік, этникалық, кәсіби, жыныстық, жас ерекшеліктік және т. б) арасындағы қоғамдық қатынастарды реттеудегі мемлекеттік билік органдарының қызметін көрсетеді, және осынау іс-әрекет топ мүдделерін ескерумен, олардың ортақ позициясын жасақтау мен түйістірумен және оны билік құралдарын пайдалану арқылы жүзеге асырумен байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz