Тергеу іс-әрекеттері. Тергеу іс-әрекеттерінің тәртібі, ұғымы



1. Тергеу іс.әрекеттерінің тәртібі, ұғымы
2. Тергеу іс.әрекеттерінің түрлері
3. Атқарушылық ісжүргізудің заңдылығына прокурорлық
қадағалаудың маңызы мен мақсаты.
4. Прокурордың өкілеттігі.
5. Азаматтық және өзге істер жөніндегі сот шешімдерін атқару заңдылығына прокурорлық қадағалаудың маңызы мен мақсаты.
Тергеу іс-әрекеттері ұғымы. Қылмыстық, іс бойынша тергеудің негізгі мазмұны деп қылмыстық іс жүргізу дәлелдемесі танылады, себебі, тергеушінің қызметі заңмен белгіленген іс жүргізу нысанында жүзеге асады.
Тергеу іс-әрекеттері — бұл тергеушінің немесе анықтау органының қылмыстық іс жүргізу заңының талаптарына сәйкес жүргізілетін іс жүргізу әрекеттері. Бұл әрекеттер қылмыстық істі объективті және толық анықтау үшін маңызы бар дәлелдемелерді тексеру, қорыту, жинау жолымен фактілі мәліметтерді белгілеуге бағытталады.
Басқа іс жүргізу әрекеттерімен салыстырғанда тергеу әрекеттері мынадай белгілермен сипатталады:
а) олар анықтау, тергеу органдары, тергеуші, анықтаушы үшін
танымдық сипатқа ие болады;
б) алдын ала тергеу немесе қайтадан ашылған жағдайына
байланысты қылмыстық істі тергеу сатыларында ғана
тергеу әрекеттерін жүргізу;
в) бұл қызмет тек тергеу әрекеттері өндірісінің тәртібін
реттейтін іс жүргізу заңы негізінде жүзеге асады (жинау,
қоры¬ту, дәлелдемелерді алу);
Ережеге сай, заң әдебиеттерінде тергеу әрекеттері екі топқа бөлінеді:
а) дәлелдемелерді бекіту, тексеру, жинауға бағытталған тер¬геу іс-әрекеттері (қарау, тінту, алу, тергеу эксперименті, тану, т.б.);
б) алдын ала тергеу ісіне қатысушы адамдардың құқығын қамтамасыз етуге бағытталған тергеу іс-әрекеттері (мысалы, айыпталушыға іс бойынша өтініштерді, шағымдарды қарау, жәбірленушінің іске қатысты барлық материалдармен танысу құқығын түсіндіру).
Тергеу іс-әрекеті өндірісініц тәртібі. ҚР ҚІЖК 201-бабында белгіленген жалпы ережелер негізінде жүзеге асады. Тергеу іс-әрекеттерін тек қылмыстық іс қозғалғаннан кейін арнайы өкілетті органдар мен лауазымды адамдар жүргізеді (ҚР ҚІЖК 221-бап).
Барлық тергеу әрекеттері нақты және заңды негіздемелер болған кезде ғана жүргізіледі.
Нақты негіздемелер — бұл белгілі бір қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттерін орындау қажеттілігі мен мүмкіндігі растайтын нақты мәліметтердің жиынтығы (ҚР ҚІЖК.200-бап).
Заңды негіздеме — белгілі бір қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттерін орындайтын адамның заңды күшінің жиынтығы.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ТЕРГЕУ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ
Тергеу іс-әрекеттерінің тәртібі, ұғымы
Тергеу іс-әрекеттері ұғымы. Қылмыстық, іс бойынша тергеудің негізгі
мазмұны деп қылмыстық іс жүргізу дәлелдемесі танылады, себебі, тергеушінің
қызметі заңмен белгіленген іс жүргізу нысанында жүзеге асады.
Тергеу іс-әрекеттері — бұл тергеушінің немесе анықтау органының
қылмыстық іс жүргізу заңының талаптарына сәйкес жүргізілетін іс жүргізу
әрекеттері. Бұл әрекеттер қылмыстық істі объективті және толық анықтау үшін
маңызы бар дәлелдемелерді тексеру, қорыту, жинау жолымен фактілі
мәліметтерді белгілеуге бағытталады.
Басқа іс жүргізу әрекеттерімен салыстырғанда тергеу әрекеттері мынадай
белгілермен сипатталады:
а) олар анықтау, тергеу органдары, тергеуші, анықтаушы үшін
танымдық сипатқа ие болады;
б) алдын ала тергеу немесе қайтадан ашылған жағдайына
байланысты қылмыстық істі тергеу сатыларында ғана
тергеу әрекеттерін жүргізу;
в) бұл қызмет тек тергеу әрекеттері өндірісінің тәртібін
реттейтін іс жүргізу заңы негізінде жүзеге асады (жинау,
қорыту, дәлелдемелерді алу);
Ережеге сай, заң әдебиеттерінде тергеу әрекеттері екі топқа бөлінеді:
а) дәлелдемелерді бекіту, тексеру, жинауға бағытталған тергеу іс-
әрекеттері (қарау, тінту, алу, тергеу эксперименті, тану, т.б.);
б) алдын ала тергеу ісіне қатысушы адамдардың құқығын қамтамасыз етуге
бағытталған тергеу іс-әрекеттері (мысалы, айыпталушыға іс бойынша
өтініштерді, шағымдарды қарау, жәбірленушінің іске қатысты барлық
материалдармен танысу құқығын түсіндіру).
Тергеу іс-әрекеттерінің түрлері. Тергеу әрекеттерінің түрлеріне
мыналар жатады:
1) қарау;
2) күдіктіні ұстау;
3) жауап алу;
4) беттестіру;
5) тінту;
6) алу;
7) тану үшін көрсету;
8) куәландыру;
9) сараптама тағайындау;
10) тергеу эксперименттері;
11) іс болған жерді көрсетуін тексеру
12) салыстырмалы зерттеу үшін үлгі алу;
13) мәйіт эксгумациясы;
14) телефон жоне басқа да сөйлесулерді тыңдау;
15) пошта және телеграф жөнелтілімдерін тұтқындау;
16) мүлкін тұтқындау.
Келтірілген тергеу әрекеттерінің түрлері жеткілікті, толық деп
саналады.

Тергеу іс-әрекеттерінің түрлері
Тергеу іс-әрекеті өндірісініц тәртібі. ҚР ҚІЖК 201-бабында белгіленген
жалпы ережелер негізінде жүзеге асады. Тергеу іс-әрекеттерін тек қылмыстық
іс қозғалғаннан кейін арнайы өкілетті органдар мен лауазымды адамдар
жүргізеді (ҚР ҚІЖК 221-бап).
Барлық тергеу әрекеттері нақты және заңды негіздемелер болған кезде
ғана жүргізіледі.
Нақты негіздемелер — бұл белгілі бір қылмыстық іс бойынша тергеу
әрекеттерін орындау қажеттілігі мен мүмкіндігі растайтын нақты
мәліметтердің жиынтығы (ҚР ҚІЖК.200-бап).
Заңды негіздеме — белгілі бір қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттерін
орындайтын адамның заңды күшінің жиынтығы.
Кейде тергеу әрекеті өндірісі туралы шешім қаулы (тінту) түрінде, ал
кейде хаттама түрінде (күдіктіні ұстау) көрініс табады.
Бірқатар тергеу әрекеттерін анықтау барысында куәгерлердің және заңмен
көзделген адамдардың қатысуы талап етіледі (тінту, қарау, алу, куәландыру,
тергеу экспериментін тану).
Тергеу әрекеттері барысында ғылыми-техникалық кұралдар мен жабдықтарды
қолдану мүмкіндігі туындайтын кездер болады. Бұндай жағдайда ол туралы
тергеу әрекеті басталмас бұрын қатысушылардың барлығына хабарлануы керек
(ҚР ҚІЖК 201-бап 3-бөлік).
Тергеу әрекеттері өндірісіне арнаулы танымы мен іскерлігін қолдана
отырып бұл құралдармен іске көмек көрсету мақсатында маман қатысуы мүмкін
және аудармашы, педагог, қорғаушы қатысуы мүмкін.
Тергеу әрекеттерінің нәтижесі бойынша хатғама толтырылады, яғни арнайы
формасы бар, тергеу әрекетінің нәтижесі, мазмұны, фактісі көрсетілген
жазбаша құжат толтырылады (ҚР Қ1ЖК 203-бап).
Тергеу әрекеттері өндірісінің негізділігіне, заңдылығына және
уақытысында өткізілуіне жауапты болу қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізетін
адамға міндеттеледі.
Куә мен жәбірленушіден жауап алу. Куә мен жәбірленушіден жауап алу —
алдын ала тергеу немесе сот талқылау кезінде, анықтау процесінде, жауап алу
кезінде олардың жазбаша не ауызша түрде берген хабарламаларынан мәлімет алу
мақсатында жүргізілетін тергеу әрекеті.
Куә мен жәбірленушіден жауап алу іс қозғалғаннан кейін және тергеу
әрекеті өндірісі басталған сәттен бастап жүргізіледі.
Куә — бұл іске қатысты қандай да бір жағдаймен таныс адам. Айыпталушы,
күдікті және жәбірленушінің өзі қылмыс окиғасы туралы ақпаратты білетін
адам деп танылады, бірақ олардың жауабы куәнің жауабы ретінде саналмайды.
Сондыктан куәнің жауабы тек оның ауызша хабарлауы болуы мүмкін, ал
айыпталушының жауабы куәландыратын жауапқа жатпайды.
Жәбірленуші — бұл қылмыстық процесте оған тікелей қылмыспен моральдық,
дене және мүліктік зиян келтіреді деп ұйғаруға ол жөнінде негізі бар адам
(ҚР КІЖК 75-бап). Жәбірленуші деп тергеушінің қаулысына сәйкес болған
жағдайда ғана танылады. Куәмен салыстырғанда жәбірленуші іске қатысты
барлық материалдармен танысуға, өтініш не қарсылық білдіруге, тексеріп,
тиісті қорытындылар негізінде, нұсқаулықтар алып, олардың қалтықсыз
орындалуына бақылау жасап отырады.
ҚР Бас Прокурорының "Әкімшілік істер бойынша сот актілерінің
заңдылығына прокурорлық қадағалау туралы" Нұсқауына сай, конституциялық
және заңмен қорғалатын өзге де азаматтардың құқықтары мен мемлекеттің
қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету осы саладағы прокурорлық қадағалаудың
басымдық бағыттары болып табылады. Заңдылықты бұзушылықтың әр жағдайында
прокурор ҚР "Прокуратура туралы" Заңында қарастырылған барлық шараларын
қолдануға міндетті. Егер бұл заңда көрсетілген болса, сот пен жоғарғы
тұрған прокурор қажет деп тапқан жағдайда мемлекеттік мүддесі мен оның
қауіпсіздігіне қатысты, сыбайлас жемкорлық туралы өзі қозғаған істер
бойынша соның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты сайлау құқықтарына,
қоғамдық тәртіп пен имандылыққа, қоғамдық қауіпсіздік пен халықтың
денсаулығына қол сұғатын, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау, салық салу мен
кедендік істер саласында құқық бұзушылықтар туралы және қамауға әкеп
соқтыратын құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша прокурор сотта қатысуға
міндетті. Сонымен қатар қорғаушы қатысатын (ӘҚБ туралы ҚР Кодексінің 589-
бабына сәйкес) істер бойынша прокурордың қатысуы міндетті. Сот қарауына
прокурорлық қатысуына не қатыспауына қарамастан сот актісі заңды күшіне
енгенге дейінгі мерзім ішінде заңдылығы міндетті түрде тексеріліп, заңсыз
сот актілері анықталған жағдайда оларға наразылық келтіру шараларын алу
барлық прокурорларға міндеттелген.

ЖОСПАР

1. Тергеу іс-әрекеттерінің тәртібі, ұғымы
2. Тергеу іс-әрекеттерінің түрлері

Атқарушылық ісжүргізудің заңдылығына прокурорлық қадағалаудың маңызы мен
мақсаты.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес соттың заңды күшіне
енген үкімдері мен қаулылары, шешімдері мемлекеттік және мемлекеттік емес
органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, заңды тұлғалардың,
лауазымды адамдардың, азаматтардың бәріне бірдей міндетті және Қазақстан
Республикасының бүкіл аумағында мүлтіксіз орындалуға жатады.
Қылмыстық және азаматтық істер бойынша заңды күшіне енген сот актілерінің
орындалуы кезінде заңдылықтың сақталуынын маңызы зор.
Іс жүзінде сот актілерін орындау кезінде заңсыздықта жол беру
фактілері кездесіп жатады. Сондықтан атқарушылық іс жүргізідің заңдылығына
қадағалау жасау прокуратура органына заңмен жүктелген.
Бұл прокурорлық қадағалаудын пәні ҚР "Прокуратура туралы" Заңының 43-
бабымен айқындалған, яғни, олар:
1) сот тағайындаған жазалау мен мэжбур ету сипатынлагы езге де шаралардың
атқарылуы кезінде адамдардың бас бостандығынан айыру орындарында болуының
заңдылығы;
2) аталған мекемелерде сотталған адамдарды ұстаудың заңда белгіленген
тәртібі мен шарттарының сақталуын, олардын құқықтары мен бостандықтарының
қорғалуы;
3) бас бостандығынан айыруға қатыссыз жазаларды атқарудың заңдылығы:
4) азаматтық және өзге істер жөніндегі сот шешімдерін атқару заңдылығы.

Прокурордың өкілеттігі.
Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыра отырып,
прокурор өз құзыреті шегінде( 44-бап):
1) адам құқықтары туралы қамалғандар мен сотталғандарға мейірбандық
тұрғыдан қарау жөнінде Конституцияның, заңдардың және Қазақстан
Республикасы халықаралық шарттарының дәл және бірыңғай қолданылуын талап
етуге;
2) азаматтың, мемлекеттің құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша, сондай-
ақ прокурордың талабы мен өтініштері бойынша атқарушылық істер жүргізілуін
талап етуге және тексеруге;
3) сот тағайындаған жазалау және мәжбүр ету сипатындағы өзге де шараларды
атқарушы бас бостандығынан айыру орындары мен мекемелерінде тексеру
мақсатымен кез келген уақытта болуға;
4) ұсталғандардан, қамалғандардан, сотталғандар мен мәжбур ету сипатындағы
шаралар қолданылған адамдардан жауап алуға;
5) осы адамдарды ұстауға, қамауға, жазасын өтеуге, сондай-ақ оларға мәжбүр
ету сипатындағы шараларды қолдануға негіз болған құжаттарды талап етуге;
6) мәжбүр ету шараларын атқарушы бас бостандығынан айыру орындарында
немесе мекемелерінде заңсыз отырған әрбір адамды
өз қаулысымен дереу босатуға;
7) бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдарға заңды
бұза отырып, қолданылған тәртіптік шаралардың күшін жоюға, олардың өз
қаулысымен айыптық изолятордан, камералық үлгідегі орындардан немесе
карцерден қамаудан босатуға;
8) заңдарда белгіленген жағдайларда жазалауды атқарушы мекемелер
әкімшілігінің актілерін санкциялауға;
8-1) заңдарда белгіленген жағдайларда атқарушылық іс жүргізу орындарының
борышкердің банктердегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдардағы ақшасына және басқа мүлкіне тыйым салу туралы
актілеріне санкция беруге құқылы.
Осы өкілеттіктердің мазмұны бойынша прокурорлық қадағалау пәнінің өз
жалғасын тауып, кеңейе түскенін байқаймыз. Прокурорлар қадағалау кезінде
түзеу мекемелері әкімшілігінің заңсыз актілеріне наразылық келтіріп,
олардың күшін жоюға, жазасын өтеп жатқан адамдарға заңсыз қолданылған
шектеу шаралырын тоқтатуға, заңдарға белгіленген тәртіппен олардың
актілерін санкциялауға хақылы.
Атқарушылық іс жүргізу заңдылығына қадағалау жасау екі бөлімнен
тұрады:
1) қылмыстық істер бойынша тағайындалған жазалардың орындалуы
кезеңіндегі заңдылықтың сақталуына:
2) заңды күшіне енген соттың шешімдерініц орындалуы кезеңіндегі
заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалау жасау.
Соттың заңды күшіне енген үкімдері мен қаулылары Қазақстан
Республикасының қылмыстық-атқару заңдары негізінде орындалады.
ҚР қылмыстық - атқару заңдары Қазақстан Республикасының қылмыстық-
атқару кодексі және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарынан, сондай-ақ
жазаны және сотталғандарға қылмыстық-құқықтық ыкпал етудің өзге де
шараларын атқару мен өтеудің тәртібін және жағдайларын белгілейтін
нормативтік құқықтық актілерден тұрады. ҚР қылмыстық- атқару заңдарының
мақсаттары әділеттілікті калпына келтіру, сотталғандарды түзеу,
согғалғандардың да, өзге адамдардың да жаңа қылмыстар жасауының алдын-алу
болып табылады. Аталған мақсаттарға сәйкес қылмыстық-атқару заңдарының
міндеті жазаларды өтеудің тәртібі мен жағдайларын реттеу, сотталғандарды
түзеу құралдарын анықтау, олардың құқықтарын, бостандығы мен заңды
мүдделерін қорғау, оларға әлеуметтік бейімделуге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмысты алдын ала тергеу сатысы
«Қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәнінен лекциялар
Алдын ала тергеуді, анықтауды және жедел іздестіру қызметің жүзеге асыратың органдар
Алдын ала тергеудің мәні мен мазмұны
Судьялардың, алқабилердің, прокурорлардың, тергеушілердің, анықтаушыпардың, қорғаушылардың, сарапшылардың, мамандардың, сот приставтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Ішкі істер органдарының құқықтары мен міндеттері
Жасырын тергеу әрекеттері
Алдын ала тергеудің нысандары мен түрлері
Қылмыстық іс қозғау пәнінен практиқалық (семинарлық) сабақтар
Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу
Пәндер