Орта ғасыр мәдениеті жайлы


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Орта ғасыр мәдениеті

Мәдениеттанушылар Батыс Еуропа тарихындағы орта ғасыр деп Антикалық пен Жаңа дәуір аралығындағы ұзақ кезеңді айтады. Бұл кезең мынжылдан астам (V-XV ғ. ғ. ) уақытты қамтиды.

Орта ғасырлық дәуір үш кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең. Бұл алғашқы орта ғасыр (V-X ғғ. ) . Алғашқы орта ғасыр - еуропадағы аса күрделі әрі маңызды оқиғаларға толы кезең болды. Бұл ең алдымен біздің дәуіріміздің ІІ ғ. бастап Рим империясына басып кіріп тұрақты түрде шабуыл жасап оның шет аймақтарына қоныстанған варварлардың қимылымен тығыз байланысты еді.

Варвар - әдепкіде гректер өздеріне тілі түсініксіз тіпті жағымсыз болып көрінген (түсініксіз шүлдір) басқа тайпалар мен халықтардың өкілдерін атаған. Осыдан мәдениетсіз дөрекі адамды кемітіп белгілеу пайда болды. Грек тілі мен мәдениеті түбегейлі италияндық; ортада қалыптасқанға дейін Римдіктердің өзі өздерін кей жағдайда варвар деп атаған. Эллипистік уақыттарда варвар деп грек-римдік мәдеииетінің ықпалынан тыс немесе мәдениеті төменгі даму сатысында тұрғандарды (мыс. алмандықтарды) атады.

Бұл басып кірулер Рим империясының құлауынша әкеп соқты. Мұнымен бірге жаңа баты Еуропалықтар дағдысының христиан дінін қабылдады. Өз тарапынан хритстиан діні Рим имнериясының уәләятынан пұтқа табынушылықтық (көп құдайға табынушылыққа негізделгең дін) әртүрлі формаларын байланыстыра бастады және бұл жағдай имнерияның құлағанына кейін де толастаған жоқ.

Екінші кезең. Бұл жоғарғы (классикалық), шамамен) Х-ХІV ғ. аралықтарын алып жатқан, орта ғасыр. Осы кезеңде, классикалық немесе жоғарғы орта ғасырда Батыс Еуропа қиыншылықтарды кеше отырып қайта өрлеу дәуіріне бет алды. X ғ. бас кезінде феодализм заңдары бойынша халықтардың қоян-қолтық араласуы ірі мемлекеттік құрылымды құруға және жеткілікті армия жинауға мүмкіндік берді. Соның нәтижесінде шапқыншылық тоқталып, талан - таражға түсу шектеліп біраз уақыттан кейін әл жинап қайта шабуылға шығу басталды. 1024 жылы крестоностар визаитиялықтардан Шығыс Рим имиериясын тартып аллы, ал 1099 жылы мұсылмандардың қасиетті жерін басып алды. Ал 1291 жылы ол екеуінен де айырылған. Бірақ маврлар Испаниядан түгелдей түпкілікті

қуылды. Ұзақ уақыт күрестің нәтижесінде батыстың христиан дініндегілер Жерорта теңізі мен аралдарына үстемдік ету мақсатымен оларды жаулап алды. Көптген миссионерлер кристиан діиін Скандинавия коральдығына, Польшаға, Богемияға, Венгрияға енгізіп, оларды батыс мәдениетінің өрісіне көшірді.

Тұрақтылықтың аздап та болса орнатылуы, қалалардың және жалпы еуропалық экономикның көтерілуіне мүмкіндік берді. Батыс Еуропада тұрмыс қатты өзгерді, қоғам тез арада варварлық сипаттан арылып, қалаларда рухани өмірі гүлдене бастады. Антикалық Римдік империяға қарағанда жалпы еуропалық қоғам анағұрлым бай және өркерниеттілікке қолы жетті. Бұған өзі дамып, ілімін және ұйымдарын жетілдіре отырып үлкен үлес қосқан христиан шіркеуі болды. Ежелгі Рим және алғашқы варвар тайпаларының көркемдік дастүрінің негізінде роман, содан кейің жарқын готикалық өнер дүниеге келді және де сәулет өнері және әдебиетпен қатар өнердің театр, музыка, мүсін, көркемсурет сияқты түрлері дамыды. Дәл осы кезде «Толанд туралы жыр» және «Роза туралы жыр» сияқты әдеби үлгілер кеңінен тарала бастады. Ең маңыздысы, батыс еуропалық оқымыстылар антикалық және эллинистік дәуірдің, оның ішінде Аристотельдің шығармаларын оқып-танысуға, толық мүмкіндік алды. Осылардың нәтижесінде Ортағасырдағы ұлы философиллық жүйе схоластика дүниеге келіп өсіп жетілді.

Үшінші кезең. (XIV - XV гғ. ) Ортағасыр. Бұл кезең классикалық дәуірде басталған Еуропалық мәденеттін қалыптасу процесстерін жалғастырды. Бірақ бұл жолы айтарлықтай жеңіл болған жоқ. XIV - XV ғғ. Батыс Еуропа бірінші рет ұлы аштықты басына кешірді. Көптеген, соның ішінде, әсіресе безден тиетін оба (бубонная чума-«қара індет»), эпидемиялары шексіз адам шығьшына әкеп соқты. Мәдениеттің даму процесін өте баяулатқан жүз жылдық соғыс та басталып кетті. Дегенмен қалалар қайта калпына келді, қолөнер, ауыл шаруашылығы және сауда жандана бастады. Апаттардан, соғыстардан аман қалған адамдар өздерінің тұрмыс-тіршіліктерін жандандырып, бұрынғы дәуірге қарағанда жақсы өмір кеше бастады. Феодалдық шонжарлар, аристократтар өздеріне жер меншіктеп алып, қаладағыдай керемет сарайлар салғыза бастады. Жаңа, «төменгі» сатыда тұрған байлар да оларға еліктеп тұрмыстың ыңғайлығын жасап, тиісінше өмір салтын өзгерте бастады. Рухани өмірдің: ғылымы философияның өнердің өрлеуіне, әсіреее солтүстік Италияда қолайлы жағдайлар туды. Аталмыш өрлеу, аса үлкен қажеттілікпен Қайта өрлеу дәуіріне немесе Ренессансқа әкеп соқты.

Ортағасырлық мәдениеттің бір ерекшелігі христиан дінінің оқуы мен христиан шіркеуінің атқарған ролінде болды. IV империясының құлауынан кейін, жалпылама құлдың жағдайында Еуропаның барлық елдері, тайпалары мемлекетгерінде шіркеу бірден бір әлеуметтік институт болып қалды. Ауыр ғұмырдың азабын шеккен, қоршаған орта туралы мағлұматтар жоқтың қасы кезінде, христиан діні адамдарға болмыс туралы ілімінің жүйесін, оның құрамы мен зандылықтарын алға тартты. Бұл әлем бейнесі, толығынан қаладағылар мен ауылдағылардың құдайға сену менталитетімен анықталып Виблияның түсініктері мен баптарына негізделді. Зерттеушілердің пайымдауынша, дүниені түсіндірудің бір шарты - Құдай мен табиғатты, Аспан мен жерді, жан-тәнді бір - біріне міндетті түрде қарсы қою болды. Ортағасырлық еуропа адамы, сөзсіз дінге берілген. Оның санасында дүние зұлымдық пен жақсылыктың, аспан тозақ күштерінің, керама-қарсы күрестерінің алаңы болды. Библиада саусақпен көрсеткендей, адамдардың санасы толығынан магикалық жағдайда болды да, олар ғажайып нәрселердің барлығына кәміл сенді.

Ол кезде дүние жалпы иерархиялық логика бойынша симметриялық схемаға ұқсаған, күрделі негіздегі пирамида еске түседі. Біреуінің ұзар шыңында - Құдай, одан одан төменгі қабатында, әулиелік қасиеттеріне қарай, ең алдымен құдайға жақынырақ Апостолдар, содан кейін жерге жақынырақ кабаттарда архангелдер, періштелер және т. б. орналасқан. Бұл иерархияның әрбір деңгейінде адамдар мынадай тәртіппен орналасқан: ең алдымен папа және кардиналдар, содан кейін төменгі денгейдегі клириктер, одан да төмен қарапайым адамдар орналасқан. Содан кейін Құдайдан едәуір қашықтықта, жеп жақын жердегі қабаттарда хайуанаттар, өсімдіктер, ең сонында жердің өзі жатыр.

Пирамиданың айналы бейнесінде жер астында «минус» белгімен сол тәртіпте: табаны жер, одан кейін иерархияларды сақтай отырып төмендеуші Ібіліс - жамандықа бір-ақ барады.

Ібіліс пен Құдай қарама - қарсы шыңдардың символдары бола отырып, Құдай жақсылық пен сүйіспеншілік, Ібіліс - жамандық пен өшпенділікті бейнеледі.

Ортағасырдағы жәй, еуроналық қоғамнын жоғарғы деңгейінен бастап корольдер мен имиераторларға дейін, салатсыз болды. Дін иелерінің сауаттылығы мен білімділігінің деңгейі адам айтқысыз төмен болды. Тек XV ғ. соңында ғана шіркеу, білімді мамандардың қажет екендігін түсіне бастады да, діни семинарлар және т. б. ашуға кірісті.

Шіркеуге келушілердің де білімдерінің деңгейі жалпы өте төмен болды. Олар жартылай сауатты священниктерді тыңдады. Библияшы оқуға қатардағы адамға тыйым салынды, өйткені оның мәтіні жәй шіркеуге келушілердің қабылдауына өте күрделі және қол жеткісіз болды. Оны талқылап түсіндіру шіркеу қызметкерлерінің Құзырында болды. Бірақ олардың білімділігі мен сауаттылығы халықтар арасында айтарлықтай төмен болды. Ортағасырлық бұқаралық мәдениетті кітапсыз мәдениет деп атаса да болады. Ол баспасөз арқылы емес, ауызекі уағыздауға негізделді. Ол сауатсыз адамның санасына ұяланды. Бұл дұға қылудың, ертегіні, аңызды, сиқырлықты уағыздаудың мәдениетіне айналды. Жалпы, ортағасырлық рухани мәдениеттің ең басты сипаты, оның құдіретті бір ғана Құдайдың барлығына сену керек деген діншілдігінде. Христиан діннің ең мәнді идеясы -Құдайдың Аспан патшалығьша сену. Аспан Патшалығы - ол, Құдаймен қосылып жаны жәнатта болу үшін адамдардың ақыр соңында келетін мекені, Құдайдың әлемі. Әр адам жер бетінде ғұмыр кешіп жүрген кездің өзінде, оны (құдай әлемі), жеке өзі сенім мен сүйіспеншілктің ерлігі деп түсінуі қажет. Егер бұл идеяларды мәдениегті уағыздаудың тәсілі деп жер бетіндегі барлық кұндылыктарды жоққа шығарды деп ойлауға болмайды. Керісінше, ең жоғарғы құндылық ретінде адам жаны болып саналады. Ол жер бетіндегі барлық игіліктен де жоғары түр және бүкіл дүние атаулыдан да мәнді.

Екінші сипатты, бұл дәстүрлілік пен өткенді шола білушілік болды. Рухани өмірдің жанасы мен ескісінің байланысының принципі нағыздылық дегеніміз, ескі ежелгілік. Жаңалық енгізуді «менмендіктің» көрінісі деді де, ескіліктен бас тарату ол ақитқаттан бас тартумен барабар болды. Осыдан барып шығармалардың анонимділігі шығармашылық бостандығының қалыптасқан діни дүниетанымдылықпен шектелу.

Үшінші сипаты - канондығында болды. Ол дегеніміз адам мен қоғамның рухани өмірінің жалпылама принциіттері мен діни іс-әрекетінің ережелері, болған шіркеу аталарының еңбектеріне сүйене отырып оларды толғаусыз қабылдау.

Төртінші сипаты - рәмізділік: ол адамдардың ой тұжырымдауы үшін Інжіл (Библия) мәдениетінің мазмұндардың өзінше талқылай білу болды. Барлық ортағасырлық рухани мәдениет Інжіл мен теологтардың енбектерін әрқил түсіндірмелеуге негізделген. Ондай түсіндіме беру үш денгейді. Іс жүзіне асырылыды. Біріншісі, Інжілдің нақты сөздерінің шифрланған мәнін түсіндіру. Екіишісі, Інжілдегі идеяларды: құпиясын ашу. Жоғарғы үшінші денгейінде, түп нұсқаны терең, түсінуден пайда болған идеяларды автордың жан - жақты тұжырымдап дамытуы.

Бесінші сипапіы - дидактизм мен ұстаздық, Ортағасырлық қайраткерлер ең алдымен дін ілімін оқутушылар, уағыздаушылар. Олардың іс-әрекеттері-нің сырын ашып ғана қоймай, сонымен қатар оны басқа адамдардың санасына сіңдіре білу балды. Осынан барып талқылау, уағыздау, ұстаздар мен шәкірттердің рухани байланыстылығына баулу интеллектуалдық іс - әрекеттін ерекше түріне айналды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта ғасыр мәдениеті
Мәдениеттану
Тіл мен мәдениет байланысы – қоғамдық құбылыс
Қазақтың дәстүрлі мәдениеті туралы
Киім кию мәдениеті жайында
МЕМЛЕКЕТ ТУРАЛЫ ӘРТҮРЛІ КӨЗҚАРАСТАРДЫҢ ОРЫН АЛУЫ
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет
«Өнер» баспасы өнімдерінің ерекшеліктері
Иран мәдениеті
МЫСЫР ТАРИХЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz