ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ
ҒАРЫШ ПОЭЗИЯСЫ
ҒАРЫШ ПОЭЗИЯСЫ
Олжастың шығармашылығы жайлы қазақ, орыс газеттерінде көп жазылып жатыр, фильмдер көрсетіліп жатыр. Қалай айтсақ та, түркі тілдес халықтар әдебиеті тарихында, ТМД елдерінде, әлем әдебиетінде Олжас Сүлейменов біреу-ақ, оның орнын ешкім басып тұра алмайды, ол шыққан заңғар биік¬ке Олжас қана шыға алды. Мұны біз қолы¬мызды кеудемізге қойып тұрып мойындайық. Олжастың өжет, отты үні Париждің, Римнің, Нью-Йорктің, Шығыс елдерінің залдарын тікесінен тік тұрғызды.
Шығыстанушы ғалым, ақын ретінде көп¬теген елдерді аралап шықтым. Халықаралық ғылыми конференцияларда баяндамалар жасадым. Сонда қайда барсам да алдым¬нан Олжас шығады. Қазақстаннан келдім десең болды Сүлейменовті сұрайды. 1969-1974 жылдары Мәскеуде СССР Ғылым Академия¬сының Шығыстану институтында стажер-зерттеуші, аспирантурада оқыдым. Сонымен бірге СССР Жазушылар одағының басқарма¬сында қазақ әдебиеті бойынша кеңесші боп істедім. Міне, сонда Мәскеуде Жазушылар одағына, Әдебиетшілердің орталық залына енсем болды, мүлде бейтаныс адамдар менен Олжасты сұрайтын, Мәскеуге қашан келеді, әдеби кеші бола ма дейтін. Егер Олжекең Мәскеуге келе қалса, ерекше мереке боп қалатын. Өткір, ойлы, сұлу, бекзат мүсінді қазақ ақынының соңынан қалмай еріп жүретін топты көргенде жанарым тоятын. Белла Ахмадуллина, Андрей Вознесенский, Евгений Евтушенко, т.б. орыс поэзиясының асқарлары мен бекзадалары Олжас деген сөзді ерекше дірілмен, сүйіспеншілікпен айтушы еді. Орыстың әсем қыздарының тізелері Олжасты көргенде тербетіліп сала беретін. Бұның бәрін көзім көргесін айтып отырмын. Көзінің тірісінде аңызға айналғанына куә болдым.

Олжастың шығармашылығы жайлы қазақ, орыс газеттерінде көп жазылып
жатыр, фильмдер көрсетіліп жатыр. Қалай айтсақ та, түркі тілдес халықтар
әдебиеті тарихында, ТМД елдерінде, әлем әдебиетінде Олжас Сүлейменов біреу-
ақ, оның орнын ешкім басып тұра алмайды, ол шыққан заңғар биікке Олжас
қана шыға алды. Мұны біз қолымызды кеудемізге қойып тұрып мойындайық.
Олжастың өжет, отты үні Париждің, Римнің, Нью-Йорктің, Шығыс елдерінің
залдарын тікесінен тік тұрғызды.
Шығыстанушы ғалым, ақын ретінде көптеген елдерді аралап шықтым.
Халықаралық ғылыми конференцияларда баяндамалар жасадым. Сонда қайда барсам
да алдымнан Олжас шығады. Қазақстаннан келдім десең болды Сүлейменовті
сұрайды. 1969-1974 жылдары Мәскеуде СССР Ғылым Академиясының Шығыстану
институтында стажер-зерттеуші, аспирантурада оқыдым. Сонымен бірге СССР
Жазушылар одағының басқармасында қазақ әдебиеті бойынша кеңесші боп
істедім. Міне, сонда Мәскеуде Жазушылар одағына, Әдебиетшілердің орталық
залына енсем болды, мүлде бейтаныс адамдар менен Олжасты сұрайтын,
Мәскеуге қашан келеді, әдеби кеші бола ма дейтін. Егер Олжекең Мәскеуге
келе қалса, ерекше мереке боп қалатын. Өткір, ойлы, сұлу, бекзат мүсінді
қазақ ақынының соңынан қалмай еріп жүретін топты көргенде жанарым тоятын.
Белла Ахмадуллина, Андрей Вознесенский, Евгений Евтушенко, т.б. орыс
поэзиясының асқарлары мен бекзадалары Олжас деген сөзді ерекше дірілмен,
сүйіспеншілікпен айтушы еді. Орыстың әсем қыздарының тізелері Олжасты
көргенде тербетіліп сала беретін. Бұның бәрін көзім көргесін айтып отырмын.
Көзінің тірісінде аңызға айналғанына куә болдым.
“Аз и Я” деген атақты кітабы жарқ ете қалғанда Мәскеудің құлағы елең
етті. Шетел тілдеріне жылдам аударылып жатты. Дәл осы Олжекеңнің тағдыры
шырғалаң шығармасын аспирант кезімде Шығыстану институтының аса ірі
ғалымдарының өтінішімен Мәскеуге арқалап апарғанмын. Қаншама орыс
жазушылары бізге жеткізе көріңіз деп тілек білдірді.
Осы газетте Қ.Саудабаев Олжастың бөлекше жомарттығына дәлел болатын
бірер мысал келтіріп мақала жазыпты. Онысы рас. Олжас дүниенің бетіне
қарамайтын адам. Ол жазушы боп, ақын боп қаламақысының қызығын көрмеген.
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан сегіз жігітке өз қаражатымен пәтер
алып бергендігінің өзі бір ерлік, нағыз ірілік емес пе?!
Олжекеңнің осындай жомарттығына орай өз басымнан өткен бір жайды
айтайын.
1994 жылы Тәжікстанның астанасы Душанбе қаласында Фирдоусидің әйгілі
эпосы “Шахнаманың” жазылғанына 1000 жыл толуына арналған халықаралық ғылыми
конференция өтетін болды. Маған Тәжікстаннан табақтай шақырту қағазы келді.
Қуанғаннан қалпағым делиіп кетті. “Фирдоуси “Шахнамасы” қазақ әдебиетінде”
деп аталатын күрделі тақырып бар еді, сонымен бармақ болдым. Десем де қысқа
жіп күрмеуге келмей табан астынан тиын-тебен табылмай қиналып қалдым. Ол
бір өте қиын кез еді ғой. Олай жүгірдім, былай жүгірдім. Кейбір
қалталыларды да айналып шықтым. Алақаныма ештеңе түсе қойған жоқ. Сонда
қиналғанда есіме Олжас түсті.
“Невада – Семей” қозғалысының штабы Олжас тұратын көпқабатты үйдің
төменгі қабатында еді. Барсам, мені ішке жібермеді. “Олжас Омаровичтің қолы
бос емес, қабылдай алмайды” деді. Қарулы бір-екі чешен жігіті жүрді.
Тәуекелге бел байладым да есіктің алдындағы орындықта ожарылып отырдым.
Қанша сағат отырғанымды білмеймін бір кезде қасында бір кісі бар Олжас жарқ
етіп шыға келді. Туған ағамды көргендей шаттандым. Жылы амандасты.
Айналайын тәжіктердің таудай хатын көрсеттім. “Саған енді не керек?” деді.
“Олжеке, Душанбеге жете алмай отырмын, құс болсам қанат байлап ұшар едім,
қаражат жағы аяғымды байлап тұр, қолұшын беріңізші” дедім. Олжекең төс
қалтасына қолын салды да, “бүгін ғана айлығымды алып едім”, деп бір бума
ақшаны сол күйінде қолыма ұстата салды. “Жолың болсын, барып қайт”.
Көзімнен ыршып жас шығып кетті.
Содан Душанбеге Ташкент арқылы барып, абыройлы оралдым. Баяндамам
жоғары баға алды. Душанбедегі Шығыс ақындары мүшәйрасының лауреаты атанып
қайттым. Тәжіктер қолыма Фирдоуси мен Рудакидің суреті бар екі көркем
кілемше ұстатты. Төбем көкке екі елі жетпей тұрды. Фирдоуси келбеті
салынған кілемшені Олжекеңе тапсырсам деген арманым бар. Өткен кездесуде
Студенттер сарайындағы Олжекеңмен болған кездесуде сөз кезегі тимеді, халық
алдында жақсылықтарын айтып, тағзым етіп тапсырайын деп едім. Сәті түссе...
Қазақ қаламгерлерін біршама жақсы білемін. Қалай десем де Олжастай
жомартты, мейірімді-қайырымды, көпке көмектескен, өрісі кең, ондаған,
жүздеген халықтардың сүйіспеншілігіне ие болған қалам иесін көргенім жоқ.
Шынымды айтсам, осындай кесек әрекеттерін білгендіктен де мен оның кейбір
әттегенайларына кешіріммен қараймын.
Олжас есігінің өмірі ашық болатынын көзім көрді. Олжасқа адамдар әр
тұстан, әр жақтан ағылып келіп жататын. Олжастың есігі жабылмайтын, жабылып
та көрген жоқ. Ол ешкімді ұлтқа, ұлысқа, нәсілге бөлмейді. Ол ең алдымен
қазақтың ұлы Азаматы. Жүрегі, жаны, жыры қазақ. Жасай бер, Олжас!
ҒАРЫШ ПОЭЗИЯСЫ
Ғарыш – жаңа сөз. Әлдеқайда берідегі ұғым.
Бірер ғасыр бұрын туған жасанды сөз сынды түйсінесің, кейде... Бәрібір
әсерлі, сұлу, жанға жақын, құлаққа жылы тиеді. Ертедегі дәуір, орта ғасыр,
Қазақ хандығы тұсындағы жәдігерлерде кездесе бермейді.
Ғарыш!
Түп-төркіні – Көк. Тәңірі Көк.
Таза өлең қашанда Тәңірдің сөзіндей, пейіштің лебіндей нұрлы,
шуақты, қуатты. Таза өлең һәм аз өлең. v Хас поэзиядан ғарыштың демі
сезіледі. (“Поэзия” да “лирика”, “эпос” секілді қазақ ішіне кейіндеу келген
термин). Ғарыштың демі арбайды да тұрады. Сиқырлы, жұмбақ, арда, аяқ
астынан кездесе бермейтін асыл дүние... Аңсарлы ғалам. Онсыз адам қайтер
еді!? Жер бауырлап күн кешер ме еді? Жер бетінде не жоқ, не кездеспейді!?
Ғарыш демі – хас поэзия желпімесе қасіретті, мәнсіз. Адам санасы оны
әлдеқашан сезінген, түйсінген. Түйсінген де әуелі Жаратушы алыптар
қатарынан, мифтік ғаламнан жер бауырлаған пенде қатарына қуып түсірген.
Адам баласын қайтадан аспандатпаққа құлшынған. Инквизиция езіп сілесін
қатырған, бойындағы рухын сығып алып, құр сүйек пен етін қалдырған,
қиналған, кеспірі қашқан, қаны қарайған, көкке көз тігуден қалып, күннің
күркірінен түршіккен бір уыс пенденің бойын қайта тіктеу, бүгілген еңсесін
түзеу қандай қиын, қандай қасиетті іс. Іс емес, өнер. Адамның рухын көтеру.
Күллі ұлы мәртебелі Ренессанс алқалап, ардақтаған қасиет. Адамның ғарышқа
ұшып шығуын “техникалық жетістік” десе де, әлдебір “стратегиялық
мүдделерге” шендестірсе де, арғы астарында тағы да сол Ренессанстың жұмбақ
қасиеті арбап тұрған. Пенде біткеннің жүрегі жан баласының өзіне де
түсініксіз ықылым заманғы туа бітті түйсіктің әлдебір тылсым лебімен соны
сезінген. Жұмыр жердегі барлық адамзат тебіреніп, бір қас-қағым сәтте
тұңғыш ғарышкерді бауыр тартып, жақын көрген ғажайып сәт. Ақынның тілімен
айтылғандай “балықтың судан құрлыққа шығуына” барабар ұлы қадам, адамның
ғарышқа ұшуы өркениет тарихындағы тағы бір ренессанстық параққа айналды,
сананың көкжиегі ашылып кеткендей еді. Адамзат тарихы жерден ұзап шығып
жұмбақ кеңістікке бет түзеп, алыстап бара жатты.
Ғалым масаттанды, тіршілік шаттанды, ақын шабыттанды, ғалам таңдай
қағып таңданды! Сол сәтте... Өркениет өрге сүйреген дүбірлі дүниенің төрінен
қазақ ақынының үні естілді. Алаштың аспанынан алысқа шығандап, әлемге құлақ
түргізіп, жеті қат көкті кеулеп. Саңқылдап. Қазақ поэзиясының қанат суылы
дыбыстан да ұшқыр жылдамдықпен жарысқандай еді. Арқалы, ақынжанды халықтың
аруағы ұстап, арғымақ жыр арқырай кісінеп аспандасын бір! Сөйтіп қазақ
поэзиясы бір сәтте, бір демде орбитаға шығандап шықты да кетті! Әрине,
бұған дейін де сандаған ғасырлық ақындық, жыраулық дәстүрі бар қазақ жыры
көкке талай самғап, талай шырқау биікке көтерілген-ді. Бірақ Байқоңырдан
бастау алған ұлы құбылыс сезім серпінін ғаламат бір қуатпен ағытып жіберді.
Сол арқылы қазақ ақынының аузынан өркениет тарихының ренессанстық аңсары
адамды асқақтату, адамды ұлықтау, адамның төбесін көкке қайта бір жеткізу
ниеті естілді. “Адамға табын, Жер, енді!”. Мифтік түйсік пен поэтикалық
түйсіну пернелері күй сазындай үйлескен тұс. Бір сәт қана. Бір сәттің
шындығы. Ақиқаттың қас-қағымы! Символдық ұғыммен, азаматтық пафоспен оны
өзгеге ұқсамайтын өзгешелікпен айтқан кім еді? Олжас Сүлейменов.
Иә, “Адамға табын, Жер, енді!” – ақынның қаламгерлік символы.
“Адамға табын, Жер, енді!” – ақынның космодромы Байқоңыр.
“Адамға табын, Жер, енді!” – жырдың жаңа бір дәуірінің таңы, жаңа
поэтикалық кезеңнің белгісі. Осылайша ғарыш ақынның төл тақырыбына айналды.
Кейін журналистикада жүрсін, кино саласында істесін, мемлекеттік, қоғамдық
қызмет атқарсын, әр жылдың 12 сәуірінде ақынның да ғарышпен іштей бір
жақындығы сезілді де тұрды. Бірде ол ғарышкерден ойша “интервью” алды.
Байқоңыр... 12 көкек 1981 жыл. Мерекелік сұхбат... Ақын мен “ғарышкер
әңгімесі”. “Өміріңіздегі ең есте қаларлық, ең бір қымбатты, әсерлі сәтті
айтып беріңізші!” – дейді ақын. – “Ең бір әсерлі дейсіз бе? Ең бір әсерлі...
Иә, бірде ғарыш кемесін ұшыруға дайындалып болғанбыз. Сақадай-сай әзірлік.
Санаулы секундтардан кейін ұшуға бұйрық берілмек. Сонсоң кемеміз шексіз де
шетсіз ғарышқа қарай самғай жөнелмек. Кенет... Ұшу алаңының шетіне ақ бота
шыға келгені. Моп-момақан, кіп-кішкентай ақ бота. Шақырайған күнге бір
қарап қойып, алаңсыз келе жатыр.
Маң дала...
Аппақ сүттей ақ бота...
Сүйір тұмсығы көк тіреген ғарыш кемесі...
Ұшуға бұйрық берілмеді. Қолма-қол тоқтатылып, ботаны шетке, қауіпсіз
жерге жекізгеннен кейін ғана алыс сапарға бет алдық. Есімнен кетпес бір
әсерлі сәт осы...” – дейді ғарышкер. Үнсіздік. Мағыналы, қасиетті үнсіздік.
Атақты ғарышкер мен атақты ақын сұхбаты болғандықтан емес, өмірдің ғажайып
сұлулығын, кереметтей күрделілігін, адамға ғана тән сезім қасиетін
білдіретін қас-қағым сәттік өмір суреті. Бір сөзбен айтқанда – поэзия. Иә,
поэзия. Сұлулықты, әсемдікті пір тұтып қастерлеу. Көкіректе тұнған сезімді,
адамдық қасиетті қорғау.
Бұл – Олжас Сүлейменов ойының бір қыры. Ал екінші... Иә, екінші,
ақынға ғарышкер айтқан ақ бота туралы қарапайым естелік темір ғасырда туып,
технократияға тартылып бара жатқан толқынның жанайқайы секілді. Ақ бота
дәуір таңбасы, қайшылықты уақыттың қастерлі де қасіретті белгісі. Кім
біледі, азаматтың, адамның бүкіл ғұмыры, мынау алып әлемдегі қас-қағымдай
ғана тіршілігі сол бір ақ ботаны адам рухының, сезімнің, өнердің ақ ботасын
сақтап қала алуымен құндырақ, мәндірек шығар.
Олжас Сүлейменовтің “Адамға табын, Жер, енді!”, “Арғымақтар”,
“Шапағатты шақ” жинақтарынан кейін алуан-алуан пікір тудырған “Қыш
кітабының” өз жұмбағы бір басына жетерлік. “Қыш кітап” бүгінде қазіргі
күннің кітабы! Театрда ретроспекция деген ұғым бар. Мұнда да уақыт
ретроспекциясы әлеуметтік түйіндер мен ақынның концепциясын қыр-сыры мен
ұңғыл-шұңғылына дейін ақтара көрсеткен. Мәселен кітаптағы Көтен бейнесі
заманнан заманға ауысып келе жатқан кейіпкер болып қалды. Шолақ белсенді,
әсіреқызыл, кеудемсоқ оның араласпайтын ісі жоқ. Олақты көріп олақтығын
бетіне басады, жалқауды көріп оның да ісіне бас-көз жоқ араласады, жауға да
ұрандап бірінші кіреді, ағаш еге алмай жатқан қарияны көріп, ұрсып-сөгіп,
ағашын отырғызып тастайды.
Ақыры, сайтан түртіп, патшаның жарлығы да ұнамай, осылай да ел
басқара ма екен, бұл не масқара деп, елді қалай басқаруды, жарлықты қалай
шығаруды көрсеткісі келсін! Сарбаздар Көтенді шап беріп ұстап алып, өлім
жазасына кессін де тастасын. Баскесердің жайбасарлығына іші пысып,
назаланған Көтен енді жендеттің қолындағы балтасын жұлып алып, өзін жыға
салып, басын шауып жіберсін. Осыларды көріп тұрған патша сүйсініп кетіп:
“Жасасын білгіш Көтен, жаса әмбебап, бесаспап Көтен!”, – деп арфаға қосылып
мадақтай жөнелсін. Ақыры Көтен патшаның қолынан арфаны да жұлып алып: “Мені
осылай мадақтай ма екен!”, – деп, сұңқылдауға өзі кіріссін. “Бірақ оның
сөзі есте қалмапты...” деп бітіреді ақын Көтен туралы кекесінді хикаясын. Бұл
әлі де ұзақ уақыт заманнан заманға ауысып жүре беретін жаны сірі, жағымсыз
кейіпкер бейнесі. Бұл біздің жыл санауымызға дейінгі ІІІ ғасырдың Көтені,
ХХ ғасыр Көтені, ақырында бүгінгі біздің ХХІ ғасырымыздың Көтені. Сондықтан
да “Қыш кітабы” түркі дүниесі қайта оянған, қазақ санасы құлдық
психологиядан арыла бастаған тұста тағы бір оқылатын, ой жүгіртіп қарайтын
шығарма. Өйткені бұл туындының кіндігі (“золотое сечение”) дала ақынының
дара тәсілімен түйілген. Ондағы шендестіру мен меңзеулер шығыс өркениеті
тұрғысынан жаңа бір танымдық парақтарды ашатын жұмбақ кілт. Уақыт пен таным
өрімінің символы.
Өз басым Олжас Сүлейменовтің кітаптарын қолыма алған сайын, сонау бір жылы
Ташкентте “Ақ өзендер аспанында...” деген атпен шыққан өлеңдер мен проза
жанрындағы дүниелері топтастырылған жинақтағы кіріспе сөзді есіме
түсіремін. Екі-ақ беттік көлеміне қарамастан, сол еңбектегі “Бір сөздің
төркіні” атты мақала ақынның әдебиет әлеміндегі өмірінің елеулі, бедерлі
сәттерін, арман-мұраттарын аңғартады. Осы жерде арнайы айтылатын жай: өлең
сөз бен қарасөзде таланттың қыры мен сыры, суреткерлік шеберлігі бірдей
көрінетіндігі. Өлеңде болсын, қарасөзде болсын, тіпті публицистика мен
ғылыми еңбектерінде болсын, тек Олжас ақынға тән ұшқырлық пен ойшылдықты,
қиыннан қиысатын қисынды айнытпай дөп танимыз. Сірі ой емес, тірі ойлар.
Сол екі беттік туындысынан да Олжас ақынға тән ұшқырлық, аз сөзбен көп
мағына жеткізушілік, ең аяғы жанға жайлы әзіл, уытты мысқыл – бәрі де
табылады. Орыс тілінде жазатын ақынның таза қазақы өмірбаяны, тірлік-
тұрмысы, өлеңдерінде ауыздықпен алысып, күмбір-күмбір кісінеген қазақы
рухтың қайнар көзі тамаша сезіледі.
“Орыс тілінде жазатын” демекші, осы мәселені тілге тиек еткенде “Егемен
Қазақстан” бетінде бес жыл бойы жарияланып келген “Жиырмасыншы ғасыр
жырлайды” атты авторлық антологияның Олжасқа арналған ұсынымындағы мына бір
ой орамы оралады: “Әлемде бір ұлт өкілінің екінші тілде жазып, сол ұлт
әдебиетінің өкілі болып кеткен мысалдары аз емес. Мысалы, молдован Антиох
Кантемир орыс поэзиясының бастауында тұрған тұлғалардың бірі болып
саналады, поляк Юзеф Теодор Конрад Коженевский болса, Джозеф Конрад деген
атпен ағылшын прозасының шебері ретінде мәлім, тағы бір поляк азаматы Гийом
Альбер Владимир Александр Аполлинарий Костровицкий француз поэзиясының
даңқын Гийом Аполлинарий деген атпен шығарған, украин Николай Васильевич
Гогольдің туындылары орыс прозасының мақтанышы, тіпті бертінге түссек,
Булат Окуджаваның да, Фазиль Искандердің де жазғандары орыс әдебиетінің
игілігі делінеді... Алайда, ұлттық әдебиет ұғымын екшеудің классикалық
өлшемдері солай сөйлей тұрғанмен, ешкім де орыс тілінде жазатын Олжас
Сүлейменов жырларын орыс әдебиетіне теліп көрген емес.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz