Судьялардың, алқабилердің, прокурорлардың, тергеушілердің, анықтаушыпардың, қорғаушылардың, сарапшылардың, мамандардың, сот приставтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету



1 Судьялардың, алқабилердің, прокурорлардың, тергеушілердің, анықтаушыпардың, қорғаушылардың, сарапшылардың, мамандардың, сот приставтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Жәбірленушілердің, куәлардың, сезіктілердің,
айыпталушылардың және қылмыстық процеске қатысушы басқа да адамдардың қауіпсіздігі шаралары
2 Сот талқылауына қатысушы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
3 АҚТАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТІ
ЖҮРГІЗУШІ ОРГАННЫҢ ЗАҢСЫЗ ІС.ӘРЕКЕТТЕРІМЕН
КЕЛТІРІЛГЕН ЗИЯНДЫ ӨТЕУ
4 ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТІ ЖҮРГІЗУШІ ОРГАННЫҢ ЗАҢСЫЗ
ІС.ӘРЕКЕТІНІҢ САЛДАРЫНАН КЕЛТТРГЛГЕН ЗИЯННЫҢ
ӨТЕЛУІНЕ ҚҰҚЫҒЫ БАР АДАМДАР
5 Тергеу іс.әрекеттері ұғымы және жүйесі
Тергеу іс.әрекеттерін жүргізудің жалпы ережелері
6 Тергеу іс.әрекеттерінің хаттамасы
"Ақтау" сөзінің мәні оның ұғым ретінде сот арқылы құқықты қалпына келтіру, жақсы атақты, бұрынғы беделді қалпына келтіру сияқты элементтерді қамтитыны туралы айтуға мүмкіндік береді. Яғни адамды ақтау ұғымы, заңда белгіленген негіздер бар болған жағдайда, қылмыстық ізге түсудің тоқтатылуын, жазаңы өтеу үкімі күшінің жойылуын білдіреді. Сонымен бірге қылмыстық іс (қылмыстық ізге түсу) тоқтатылуының бәрі бірдей қылмыстық іс жүргізушілік мағынасындағы ақтауды білдірмейді. Ақтау — бір кездері басталған қылмыстық ізге түсуді, сотта іс қарауды одан әрі жалғастырудан тек қана оң сипаты бар негіздемелер бойынша мемлекеттің өкілетті органдар мен лауазымды адамдар атынан бас тартуы.
Қылмыстық істі тоқтату үшін негіздемелердің ақтайтын және ақтамайтын деп бөлінуі аталған мән-жайларға байланысты. Сондықтан, қылмыстық іс жүргізушілік ақтау ұғымын тек қылмыстық процесті жалғастырудан бас тартудың оң негіздерімен ғана байланыстыру қажет.
Қылмыстық процесті жалғастырудан тек соттың немесе қылмыстық ізге түсу органының ғана бас тартуына болады.
ҚІЖК-тің 39-бабына сәйкес ақтау негіздеріне мыналар жатады:
— қылмыс оқиғасының болмауы;
— әрекетте қылмыс құрамының болмауы;
— Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105,111, 112, 120 (1-6.), 121 (2-6.), 123,129, 130, 136, 140, 142, 144 (1,2-6.), 145 (1-6.), 188 (1-6.), 296 (1-6), 300 (І-б.)-баптарында көзделген қылмыстар туралы істер бойынша, яғни жеке айыптау істері бойынша, сондай-ақ жеке-жария айыптау қылмыстары туралы істер бойынша жәбірленуші шағымының болмауы;
— сол айыптау бойынша сот үкімінің заңды күшіне енуі немесе, егер адамның қылмыстық ізіне түсудің мүмкін емес екені анықталса, ол жөнінде күші жойылмаған сот қаулысының болуы;
— егер қылмыстық ізге түсу органының сол айыптау бойынша қылмыстық іс қозғау туралы күші жойылмаған қаулысы бар болса, адамның қылмыстық ізіне түсуден бас тарту.
Аталған негіздердің кез келгені бар болған жағдайда адам кінәсіз деп саналады және оның Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарын қандай да бір шектеуге болмайды.
Қылмыстық істің тоқтатылуына себеп болатын ақтау негіздерінің мәні туралы М. С. Строговичтің айтқан пікірі ерекше мәнді. Ол былай деп жазды: "Осы негіздердің әрбірі адамның айыпталушы ретінде тартылуына жол бермейді және айыпталушы ретінде тартылған адамның кінәсіз екенін анықтайды, өйткені бұрын жорамалданғанына қарамастан қылмыс жасалмаған, не жасалған әрекет қылмыс болып табылмайды». Адамды ақтау үшін көзделген негіздер түгелдей толық қамтылған және кеңейте түсіндіруге жатпайды.
ҚІЖК 37-бабының мәні бойынша қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын жағдайлар бар болса, қылмыстық ізге түсуді қозғауға болмайды, ал қозғалған іс тоқтатылуға тиіс. Бұл қағида ақтауға тек іс бойынша басталған іс жүргізуге байланысты бөлікке ғана қатысты. Адамды қылмыстық іс жүргізу тәртібімен тек қылмыс жасады деген айыптау бойынша оның қылмыстық ізіне түсу басталған немесе сот ол жөніндегі қылмыстық істі өз қарауына қабылдаған жағдайда ғана ақтауға болады.
Сонымен, қылмыстық іс жүргізушілік ақтауды тек бастапқы сәт қылмыстық іс қозғау, ал түпкі сәт — соттың ақтау шешімін шығаруы болып табылатын шектерде ғана жүзеге асыруға болады. Бұл жағдайда адамның өзі жөнінде қылмыстық іс қозғалғанын білуінің, сондай-ақ ақтау негіздері бойынша істің тоқтатылуына оның қарсылық білдіруінің ешқандай маңызы жоқ.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Судьялардың, алқабилердің, прокурорлардың, тергеушілердің, анықтаушыпардың, қорғаушылардың, сарапшылардың, мамандардың, сот приставтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Судья, алқаби, прокурор, тергеуші, анықтаушы, қорғаушы, сарапшы, маман, сот приставы, сонымен бірге олардың отбасы мүшелері мен жақын туыстары мемлекеттің қорғауында болады.
Осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамдарға мемлекет заңда көзделген тәртіппен сотта қылмыстық істерді немесе материалдарды қарауға, анықтау немесе алдын ала тергеу жүргізуге байланысты олардың өміріне қауіп төнуден немесе өзге де күш қолданудан қауіпсіздендіру шараларын қолдануды қамтамасыз етеді.

Жәбірленушілердің, куәлардың, айыпталушылардың және қылмыстық процеске қатысушы басқа да адамдардың қауіпсіздігі шараларын қолдану міндеті
Қылмыстық процесті жүргізуші орган, егер қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге байланысты оларға қатысты күш қолдануды немесе қылмыстық заңда тыйым салынған өзге де әрекетті жасаудың нақты қаупі болса, жәбірленушінің, куәнің, айыпталушының, қылмыстық процеске қатысушы басқа да адамдардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері мен жақын туыстарының қауіпсіздігі шараларын қолдануға міндетті.
Қылмыстық процесті жүргізуші орган олардың ауызша (жазбаша) мәлімдемесінің негізінде немесе өз бастамашылығы бойынша осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамдардың қауіпсіздігі шараларын қолданып, ол туралы тиісті қаулы шығарады.
Қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушы адамдардың, олардың отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының өздерінің қауіпсіздігі шараларын қолдану туралы мәлімдемелерін қылмыстық процесті жүргізуші орган оларды алған сәттен бастап жиырма терт сағаттан кешіктірмей қарайды. Мәлімдеушіге тиісті қаулының көшірмесін жібере отырып, оған қабылданған шешім туралы дереу хабарланады.
Мәлімдеуші өзінің қауіпсіздігі шараларын қолдану туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартылғанына прокурорға немесе сотқа шағымдануға құқылы.
Қауіпсіздік шараларын қолданудан бастарту, егер бұрын берілген өтініштен керінісін таппаған мән-жайлар туындаса, көрсетілген шараларды қолдану туралы қайта өтініш жасауға кедергі келтірілмейді.

Жәбірленушілердің, куәлардың, сезіктілердің,
айыпталушылардың және қылмыстық процеске қатысушы басқа да адамдардың қауіпсіздігі шаралары
1. Куәлардың, сезіктілердің, айыпталушылардың және қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушы басқа да адамдардың, олардың отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының іс жүргізу қауіпсіздігінің шаралары ретінде:
қылмыстық процесті жүргізуші органның күш қолдану немесе қылмыстық заңда тыйым салынған басқа да әрекеттер қаупі шыққан адамға оны мүмкін болатын қылмыстық жауапқа тарту туралы ресми ескерту жасауы;
қорғалатын адам туралы мәліметтер алуға шек қою;
оның жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
айыпталушыға (сезіктіге) қатысты қылмыстық процеске қатысушыларға қатысты күш қолдану (қолдануды ұйымдастыру) немесе өзге де қылмысты әрекеттер жасау (жасауды ұйымдастыру) мүмкіндігін жоққа шығаратын бұлтартпау шараларын таңдау қолданылады.
Қылмыстық процесті жүргізуші орган енгізген ескерту адамға қолы қойғызылып хабарланады.
Қорғалатын адам туралы мәлімет алуға шек қою қылмыстық істің материалдарынан адамның анкеталық деректері туралы мәліметтерді алып, оны негізгі іс жүргізуден бөлек сактаудан, бұл адамдардың бүркеншік ат пайдалануынан тұрады. Негізгі іс жүргізуден оқшауландырылған материалдармен танысу үшін қылмыстық процесті жүргізуші органға ғана рұқсат етіледі. Процеске басқа қатысушылар онымен осы мәліметтерді жарияламау туралы қолхат бере отырып қылмыстық процесті жүргізуші органның рұқсатымен ғана таныса алады. Қорғалатын адамның қатысуымен іс жүргізу әрекеттері қажет жағдайларда оны тануды болдырмайтын жағдайларда жүргізіледі.
Куәгерлердің, сезіктілердің, айыпталушылардың, қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушы басқа да азаматтардың және олардың жақындарының жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тәртібі заңмен айқындалады.
Қауіпсіздік шараларын қолданғанына қарамастан, қылмыстық ізге түсу органы бұған негіздер болған жағдайда жәбірленушіге, куәға, айыпталушыға, қылмыстық істі жүргізуге қатысушы басқа да адамдарға қатысты қылмыстық заңда тыйым салынған әрекеттер жасау қаупі анықталуына байланысты қылмыстық іс қозғауға міндетті.
Қауіпсіздік шаралары оны қолданудың қажеттігі болмағанда қылмыстық процесті жүргізуші органның дәлелді қаулысымен тоқтатылады. Қорғалатын адамға оның қауіпсіздігі шараларының тоқтатылғандығы немесе ол туралы деректердің іс бойынша іс жүргізуге қатысушы адамдарға ашылғандығы туралы дереу хабарлануы тиіс.

Сот талқылауына қатысушы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Сот талқылауына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін төрағалық етуші соттың жабық отырысын өткізеді, сондай-ақ осы Кодекстің 100-бабының бірінші, екінші, үшінші және тәртінші бөліктерінде көзделген шараларды қолданады.
Сот куәнің, айыптау тарабының өтініші бойынша, сондай-ақ куәнің және оның жақындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатыңда өз бастамашылығы бойынша куәдан:
бүркеншік атты пайдалана отырып оның жеке басы туралы деректерді жарияламастан;
оны тануды болдырмайтын жағдайларда;
оны сот талқылауына басқа қатысушылардың көзіне көрсетпей жауап алу туралы қаулы шығаруға құқылы.
Төрағалық етуші бейне, дыбыс жазуды жүргізу ге және жауап алуды сақтаудың өзге де әдістерін жүргізуге тыйым салуға, сот отырысы залынан айыпталушыны, қорғау тарабының өкілдерін шығарып жіберуге құқылы.
Сот процеске қатысушылардың біреуі болмағанда немесе олардың көзбен көріп отыруынан тыс жауап алынған куәнің көрсетуін сотта төрағалық етуші ол куә туралы мәліметті көрсетпестен оған барлық қатысушылар қатысып отырғанда хабарлайды.
АҚТАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТІ
ЖҮРГІЗУШІ ОРГАННЫҢ ЗАҢСЫЗ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІМЕН
КЕЛТІРІЛГЕН ЗИЯНДЫ ӨТЕУ

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ АҚТАУ ҰҒЫМЫ

"Ақтау" сөзінің мәні оның ұғым ретінде сот арқылы құқықты қалпына келтіру, жақсы атақты, бұрынғы беделді қалпына келтіру сияқты элементтерді қамтитыны туралы айтуға мүмкіндік береді. Яғни адамды ақтау ұғымы, заңда белгіленген негіздер бар болған жағдайда, қылмыстық ізге түсудің тоқтатылуын, жазаңы өтеу үкімі күшінің жойылуын білдіреді. Сонымен бірге қылмыстық іс (қылмыстық ізге түсу) тоқтатылуының бәрі бірдей қылмыстық іс жүргізушілік мағынасындағы ақтауды білдірмейді. Ақтау —бір кездері басталған қылмыстық ізге түсуді, сотта іс қарауды одан әрі жалғастырудан тек қана оң сипаты бар негіздемелер бойынша мемлекеттің өкілетті органдар мен лауазымды адамдар атынан бас тартуы.
Қылмыстық істі тоқтату үшін негіздемелердің ақтайтын және ақтамайтын деп бөлінуі аталған мән-жайларға байланысты. Сондықтан, қылмыстық іс жүргізушілік ақтау ұғымын тек қылмыстық процесті жалғастырудан бас тартудың оң негіздерімен ғана байланыстыру қажет.
Қылмыстық процесті жалғастырудан тек соттың немесе қылмыстық ізге түсу органының ғана бас тартуына болады.
ҚІЖК-тің 39-бабына сәйкес ақтау негіздеріне мыналар жатады:
қылмыс оқиғасының болмауы;
әрекетте қылмыс құрамының болмауы;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105,111, 112, 120 (1-6.), 121 (2-6.), 123,129, 130, 136, 140, 142, 144 (1,2-6.), 145 (1-6.), 188 (1-6.), 296 (1-6), 300 (І-б.)-баптарында көзделген қылмыстар туралы істер бойынша, яғни жеке айыптау істері бойынша, сондай-ақ жеке-жария айыптау қылмыстары туралы істер бойынша жәбірленуші шағымының болмауы;
сол айыптау бойынша сот үкімінің заңды күшіне енуі немесе, егер адамның қылмыстық ізіне түсудің мүмкін емес екені анықталса, ол жөнінде күші жойылмаған сот қаулысының болуы;
егер қылмыстық ізге түсу органының сол айыптау бойынша қылмыстық іс қозғау туралы күші жойылмаған қаулысы бар болса, адамның қылмыстық ізіне түсуден бас тарту.
Аталған негіздердің кез келгені бар болған жағдайда адам кінәсіз деп саналады және оның Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарын қандай да бір шектеуге болмайды.
Қылмыстық істің тоқтатылуына себеп болатын ақтау негіздерінің мәні туралы М. С. Строговичтің айтқан пікірі ерекше мәнді. Ол былай деп жазды: "Осы негіздердің әрбірі адамның айыпталушы ретінде тартылуына жол бермейді және айыпталушы ретінде тартылған адамның кінәсіз екенін анықтайды, өйткені бұрын жорамалданғанына қарамастан қылмыс жасалмаған, не жасалған әрекет қылмыс болып табылмайды. Адамды ақтау үшін көзделген негіздер түгелдей толық қамтылған және кеңейте түсіндіруге жатпайды.
ҚІЖК 37-бабының мәні бойынша қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын жағдайлар бар болса, қылмыстық ізге түсуді қозғауға болмайды, ал қозғалған іс тоқтатылуға тиіс. Бұл қағида ақтауға тек іс бойынша басталған іс жүргізуге байланысты бөлікке ғана қатысты. Адамды қылмыстық іс жүргізу тәртібімен тек қылмыс жасады деген айыптау бойынша оның қылмыстық ізіне түсу басталған немесе сот ол жөніндегі қылмыстық істі өз қарауына қабылдаған жағдайда ғана ақтауға болады.
Сонымен, қылмыстық іс жүргізушілік ақтауды тек бастапқы сәт қылмыстық іс қозғау, ал түпкі сәт —соттың ақтау шешімін шығаруы болып табылатын шектерде ғана жүзеге асыруға болады. Бұл жағдайда адамның өзі жөнінде қылмыстық іс қозғалғанын білуінің, сондай-ақ ақтау негіздері бойынша істің тоқтатылуына оның қарсылық білдіруінің ешқандай маңызы жоқ.
Негіздер бар болған жағдайда қылмыстық іс жүргізушілік ақтауды қолдану —соттың, қылмыстық ізге түсу органының міндеті. Ақтау негіздері анықталған жағдайда қылмыстық іс сотқа дейінгі іс жүргізудің кез келген сатысында тоқтатылады.
Егер іс сотқа жіберілсе, ал адамды сотқа прокурор берсе, ол айыпталушыны ақтау үшін негіздер бар екенін байқаған жағдайда істі соттан басты сот тергеуі басталғанға дейін кері қайтарып алуға және істің жүргізілуін тоқтатуға құқылы. Егер ақтау негіздері соттергеуі барысында байқалған болса, іске мемлекеттік айыптаушы ретінде қатысушы прокурор айыптаудан бас тартатыны туралы мәлімдеуге міндетті. Қаралып отырған негіздерді соттың байқауы айыпталушыны ақтау үшін көзделген шаралардың қолданылуын қажет етеді.
Ақтау қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекеттерінің салдарынан келтірілген зиянды өтеуге бағытталған шешімдер қабылдауды қамтиды. Сол органдардың қатарына сот, қылмыстық ізге түсу органдары (прокурор, тергеуші, анықтау органы, анықтаушы) жатады. Айыпталушыны қылмыстық іс жүргізушілік ақтау үшін негіздердің байқалуы қылмыстық процесті жүргізуші органның іс-әрекеттері заңсыз болғанын білдіреді. Заңдылықтың бұзылуына жол берген органның анықталуы нақты ақтау негізімен, қылмыстық процесс сатысымен және қылмыстық іс жүргізу субъектілерінің шеңберімен байланысты. Бұзылған құқықты қалпына келтіруге бағытталған өзге де жалғас нысандардың таңдалуы заңдылықтың бұзылуына қандай органның жол бергеніне байланысты. Заңдылықтың бұзылуына жол берген органның анықталуы келтірілген зиянды өтеу көздерін анықтауға ықпал етпейді, бірақ заңдылықтың бұзылуына себеп болған мән-жайларды жою үшін оның маңызы бар.
Қылмыстық іс жүргізушілік ақтау толық немесе ішінара бо,лып бөлінеді (ҚІЖК-тің 42-бабы). Толық ақтау адамның бұзылған барлық құқықтарының қалпына келтірілуін, қылмыстық процесті жүргізуші органдардың заңсыз іс-әрекеттері салдарынан келтірілген зиянның барлық түрлерінің толық көлемінде өтелуін білдіреді. Толық ақтау қылмыстық істің тоқтатылуы жүзеге асырылатын айыптаудың көлемімен айқындалады. Егер әңгіме қылмыстық істі айыптаудың бүкіл көлемі бойынша, ҚК-те көзделген, жүктелетін барлық әрекеттер бойынша тоқтату жайында болса, ақтау толық деп танылады. Егер іс ҚІЖК-тің 39-бабында көзделген негіздер бойынша адамға тағылған айыптар бойынша тоқтатылатын болса, ақтау ішінара сипатта болады. Ішінара ақтау келтірілген зиянның заңдылықтың бұзылуына жол берілген мөлшерде өтелуін көздейді. Мәселен, адамға ҚК баптарының жиынтығы бойынша айып тағу, сол баптардың бірі бойынша қылмыстық процесті тоқтату ақтау туралы ереженің тек айыптаудың іс жүргізу тоқтатылған көлемінде ғана қолданылуына әкеліп соғады, бірақ ҚК-тің ақтау үшін негіздер көзделмеген бөлігі мен баптары бойынша қылмыстық істің тоқтатылуына әкеліп соқпайды. Басқаша айтсақ, адамға Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша айып тағылған. Сол баптардың бірі бойынша мерзімі ескірген. Мерзімі ескірген қылмыс бойынша қылмыстық істі тоқтату, сол қылмысқа байланысты заңсыз іс-әрекеттер салдарынан келтірілген зиянды өтеу ішінара ақтауды білдіреді, өйткені өзге қылмыстар бойынша қылмыстық іс одан әрі жүргізіле береді.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТІ ЖҮРГІЗУШІ ОРГАННЫҢ ЗАҢСЫЗ
ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ САЛДАРЫНАН КЕЛТТРГЛГЕН ЗИЯННЫҢ
ӨТЕЛУІНЕ ҚҰҚЫҒЫ БАР АДАМДАР

Қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекетінің салдарынан келтірілген зиянның өтелуіне өз құқықтары мен бостандықтарына қысым жасалған сезіктілер мен айыпталушылардың айтарлықтай басым бөлігінің құқығы бар. Заңсыз ұстаудың, қамауға алудың, үйде қамауда ұстаудың, қызметтен уақытша шеттетудің, арнаулы медициналық мекемеге орналастырудың, соттаудың, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың нәтижесіңде келтірілген зиян әтелуге тиіс. Мүліктік зиян республикалық бюджеттен толық көлемінде өтеледі. Мұндай зиянды өтеу үшін қылмыстық процесті жүргізуші органның қаншалықты кінәлі екенінің маңызы жоқ.
Өтелуге тиісті материалдық зиянның мәлшері заңдылықтың бұзылуына жол берген органдар арасында бөлінбейді. Тиісті өтем төлемдерінің түгелдей республикалық бюджеттен төленуі үшін мүліктік зиянды өтеуге заңды негіздердің анықталуы жеткілікті. ҚІЖК-тің 40-бабына сәйкес қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекеттерімен келтірілген зиянның етелуіне құқығы бар адамдар бес топқа бөлінген.
ҚІЖК-тің 39-бабына сәйкес қылмыстық іс жүргізушілік ақтауға жататын адамдар (осы тараудың 1 параграфында егжей-тегжейлі баяндалған).
Өздеріне қатысты қылмыстық іс қозғалмауға тиісті, ал қозғалған іс ҚІЖК-тің 40-бабының 2-бөлігінің 2-тармағында көзделген бірқатар негіздер бойынша қысқартылуға тиісті адамдар. Ол негіздер мыналар:
Жәбірленушінің айыпталушымен татуласуы. Бұл жағдайда ауыртпалығы шағын немесе орташа қылмысты алғаш жасаған айыпталушы жәбірленушіге келтірілген зиян жуып-шайылған жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін (ҚК-тің 67-бабы).
Жеке айыптаушының ҚІЖК 33-бабының 1-бөлігінде көзделген жеке айыптау қылмыстар туралы істер бойынша айыптаудан бас тартуы.
Аталған негіздерді жүзеге асыру үшін міндетті шарттар мыналар:
жеке айыптау ісі бойынша жәбірленушінің шағымы болмауына, жи қылмыс дәрменсіз немесе басқаға тәуелді жағдайдағы не басқа себептер бойынша өзіне тиесілі құқықтарды өз бетінше пайдалануға қабылетсіз адамдардың мүдделерін қозғайтынын не басқа адамдардың, қоғамның немесе мемлекеттің елеулі мүдделерін қозғайтынын көрсететін белгілер болмауына қарамастан қылмыстық іс қозғау (ҚІЖК 33-бабының 2-бөлігі, 34-бабының 2-бөлігі);
қылмыстық істі ҚІЖК 33-бабының 2-бөлігінде, 34-бабының 2-бөлігінде көзделген белгілердің болмауына қарамастан қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын жағдайлар анықталған сәттен кейін тоқтатпастан одан әрі жүргізу.
3. Өздеріне қатысты қылмыстық іс рақымшылық ету
актісінің шығуына, жасалған қылмыс үшін жаза соған сәйкес
қолданылмайтын болуына, сондай-ақ мерзімнің ескіруіне байланысты тоқтатылуға тиісті адамдар. Келтірілген зиянды етеу үшін аталған негіздер міндетті шарт ретінде қолданынғанда қылмыстық ізге түсу, қылмыстық істі қысқартудың тиісті негіздері анықталғанына қарамастан, одан әрі жалғастырылады.
Қылмыстық процесті жүргізуші органның іс-әрекеттерінің заңсыздығы мынада:
егер мерзімнің ескіруі анықталын, қылмыстық ізге түсу жалғастырылатын болса, қылмыстық іс жүргізу заңын қолдану приндипі бұзылады;
егер айыпталушы рақымшылық етуге жататын болып, оның қылмыстық ізіне түсу тоқтатылмаса, қылмыстық іс жүргізу заңын адамдарға қолдану приндипі бұзылады;
қылмыстық процеске заңсыз қатыстырылған адамдардың рақымшылық ету актісіне немесе мерзімнің ескіруіне байланысты оларға қатысты қылмыстық істің тоқтатылуына келісімі ескерілмейді.
Аталған негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтату үшін сол негіздерді анықтау бастамашысы кім қылмыстық процесті жүзеге асырушы орган, айыпталушы, оның мүдделерін білдіретін немесе қорғайтын адам, немесе қылмыстық процеске қатысушы басқа адам екенінің маңызы жоқ. Келтірілген зиянды өтеу үшін қылмыстық процесті жүргізуші органның қылмыстық істі тоқтату үшін негіздерді қашан анықтағанының маңызы жоқ. Қылмыстық істің тоқтатылуына себеп болған жағдайлар іс жүзінде пайда болған сәт маңызды. Мысалы, мерзім іс жүзінде 1 қаңтарда бітті делік. Қылмыстық процесті жүргізуші орган бұл мән-жайды 15 қаңтарда анықтады. Айыпталушының адвокаты бастама жасамай, 3 қаңтарда қозғалған істі тоқтату туралы тиісті өтінішті 10 қаңтарда ғана берді. Келтірілген зиянды етеу құқығы пайда болатын сәт деп 3 қаңтарды санау қажет. Мерзімі ескірген сәт пен осы негіз бойынша қылмыстық істі тоқтату үшін нақты негіздер пайда болатын сәт әрдайым бірдей үйлесе бермевді. Мұндай арақатынас қылмыстық істі рақымшылық ету актісіне байланысты тоқтатуға негіздер бар болған жағдайда да сақталады. Келтірілген зиянды адамға өтеу үшін нақты негіз рақымшылық ету актісі заңды күшіне енген сәттен бастап немесе ракымшылық ету айыпталушылардың нақты категориясына қатысты болатын сәттен бастап пайда болады.
4. Жасалған қылмыстың саралануы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің жеңілдеу қылмыс үшін жауаптылық көздейтін бабына сай өзгертілгеннен кейін, сонымен бірге ҚІЖК-ке сәйкес ұстау ға немесе күзетпен ұстауға жол берілмейтін жағдайда қамауға алуға, бас бостандығынан айыруға кесілген, ұсталған немесе күзетпен ұсталған адамдар. Бұл шарттар сараланудың ҚК бойынша өзгертілуі жаңа, неғұрлым жеңілдеу жаза белгіленуін немесе үкімнен айыптың бір бөлігінің алып тасталуын және соған байланысты жазаңың кемітілуін көздейтін жағдайларға да қатысты. Заңда медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын немесе тәрбиелік ықпал ету мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы соттың заңсыз шешімі сот жолымен тоқтатылған жағдайларда да зиянның өтелуі көзделген.
Қамауға алу немесе бас бостаңдығынан айыру заңсыз өтелген мерзім адамға кылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекетінің салдарынан келтірілген зиянның өтелуіне құқық беретін мән-жайлар анықталған сәтте ең соңында қолданылған ҚК бабында көзделген қамауға алу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаңың ең жоғары мәлшері асырылатын сәттен бастап есептеледі.
5. Заңды негізсіз тиісті мерзімінен артық қамауда ұсталған, сонымен бірге қылмыстық іс бойынша іс жүргізу барысында іс жүргізуге мәжбүр етудің кез келген өзге де шараларына заңсыз ұшыраған адамдар.
ҚІЖК-тің 153-бабына сәйкес қамауға алудың түрлі мерзімдері көзделген: екі айдан (іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде қамауға алудың жалпы мерзімі) он екі айға дейін (ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасы Бас прокурорының рұқсатымен). Қамауға алу мерзімі біткеннен кейін, егер ол ұзартылмаса, айыпталушы дереу босатылуға тиіс. Келтірілген зиянды өтеттіру құқығы айыпталушыда қамауға алу немесе қамауда ұстау мерзімін ұзарту туралы тиісті қаулыда көрсетілген қамауда ұстау мерзімі біткен сәттен, оның күзетпен ұстаудан дереу босатылу құқығы жүзеге асырылатын жағдайларда пайда болады.
Қылмыстық процесті жүзеге асырушы органның заңсыз іс-әрекеттері салдарынан келтірілген зиянды өтеттіру құқығы азамат қайтыс болған жағдайда да сақталады. Бұл құқықты жүзеге асыру оның мұрагерлеріне ауысады. Төленуі тоқтатып қоиылған зейнетақы мен жәрдемақы оларды алу құқығы асыраушысынан айырылуы себепті жәрдемақымен қамтамасыз етудің тәртібі туралы ереже өздеріне қатысты отбасы мүшелеріне көшкен жағдайда қайтадан төлене бастайды.
Қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекеттері салдарынан келтірілген зиян өтелуге тиіс. Мәселен, зиянның өтелуіне талапкер адамның ұстауға, қамауға алуға, үйде қамауда ұстауға, қызметтен уақытша шеттетуге, арнаулы медициналық мекемеге орналастыруға, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануға әкеліп соққан жағдайларды қасақана туғызғаны қылмыстық сот ісін жүргізу барысында дәлелденетін болса, ол аталған іс-әрекеттердің оған заңсыз қолданылғаны созсіз анықталатын болса да, өзіне келтірілген зиянды өтеттіру құқығынан айырылады.
Сонымен бірге ерікті түрде өзіне-өзі жала жабу, зиян келтірілген адам жөнінде қоқан-лоқы, зорлық-зомбылық және нақты немесе басқадай ықпал етудің басқа да заңсыз шаралары қолданылуына байланысты белгілердің болуына жол бермейтінін ескеру қажет. Аталған белгілер бар болған жағдайда адамның келтірілген зиянды өтеттіру құқығы сақталады.

ЗИЯНДЫ ӨТЕУ

Заң шығарушы ақтау процесінде өтелуге жататын зиянның мына түрлерін белгілеген: мүліктік зиян, моральдық зиян, еңбек, зейнетақы, тұрғын үй құқықтары мен өзге де құқықтарды қалпына келтіру. Зиянды өтеу құрметті, әскери, арнаулы немесе өзге де атақтың, сыныптық шеннің, дипломатиялық дәреженің, біліктілік сыныбының қалпына келтірілуін, мемлекеттік наградалардың қайтарылуын көздейді.
Мүліктік зиян төленуі заңсыз тоқтатылған жалақыдан, зейнетақыдан, жәрдемақыңан, қаламақыдан, сыйлықтардан, сондай-ақ қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекеттерінің нәтижесінде адам айырылған өзге де қаражаттар мен кірістерден құралатын ақша сомасының қайтарылуын көздейді. Соттың үкімінің немесе өзге де шешімінің негізінде заңсыз тәркіленген немесе мемлекеттің кірісіне айналдырылған мүлік заттай (бұрын тәркіленген мүліктің өзі, түрі мен сапасы соған ұқсас мүлік түрінде), яки мүліктің адвокаттық құнының ақшалай өтемі түрінде өтелуге тиіс. Мүліктік зиянға соттың заңсыз шешімін орындаудың нәтижесінде өндіріліп алынған айыппұлдар, сондай-ақ сот шығындары және адам қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекеттеріне байланысты төлеген өзге де сомалар жатады. Көрсетілген заңгерлік көмек үшін адам төлеген сомалар, сондай-ақ қылмыстық ізге түсудің салдарынан келтірілген өзге де шығыстар зиянның осы түріне жатады.
Моральдық зиян құқықтары мен бостандықтарына заңсыз қысым жасалған адамның жақсы атағын, қадір-касиетін, беделін қалпына келтіру жолымен өтеледі. Моральдық зиянды екі түрде өтеуге болады: 1) келтірілген зиян үшін адамнан ресми түрде кешірім сұрау; 2) келтірілген моральдық зиян үшін ақшалай өтемақы туралы талапты қанағаттандыру.
Ресми түрде кешірім сұрау адамды даттайтын ақпарат (қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстау, айып тағылуына байланысты қамауға алу, жасамаған қылмысы үшін адамды соттау және т.т.), яки оның атақ-беделіне нұқсан келтірген акпарат (қызметтен уақытша шеттету, адамды медициналық мекемеге мәжбүрлеп орналастыру), қылмыстық процесті жүзеге асырушы органдардың ақтау барысында заңсыз деп танылған іс-әрекеттері жөніндегі өзге де мәліметтер баспа сөзде жарияланған, радио, теледидар арқылы берілген, өзге де бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылған жағдайда орын алуы мүмкін. Сот, қылмыстық ізге түсу органы ақтаған адам сол бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өзінен ресми түрде кешірім сұралуын талап етуге хақылы. Ақталған адам қайтыс болған жағдайда кешірім сұралуын талап ету құқығы сақталады, ол қайтыс болған адамның жақыңдарына көшеді. Талапты қылмыстық процесті жүргізуші органның қоюына және тиісті бұқаралық ақпарат құралына жолдауына болады. Қажетті хабар талап бұқаралық ақпарат құралына келіп түскен күннен бастап бір ай ішінде жасалуға тиіс.
Моральдық зиянның ақшалай өтелуі талап түрінде ресімделіп, азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешіледі.
Адамды ақтау барысында жүзеге асырылған іс жүргізушілік әрекеттер соттың, қылмыстық ізге түсу органының тиісті шешімдері түрінде баянды етіледі. Қылмыстық процесті жүргізуші орган өзінің заңсыз шешімдерінің күші жойылғаны туралы жазбаша хабарды аталған органдардың заңсыз іс-әрекеттері келтірген зиянды өтеттіруге құқығы бар адам жұмыс істейтін, оқитын, тұратын жерлерге екі апта мерзім ішінде жіберуге міндетті. Ондай жазбаша хабардың жіберілуі сракультативтік сипатта болады, өйткені мүдделі адамның осы бөлікте талаптар қоюына байланысты. Егер адам оңдай талаптар қоймаса, жазбаша хабар жіберу міндетті емес.
Келтірілген зиянды өтеу туралы талапты:
мүліктік сипатта —ондай зиянды өтеттіруге құқығы бар адамдар мүліктік зиян үшін өтем түрінде төлемдер жасау туралы қаулыны алған сөттен бастап үш жыл ішінде;
өзге де құқықтарды қалпына келтіру жәнінде —құқықтарды қалпына келтіру тәртібін түсіндіретін хабарлама алынған күннен бастап алты ай ішінде қоюға болады.
Егер талаптар қоюдың заңда белгіленген мерзімдері дәлелді себептермен өткізіп алынған болса, қолданылып жүрген ережелерге сәйкес ол мерзімдерді қалпына келтіруге болады.
Қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекеттері нәтижесінде зиян заңды тұлғаға келтірілуі мүмкін. Зиянды етеу толық келеміңде жүзеге асырылады.

Тергеу іс-әрекеттері ұғымы және жүйесі

Қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес қылмыстық іс бойынша нақты іс жүргізу шегінде тексерілетін кез келген әрекетті, тұтас алғанда, іс жүргізу әрекеттері деп атау қабылданған. Бұл ұғым барынша ықшамдалған түрде ҚІЖК-нің 7-бабының 30-тармағында тұжырымдалған. Онда "іс жүргізу әрекеттері" —осы Кодекске сәйкес қылмыстық сот ісін жүргізу барысында жүргізілетін іс-әрекеттер" деп айтылған. Мұнда алдын ала тергеу мен анықтаудың мазмұнына істің мән-жайларының жиынтығын анықтау, белгілеу және тиянақтату жәніндегі қызмет кіреді (ҚІЖК-нің 7-бабының 15, 16-тармақтары). Осымен қатар, сотқа дейінгі қызмет тәртібін реттейтін нормаларда тергеу іс-әрекеттерін жүргізу туралы нұсқаулар бар. Заң шығарушы тергеу іс-әрекеттері ұғымына жеке немесе арнаулы түсінік бермейді. Алдын ала тергеу ережелерін жасау қисыны іс жүргізу әрекеттері мен тергеу іс-әрекеттері өзара тегі мен түрі ретінде арақатынаста болады деп есептеуге мүмкіндік береді. Бұл тектес ұғым ретінде іс жүргізу әрекеттерінің біз түр ұғымына жатқызатын тергеу әрекеттеріне қарағанда әлдеқайда кең әрі көлемдірек болатынын білдіреді. Басқаша айтқанда, тергеу іс-әрекеттері —бұл іс жүргізу әрекеттерінің түрлері. ҚІЖК-нің талаптарына сай келетін кез келген тергеу әрекеті —бұл әманда да іс жүргізу әрекеті, бірақ көрінген іс жүргізу әрекеті тергеу әрекетіне жата бермейді.
ҚІЖК-нің 122-бабының (іс жүргізу әрекеттерінің хаттамалары туралы) мағынасына қарап, Қылмыстық іс жүргізу кодексінде әрекетті кеңейте түсіндіруге қажетті өдде бір ерекшеліктер мен негіздер жоқ тергеу іс-әрекеттерінің тізбесі берілген деп жорамалдауға болады. Бұл нормада қарап тексеру, куәландыру, алу, тінту, ұстау, мүлікке тыйым салу, хат-хабарларға тыйым салу, хабарларды ұстап алу, телефонмен және басқа сөйлесулерді тыңдау және жазып алу, тануга ұсыну, зерттеу үшін үлгілер алу, мәйітті жерленген жерінен қазып алу (эксгумация), айғақтарды қылмыс болған жерде тексеру, тергеу эксперименті, заттай дәлелдемелерді зерттеу кезінде анықталған, қылмыстық процесті жүргізуші адам тікелей түсінген мән-жайларды куәландыратын тергеу іс-әрекеттерінің хаттамаларыңда тіркелген іс жүзіндегі деректер қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер болып табылатыны баянды етілген. Алайда төмендегі ой-пікірлерге байланысты бұл тізбені мейлінше толық немесе даусыз деп тануға болмайды:
мүлікке тыйым салу азаматтық талап пен мүлікті тәркілеуді қамтамасыз ету үшін арнайы көзделген мөжбүрлеу шарасы болып табылады (ҚІЖК-нің 161, 305-баптары) және қылмыс жасаудың мән-жайларын дәлелдеу мақсаттарына пайдаланыла алмайды;
ҚІЖК-нде хат-хабарларға тыйым салу секілді іс жүргізу әрекеттерін реттеудің белгілі бір тәртібі көзделмеген. Алайда пошта-телеграф жөнелтілімдеріне тыйым салу, оларды қарап тексеру және алу жөнінде норма бар (ҚТЖК-нің 235-бабы), бұл жалпы мағынаны бұзбағанымен, терминологиялық ала-құлалық туғызады;
- ҚІЖК-нде телефонмен және басқа сөйлесулерді тыңдау мен
жазуды реттеу жөнінде сөз болмайды, бірақ сөйлесулерді тыңдау мен
жазу туралы норма бар (ҚІЖК-нің 237-бабы);
ҚІЖК-нде зерттеу үшін үлгілер алу тәртібі туралы нұсқау жоқ. Осымен қатар, ҚІЖК-нің 33-тарауына енгізілген нормалар сарапшылық зерттеулерге қажетті үлгілер алу мәселелерін реттейді. Мұндай алшақтықты ескерудің маңызы бар, өйткені істің материалдарын зерттеу үшін маман қатыстырылады (ҚІЖК-нің 84-бабының 2-бөлігі), ал сараптамалық зерттеуді —сарапшы жүзеге асырады;
ҚІЖК-нде "маман жүргізген бұлтаршас дәлелді зерттеу" секілді дербес іс-әрекет көзделмеген. Зерттеуді дәлелдеу жөніндегі қызметтің бір элементі ретінде қарастыру қабылданған. Маман жүзеге асыратын (ҚІЖК-нің 84-бабы) зерттеу ескертпесін процестің осы қатысушысы құқықтарының бірі ретінде түсіну қажет.
Тергеу іс-әрекеттерінің тізбесі туралы мәселеге неғұрлым өнімді жақтан, атап айтқанда, кейін тергеу іс-әрекеттерінің өзін бөлшектей отырып, іс жүргізу әрекеттері жүйесіне тікелей талдау тұрғысынан қарау үшін келтірілген мән-жайлар толық жеткілікті болып көрінеді. Сонымен, ҚІЖК-нің 122-бабының ережелері тергеу әрекеттерінің тізбесіне қосуға жататын іс жүргізу әрекеттері туралы біраз түсінік береді, бірақ бұл түсінік, біріншіден, мәселені түгел қамтымайды, екіншіден, жекелеген бөліктерінде даулы болып шығады. Осыны негізге ала отырып, тергеу әрекетінің ауқымын ҚЕЖК нұсқауларының белгілі көлемінің талдауына негізделген қисынды жолмен аныктау әрекетін жасауға ұмтылайық. Мұнда мынадай мән-жайлар маңызды болын көрінеді:
- тергеу іс-әрекеттерінің мазмұнына іс жүргізу шешімдері кірмейді, өйткені ҚІЖК-нің 7-бабының 32-тармағына сәйкес шешімдер —бұл құқықты (үкімді, қаулыны, қорытындыны, ұсынысты, санкцияны) қолдану актілері,
- тергеу іс-әрекеттерін жүргізу тергеушінің қызметімен де, алдын ала тергеу сатысымен де шектелмейді. Сотқа дейінгі қызметті
реттейтін нормалар тергеу іс-әрекеттерін тергеушінің, соңдай-ақ анықтау органының, анықтаушының, қажет жағдайларда —прокурордың
жүргізуін көздейді. Істі сотта қарау барысында соттың қаулысы бойынша судья тану, куәландыру, айғақтарды тұрған жерінде тексеру
және нақтылау сияқты әрекеттерді жүргізе алады (ҚІЖК-нің 360-
бабының 1-бөлігі), бұл ҚТЖК-нің 200-бабының 1-бөлігінің мағынасы бойынша тергеу іс-әрекеттеріне жатады;
іс жүргізу әрекеттері кейбір нормаларда тергеу әрекеттері деп тікелей аталған;
іс жүргізу әрекеттерінің белгілі тобын тергеу тобына жатқызу оларды заңда арнайы көзделіп, қылмыстың жасалу мән-жайларын жаңғыртуға және қылмыстың белгілерін қылмыстық жолмен жазаланатын белгілер ретінде дәлелдеуге арналған құралдар ретінде түсінуге бағдарлайды.
Сонымен, тергеу іс-әрекеттері —бұл жүргізетін ісі жасалған қылмыстың сипаты, ауырлығы жөнінде тұтас түсінік қалыптастыруға, қылмыстық заңның нормаларына сәйкес жазалауға жататын нақты адамның айыптылығына көз жеткізуге бағытталған іс жүргізу әрекеттерінің жүйесі.
Келтірілген жалпы ұғым бірқатар қағидалары бойынша эндиклопедиялық анықтамаға сәйкес келеді, олар бойынша "тергеу іс-әрекеттері- тергеушінің, анықтау органының, прокурордың, соттың заңда белгіленген тәртіппен, айғақтарын жинау және тексеру жөніндегі іс-әрекеттер".
Әр түрлі мектептер өкілдерінің пікірлері мынадай жекелеген пікірге саяды. Мәселен, Н.А. Громов былай деп жазады. "Тергеу іс-әрекетін қылмыстық іс жүргізу заңында көзделген және айғақтарды жинап, тексеру мақсаттарында қолданылатын шара ретінде анықтауға болады, мұндай шара іздестіру, танымдық және куәландыратын операциялар мен тәсілдердің жиынтығынан тұрады, ал бұлар әрқайсысыңда қылмыс іздерінің ерекшеліктеріне сай келетін және оңда сақталған айғақтық хабарламаны тиімді байқауға, қабылдауға және тиянақтауға бейімделген жалпы ғылыми таным әдістерінің ұштасуына байланысты. Тергеу іс-әрекеттерінің негізіңде танымдық және куәландыратын мән-мағыналар жатады. Тергеу іс-әрекеттерін тергеуші жүргізетін өзге іс-әрекеттерден ерекшелендіріп тұрған да, міне, нақ осылар". Ол одан әрі былай деп көрсетеді: "Тергеу іс-әрекеті қатаң құқықтық реттеуге бағынған қылмыстық іс-жүргізу қызметінің бастапқы элементі болып табылады. Қылмыстық іс жүргізу заңымен белгіленген тәртіпті бұза отырып жүргізілетін тергеу іс-әрекеттерін айғақтар алу немесе тексеру құралы ретінде қарастыруға болмайды. Осы сияқты, қылмыстық іс жүргізу заңына қатаң сәйкестілікте, бірақ қылмыстық істі тергеумен немесе оны қозғаумен байланыссыз ресімделген тергеу әрекеттеріне жол беруге болмайды".
Г.В. Дроздов осыған ұқсас анықтама береді. Ол, атап айтқанда, былай деп жазады: "Тергеу іс-әрекеті —бұл тергеушінің қылмыстық істің мән-жайларын анықтау үшін маңызы бар іс жүзіндегі мағлұматтарды табуға және тиянақтауға бағытталған, қылмыстық іс жүргізу заңының талаптарына сай жүргізетін іс-әрекеті...
Қылмыстық істі тергеп-тексеру кезінде тергеу іс-әрекеттерінің айғақтарды жинауға арнайы бағыт алуының оларды тергеуші жүргізетін басқа іс жүргізу әрекеттерінен өзгешелігі болады".
МДьяченко бұдан да қатаң анықтама берген: "Айғақтарды жинауға бағытталған іс-әрекеттер заңда тергеу іс-әрекеттері деп аталады...".
Айғақтар негізін қалыптастыру бағыты, айғақтарды жинау, тексеру және тиянақтау түріндегі айқын мақсаттылық, оларды жүргізу рәсімдерін жалпы ережелерге бағындыру, өзге іс жүргізу әрекеттерінен ерекшелендіріп тұратын ерекше белгілердің болуы, іс жүргізу әрекеттерін заңда көзделген нысанда және қылмыстық істі қозғағаннан кейін ғана жүзеге асыру секілді сәттер жоғарыда келтірілген көзқарастар үшін ортақ болып табылады.
Тергеу іс-әрекеттерін мынадай екі әдіспен анықтауға болады: 1) заңның тікелей нұсқауларын негізге алу арқылы; 2) қисынды жіктеу жолымен.
Бірінші әдісті қолдану төмендегі іс жүргізу әрекеттерін тергеу іс-әрекеттеріне жатқызуға мүмкіндік береді:
қарап тексеру, тінту, алу, куәландыру, сезіктілерді ұстау, жауап алу (ҚІЖК-нің 200-бабының 1-бөлігі);
адамның мәйітін тану, қарап тексеру, сарапшынық зерттеу үшін үлгілер алу, мәйітті жерленген жерінен қазып (эксгумация) алу (ҚІЖК-нің 225-бабы);
сөйлесулерді тыңдау мен жазу (ҚІЖК-нің 237-бабының 3-бөлігі).
Іс жүргізу әрекеттері тәртібін реттейтін нормалар ҚТЖК-нің тергеу іс-әрекеттерін жүргізудің жалпы ережелерін баянды ететін баптарына сілтеме жасайтын жағдайларда екінші әдіс қолданылуы мүмкін. ҚТЖК-нің 201 және 203-баптары (тергеу іс-әрекеттерін жүргізудің жалпы ережелері туралы, тиісінше тергеу іс-әрекетінің хаттамасы туралы) осындай реттерде қолданылады.
ҚІЖК-нің 201 және 203-баптарына сілтеме жасау арқылы төмендегідей іс жүргізу әрекеттері реттелген:
жауап алу (ҚІЖК-нің 218-бабының 1-бөлігі);
беттестіру (ҚІЖК-нің 220-бабының 7-бөлігі);
қарап тексеру, куәландыру, мәйітті жерленген жерінен қазып алу (ҚІЖК-нің 227-бабының 1-бөлігі);
тану үшін көрсету (ҚІЖК-нің 229-бабының 13-бөлігі);
тінту, алу (ҚІЖК-нің 234-бабының 1-бөлігі);
оқиға болған жерде айғақтарды тексеру және нақтылау (ҚІЖК-нің 238-бабының 8-бөлігі);
тергеу эксперименті (ҚІЖК-нің 239-бабының 6-бөлігі);
сарапшылық зерттеу үшін үлгілер алу (ҚІЖК-нің 264-бабының 2-бөлігі).
Экстраполяция (ерекше мұқият өңдеу) секілді қисынды тәсіл де осы әдіске жатады. Оны осы мәселеге қатысты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық іс жүргізу құқығы бойынша дәрістер
АЛҚАБИЛЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН СОТ ІСІНЕ ПРОКУРОРДЫҢ ҚАТЫСУЫ
Қылмыстық іс жүргізу заңы, ізгілік және тергеу тактикасы
«Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау органдары» пәнінен дәрістер
Қазақстанның құқықтық саясатының тұжырымдамасы негізіндегі атқару ісін дамытудың құқықтық
Төрағалық етушінің қылмыстық істер жөніндегі процессуалдық жағдайы
ҚР сот билігінің басқа да мемлекет өкілдерімен өзара байланыс жасау мәселелері
Қазақстан Республикасындағы сот билігінің ұйымдық - құқықтық қағидалары жəне оларды жүзеге асырудағы мəселелері
Алдын ала тергеу органдары
Қылмыстық процеске қатысушылардың ұғымы, мәні
Пәндер