Орталық азия елдеріне жалпы сипаттама


Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 2

1-бөлім . . . 3-10

  1. Орталық Азия елдеріне жалпы сипаттама . . . 3-8
  2. Орталық Азия елдерінің интеграциялану процесі . . . 8-10

2-бөлім . . . 10-38

2. 1 Орталық Азия елдерінің саяси- экономикалық даму жолдары . . . 10-32

2. 2Орталық Азияда көшбасшылық тізгін кімде? . . . 32-38

Қорытынды . . . 39

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 40

Кіріспе

Орталық Азия - Кеңестер Одағының ыдырауы нәтижесінде бұрынғы Орта Азия республикалары мен Қазақстан аумағында пайда болған геосаяси кеңістік.

Олар түбі түрік Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Тәжікістан мемлекеттері. Әрине 6 мемлекеттің саяси-экономикалық даму деңгейі алты түрлі болатыны мәлім. Осыдан 20 жыл бұрын тәуелсіздік алған елдердің таңдап алған саяси жүйесі әртүрлі болды. Осы өңірде орналасқан бес мемлекет арасындағы саяси дауларға әлі соңғы нүкте қойылған жоқ. Ең басты кедергі - саяси қайшылықтар. Орталық Азия одағының құрылуы - алдағы болашақта күмәнді.

Қазақ халқы «бөлінгенді бөрі жейді» деп бекер айтпаған. Бүкіл әлемнің әлде қашаннан бері Қазақстан басшысын Орта Азия мемлекеттерінің арасындағы көшбасшы ретінде тануы, жасыратыны жоқ, аймақ мемлекеттерінің қызғанышы мен бақталастығын тудыруы экономикалық интеграцияға тежеу келтірді десек артық айтқандығым болмас. Бірақ, бұл менің жеке тұжырымым. Американдық экономист-ғалым Питер Оппенгеймердің баяндамасына сүйенер болсақ, бір-бірімен іргелес көрші, діні бір, салт-дәстүрлері мен тілдері де ұқсас мемлекеттердің интеграциясына ешқандай кедергі болмауы тиіс екен. Еуропалық одаққа кірген мемлекеттер арасында Орталық Азия мемлекеттеріндегідей туыстық жоқ болса дағы, оларды мүдделерінің ортақтығы біріктірген. Еуроодақ құрылтайшыларының саяси тәртіптері ұқсас екен. Оның бес бірдей түбі бір түркілер мемлекетінің интеграциясына саяси жүйелерінің әртүрлілігі кедергі болған деген пікірі еріксіз ойлантты. Орталық Азия экономикалық интеграцияға бет түзегенмен, оның үдерістерінің тиімді жүруіне экономикалық дамудағы алшақтықтық пен көзқарастардың әралуандығы кедергі бола бермек. Ал, аталған кедергілердің алынып тасталуына осындай және басқа да шаралар дәнекер болса, Орта Азия мемлекеттері басшыларының интеграцияға байланысты ортақ шешім табуы мүмкін

1-бөлім

1. 1 Орталық Азия елдеріне жалпы сипатама

Орталық Азия - Азияның ішкі аумағында орналасқан табиғат аймағы. Оның батысы мен солтүстік-батысында ТМД елдері (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан), солтүстігінде Моңғолия, Қытайдың солтүстік-батыс бөлігі орналасқан. Оңтүстік-батысы мен оңтүстігін Ауғанстан, Пәкстан, Үндістанның солтүстік бөліктері, орталығы мен шығысын Қытай алып жатыр. Аумағы 6 млн. км 2 . Орта Азия аумағын көптеген халықтар мекендейді. Аймақтың батысында түркі халықтары (қазақтар, қырғыздар, ұйғырлар, т. б. ) солтүстігінде моңғол халықтары (халкалар, ойраттар, буряттар), Тибет, Наньшань, Кукунор маңында тибеттіктер шоғырланған; аймақтың барлық бөлігінде дерлік қытай халқы басым. “Орта Азия” ұғымын география тарихына XIX ғасырдың аяғында неміс ғалымы А. Гумбольд енгізді. Орталық Азия - Кеңестер Одағының ыдырауы нәтижесінде бұрынғы Орта Азия республикалары мен Қазақстан аумағында пайда болған геосаяси кеңістік. Геоаймақ ресми түрде 1993 жылы 4 қаңтарда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан Республикалары президенттерінің Ташкент қаласында өткен саяси, экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері жөніндегі басқосуында бекітілді. Орталық Азия болып аталуы - жер аумағының Еуразия құрлығының ортасында орналасуына және бұл елдердің тарихы, діні мен тілі, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпы, мәдениеті мен шаруашылығындағы жақындықтар, ұқсастықтардың көп болуына байланысты. Орталық Азия аймағының аумағы 4 млн. км 2 -ден асады, халқының жалпы саны 60 млн. адамды құрайды. Аймақ елдерінің сыртқы сауда және экономикалық қатынастарында ежелгіҰлы Жібек жолының қайта жаңғыруы өз көрінісін беруде, әрі Ресей, Қытай және ТМД-ның басқа да елдерімен дәстүрлі байланыстарын жалғастыруда. Орталық Азия аумағында Қытай, АҚШ, Үндістан, Батыc Еуропа және мұсылман елдерінің осы аймақтағы геостратегия мүдделері түйіскен. Орталық Азияның саяси-әлеуметтік өміріндегі өзіне тән ерекше қасиет - ол ислам әлемінің бір бөлігі саналады және христиан, буддизм, индуизм, т. б. өркениеттердің тоғысуымен де ерекшеленеді. Аймақ шығыс пен батыс елдерін жалғастыратын біріктіруші “көпір” қызметін атқарады. Орта Азия түркі мемлекеттеріне баса назар аударатын болсақ:

Қазақстан - Еуропа мен Азияның тоғысында Еуразия құрлығының қақ ортасында орналасқан мемлекет. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9-шы орында. Жер көлемі - 2 724 900 шаршы шақырымды құрайды. Қазақстан батысында Еділдің төменгі ағысынан, шығысында Алтай тауларының етегіне дейін 3000 км-ге созылып жатыр. Солтүстіктегі Батыс-Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1 600 км-ге созылып жатыр. Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ-Дон каналы арқылы Азов жәнеҚара теңіздерге шыға алады. Дегенмен мұхитқа тікелей шыға алмайтын мемлекеттердің ішінде Қазақстан - ең үлкені. Бес мемлекетпен көршілес, солтүстігінде Ресей Федерациясымен - 6 467 км, оңтүстігінде - Түрікменстан - 380 км, Өзбекстан - 2 300 км және Қырғызстан - 980 км республикаларымен, ал шығысында - Қытаймен - 1 460 км шектеседі. Қазақстан Республикасының халқы 2011 жылдың 1 қаңтарына 16 441 959 адамды құрады. 2010 жылдың басында халық саны 16 204 617 адам болатын[2] . Республикада қазақтардан басқа 131 ұлыстың өкілдері тұрады. 2009 жылы өткізілгенхалық санағының қорытындысы бойынша халықтың этноқұрамы келесідей болды: қазақтар - 63, 1%, орыстар - 23, 7%, өзбектер - 2, 9%, украиндар - 2, 1%, ұйғырлар - 1, 4%, татарлар - 1, 3%, немістер - 1, 1%, кәрістер - 0, 6%, түріктер - 0, 6% . Елордасы - Астана қаласы. Әкімшілік жағынан 14 облыс және республикалық маңызы бар 3 қалаға (Астана, Алматы, Байқоңыр) бөлінеді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі - қазақ тілі, орыс тілі ресми тіл қызметін атқарады. Қазақстан - 1995 жылғы 30 тамыздағы респ. референдумда қабылданған Конституция бойынша - өзін демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеумметті мемлекет ретінде орнықтырды. Қазақстан Республикасы - президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Республиканың ең жоғ. өкілді органы - Парламент. Ол республиканың заң шығару қызметін жүзеге асырады.

Қырғыз Республикасы , Қырғызстан - Орта Азияда орналасқан мемлекет. Жер аумағы - 198, 5 мың км 2 . Халқы - 5, 2 миллион адам. Қырғыздар (60, 6%), орыстар(15, 3%), өзбектер(14, 3%), украиндар, татарлар, қазақтар, ұйғырлар, немістер, тәжіктер, дүнгендер, т. б. ұлт өкілдері тұрады. Астанасы - Бішкек қаласы (624 мың адам) . Конституциясы бойынша - Президенттік басқару нысанындағы мемлекет. Заң шығарушы органы (Жоғарғы Кеңес) 2 палатадан тұрады. Ресми тілдері - қырғыз және орыс тілдері. Ұлттық мерекесі - 31 тамыз - Тәуелсіздік күні. Ақша бірлігі - сом. Қырғызстан - Орта Азияда орналасқан ел, солтүстігінде Қазақстанмен, шығысы мен оңтүстік-шығысында Қытаймен, оңтүстік-батысында Тәжікстанмен, ал батысында Өзбекстанмен шектеседі. Солүстіктен оңтүстікке 454 км, ал батыстан шығысқа қарай 925 км-ге созылып жатыр. 1991 жылы Қырғызстан тәуелсіздігін жариялады. Бүгінде Қырғызстан Республикасы әкімшілік жағынан 6 облыстан және Бішкек қалалық кеңесінен тұрады. Жер қойнауы пайдалы қазбаларға аса бай. Солтүстігінде түсті металдардың (молибден, мыс, сурьма), Ішкі Тянь-Шань қойнауларында метаморфтық жыныстармен бірге кездесетін молибден, темір және қалайы кен орындары таралған. Оңтүстігінде сынап, сурьма, алтын, сондай-ақ қоры онша мол емес темір, марганец, алюминий, полиметаллкездеседі. Тауалды иіндері мен қазаншұңқырларда қоңыр көмір және таскөмір, мұнай коры барланған. Көптеген кең орындары биік таулы аудандарда орналасқандықтан, оларды игеру мәселесін қиындатады. Қырғыз жері таулы болғандықтан, су ресурсымен жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етілген. Ең ірі өзені - Нарын, сондай-ақ Шу, Шатқал, Ақсай өзендері бар. Өзен сулары суландыру мақсатында көбірек пайдаланылады. Ондағы беткі ағынның 20%-ға жуығы жер суаруға жұмсалады.

Өзбекстан - Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Жер аумағы - 442, 4 мың км 2 . Халқы - 24, 6 миллион (2000) . Мемлекеттік тілі - өзбек тілі. Тұрғындары негізінен ислам дінін ұстанады. Астанасы - Ташкент қаласы (2, 1 миллион адам) . 1992 жылы 8 желтоқсанда қабылданған конституциясы бойынша - президенттік басқару нысанындағы зайырлымемлекет. Президент 5 жылға сайланады. Жоғары заң шығарушы органы (Олий Мажлис) - қос палаталы парламент заң шығарушы палата (төменгі палата) және Сенаттан (жоғарғы палата) тұрады. Атқарушы органы - Министрлік Кабинет Әкімшілігі жағынан бір автономиялық республикаға (қ. Қарақалпақстан) және 12 облысқа бөлінеді. Ұлттық мерекесі - 1 қыркүйек - Тәуелсіздік күні. Ақша бірлігі - сум.

Өзбекстан мен Қазақстан арасында саяси-экономикалық, әскери, мәдени байланыстар орнаған. 1992 жылы екі ел арасында Достық, ынтымақтастық және өзара көмек, 1994 жылы Бірыңғай экономикалық кеңістік, 1998 жылы Мәңгілік достық туралы шартқа және экон. байланыстарды кеңейту туралы келісімге қол қойылды. 2004 жылы екі ел арасындағы шекара толық делимитацияланды.

Тәжікстан Республикасы - Орталық Азиядағы мемлекет. Оңтүстігінде Ауғанстанмен, солүстік пен батысында Өзбекстанмен, солтүстігінде Қырғызстанмен, шығысында Қытаймен шектеседі. Жер аумағы - 143, 1 мың км 2 . Халқы - 6, 579 миллион (2001) . Астанасы - Душанбе қаласы (608 мың адам) (2000) . Ресми тілі - тәжік тілі. 1994 жылы қабылданған Конституциясы бойынша - президенттік басқару нысанындағы зайырлы мемлекет. Заң шығарушы органы - меджлис. Тәжікстан құрамына Таулы Бадахшан автономиялы облысы (жер аумағы - 63, 7 мың км 2 ; халқы - 167 мың (2000) ; әкімшілік орталығы - Хорог қаласы) кіреді. Тәжікстан әкімшілік жағынан 3 облысқабөлінеді. Ақша бірлігі - сомони.

Түрікменстан - жер көлемі 488, 1 мың км² алып жатқан, батыстан шығысқа 1100, солтүстіктен оңтүстікке 650 км созылып жатқан Орталық Азиядағы мемлекет. Жерінің 80 % артығын аптап шөл (Қарақұм шөлі), құм көшкіндері, тасты таулар мен ащылы алаптар басып жатыр. Түркіменстанның ең үлкен өзені Әмудария. Оның ұзындығы 1415 км болса, соның 1000 км осы елдің аумағында. Осы өзеннен бастау алып, Түркіменстанның Ашғабат, Мары, Бүзмейін, Балқанабат (Небит-Даг), Түркіменбашы (Красноводск) сияқты ең үлкен қалаларына ауыз суын жеткізіп жатқан Қарақұм арнасы. Түркіменстан 5 әкімшілік-экономикалық аумаққа бөлінген. Олар уелаят (уәлаят) деп аталады. Ахал, Балқан, Дашоғұз, Лебап, Мары уалаяттарын және Ашғабат қаласын президент тағайындаған хакимдер басқарады. Уеллаяттардың құрамына 46 этрап (атырап) және 528 генгеши (кеңес) енеді. Халқының саны 6 млн адамға жуық. Түркімендер Ауғанстан, Иран, Түркия, Ирақ, Сирия секілді елдерге де жайылған. Елдегі түркіменнен кейінгі көп халық өзбектер, одан кейін орыстар. Қазақтардыңсаны бұрын 120, 0 мыңнан асқан екен. Қазір соның жартысына жуығы атажұртқа көшіпті. Қазір 60, 0 мыңға жетер-жетпес қазақ бар көрінеді. Бұлардан басқа әрмендер, әзірбайжандар, түріктер, иран халықтары, т. б халықтардың өкілдері де тұрады. Түркіменстанда ең үлкен лауазым иесі, әрі атқарушы биліктің басшысы - елдің президенті. Ал Халық маслахаты елдегі халық билігінің ең жоғарғы өкілді органы болып табылады. Оның құрамы 2 мың адамнан артық. Осы органның да төрағасы президент. Елдегі заң шығарушы орган Меджилис деп аталады. Оның құрамында 5 жыл мерзімге сайланатын 50 депутат бар. Түркіменстанда азаматтық қоғамның да атрибуттары бар. Кәсіподақ, ақсақалдар кеңесі, Мақтымқұлы атындағы жастар одағы, Горбансолтан әже атындағы әйелдер одағы, дін жөніндегі кеңес және т. б. мемлекеттік бюджеттің есебінен жұмыс істейді. Елде бір-ақ саяси партия тіркелген. Демократиялық партия деп аталатын оның құрамында 100 мыңнан артық мүше бар. Экономиканың барлық саласында мемлекет үстемдік етіп отыр. Мемлекеттік бюджет кірісінің қомақты бөлігін мұнай мен газды сыртқа шығарудан басқа мақта иіру кәсіпорындарының тізбесінен түсетін салық та құрайды. Мұнда Менделеев кестесіндегі элементтердің бәрі де бар. Жерінің 80 % мұнай мен газ бар. Осы уақытқа дейін олардан 144 кен орны табылған. Бірақ соның әзірге 40-қа жуығы ғана игерілуде. Газдың болжамды қоры 21-23 трлн м³, ал мұнайдікі 12 млрд тоннаға жуық делінеді. Жоғары технологияға негізделген ондай кәсіпорындар саны қазір 63-ке жеткен. Жыл сайын бұл елде 158 млн м² мақта-мата бұйымдары мен 82 мың тонна жіп иіріледі. Осы өнімдерін Түркіменстан әлемнің жоғары дамыған 30-дан артық еліне шығарып тұрады. Жалпы, бұл ел әлемнің 80-нен артық елмен белсенді сауда-экономикалық байланыстар жасайды.

Әзірбайжан Республикасы - Азия мен Еуропа аралығында, Шығыс Кавказда орналасқан мемлекет. Ол солтүстікте Ресеймен Дағыстан Республикасы арқылы, оңтүстікте Иранмен, БатыстаАрмениямен шектеседі. Ал оның эксклавы Нахичевань Автономиялық Республикасы оңтүстікте Иранмен, шығыста және солтүстікте Армениямен, батыста Түркиямен шектеседі. Негізгі заңы - 1995 жылы 12 қарашада қабылданған Конституция. Мемлекет басшысы - президент. Заң шығарушы жоғарғы органы - тұрақты парламент (Милли меджлис, 125 депуттатан тұрады) . Атқарушы өкіметтің жоғары органы - Министрлер Кабинеті, оны премьер-министр басқарады. Әзербайжан солтүстігінде Ресеймен, солтүстік-батысында Грузиямен, оңтүстік-батысында Армения және Түркиямен, оңтүстігінде Иранмен, шығысында Каспий теңізі арқылы Қазақстанмен шектеседі. Аумағы 86, 6 мың км 2 , халқы 8, 6 миллион адам. Астанасы - Баку (Бақы) қаласы. Әзірбайжан мемлекеті әкімшілік жағынан 59 ауданға бөлінеді, сонымен қатар құрамына Нахичевань автономиялық республикасы енеді. Нахичевань автономиялық республикасының елдің негізгі аумағымен ортақ шекарасы жоқ, ол Армения мен Иран аралығында орналасқан. Кеңес дәуірінде елдің құрамында болған Таулы Карабах автономиялық облысы бірнеше жылға созылған ұлт араздығы негізінде (халқының 87%-ы армяндар болатын) ресми түрде таратылды. Қазіргі кезде Таулы Карабахтың басшылары өз аумағын тәуелсіз республика деп есептейді. 2010 жылы Әзірбайжанаумағында 9, 0 миллион адам тұрды, қала халқының үлесі 52%-ды құрады. Халықтың орташа тығыздығы 99 адам, әсіресе табиғат жағдайлары қолайлы Ленкорань ойпаты мен Апшерон түбегінде халық тығыз қоныстанған. Биік таулы аудандар мен Кура жазығының шөлейтті бөліктерінде халықтың орналасу тығыздығы төмен. Мемлекеттік тілі - әзірбайжан тілі. Әзірбайжан - көпұлтты ел, бірақ соңғы онжылдықта орын алған ұлт араздығы салдарынан жергілікті емес ұлт өкілдері ел аумағынан қоныс аударуға мәжбүр болған. Сонымен қатар Таулы Карабах мәселесіне байланысты Армениямен жанжал шиеленіскен жылдары көптеген әзірбайжандар тарихи отанына қайтты. Сол себепті қазіргі кезде ел халқының ұлттық құрамында әзірбайжандар үлесі артып отыр. Олар халықтың 82%-ын, орыстар 6%-ын, армяндар 5%-дан астамын құрайды. Елде Кавказ халықтары (лезгин, талыш, грузин, авар) мен түрік, күрд, татар, украин тәрізді ұлттардың өкілдері де тұрады. Негізінен, әзірбайжан (мемлекеттік тіл), орыс және түрік тілдері басым таралған. Дінге сенушілер арасындамұсылмандар басым, сондай-ақ христиан дінінің православие тармағының өкілдері де біршама. Бұл мәселе қазіргі кезеңде күн тәртібіне жиі қойылып жүр.

1. 2 Орталық Азия елдерінің интеграциялану процесі

Аймақтағы мемлекеттердің бірігуі деген проблеманың бар екенін әлемдегі үш ірі держава - АҚШ, Қытай, Ресейдің осы аумақта жүргізіп отырған саясаты да анықтайды. Соңғы уақытта бұл саясат «ойынына» Үндістан мемлекеті қосылды. Халқының саны жөнінен екінші орын алатын, Қытаймен қабаттаса жедел дамып келе жетқан Дели осыдан бірнеше жыл бұрын ғана Тәжікстанда әскери базасын ашу қажеттігін ескертті. Орталық Азия елдерінің одағы, оны интеграциялау мәселесі - қайталанып айтылып жүрген, қоғамдық өмірдің өзекті әрі өткір мәселесі. Бұл қажеттілікті жүзеге асырған жағдайда әрине, олар бірыңғай саяси-экономикалық, әлеуметтік саясатты белгілеген болар еді. Демографиялық дамуы жағынан алда келе жатқан Өзбекстанда 26 млн., ал экономикалық жедел даму жолына түскен Қазақстанда 15 млн. тұрғын бар. Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері 2006 жылғы Ташкент кездесуінде бұл проблеманың өзектілігін, бірігудің тиімді екенін қадап айтты. Ауғанстан президенті Х. Карзай «Үлкен Орталық Азия әріптестік, сауда мен даму» деген тақырыппен Кабулда өткен халықаралық кеңесте өз елін тығырықтан шығару жолдарын сөз етті. Жалпы, Орталық Азия мемлекеттерінің интеграциялануы проблемасын Кабулдың қатысуынсыз шешу мүмкін емес. Осыған орай, Қазақстан мемлекеті Ауғанстанды қалпына келтіру үшін қажет инвестиция жұмсап, мамандарды оқытуды қолға алды. Бұл туралы кезінде Кабулдағы кеңесте бұрынғы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, қазіргі Сенат төрағасы Қ. Тоқаев мәлімдеген болатын. Бұл еліміз тәуелсіздік алғалы қазақстандық делегацияның алғашқы ресми сапары еді. Қ. Тоқаев мырза сол жолы Кабулға Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке хатын ала барды. Онда Қазақстан Президенті Ауғанстан басшысы Хамид Карзайды Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық жөніндегі кеңеске арнайы шақыруы жазылған. Ауғанстан қазір қай жаққа барады? Үлкен Орталық Азияға кіре ме, кірмей ме? Осы мәселе туралы үлкен әңгіме болуда. Азия және Оңтүстік Азияның дәл ортасында тұрған Ауғанстан егер болашақта үлкен Орталық Азияға қосылатын болса геосаяси және экономика жағынан өте жақсы нәрсе болады. Барлық тарапқа өте пайдалы болады. Газ-мұнай құбыры осы Ауғанстан арқылы өтетін болады. Халықаралық қауымдастық Орталық Азияның бірігуіне, онда тұрақтылық ырғағын сақтауға ынталы. Сауда-экономика, әлеуметтік көмектермен қатар дамып келе жатқан Орталық Азия елдері үшін саяси тәуелсіздік проблемасы бірінші кезекке шығады. Саясатты экономика белгілейді десек, қазіргі кезеңде Орталық Азияның даму бағдарын белгілеуде Қытай Халық Республикасы жетекші орын алады. Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналымы жылына 10 пайызға өсуде. 2005 жылы Қазақстан мен Қытайдың арасындағы мұнай құбыры іске қосылды. Сауд Арабиясы Қытайға мұнай жеткізіп беруге келісім жасады. Ресей мемлекеті де Батыс Еуропадан гөрі Шығыстағы ұлы көршімен сауда-экономикалық бағытын дамыту тиімді екенін ұғынды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ШЫҒЫС АЗИЯНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Азияның географиялық табиғат зоналары
Бірікен ұлттар ұйымының жүйесі
Қытай және Тайланд елдеріндегі емдік-сауықтыру туризмнің негізгі бағыттары және қазіргі даму жағдайы
Қазақстан Республикасының Кореямен экономикалық және географиялық қарым-қатынасы
Тәуелсіздігін алғаннан кейінгі Орталық Азия мемлекеттерінің әлемдік қауымдастықта алатын орны тақырыбын мектепте оқыту
9-сынып. Қазіргі дүние жүзі тарихынан сабақ жоспарлары
Түркияның Орта Азия мемлекеттермен дипломатиялық қарым қатынастары
Шетелдік Азия халықтарына этнодемографиялық сипаттама
Дүние жүзінің ауыл шаруашылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz