Мектепке дейінгі мекемелерде мүсіндеу сабақтарының ерекшеліктері және балалардың ұжымдық шығармашылығының мазмұнын қарастыру



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.4

І Бөлім. Мектепке дейінгі балаларды мүсіндеу өнеріне
үйретудің әдістері мен тәсілдері
1.1. Мүсіндеуге арналған материалдар мен құралдарды
іріктеуге үйретудің жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5.7
1.2. Мүсіндеу түрлері және жас ерекшеліктеріне үйретудің міндеттері мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8.12

ІІ Бөлім. Мектепке дейінгі мекемелерде мүсіндеу сабақтарының құрылымы және оған басшылық жасау
2.1. Мектепке дейінгі мекемелердегі мүсіндеу сабақтарының ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13.14
2.2. Мүсіндеу өнері арқылы балалардың ұжымдық шығармашылығын қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15.21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
Шығармашылық ойларды жүзеге асыру үшін еңбек-сүйгіштік қажет. Мұнсыз ең тамаша ойдың өзі жүзеге аспай қалуы мүмкін. Адамның барлық күш-жігері алға қойған мақсатты жүзеге асыруға жұмылдырылып, бағытталуға тиіс.
Балалар қоршаған дүниемен таныса отырып, оны өз іс-әрекетінде — ойнағанда, сурет салғанда, мүсін жасағанда, әңгімелегенде қайталауға тырысады. Бұл тұрғыдан алып қарағанда бейнелеу іс-әрекетінің мүмкіндігі бай, өйткені өзінің мәні жағынан оның жаңғыртушылық және жасампаздық сипаты бар. Бұл арада бала қоршаган дүниеден алған өз әсерлерін қайталауға, қиялындағы образдарды беруге, оларды алуан түрлі материалдардың көмегімеи нақты пішінін көрсетіп беруге мүмкіндік алады.
Мектепке дейінгі ересек жасқа қарай балада барған сайын аналитикалық-синтетикалық ойлау дәрежесі көбірек дамиды, мұның бейнелеу процесі үшін маңызды мәні бар.
Іс-әрекетте қиялдау барған сайын үлкен роль атқара бастайды. Бірақ мектепке дейінгі кіші жастағы балаларда қиял образдары әлі де болса тұрақсыз, үзінді түрінде болып келеді, бұл баланың суретіне де әсерін тигізеді. Жасы өскен сайын қиял байи түседі, балалар өз жұмысының мазмұнын өз бетімен ойлап тауып, жаңа образдарды кіргізе алады.
Балалар шығармашылығының мәселелері жөніндегі ғылыми зерттеулерде баланың іс-әрекетінде шығармашылық бастаманың бар екенін сипаттайтын бірқатар белгілер атап көрсетіледі. Бұл — жұмыстың бұрын игерілген тәсілдерін жаңа мазмұнға қолдануда, алға қойылған міндеттерді шешудің жаңа әдістерін табуда, түрлі бейнелеу құралдарының көмегімен өз сезімдерін әсерлі білдіруде белсенділік, дербестік және белсенділік көрсету.
1. «Балабақшадағы бейнелеу іс-әрекетінің теориясы мен әдістемесі»
Авторы: В.Б.Косминская. «Мектеп» баспасы, 1993 ж.

2. «Балабақшадағы бейнелеу өнерінің мақсаты мен міндеттері» Авторлары: В.Б.Косминская, Н.Б.Халезова. «Мектеп» баспасы, 1991 ж.

3. «Балабақшадағы бейнелеу өнерінің түрлері»
Авторы: З.В.Лиштван. Баспа 1993 ж.

4. «Бейнелеу өнерінің негіздері»
Авторлары: М.Жаметов, С.Жұмабеков. Алматы, 2000 ж.

5. «Мектеп жасына дейінгі балаларды мүсіндеуге үйрету әдісі»
Авторы: Сакулина Н.П. 1985 ж.

6. «Балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру»
Авторы: Ветлугина Н.А. 1992 ж.

7. «Балбөбек» балалар бақшасының бағдарламасы. Астана 2001 ж.

8. «Қарлығаш» балалар бақшасының бағдарламасы. Алматы 2003 ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3- 4

І Бөлім. Мектепке дейінгі балаларды мүсіндеу өнеріне
үйретудің әдістері мен тәсілдері
1.1. Мүсіндеуге арналған материалдар мен құралдарды
іріктеуге үйретудің жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5-7
1.2. Мүсіндеу түрлері және жас ерекшеліктеріне үйретудің міндеттері мен
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8-12

ІІ Бөлім. Мектепке дейінгі мекемелерде мүсіндеу сабақтарының құрылымы және
оған басшылық жасау
2.1. Мектепке дейінгі мекемелердегі мүсіндеу сабақтарының
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13-14
2.2. Мүсіндеу өнері арқылы балалардың ұжымдық шығармашылығын
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15-21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2 2

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23

Кіріспе

Шығармашылық ойларды жүзеге асыру үшін еңбек-сүйгіштік қажет. Мұнсыз
ең тамаша ойдың өзі жүзеге аспай қалуы мүмкін. Адамның барлық күш-жігері
алға қойған мақсатты жүзеге асыруға жұмылдырылып, бағытталуға тиіс.
Балалар қоршаған дүниемен таныса отырып, оны өз іс-әрекетінде —
ойнағанда, сурет салғанда, мүсін жасағанда, әңгімелегенде қайталауға
тырысады. Бұл тұрғыдан алып қарағанда бейнелеу іс-әрекетінің мүмкіндігі
бай, өйткені өзінің мәні жағынан оның жаңғыртушылық және жасампаздық сипаты
бар. Бұл арада бала қоршаган дүниеден алған өз әсерлерін қайталауға,
қиялындағы образдарды беруге, оларды алуан түрлі материалдардың көмегімеи
нақты пішінін көрсетіп беруге мүмкіндік алады.
Мектепке дейінгі ересек жасқа қарай балада барған сайын аналитикалық-
синтетикалық ойлау дәрежесі көбірек дамиды, мұның бейнелеу процесі үшін
маңызды мәні бар.
Іс-әрекетте қиялдау барған сайын үлкен роль атқара бастайды. Бірақ
мектепке дейінгі кіші жастағы балаларда қиял образдары әлі де болса
тұрақсыз, үзінді түрінде болып келеді, бұл баланың суретіне де әсерін
тигізеді. Жасы өскен сайын қиял байи түседі, балалар өз жұмысының мазмұнын
өз бетімен ойлап тауып, жаңа образдарды кіргізе алады.
Балалар шығармашылығының мәселелері жөніндегі ғылыми зерттеулерде
баланың іс-әрекетінде шығармашылық бастаманың бар екенін сипаттайтын
бірқатар белгілер атап көрсетіледі. Бұл — жұмыстың бұрын игерілген
тәсілдерін жаңа мазмұнға қолдануда, алға қойылған міндеттерді шешудің жаңа
әдістерін табуда, түрлі бейнелеу құралдарының көмегімен өз сезімдерін
әсерлі білдіруде белсенділік, дербестік және белсенділік көрсету.
Мұнан әрі бейнелеу іс-әрекеті мен шығармашылық бастаманы дамыту үшін
бұл кезең маңызды роль атқарады, өйткені бала өз ойын образдар арқылы
көрсетіп бере алатын материалмен танысады.
Балалар шығармашылығының анықтамасын алғашқылардың бірі болып Е. А.
Флерина берді: Балалардың бейнелеу шығармашылығын біз баланың қоршаған
болмысты сурет, мүсін, құрастыру арқылы саналы түрде бейнелеуі, қиялдау
жұмысына, өз бақылауларын елестетуге құрылған бейнелеу, сондай-ақ олардың
сөз, картина және басқа өнер түрлері арқылы алған әсерлері деп білеміз.
Бала айналадағыны енжар көшіре салмай, оны жинақталған тәжірибесі мен
бейнеленіп отырған затқа қатынасына байланысты қайта жасайды.
Бейнелеу өнеріне балаларды үйрету олардың бойына бейнелеу шеберлігі
мен дағдыларын қалыптастырумен қатар шығармашылық белсенділікті дамытуды
көздейді. Бұл жүйе мектеп жасына дейінгілердің бейнелеу дағдыларына және
олардың бойында байқампаздықтың, қоршаған өмірдегі бояулардың, пішіндердің,
қимылдардың алуан түрлілігін көре білуді тәрбиелеуге негізделген.
Курстық жұмыстың мақсаты: Мектепке дейінгі мекемелерде мүсіндеу
сабақтарының ерекшеліктері және балалардың ұжымдық шығармашылығының
мазмұнын қарастыру.
Зерттеудің міндеттері:
- Мүсіндеуге арналған материалдар мен құралдарды іріктеуге үйретудің
жолдарын қарастыру.
- Мүсіндеу түрлері және жас ерекшеліктеріне үйретудің міндеттері мен
мазмұнының тәрбиелік мәнін ашу.
- Мүсіндеу өнері арқылы балалардың ұжымдық шығармашылығын қалыптастыру
әдістерін үйрету ерекшеліктері.
Зерттеу пәні: Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі.
Зерттеу объектісі: Мектепке дейінгі мекемелердегі мүсіндеу
сабақтарының ерекшеліктері және балалардың ұжымдық шығармашылығы.
Зерттеу әдістері: Ғылыми әдебиеттер, баспасөз материалдары, озат
тәжірибені қолдану.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І Бөлім. Мектепке дейінгі балаларды мүсіндеу өнеріне үйретудің
әдістері мен тәсілдері
1.1. Мүсіндеуге арналған материалдар мен құралдарды іріктеуге
үйретудің жолдары
Мүсіндеудің бейнелеу жене техникалық құралдарын меңгеру сәбилер үшін
өте күрделі соғады, мұның өзі тәрбиешілердің мүсіндеуге арналған
материалдарды мұқият іріктеуіне үйретудің мазмұны мен тәсілдеріне ұқыпты
қарауына мәжбүр етеді.
Балабақшада мүсіндеуге әдетте саз балшық пен ермек саз пайдаланылады.
Саз балшық — бейтарап және қолайлы түсі бар жұмыс істеуге бағалы материал.
Саз балшық қара қоңыр, ақ немесе жасыл, не көкшіл реңкі бар күлгін бола
береді. Мүсіндеуге муфельді пеште күйдіруге болатын, арнайы дайындалған
түрлі түсті керамикалық балшықты да пайдалануға болады. Жалпы саз балшықпен
жұмыс істеу өте ыңғайлы. Оның үлкен бір бөлегі неше түрлі мүсіндер жасауға
негіз болады. Саз балшықты пластмассадан жасалған ыдыста сақтаған жақсы, ал
металдан жасалған ыдыста сақтайтын болса, ол тоттанып кетеді. Саз балшықтың
жұмыс іетеуге үнемі дайын тұруы үшін оны сызы мол, салқын жерде, ылғал
шүберектің астында ұстаған дұрыс.
Әлі кептірілмеген немесе жартылай кептірілген бұйымдарды ересектер
немесе мектепке даярлық тобындағы балалар сұйық балшықпен үстемелеп сылай
алады, ал сонан соң жақсылап кептіріп муфель пешінде күйдіре алады. Саз
балшықты сумен араластыра отырып қаймақтың сұйықтығындай болуын ангоб
(керамикалық) бояуы дейміз. Адамдар сонау ежелгі замандардан бері
керамикалық бұйымдарды ангоб бояуымен әшекейлеп келеді. Ангоб қазіргі кезде
де керамикалық бояу ретінде кеңінен пайдаланылуда.
Ермек саз мүсіндеудің алдында ерекше дайындықты талап ететін серпімді
материал. Ол бір түсті немесе түрлі түсті болуы мүмкін. Мұның алғашқысы
заттың құрылысын және пішінінің тұтастығын жақсы түсінуге мүмкіндік береді.
Ал, түрлі түсті ермек саз жұмысқа әр береді, мәнерлеудің қосымша
құралдары болып табылады.
Мүсіндеудің көмекші материалдарына каркастар (қаңқалар) жатады.
Балаларды мүсіндеуге үйреткенде қаңқа ретінде жуандығы мен ұзындығы әр
түрлі кәдімгі таяқшаларды пайдалануға болады. Қаңқаның көмегімен фигуралар
мықты және серпімді болып келеді.
Қаңқаның тірегіне орындалған саз балшықтан жасалған бұйымдарға сызат
түскіш болады, сондықтан олар болар-болмас кебе бастағанда, қаңқаны жайлап
алып тастау керек. Ендігі кептірілу қаңқасыз жүзеге асуы керек.
Мүсіндеу процесінде өздері оп-оңай істеп алатын ағаштан немесе
темірден, стеканы пайдалана білу қажет. Стекалардың ең қарапайым формасы —
таяқшалар, бір жағынан өткірленген үшкір болып келсе, екінші жағы
дөңгеленген, сондай-ақ ол ілмек түрінде де, сымнан ілмегі бар таяқшаларда
болуы мүмкін.
Мұндай стекалар мүсіндеу барысында қолмен өңдеуге қиындық туатын сәтте
ғана пайдаланылады, онымен формадағы артық балшықты қырнауға әр түрлі
сызықтар түсіруге көп жәрдемін тигізеді. Балаларды мүсіндеуге табысты
үйрету үшін стол үстіне қоюға жарайтын, көлемі шағындау тақтайдың болғаны
өте жақсы. Оның көлемі мүсіндеудің көлемімен айқындалады. Егер фигураның
мөлшері 15X10 см болса, онда тақтайдың мөлшері 35x22 см болып келуі тиіс.
Фигура үлкейтілген сайын, тақтайдың да көлемі үлкен болуы керек. Асылы,
тақтайдың ең қолайлы формасы—дөңгелек келген түрі, кейде тақтайлар квадрат
болып та келуі мүмкін.
Ересек және мектепке даярлық тобындағылар тақтайдың орнына стол үстіне
қойылатын жылжымалы станоктарды да пайдалануына болады, себебі мүсіндеу
барысында балалар өз жұмысын ретіне қарай айналдырып алуына мүмкіндік
туады. Ересек және мектепке даярлық тобындағы балаларға модельді көрсету
үшін айналмалы дискісі бар биік қондырғыны пайдаланған жөн. Бұл тәсіл
арқылы затты қолмен көлегейлемей, барлық жағынан анық көрсетуге болады.

1.2. Мүсіндеу түрлері және жас ерекшеліктеріне үйретудің міндеттері
мен мазмұны
Заттың мүсінін жасау бала үшін сол заттың суретін салудан жеңілірек.
Ол бұл жерде бейнелеудің шартты құралдарынан гөрі нақты көлемді бейнелеуге
мүмкіндік алып отыр. Балаларға конструкциясы жеңіл және өсімдік формасы
тәрізді заттарды мүсіндеу оңайлау да, ал адамдар мен жануарларды мүсіндеу
аса қиын тиеді. Бұл, әрине, соңғылардың дене құрылысының күрделілігіне,
пішіндерының пластикалылығына байланысты өйткені балаларға жануарлардың
анатомиялық күрделі құрылысын түсіну әлдеқайда қиын.
Зерттеулермен балалар арасында жүргізілген жұмыс тәжірибелері
дәлелдегендей, мектеп жасына дейінгі балаларды адам мен жануарлардың болмыс-
бітімін белгілі бір дәрежеде дұрыс мүсіндей алуға үйретуге болады.
Жанды нәрселерді мүсіндеу үстінде балалар неғұрлым айқын сипаттық
белгілерін бейнелей алады, ал негізгі бөліктерінің формасын жалпылама
күйінде қалдырады.
Сондықтан да тәрбиешінің балаларды заттың негізгі формасын соларға тән
өзгеше сипаттарымен бейнелей білуге үйреткені маңызды. Мектеп жасына
дейінгі балалар сабақ үстінде заттардың пропорциясын бере білуге, белгілі
бір техникалық дағдыларды меңгеруге тиіс. Осындай жалпы ортақ міндеттер
балабақшадағы топтардың жас мөлшеріне қарай нақтылана түседі. Мысалы,
бірінші кішкентай топтағы балаларды ең қарапайым пішіндерды (цилиндр,
дискі, шар) мүсіндеуге үйрету. Естиярлар тобындағы заттардың формасы мен
құрылысы жөніндегі ұғымдарды пысықтай түсу. Ересектер тобындағыларды
заттардың өзара ұқсастығы мен айырмашылықтарын, олардың кеңістіктегі
орналасуын, сипаттық белгілерін тани білуге үйреткен дұрыс.
Тәжірибенің көрсеткеніндей балаларды екі жасынан бастап мүсіндеуге
үйретуге болады. Осы жастағы балаларда өздерін айнала қоршаған
заттарды саз балшықтан мүсіндеуге деген құштарлық пайда болады. Алайда,
бейнеленген заттың болар-болмас нобайы ғана ұқсайды. Екі-үш жастағы сәбилер
үшін мүсіндеуде заттардың формасы мен құрылысынан гөрі сол материалдың
жабысқақтығы, созылмалығы, көлемі, салмағы тәрізді белгілері анағұрлым
маңызды болмақ. Бұл кезең сурет салудағыдай бейнелеуге дейінгі шақ деп
аталады да, бірақ сурет салу барысына қарағанда мүсіндеу сабақтарында тез
өтеді.
Мүсіндеуге үйрету балалардың даму ерекшелігіне сай туындап жатады және
негізінен жалпы оқу-тәрбие жұмыстарының міндеттерімен саяды:
- балалардың мүсіндеуге деген ықыласын қалыптастыру;
- оларды материалдардың өзіндік қасиеттерімен таныстыру;
- саз балшықты дұрыс пайдалануға үйрету;
- техникалық амал-дағдыларды меңгеруге жәрдемдесу: мәселен жалпы
жұмбаз саз балшықтан керегінше мөлшерде ала білуге, жапсыра білуге, илеуге;
- қарапайым пішіндер жасай білуге үйрету керек (цилиндрлер, таяқшалар,
дискілер, шарлар). Балалар осылардың негізінде кейіннен мұнан гөрі күрделі
заттарды (самолеттер, рульдер, пирамидалар) жасай алатын болады.
Тәрбиеші сабақты заттардың мүсінін бейнелеуден емес, керісінше ең
алдымен саз балшықтың шағын бөлігін қалай тиімді үзіп алудан бастауы керек.
Мұнан соң ол сәбилерге сол үзіп алған бөліктерді қайтадан біріктіруді, оны
алақанында илеуді, бұдан пайда болған пішіндерды тақтайшаның үстіне
орналастыруды үйретеді. Бұл сабақта балалар саз балшықтың қасиетімен
танысады, саз балшықтың бір үзігін сол қолына ұстап, оң қолымен одан жұлып-
үзіп алуды, алақандарының арасында түзу және айналдыра қозғалта алуды
үйренеді.
Балаларды саз балшықтың бөлшектері бірінің формасын бірі бұзбайтындай
қосуға үйрету керек. Мүсіндеу процесіне біртіндеп саусақтың да әрекеттерін
үстемелеу керек. Бұл өте маңызды кезең. Өйткені, өзге топтағы мүсіндеу
жұмыстары алақанның әрекетінен гөрі, саусақтардың қимылдарын көп талап
ететін болады. Міне, осыған байланысты сәбилерді форманың шетін саусақтың
ұшымен шымшып тұйықтауға үйрету керек. Балалар шымшу арқылы пряник,
пирожное немесе торт сияқты заттарды мүсіндей алатын болады.
4 — жастағы балалар дене және ақыл-ой дамуы жөнінен кішкентай топтағы
балалардан ерекшеленіп тұрады. Олардың кішкентай топтағыларға қарағанда
сөздік қоры да мол, әрі тілдің құдірет-күшін еркін сезінеді. Естиярлар
тобындағы балалар әлдеқайда ұқыпты, ол тәрбиешінің түсіндіргенін тыңғылықты
тыңдай алады, солай бола тұра, олар әлі ұзақ түсіндіру процесін тұтас
қабылдай алмайды.
Естиярлар тобынан бастап балаларды мүсіндеудің көптеген жұмыстарын
саусақпен істеуге үйрету керек. Өйткені алақанның әрекетінен өзінен-өзі
сәнді пішіндер үнемі шыға бермейді.
Балалар шар немесе цилиндр пішіндерінен сопақша нәрселер жасауға
үйренеді. Сөйтіп, олар алма, жаңғақ, сәбіз, қозықұйрық, қияр, лимон тәрізді
заттардың пішіндеріне тән бөлшектерін мүсіндей алатын болады. Оларды
бейнелеу үстінде, бала сол заттардың пегізін саз балшықтың жентегін
алақанға салып илеп дөңгелету арқылы жасаса, ал кейбір бөлшектерін
саусақтарымен ғана жасайды.
Бес жастағы балалар заттардың құрылымы мен формасын барынша дәл беруге
үйрене бастайды. Олар мұнан басқа адамдар мен жануарларды да бейнелеумен
танысатын болады. Тәрбиеші ақшақарды, аққаланы, тон киген қызды, құсты,
қоянды, кірпіні, балықты, торайды мүсіндеуіне болады.
Бағдарламада саусақ қимылдарын дамыту үшін қайталау жаттығуларына көп
көңіл бөлінді.
Тәрбиеші балаларды пішіндердің шетін шымшып бағананың жиегін
дөңгелектеу, үшкірлеу үшін саусақтың ұшын пайдалануға үйретуі тиіс. Бұған
жаттығу үшін балалар сәбізді, қуыршақтар үшін пирожки, печенье, ватрушки
тәрізді тағамдарды мүсіндейді.
Естиярлар тобында балалар жаңа бейнелеу және техннкалық іскерліктермен
танысады. Мысалы, шөже мен құстарды мүсіндеу кезінде негізгі формадан созып
тұмсық, құйрық, аяқ шығаруды, дөңгелек нәрсені сығып жалпайтуды немесе
жалпақ нәрсенің жиегін байланыстыруды үйренеді. Бағдарламаның қамтыған
тақырыптары осындай үйренген дағдыларды бекіте түседі.
5-6 жастағы балаларда мүсіндеу барысында мәнерлі образдар жасау
қабілеті айқын аңғарылады. Мұның өзі олардың өздеріне лайық ой-өрісінің
кеңеюіне байланысты. Олардың шығармашылық қиялы бұрынғыдан да артып, дами
түседі. Қолдарының бұлшық еттері толысып, сонымен бірге саусақтарының
әрекеттері де қабат дамиды. Заттардың сапасын эстетикалық тұрғыдан
бағалауы, сондай-ақ айнала қоршаған заттар мен оқиғалар туралы өзінше
түсінік жасауы арта береді. Бала заттың формасын, құрылымдық жағын ғана
түсініп қоймай, сонымен қатар заттың күйін де ұға бастайды.
5-6 жастағы балалардың мүсіндеу әрекеттері мектеп жасына дейінгі
кішкентай сәбилердікінен мүлдем өзгеше болып келеді. Оларда заттың пішінін
барынша дәл бейнелеуге, образды қосымша детальдармен байытуға, оның
қозғалысын көрсетуге құштарлығы мол болады. Олар өздерінің жұмысында
мүсіндеудің көптеген тәсілдерін және қосымша материалдарды пайдалана
біледі. Бірақ, мектеп жасына дейінгі ересек балалар тірі организмдерді
мүсіндеген кезде солардың ерекше белгісін көрсетеді де, ал негізгі
бөліктерінің пішіндерінің барлығы әлі сол жалпылама күйінде қалып қояды.
Мектепке даярлық тобындағы тәрбиешінің алдында мүсіндеуге үйретудің
мынадай міндеттері тұрады: заттың формасын көзбен және бұлшық етпен
қабылдауын дамыту; мүсіндеу барысында мәнерлі образдар жасауға, әр алуан
құралдарды пайдалана алуға үйрету және творчестволық инициативаны дамытатын
әр түрлі бейнелеу және техникалық тәсілдерді меңгеруді қалыптастыру.
Мектепке даярлық тобында сюжетті мүсіндеуге көп көңіл бөлінеді.
Форманы бейнелеу заттардың пропорциясын жетілдіре түсу жолындағы жұмыс жыл
бойына жүргізіледі. Балалар жұмбаз саз балшықтан мүсін жасаудағы үйренген
тәсілдерін бекіте түседі, фигураларды балшық тұғырға және тұғырсыз қоюға
машықтанады және заттарды мәнерлеуде қосымша заттар мен детальдардың
қозғалысын беретін амал-дағдыларды пайдалану тұсындағы ұмтылыстарын
жалғастыра түседі. Тәрбиешінің балаларға өздері мүсіндеген заттарын ангоб
(керамикалық бояумен) немесе гуашьпен бояуды ұсынуына болады.
Мектепке даярлық тобындағы балалар қажетті заттарды бейнелеу барысында
мүсіндеудің тәсілдерін талғап, таңдап қолдануға қабілетті келеді.

ІІ Бөлім. Мектепке дейінгі мекемелерде мүсіндеу сабақтарының құрылымы және
оған басшылық жасау
2.1. Мектепке дейінгі мекемелердегі мүсіндеу сабақтарының ерекшеліктері
Мүсіндеу— бейнелеу өнерінің бір түрі. Өнердің өзге салалаларын-дағы
тәрізді суреткер мұнда да өзінің дүниетанымын, дәуірдің асқақ мұраттарын,
өзгеше пішіндегі образдар жасау арқылы білдіреді. Мүсін туындылары үнемі
көлемді кеңістікті береді және ол өзінің осынау ерекше сипаты мен болмысын
саз балшық, ермек саз тәрізді жұмсақ материалдар немесе ағаш, тас тәрізді
қатты материалдар бойыңша да көрсете алады. Мүсіндеудің жұмсақ
материалдардан жасалуын жалпы мүсіндеу, пластика деп, ал қатты
материалдардан жасалуын қашау деп атайды.
Мүсіндеудің өзіндік ерекшелігі оның мазмұнынан және айтар ойын жеткізу
құралдарынан айқын көрінеді.
Оның негізгі мазмұны ең алдымен адамды бейнелеу болып табылады.
Жануарлар әлемі де мүсінның объектісі болуы мүмкін. Мысалы, мүсінші-
анималист В. А. Ватагин өз творчествосын жануарлар дүниесін бейнелеуге
арнады.
Мүсіндеудің мазмұнының ерекшелігі неліктен бұлай болған? Осынау тірі
организмдер формасы көлемімен, мәнерімен, үйлесімділігімен, сондай-ақ сан
алуан түрлі қозғалыс-қимылымен сипатталады. Сондықтан мүсіндеудің
өзгешелігі сол форманың барлық ерекшеліктерін әр алуан қырынан көрсету
мүмкіндігі болып табылады. Адамды қоршаған ортаны, жансыз табиғатты
мүсіндеуде, пластикада өте сирек ұшырасады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі балаларды мүсіндеу өнеріне үйрету
Мүсіндеу өнерінің бөлімдері
Әртүрлі жас топтарында сурет салуға үйрету
Мектеп жасына дейінгі балаларды сюжеттік мүсіндеуге үйрету
Мектепке дейінгі ұйымдарда жүргізілетін бейнелеу өнері және әдістемесі
Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру
Бейнелеу өнерінен дәрістер кешені
Мектепке дейінгі балаларды бейнелеу өнері сабақтарында бояу түстері арқылы сұлулыққа баулу
Мектеп жасына дейінгі балалардың сурет салу қабілетін дамыту
Балаларда сурет салудың техникалық дағдыларын қалыптастыру
Пәндер