Маркентингте тауарды маркалау


Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Маркентингте тауарды маркалау

Көп маркалы төсіл - сатушының бір тауар категориясында екі не одан да көп маркаларды пайдалануы. Мұндай маркетингілік әдісті бірінші рет "Проктер энд Гэмбл" корпорациясы бұрын табысты болған "Тайд" ұнтағына бәсекелес "Чир" жуу ұнтағын нарыкқа шығарарда пайдаланған. "Тайдты" өткізу шамалы төменділігіне қарамастан, екі ұнтақ түрінің де жалпы сату деңгейі өсіп, бүгінгі күндері "Проктер энд Гэмбл" жуу кұралдарының әртүрлі сегіз маркаларын ұсынады.

Көп маркалы тәсіл стратегиясын пайдаланудың бірнеше себептері бар. Біріншіден, өндіруші дүкенде өз тауарларын орналастыруға көбірек сауда алаңын алуға мүмкіншілігі бар. Екіншіден, бір маркаға кұмар тұтынушылар саны онша көп бола қоймайтындықтан, басқа маркаларды да байқап көрген жөн. Бұрын ешқандай маркаға құмар емес "көзбен" өзіне тартудың жолы - бірнеше марканы оның таңдауына ұсыну. Үшіншіден, жаңа маркалы тауар өңдіруші мекеме қызметкерлерінің инициативасын ынталаңдырып, олар-дың қайтарымын өсіреді. "Проктер энд Гэмбл" және "Дженерал моторс" корпорацияларында басқарушьлар" жұмыс көрсеткіштері бойынша өзара жарысқа қатысады. Төртін-шіден, көп маркалы тәсіл назарды пайданың әр түрлеріне және тауардың әртүрлі тартым-дылық жақтарына аударудың нәтижесінде, әрбір жеке марка өзіне тұтынушылардың бөлек топтарын тартады .

Тауардың орауышы туралы шешім қабылдау

ТГнарыққа ұсынылған тауарлардың көпшілігі міндетті түрде орауышталған болуы керек, Орауыш арзан темір-терсек бүйымдары үшін елеусіз роль атқарса, косметика үшін өте маңызды роль атқарады. Орауыштың, кока-кола шишаларының не "Ляггс" колготкасының қорабтары сияқты түрлері дүние жүзіне белгілі. (Нарықтың көптеген қайраткерлері орауышты тауарға, бағаға тарату әдістеріне және ынталандыруға қосымша маркетингтің бесінші айнымалысы деп санайды. Дегенмен, сатушьшардың көпшілігі орауышйа тауар саясатының бір элементі деген көзқараста.

Орауыш - тауардың не сыртқы қабатын жасау немесе орналасатън орнын

дайындау. Ыдысты орын не сырт қабық - үш қабаттан құралатын орауыштың әртүрлі варианттары. Ішкі орауыш - тауар тікелей орналасқан ағыс. Қырынғаннан кейін пайдаланылатын "Олд спайс" лосьоны үшін ішкі орауыш - ол құйылған шиша болады. Сыртқы орауыш деп ішкі орауышты қорғайтын және тауарды пайдаланар кезде алып тасталынатын материалды айтады. Лосьон құйылған шишаның сыртқы орауышына картон қорабы жатады. Ол әрі қосымша қорғауыш және өндірушіге өткізуді ынталандыру мақсатында пайдалануға мүмкіншілік береді. Көлік орауышы деп сақтауға идентификациялауға не тасымалдауға қажетті ыдысты айтады. "Олд спайс" лосьоны үшін тасымал орауышы ретінде гофр картонынан жасалған 72 шиша сиятын жәшік саналынады. Орауыштың бөлінбейтін бөлігіне маркировка және орауыштың сыртына жазылған не ішіне салынған тауар туралы ақпарат жатады. Орауыш ерте заманда пайда болған. Алғашқы қоғам адамдары ормандағы жабайы жидектерді және жемістерді өз үңгірлеріне тасу үшін аң терілерінен не шөптерден тоқылған корзиналарды пайдаланған. Қытайлықтар 8 мың жыл бұрын қатты және сүйық заттарды сақтауға арналған әртүрлі саздан ыдыстар жасаған. Ежелгі Египеттіктер сүйық заттарды сақтау үшін шыны ыдыстарды жасаған. Орта ғасырдың басында орауыш материалдары қатарында былғары, мата, ағаш, тас, керамика және шыны болған. Көп ғасырлар бойы орауыштар сақтау, қорғау және тасымалдау міндеттерін атқарады.

Соңғы уақыттарда орауыш маркетингтің өтімді күралының біріне айналып отыр. Жақсы жобаланған орауыш түтынушыға қосымша қолайлылық әкелсе, ал өндірушіге тауарды өткізуді ынталандырудың қосымша қүралы болып саналады. Орауышты маркетингтің кұралы ретінде пайдалануды кеңейтуге әртүрлі факторлар ықпалын тигізеді.

Сауда да - өзіне өзі қызмет жасау. Универсамдарда және төмен бағалы дүкендерде өзіне өзі қызмет жасау әдісімен сатылатын тауарлар саны өсе түсуде. Мұндай жағдайларда орауыш сатушының көптеген функцияларын атқаруға міндетті, ол - тауарға назар аударту, оның қасиеттерін суреттеу, түтынушыға осы тауар туралы сенім беру және жалпы қолайлы пікір туғызу.

Тұтынушылар тұрмысының жақсаруы. Түрмысы жақсара бастаған түтынушы өзіне жасалған қолайлылық, тауардың сырт түрі, сенімділігі және мәртебелілігі үшін қосымша ақы төлеуге дайын.

Фирма бейнесі және марка бейнесі. Фирмалар жақсы жобаланған орауыштың тұтынушыларға көмекші және фирма маркасының атын тез шығаруда куатты күш екенін үғынады. Кез келген плёнка сатып алушы сары қорабты "Кодак" плёнкасы екенін бірден біледі.

Жаңашылдық мүмкіншіліктері. Орауыш жасаудағы жаңашылдық өңдірушіге көп пайда келтіруі мүмкін. 1899 ж. жасалған орауыш (картон ішінде орайтын және сыртынан оралатын) "Унида" печеньесін, бұрынғы уақыттардағы жай қораптар мен бөлшке сияқгы ыдыстарды сақталуымен салыстырғанда әлдеқайда жақсы сақтайтын болып шықты. "Крафт" фирмасы ерітілген сырды қаңылтыр банкіге салу арқылы, оның дүкендегі сақталу уақытын өсіру нәтижесінде, сенімді өндірушілік беделін көтерген. Бүгінде "Крафт" фирмасы үйреншікті қаңьштыр банкілерді алмастыру үшін, ыстыққа төзімді, герметикаланған фольга және пластмассадан жасалған пакеттер мен контейнерлерді сынақтан өткізуде. Өзінің алкогольсіз сусындарын бірінші болып қақпағында жұлынатын сегменті бар банкілерде ұсынған және тозаңцатылатын сүйықгарды - аэрозольды орауыштарда ұсынған фирмалар өз тауарларына көптеген тұтынушылардың назары аударған. Бүгівдері қақпағында жұлынатын сегменті бар банкілерді және "картовдағы пакет" түрлес орауыштарды шарап жасаушылар сынағынан өткізуде. ,

Жаңа тауарға тиімді орауыш дайындау көптеген шешімдер қабылдауды талап етеді. Ең алдымен, орауыш тұжырымдамасын дайындау керек. Орауыш тұжырымдамасы орауыш қандай болуы және ол нақтылы тауар үшін қандай роль атқаруы керек деген қағиданы анықтау. Орауыштың негізгі функциясы - тауарды сенімді түрде қорғау таратудың не қуюдың жаңа әдісін ұсыну тауардың не фирманың сапалық сипаттамаларын, не т. б. анықтамалық ақпараттарын жеткізу.

"Дженерал фудз" корпорациясы иттерге ет фаршынан брикет түрінде жаңа жем дайындаған. Корпорация басқарушылары айрықша және төбетті брикетиктер максимальды түрде көрінуі тауар түрінде болуы керек деген шешімге келген. Орауыш тұжырымдамасының негізіне нақ шолыну алынып, соның варианттары қарастырылған. Ақырыңца үсті мөлдір плеёнкамен қапталған лотокқа тоқталған .

Одан кейін орауыш конструкциясының басқа қурамдары туралы: оның мөлшері, формасы, материалы, түсі, жазулармен безендірілүі, маркалық белгісі туралы шешімдер қабылдануы керек. Текстің қай шамада болу керектігін - аз не көп, қандай материалды - целлофанды не басқа мөлдір плёнканы пайдалануды, лотокты неден жасау керек екенін - пластиктен бе не ламинирланған материалдан ба, т. б, әртүрлі элементтер бір-бірімен байланыстырылуы керек. Орауыштың мөлшері оны дайындауға керекті материал және түсі, т. б. туралы бірқатар жорамалдар жасауға мүмкіншілік береді. Орауыштың кұрамы баға саясатымен, жарнамамен және тағы басқа маркетинг элементтерімен байла-ныстырылуы керек.

Орауыштың конструкциясы даярланғаннан кейін, оны сериялы сынақтардан өткізу керек. Техникалық сынақ орауыштың әдеттегі пайдалану талаптарына сай екендігін куәләндіруі керек: шолушылық және сыртқы пішін сынақтары текстердің қалай оқылатынын, түстердің бір-бірімен жарасатындығын анықтауы керек. Дилерлік сынақтар орауыштың дилерлерге ұнау-үнамайтындығын, жүкті аударламалауға ыңғайлылығын белгілеуі керек, ақырында болатын тұтынушылар сынағы олардың жаңалықты қандай ұнамды түрде қабылдағанын көрсетуі керек.

Осындай сақганушылықтың бәріне қарамастан, уақыт өткен сайын орауыш конструкциясындағы үлкен кемшіліктер ашылып отырады.

"Хьюблин" фирмасы ұсынған "Сиззи-Спрей" сусыны нарықта сынақтау кезінде, оның аэрозольды орауышына байланысты, елеулі сәтсіздікке ұшырайтындығы анықталған. "Біздер үшін жақсы банка дайыңдалған сияқты болып көрінген, бірақ, қудайға шүкір, біздер тауар сынағын Техас және Калифорния сынау нарықтарының дүкендерінде өткізген болдық. Осы кезде қыздырылған банкалар өзінен өзі жарылатындығы анықталды. Бірақ біздер тауарды бүкіл ұлттық деңгейде таратуға кіріспегеңдіктен, шығын бірнеше миллионның орнына, тек 150 мың доллармен шектелді" .

Жаңа тауарға тиімді орауышты дайыңдау фирмаға бірнеше жүз мыңдаған долларға түсіп, бірнеше айдан бір жылға дейін созылуы мүмкін. Орауыштың түтынушылар назарын аударуы және оларды қанағаттандыруы сияқты функцияларын ескеретін болсақ, оған маңызды баға беру артық болмайды. Сонымен, фирмалар орауыштың әлеуметтік қамқорлық проблемаларына жататынын ұмытпай, қоғам талаптарына да сай және тұтынушылардың да, фирмалардың да тілектерін қанағаттандыратын шешімдер қабылдауы керек.

Маркировка туралы шешім қабылдау

Сатушылар, осылардың бәрінен басқа, өз тауарларына этикетка және биркалар дайындайды, олар тауарға бекітілетін қарапайым бирка түрінде не орауыштан бөлектенілмейтін, ұқыпты ойланылған түрде болуы керек. Күрделі графикалық композиция түрінде болатын маркировка құралдары этикеткада не тауардың бір маркалы атауы, не ол туралы үлкен көлемді ақпарат болуы мүмкін.

Этикетка бірнеше функция атқарады және олардың қайсысын орындайтыны сатушыға байланысты. Минимальды түрде этикетка тауарды не марканы индентификациялайды, айталық апельсинде "Санкист" атауы штампталған. Этикетка тауар сортын да көрсетуі мүмкін. Мысалға, шабдал консервалары А, Б және В өріптерімен белгіленетін сорттарға бөлінеді. Этикетка тауарға бірқатар суреттеме беруі де мүмкін, мысалға, тауарды кім, қайда және қашан жасағаны, орауышта не бары, оны пайдалану тәртібі және онымен жұмыс істегенде техникалық қауіпсіздік туралы. Ең соңында, этикетка өзінің тартымды графикалық орындалуымен тауарды насихаттауы мүмкін. Кейбір авторлар этикеткаларды идентификациялау, сорт көрсетуші, суреттеуші және насихат-таушы деп айырады.

Жақсы белгілі маркалардың этикеткалары уақыт өткен сайын көне модалы түрінде қабылданатын болғандықтан, оларды жаңартып отыру керек. Өткен ғасырдың соңғы он жылдығынан бастап, "Айвори" сабынының этикеткасы бірте-бірте мөлшерін өзгерту, әріптер келбетін алмастыру арқылы 18 рет жаңартылған. Ал "Орандж краш" алкогольсіз апельсин сусынының этикеткасын бәсекелестердің сусындарының этикеткаларында жаңа піскен жеміс суреттерінің пайда болуын ескеріп, елеулі түрде бірден өзгертудің нәтижесінде сату көлемі өскен. "Орандж краш" фирмасы жаңа піскен жемісті көрсететін жаңа символды жарқыраған қою түстерге боялған этикетка шығарған.

Көптен бері этикеткаға байланысты бірқатар күқ сипаты пайда болған. Этикетка тұтынушыны жаңылыстыру туралы айтылмауы не тауарды қауіпсіз пайдаланудағы сақтықты толық түрде баяндамауы мүмкін. Сондықтан маркировкалау тәртібі үкіметтің бірқатар заңдарымен және штаттар заңдарымен жүйеленеді. Негізгі шығарылған заң актісі ретінде 1966 ж. қабылданған тауар орауышында және маркировкасында шындықты көрсететін заң жатады. Соңғы кездері маркировкалау тәжірибесінде тауар бірлігінің бағасын көрсету (қайбір стандарттық көлем не салмақтық), тауардың жарамдылық уақыты (демек, оны дүкенде сақтау уақыты) және оның қоректілігі (демек, қоректілік құны) сияқты факторларды көрсету қажет болып отыр. Жаңа тауарды нарыққа шығарар алдында, сатушылар жаңалықтың этикеткасындағы қажетті ақпараттың барлығына көзі жетуі керек.

Орауыш және қоғамдық - мемлекеттік саясат

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сертификатталған өнім мен көрсетілетін сәйкестік белгісімен таңбалау
Акциздердің жанама салық салудағы орны
Тауар саясаты
Тауар жеткізілім шарты
Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметінің жалпы мәселелері
Сертификаттау жөніндегі орган
Маркетинг жайлы жалпы түсінік
Инновациялық басқару
Сертификаттау мақсатында сынақ жүргізу
Қант өндіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz