Организмдегі энергиялық өзгерістер
І. Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
ІІ. Негізгі бөлім:
2.1. Көмірсу, май, судың алмасуы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 7
2.2. Денедегі энергиялық өзгерістер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 17
2.3. Тыныс, қоректік заттардың калориялық коэффициенті . . 18
2.4. Негізгі зат алмасу. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 20
ІІІ. Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 24
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 27

Зат алмасуы организм тіршілігінің аса маңызды белгілерінің бірі. Ол ғұмыр бойы жүретін өзара байланысқан екі процестен тұрады: ассимилияция –клеткалар құрамына кіретін күрделі және арнайы заттардың жаңадан түзілуі; диссимилияция –зат алмасуына қатысқан заттардың тотығуы арқылы қарапайым химиялық заттарға айналуы. Күрделі химиялық заттар тотыққан сәтте олардан потенциалдық энергия босап шығады да кинитикалық энергияға, айталық механикалық, электр энергиясына, аөырында бұлардың бәрі жылуға айналады. Бұл энергия клеткада жаңа заттар түзілуіне, клеткалар мен ағзалардың, ағза жүйелерінің, тұтас адам денесі атқаратын қызметтеріне жұмсалады. Клеткалар құрылысы мен энергия қорының байырғы қалпына келуі және бүкіл дененің өсіп дамуы үшін қажетті мөлшерде оларға сырттан қоректік минералды заттар, витаминдер мен су уақытында келіп түсуі шарт.
Тіршіліктің көзі –тағам, оның сапасы, мөлшері, құрамындағы қоректік заттар, олардың арақатынасы дене мұқтаждығын қамтамасыз еіп тұруы қажет. Денедегі тотығу өнімдері, әсіресе, белок өнімдері көбінесе уытты келеді. Арнайы ағзалары арқылы организм олардан уақытында арылып отырады.
Зат алмасуы тағамның, оның құрамындағы қоректік заттардың асқазанға келіп түсуінен басталады. Онан соң олар қорытылып, денеге сіңеді, клеткаларда ассимиляция және диссимиляция процестері өтеді шығару ағзалары арқылы тотығу өнімдері сыртқа шығарылады. Бұл –жалпы зат алмасуы. Ал клетка ішінде өтетін өат алмасуы өтетін –негізінен химиялық процесс, оны биохимия зерттейді. Физиология қоректік, минералды заттар мен су алмасуының жалпы мәселелерін, олардың реттелуін қарастырады. Мұнымен бірге, физиология зат алмасуының көрсеткіштерін зерттеу әдістерін іздестіреді, сондай –ақ тиімді тамақтану негізінен зерттейді.
Белок алмасуы. Белок –денеге аса маңызды қоректік зат әрі клетка негізін құратын құрылыс материалы. Қоректік заттар түзілуі, ыдырауы ферменттердің қатысуымен өтеді. Ал ферменттер түгелдей белоктардан тұрады. Қанда газдар (С,СО2 ) тасымалдайтын гемоглобин де белокқа жатады. Адамның жүріп тұруы, бір жерден екінші жерге жылжуы ет құрамындағы белоктар миозин мен актин талшықтарына байланысты. Адам денесін індеттен қорғайтын, гуморальдық иммунитет құрылымдар негізін құратын антидерелер де белоктан тұрады. Қан ұюына қатысып денені қансыраудан сақтайтын плазмалық фибриноген де –белок.

1. Х. Қ. Сәтпаева, Ж. Б. Нілдібаев, Ө. А. Өтепбергенов «Адам физиологиялысы» Алматы «Білім» 1995ж.
2. К. С. Рымжанов, Ж. Н. Нургалиев «Адам және жануарлар физиологиясы» курсы бойынша кіші практикум. Алматы 1992ж.
3. Төленбек «Адам және жануарлар физиологиясы» Алматы «Білім».
4. М. Қ. Төлебаев, А. А. Абдуллаева, Л. Уразымбетова, Ш. Қ. Алпысбаев, Ж. Т. Оралбекова «Адам және жануарлар физиологиясының кіші практикумы» /Әдістемелік құрал Шымкент «Отырар университеті» 2006ж.
5. Ә. М. Муталиев, А. А. Есалиев, А. Т. Қазыбаев, О. И. Қаладинов, Ж. И. Сапаров «Адам физиологиясы» Қ. А. Яссауи атындағы ХҚТУ. 2003ж.
6. К. С. Рымжанов, Ж. Н. Нургалиев «Жалпы физиология бойынша практикалық жұмыстар» Алматы «Қазақ университеті» 1997ж.

Организмдегі энергиялық өзгерістер.
Жоспар:
І. Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
ІІ. Негізгі бөлім:
2.1. Көмірсу, май, судың алмасуы . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . 7
2.2. Денедегі энергиялық өзгерістер . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . 17
2.3. Тыныс, қоректік заттардың калориялық коэффициенті . . 18
2.4. Негізгі зат алмасу. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . 20
ІІІ. Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . 24
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . 27
Зат алмасуы организм тіршілігінің аса
маңызды белгілерінің бірі. Ол ғұмыр бойы жүретін өзара байланысқан екі
процестен тұрады: ассимилияция –клеткалар құрамына кіретін күрделі және
арнайы заттардың жаңадан түзілуі; диссимилияция –зат алмасуына қатысқан
заттардың тотығуы арқылы қарапайым химиялық заттарға айналуы. Күрделі
химиялық заттар тотыққан сәтте олардан потенциалдық энергия босап шығады да
кинитикалық энергияға, айталық механикалық, электр энергиясына, аөырында
бұлардың бәрі жылуға айналады. Бұл энергия клеткада жаңа заттар түзілуіне,
клеткалар мен ағзалардың, ағза жүйелерінің, тұтас адам денесі атқаратын
қызметтеріне жұмсалады. Клеткалар құрылысы мен энергия қорының байырғы
қалпына келуі және бүкіл дененің өсіп дамуы үшін қажетті мөлшерде оларға
сырттан қоректік минералды заттар, витаминдер мен су уақытында келіп түсуі
шарт.
Тіршіліктің көзі –тағам, оның сапасы, мөлшері, құрамындағы қоректік заттар,
олардың арақатынасы дене мұқтаждығын қамтамасыз еіп тұруы қажет. Денедегі
тотығу өнімдері, әсіресе, белок өнімдері көбінесе уытты келеді. Арнайы
ағзалары арқылы организм олардан уақытында арылып отырады.
Зат алмасуы тағамның, оның құрамындағы қоректік заттардың асқазанға
келіп түсуінен басталады. Онан соң олар қорытылып, денеге сіңеді,
клеткаларда ассимиляция және диссимиляция процестері өтеді шығару ағзалары
арқылы тотығу өнімдері сыртқа шығарылады. Бұл –жалпы зат алмасуы. Ал клетка
ішінде өтетін өат алмасуы өтетін –негізінен химиялық процесс, оны биохимия
зерттейді. Физиология қоректік, минералды заттар мен су алмасуының жалпы
мәселелерін, олардың реттелуін қарастырады. Мұнымен бірге, физиология зат
алмасуының көрсеткіштерін зерттеу әдістерін іздестіреді, сондай –ақ тиімді
тамақтану негізінен зерттейді.
Белок алмасуы. Белок –денеге аса маңызды қоректік зат әрі клетка
негізін құратын құрылыс материалы. Қоректік заттар түзілуі, ыдырауы
ферменттердің қатысуымен өтеді. Ал ферменттер түгелдей белоктардан тұрады.
Қанда газдар (С,СО2 ) тасымалдайтын гемоглобин де белокқа жатады. Адамның
жүріп –
3
тұруы, бір жерден екінші жерге жылжуы ет құрамындағы белоктар миозин мен
актин талшықтарына байланысты. Адам денесін індеттен қорғайтын, гуморальдық
иммунитет құрылымдар негізін құратын антидерелер де белоктан тұрады. Қан
ұюына қатысып денені қансыраудан сақтайтын плазмалық фибриноген де –белок.
Дене қызметін қан арқылы реттейтін гармондардың көбі белок. Белок –қуат
қоры. 1г. белок тотықса, денеде 4,1 ккал, яғни 17,17 кДж жылу пайда
болады. Демек, белоксыз тіршілік жоқ, яғни белок –тіршілік көзі деген
ұғымның дұрыс екенін көрсетеді. Белок құрамындағы 20 амин қышқылы бар,
олардың 12-сі адам денесінде түзіледі, ал 8-і сырттан келіп түседі.
Алғашқылары –орны толар, соңғылары –орны толмас амин қышқылдары. Лейцин,
изолейцин, валин, метионин, гистидин, аргинин, трифтофан, лизин, треонин,
фенилаланин адам денесінде түзілмейді. Бұл орны толмас амин қышқылдары аста
жеткіліксіз болса, жас организм өспей қалады, жүдейді, оның өмірі
қысқарады. Осы қышқылдардан тұратын белоктар аса бағалы құнарлы, ал
құрамында мұндай қышқылдары жоқ белоктар құнарсыздау деп аталады. Адамның
күнделікті тамағында белоктың жалпы мөлшері жеткілікті болуға тиіс, мұнымен
бірге сондағы құнарлы белок мөлшері 30% -тен кем болмағаны жөн. Ет, сүт,
жұмыртқа, балық уылдырығы құрамындағы белок құнарлы болады. Аспен бірге
асқазанға келіп түскен белоктар ас қорытужолындағы протеаза ферменттерінің
әсерімен амин қышқылдары мен пептидтер сатысына дейін ыдырайды. Амин
қышқылдары ащы ішектен қанға сіңіп қақпа венасы арқылы бауырға жетеді.
Бауыр клеткаларында амин қышқылдарынан қан белоктары және өз клеткаларына
қажет белоктар түзіледі. Мұнымен қатар аздап белок қоры сақталуы мүмкін.
Амин қышқылдарының артығы бауырдан қанға өтеді. әр клетка қаннан өзіне ғана
тән арнайы белоктар түзеді. әрбір ағзаның қаннан өзіне қажет амин қышқылын
іріктеп алатынын тәжірибе жүзінде дәлелдеуге болады. Белгілі бір ағзаға
келіп түскен артериялық қанды сол ағзадан шыққан вена қанымен салыстырса,
қай амин қышқылдың венада азайғанын байқауға болады. Бұл жан –жануардың әр
түрінде әртүрлі олардың арнайы қасиеттері де әр
4
жануар да әркелкі, мұнымен бірге тек осы ағзаға ғана арнайы қасиеттер де
болады. Белгілі бір жануар ағзасына ғана тән белок басқа жануарда ішектен
тыс жолымен тікелей қанға ие тері астына, ет ішіне енгізілсе, сол белокқа
дененің сезімталдығы артады, ал келесі жолы сол белок қайталап енгізілсе,
оған қарсы бағытталған антидене пайда болғаны байқалады. Демек, белоктардың
ағзалық және жануарлардың түріне тән қасиеттері болады. Клеткаларда
белоктар түзілуімен қатар тотығуы процесі жүріп жатады.
Диссимиляция барысында клеткада пайда болған амин қышқылдары клетка
мембранасы арқылықайтадан қанға өтеді де, басқа клеткалардағы белок түзілуі
процесіне қатысады. Амин қышқылдары амин тобынан айырылады, оның орнына
басқа амин топтары қосылып, жаңа амин қышқылдары пайда болады. Амин
қышқылдарының бірсыпырасы тереңірек ыдырайды, бауырда, бүйректе, ішек
қабырғасында олар аммиакқа айналады. Бауырда аммиакқа көмірқышқыл газ
қосылып, мочевина түзіледі, амин тобынан айырылған азоты жоқ қышқылдардан
карбоксил тобы бөлініп шығып көмірқышқыл газ бен суға айналады.
Диссимиляция барысында аралық қаттар –пирожүзім және сірке қышқылдары пайда
болады. Бұл заттар арқылы белоктан май және көмірсу түзілуі мүмкін. Тотығу
нәтижесінде белок алмасуының қалдықтары, мәселен, мочевина, несеп қышқылы
бауырда, ал аммоний тұздары бауырда, аздап бүйректе, аш ішек қабырғасында,
креатин, креатинин еттерде пайда болады. Белок алмасуының осы ақырғы
өнімдері қанға өтеді де, мұндағы азотты зат алмасу қалдықтары сыртқа шығару
ағзалары арқылы сыртқа шығарылады. Сөйтіп, адам уытты заттардан үздіксіз
арылып отырады.
Денедегі белок алмасу дәрежесін зерттеу үшін алдымен азот тепе –теңдігі
тексеріледі.
Азот тепе –теңдігі. Ас пен бірге ас қорыту жолына түскен, содан соң
денеге сіңген азоттың мөлшері несеп, тер және нәжіс арқылы денеден шығатын
азоттың мөлшеріне тең болса, бұл азот тепе –теңдігі деп аталады. Белок
құрамында орта есеппен 16% азот болады, яғни 6,25г белокта 1г азот болады.
5
Тамақ пен біргн ас қорыту жолына түскен азот мөлшерін білу үшін ондағы
белок мөлшерін анықтап, оны 6,25-ке бөлу керек, мәселен , жеген тамақтың
құрамында 112,5г белок болса, оны 6,25-ке бөледі (112;5:6,25=18). Сонда
112,5 белокта 18г азот болғаны. Бұдан нәжістегі азотты алып тастаса, қанға
сіңген азоттың мөлшері шығады. Нәжіс, несеп, тердегі азоттың мөлшері
химиялық анализбен анықталады. Демек, денеге сіңген азот мөлшерін білу
үшін алдымен тамақтағы азот мөлшерін анықтайды да, одан нәжістегі азот
мөлшерін алып тастайды.ал денеден аластатылған азот мөлшерін табу үшін
несепке ілескеп шыққан азот мөлшеріне термен бірге шыққан азот мөлшерін
қосу керек. Сонда денеге келіп түскен азотпен одан шыққан азоттың
арақатынасы, яғни тепе-теңдігі белгілі болады.
Сырқаттанған кезде, кейде тіпті физиологиялық жағдайдың өзінде азот
тепе-теңдігі өзгереді. Денеге келіп түскен азот одан шығарылып тасталған
азоттан басым болса, азот тепе –теңдігі оң деп есептелінді. Бұл денеде
белоктың түзілуі, оның ыдырауынан басым екенін көрсетеді. Мұндай жағдай
көбінесе өсімтал жас организмде, спротшыларда, созылмалы аурудан айыға
бастаған науқаста, екіқабат әйелдерде кездеседі. Ал сыртқа шығарылған белок
қалдықтарындағы азот мөлшері денеге сіңген белоктағы азоттан басым болса,
азот тепе –теңдігі теріс деп аталады. Ол көбінесе құрамында белогі аз
тағамдармен тамақтанған, ұзақ уақыт созылмалы аурудан айықпаған,
ашаршылыққа ұшыраған адамдарда кездеседі. Адам денесінде белок мол, оның
көбінтағам арқылы алса да, денеге сіңген азот пен денеден шығарылған азот
өзара тең болады. Ал тағамдағы белок мөлшерін тәулік бойы біртіндеп
азайтса, көпке дейін азоттық тепе –теңдік өзгермейді. Азот тепе-теңдігі
белгілі бір дәрежеде сақталмауы мүмкін, яғни теріс тепе –теңдік теріс
күйінде қалады. Мұндай жағдайда организмнің тіршілік әрекеті толық
қамтамасыз етілмейді. Мысалы, бір топ сиырды екі жылдай белогі аз шөптермен
азықтандырғанда, олардың салмағы төмендеп, сүті азайып, өніп -өсуі
тоқтаған, олар әртүрлі ауруларға шалдыға бастаған. Сондықтан физиологияға
белоктің тәуліктік
6
минимумы деген ұғым енгізілген. Белок минимумы дегеніміз бір тәулік бойы
азот тепе –теңдігін сақтауға мүмкіндік беретін ең аз белок мөлшері.
Белоктың тәуліктік мөлшері, ұзақ уақыт оның минимумынан кем болса, азот
тепе –теңдігі теріс дәрежеде болады.
Ұлы Отан соғысы кезінде Ленинград қоршауында ашыққан адам тамақ
ішпегеннің өзінде денесінен тәулік сайын 12 -13г азот шығарып отырған. Бұл
адамға зиянын тигізіп, оның өмірін қысқартады, денесінде патологиялық
өзгерістер тудырады. Сондықтан да жеке адам үшін тәуліктің белок оптимумы
болуы қажет. Тәулігіне 2700 ккал, энергия жұмсайтын болса, ол күніне
тағаммен бірге 100-200г белок қабылдауға, ал қара жұмыс істесе 160 г-ға
дейін көбейтіледі. Белок алмасуын жүйке жүйесі реттеп отырады.
Гипоталамустың сұр затында белок алмасуын реттейтін орталық бар. Мұндағы
нейрондардың қалыпты қызметі бұзылса, жануарда азот тепе –теңдігі теріс
болады, осыған орай ол қатты жүдейді. Гипоталамус әсері вегетативтік жүйке
жүйесі мен ішкі сөлініс бездері арқылы реттеледі. Симпатикалық жүйке жүйесі
диссимиляция, ал парасимпатикалық жүйке жүйесі ассимиляция процестерін
күшейтеді.
Қалқанша без гармоны тироксин белок тотығуын, гипоталамус пен гипофиз
гармоны соматотропин белок ассимиляциясын күшейтеді, ал глюкокортикоидтар
белоктың ыдырап көмірсуға айналуын үдетеді.
Көмірсу алмасуы. Адам (жануар) денесінде кқөмірсу энергия көзі. 1г
көмірсу тотықса 4,1 ккал энергия бөлініп шығады. Көмірсу тез тотығады, оның
денедегі қорынан босап шығуы оңай, сондықтан ол, әсіресе кенеттен өте
шапшаң қимыл жасап, көбірек энергия жұмсарда пайдаланылады.
Көмірсу денеге тағаммен бірге келіп түседі, кейде май мен белоктан
түзілуі мүмкін. Адамға тәулігіне 450-500 г-дай көмірсу қажет. Ауызда, ішек
–қарында көмірсу сілекей мен ұйқы безінің амилаза ферментінің, ұйқы безі
мен ішек сөліндегі мальтаза, лактаза, сахараза ферменттерінің әсерінен
ыдырап, моносахаридтерге айналады. Ішектің бастапқы бөлігінде олар глюкоза,
галактоза күйінде қанға сіңеді. Олар ішек эпителийінің апикальды жағынан
7
ішіне қарай Na + ионының қатысуымен клетка энергиясын пайдалана отырып, ал
эпителийдің базальды мембранасынан қанға заттың грандиентіне сәйкес жай
диффузия арқылы өтеді. Осылайша сіңген глюкоза қақпа венасы арқылы бауырға
жетеді, мұнда ол гликогенге айналып қор ретінде сақталады. Ас қорыту
барысында осы вена арқылы бауырға 150 -200 г-дай глюкоза келіп түсуі
мүмкін. Мұндай жағдайда бауырдан шығып жалпы қан айналысына іліккен глюкоза
мөлшері уақытша көбейеді де алиментарлық гипергликемия тууы мүмкін. әдетте
қанның әрбір литріне 3,5-5,8 ммольглюкозадан келеді. Ол көбейіп 8-10
ммольге жетсе, несепте қант пайда болады. Қанда қант жеңгейі 2,8-2,2ммольл-
ге дейін азайса, гипогликемиялық кома басталады, адам есінен айырылып,
сандырақтайды, өзінен -өзі құрысып, тырысады.
Әдетте қандағы қант деңгейі төмендей бастаса, гликолиз арқылы қант
бауырдан босап шығады да қанға өтеді, сөйтіп қант тұрақтылығы сақталады.
Глюкоза бауырда ғана емес, дене еттерінде де қор болып гликогенкүйінде
сақталады. Клеткалардың көбі қандағы глюкозаны жұтып құрылыс материалы және
қуат көзі ретінде пайдаланады.
Көмірсу клеткада оттегінсіз ыдырап алдымен сүт қышқылына (анаэробтық
фаза), одан әрі оттегінің қатысуымен (аэробтық фаза) көмірқышқылды газ бен
суға айналады. Аталған заттар артық болса, өкпе арқылы сыртқа шығарылады.
Көмірсу алмасуының реттелуі. Көмірсу алмасуын реттеуде жүйке
жүйесінің мәнін 1849 жылы К. Бернар анықтады. Ол сопақша мидың төртінші
қарыншасының түбін инемен тітіркендірсе, гипергликамия жүйке жүйесінің
қозуына байланысты екені анықталады. Симпатикалық жүйке жүйесінің қозуына
байланысты екені анықталады. Симпатикалық жүйке бүйрекүсті безінің ми
қабатына әсер етіп, адреналин гормонының қанға өтуін күшейтеді де бауырдағы
гликогенолиз процесін үдетеді. Адреналин бауыр мен дене еттеріндегі
гликогеннің ыдырауын күшейтіп, қанда қан мөлшерін арттырады. Қалқанша без
гормоны тироксин глюкозаның тканьдерге өтіп, денеге сіңуін тездетеді.
Бүйрекүсті безінің қыртысындағы глюкокортикоид гормондары да
8
белок пен майдан глюкоза түзілуін күшейтіп, оның қандағы деңгейін
арттырады. Мұнымен бірге глюкокортикоидтар тканьдері инсулин әсеріне
тұрақты етіп клеткаға қанттың сіңуін төмендетеді.
Көмірсу алмасуында инсулин әсері адреналин әсеріне қарама –қарсы.
Инсулин ұйқы безінің Лангерганс шоғырдары клеткаларында түзіледі де, бауыр
мен дене еттерінде глюкогенез процесін күшейтеді, сөйтіп қаннан өткен
қанттың клетка мембранасы арқылы өтуін жеңілдетіп сіңуін күшейтеді, қанда
қант деңгейін төмендетеді. Инсулин көбейсе, қанда қант мөлшері күрт азайып,
адам гипогликемиялық комаға ұшырауы мүмкін.
Ұйқы безінде түзілетін глюкогон гормоны бауырда глюкоген ыдырауын
күшейтіп, қанда қант деңгейін жоғарылатады. Глюкогонның көмірсу алмасуына
тигізетін әсері инсулин әсеріне қарама қарсы. Гипофиздің соматроптық
гормоны инсулин түзілуін күшейтеді. Де көмірсу алмасуын реттейді. Бұл
бездің АҚТГ гормоны глюкокортикоидтардың қанға шығуын үдете отырып, қанда
қант деңгейін өзгертеді.
Көмірсу алмасуын реттейтін орталық гипоталамусты орналасқан, сол
орталықтың артқы ядроларын тітіркендірсе адреналин мен инсулин түзілуі
күшейе түседі. Гипоталамустың әсері орталық жүйке жүйесінің жоғары
бөлімдерінің бақылауында. Қорыта келгенде, көмірсу алмасуына ми қыртысы,
мидың басқа да бөлімдері гипоталмус арқылы әсер етеді. Ал гипоталмустың өзі
вегетативтік жүйке жүйесінің парасимпатикалық және симпатикалық бөлімдері
мен ішкі сөлініс бездері арқылы көмірсу алмасуын реттеп отырады.
Май алмасу. Көптеген ауру –сырқаулар, патологиялық процестер мен
алмасуының бұзылуынан болады. Май және тай тәрізді қосындылар липидтер деп
аталады. Адам (жануар) денесі үшін май –негізгі энергия көзі. Ересек адамда
тәулігіне 70-100 г мал майы (тоң май, сары май мен өсімдік майы) керек. 1г
май тотықса, 9,3 ккал жылу бөлінеді, сондықтан да май көбінесе энергия
ретінде жұмсалады. Май клетка протоплазмасының ядросы мен мембранасының
құрамына кіреді. Дененің кейбір жерлеріне жиналған май бірқатар ағзаларды
9
(бүйрек, өкпе т.б.) ұрылу-соғылудан, бүкіл денені суық тиюден (жылу
өткізбейді) қорғайды. Шелінде майы қор болып жиналатын жануарлар (тюлень,
кит т.б.)суыққа шыдамды келеді. Майда еритін витаминдер (А,Д,Е,К,), тұздар
майға ілесіп денеге тез сіңеді. Май –су қоры. өркеш майын түйе су көзі
ретінде пайдаланады.
Май денеге негізінен тағаммен бірге келіп түседі, аз мөлшерде беһауырда
көмірсу мен белокта да түзілуі мүмкін. Май 12 елі ішекте өттің қатысуымен
эмульсияға айналады да, липаза әсерінен ыдыраған кезде моноглицерид, май
қышқылы мен глицеринге айналады. Май және басқа липидтердің ыдырау өнімдері
негізінен лимфаға сіңеді. Эмульсияға айналған май тамшыларының біразы
гидролизденбей –ақ ішек қабырғасынан өте береді. Моноглицерид, май
қышқылдары, өттің қатысуымен ішек эпителиіне өтеді. өт құрамындағы
қышқылдардың тұздары мен фосфоридтер май қышқылдары мен моноглицеридтерді
қоршап, гидрофилдік қабық құрады, өте ұсақ мицеллаға айналады. Жеке мицелла
ең ұсақ эмульсия тамшысынан 106 есе кіші. Мицеллалар судағы ерітінді
күйінде жай, диффузия жолымен энергия жұмсамай –ақ, не пиноцитоз арқылы
ішек эпителиіне өтеді. Мұнда мицелла ыдырап, одан босап шыққан өт
қышқылдары қанға сіңеді, оның 2,8-3,5 г бауыр арқылы ішекке қайта оралып
бір тәулікте ішек –қарынға келіп түскен майдың сіңуін қамтамасыз етеді.
Эпителийге өткен моноглицеридтер мен май қышқылдары, ондағы ретикулумдар аз
уақыт кідіреді де, олардын адамға тән майлар түзіледі. Май мен холестерин,
белок молекулалары хиломикрон құрып, эпителий түбіндегі мембранадан өтеді
де, лимфаға сіңеді. Ішекте майдың ыдырауынан пайда болған суда еритін
глицерин мен құрамында өзара қысқа байланысқан көміртегі бар май қышқылдары
қанға сіңеді де, қақпа венасымен бірге бауырға өтеді.
Лимфаға сіңген басы артық май өкпе тканіндегі шелде қор болып жиналады.
Адам ұзақ уақыт майдың бір түрімен қоректенсе, осыдан қордаланған майдың
құрамы өзгеруі мүмкін. Мысалы, адам аспен бірге кокос
10
майын көбірек жесе, оныңшелінде жиналған май, құрамы мен қасиеті жағынан
кокос жаңғағы майына ұқсайды.
Май энергия қоры ретінде қоры ретінде клеткада да сақталады.
Май алмасуының реттелуі. Май алмасуын реттейтін арнайы орталық
гипоталмуста, адам семіріп кетеді, ал төменгі –сыртқы ядросы зақымданса,
керінше, азады. Гипоталамус денеге вегетативтік жүйке жүйесі мен ішкі
секреция бездері арқылы әсер етеді. Симпатикалық жүйке жүйесі денедегі май
қорының жұмсалу және тотығу қарқынын күшейтеді. Бұл үй қоянына тәжірибе
жасау арқылы дәлелденеді. Оның майы әдетте жауырын астына жиналады. Жүйке
сегментінің бір жағындағы симпатикалық жүйкелерді кесіп тастап жануарды
ашықтырса, денедегі барлық май жұмсалғанмен, симпатикалық жүйке кесілген
жердегі май көпке дейін сақталады. Парасимпатикалық жүйке жүйесі май
алмасуына керісінше әсер етеді. Гипоталмустағы орталыққа, оның қызметіне
жоғары жүйке жүйесі және эмоция тудыратын лимбиялық жүйе ықпал етеді. Ішкі
секреция бездерінің гормондары да май алмасуын реттеуге қатысады.
Су және минералды заттардың алмасуы. Минералды заттар алмасуы су
алмасуымен тікелей байланысты. Көпшілік минералдыр организмде судағы
ерітінді түрінде кездеседі. Қабылданған су мен электролиттер организмнен
өзгермей сол күйінде шығады. Олардың энергиялық маңызы жоқ.
Су мен минералды заттар алмасуы деп олардың организмде қабылданып,
сіңіп, ішкі ортаға, тканьдерге, клеткаларға тарап, қайтадан сыртқа шығуын
айтады.
Су алмасу. Ересек адамның дене салмағының 60-70% су. Организм неғұрлым
жас болса, соғұрлым онда су көбірек болады. Эмбрион салмағының 90 %, жаңа
туған нәрестенің 75 %, кәрі адамның 55% су болады. Салмағы 75кг ересек
адамның организмінде 53 литрдей су бар. Түрлі тканьдердегі судың мөлшері
әртүрлі: ет, көкбауыр, өт, теріде 70-75 %, бүйректе 80%, мидың сұр затында
86%, сүйек құрамында 22%, тіс эмалінде 0,2%.
11
Организмдегі жалпы су мөлшері көп болғанымен оның азаюына және көбеюіне
адам денесі өте сезімтал келеді. Небәрі 1% ғана судың мөлшері көбейіп, не
азайса, организмде қорғанысқа дайындық өзгерістер пайда болады.
Денедегі барлық сұйықтықты 2 түрге бөледі:
1. Клетка ішіндегі сұйықтық организм салмағының 70% (30-40л
шамасында), яғни судың көбі клетка протоплазмасының құрамында
болады.
2. Клеткадан тыс тамыр ішіндегі сұйықтық (қан, лимфа) клеткааралық
сұйықтық құрамына кіреді. Денедегі судың 20% клеткадан тыс
сұйықтыққа жатады. Оның 13-15% интерстициялық сұйықтық пен лимфа,
ал 4-5% қан плазмасына кіреді.
Жұлынның, көз ішіндегі, плеврааралық және құрсақ қуысындағы, буын мен
жүрек қабының ішіндегі сұйықтар бұларға кірмейді.
Клеткадан тыс сұйықтық организмнің ішкі ортасын құрады. Денедегі су
химиялық таза күйінде кездеспейді, көбінесе коллоидтар мен кристалл
ерітінділерінің құрамында болады. Организмдегі судың қандай жағайда
болуына, қалпына байланысты оны 3 түрге бөледі:
А) бос мобилді су –бейорганикалық және органикалық қосылыстарды ерітуші
клетка ішіндегі және клеткадан тыс сұйықтықтар;
Ә) байланысқан су –гидратациялық коллоидтардың құрамында болып олардың
ісінуіне қатысады;
Б) молекулалар ішіндегі –конститутциялық су, белок, май көмірсулардың
құрамына кіреді де, олар тотыққанда босап шығады. 100г крахмал тотыққанда
55 мл, белокта 41 мл, майда -107 мл оксидациялық су пайда болады.
Организмдегі судың маңызы. Адам өміріне су өте қажет. Адам толық ашығып
және су ішпесе, 8-10 күн, иттер 10-14 күн өмір сүре алады. Егер жануар
тамақ ішіп, су ішпесе 3-4 күнде өліп қалады.
Денедегі су көптеген қызмет атқарады:
1. Су клетка протоплазмасының және клеткааралық құрылымдардың
құрамына кіреді;
2. Су әмбебап еріткіш;
12
Барлық ас қорыту ферменттері гидрозалар тобына жатады, сондықтан барлық
қоректік заттар судың қатысуымен қорытылады;
3. Су қан мен лимфаға қоректік заттардың сіңуіне, түрлі заттарды,
газдарлы, зат алмасуының қалдықтарын тазалауға қатысады;
4. Денедегі жылуды реттеуге қатысады.
Адамның тәуліктік су қажеттілігі 2-2,5л, оның 2-2,2л (экзогенді су)
тамақ құрамымен қабылданады. 0,3л организмдегі қоректік заттардың
тотығуынан пайда болады.
Кейбір жануарлар сырттан су іше алмаған жағжайжа эндогенді суды
пайдаланады. Айталық, түйе сусыз 55 тәулік өмір сүре алады, себебі өркеш
майының тотығуынан пайда болған эндогенді су организмді сумен қамтамасыз
етеді.
Организмдегі судың несеп арқылы 1,2-1,4л, термен 0,5-0,8л, үлкен
дәретпен 0,1-0,2л сыртқа шығады.
Организмнен шығатын су мен ішетін судың мөлшері тең, яғни су балансы
болады. Егер ішетін су сыртқа шығатын судан аз болса гипергидратация, кем
болса гипогидратация байқалады.
Минерал алмасу. Академик В. И. Вернадскийдің биогеохимиялық ғылыми
мектебінің зерттеуі бойынша адам денесінде Менделеев кестесіндегі барлық
элементтер кездеседі. Организм құрамындағы бұл элементтерді биогендік
элементтер деп атайды, себебі олар дененің барлық клетка құрамына кіреді
және жануарлар мен өсімдік организмдерінің құрылым тірлігін сақтауға
қажетті заттар.
K, Na, H, Ca, Cl, Мg секілді химиялық элементтер денеде бірсыпыра
көбірек шамада кезеседі де, басқалары F, Cu,Mn, Co, Mo,Zn т.б. жануарлар
организмінде өте аз мөлшерде болады. Оларды микроэлементтер деп атайды.
Олардың организм ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz