Мемлекет жəне құқық теориясының жалпы сипаттамасы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 99 бет
Таңдаулыға:
Мемлекет жəне құқық теориясының Жалпы сипаттамасы
1. Мемлекет жəне құқық теориясының анықтамасы.
2. Мемлекет жəне құқық теориясының ерекшеліктері.
3. Мемлекет жəне құқық теориясының функциялары.
1. Мемлекет жəне құқық теориясының анықтамасы. Мем-
лекет жəне құқық теориясы - бұл мемлекет пен құқықтың жалпы
заңдылықтары туралы, олардың мəні, мақсаты жəне қоғамдағы
дамуы туралы жалпыланған білімдер жүйесі.
2. Ғылым ретіндегі мемлекет жəне құқық теориясының
ерекшеліктері мынада:
Біріншіден, ол қоғамдық ғылым болып табылады, оның пəнін
қоғамдық құбылыстар - мемлекет пен құқық құрайды. Бұл ерек-
шелігі арқылы мемлекет жəне құқық теориясы бірқатар басқа
ғылымдардан (жаратылыстану, техникалық жəне т. б. ) ерекшеле-
неді.
Екіншіден, ол саяси-заңды ғылым бола тұрып, мемлекеттің
биліктік қызметі, саясаты саласымен тікелей қатысты қоғамдық
құбылыстарды зерттейді. Бұл ерекшелігі арқылы мемлекет жəне
құқық теориясы мемлекеттік-құқықтық құрылымды тікелей
зерттемейтін басқа қоғамдық ғылымдардан ерекшеленеді.
Үшіншіден, ол жалпы теориялық ғылым бола тұрып, мемлекет
пен құқықтың негізгі жəне жалпы заңдылықтары мен сипаттарын
зерттейді. Бұл ерекшелігі арқылы ол арнайы заң ғылымдарынан
ерекшеленеді.
Төртіншіден, ол əдістемелік сипаттағы ғылым болып табы-
лады. Мемлекеттік-құқықтық құрылымның жалпы заңдылықта-
рын көрсете отырып, ол мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды
меңгеру əдісі мəселесін қарастырады.
3. Мемлекет жəне құқық теориясының функциялары. Мем-
лекет жəне құқық теориясының үш негізгі функциясы бар:
1. Теориялық-танымдық функция - мемлекеттік-құқықтық құ-
былыстарды тек сыртқы, техникалық-заңды жағынан ғана емес,
сонымен қатар, олардың заңдылықтары, терең, мəндік белгілері
тұрғысынан да ғылыми түсіндіруге негізделген. Бұл, өз кезегінде,
ғылыми болжамдау міндеттерін шешуді, мемлекеттік-құқықтық
құбылыстардың дамуының басымдылықтары мен бағыттары ту-ралы ғылыми болжамдарды қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
2. Тəжірибелік-қолданбалы функция. Мемлекет жəне құқық
теориясы, басқа да заң ғылымдары сияқты, мемлекеттің қызметін
жетілдіруге, заңнама мен оны қолдану тəжірибесін жақсартуға
жəне дамытуға бағытталаған ұсыныстар жасауға қызмет етеді.
3. Тəрбиелік функция. Мемлекет жəне құқық теориясы құқық-
тық тəрбиелеу мəселелерін шешуге, адамдарда демократия, тұлға-
ның құқықтары мен бостандықтары, заңдылық, тəртіп жəне т. б.
күрделі мəселелерге қатысты шынайы ғылыми көзқарастардың
қалыптасуына жəрдемдесуі қажет.
№ 1 кесте
Мемлекет жəне құқық теориясы - мемлекет пен құқықтың олардың қоғамдағы
мəні, мақсаты жəне дамуы туралы негізгі жəне жалпы заңдылықтары туралы
жалпыланған білімдер жүйесі
Қоғамдық
ғылым
Саяси-заңды
ғылым
Жалпы теориялық
ғылым
Əдістемелік
ғылым
Мемлекет жəне құқық теориясының функциялары
Теориялық-
танымдық
Тəжірибелік-қолданбалық Тəрбиелік 2 тақырып.
МЕМЛЕКЕТ ЖƏНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ
ПƏНІ МЕН ƏДІСТЕРІ
1. Мемлекет жəне құқық теориясының пəні.
2. Мемлекет жəне құқық теориясының əдістері.
3. Гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі мемлекет жəне құқық
теориясы.
4. Заң ғылымдары жүйесіндегі мемлекет жəне құқық теория-
сының орны.
1. Мемлекет жəне құқық теориясының пəні. Əрбір ғылым-
ның өз зерттеу пəні болады. Ол дегеніміз осы ғылымның объек-
тивтік шындықты зерттеу жағы. Мемлекет жəне құқық теория-
сының пəні болып мемлекет жəне құқықтың пайда болуы, дамуы
мен қызмет етуінің жалпы заңдылықтары мен заң ғылымдарының
негізгі түсініктерінің жүйесі табылады. Бұл жерде ерекше атап
өтетін жайт, мемлекет жəне құқық теориясы нақты бір мемлекет
пен құқықтың емес, жалпы мемлекеттіліктің пайда болуы, дамуы
мен қызмет етуін, сонымен қатар, жалпы заң ғылымдарына тəн
құқық нормасы, құқықтық қатынас, құқық субъектісі жəне т. б.
сияқты түсініктерді зерттейді.
2. Мемлекет жəне құқық теориясының əдістері. Ғылым əдісі
- бұл пəнді түсінуге мүмкіндік беретін тəсілдер мен бағыттардың
жиынтығы. Мемлекет жəне құқық теориясы өз пəнін зерттеу үшін
көптеген əдістерді қолданады. Олардың ішінен мыналарды ерекше
атауға болады:
1. Жалпы əдістер - ойлаудың кешенді қағидаларын көрсететін
философиялық, дүниетанымдық бағыттар. Оларға мыналар жатады:
а) метафизика. Ол мемлекет пен құқықты мəңгілік жəне
өзгермейтін институттар ретінде қарастырады;
ə) диалектика. Өз ішінде материалистік жəне идеалистік болып
бөлінеді. Материалистік диалектика бұл құбылыстарды қоғамдағы
əлеуметтік-экономикалық өзгерістермен, нақты айтқанда, жеке
меншіктің пайда болуымен жəне қоғамның таптарға бөлінуімен
байланыстырады, яғни, мемлекет пен құқық нақты бір тарихи
кезеңге сəйкес, бір-бірімен байланыстылықта, даму барысында
қарастырылады. Идеалистік диалектика, өз кезегінде, объективтік
жəне субъективтік идеализм болып екіге бөлінеді. Объективтік
идеализм мемлекет пен құқықтың пайда болу себептері мен өмірсүру жағдайын құдайдың күшімен, ал субъективтік идеализм
адамның санасымен байланыстырады.
2. Жалпы ғылыми əдістер - жалпы əдістер сияқты бүкіл ғы-
лыми танымды толығымен қамтымайды, оның жекелеген кезең-
дерінде ғана қолданылады. Оларға мыналар жатады:
а) талдау - күрделі мемлекеттік-құқықтық құбылысты шартты
түрде жекелеген бөліктерге бөлу;
ə) синтез - құбылысты оның құрамдас бөліктерін шартты түр-
де біріктіре отырып зерттеу;
б) жүйелік əдіс - объектінің тұтастығын ашуға, ондағы əртүрлі
байланыс түрлерін анықтауға бағыттайды;
в) функционалды əдіс - бір əлеуметтік құбылыстардың екінші-
леріне қатысты функцияларын анықтауға бағыттайды.
3. Жеке ғылыми əдістер - мемлекет жəне құқық теориясының
техникалық, жаратылыстану жəне гумантарлық ғылымдардың
ғылыми жетістіктерін қабылдауы нəтижесінде пайда болатын
əдістер. Оларға мыналар жатады:
а) нақты-əлеуметтанушылық əдіс - сұраудың, бақылаудың,
сұхбаттасудың жəне т. б. тəсілдердің көмегімен мемлекеттік-құ-
қықтық саладағы субъектілердің іс жүзіндегі жүріс-тұрысы тура-
лы мəліметтер алуға мүмкіндік береді;
ə) статистикалық əдіс - нақты бір мемлекеттік-құқықтық
құбылыстың сандық көрсеткіштерін алуға мүмкіндік береді;
б) кибернетикалық əдіс - кибернетиканың түсініктері, заңдары
жəне техникалық құралдарының жүйесі арқылы мемлекеттік-
құқықтық құбылыстарды тануға мүмкіндік береді.
4. Жеке құқықтық əдістер - тек заң ғылымдарына ғана тəн
болып келеді, оларға мыналар жатады:
а) формалды-заңды əдіс - заң түсініктерін, олардың белгілерін
анықтауға, түрлендіруді жүзеге асыруға, құқықтық ережелердің
мазмұнын түсіндіруге жəне т. б. мүмкіндік береді;
ə) салыстырмалы-құқықтық əдіс - əртүрлі құқықтық жүйелерді
не олардың жекелеген элементтерін олардың жалпы жəне арнайы
қасиеттерін анықтау мақсатында салыстыруға мүмкіндік береді.
3. Гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі мемлекет жəне
құқық теориясы. Өз жиынтығында ғылым жүйесін құрайтын
ғылыми пəндерді шартты түрде үш топқа бөлуге болады: 1) тех-
никалық ғылымдар; 2) жаратылыстану ғылымдары; 3) гумани-
тарлық ғылымдар.
Гуманитарлық ғылымдар қоғамды, адамды, əлеуметтік қаты-настар мен институттарды зерттейді. Заң ғылымдары - гуманитар-
лық ғылымдардың бір түрі, себебі, мемлекет пен құқық əлеуметтік
институттар болып табылады. Заң ғылымдарын мынадай түрлерге
бөлуге болады:
- мемлекет жəне құқық теориясы;
- тарихи-құқықтық ғылымдар (мемлекет жəне құқық тарихы,
саяси жəне құқықтық ілімдер тарихы) ;
- салалық заң ғылымдары (конституциялық, азаматтық,
қылмыстық жəне т. б. құқық салалары) ;
- қолданбалы ғылымдар (криминалистика, сот медицинасы, сот
психиатриясы жəне т. б. ) .
Мемлекет жəне құқық теориясы гуманитарлық ғылымдар жүй-
есінде бола тұра, философиямен, əлеуметтанумен, саясаттанумен
жəне т. б. тығыз байланысқа түседі. Солай, философияның кө-
мегімен мемлекет жəне құқық теориясының дүниетанымдық ба-
ғыттары қалыптасады, оның нəтижесінде мемлекеттік-құқықтық
шындықты танудың жалпы əдістемесі қалыптасады. Өз кезегінде,
мемлекет жəне құқық теориясы кеңейтілген философиялық
жалпылаулар үшін нақты материалдар береді.
4. Заң ғылымдары жүйесіндегі мемлекет жəне құқық Тео-
риясының орны. Заң ғылымдары жүйесіндегі мемлекет жəне
құқық теориясының орнын оның тарихи-құқықтық ғылымдармен
арақатынасын мысалға ала отырып қарастыруға болады. Мем-
лекет жəне құқық теориясы мен тарихи-құқықтық ғылымдарға тəн
ортақ белгі - олар мемлекет пен құқықты зерттейді. Ал айырма-
шылықтары мынада - тарихи-құқықтық ғылымдар мемлекеттік-
құқықтық құбылыстардың даму үдерісін хронологиялық тəртіпте
зерттесе, мемлекет жəне құқық теориясы бұл үдерістерге жалпы
сипаттама береді, мемлекет пен құқықтың мəнін, олардың қызмет
ету заңдылықтарын жəне т. б. зерттейді.
Салалық заң ғылымдарына қатысты мемлекет жəне құқық
теориясы жалпылаушы сипатты иеленеді; ол мемлекет пен құ-
қықтың пайда болуы, қызмет етуі мен дамуының жалпы заңды-
лықтарын зерттейді. Ал кез-келген салалық ғылымның пəні қо-
ғамдық қатынастардың тек нақты бір саласымен ғана байланысты
болады. Сонымен қатар, мемлекет жəне құқық теориясы барлық
салаларға ортақ мəселелерді зерттейді, яғни, мемлекет жəне құқық
теориясының түсініктері мен институттарының негізінде салалық
заң ғылымдарының түсініктері мен институттары қалыптасады. № 2 кесте
№ 3 кесте
Ме м л е к е т жəне құқық теориясының пəні - мемлекет пен құқықтың пайда
болуының, əрекет етуінің жəне дамуының жалпы заңдылықтары
Ме м л е к е т жəне құқық теориясының əдістері - бұл пəнді тануға бағытталған
əдістер мен тəсілдер
Жалпы əдістер
Метафизика
Диалектика
Материалис-
тік
Идеалистік
Ортақ ғылыми
əдістер
Анализ
Синтез
Жүйелік
Функцио-
налдық
Жеке ғылыми
əдістер
Нақты-
əлеуметтік
Статистика-
лық
Тарихи жəне
т. б.
Жеке құқықтық
əдістер
Формальды
заңдық
Салыстыр-
малы
құқықтық
Заң ғылымдарының жүйесі
Жалпы теориялық заң ғылымы
↓
мемлекет жəне құқық теориясы
Мемлекет пен құқық туралыжалпы тарихи ғылымдар
↓
- Мемлекет жəне құқық тарихы;
- Саяси жəне құқықтық ілімдер тарихы;
Салалық заң ғылымдары
↓
- Конституциялық құқық;
- Əкімшілік құқық;
- Азаматтық құқық;
- Қылмыстық құқық жəне т. б.
Қолданбалы заң ғылымдары
↓
- Криминалистика;
- Сот медицинасы;
- Сот психиатриясы жəне т. б. 3 тақырып.
МЕМЛЕКЕТТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ
1. Мемлекетке дейінгі кезеңдегі əлеуметтік билікке жалпы
сипаттама.
2. Мемлекеттің пайда болу себептері.
3. Мемлекеттің пайда болу нысандары.
1. Мемлекетке дейінгі кезеңдегі əлеуметтік билікке жалпы
сипаттама. Мемлекетке дейінгі кезеңдегі əлеуметтік биліктің
ерекшеліктері болып мыналар табылады:
- ол тек бір ру көлемінде ғана таралды, оның еркін білдірді
жəне қандық туыстыққа негізделді;
- тікелей қоғамдық болып табылды, алғашқы қауымдық
демократияның, өзін-өзі басқарудың бастамаларының негізінде
қалыптасты;
- бұл биліктің биліктік органдары ретінде рулық жиналыстар,
ақсақалдар, əскербасылары жəне т. б. қызмет етті, олар алғашқы
қауымдық қоғамның өмір сүруінің маңызды мəселелерін шешіп
отырды.
2. Мемлекеттің пайда болу себептері. Мемлекеттің пайда бо-
луы туралы мəселе даулы болып табылады, себебі, этнография
жəне тарих ғылымдары оның пайда болуы туралы күннен-күнге
жаңа мəліметтер беруде. Мемлекеттің пайда болу себептері тура-
лы бірқатар теориялар бар, олардың негізгілері болып мыналар
табылады:
1. Діни теория - мемлекеттің, мемлекеттік биліктің пайда
болуының құдайлық бастамасын негізге алады, «барлық билік
құдайдан» деген тұжырымдаманы бекітіп, жақтайды. Өзінің діни
мазмұнына қарамастан, бұл теория бірқатар шынайы жағдайларды
көрсетеді, нақты айтқанда, алғашқы мемлекеттердің теократиялық
нысандарын-абыздар билігін, шіркеудің ролін, діни жəне
əкімшілік орталықтар арасындағы билік бөлінісін. Бұл теорияның
көрнекті өкілдерінің бірі - Фома Аквинский.
2. Патриархалды теория - мемлекеттің пайда болуын отба-
сымен байланыстырады, ал мемлекет басшысының билігін отбасы
мүшелерінің алдындағы əке билігінен туындатады. Бұл теория
патшаның шексіз билігін негіздеуге бағытталған, ал бұл биліктің
қайнар көзі ретінде құдайды емес, отбасындағы əкенің, пат-риархтың шексіз билігі орын алған отбасы нысанын таниды. Бұл
теория Грецияда пайда болған, өз негіздемесін Аристотельдің
еңбектерінен иеленсе, өз дамуын ағылшын ғалымы Филмердің ең-
бектерінен тапты.
3. Шартты теория - ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда кеңінен таралған.
Оны жақтаушылардың қатарынан Голландияда Гуго Гроций мен
Спиноза, Англияда Д. Локк пен Т. Гоббс, Францияда Ж. -Ж. Руссо,
Ресейде А. Радищев орын алды. Мысалы, А. Радищевтің ойынша,
билік халыққа тиесілі, алайда ол мемлекет басшысына берілген
жəне оны халық бақылауы тиіс. Шарттық теорияға сəйкес, мем-
лекет шарт нəтижесі ретінде пайда болады, оның қатысушылары
болып адамдар табылады, олар шарттың негізінде өз бостан-
дықтарының, өз билігінің бір бөлігін мемлекетке береді.
4. Күштеу теориясы - мемлекеттің пайда болу негізі ретінде
күштеу əрекетін, бір халықтың екінші халықты жаулауын таниды.
Жауланған халықтың үстінен билікті бекіту үшін, оған күштеу
жүргізу үшін мемлекет құрылады. Күштеу теориясы ХІХ ғасырда
пайда болды, оның өкілдері - Л. Гумплович, К. Каутский, Е. Дюринг.
5. Психологиялық теория - мемлекеттің пайда болуын адам
психикасының көріністерімен: бағыну қажеттігімен, еліктеумен,
алғашқы қауымдық қоғамның жоғарғы топтарына тəуелділікті
сезінумен, белгілі бір əрекет түрлерінің əділдігін түсінумен жəне
т. б. байланыстырады. Психологиялық теорияның өкілдерінің қата-
рынан Л. Петражицкий мен Г. Тардты атауға болады.
6. Органикалық теория. Бұл теорияның өкілдері Г. Спенсер,
Вормс, Х. Прейс мемлекетті ағза ретінде түсіндіреді. Оның бө-
ліктері арасындағы тұрақты байланыстар тірі ағзаның бөліктері
арасындағы байланысқа теңестіріледі, яғни, мемлекет - биология-
лық дамудың бір түрі ретінде көрініс табатын əлеуметтік даму
өнімі. Биологиялық ағзаның бір түрі ретінде мемлекеттің өз миы
(басшы) мен оның шешімдерін жүзеге асыру құралдары (халық)
болады.
7. Ирригациялық теорияға сəйкес мемлекеттердің алғашқы қа-
наушы нысандарының пайда болуы шығыстық аграрлық аймақ-
тардағы ірі ирригациялық құрылыстарды жүргізу қажеттігімен
байланысты. Бұл теория қазіргі кездегі неміс ғалымы К. -А. Вит-
тфогельдің еңбектерінен айрықша көрініс тапқан.
8. Материалистік теория - мемлекеттің пайда болуын əлеумет-
тік-экономикалық факторлармен, яғни, жеке меншіктің пайда
болуымен жəне қоғамның таптарға бөлінумен, байланыстырады. Бұл теорияның өкілдері - К. Маркс, Ф. Энгельс, В. И. Ленин -
мемлекет бір таптың екінші таптың үстінен үстемдігін сақтау жəне
бекіту, қоғамның біртұтас ағза ретінде өмір сүруі мен қызмет
етуін қамтамасыз ету мақсаттарында пайда болған деп санайды.
3. Мемлекеттің пайда болу нысандары. Мемлекеттің қалып-
тасуы - əртүрлі халықтарда түрліше жүзеге асқан ұзақ үдеріс.
Шығыста «өндірістің азиялық тəсілі» (Египет, Вавилон, Үн-
дістан, Қытай жəне т. б. ) нысаны кеңінен таралды. Бұл жерде
рулық құрылымның əлеуметтік-экономикалық бөліктері - жердік
үлес, ұжымдық меншік жəне т. б. тұрақты сипатты иеленді. Ежелгі
Шығыста пайда болған алғашқы мемлекеттер ауылдық қауым-
дастықтарды қанай отырып, оларды басқарды, яғни, өндірісті
ұйымдастырушы ролін атқарды.
Афины мен Римде мемлекеттің пайда болу бағыты басқаша
жолмен жүзеге асырылды, бұларда құлиеленушілік мемлекет
меншіктің пайда болуы жəне қоғамның таптарға бөлінуі негізінде
пайда болды. Афины - мемлекеттің пайда болуының ең таза,
классикалық нысаны, себебі, мемлекет рулық құрылым ішіндегі
таптық қарама-қайшылықтардың негізінде пайда болады. Римде
мемлекеттің пайда болуы плебейлердің римдік аристократтар -
патрицийлерге қарсы күресінің нəтижесінде тездетілді.
Ежелгі герман мемлекетінің пайда болуы көптеген жерлерді
алып жатқан бөтен аумақтарды жаулап алумен байланысты, бұл
жерлерге үстемдік орнатуда рулық қоғам əлсіз болды, сол себепті,
мемлекеттің пайда болу қажеттігі туды.
Барлық нысандағы мемлекеттердің пайда болуына негіз болып
10-12 мың жылдар бұрынғы неолиттік революция табылды. Оның
мəні мынада: өз қажеттіктерін қанағаттандыру мақсатында адам
дайын өсімдік жəне жануарлық нысандарын иемденумен
байланысты құралдық қызметтен табиғатты өзгертумен жəне азық
дайындаумен байланысты шынайы еңбек қызметіне ауысты, яғни,
иемденушіден өндіруші экономикаға өту орын алды.
Сонымен, мемлекет объективтік түрде, сырттан емес, ішкі
факторлардың негізінде пайда болады. № 4 кесте
Алғашқы қауымдық қоғамдағы биліктің ерекшеліктері
Билік рулық қауымнан, рудың барлық ересек мүшелерінен
туындайды
Ақсақалдар əскери қолбасшылар, абыздар ру мүшелерінің
жиналысымен сайланатын болды, олар биліктік
функцияларды ру мүшелерінің жиналысының
бақылауымен жүзеге асырды, жəне кез келген уақытта
жиналыс мүшелерімен орындарынан алынуы мүмкін
болатын
Тек қана басқарумен айналысатын арнайы аппарат
болған жоқ
Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар
№ 5 кесте
Теологиялық - биліктің құдайдан пайда болғандығы туралы пайымдайды
Фома Аквинский
Патриархалды - мемлекеттің пайда болуын тікелей жанұяның таралуымен
байланыстыра қарастырады
Аристотель, Филмер
Шарттық - мемлекет қоғамдық шарт негізінде пайда болды
Г. Гроций, Т. Гоббс, Ж. -Ж. Руссо, А. Радищев
Күштеу теориясы - мемлекет ішкі (экономикалық жəне саяси) жəне сыртқы күштеу
(біреудің екіншісін жаулап алуы) нəтижесінде пайда болады
Е. Дюринг, Л. Гумплович, К. Каутский
Психологиялық - мемлекет адамдардың ұйымдасқан қоғам ұжымдық арақатынас
аясында өмір сүру жөніндегі психологиялық қажеттіліктері нəтижесінде пайда болды
Л. Петражицкий, Г. Тард
Органикалық - қоғам мен мемлекет, тірі адам ағзасы тірі жасушалардан тұратын сияқты,
адамдардан құралатын қоғамдық ағзаны білдіреді
Г. Спенсер, Х. Прейс
Ирригациялық - мемлекеттің пайда болуы шығыс аграрлық облыстарда ірі
ирригациялық құрылымдарды салу қажеттілігімен байланыстырылады
К. -А. Виттфогель
Материалистик (таптық) - мемлекеттің пайда болуы əлеуметтік-экономикалық
факторлармен, яғни жеке меншіктің пайда болуымен жəне қоғамның таптарға
бөлінуімен байланыстырылады
К. Маркс, Ф. Энгельс, В. И. Ленин4 тақырып.
МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҮСІНІГІ ЖƏНЕ МƏНІ
1. Мемлекеттің түсінігі жəне белгілері.
2. Мемлекеттік билік əлеуметтік биліктің ерекше түрі ретінде.
3. Мемлекеттің мəні.
1. Мемлекеттің түсінігі жəне белгілері. Мемлекет - бұл ар-
найы басқару жəне мəжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі бола
тұра, оны басқаратын жəне оның дамуын қамтамасыз ететін, бұқа-
ралық биліктің саяси-аумақтық, егеменді ұйымы.
Мемлекетті рулық құрылымдағы əлеуметтік биліктен ажыра-
татын төмендегідей белгілері болады:
1. Бұқаралық биліктің болуы. Міндетті түрде мемлекеттің бас-
қару жəне мəжбүрлеу аппараты болуы тиіс, себебі, бұқаралық
билік - бұл шенеуніктер, əскер, полиция, түрме мен басқа да меке-
мелер.
2. Аумақтық бөлініс. Мемлекет өз аумағында өмір сүруші бар-
лық адамдарды өз билігімен жəне қорғау арқылы біріктіреді.
3. Салықтар жүйесі. Олар мемлекеттік аппараттың өмір сүруін
қамтамасыз ету үшін қажет.
4. Егемендік. Бұл мемлекетке тəн өз аумағындағы үстемдік пен
халықаралық қатынастардағы тəуелсіздік.
5. Құқықтың болуы. Мемлекет құқықсыз өмір сүре алмайды,
себебі, құқық мемлекеттік билікті заңдастырады.
2. Мемлекеттік билік əлеуметтік биліктің ерекше түрі ре-
тінде. Мемлекеттік билікке сипаттама берместен бұрын əлеу-
меттік билікке анықтама беріп алу қажет. Əлеуметтік билік - бұл
адамдарың кез-келген бірігуіне тəн үстемдік пен бағынушылық
қатынастары, бұл кезде бір тұлғалардың - билік құрушылардың -
еркі мен əрекеттері басқа тұлғалардың - бағынушылардың - еркі
мен əрекеттеріне үстемдік құрады. Əлеуметтік билік кез-келген
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz