Екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталын басқарауды жетілдіру



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ РЕСУРСТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1
1.2 Банктің меншікті капиталы ұғымы және оның құрылымы ... ... ... ... ...
Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің түсінігі ... ... ... ... ... ... 5
14
1.3 Екінші деңгейлі банктердің ресурстарының құрамы мен құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
27

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ МЕНШІКТІ КАПИТАЛЫН ТАЛДАУ
2.1 Екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталының серпіні мен құрылымын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
33
2.2 Банк капиталының жеткіліктігінің деңгейін бағалау ... ... ... ... ... . 41
2.3 Меншікті капиталдың банк жүйесінің тұрақтылығы мен өтімділігін қамтамасыз етудегі ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
52

3 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ МЕНШІКТІ КАПИТАЛЫН БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталын басқарауды жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
61
3.2 Екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталын басқару мәселерін шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
66
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 74

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... 77
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қазақстанның экономикалық құрылымында ерекше роль атқаратын несие-банк жүйесінде екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталын басқару мәселесі маңызды орын алады. Аталған мәселе әр түрлі авторлармен әдебиеттер мен жаппай ақпарат құралдарында талқыланып жатқаны бірінші жыл емес. Себебі меншікті капитал көлемі кез-келген банктің ірге тасы ғана емес, басты сипаттамасы болып табылады.
Осыған байланысты, диплом жұмысының өзектілігі -банктің меншікті капиталы - бұл банкке төлеу қабілетін , яғни банктің қажетті мерзімде және толық сомада өз міндеттемелері бойынша жауап беру қабілетін, сақтауға мүмкіндік беретін резервтік ресурстар болып табылатындығында. Меншікті капиталды басқару ең алдымен банктің неғұрлым нақты қаржылық сенімділігінің кепілі болып табылады.
Жұмыстың негізгі мақсаты - меншікті капиталдың Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің мақсатты мәселелерінің бірі ретіндегі ролін көрсету.
Қойылған мақсатқа сәйкес авторға алдында келесі міндеттерді шешу қажет:
• екінші деңгейлі банктердің қаржылық ресурстарының қалып-тасуының теориялық негіздерін зерттеу;
• екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталының динамикасы мен кұрылымын қарастыру;
• екінші деңгейлі банктердің қаржылық сенімділігін қалыптас-тырудағы меншікті капиталдың ролін зерттеу;
• екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталын басқарудың негізгі алғы шарттарын бағалау және анықтау:
• капиталды басқару мәселелерін шешудегі кемшіліктерді
айқындау;
• несие-банк жүйесінің жалпы дамуының шеңберіндегі
екінші деңгейлі банктер үшін меншікті капиталын басқару
мәселелерін шешу жөніндегі шаралардың оптималды
үйлестіру вариантын таңдау.
Ұсынылып отырған жұмыстың зерттеу объектісі болып Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері табылады. Зерттеудің заты - банк саласындағы белгілі мәселелермен қатар жүретін меншікті капиталды басқару.
Зерттеу процессінде статистикалық, талдау және синтез әдістері, сонымен қатар нормативтік-позитивтік тәсілдерді үйлестіру әдісі қолданған.
Қазақстанда мәселені зерттеу ҚР Үкіметінің, Қаржы министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық Банкімен, «Амелин және партнерлар» банктік талдау тобымен, сонымен бірге Нұрсеит Н.А., Зиябекова Б., Каленова Р.А. сияқты бір қатар ғалым-экономистердің катысуымен жүргізілуде.
Бұрыңғы кезде және қазір өткізіліп жатқан зерттеулер меншікті капиталды
басқару, екінші деңгейлі банктердің іс-әрекетін, рентабелділігін реттеуді жетілдірудің негізгі мәселелеріне қатысты. Негізінде осы зерттеулердің барлығы батыс елдерінің несие-банк жүйесіндегі схемалар мен моделдерді көшіру есебінен өткізілуде. Сонымен, бұл салада ҚР территориясындағы банк ісінің дамуының тарихи ерекшеліктері ескерілмеген және зерттелмеген. Сонымен қатар аталмыш мәселені шешу әдістері екінші деңгейлі банктердің құрылымындағы өтіп жатқан процесстердің ерекшелігін ескермейді.
Диплом жұмысының бірінші бөлімінде екінші деңгейлі банктердің қаржы ресурстарының қалыптасуының теориялық аспектілері қарастырылады.
Екінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталының динамикасы мен құрылымы зерттеледі.
Үшінші бөлімде ҚР-да екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталын басқару мәселелерін шешу әдістері ұсынылған.
Қорытындыда баяндалған жұмыстың барлык бөлімдері бойынша кысқаша нәтижелері шығарылған.
Зерттеудің пәні болып Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктердіндегі меншікті капиталды басқару саналады.
Зерттеу объектісі болып Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері саналады.
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізін зерттеу тақырыбына қатысты отандық және шетелдік авторлардың еңбектері, заңдар, Үкіметтің және ҚР Президентінің ресми құжаттары, заң және нормативті құжаттар, ҚР қаржы Министрлігінің нұсқаулары мен әдістемелік ұсыныстары, ғылыми мақалалар мен статистикалық материалдар құрайды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Мадиярова Д.М. Основы современного банковского дела: Учебное пособие / Д.М. Мадиярова, Марчевский В.С. – Алматы: Экономика, 1997. – 136 с.
2. Финансы, денежное обращение и кредит: Учебник / Под ред. В.К. Сенчагова, А.И. Архипова. – М.: «Проспект», 1999. – 496 с.
3. «Казахстан за годы независимости» Информационно-аналитический сборник. ҚР статитика Агенттілігі, 2006 жыл, 53 бет
4. 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған «ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР-ның заңы
5. Коробова Г.Г. Система государственных банков развития реального сектора экономики (проблемы формирования) / Г.Г. Коробова // Банковские услуги. – 2003. – № 4. – С. 16- 21.
6. Деньги, кредит, банки: Учебник для вузов/ Под ред. Г.С. Сейткасымов. – Алматы: «Экономика», 1999. – 364 с.
7. Масленников В.В. Методологические основы управления поведением банковской системы для повышения инвестиционной привлекательности национальной промышленности: Автореф. дисс. на соиск. степени д.э.н. / В.В. Масленников – С-Пб., 2002. – 32 с.
8. Сейтқасымов. Ақша, қаржы, банктер. Алматы, Экономика, 2001ж.
9. «Акционерлік қоғамдар туралы» және «Банк және банк іс-әрекеті туралы» Заңдарына
10. Смирнов К.А. Основы банковского дела. - М.: Международный
славянский университет им. Г.Р. Державина, 2000.
11. Основы банковской деятельности./Под редакцией д.э.н.Тагирбекова К.Р. - М.:Издательский дом,2002.
12. Деньги, кредит, банки: Учебник / Под ред. О.И. Лаврушина. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Финансы и статистика, 2000. – 464 с.
13. Финансовый менеджмент: Практикум: Учебное пособие / под
ред.Н.Ф. Самсонова. - М.:ЮНИТИ-ДАНА,2000.
14. Ольшаный А.Н. Банковское кредитование: Российский и
зарубежный опыт. - м.:Русская деловая литература,1997.
15. Абрахманова Г.Т., Нурсеитова Р.А. Тенденции и перспективы
развития финансового сектора в казахстане // Банки Казахстана,
2003.
16. 1995 жылдың 31 тамызында жарық көрген Заң күшіне ие Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы банктер мен банктік іс-әрекет туралы» Үкімінде бекітілген
17. Иванов М.И. Депозитарные расписки: перспективы развития
рынка в казахстане // Рынок ценных бумаг Казахстана. - 2002.-№9.
18. Сборник трудов научно-практической конференции «Стратегия
Казахстан-2030: пути реализации в экономике регионов» , 12-15
мая, 1998. - ЮКГУ им.М.Ауезова, Шымкент.
19. Иванов М.И. Биржевой фондовый рынок Казахстана: итоги
четырех месяцев 2003 года: Общий обзор // Рынок ценных бумаг
Казахстана.-2003.-№10
20. Финансы, денежное обращение и кредит: Учебник / Под ред. В.К. Сенчагова, А.И. Архипова. – М.: «Проспект», 1999. – 496 с.
21. Президенттің Қазақстан халқына жолдауы. -Астана, 19.03.2004-
05-14. ҚР-ның әлеуметтік-экономикалық дамуы. ҚР-ның
статистика жөніндегі Агенттігі. - №1. - 2004.
22. Программа по развитию финансового сектора / рынок ценных
бумаг Казахстана.-№10.-2003.
23. Бельгибаева К.к. Финансовая и банковская статистика: Учебное
пособие / Каз. Гос. Академия управления . - Алматы: Экономика,
2000.
24. Соколов Б.И. Экономическая теория.-Спб.: Издательство Санкт-
Петербургского университета, 2000.
25. Финансовый менеджмент: Практикум: Учебное пособие / под
ред.Н.Ф. Самсонова. - М.:ЮНИТИ-ДАНА,2000.
26. Финансы Республики Казахстан: Ежегодный статистический
сборник 1999-2001 / под ред. А.А. Смаилова, Агетство РК по
статистике. - Алматы, 2002.
27. Финансы, деньги, кредит: Учебник / Под ред. О.В. Соколовой. -
М.: Юрист, 2001.
28. Капенова Г., Габбасова Г. О некоторых аспектах деятельности
регистраторов на рынке ценных бумаг РК: Инфраструктура //Рынок ценных бумаг.- 2000.- №1.
29. Кравченко П.ГТ. Финансовый рынок в рыночной экономике //
Финансовый менеджмент.- 2001.-№2.
30. Муртазина Р. Запуск казахстанских депозитарных расписок
считается наиболее перспективным инструментом в проекте по организации интегрированного рынка ценных бумаг России и Казахстана / Панорама.-2002.-5 июля.- №26.
31. Нормы деловой этики профессиональных участников и
квалифицированных специалистов рынка ценных бумаг РК // рынок и право.-2002.-№8.
32. Омарова А. Подготовка кадров для рынка ценных бумаг в
Казахстане // Рынок ценных бумаг Казахстана.-2000.-№8.
33. Правила выпуска, размещения, обращения, погашения и
обслуживания среднесрочных валютных государтсвенных
эмиссионных ценных бумаг местных исполнительных органов: Утвержден от 4 сентября 2001 года № 1139 // Собрание актов.- 2001. -№31.
34. Сайденов А. Инструмент высокого клас.са //Казахстанская
правда.-2002.-13 декабря.
35. Қаржы-несие сөздігі. —Алматы,2003
36. Хейне П. Экономический образ мышления в банковской практике-М.: Новости,1996
Ширинская Е.Б. Операции коммерческих банков и зарубежный

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
... ... ... ... ... ... ... ... .

1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ
РЕСУРСТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Банктің меншікті капиталы ұғымы және оның 5
1.2 құрылымы ... ... ... ... ... 14
Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің
түсінігі ... ... ... ... ... ...
1.3 Екінші деңгейлі банктердің ресурстарының құрамы мен
құрылымы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...27
... ... ... ... ... ... ... ...

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ МЕНШІКТІ
КАПИТАЛЫН ТАЛДАУ
2.1 Екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталының серпіні мен
құрылымын 33
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...
2.2 Банк капиталының жеткіліктігінің деңгейін 41
бағалау ... ... ... ... ... .
2.3 Меншікті капиталдың банк жүйесінің тұрақтылығы мен өтімділігін
қамтамасыз етудегі 52
ролі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .

3 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ МЕНШІКТІ КАПИТАЛЫН БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталын басқарауды
жетілдіру ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...61
... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.2 Екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталын басқару мәселерін
шешу 66
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ..

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...74
... ... ... ... ... ... ..
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 77
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қазақстанның экономикалық
құрылымында ерекше роль атқаратын несие-банк жүйесінде екінші деңгейлі
банктердің меншікті капиталын басқару мәселесі маңызды орын алады. Аталған
мәселе әр түрлі авторлармен әдебиеттер мен жаппай ақпарат құралдарында
талқыланып жатқаны бірінші жыл емес. Себебі меншікті капитал көлемі кез-
келген банктің ірге тасы ғана емес, басты сипаттамасы болып табылады.
Осыған байланысты, диплом жұмысының өзектілігі -банктің меншікті
капиталы - бұл банкке төлеу қабілетін , яғни банктің қажетті мерзімде және
толық сомада өз міндеттемелері бойынша жауап беру қабілетін, сақтауға
мүмкіндік беретін резервтік ресурстар болып табылатындығында. Меншікті
капиталды басқару ең алдымен банктің неғұрлым нақты қаржылық сенімділігінің
кепілі болып табылады.
Жұмыстың негізгі мақсаты - меншікті капиталдың Қазақстан
Республикасының екінші деңгейлі банктерінің мақсатты мәселелерінің бірі
ретіндегі ролін көрсету.
Қойылған мақсатқа сәйкес авторға алдында келесі міндеттерді шешу қажет:
екінші деңгейлі банктердің қаржылық ресурстарының қалып-тасуының теориялық
негіздерін зерттеу;
екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталының динамикасы мен кұрылымын
қарастыру;
екінші деңгейлі банктердің қаржылық сенімділігін қалыптас-тырудағы меншікті
капиталдың ролін зерттеу;
екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталын басқарудың негізгі алғы
шарттарын бағалау және анықтау:
капиталды басқару мәселелерін шешудегі кемшіліктерді
айқындау;
несие-банк жүйесінің жалпы дамуының шеңберіндегі
екінші деңгейлі банктер үшін меншікті капиталын басқару
мәселелерін шешу жөніндегі шаралардың оптималды
үйлестіру вариантын таңдау.
Ұсынылып отырған жұмыстың зерттеу объектісі болып Қазақстан
Республикасының екінші деңгейлі банктері табылады. Зерттеудің заты - банк
саласындағы белгілі мәселелермен қатар жүретін меншікті капиталды басқару.
Зерттеу процессінде статистикалық, талдау және синтез әдістері, сонымен
қатар нормативтік-позитивтік тәсілдерді үйлестіру әдісі қолданған.
Қазақстанда мәселені зерттеу ҚР Үкіметінің, Қаржы министрлігінің
қолдауымен ҚР Ұлттық Банкімен, Амелин және партнерлар банктік
талдау тобымен, сонымен бірге Нұрсеит Н.А., Зиябекова Б., Каленова Р.А.
сияқты бір қатар ғалым-экономистердің катысуымен жүргізілуде.
Бұрыңғы кезде және қазір өткізіліп жатқан зерттеулер меншікті капиталды
басқару, екінші деңгейлі банктердің іс-әрекетін, рентабелділігін
реттеуді жетілдірудің негізгі мәселелеріне қатысты. Негізінде осы
зерттеулердің барлығы батыс елдерінің несие-банк жүйесіндегі схемалар мен
моделдерді көшіру есебінен өткізілуде. Сонымен, бұл салада ҚР
территориясындағы банк ісінің дамуының тарихи ерекшеліктері ескерілмеген
және зерттелмеген. Сонымен қатар аталмыш мәселені шешу әдістері екінші
деңгейлі банктердің құрылымындағы өтіп жатқан процесстердің ерекшелігін
ескермейді.
Диплом жұмысының бірінші бөлімінде екінші деңгейлі банктердің қаржы
ресурстарының қалыптасуының теориялық аспектілері қарастырылады.
Екінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің
меншікті капиталының динамикасы мен құрылымы зерттеледі.
Үшінші бөлімде ҚР-да екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталын
басқару мәселелерін шешу әдістері ұсынылған.
Қорытындыда баяндалған жұмыстың барлык бөлімдері бойынша кысқаша
нәтижелері шығарылған.
Зерттеудің пәні болып Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі
банктердіндегі меншікті капиталды басқару саналады.
Зерттеу объектісі болып Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі
банктері саналады.
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізін зерттеу
тақырыбына қатысты отандық және шетелдік авторлардың еңбектері, заңдар,
Үкіметтің және ҚР Президентінің ресми құжаттары, заң және нормативті
құжаттар, ҚР қаржы Министрлігінің нұсқаулары мен әдістемелік ұсыныстары,
ғылыми мақалалар мен статистикалық материалдар құрайды.

1. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙДА ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ
РЕСУРСТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. Банктің меншікті капиталы ұғымы және оның құрылымы
Банк ресурстары" термині "несие ресурсына" қарағанда кең ұғымды
білдіреді. Банк ресурстары тек несиелеуге ғана емес, сол сияқты басқа да
активті немесе комиссиондық операцияларды қаржыландыру үшін пайдаланылады
[4, б.12].
Жоспарлы экономиканы әкімшіл және әміршіл басқару жүйесі жағдайында
банк ісін ұйымдастыруда мемлекеттік монополия көрінісі байқалды. Барлық
кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер заңды түрде мемлекеттік банк
мекемелерінде өздерінің ресурстарын міндетті түрде сақтауға тиіс болды.
Банкке кәсіпорындар мен мекемелердің ресурстары іс жүзінде ақысыз тартылды.
Тек кооперативтік кәсіпорындарға ғана жартылай мөлшерде төленді. Осындай
жағдайларда жалпы мемлекеттік қарыз қоры деген экономикалық түсінік
қалыптасты. Жалпы мемлекеттік қарыз қоры халық шаруашылығын несиелеу үшін
банк жүйесі арқылы мемлекеттің ықпалымен жинақталған қаражаттар жиынтығын
білдіреді. Демек олар банк ресуртары болып саналады. Несиелік қорды
орталықтан бөлу сипаты банк ресурстарының құрылымдарына тікелей әсер етті.
Сол кезеңдерде банк ресурстары меншікті және тартылған қаражаттарға
бөлінген. Мұндағы меншікті қаражаттарға: жарғылық, резервтік негізгі
құралдар, амортизациялық және банк ісін дамыту қорлары; ал тартылған
қаражаттарға: мемлекеттік бюджет қаражаты, кәсіпорындардың, ұйымдардың есеп
айрысу және ағымдық шоттардағы қаражаттары және халықтың ақшалай жинақтары
жатты. Осындай жағдайларда банк ресурстарының нарығы қалыптасып,
мемлекеттің қарыз қоры осы нарықтың бір бөлігін құрады [5, б.42].
Бүгінгі тандағы банк ресурстары нарығының құрылуында көптеген
ерекшеліктері бар деуге болады. Екінші деңгейлі банктер қызметінің
тұрақтылығы үшін, ең бастысы, олардың баланстары өтімді болу керек ал оның
қамтамасыз етілуі, банктік ресурстар мен несиелік жұмсалымдар арасындағы
көлемі және мерзімі бойынша тепе-тендіктің сақталуын талап етеді.
Банк ресурстары нарығының пайда болуымен қатар бағалы қағаздар нарығы
қалыптасады. Сөйтіп банктер жаңа қызмет түрлері ретінде бағалы қағаздармен,
факторинг, лизинг және басқа операциялармен тікелей жұмыс жасай бастады.
Бұл, яғни банк ресурстарының құрамына тек қана ақшалай қаражаттар емес, сол
сияқты тауарлы-материалдық құндылықтар және бағалы қағаздар кіреді дегенді
білдіреді. Ұлттың (орталық) банкіміз "банктердің банкі" болып
табылатындықтан, екінші деңгейлі банктердің ресурстарының бір бөлігі сол
банктен алған ресурстардан да құралады [6, б.7].
Демек екінші деңгейлі банкгер ерекше бір кәсіпорын ретінде делдалдық
қызметке байланысты, банктік ресурстар нарығында ақшалай ресурстарды сатып
ала отырып, оны қажет ететін кәсіпорынға, ұйымға және халыққа сатып
отырады.
Банк ресурстары — бұл банктің пассивті операциялары негізінде
қалыптасқан және барлық активті операциялар бойынша банк өтімділігін
қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын
банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы болып табылады.
Нарықтық қатынастарға өту барысында банк ресурстарының құрылымында
біршама өзгерістер болуда. Меншікті қаражаттар қатарына, біріншіден, екінші
деңгейлі банктің акционерлік капиталы, резервтік қоры, сол сияқты қосымша
қорлары кіреді. Тартылған қаражаттардың жаңа түріне: Ұлттық банктен және
басқа да несиелік мекемелерден алатын несиелер, басқа банктердің,
корреспонденттік шоттағы, депозиттік шоттарындағы қаражаттары,
облигацияларды сатудан түскен қаражаттар, лизингтік операцияларды жүзеге
асырғаны үшін алынған тауарлы-материалды құндылықтар жатады.
Екінші деңгейлі банктердің ресурстарының кұрылымы олардың мамандануына,
әмбебаптығы мен қызметінің ерекшеліктеріне қарай ерекшеленеді.
Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады:
1) Банктің меншікті капиталы.
2) Банктің заемдық және тартылған қаражаттары [4, б.45].
Банк ресурстарнының құрамындағы меншікті капитал үлесі тартылған
қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандықтан барлық қаражаттарға деген
қажеттіліктің 10 пайызға жуық бөлігі өтелсе, ал қалған бөлігі сырттан
тартылған қаражаттар үлесіне тиеді.
Екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталының рөлі мен шамасы, басқа
қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік
ерекшеліктерге ие.
Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде
маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк
қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақыға
жұмсалатын және т.б. шығындар жабылады. Себебі, меншікті капиталсыз банктің
қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті капитал есебінен банкте қажетті
резервтер құрылды. Сонымен қатар, банктің меншікті капиталы ұзақ мерзімді
активтерге жұмсалымдардың басты көзі болып табылады.
Меншікті және тартылған екінші деңгейлі банктің ресурстары Ұлттық
банкте ашылатын корреспонденттік шотта көрсетіледі. Бұл активті шот,
сондықтан да дебеті бойынша ресурстар, ал кредиті бойынша несиелік
жұмсалымдар беріледі. Демеқ дебеттік қалдықтың шамасы банктің бос
резервінің мөлшерін көрсетеді. Банктің бос резервінің мөлшері активті
операцияларға жұмсалмаған оның ресурстарының шамасын білдіреді. Осы бос
резервтер сомасы қаншалықты жоғары болса, банктің тұрақтылығы соғұрлым
жоғары, бірақ пайдасы төмен болады. Керісінше, егер бос жатқан
қаражаттарының шамасы аз болса, онда тұрақтылығы төмен, пайдасы жоғары
келеді. Сондықтан да, әрбір екінші деңгейлі банк өзінің корреспонденттік
шоттағы қалдығын үнемі ықшамдауға ұмтылады.
Банктің меншікті капиталы — банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық
және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әр түрлі
қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен
жылдардағы бөлінбеген пайдасы болып табылады.
Банктің меншікті капиталының құрылымы бірдей емес, себебі, оларға әсер
ететін әр түрлі факторларға, атап айтсақ, активтер сапасына, меншікті
пайданың пайдаланылуына, капиталдың базасын нығайту мақсатына және банк
саясатына байланысты жыл бойына өзгеріп отырады.
Сонымен, қазіргі екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталын мынадай
баптар құрайды:
• жарғылық капитал;
• резервтік капитал;
• қосымша капиталдар;

• банк операциялары бойынша төуекелдерді төмендету мақсатында құрылған
қорлар (резервтер);
• бөлінбеген банк пайдасы.
Банктің жарғылық капиталы банктің заңды тұлға ретінде міндетті түрде
құрылуын және өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды. Жарғылық
капиталдың төменгі мөлшері қазақстан Ұлттық банкінің пруденциялдық
нормативтерімен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы, оның
құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары сомасынан тұрады.
Қазақстанда екінші деңгейлі банктер мынадай екі ұйымдық нысандарда
құрыла алады:
• акционерлік банк формасында;
• пай қосу арқылы, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік
нысанында.
Пай қосу арқылы құрылған банктің жарғылық капиталы құрылтайшылық
құжатта мөлшері анықталған пайшыларының жарнасынан құралып, олар қосқан
жарналары көлемінде жауапты болып саналады. Мұндай банктердің жарғылық
капиталын ұлғайту, тек қана пай қосушылардың қосымша қосқан жарналары және
пай қосушылардың санының өсуі есебінен жүзеге асырылады. Алайда,
акционерлік банктер өздерінің жарғылық капиталын ұлғайту үшін қосымша
акцияларын эмиссиялайды, сол сияқты бұрынғы шығарылған акцияларының бағасын
өсіреді [7, б.25].
Меншікті капиталдың құрамдас бөлігі — акционерлік капитал. Бағалы қағаз
(акция) шығару есебінен құрылған банктің жарғылық капиталын банктің
акционерлік капиталы деп атайды. Акционерлік капитал көлемі акцияны
ұстаушылар — акционерлер қосқан жарналардан құралады. Акционерлік банктің
акциясы — банктің жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын,
дивиденд алуға және банкті басқару ісіне араласуға құқық беретін бағалы
қағаз.
Акционерлік капиталдың құрылымы әр банктерде әр түрлі болып келеді.
Акционерлік капитал мынадай түрлерге бөлінеді:
а) меншікті акционерлік капитал, яғни бұл жай және артықшылығы бар
акцияларды сатудан түскен қаражаттардан, үнемделген капитал және бөлінбеген
пайдадан тұрады;
ә) банктік резервтер, яғни алдағы уақыттағы әр түрлі шығындарды жабуға,
дивидендттер төлеуге, қайтарылмаған қарыздың орнын жабуға арналады;
б) банктің ұзақ мерзімді міндеттемесі (ұзақ мерзімді вексельдері,
облигациялары).
Ашық типтегі банктің акциясы қолдан-қолға басқа да акционерлердің
келісімінсіз өтеді. Жабық типтегі банктің акциясы қатаң түрде белгіленген
тізім бойынша немесе құрылтайшылардың арасында бөлінеді.
Банктің жай акциясын иеленушілер, банктің таза табысынан дивиденд алып
отыруға, оның жойылуы барысында тиісті мүлкіне ие болуға және
акционерлердің жиналысына қатысып дауыс беруге құқылы.
Банктің артықшылығы бар акцияларын иеленушілер тұрақты сыйақы түрінде
табыс алып отыруға, бірінші кезекте банктің жаңа акцияларын сатып алуға
және оның жойылуы барысында бірінші болып өзіне тиісті мүлкін алуға құқылы.
Сонымен қатар, банктер қаражат тарту мақсатында облигацияларды
шығарады. Жалпы, банктің акционерлік капиталының құралуы мынадай
кезендерден тұрады:
• бағалы қағаздардың эмиссия проспектісін дайындау және оны
сараптамадан өткізу;
• бағалы қағаздар эмиссиясын тіркеу;
• эмитент-банктің бағалы қағаздарын тіркеу;
• шығарылатын және орналастырылатын бағалы қағаздардың
нәтижелерін тіркеу.
Акционерлік банктер акциялары мынадай жағдайларда шығарылады:
• банкті акционерлік нысанда құру;
• банктің жарғылық қорын ұлғайту үшін қосымша акциялар шығару.
Банктің меншікті қаражатының түріне резервтік қор жатады. Резервтік қор
— банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында
құрылған қаражат қоры.
Сондай-ақ, резервтік қор банктің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Резервтік қордың шамасы заңды түрде жарғылық капиталға белгілі бір сыйақы
мөлшерінде, айталық, 25 % мөлшерінде құрылатын болса, оның мөлшері жарғылық
қормен теңескен жағдайда жарғылық капиталға толығымен аударылады. Резервтік
қордың құралуының негізгі көзіне банк пайдасы жатады. Кейде банкте пайда
болмаған жағдайда резервтік қор есебінен банктің артықшылығы бар акциялары
бойынша пайыздар төленеді.
Қосымша капиталдар - негізгі құралдардың тозуына байланысты аударылған
аударымдар есебінен және белгілі мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу
нәтижесінде құрылатын қаражаттар.
Арнайы қорлар — негізгі қорларды қайта бағалау негізінде, валюталық
қаражаттарды қайта бағалау қоры, яғни ұлттық валюта мен шетел валюталары
арасындағы айырма нәтижесінде құрылады. Валюталық қаражаттарды қайта
бағалау қоры шетел валютасында жарғылық капиталды қалыптастыру барысында
маңызды болып келеді.
Келесі қорға жекелеген банк операциялары бойынша тәуекелді төмендету
мақсатында құрылатын арнайы резевтер жатады. Мұндай резевтерге; несие
тәуекелін жабуға және бағалы қағаздардың құнсыздануына байланысты құрылған
резевтер жатады.
Бөлінбеген пайда — акциялар бойынша дивидендтті төлегеннен кейін және
резевтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігін білдіреді.
Банктің меншікті капиталын ұлғайту жолдарына мыналар жатады:
банк пайдасы;
акциялар шығару;
құрылтайшылар және пай қосушылар санын арттыру;
облигацияларды шығару жатады.
Банктің капиталы банктің дербестігін қамтамасыз ете отырып, оның
қаржылық тұрақтылығына кепіл болады және банктің басынан кешіретін әр алуан
тәуекелдерінің зардаптарын ретке келтіріп отыратын басты көз болып
табылады. Осы мақсатта банктің меншікті капиталы мынадай қызметтер
атқарады:
1. қорғаныс қызметі;
2. шұғыл қызметі;
3. реттегіш қызметі;
4. айналым қызметі.
Банк капиталының қорғаныс қызметі — банктің салым иелеріне жәрдем ақы
төлеу мүмкіндігін ғана емес, сол сияқты ағымдағы табыс болмаған жағдайда
зияндарды жабуға қызмет етуін сипаттайды. Сондықтан да, оның азаюы банктің
банкротқа ұшырауына жол береді. Қорғаныс қызметі — меншікті капиталдың ең
басты қызметі болып келеді 9.
Банк капиталының шұғыл қызметі қорғаныс қызметіне қарағанда екінші
дәрежелік маңызға ие болып табылады. Оперативті қызметі жер, ғимарат, құрал-
жабдықтар алуға қажетті меншікті қаражаттарды жұмылдыруды, сондай-ақ
көзге көрінбейтін зияндар жағдайына байланысты рөзервтер құруды
сипаттайды. Бұл қаржы ресурстарының көздері әсіресе, банк қызметінің
басталуы үшін маңызды. Кейіннен бұл қаражаттардың бір бөлігі ұзақ мерзімді
активтерге және әр түрлі резервтерді құрауға жұмсалынады.
Қаржы және салым иелерінің мүдделерін қамтамасыз етуден басқа
банктердің меншікті капиталы реттегіш қызметті атқарады. Бұл қызмет
қоғамның мүдделерімен, сол сияқты банк операцияларына бақылау жасауға
мүмкіндік жасайтын заңдар және ережелерге тікелей байланысты. Банк
капиталының көрсеткіштерінің көмегімен мемлекеттік ұйымдар банктердің
қызметтеріне баға беріп, оны бақылауды жүзеге асырады.
Банктің меншікті капиталына қатысты ережелер, оның ең төменгі
мөлшеріне қойылатын талаптарды, активтерге байланысты
шектелуін және басқа банктен активтер сатып алу шартын қамтиды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен пруденциялдық
нормативтерде банктің меншікгі капиталының көлемі беріледі.
Сонымен қатар, реттегіштік қызметке несиелік және инвестициялық
операцияларға байланысты шектеу мақсатында капиталды
пайдаланады.
Айналым қызметі. Кез келген банк капиталы банкроттыққа қарсы, не
болмаса зияндардың орнын жабу үшін құрылмайды. Олардың басты мақсаты
коммерциялық қызмет керсету болып табылады. Мұндай қызметтер тәуекелмен
байланысты болатындықтан, банк капиталының мұндағы қызметі тәуекел
дәрежесін есепке алатын активті айналымды аванстаумен сипатталады.
Сондықтан да, бұл қызметті меншікті капиталдың айналым қызметі деп атайды.
Бұл қызметті аткара отырып, өзінің айналым капиталын кассалық ақшалар,
несиелік, факторингтік және лизингтік операцияларға, бағалы қағаздар сатып
алуға, басқа да ғимарат, құрылғыларға және басқа да негізгі қорларға жұмсай
отырып, банктер өз несие берушілерін зияндардан қорғайды.
Резервтік қызметі. Тәуекелдер тек активті операцияларға ғана емес,
сондай-ақ пассивті операцияларға да тиісті болып келеді. Пассивті
операциялардан туындайтын тәуекелдерді болдырмау үшін банктер тартылатын
қаражаттар есебінен міндетті резервтер ретінде Орталық банкте өз
резервтерін құрайды.
Банктердің ресурстарының тапшылығына байланысты міндетті түрде кұрайтын
резервтер сияқты, активті операциялардан болатын тәуекелдердің орнын
толтыру үшін арнайы резерв құруға мәжбүр болады. Мұндай зияндар банк
капиталының айналым қызметіне жатпайтындықтан, оларды басқа қызметі —
резервтік қызмет арқылы ғана қолдап отырады.
Банктің капиталының резервтік қызметі тәуекел активтердің болуына
байланысты емес, банк капиталының түрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі ұзақ уақыт бойы ғылыми-
зерттеу объектісіне және банктер мен оны реттеуші ұйымдар арасындағы
пікірталасқа айналып келеді.
Банктер өздерінің активтерін арттыру үшін капиталдың төменгі мөлшерде
болғанын қалайды. Ал банкті бақылаушылар, банктердің банкроттықтан аулақ
болуы үшін капиталдың жеткілікті мөлшерде болуын талап етеді. Банктердің
банкроттығы ондағы басқарудың нашарлығынан болуы мүмкін, себебі банкті
жақсы басқарса, ол төменгі капитал нормасында жұмыс жасай алады деген
пікірлер бар.
"Капиталдың жеткіліктілігі" термині банктің жалпы тұрақтылығын және
оның тәуекелге бару дәрежесін керсетеді. Капиталдың жеткіліктілігі — бұл
банк капиталының мөлшерінің тәуекел дәрежелері ескерілген банк активтеріне
сәйкес болуға тиісті. Сондай-ақ, екінші деңгейлі банктер өз жұмыстарында
банк капиталын шамадан тыс ұлғайтуды теріс санайды. Өйткені, ол банктің
қызметіне кері әсер етуі мүмкін. Банктердің көбі акция шығара отырып,
қаражат тартуға ынтасыз болып келеді. Сондықтан банк жетекшілері бір
жағынан, қадағалау және бақылау ұйымдары, екінші жағынан, банк капиталы мен
екінші деңгейлі банктердің басқа да қызметіндегі параметрлер арасындағы
қолайлы қатынасты табуға тырысады.
Банктің ресурсындағы меншікті капиталдың өте төменгі үлесінде болуы да
дұрыс емес. Себебі, ол банктің салым иелері алдындағы жауап беру мөлшеріне
сәйкес келмейтіндігін сипаттайды.
Банк меншікті капиталын ұлғайтуға негіз болатын мынадай факторларды
ескеру қажет:
банктердің дивидендтері өнеркәсіптік кәсіпорын активтеріне қарағанда,
сыйақы мөлшерлемесінің өзгеруіне, қарыз алушының несиелік қабілетінің
нашарлауына байланысты, олардың нарықтық құндары өзгеріп отырады;
- банк көбіне тұрақсыз қысқа мерзімді қарыз көздеріне көңіл бөледі,
бірақ олардың көбі талап етілуіне байланысты қайтарылып алынуы мүмкін.
Сондықтан, кез келген саяси немесе экономикалық өмірдегі жағдайлар
банктердегі ресурстардың сыртқа ағылуына себеп болуы тиіс. Бастапқыда банк
капиталының активтерге қатысты шекті қатынасы 20 % шамасында болса,
қазіргі оның шамасы 12 %-ды құрайды. Бұл дегеніміз банк жүйесіндегі төлем
жасау қабілетсіздігі тәуекелдің уақыт өте келе арта түсетіндігін
көрсетеді. Себебі, банк жүйесіндегі банк активтерінің сапасы әлі де болса
өз деңгейінен төмен екендігін ескерсек, онда болашақта оның орнын жабатын
меншікті капитал үлесінің жеткіліксіздігі орын алатындығы айқын.
Демек, банк капиталының жиынтық деңгейінің жеткіліктігі банк жүйесін
қолдайтын басқа шарттардың біріне жатады.
Банктердегі немесе жалпы банк жүйесіндегі капитал көлемін тура
анықтау қиын, бірақ жоғарыда қарастырылған қызметтердің
орындалуы үшін салым иелері мен бақылаушы органдардың сенімі
үшін банк капиталы жеткілікті мөлшерде болуы қажет. Қажетті
капиталдың сомасы банктің тәуекел деңгейіне сәйкес болуы тиіс.
Мысалы, егер банктің берген несиелерінің тәуекел дәрежесі өте
жоғары болса, онда банкке көп мөлшерде қорлар құруға тура келеді.
қажетті меншікті капитал мөлшерін анықтай отырып, банк өз
алдына мынадай міндеттерді қояды: тәуекелдің артуына
байланысты өз капитал мөлшерін ұлғайту қажет пе немесе тәуекел деңгейі
төмен болып келетін активтерге өз қаражаттарын орналастыру тиімді ме?
Осындай жағдайда банк капиталы, оның активтер сапасына, басқару сапасына,
қызметіндегі саясатқа және банктің басынан кешетін тәуекелдерге тәуелді ме
жоқ па деген балама сауалдар туындап отырады.
Банктің меншікті капиталын бағалау әдістемесі туралы мәселе 80-ші
жылдардың екінші жартысында халықаралық қаржы ұйымдарында үлкен пікірталас
туғызған болатын. Сөйтіп, 1988 жылы Базель Комитеті келісімінің шешімімен
"Халықаралық біртұтас капитал есебі және капитал стандарты туралы" келісім
шарт негізінде "Кук коэффициенті" деп аталатын капиталдың жеткіліктілігінің
нормативі із жүзіне енгізілді. 1993 жылдан бастап күшіне енген бұл
коэффициент көптеген елдердің Орталық банктерінде, біздің Қазақстанның
Ұлттық банкінде пруденциалдық норматив қатарында пайдалануда .
Кук коэффициенті банк капиталы мен баланстан тыс активтері арасындағы
ең төменгі шекті қатынасын бейнелейді. Мұндағы меншікті капитал екі
элементті қамтиды: негізгі және қосымша капитал. Олардың жеткіліктігіне
баға беру үшін, активтер мен баланстан тыс міндеттемелердің өлшемі таңдап
алынған. Мұндай тәсіл баланстан тыс операциялардың іске қосылуын
қамтамасыз етумен қатар, төменгі тәуекелді активтерге қаражаттар жұмсауды
ынталандыра түседі.
Базель келісіміне сәйкес, банктің капиталы екі деңгейге бөлінеді: I
деңгейлі капитал және II деңгейлі капитал.
I. деңгейлі капиталға: қарапайым акциялар, бөлінбеген пайда, сол
сияқты еншілес компаниялардың бақылаусыз пакеті шегерілген
материалдық емес негізгі капитал шамасы жатады.
II. деңгейлі (қосымша) капиталға: несиелер бойынша зияндарды
жабуға арналған резевтер, мерзімсіз артықшылығы бар акциялар
қосылған екінші дәрежелі қарыздар жатады.
Базель келісімінің бекіткен нормативтік коэффициентіне сәйкес, екінші
деңгейдегі банктердің қызметін реттеуде қолданылатын пруденциялдық
нормативтер қатарында банк капиталының жеткіліктілігі коэффициентін
белгілейді.
Соңғы жылдардағы банк секторындағы меншікті капитал динамикасының
өзгерісін 1 кестеден көруте болады.

Ке сте 1 - Банктің меншікті капиталының серпіні, млрд. тенге

Баптардың аттары 01.01.2006 01.01.2007 өсім, %
I деңгейлі капитал 91,1 110,6 21,4
Жарғылық капитал 76,8 77,0 0,3
Қосымша капитал 8,7 11,2 28,7
Бөлінбеген табыс 8,7 15,0 72,4
II деңгейлі капитал 36,0 55,7 54,7
Ағымдағы табыс 7,4 20,6 178,4
Субординацияланған 15,3 30,1 96,7
қарыз
Барлық меншікті капитал122,1 161,2 32,0

2007 жылдың 1 қаңтарына екінші деңгейдегі банктердің меншікті капиталы
32,0 %-ға өсіп, 161,2 млрд теңгені (1 036 млн АҚШ долларын) құрады. Бірінші
деңгейдегі капитал — 21,4 %-ға өсіп, 110,6 млрд теңгені, оның ішінде:
төленген жарғылық капитал — 0,2 млрд теңгеге, өткен жылдардағы бөлінбеген
таза табыс — 6,3 млрд теңгеге, қосымша капитал 2,5 млрд теңгеге өскен.
Екінші деңгейлі капитал 54,7 %-ға өсіп, 55,7 млрд теңгені, оның ішінде:
ағымдағы тазатабыс — 13,2 млрд теңгеге, субординацияланған міндеттемелер
тізімі — 11,8 млрд теңгеге өскен.
Банк меншікті капиталының жеткіліктігі жоғарғы деңгейде сақталған. Оның
ішінде: кі-дің мәні 2006 жыл бойына 0,11-ден 0,09-ға дейін (норматив мәні —
0,06 кем емес), к2-нің мәні 0,19-дан 0,17-ге (норматив мәні — 0,12 кем
емес) төмендеген. Мұндай төмендеу, банк жүйесіндегі жиынтық активтердің
өсуі банктердің капиталдану қарқынының өсуінен жоғары болып келуімен
сипатталады.
Банк ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті
қаражаттармен салыстырған өте жоғары, олардың есебінен банктің активті
операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.
Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай-ақ ескі банктік жүйе
үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дәстүрлі емес тәсілдерінің
болуы, тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де болады.
Банктің депозиттік емес ресурстары банктің қысқа мерзімді өтімділігін
қолдау мақсатында тартылады. Оларға: банкаралық несиелер, Ұлттық банктің
несиелері, банктердің меншікті бағалы қағаздарын эмиссиялау нәтижесінде
тартқан ресурстары, сондай-ақ отаңдық және шетелдік басқа да қаржы
нарығынан сатып алынған ресурстары жатады.
Банкаралық несие — бұл коммерциялық банктердің бір-біріне беретін
несиелері.
Банкаралық несие бұл басқа ресурстармен салыстырғанда өте қымбат ресурс
болып табылады.
Банкаралық несиенің негізін банкаралық депозиттер құрайды. Банкаралық
депозиттер — бұл банктердің бір-бірінде ашқан корреспонденттік шотындағы
қаражат қалдықтары.
Депозиттік емес қаражаттардың бір түріне Ұлттық банктің екінші деңгейлі
банктерге қысқа мерзімді өтімділігін қолдап отыру мақсатында беріліп
отырған мынадай несиелерін жатқызуға болады: овернайт (бір түндік) және
күндізгі заемдар.
Овернайт — банктердің ұлттық банктегі корреспонденттік шотында дебеттік
қалдықтың пайда болуына байланысты бір түнге берілетін несиесі.
Мысалға, оны бүгін кешке алған жағдайда, ертеңіне кешке қайтаруға тура
келеді. Кей жағдайда бұл несиені алу жұмыс аптасының соңғы күні немесе жұма
күнге түссе, онда несие келесі аптаның бірінші күні қайтарылуы тиіс.
Күндізгі заем — банктік жұмыс күні ішінде банктердін, ұлттық банкте
ашқан корреспонденттік шотында уақытша қаражат жоқтығына немесе жетіспеуіне
байланысты ақшалай аударымдар мен төлемдер жасау мақсатында берілетін
несие.
Бұл аталған несиелер қысқа мерзімді. Ұлттық банк екінші деңгейдегі
банктерге бүгінгі күні орта және ұзақ мерзімде несиелерді бермейді. Бағалы
қағаздарды қайта сатып алу негізінде сату келісімі (РЕПО операциясы) —
қазыналық міндеттемелермен қамтамасыз етілетін қысқа мерзімді заемның түрін
білдіреді.
Мұндағы қарыз алушының міндеттемесі, яғни ол келісілген күні және алдын
ала белгіленген бағада, өзінің сатқан бағалы қағазын қайта сатып алуды
көздейді.
Ұлттық банктерде вексельдерді қайта есепке алу және несие беру
- бұл қосымша қаражатқа деген қажеттілікке байланысты екінші деңгейлі
банктердің "Ұлттық банкке өздерінің вексельдерін кепілге бере отырып,
ресурстар тарту тәсілі.
Банктік ресурстарды тартудың жаңа бір формасына банктің вексельдерін
жатқызуға болады. Банктер тек қарапайым вексельдерді ғана шығарады. Банк
вексельдерін шығарудағы артықшылықтарға: біріншіден, вексельді тауарлар мен
көрсетілетін қызметтер үшін есеп айырысуда пайдаланады; екіншіден,
вексельдер несие алу барысында кепілдік ретіңде жүреді; үшіншіден,
вексельді жеке және заңды тұлғалар қолдана алады; төртіншіден,
вексельдердің өтімділігі жоғары; бесіншіден, вексельдер бойынша дисконт
мөлшерлемесі жоғары; алтыншыдан, вексельдің заңды немесе жеке тұлғаға өту
барысында шектеу болмайды; жетіншіден, вексельдің мерзімі әр түрлі болады
[8, б.74].
Екінші деңгейлі банктер өздерінің меншікті капиталы мен банктік
ресурстар көлемін ұлғайту мақсатында облигация шығару арқылы қосымша
қаражат тартады. Облигацияларды отандық тәжірибеде көбіне ірі екінші
деңгейлі банктер шығарып отыр. Мұндай қарыздық міндеттемелер түрлерін
шығару бір жағынан, банк капиталын, екінші жағынан, оның ресурстарын
ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл операцияларды ұйымдастырудың басты мақсаты
— банктің өтімділігін жақсарту болып табылады.

2. Қазақстандағы екінші деңгейлі банктер мен олардың меншікті
құралдары түсінігі

Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес банк
емес несие мекемелері өзінің негізгі немесе қосымша қызметтері ретінде
депозиттер қабылдауға құқы жоқ. Сондай-ақ өзінің атауында, құжаттарында,
хабарландырулар мен жарнамаларында банк деген сөзді, ия болмаса
депозиттер қабылдап, басқа банктік операциялар жүргізеді немесе банк ісіне
аудиторлық бақылау жүргізеді деген ұғым қалыптастыратын туынды сөздерді
қолдануға [1, б.27].
ҚР-дағы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызда
қабылданған ҚР Ұлттық банкі және 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған ҚР-
дағы банктер және банктік қызмет туралы ҚР заңдарын басшылыққа алады.
Коммерциялық банктер банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді. Олар
банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғалармен кең
көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.
Осылайша банк- ақшамен және құнды қағаздармен орперациялардың түрлерін
жүзеге асыратын, үкіметке, кәсіпорындарға, азаматтар мен басқа банкерге
қызмет көрсеттеін қаржылық ұйымдар, мекемелер болып табылады [2, б.334].
Қазіргі коммерциялық банктер жүйесі 1990 жылдың аяғынан бастап
қалыптасты, яғни қазақстандық банктік жүйенің небары 15 жылдық тарихы бар.
Коммерциялық банктердің соңғы төрт жылдағы сандық құрамы төменде 1 кестеде
көрсетілген.
Халықаралық ұйымдардың бағалауы бойынша Қазақстан Республикасының банк
жүйесі ТМД елдерінің арасында серпінді дамып келе жатыр.
Қазіргі таңда республикада 34 екінші деңгейлі банк өз қызметтерін
атқаруда., оның ішінде Қазақстанның Даму Банк Ақ да бар. Бантердің көп
бөлігі, атап айтсақ 28-і Алматы қаласында орналасқан. Сонымен қатар банк
қызметіне қол жеткізу тармақталған филиалдар торабы арқылы қамтамасыз
етілген. Соңғы жеті жыл ішінде филиалдардың саны 50-ге артты және 2006
жылдың 1 қаңтарына 418 -ді құрап отыр. Тұрғындар мен мекмелерге 1312 есеп-
кассалдық бөлімшелер қызмет етуде, оның ішінде 206 бөлімше 2005 жылдың
ішінде ашылған.

Кесте 2 - Коммерциялық банктердің сандық құрамы.

01.01.04 01.01.05 01.01.0601.01.07
Екінші деңгейлі банктердің саны, 37 35 35 34
оның ішінде
- шетелдің қатысуымен банктер 17 16 15 14
- жарғылық капиталда мемлекеттің 1 2 1 1
100% қатысуымен
Екінші деңгейлі банктердің 368 355 385 418
филиалдарының саны
Екінші деңгейлі банктердің 1020 1023 1106 1312
есеп-кассалық бөлімшелерінің саны
Екінші деңгейлі банктердің 8 10 11 17
шетелдегі өкілеттілігінің саны
Қазақстан Республикасындағы 14 20 18 18
банк-резидент еместердің саны
Казахстан за годы независимости Информационно-аналитический сборник. ҚР
статитика Агенттілігі, 2007 жыл [3, б. 53]

ҚР екінші деңгейлі банктері ҚР Ұлттық банктің берген лицензиясы
негізінде қызмет етеді. Лицензияның өзіндік стандартты формасы бар және
онда коммерциялық банктердің айналысатын қызмет түрі жазылады. Қазақстанда
берілетін лицензияның дамыған шет елдерден айырмашылығы әмбебаптығы болып
табылады.
ҚР-дағы банк қызметінде мемлекеттік органдар банктердің мамандануын
белгілемейді, мысалыға, инвестициялық - ипотекалық қызметтерді жүзеге
асырады және т.б. Қазақстандық банктер бағалы қағаздар нарығына да тікелей
қатысуға толық құқылы.
Банктік операцияларды жүзеге асыруға алатын лицензиядан басқа ҚР Ұлттық
банктен валюталық операцияларды жүзеге асыруға бас лицензия алады. Бас
валюталық лицензия оларға, өз қызметін жүзеге асыруы үшін қажетті саналатын
банктер қатарымен корреспонденттік қатынастар орнатуға, сондай-ақ дамыған
шет елдерде өз филиалдары мен өкілеттігін ашуға құқық береді.
Сонымен қатар, Қазақстандық коммерциялық банктерге бағалы металдармен
операцияларды жүзеге асыру үшін ҚР Ұлттық банкі лицензия береді.
1995 жылдың 31 тамызында қабылданған ҚР-дағы банктер және банктік
қызмет туралы ҚР-ның заңына [4] сәйкес ҚР-да банкті ашу немесе оның
қызметін ұйымдастыру мынандай үш кезеңнен тұрады:
1. Банк ашуға Ұлттық банктен рұхсат алу;
2. Әділет Минисрлігінде мемлекеттік тіркеуден өту;
3. Банк операцияларын жүргізуге Ұлттық банктен лицензия алу.
Аталған заңға сәйкес банкті заңды және жеке тұлға ашуға құқылы.
Бірінші кезеңде, банк ашушы Ұлттық банкке банк ашу үшін рұхсат алуға
өтініш береді және оған қоса төмендегідей құжаттарды тапсырады:
- рұхсат алу үшін беретін өтініші;
- құрылтайшылық шарт (түпнұсқа);
- банктің жарғысы (түпнұсқа);
- банк жарғысын қабылдау және банк органын сайлау туралы хаттама;
- құрылтайшылар туралы мәліметтер;
- құрылтайшылардың соңғы екі есептік жылдағы бухгалтерлік балансы
(заңды тұлғалар үшін);
- құрылтайшылардың жарғылық жағдайлары туралы аудиторлық қорытынды;
- егер бір немесе одан көп құрылтайшылары ҚР-ның резиденті болмаса,
ондай жағдайда сол мемле0кеттегі тиісті мемлекеттік немесе қадағалау
органынан жазбаша келісімі;
- егер банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым
банк ретінде қайта құрылса, онда оның жарғысы, құрылтайшылық шарты, соңғы
есептік мерзімге жасалған бухгалтерлік балансы, ұйымның қаржылық жағдайы
туралы аудиторлық қорытынды;
- банктің жетекшілік қызметіне тағайындалатын тұлғалар туралы
мәліметтер, оның ішінде банк төрағасы мен бас бухгалтерінің банк жүйесінде
кемінде - үш жыл, ал олардың орынбасарларының кемінде екі жыл, банк
филиалының бірініші жетекшісі мен бас бухгалтерінің кемінде - бір жылдық
еңбек тәжірибесі болуы керек және т.с.с.
- жаңадан құрылатын банктің толық ұйымдастырылу құрылымы (банктің
өкілетті органдарымен бекітілуі тиіс);
- жаңадан құрылатын банктің ішкі аудит қызметі туралы ережесі
(банктің өкілетті органдарымен бекітілуі тиіс);
- жаңадан құрылатын банктің несиелік комитеті туралы ережесі
(банктің өкілетті органдарымен бекітілуі тиіс);
- жаңадан құрылатын банктің бизнес-жоспары, оның ішінде болуы керек,
банк қызметінің стратегиясы, бағыттары мен ауқымы, қаржылық болашағы (есеп
айырысу балансы, бастапқы қаржылық (операциондық) үш жылға арналған пайда
және зиян туралы есебі, маркетинг жоспары ( банк клиенттерін қалыптастыру
), еңбек ресурстарын қалыптасытру жоспары);
- тапсырылған бизнес-жоспарына сәйкес дайындық шаралары туралы
құрылтайшылардың есебі;
- нотариалды түрде куәландырылған, құрылтайшылардың атынан өтініш
беруге құзіретінің барлығын растайтын құжатты;
- басқа банктің жарғылық капиталына қатысуы туралы мәліметтері.
Банк ашу үшін рұхсат алуға берілген өтініш үш ай, әрі кеткенде алты ай
мерзімінде Ұлттық банкте қаралады.
Ұлттық банк банк ашуға рұхсат алуға берілген өтініштердің есебін
жүргізеді.
Екінші кезеңде жаңадан құрылатын банк Ұлттық банк рұхсат берген күннен
бастап, бір ай ішінде Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынады.
Оған Ұлттық банктің банк ашуға берген рұхсатын және Ұлттық банктің
келісімімен расталған құрылтайшылық құжаттар тапсырылады.
Үшінші кезеңде банктік операцияларды жүзеге асыру үшін Ұлттық банктен
лицензия алады. Лицензия алу үшін мемлекеттік тіркеуден өткен күннен
бастап, бір жылға дейін мыналарды орындауға тиіс:
- ұйымдастырушылық - техникалық шараларды орындау, оның ішінде
Ұлттық банктің нормативті талаптарына сәйкес бөлмелерді және
құрал - жабдықтарды дайындау, тиісті біліктілігі бар
қызметкерлерді қабылдау;
- жарияланған жарғылық капиталды төлеу.
Лицензия алуға берген өтінішпен бірге жоғарыда аталған талаптарды
орындағандығын растайтын құжаттарды беруге тиіс.
Өтінішті берген уақыттан бастап, бір ай ішінде Ұлттық банк қарайды.
Лицензияның мерзімі шектелмейді және онда банктің жүргізетін барлық
операциялар тізімі көрсетіледі.
Аталған заңның 30- бабына сәйкес банктік операцияларға мыналар жатады:
- заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу
және жүргізу;
- жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу
және жүргізу;
- банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;
- заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;
- кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру,
қайта санау, айырбастау, ұсату, сорттау, қаптау және сақтау;
- аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшаны
ауларумен байланысты тапсырмаларын орындау;
- есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың
вексельдерін және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу;
- займдық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару
шартымен ақшалай формада несиелер беру;
- заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспондент-
банктердің тапсырмаларына байланысты. Олардың банктік шоттары
бойынша есеп айырысу операцияларын жүргізу;
- сенім операциялары: сенім білдірушінің тапсырмасы бойынша және
оның мүддесіне сай ақшасын, құйма бағалы металын және бағалы
қағаздарын басқару;
- клирингтік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау,
сондай-ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу
және клирингке қатысушылардың таза позициясын анықтау;
- сейфтік операциялар: клиенттердің құжатты формада шығарылған
бағалы қағаздарын, құжаттарын және бағалы заттарын сақтау
қызметін көрсету, сондай-ақ жәшіктерді, шкафтарды және
бөлмелерді жалға беру;
- ломбардтық операциялар: тез іске асатын бағалы қағаздар мен
жылжитын мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру;
- төлем карточкаларын шығару;
- банкнота мен монеталарды және бағалы заттарды инкассациялау және
жөнелту;
- шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;
- төлем құжаттарын инкассоға қабылдау;
- чек кітапшаларын шығару;
- бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет;
- аккредитивті ашу, растау және ол бойынша міндеттемені орындау;
- ақшалай формада орындалуды көздейтін банктік кепілзаттарды беру;
- үшінші тұлғаның атынана ақшалай формада орындалуды көздейтін
банктік кепілдеме беру.
Банктер бағалы қағаздар нарығында басқа да кәсіби қызмет түрлерін
жүзеге асыра алады. Оларға мыналар жатады:
- брокерлік - мемлекеттің бағалы қағаздарымен;
- дилерлік - мемлекеттің және өзге де бағалы қағаздарымен;
- кастодиандық;
- клирингтік.
Осы аталған қызмет түрлеріне Ұлттық банктен жекелеген және кешенді
лицензиялар беріледі.
Сонымен қатар, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктер өз қызметін жүзеге асыру
барысында филиалдарын, өкілдіктерін, жинақ кассаларын, сондай-ақ еншілес
банктерін аша алады.
Банктің филиалы - филиал туралы ережеде немесе лицензияда көрсетілген
банктік операцияларды жүзеге асыруға құқылы және өзінің дербес бухгалтерлік
балансы бар, заңды тұлға болып табылмайтын банктік мекеме.
Заңға сәйкес, банктер өздерінің филиалын ашу үшін Ұлттық банктің
келісімін алуға тиіс. Ол үшін мынандай құжаттарды тапсырады:
- филиал ашуға рұхсат алу өтініші;
- банк операцияларының тізімі көрсетілген банк филиалы туралы ереже;
- бірінші жетекші және бас бухгалтер қызметіне кандитаттар туралы
мәліметтер.
Шетелдік банктердің ҚР аумағында филиалдарын ашуға заңмен тыйым
салынады.
Банктің өкілдігі - банктік операцияларды жүзеге асырмайтын, яғни
банктің тапсырмасымен және оның атынана әрекет ететін банктің орналасқан
жерінен тыс орналасқан, заңды тұлға болып табылатын банктің құрылымдық
бөлімшесі.
Банк өкілдігі Ұлттық банктің келісімімен ашылады. Шетелдік банктер
өкілдіктерін ашу үшін Ұлттық банкке мынандай құжаттарын тапсырады:
-өкілдік ашуға рұхсат алу өтініші;
-өтініш жасаушы банктің құрылтайшылық құжаттары;
-ҚР аумағында өкілдік ашу туралы өтініш жасаушы банктің шешімі;
-өтініш жасаушы банктің қызметті жүргізуге арналған лицензиясының
барлығын растайтын сол мемлекеттегі банктік қадағалау органының жазбаша
расталымы;
-аудиторлық ұйым куәландырған өтініш жасаушы банктің соңғы қаржылық
жылға жасалған жылдық есебі;
- өтініш жасаушы банктің ҚР аумағында өкілдігін ашуға қарсы еместігін
куәландыратын сол мемлекеттегі банктік қадағалау органының жазбаша
хабарламасы;
- өкілдікте жұмыс істейтін қызметкерлердің саны және жетекшісі туралы
мәліметтер.
Еншілес банк - жарғылық капиталдың елу пайыздан астамы бас банкке
тиселі және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар заңды тұлға.
Есеп айырысу кассалық бөлімі - ҚР аумағында банктік операциялардың
жекелеген түрлерін орындайтын, филиал немесе өкілеттік мәртебесі жоқ, заңды
тұлға емес, Ұлттық банктің келісімі негізінде құрылатын банктің аумақтық
бөлімшесі.
ҚР Ұлттық банкі екінші деңгейдегі банктерді ашуға берген рұхсатын
мынандай негіздерге байланысты қайтарып алуы мүмкін:
- банк тарапынан өз еркімен қайта құрылу немесе таратылуы туралы
шешім қабылдау;
- банк қызметінің тоқтатылуы туралы сот шешімінің қабылдануы;
- мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жыл ішінде банк
қызметіне байланысты жалған мәліметтердің болуы;
- мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жылдан астам уақытқа
дейін банк операцияларын жүргізу лицензиясын алмаған жағдайда;
- банк заңдылықтарында, сол сияқты жарғысында көрсетілмеген
операцияларды жүзеге асыруы;
- мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жылға дейін жарияланған
жарғылық қордың сомасын төлемеу.
Қазақстандық тәжірибеде басқа дамыған шетелдік тәжірибелер сияқты
жарияланған жарғылық капиталдың төленген жарғылық капиталдан айырмашылығы
болады. Қазақстандағы банктік заңдарғы сәйкес банкті тіркеуге алу үшін
жарияланған жарғылық қордың 50 пайыздан астам бөлігі акция, облигация,
ақшалай қаражат, бағалы металдар немесе басқа да материалды құндылықтармен
төленуге тиіс. Ал қалған сомасы жыл бойы салынуға тиіс [5, б.17].
Жарияланған жарғылық қордың жартысының ақшалай түрдегі сомасы сол
банктің корреспонденттік шотына түсіріліп, ал материалдық құндылықтары
бірлескен түрде бағалануына байланысты банкті құрушы акционерлердің жалпы
жиналысында акті бойынша қабылданады.
Банктің ұйымдастыру құрылымы негізгі екі тәсілмен анықталады: банктерді
басқару құрылымымен және оның функционалды бөлімшелері мен қызметінің
құрылымымен.
Басқару органдарының негізгі тапсырмасы - банктің негізгі қызметтерін
жүзеге асыру мақсатында оны тиімді, ұтымды және оперативті басқаруды жүзеге
асыру. Банктің құрылуына, оның басқармамен және бағынушыларымен қарым
қатынасына барлық қызметі тәуелді болады.
Банкті басқару құрылымын анықтау басқару органына анықтауды, олардың
өкілеттілігін бекітуді, негізгі банк операцияларын жүзеге асырудағы
жауапкершіліктері мен өзара байланысын қарастырады. Банктің жалпы тәсілі
мен басқару құрылымы банк заңдылығымен анықталады, бірақ басқару
құрылымының көптеген сұрақтарын коммерциялық банк өзі шешуге құқылы.
Коммерциялық банктің ұйымдастыру және басқару құрылымы жарғыда
жарияланады, онда банкті басқару органдарының, олардың құрылымының, құрылу
және қызмет тәртібі көрсетіледі.
Акционерлік коммерциялық банктің жоғарғы органы төмендегі негізгі
сұрақтары шешу мақсатында жыл сайын шақырылатын акционерлердің жалпы
жиналысы:
- жарғы мен жарғылық капитал көлемін өзгерту;
- банк басқармасын сайлау;
- жылдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктің меншікті капиталын басқару
Коммерциялық банктің меншікті капиталдарының қалыптасу көздерін талдау жасау
Кешенді экономикалық талдау негізінде банктің меншікті капиталын басқару тиімділігін жоғарылату бойынша шаралар
Екінші деңгейлі банктердің меншік капиталдарының қалыптасуы мен қолданылуын талдау
Коммерциялық банктердің меншікті капиталдары
Банк жүйесі туралы
Қазақстан Республикасының депозит нарығы
Банк ресурстары және олардың жинақталуы. Банктің өзіндік капиталы.
Қазақстан экономикасындағы банк жүйесінің реформаларын талдау
Банктің акционерлік капиталы және оның қалыптасуы
Пәндер