Сопы аллаяр шығармашылығындағы сопылық таным мәселесі жайында



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 СОПЫ АЛЛАЯР ДҮНИЕТАНЫМЫНЫҢ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖҮЙЕСІ

1.1 Сопы Аллаяр сопылық танымы мен түркілер ой кеңістігі..9 1.2 Қазақ халқы дүниетанымындығы сопылық және оның мемлекет пен қоғам ішіндегі идеологиялық құндылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22

2 СОПЫ АЛЛАЯР ІЛІМІНДЕГІ ЖАН ТАЗАЛЫҒЫ МЕН АҚЫЛ.ОЙДЫҢ БІРЛІГІ

2.1 Сопы Аллаяр іліміндегі рухани.танымдық жетілу жолы ... 34
2.2 Сопы Аллаяр ілімінің жалғастығы және қазақ философиясы үшін маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 81

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 82

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ...84
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Магистерлік зерттеу жұмысында Сопы Аллаяр іліміндегі рухани танымның қоғам өміріндегі діни-философиялық және ғылыми-практикалық маңызы қарастырылды. Мұсылман философиясының бай дүниетанымдық мәдениеті мен сопылық қауымдастығы дағды-дәстүрі арасындағы сабақтастық зерттеу нысанына айналды. Сондықтан, бүгіндері қазақ ұлтының дағды-дәстүріндегі адам жанының тазалығы, нәпсінің мәртебелері мен сопылықтағы мақамдардың орнын анықтау зерттеудің негізгі обьектісіне айналып отыр.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Елбасы: “Менің пайымдауымдағы Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясын ескере отырып, жұмыста және өмірде еліміз басшылыққа алатын стратегиялық құжжаттарды басынан қарау. Инновациялық зерттеулерді дамытудың жаңа саясаты, мәдениет, дәстүрлер мен ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға көңіл бөлуіміз қажет “ [1],– -деп осы бағыттағы жұмыстардың қоғам үшін маңыздылығына тоқталады.
Қазақ халқының философиялық көзқарасы мен рухани құндылықтарының өркендеуінде сопылық ілімнің өзіндік орны бар. Өз кезегінде мұсылман философиясындағы тұжырымдар мен негізгі қағидалар да сопылық ілімнің өкілдері арқылы халық санасына берілді. Дәстүрлі таным мен құран заңдылықтары арасындағы сабақтастық өмір көрінісіне айналды. Бұл адамның жаратылыс табиғаты мен өмір шектілігі және тәңір болмысы мен жан, рух проблемаларының жаңаша бағалануына негіз болды.
Сопы Аллаяр мұсылман философиясындағы мол мұраны баяндап берді. Руханилыққа апаратын жолды адам санасынан іздеді. Оны ал-Ғазали танымындағы алла болмысын таныту жолында өзіңді-өзің таны идеясына парапар етіп қарастырды. Нәпсі адамдық парасатты азғыру мүмкіндігіне ие. Адам ақыл-ойы нәпсіге тежеу қойып, имандылық кеңістігіне орнығады және сезімдік таным руханилықты меңгеру арқылы ғана табысқа жетпек. Сопы Аллаярдың нәпсі қара жолдан тайдырып, иманды таусып, арды шашар, тура жолдан тайдырып, өмір қазан болар [2, 89 б.],– деген сөзінің мәнісі осында.
Рухани тұрғыдан ілім алу арқылы жетіліп, дағды–дәстүрді меңгеруарқылы адам болмысының жақсы қырларын дамытып, тән мен жанның бірлігі мен қайшылығын танытқан нәпсіні тежеу жолдарын ашу ойшылдың шығармаларының негізгі арқауы. Сопылық ілімдегі құндылықтарды хылық танымына осылайша танытқан Сопы Аллаяр, оны ар мен иманда, тазалық пен аллаға деген сеніммен толықтырады. Демек, бұл жол адамды шариғат тыиым салған жат қылықтардан алшақ ұстайды.
Рухани құндылықтарды өз деңгейінде бағаламау қоғамды аздырады. Ал, адамзат санасын дендеп келе жатқан рухани бостық жалған дүние кеңістігіндегі зұлымдық, менмендік әрекетінен туындайды. Сондықтан, демократиялық қоғам талаптары рухани құндылықтардың қайта жаңғырып, мәдени-философиялық тұрғыдан зерттелуін қажет етеді.
1 Назарбаев Н.Ә. ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ «Қазақстан 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
2 Сопы Аллаяр. Сабатул ажизин. Казан . (Қолжазба)-214 б.
3 Бартольд В.В. Тюрки: Двенадцать лекций по истории турецких народов Средней Азии. - Алматы: Жалын, 1998. -192 с.
4 Wіllіam S. Sufіzm the Mystіkal Doctrіnes and Methods of Іslam. - London: Thorsons Publіshers Lіmіted, 1976. –91 p.
5 Margaret S. Rabі'a the mystіc. Her fellow-saіnts іn Іslam. – London: Cambrіdge Unіversіty Press, 1950. –219 p.
6 Grunebaum G.E. Classіcal Іslam. – London: // Классический ислам. Очерк истории (600-1258). Пер.с англ. И.М. Дижура. – М: Наука, 1988. –216 с.
7 Massіgnon L. Recueіl de Textes іnedіts concernant І’hіstoіre de la mystіoue en pays d`Іslam. - Parіs: Lіbraіrіe orіntalіste Payl Geuthner. 1929. –259 p.
8 Carl W. The shambhala Guіde to Sufіsm. Boston & London. // Суфизм. Пер. с англ. А. Горькавого. - М.: ФАЙР-ПРЕСС, 2002. –320 с.
9 Gundor E. Іslam tasavvufunіn meselelerі. – Іstanbul: OTUKEN, 1993. - 288 s.
10 Ebu`l – Ala Afіfі. Tasavvuf іslam`da Manevі Hayat. – Іstanbul.12 YAYІNCІLІK,1996. - 286 s.
11 Тримингэм Дж. С. Суфиские ордены в Исламе. - М: Наука, 1989. – 328 с.
12 Идрис Ш. Суфизм. - М.: Клышников Коморов и К, 1994. – 446 c.
13 Бертельс Е.Э. Суфизм и суфийская литература. – М: Наука, 1965. -524 с.
14 Бартольд В.В. Сочинения.,Т. V. - М: Наука, 1968. -757 с.
15 Смирнов А. Великий шейх суфизма. -М.: Наука, 1993. –328 с.
16 Петрушевский И.П. Ислам в Иране в VІІ-Х вв. - Ленинград: Изд-во Ленингадского университета, 1966. – 400 с.
17 Степанянц М.Т. Философские аспекты суфизма. -М: Наука,1987. -190с.
18 Демидов С.М. Суфизм в Туркмении. –Ашхабат: Ылым, -176 с.
19 Боровков А.К., Рыбаков Р.Б. История востока. Т. 2. - М: Наука, 1968. - 757с.
20 Durker F. Turk duniasi ve Tasavvuf tarіhі. - Ankara: Dіyanіet іslerі Baskanlіgі, 2005. - 527 s.
21 Қасымжанов А.Х. Пространство и время великих традиций. – Алматы: Қазақ университеті, 2001. –301 с.
22 Нысанбаев Ә.Н. Дін және адам // Философскии – Алматы: Абай университеті, 2012. –208б.
23 Есім Ғ. Хакім Абай. – Алматы: Атамұра, 1994. –198 б.
24 Сегізбаев О.А. История казахской философии: От первых архаичных представлений древних до философии развитых форм первой половины ХХ столетия. – Алматы: Ғылым, 2001. –456 с.
25 Орынбеков М.С. Предфилософия прото казахов. – Алматы: Өлке, 1994. -168 б.
26 Нұрмұратов С. Сопы Аллаяр іліміндегі рухани құндылықтар туралы, немесе сопылық дүниетанымның рухани даму бағдарлары // Культурные контексты Казахстана: История и современность. – Алматы: Ниса, 2011. –280 б.
27 Кенжетаев Д.Т. Сопылық ілім қазақ қоғамына жат емес. Ұлттық таным және қоғам дамуына ісер еткен тарихи мұралар. Әл-Фараби атынбағы ҚҰУ - Алматы: 2012. 184 б.
28 Абуов А.П. Мировоззрение Ходжа Ахмета Ясави. – Алматы: Институт философии МН-АН РК. 1997. –196 с.
29 Елшібеков П.Е. Учение Суфии . – Алматы: Өлке, 2011. -87 б.
30 Темирбеков М. Қазақ халқының дағды дәстүріндегі сопылық ілім. Егемен Қазақстан 2011 N2 наурыз.
31 Алдабергенов С. Қоғам, дін және мәдениет Қазақ әдебиеті. 2008. N7. 28 тамыз.
32 Демидов А Суфизм и жизн суфи. –М: 2008. -142 б.
33 Mustafa K. Tasavvuf ve tarіkatlar tarіhі. – Іstanbul. 1240. –226 s.
34 Belkіz T. Tasavvuf dusіncesіn de demeknasі. – Ankara: T.C. Kultur Bakanlіgі, 1995. –149 s.
35 Suleyman U. Tasavvuf mahіetі.; Mustafa І., Cemal K.. –Ankara. Ahmet Yesevі Vakfі Yayіnlarі, 1998. – 508 s.
36 Қаратышқанова Қ. Дәстүрлі қазақ танымындағы сопылық терминдер. - Түркістан: 2006. –152 б.
37 Малдыбеков Ө. Қ.А.Ясауи іліміндегі сопылық сарындар. – Түркістан: 2007, -158 б.
38 Сарыбасова М. Қазақ философиясы және сопылық таным // „Түркі әлемі және мәдени қркендеу жүйесі“ атты ғылыми теориялық конференция жинағы – Алматы: 2007, -146б.
39 Жолдасбеков М. Орхон ескерткіштерінің тексі // Ежелгі дәуір әдебиеті.. - Алматы: Ана тілі, 1991. - 420 б.
40 Гумилев Л.Н. Көне түріктер. - Алматы: Білім, 1994. - 480 б .
41 Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. – Алматы: Жалын, 1994. –400 б.
42 Нестеров С.П. Конь в культах тюркоязычных племен Центральной Азии в эпоху средневековья. – Новосибирск: Наука,1990. –141 с.
43 Спиркин А.Г. Философия. – М: Гардарики, 1999. –816 с.
44 Гегель Г. Философия религии. Т.1. – М: Мысль,1975. –532 с.
45 Уалиханов Ш. Тәңірі. //Қазақ бақсы-балгерлері. – Алматы: Ана тілі, 1993. -224 б.
46 Қорқыт Ата. Энциклопедиялық жинақ. Бас.ред. Ә.Нысанбев – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1999. –798 б.
47 Mehmet A. Dіn felsefesі. – Іzmіr: DEU Matbausі, 1990. –286 s.
48 Ислам, историографические очерки. Под.общ.ред. С.М.Прозорова. - М: Наука, 1991. –228 с.
49 Шодиев Р.Суфизм в духовной жизни народов Средней Азии (ІХ-ХІІІвв).. – Ташкент: 2002. -216 с.
50 Диваев А. Бақсылар.//Қазақ бақсы-балгерлері. – Алматы:Ана тілі, 1993. - 224 б.
51 Koprulu F. Turk-Mogol samanіzmіnіn tasavvufі іslam tarіkatlarі uzerіndekі tesіrі.// Bіlіg. Bahar. - Ankara: N 1.1996. –289 s.
52 Абуов А.П. Ақиқат жаршысы. – Түркістан: Қ.А.Яссауи атын. ХҚТУ, 2000. –144 б.
53 Гумилев Л.Қиял патшалығын іздеу. - Алматы: Балауса, 1992. -448 б.
54 Жәңгірбек Д Сопы Аллаяр өмір жолы мен танымы. –Алматы: Мұра, 2011. -57 б.
55 Муминов И. Выдающиеся мыслители Средней Азии. – М: Знание, 1966. - 256 с.
56 Бертельс Е.Э. Литература народов Средней Азии.// Новый мир. – М: 1939. N7,
57 Бұлұтай М.Ж. Ата – баба діні ? Түркілер неге мұсылман болды ? –Алматы: Білім, 2000. –504 б.
58 Мэссэ А. Ислам: Очеркии историй. пер. с фр. В.В.Наумкина. – М: Наука, 1982. –191 с.
59 Суфийская мудрость. /Сост. В.В. Лавский. – Минск: ИП Лотаць, 1998. –398 с.
60 Ницше Ф. О пользе и вреде истории для жизни: Сумерки кумиров: Утренняя заря: Сборник /пер. с нем. – Минск.: ООО Попурри, 1997. – 512 с.
61 Selguk E. Tasavvuf ve tarіkatlar. – Іstanbul: ІFAV, 1997. –518 s.
62 Волков С.Д. Религиоведение. – Минск, 2007. 567с
63 Пылев А.И. Ходжа Ахмад Ясави: суфийский поэт, его эпоха и творчества. – Алматы: Атамұра, 1997. –96 с.
64 Путешествия в восточныу страны Плано Карпини и Гильома де Рубрука. – Алматы: Гылым, 1993. –248 с.
64 Гараджа В.И. Религиоведение. – Москва., 1995 -428 с.
65 Токарев С.А. Алтайлықтардағы тектік артықшылық сарқыншақтары. - Москва, 1972. - Т. 1. – 228 б.
66 Қожаев М. Арыстанбаб. – Алматы: Демеу, 1992. –24 б.
67 Хофмайстер Х. Что значит мыслыть философскии. - Санкт-Петербург: Изд. Лань, 2000. –512 с.
68 © 2012 Софы Аллаяр мұрасы
Tarski Theme by Ben Eastaugh and Chris Sternal-Johnson.
Provided by WPMU DEV -The WordPress Experts.
Hosted by KazJur блог жүйесі.
69 Бұлұтай М.Ж. Түркістанның ислам әлеміндегі ерекше орны.// Тарихы терең Түркістан. – Алматы: Білім, 2000. –200 б.
70 Margaret.S. Readіngs from the Mystіcs of іslam. – London: LUZAC& COMPANY LTD, 1950. –144 p.
71 Ozturk Y.N. Koran ve sunete gore Tasavvuf. – Іstanbul: Yenі Boyut, 1998. –286 s.
72 Муминов А. Яссавий насабнамоси ва Амир Темур. – Ташкент: Хазина, 1996. –32 б.
73 Kemal E. Tasavvuf ve tarіkatlar – Ankara: Ahmet Yesevі Vakfі Yayіnlarі, 1998. – 508 s
74 Джани-заде Т. Хал-макам как принцип искусства макамат.//Суфизм в контексте мусульманской культуры. – М: Наука, 1989. –337 с.
75 Гадаев В.Ю. За частоколом мюридских проповедей. – Грозный: изд-во Чечено-Ингушети,1987. –54 с.
76 Иасауи Қ.А. Диуани хикмет. Аударғандар: М. Жармұхамедұлы, С. Дәуітұлы, М. Шафиғи. – Алматы: Мұраттас, 1993. -262 б.
77 Yenі Rember ansіklopedіsі. – Іstanbul: Іhlas Gazetecіlіk Huldіng, T.1,1993. –384 s.
78 1001 ХАДИС. – Алматы: Желмая аударма орталығы, 1991. –124 б.
79 Назарбаев Н. Қасиетті қала Түркістан //Тарихы терең Түркістан. –Алматы: Білім, 2000. –124 б.
80 Kemal E. Tasavvuf ve tarіkatlar tarіhі. – Ankara., 1998. – 508 s.
81 Canіm R. Pіrі Tasavvuf dusuncesі. Bіlіg. // Bіlіg. Bahar. - Ankara: N 1.1996.
82 Березиков Е.Е. Святой дервиш Машраб. – Ташкент: Узбекистон. 1993. –56 с.
83 Мечковская Н.Б. Язык и религия. - М.: Файр,1995. –352 с.
84 Mehmet D. Yahya Kemal ve Mehmet Akіfte tasavvuf. Іs. 1993.S.12.
85 Gombos K. Aszketak, Dervіsek, Іmaszonyegek. – Budapest: MUZSAK, -2012., 107 p.
86 Есенбай Д.Шығыс ойшылдары. – Алматы: Қазақстан даму институты, 2011. – 170 б.
87 Наумкин В.В. Воскрешение наук о Вере. - М: Наука, 1980. –376 с.
88 Бәдиуззаман С.Н. Хашир риссаләсі Өлім және мәңгілік. – Іstanbul: Envar Nesrіyat, 1996. –171 б.
89 Gundor E. Іslam Tasavvufіnіn Мeselelerі. – Іstanbul: OTUKEN, 1993 –288 s.
90 Ал-Фараби.Основы мудрости.//Эстественно-научные трактаты. – Алматы: 1987. –261 с.
91 Дербісалиев Ә. Қазақ даласының жұлдыздары. – Алматы: Рауан, 1995. –240 б.
92 Руставели Ш. Жолбарыс тонды жаһангез. –Алматы: Рауан. 1978. 452б.
93 Мир философии: Ч.1. Исходные философ. Проблемы, понетия и принцыпи. – М: Политиздат, 1991. –672 с.
94 Al-Gazalі. Sufі ve sufі farklarі //Gundor E. Іslam Tasavvufіnіn Мeselelerі. – Іstanbul: OTUKEN, 1993 –288 s.
95 Семенов А.А.Мусульманский мистик и искатель бога. – Ашхабат: 1905. –45 с.
96 Назарбаев Н. Түркістан -Ұлттық бесігіміз бен елдігіміздің ақ ордасы.//Егемен Қазақстан. 2011. Қазан. N 259.
97 Хайдар Мухаммед бин Иадгар шайх Гариби. Мусибат наме. Ташкент. 2010. -112б.
98 Нәлібаев Ә. Жүніс Емре . - Алматы: Білім, 2000. -153 б.
99 Eraydіn S. Tasavvuf ve tarіkatlar tarіhі. – Іstanbul: 1997. –338 s.
100 Мағауин М.,Байділдаев М. Бес ғасыр жырлайды. – Алматы: Жазушы, 1989. Т. 1. –384 б.
101 Шәкәрім. Аманат: әндер /құрастырған Т. Бекқожина. - Алматы: Өнер, 1989. –128 б

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 88 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ӘОЖ 297.1 (576) (091) Қолжазба
құқығында

Досалиев Тимур Құрметұлы

СОПЫ АЛЛАЯР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ СОПЫЛЫҚ
ТАНЫМ МӘСЕЛЕСІ

6М020100 – Философия мамандығы бойынша философия ғылымдарының магистрі
академиялық дәреже алу үшін магистерлік диссертация

ТҮРКІСТАН – 2013

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

Қорғауға жіберілді:

Философия кафедрасының

меңгерушісі, филос.ғ.к., доцент

___________ Ө.А.Малдыбеков

_________________2013 ж.

Магистерлік диссертация

СОПЫ АЛЛАЯР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ СОПЫЛЫҚ
ТАНЫМ МӘСЕЛЕСІ

мамандығы: 6М020100 – Философия

Магистрант ___________________ Т.К.Досалиев

Ғылыми жетекшісі,
филос.ғ.к., доцент ___________________ Ө.А.Малдыбеков

ТҮРКІСТАН – 2013
МазмҰны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3

1. СОПЫ АЛЛАЯР ДҮНИЕТАНЫМЫНЫҢ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖҮЙЕСІ

1.1 Сопы Аллаяр сопылық танымы мен түркілер ой кеңістігі..9 1.2
Қазақ халқы дүниетанымындығы сопылық және оның мемлекет пен қоғам
ішіндегі идеологиялық құндылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22

2. СОПЫ АЛЛАЯР ІЛІМІНДЕГІ ЖАН ТАЗАЛЫҒЫ МЕН АҚЫЛ-ОЙДЫҢ БІРЛІГІ

2.1 Сопы Аллаяр іліміндегі рухани-танымдық жетілу жолы ... 34
2.2 Сопы Аллаяр ілімінің жалғастығы және қазақ философиясы үшін маңызы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 81

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .82

ПайдаланылҒан Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ...84

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Магистерлік зерттеу жұмысында Сопы Аллаяр
іліміндегі рухани танымның қоғам өміріндегі діни-философиялық және ғылыми-
практикалық маңызы қарастырылды. Мұсылман философиясының бай дүниетанымдық
мәдениеті мен сопылық қауымдастығы дағды-дәстүрі арасындағы сабақтастық
зерттеу нысанына айналды. Сондықтан, бүгіндері қазақ ұлтының дағды-
дәстүріндегі адам жанының тазалығы, нәпсінің мәртебелері мен сопылықтағы
мақамдардың орнын анықтау зерттеудің негізгі обьектісіне айналып отыр.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Елбасы: “Менің пайымдауымдағы
Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясын ескере отырып, жұмыста
және өмірде еліміз басшылыққа алатын стратегиялық құжжаттарды басынан
қарау. Инновациялық зерттеулерді дамытудың жаңа саясаты, мәдениет,
дәстүрлер мен ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға көңіл бөлуіміз қажет “ [1],–
-деп осы бағыттағы жұмыстардың қоғам үшін маңыздылығына тоқталады.
Қазақ халқының философиялық көзқарасы мен рухани құндылықтарының
өркендеуінде сопылық ілімнің өзіндік орны бар. Өз кезегінде мұсылман
философиясындағы тұжырымдар мен негізгі қағидалар да сопылық ілімнің
өкілдері арқылы халық санасына берілді. Дәстүрлі таным мен құран
заңдылықтары арасындағы сабақтастық өмір көрінісіне айналды. Бұл адамның
жаратылыс табиғаты мен өмір шектілігі және тәңір болмысы мен жан, рух
проблемаларының жаңаша бағалануына негіз болды.
Сопы Аллаяр мұсылман философиясындағы мол мұраны баяндап берді.
Руханилыққа апаратын жолды адам санасынан іздеді. Оны ал-Ғазали танымындағы
алла болмысын таныту жолында өзіңді-өзің таны идеясына парапар етіп
қарастырды. Нәпсі адамдық парасатты азғыру мүмкіндігіне ие. Адам ақыл-ойы
нәпсіге тежеу қойып, имандылық кеңістігіне орнығады және сезімдік таным
руханилықты меңгеру арқылы ғана табысқа жетпек. Сопы Аллаярдың нәпсі қара
жолдан тайдырып, иманды таусып, арды шашар, тура жолдан тайдырып, өмір
қазан болар [2, 89 б.],– деген сөзінің мәнісі осында.
Рухани тұрғыдан ілім алу арқылы жетіліп, дағды–дәстүрді меңгеруарқылы
адам болмысының жақсы қырларын дамытып, тән мен жанның бірлігі мен
қайшылығын танытқан нәпсіні тежеу жолдарын ашу ойшылдың шығармаларының
негізгі арқауы. Сопылық ілімдегі құндылықтарды хылық танымына осылайша
танытқан Сопы Аллаяр, оны ар мен иманда, тазалық пен аллаға деген сеніммен
толықтырады. Демек, бұл жол адамды шариғат тыиым салған жат қылықтардан
алшақ ұстайды.
Рухани құндылықтарды өз деңгейінде бағаламау қоғамды аздырады. Ал,
адамзат санасын дендеп келе жатқан рухани бостық жалған дүние
кеңістігіндегі зұлымдық, менмендік әрекетінен туындайды. Сондықтан,
демократиялық қоғам талаптары рухани құндылықтардың қайта жаңғырып, мәдени-
философиялық тұрғыдан зерттелуін қажет етеді.
Әлемдік мәдениеттің қайнар көзіне айналған рухани құндылықтар адамзат
танымын жетілдіретін, ұлтты өркениетке бастайтын жол ислам философиясы
екенін таныту қажеттігі орын алды. Міне, халықты имандылық пен рақымдылыққа
және азаттық пен әділдікке бағыттаған сопылық ілімдегі терең философиялық
ойлар адамды хақиқатты тануға шақырды. Сопы Аллаяр "алланың ғажап мақамы
көңілге құдіреттің нұрын түсірер" [2, 102 б.] – деп хақиқат жолындағы
руханият пен аллаға деген махаббат идеясын, одан әрі нақтылай түседі. Адам
танымының басты мақсаты – махаббатпен жасалынған ғибадат арқылы өз сенімін
арттыру.
Орта Азия халықтарының дүниетанымы мен тыныс тіршілігін зерттеген В.В.
Бартольд: “Халықтың діни сенімін танып білу, оның рухани күйін түсінудегі
негізгі мәселе” [3, 10 б.], -деген. Демек, тамыры тереңге кеткен рухани
дәстүрлерді қамтыған дүниетанымымызды қайта қарап, ғылыми тұрғыдан зерделеу
адамды кемелдендіруге негізделген құндылықтар ретінде халқымыздың беделін
арттыра түседі. Өткен ғұмыр мен уақыттың маңызы философиялық ақыл-ойдың
жемісіне айналған рухани құндылықтар мен дәстүрлерді ұмыттырмай, ұрпақтан-
ұрпаққа жалғастыруда. Сондықтан, адам рухын асқақтатқан Сопы Аллаяр
ілімін зерттеп, өз ата-жұртымыздың рухани құндылықтар әлеміндегі негізгі
принципін келешек ұрпаққа танытудың маңызы зор.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Мұсылман философиясы мен мәдениетін тануда
мейлінше мол тәжірибе – тағлымы бар сопылық ілімді зерттеу қызу
философиялық пікір таластың негізінде қалыптасып келе жатқаны белгілі.
Қоғамда саяси белсенділігін арттырып, халық сенімінде теріс пікір
қалыптастыруды көздеген бағыттар мен сопылық ілімнің тұтас екенін
дәлелдеуге тырысқан көзқарастар да бар. Сопылық ілім дүниедегі іс-әрекетке
араласпау негізінде түзілуінің өзі, сопылық бағытының саясаттан, қоғамның
күнделікті тіршілігінен алыс тұрған басқа дүниетаным екенін көрсетеді. Оның
үстіне сопылық жолға рухани рухани жетілу мен өмірін ғибадатқа арнағандар
ғана түсті. Сондықтан, қарама-қайшы екі нәрсенің арасынан тұтастықты
іздеудің өзі қате. Міне, осындай ой-тұжырымдар Сопы Аллаяр іліміне де
қатысты. Рухани құндылықтардың дер кезінде уақытқа сай зерттелмеуі, оның
халық танымынан жасырын қалуына алып келді. Бұл түрлі теріс көзқарастар мен
пікірлердің туындауының себебіне айналды.
Өз кезегінде сопылық ілімді зерттеген В. Стоддарт, [4] М. Смит, [5]
Г.Э. фон Грюнебаум [6] және Л. Массиниен [7] тәрізді шетел ғалымдары
тақуалардың рухани ізденістеріне ерекше тоқталған. Ал, сопылық танымдық
дәстүрлері Эрнст Карл, [8] Ерол Гүндар, [9] Ебул-ала Афифи, [10] Дж.С.
Трименгэм, [11] Идрис Шах [12] еңбектеріне арқау болған.
Әл-Ғазали, ибн Араби, Наджмуддин Кубра, Ала ад-Даула Симнани, Баха ад-
Дин Нақшбанди мен Сопы Аллаярдың адам болмысын өзгертуге бейім сопылық
идеялары, бұл ілімді қуатты етумен қатар сопылық тариқаттарды бір-бірінен
ерекше етіп тұратын дәстүрлерді қалыптастырды. Демек, мақсаты мен бағыты
бір сопылық тариқаттың дәстүрлері жергілікті халық танымына сәйкес
өзгертілді.
Араб мәдениеті мен философиясының күрделене түсуінде сопылық ілімнің
орнына назар аударған Э.А. Бертельс, [13] В.В. Бартольд, [14] А.Е. Смирнов,
[15] И.Н. Петрушевский, [16] М.Т. Степанянц, [17] С.М. Демидов және Р.Б.
Рыбаков, [18] А.К. Боровков [19] тарихи оқиғалар мен жалпы дүниетанымдық
мәселелерді қарастырады.
Демек, күні бүгінге дейін сопылық ілімді зерттеу жұмыстарының өте
көлемді жүргізілуіне қарамастан, оның көптеген қырлары әлде де нақты
зерттеуді талап етеді. Сопы Аллаяр сопылық ілімі мен дәстүрлеріндегі рухани
құндылықтар әлемі осы мәселеге қарайлас құбылыс. Ойшылдың шығармаларын,
әсіресе бұрыннан қалыптасқан рухани құндылықтар жүйесін қайта қарау заман
талабына айналды.
Сопылық танымды зерттеген және сопылық ілімді танытқан ойшылдар
шығармашылығына қатысты деректерді алғаш жинақтаған түрік ғалымдары:
“Халық танымы сақтаған сопылық ілім идеялары әлі күнге дейін атадан балаға
мұра болып қалған. Оны ешкім де жоққа шығара да алмайды, Дегенмен көптеген
мәселелерде ол нәрсенің тікелей сопылыққа қатысы бар екенін аңғара да
бермейді ” [20, 165 б.]. Жас баладан қартқа дейін жеті атаны білу мен иман
уағызы шариғатты танып, киелі тұлғалардың адамгершілікке бағытталған
әрекеттерін насихат ететін аңыздарды меңгеру дүниетанмға сіңгеніне уақыт
куә.
Қоғамдағы өзгерістерге байланысты, рухани дүниемізді жаңғыртып, ұлттық
мұрамыздың қайта түлеуін көздеген А.Х. Қасымжанов, [21] Ә.Н. Нысанбаев,
[22] Ғ.Е. Есімов, [23] О.А. Сегізбаев, [24] М.Е. Орынбеков, [25] С.
Нұрмұратов, [26] Д.Т. Кенжетаев [27] және т.б. ғалымдарымыз дінге
немқұрайлықпен қараудан арылуға шақырады. Сондай-ақ, діни мұраларымызды
философиялық тұрғыдан талдауға мән беріп, оны дамытуға және сол арқылы
әлемдік мәдениеттермен бір ырғақта болуға үндейді.
“Мәдениеттің, ғылым мен білімнің ошағы болып саналған араб халифатынан
шеткері орналасқанына қарамастан біз туып, өскен аймақ түркі мәдениетінің,
кейінірек мұсылман мәдениетінің ошағына айналып үлгерді” [28, 19 б.] – деп,
қорытынды жасаған А. Абуов ойшыл дүниетанымының қазақ философиясындағы
орнына назар аударған.
Сопылықты қараған П.Е. Елшібеков, [29] М. Темирбеков [30] және С.
Алдабергенов [31] өз зерттеулерінде: Сопылық ілімнің түркілер мекендеген
аймақта дербес әрі ықпалды күш болғанына ерекше тоқталады.
Ақыл-ой еркіндігі түркілер танымында жоғары бағаланды. Рухани дүниені
таңдауды мұсылман философиясы әр-бір жеке тұлғаның еркіне берді.
Философиялық талдау адам үшін құндылық нормаларының түрліше екенін анықтап
берген. Сопылық ілімде адам баласының жүрек тазалығы мен ой, сезім және ар,
ұждан бостандығына ерекші мән берілді. Сопы Аллаяр ілім алуда адам рухани
азғындаудан алшақ тұратынын тілге тиек етті.
Демидов А. “Тақуалық жасау адам баласы үшін өрескел, қиын тіршілік
иесіне айналу ретінде қаралғанымен, тақуаның бойынан ешқандай қиындық ізі
байқалмайд, ол оның қмір сүру талабы сиақты“- деген. осы принциптерді
негізге ала отырып, өмір хақиқатын танытуды көздеді [32, 18 б.].
Сопылық ілімге талдау жасаған К. Мұстафа, [33] Т. Белкез, [34] И.
Мұстафа және К. Кемал [35] т.б. түрік ғалымдарының қосқан үлесі
айтарлықтай.
Сопылық ілімнің халық танымына рухани жандандырушы әрі терең мәнді
философиялық құндылықтар ретінде танылғанына баға берген ғалымдар
Қ.Қаратышқанова, [36] Ө.Малдыбеков [37] пен М. Сарыбасова [38].
Міне, осы зерттеу рухани құндылықтарды қалыптастыруда ата жұртымыздың
мәдениетінің өркендеуіне септігін тигізген Сопы Аллаяр сопылық ілімі мен
дәстүрлерін қайта ашады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен негізгі міндеттері:
Мұсылман халықтарының діни-философиялық көзқарасына ықпал еткен Сопы
Аллаярдың діни философиялық еңбектерін зерттеп, бүгінгі ғылыми талапқа сай
тұжырымдар жасау және сопылық ілімнің таралуына негіз болған ойшылдың діни
дәстүрлері мен өмір тәжірибесінен орын алған рухани құндылықтар мәселесін
қарастыру жұмыстың негізгі мақсаты.
Осы мақсатты іске асыру үшін мына міндеттерді белгілейміз:
- Сопы Аллаяр дүниетанымы, оның философиялық ілімінің негізгі
тұжырымдарын халық танымы мен дәстүрлерінің діни философиялық
аспектілерінің негізінен ашу.
- Сопылық дәстүрлеріндегі “кашф” , “илхомға” бағытталған әдіс-
тәсілдері арқылы ақыл ойдың философиялық шеңберін кеңейту және тақуалық
жолды таңдаңан дәруіштер тыныс тіршілігіне талдау жасау.
- Адам болмысы алладан, екеуінің арасындағы рухани қарым қатынас
қайшылықтарға толы. Сопы Аллаяр дүниетанымының рухани қайнарларын зерттеп,
оның теориялық ілімінің тәжірибеге ұласуы мен философиялық қырларына назар
аудару.
- Сопы Аллаяр ілімінің маңызды рухани философиялық бағыт ретінде
қалыптасуы, сопылық ілімінің тәжірибелік көрінісі және оның дәстүрлер
арқылы халық санасына ұласуыуындағы сопылықтың үлесін анықтау.
Зерттеу жұмысының деректік негіздеріне ғылыми айналымға осы зерттеу
арқылы қосылған араб, парсы тіліндегі деректер мен соңғы кезеңдерде
аударылған зерттеулер мен жазылған еңбектер алынды.
Сопы Аллаяр сопылық ілімі мен діни-философиялық дәстүрлерін, рухани
құндылықтар жүйесінің табиғатын ашуға мүмкіндік беретін қолжазбалар
зерттеудің өзегін құрады.
Сопылық дүниетаным мен дәстүрлердің ерекшелігін танытқан шетел
тіліндегі ғылыми зерттеулердегі философиялық ойлар сарапқа салынды. Соның
ішінде, түрік зерттеушілері мен ағылшын ғалымдарының тұжырымдарына
салыстырмалы түрде талқылау жасалынды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:
- Халық танымына сопылық ілімдегі ұғымдарды ендіру ерекшелігі
қарастырылды. Халықтың ой-кеңістігіндегі сопылық шаралар және мұның іс-
жүзіне асырудағы сопылық рөлі зерттеу нысанына айналды. Сондай-ақ, қазақ
философиясындағы танымдықтың негізгі ерекшеліктері мен дүниетанымдағы
сабақтастық анықталды.
- Қолжазбалар мен деректерді философиялық талдауда ойшылдың ілімі мен
ғылыми айналымға енбеген соны еңбектердегі мәліметтер қарастырылды.
- Сопылық ілімдегі абсолютті ақиқат түсінігі, нәпсінің мәртебелері,
оған жасалған философиялық анализ, аллаға деген махаббат түсінігі Сопы
Аллаяр дүниетанымы арқылы анықталды.
- Сопылық ұғымдар қазақ ұлтына оның көркем туындылары мен дәстрлі
көзқарасына өзіндік әсері анықталды.
Диссертацияның құрылымы мен көлемі. Жұмыстың құрылымы тақырып пен
қойылған міндеттерді шешудегі ішкі логикалық байланысымен сипатталады.
Диссертациялық жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланған
әдебиеттер тізімінен құралды.

1. СОПЫ АЛЛАЯР ДҮНИЕТАНЫМЫНЫҢ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖҮЙЕСІ

1.1 Сопы Аллаяр сопылық танымы мен түркілер ой кеңістігі

Дүниетанымда ежелден қазіргі таңға дейін сақталған философиялық
мәселелерді зерттеу сопылық ілімнің тереңнен орын алғанын танытады.
Философиялық ақыл-ойды билеген сопылық ұғымдардың халық санасына берілу
жолы өздігінше күрделі. Сопы Аллаяр мұсылман философиясының адамгершілікті
насихаттаған қағидаларын танытты. Сопылық ілімдегі мұсылман философисының
негізгі ұғымдары жергілікті халық танымымен бірлікте жаңа дәстүрлердің
түзілуіне негіз болды. Бұл ілім ең алдымен адам жанын кемелдендіруді
көздеді. Сондықтан, қиын болса да түркілердің дүниетанымына жақын етіп,
таныту жолы обьективті түрде бағаланды.
Сопы Аллаяр рухты кемелдендіруде адам жанына мән берді. Түркілік
танымда жан субстанция ретінде қабылданып, онда материалдыққа бой ұрған
түсініктер пайда болды. Сопы Аллаяр көзқарасы Платонның "жан материалды
емес" - деген пікірімен сабақтастықта келді. Материалды мұқтаждық сопылық
ілімде қатты сыналғаннан кейін, тіршілік көзі рухани дүниені дамытуда деп
таныды. Сопы Аллаяр қоғамдағы әрбір адам жанын рухани тазартып, имандылық
жолына түсіру үшін оның мәңгілік екенін алға тартты. Аристотельде жанды
мәңгі жаратылыс ретінде таныған. Мұнда сопылық ілімде қарастырылған рухани
жетілу идеясының да өзіндік орны болды. Жан тазалығын жоғары тұтқан адам
нәпсіні тыйып, қанағат етуді жоғары бағалауы себепті алла болмысына жақын
тұрған.
Тәннің философияда бөлек қаралуының негізі міне осыдан туындаған
секілді. Тән мен жан бірлікте әрі бөлек тіршілік ете алады. Түркі халқының
дүниетанымы рухани құндылық ретінде жанды материалды құбылыс ретінде қарап,
табынғанын тарихи деректер растайды. Міне, осы мәселеге жете назар аударған
Сопы Аллаяр рухани жетілуде адамға жан тазалығы керек деген. Дегенмен,
Батыс философиясында жанды материалды болмыс тұрғысында қарастырғандар да
бар. Сопы Аллаяр ілімінде жан мүлде материалды болудан алшақ тұр. Өйткені,
араб философиясында жан алла рухының бөлшегі ретінде қойылған.
Халық танымына енген мұсылман философиясы олардың мәдени және рухани
өміріне ерекше құндылықтар алып келді. Жан тек қана өлім арқылы емес, одан
алдын бөлініп, қайта тіршілік етуге бейім. Жан мен тән ішкі сезімдердің
түрлілігіне байланысты бөлінеді. Жүйелі мақамдар жанға құдай тәрізді сипат
берді. Ғасырлар бойына қалыптасқан түркілер ой кеңістігіндегі танымдық
тәжірибеден сопылық ұғымдардың көрініс алуының негізі де осыдан туындады.
Өз зерттеулерінде мұсылман мәдениетіндегі сопылық ілімнің орнына мән
берген Демидов А: “ Сопылық таным халыққа жат емес ол оның күнделікті
танымынан кездеседі, бірақ, тақуалық дәстүрлер арнай ритуалдарды талап
ететінін де естен шығармайық ” [32, 42б.], -деген.
Қазақ халқының мәдениеті сопылық ілімдегі құндылықтар мен жаңа ілім
жүйесін алып келуімен көрінді. Бұл сенім жүйесінің тереңдеуіне жағдай
жасады. Бірақ, кеңес өкіметі тұсында бұл тақырып жабық күйінде қалды.
Өйткені, дін философиясының өркендеуі мен зерттелуіне тежеу болған атейстік
көзқарас рухани құндылықтарды танып білуге тыиым салды. Қазіргі таңда
мемлекет тізгінін өз қолына алған түркі халықтары рухани құндылықтарын тек
ғылыми тұрғыда емес, дүниетанымдық көзқарастарының бөлінбес бір бөлшегі
ретінде қалыптастыруға үлкен мән беріп отыр.
Бұл бағытта қалыптасқан сопылық ілімді зерттеуде оның философиялық мәні
мен негізгі мақсатын, даму ерекшеліктерін, адамзаттың жан дүниесіне жасаған
рухани кемелдету ықпалын тану үшін, ең алдымен түркі халықтарының уақыт пен
кеңістік аясында әлі де өзгеріп үлгермеген көзқарастарына назар
аударғанымыз дұрыс. Қоршаған табиғи орта құбылыстарын тануда түркілер аспан
әлемі - көкке сиынып, құрбандық шалған. Алғашқы бастама көкте, өсіп-өну мен
өркендеген жасыл-желекте көк ұғымымен берілді, халық арасында көк сөзінің
қасиеті арта түсті. “Көкті үзбе тәңірі жарылқамас”, “көк соққан” сөздері
осының айғағы. Табиғаттың бастамасын көкпен байланыстырған халық даналығы
табиғатта билеуші ортақ күштің барын және оның көк тәңірі екенін танытты.
Көктен бүкіл әлемді бақылаған тәңірі, түркілердің соғыс жорықтарын қолдаушы
әрі жеңіс әперуші ретінде танылды. Түркілердің ұлан-байтақ жерге қағанат
орнатып, оны басқаруына да көк тәңірі дем берген.
В.В. Бартольд осы мәселеге ерекше мән береді: “Қаған өз тағы үшін
халыққа борыштар. Өйткені, тайпалық құрылымдардың бірлесуі жалпы халықты
түзеді. Мұны елемеуге болмайды. Дегенмен, хан өзінің таққа отыруын халықтан
емес, тәңірінің қолдауымен жүзеге асады деп санады” [14, 284 б.]. “
Тәңірідей, тәңіріден жаралған, түркінің дана қағаны” [39, 5 б.], -деп, тас
бетіне түсірілген таңба біздің бұл ойымызды анықтай түседі. Түркілік
дүниетанымда тәңірі жеке тұлғаны даралап, үстемдік беруі заңды құбылыс
ретінде орын алған.
Ежелгі халықтар көзқарасы олардың философиялық маңызы зор еңбектерінде
сақталған. Орхон жазба деректері VІ-VІІ ғ.ғ. өмір сүрген түркі халықтарының
тарихи және діни-философиялық талғамдарын түсіндіруде теңдесі жоқ туынды
екені жаћан жұртшылығына мәлім. Адам жаратылысы екі жақты бастаманың
бірлігі. Тән жанның тіршілік етуін қамтамас ететін материалды организм. Оны
жер анаға байланысты қарастырған түркілер адамды топырақтан түзілгенін
айтады. Ал, адам жаны олар үшін мәңгілк көкте тіршілік етеді. Адам
жаратылысы төңірегінде материалистер мен идеалистер арасындағы қарама-
қайшылық көрініс алған. Бұл тұрғыда жазылған деректер төмендегі сарында
ұсынылады:
Биікте Көк Тәңірі,
Төменде қара жер жаралғанда,
Екеуінің арасында адам баласы жаралған [39, 10 б.].
Болмыстың түбірін танып білуге талпыну, түпкілікті өмір даналығын
іздеу, барлық философиялық бағыттарды ойландырғаны анық. Жан мен тәннен
жаралған адам мен әлем жаратылысына мән беру түркі халықтарының діни -
философиялық көзқарасының сол негізден алшақ кетпегенін аңғартады. Адам
ақылмен танып білген нәрсе тәжірибелік түрде жүзеге аспайынша әр уақытта
хақиқат бола бермейді. Логикалық түрде танып білуде жан категориясы адам
санасына белгісіз құрамдағы материялды құрылымнан тұратын жаратылыс ретінде
қойылды.
Жан тазалығын жетілдіру түркілік сенімде метафизикалық түсініктермен
берілді. Сондықтан, адам ақыл-ойының қабылдауы қиын кейбір философиялық
тұжырымдар олардың өмір тәжірибесінен туындаған. М.С. Орынбеков,
“Түркілердің түсінігі бойынша тәңірі өмір сүрудің негізі. Кейбіреулері
тәңірі деп аспанның көкшілдігін айтса, басқалары тәңірді аспан ретінде
қабылдады” [25, 156 б.], - деп жазады. Түркілер аспан кеңістігіне жоғарғы
жаратылыс күші ретінде сенген. Кеңістік материясыз тіршілік ете береді.
Егерде тіршіліксіз кеңістік бар болса, онда тәңірінің орны бар деп
есептелді. Түркілер сенімінде табиғи ортадағы қарама-қайшылықтардан
сақтандыратын рухани күш иесі, нақ сол аспандағы тәңірі. Оған арнап
құрбандық шалу адамзатты табиғат апаттары мен зұлымдық күштерінен сақтайды.

Зұлымдық бұл дүниеге қалай келді деген Гегель, оны жою жолдарын
іздестіреді. Зұлымдықты жою жолдары адам санасына имандылықты жақын етті.
Дегенмен, зұлымдық мәселесін жою барысынды жоғалтып алмаймыз ба? Өмір
тіршілігіне кедергі болған нәрсе құндылық ретінде танылды. Өйткені, кез-
келген нәрсе қарама-қайшылықтың негізінде дамитынын естен шығармаған жөн.
Зұлымдықтан түркілерді көк тәңірі мен қатар ата-баба рухы, Ұмай мен жер, су
құтқарды.
Сенімде хақиқат ретінде танылған мәселенің өзгеруінде үлкен рухани
жаханданудың ықпалы болу керек. Сопы Аллаяр ата-баба рухына космостық
сипатта табыну жолын теріс көрмеді. Түркілік танымда тұлға өз сенімін
жетілдіріп, рухтар қолдаған іс-әрекетте еркін болу үшін құрбандық шалған.
Рухани тұрғыдан жетілу үшін құрбандық ата-баба рухына арналған.
Л.Н. Гумилев, Д. Банзаров пен Е.К. Яковлевтің пікірлерін негізге алып,
(Тағыр-тайық( дәстүрі бойынша түркілердің көк тәңірге табынуы әруақтарға
сыйынуынан жоғары тұрады [40, 75 б.], -деген. (Тағыр-тайық( дәстүрі бұл
бүкіл қауым ерлері жиналып, тәңірі құрметіне құрбандық шалады. Құрбандық
түгел халық арасына тарқатылды.
Л.Н. Гумилев бұл тұста да олардың адам рухынан жоғары бір құдірет
күшіне сыйынғанына ерекше назар аударып, ол құдірет күшін “жарық” деп
көрсетеді. Демек, жоғары рух ретінде танылған тәңірі тіршілік процесіне
араласып отырған. Ақыл-ойға тәуелсіз адам өміріндегі рухани қажеттіліктер
“тағыр-тайық” сияқты құрбандық шалу дәстүрімен беріледі. Бұл қажеттілік
адамның психологиялық әлсіздігінен туындаған әрекет емес, оның мәні одан да
тереңде жатыр. Адам тіршілік табиғатында өмір болмысын реттеуші бір рухани
күштің барын біліп, оған сену қажеттігі пайда болды. Мұсылман
философиясындағы қағидаларды мойындаған әр-бір жеке тұлға осы принципке
бағынған. Демек, “алладан басқа табынатын тәңірдің жоқтығына және де сендім
Мұхаммед оның құлы және елшісі екеніне”-деп, сенім келтірумен ғана
мұсылмандар қатарына қосылған.
Адам рухани сыйыну жолында түрлі матералды немесе санадан туындаған
түрлі нәрселерге табынып келді. Бұл халықтың дәстүрлі танымында сақталып,
уақыт өткен сайын жаңа сипат алып келеді. Кейде басқа да сенімдермен
ұласып, жаңа көзқарастарды ендіріп отырады. Сол сияқты түркілер көкке, күн
мен айға жоғарыдан шапағат беретін күш есебінде табынумен қатар ата-баба
рухын қастерлеген. Жарық дүниеде үстемдігін жүргізген құдірет иесі көк
тәңірі адамзат қаза болғаннан кейін, өз үстемдігін жояды. Адам жер мен
көктің арасында дүниеге келіп, тіршіліктегі екі ұлы жаратылысқа бағынып,
өлімді қабылдаған. Түркілер дүниетанымда тәні жер ана қойнауына қойылса,
жаны көкке көтерілген. Осы сәттен бастап ол барлық рухани күштерден
тәуелсіз аруаққа айналады. “Әруақтар өзінің ұрпақтарына қиыншылықта сүйенер
сүйеніші болған. Сондықтан, соғыс шайқасына кіргенде, ат бәйгеден келе
жатқанда және палуан күресінде ата-бабаларының атын ұран етіп шақырып,
олардың әруағынан медет күткен” [41, 343 б.].
Түркілер ата-баба рухына сенумен қатар көк тәңіріге де сиынып, келді.
Оларды бірін - бірінен төмен немесе жоғары деп қарастыру қате пікірлерді
қалыптастырады. Өйткені, түркі халықтарының дүниетанымдық жүйесінен дара
өзіндік даму принциптеріне ие екі бастама бір-біріне бергісіз рухани
күштерді басшылыққа алған. Сондықтан, олардың өзара айырмасы немесе
үстемдігі бар деп түркілер анықтамаған. Екеуі бірлікте келгенде ғана
түркілердің рухани мұқтажын өтеген.
Табиғи жаратылыста адам құндылығына айналған материалды болмыс
құрбандыққа берілген. Тәңіріге сенім көрсету негізінде берілген құрбандық
ата-баба рухына да тиесілі етілген. Қаншама ғасыр өтсе де, қазірдің өзінде
тәңіріге арналып шалынған малға оқылған құран ата-баба рухына бағытталады.
Түркілер әруақтарға бағыттап төрт түлік малдың қай-қайсысын болсын
құрбандыққа шалған. Танымда "өлі разы болмай тірі байымас" деген қағида
мұсылман философиясына жат. Әруағы асқан тұлға мазарына барып қан шығарып,
өз қажеттіліктері мен мұқтаждарын өтеуді сұрау және сол үшін көзінің
қарашығындай ұстаған қимасын да құрбан еткен. Егер де тілеген арманы
орындалар болса, атағанын құрбандыққа шалған. Міне, адам өміріндегі
дағдырыстарды шешу жолы С. Нестеровтың еңбегінде; “Дағдарыс қаншалықты
қатты болса, құрбандық сонша бағалы болуы шарт” [42, 92 б.],-делінген.
Көшпенді халықтар үшін материалды бастама құнды болудан қалған. Ар, намыс,
иман мен адамгершілік қасиеттері үнемі жоғары бағаланған. Мұның өзі адам
бойындағы рухани жетілудің айшықтары. Материалдық мұқтаждық жетегіне түсіп
қимастық жасаса, тәңірінің қахарына ұшырап, қайғы-қасіретке шалдығады
немесе “әруақтар мазарда тынышынан айырылады” деген түсінік қалыптасқан.
Бұл рухани тәсілдер мұсылман философиясындағы ойлармен сабақтастықта
келіп, адам баласына өмір құндылығын бағалауға мүмкіндік беретін жаңа
идеяларды ұсынды. Өлімде жұмақ жалғастығы мен тозақ бар. Ал, рухани жетілу
жолына сенімсіздер ғана өмірлік іс-әрекеті арқылы енбейді. Сондықтан,
түркілер мұндай дағдырысты құрбандық жолы арқылы шешкен. Сенімде рухани
кемелдік формасы құрбандық дәстүрімен бірлесіп, дәстүрлі танымға сол күйде
енді. Бұл дәстүрлер қоғамда саналы түрде қабылданды. Адам танымы өте қуатты
сенім формаларын қабылдаумен қатар, өз мұқтаждарын өтеу үшін оларды
сабақтастықта қарастыра береді. Біздің дүниетанымдағы дін тұту еркіндігі
мен рухани бостықты өтеу осылай жүзеге асқан. Н. Кузанский пікірінше:
“Адамзат өз ақыл-ойының шығармашылық қызметі арқылы тәңірі ретінде танылды”
[43, 108 б.]. Демек, адам өзіне белгісіз болған рухани күштерді сарапқа
салып, табиғи ортадағы іс-әрекетін реттеуде өзі де рухани жетілу жолдарын
қараған және сол тұжырымдар өмір хақиқатының негізгі нормалары ретінде
қаралды. Гегель: “Дінге деген сезім адамзат рухында философиялық
ізденістердің қорытындысы ретінде пайда болды” [44, 207 б.] -деп, рухани
күштерге деген сенім адамзат ақыл-ойынан тыс жатқан нәрсе емес екенін
түсіндірген. Адам мен тәңірі байланысын немесе рухани құтқару қасиеті
дарыған бақсылар пайда болды.
Табиғат пен адам жаратылысы, олардың ішкі қатынасын реттеу мен
философиялық маңызын таныған бақсы-балгерлер рухани орта мен адам
арасындағы байланысты реттеп отырған. Бақсылар қобыздың сарынына елтіп,
“жын” шақырып, тәңірінің қолдауымен адамды қауіп-қатерден сақтандырды.
Тағдырды болжап, табиғат заңдарын меңгергені соншалық, кейде ашық аспанда
бұлттың туындауына себепкер болған немесе дауыл шақыру арқылы айналаның
астан-кестеңін шығарған. Сонымен қатар, адам емдеп, тағдырға болжау
жасаған. Осылай бақсы атауына балгер, емші сөздері қосылған. Әлі күнге
дейін халық санасында бақсы-балгердің емдеу әдіс-тәсілдері мен “жындарын”
шақырып, зікір салу қимылдары жөнінде түрлі пікірлер сақталған. Бір қызығы,
ол аңыз әңгіме немесе ертегі кейіпкері ретінде емес, тылсым күшті
бағындырған емші ретінде танымал. Тыныштық күйді бұзған қарама-қайшылықты
“жын” реттейді. Бақсы зікірі – рух пен материаны ажыратып, қайта қосу
тәсілі. Бұл мәселеге жасалған философиялық зерттеулерде шаман зікірі адам
әлемінен тысқары бір танымдық көріністердің барына көңіл бөлетін секілді.
Ш. Уәлиханов бақсыларды тәсілдеріне қарай үлкен, орташа, ұсақ деп үш
топқа бөледі. Соның ішінде үлкен бақсы іс-шаралары мен әдіс-тәсілдері назар
аудартады: “Ұлы бақсы барлық аурудан жазады; қарынды тіліп, операция
жасайды, әйелдердің аман-есен босануына болысып, албастыларды рухымен
сескендіреді, қуалайды, керемет ойындарымен өзінің рухын шақырып, бал
ашады. Үлкен бақсылардың белгілері мынадай істерімен көрінеді: зікір салу
барысында кезінде қылышты қарнына салып қояды, қылыштың сабына дейін
жұтады, қып-қызыл темірді жалайды, балтамен кеудесін шапқылайды. Осының
барлығы ертедегі Қорқыт Ата әулиеден мұра болып қалған қобыз сарынының
үнімен жүзеге асады” [45, 37 б.].
Шаман рухтандырушы әрі жанды жетілдіруші. Адам еркін билеп, санаға
ықпал ету де қоғамдағы білікті тұлғаның бойындағы қасиет. Өз кезегінде
бақсы өмір қиындығын шешуде жәрдемі мол білікті рухани ұстаз қызметін
атқарды. Сондықтан, бақсы мен сопылардың өмір салты ұқсас. Материалды
болмыстан алшақ тұрды және қоғамдағы адамның рухын жетілдіру үшін қызмет
етті. Түркі халқындағы білік сөзі де жетілген тұлғаға жалғанды. Мәселен,
Орхон жазба ескерткішінде “білік” - “басқарушы”, “данышпан” тұлғаны
танытты. Жүсіп Баласағұн “Құтты білік” еңбегінде “білім” деген мағынада
қолданды. Шындығында білім басқарудың алғашқы құралы. Ал, білім мен
басқаруды ішінара бірлестірген біліктілік қасиеті кез-келген адамның бойына
дарымаған.
Халық арасында рухани кемелденген білікті тұлғаның бірі Қорқыт-Ата. Ол
рухани күш иесі әрі халыққа терең мағыналы философиялық ойлармен танымал:
“Тәкаппарлықты тәңірі сүймес. Мінген атың қиналмайынша жол алынбас. Шалып
кесер өз қылышыңды мұқалтып шалғанша, шалмаса игі. Жалған сөз бұл дүниеде
болғанша, болмағаны игі. Ер жомартын, ер бақылын жырау білер. Қарсы
алдыңызда жолдан адастырмай, қобыз тартып жырлайтын жырау болсын, ей, ханым
! Азып-тозып келген пақырға тәңірім сауабын берсін, ей, ханым ! ” [46, 128
б.].
Буддизмде тіршілікте азап тарту өмір заңдылығы. Зороуастр да ұдайы
қайшылық бірлік сияқты. Гераклит өмірдің бастамасын отқа теңеумен қатар,
барлық нәрсенің құрамынан оттың үлесін танытуға тырысты. Түркілерде өмір
қиыншылық, тәкаппарлық мақсатқа қайшы. Ақыл ой мен даналық жауыздық пен
өтіріктен жоғары. Демек, түркілер Қорқыт Атаны тектен тек марапаттап,
“ата”, “әулие” атамаған. Қорқыт Атаны тәңірі қалаулысы, білікті тұлға
санатына қосқан. Түркілер мәдениеті мен ғылымына мұсылман философиясының
тегеурінді ықпалынан кейін де Қорқыт Ата өз биіктігін сақтап қалған.
Дегенмен, тәңірлік сенім мұндай сыртқы ықпалдан кейін біршама өзгеріске
түсті.
Түркілер парсы, қытай және орыс халықтары мәдениетімен ежелден таныс.
Олар бір-бірінен өзгеше мәдени ошақтарды ішінара байланыстырумен қатар,
дүниетанымдық көзқарастары мен дәстүрлеріне көп мән берген. Сондықтан,
түркілер көзқарасында буддизм, зороастризм және христиан сеніміндегі
философиялық ұғымдардың болуы кездейсоқ нәрсе емес, белгілі бір рухани
танымдық әсердің негізінде туындаған процесс.
Мұсылман философиясы дәстүрлері түркілер сенімінде сопылық ілімі
негізінде таралды. “Сабатул ажизин” еңбегіндегі философиялық, логикалық
түсініктер халық санасына арналған. Халық танымын жақын, өмір талабына
айналған дәстүрлер сопылық ілімімен сабақтастықта дамыды. Тәңірге деген
философиялық көзқарас өз деңгейінде алламен теңестіріліп, рухани
мәртебесін арттырды. Сопы Аллаяр сопылық ілімдегі рухани рухани жетілу
жолындағы “қалб” мәселесін барынша ашық қойды. Сондықтан, аллаға сенім адам
жүрегіне жазылған ұстаным ретінде қабылданды. Түркілердің алғашқы рухани
әдет-ғұрыптары да бұрынғы қалпын сақтап қалды.
Сопылық дәстүрлерде мұсылман философиясы қағидалары алғашқы орында.
Өйткені, тариқат жолына түспес алдын шариғат заңдар жиынтығын меңгеру шарт.
Шариғат заңдарымен қатар ата-баба рухын қастерлеу сопылық қауымдастығында
бірлікте жүргізілді. Адамның рухтануына бұл бастамалардың әсері айтарлықтай
болды. Бұл тұрғыда Р.Н. Мустафина: “Ислам дініндегі бір құдайлық қағидасына
қайшы келетін ата-баба рухына табынуды мұсылмандық тұрғыдан баяндап берген
де сопылық ілім” [30, 207 б.] -деп, әруақтарды қастерлеу жөніндегі
пікірлер мұсылмандыққа сопылық арқылы енгенін айтады. Бұл күні бүгінге
өзгеріссіз қалған. В.В. Бартольд: “Әлемде түрлі халықтар арасында таралған
ислам діні, мәдениеті мен өмір сүру тәжірибесінің әртүрлі болғанына
қарамастан, оларды ішінара байланысты етті” [14, 462 б.], -деген. Түркі
халықтары араб дүниесімен, олардың рухани құндылықтарымен сопылық дәруіштер
мен түркі тілінде жазылған мұсылман туындылары арқылы танысты. Түрлі әдет-
ғұрыптар мұсылмандық философияның идеяларымен бірлікте қаралуы танымдық
құрылған ортаға байланысты.
Миссионерлік бағытта танылған сопылық ілімнің философиялық астарын жете
түсінген сопылар үшін бұл алланың рухани кемелдендіру жолын тану. Сопылық
ілім дөрекі “жүн” жамылғысын жамылған тақуалар танымы негізінде қалыптасты.
Шамандар іспетті материалды құндылықтар бағалы ретінде қаралмады. Тек қана
қоғамдағы рухани балланс қатты ойландырды. Сондықтан, олар үшін адамның
жаны мен оның рухани өмірі қымбат болды. Грек тілінде “софос”- “ақылды”
деген мағынада қолданылады. Біз білеміз, кейбір зерттеушілер сопылық пен
ежелгі грек көзқарастарын бірлікте қарастырады. Мәселен, М.Т. Степанянц:
“Сопылық идеясы негізінен Платонның философиялық ойларынан туындайтын ағым”
[17, 5 б.], -деген.
Е.Э. Бертельс: “Сопылық ағымның негізін құрушылардың көпшілігі қаланың
орта және кедей тұрғындары” [13, 41 б.] болғанын айтады. Материалды
құндылықтарды жоғары қойған халифат билеушілеріне иман байлыққа емес рухани
рухани жетілуде екенін таныту мақсатында сопылар тақуалық дәстүрлерді
қалыптастырды. Осы дәстүрлер жетіле келе адам жанын рухани толықтыратын
әдіс-тәсілдерді түзді. Бұл кейінірек, философиялық тұрғыдан Платон ілімімен
сабақтастықта дамып, дербес сопылық танымдықтарды қалыптастырды. Өмір
материалды немесе сол материалды мұқтаждықты өтеуден тұрады деген
көзқарасқа қарама-қайшы пікірлерді сопылар қойды. Жан тазалығы алладан
деген олар құран қағидаларын қайта қарады. Дж.Тримингэм: “ алламен жүздесу
мүмкіндігіне сенген тақуалар, оны іске асыру жолында бүкіл күш-жігерін
жұмсауға әзір” [11, 15 б.],- деген. Рух пен жан қайшы кейде бірлікте. Алла
болмысы мұның ара-жігін ажыратады. Дүниеге тәуелсіз рухани бастамалар
халдер арқылы беріледі. Сондықтан, сопылар ғана ерекше бір хәлде жанын
рухани күшпен ұштастыра алған.
Алла болмысы жөнінідегі көзқарастарға философиялық анализ жасаған А.
Мехмет: “Тәңірі білімді, құдіретті және рақымшылық етуші, т.б. Оның
жаратқан әлемі кемелдігінің белгісі” [47, 138 б.],- деген. Демек, тәңіріні
тану үшін алдымен оның жаратқанын таны.
Құранда жаратылыс төңірегінде айтылған философиялық ойлар жаңа
көзқарасарға негіз болды. “Алла сендерге жерді тұрақ, көкті күмбез қылды.
Сондай-ақ, сендерді бейнелегенде көркем бейнеледі” (40:64). Көкке табынған
түркілерге бұл жолдар бұрыннан таныс. Жер ана мен адам жанын әруақ ретінде
қастерлеу де танымға жат емес. Бірақ, мұсылман философиясына бұл ұғымдар
тікелей түркілік таным бойынша қойылуы мүмкін емес. Мұны Сопы Аллаяр түсіне
әрі түсіндіре білді. Мұхаммед пайғамбардың рухани жолын түркі әлемінде
жалғастырғанда құран аяттарына түсіндірмені сабақтастықта беруді жөн көрді:
“Құран сөзі ақиқат сөз, оны тану, өмір танымына енгізу жаңалықтар мен
қатерден алады“ [1, 50 б.].
Сопылардың құран мен хадистерді қарап, философиялық тұрғыдан қайта
талқылауы жаңа рухани дүниені алып келді. Мұсылман философиясының мистика-
аскеттік бағыты жөнінде жарық көрген ғылыми немесе діни еңбектердің көптігі
соншалық, олар әлдеқашан исламтанудан бөлек дәстүрлер мен әдістерге толы
сопылық танымдықтар ілімін түзді [48, 109 б.].
Сопылар ғибадатты жоғары қойды. Одан алаңдатқан нәрсенің бәріне тыйым
салды. Рухани рухани жетілу жолы оларды дәстүрлі ислам қағидаларынан
біршама алшақтатып тастады. Мәселен, шексіз ғибадат алланы сопы жүрегіне
қойды. Сондықтан, сопы арнайы сыйыну орны мешітке мұқтаж емес. Мұндай
қарама-қайшылықтың арта түсуі араб жерінен кетуге мәжбүр етті. Сопылар
ендігі кезеңде халифаттан шет орналасқан аймақтарда сопылық танымдықтар
құрып, өз ойларын таратты.
Сопылық ілімнің араб халифатының батыс өңірінен Иранның шығыс бөлігі
мен Орталық Азияға таралуына саяси-әлеуметтік жағдайлар да әсер етті. Осы
кезеңде Иран әлеуметтік-экономикалық тұрғысынан және өзіндік дәтсүрімен
сопылық ілімінің көркеюіне қолайлы жерге айналды. Ираннан Орталық Азияға
енген сопылық ілім бұл өңірлерде түрлі танымдықтың құрылуына себеп болды
[49, 19 б.].
Дж. Тримингэм “Суфийские ордены в Исламе” еңбегінде ХІІ-ХІІІ ғасырларда
шығу тегі, діни дәстүрлері мен әдіс-тәсілдері жағынан бір-бірінен өзгеше
бірнеше сопылық танымдықтарды атайды. Олардың ішінен түркі дүниесінің ұлы
ойшылы Сопы Аллаяр құрған сопылық тариқаты да өзіндік орын алған [11, 37-63
бб.].
Сопылық қауымдастығы қарастырған рухани тұрғыдан адамның рухани жетілуі
жолы түркілік дүниетанымға бағытталды. Сонымен қатар, олардың мәдени-
философиялық көзқарасының өркендеуіне өз үлесін қосты. “Көшпенділер
арасында мұсылман философиясының ұғымдары ендірілгеннен кейінгі жағдайда
бақсы - балгерлердің шамандық әрекеттеріндегі үйлестіре бейімдеу әдістері
орын алды. Бақсылар жан мен рух арпалысында, иелеріне сыйынумен қатар
аллаға мінажат етіп, мұсылман киелілері мен шайхтардың аруақтарынан жәрдем
күтті” [41, 375-376 бб.]. Бақсылар зікір салуда қолданған шумақтар
төмендегі мәтінде:
Ау, Алла, Бісмілла!
Қолтықтай көр біздерді,
Алтын сандық хазрет,
Біздерге де медет ет,
Айналайын құдірет,
Сыйындым, сізден бір медет.
Сайрамда бар сансыз баб,
Ең үлкені Арыстан Баб,
Бәріңнен медет тілеймін... [50, 57 б.].
Мұсылман философиясы, шариғат заңдары халық арасында өте сіңімді жолмен
тарату алға қойылды. Шамандық өкілдері зікір салуда мұсылман киелілері
мен идеяларын пайдалануы да осының айғағы. Бақсы мақсаты халықтың рухани
сенімінен алшақтамай, түрлі қимылдар мен мистикалық сөздерді айту арқылы
олардың санасын биледі. Бақсы жырлары түркі халықының дүниетанымдық
көзқарасын анықтап беретін философиялық құндылықтарды сол қалпында
сақтаған.
Исламға пана Мұхаммед,
Су басында Сүлеймен...
Қырдан келді қырық Қожа,
Айналайын, Нұрқожа,
Перілердің бәрі де.
Үсті бір-бір мінген тай,
Осынша медет шақырғанша,
Келмеймін деп көп шаршаттың [50, 57 б.].
Ең алдымен алланың жәрдемін тілеген бақсы, Мұхаммед пайғамбардан
бастап түркі әлемінде әулиелігімен танымал тұлғалардың есімдерін атайды
және табиғи күштер мен әруақтар да шет қалмайды. Бұл сол кезеңдегі түркілер
ой кеңістігінен орын алған рухани сенім жүйесі.
Фуат Көпрүлү, шаманизм бөлшектерінің сопылық ілімге енуі нақ осы
сопылық қауымдастығының әсері екенін айтады: “Түркі халықтарына
мұсылмандықты танытқан сопылар, шамандар сияқты іс атқарды. Халық танымында
сенімнің белгілі формасын сақтап, оны имандылық бастаулармен ұштастырды”
[51, 1-8 бб.].
Рухани жан-дүниенің болмысы зікір арқылы нақты өмірге өтеді. Оны
орындаушылар жоғары хақиқатқа жақындай түседі [52, 87 б.]. Адамның бітім
болмысы алладан. Зікір салушы бір тылсым күштің әсерінен есінен танады
немесе бойын жан-тәннен алшақтауға талпынғандай сезім билейді. Зікіршінің
есінен тануы немесе түрлі рухтың қорғауының арқасында шаман бал ашып, емдей
алады және басқа рухтарды қуып, өлген адамның рухын тынышталатын орнына
дейін шығарып сала алады [53, 318 б.]. Демек, материалды денеден бөлінген
рух аспан әлеміне кетеді. Өз кезегінде сол ата-баба рухы шаманның іс-
әркетін жүзеге асыруға себеп болған. Рухтар әлеміне көтерілу ұғымы түркілер
сенімінде осылайша қойылды.
Сопы Аллаяр : “Жан тәнмен бірге оны бөлмес тірі жан алла себеп, іс
атқарсаң игі тілек қорғаның мен борышың ” [54, 18б.],-деген. Демек, адам
бойындағы жан мен тән арпалысы сипатталады. Ықылас адам өміріндегі
құндылықтарға бағытталуы қажет.
Ел егемендігін әрқашанда жоғары бағалаған жауынгер түркі халқы еркіндік
пен жан тазалығын сақтауды бағалай білген. Ата-бабадан мирас қалған
философиялық ақыл-ойдың негізіне айналған даналық сөздер кез-келгенімізге
тікелей қатысты. Сондықтан, өркениет жолындағы философиялық ойларды
дәстүрге сай танып білу ұрпақтан-ұрпаққа өз жалғасын тапқан. Даналардың
жанды кемелдендіру мақсатында өз ұрпақтарына мирас еткен насихаттары мен
нақыл сөздері халық арасында әлі күнге дейін сақталған. Мәселен, “Малым –
жанымның садақасы, ал жаным - арымның садақасы”.
Сопы Аллаяр халық дүниетанымы мен дәстүрлер негізін құраған
философиялық құндылықтарды сопылық ілімнің негізіне айналдырып, халыққа
қайта ұсынды десек қателеспейміз:
Тағдыр берді имандылық,
Тағдыр берді ар-ождан,
Адам алды қиын жол,
Басы менен аяғы жоқ [2, 105 б.].
Сопы Аллаяр көзқарасында адам қоғамға бағынышты. Қоғам рухани
тіршілігіндегі кез-келген рухани өзгеріс адам бойынан көрінеді. Бұл оның
ақыл ойының сол бағытта жетілуіне негіз болады. Ақыл-ойдағы озбырлық рухани
азғындауда. Сопылық философиясын танытуда жүргізілген насихат жұмыстары
сопылық дәруіштердің түпкілікті дүниетанымымен үйлесімде жүргізілгені
белгілі. Дүние жалған, материалды заттарға тәуелділік көздің құрты, оның
байлық ретінде рухани жетілуді көздеген адам үшін ешқандай қадір - қасиет
әпермейді. Сондықтан, арамнан мал жинамай, әділ болу және ар тазалығын
сақтау, адамды өз биігіне көтереді.
Аллаға махаббат. Ұшы қиыры жоқ кеңістіктегі жаратылыстардың әр-бірі
алла тарапынан жаратылды. Жаратылыс бойындағы өзгерістер аллаға деген
шексіз махаббатта. Оның бағыт-бағдарын тану алла болмысын аңғаруды
білдіреді. Нәпсіні тежеп, ынсапты болу, мықтылықтың үлкені өзіңді-өзің
ұстай білу деп келетін өсиет-қағидалареңбектің негізгі желісіне айналған.
Бірақ, арамнан мал жинап, адамгершілікті ұмытатын, азғындық жолына түсіп,
тәубеге түсуді білмейтін жандар да бар.
Тәубе иманға бұрылып жанды жеңілдету шарасы. Яғни, өзін-өзі кінәлаудан
арылу жолы. Түркілік дүниетанымда ар тазалығы жоғары тұрды. Қоғамдық
қатынастарды реттеу заңдары адамды жанынан да айырып отырды. Олардың
түсінігінде тәубе жаннан айырылуды білдіреді. Қатігез жандарды тәңірінің
жәрдемімен халықтың әділ санасы анықтап, тиесілі жазасын өз тағдырынан
тартады деген ұғымнан Сопы Аллаяр дәстүрі де алшақ кетпейді.
Тәңірі қуаты адамзат әлеміне шексіз рақымшылық ету екенін танытады.
Сопы Аллаяр сопылық іліміндегі тәңірі тұтас болмыс ретінде әлемдегі әрбір
жаратылыстың негізінен көрінеді. Адамзат тағдырына рақымдықпен қарап,
жаратылыс ретінде өзгертетін де тәңірі. Демек, тәңірінің шексіз рақымдығын
сезіну, оның тағдырға қатыстылығын сана арқылы танып білумен шектеледі.
Адамзат санасы өзіне құнды болған материалды құндылықтар мен рухани
дүниені тағдыр арқылы игереді. Тәңірінің өзін оның шексіз махаббаты арқылы
тани алады. Тақуалыққа ден қойған сопылардың тәңірі бейнесін жүректерінен
табуының себебі де осында. В. Карл пікірінше: “Жүрегі шынайы сенімге толы,
пәк мінезді жандар ғана тәңірі махаббатына лайықты” болғандай әсер
қалдыратына әңгіме болады [8, 137 б.]. Мұндай тұлғада рухани сана өз
кемелдігіне жеткен. Сондықтан, рухани сана арқылы адам танымынан орын алған
тәңірі болмысын ақыл-ой күшімен танып білген.
Танымды ішкі және сыртқы деп екіге бөліп қарастырған Әбу Насыр әл-
Фараби: ”Әлемдегі заттар мен құбылыстарды сезім арқылы танып білуге
негізделген таным – адам танымының сыртқы негізін түзеді. Ал танымның ішкі
бөлігін абсолютті таза, киелі рух көрініс алған ақыл-ойдың қызметімен
байланыстырамыз” [55, 6 б.],-деп танымның ішкі бөлігіне назар аудартады.
Танымның ішкі бөлігін жетілдіру үшін сопылар түрлі мистикалық тәсілдер
мен дәстүрлерді түзген. Бұл дәстүрлер түрлі сопылық тариқаттарда өзге де
әдістермен толысып, жаңа тәжірибелерді қолданысқа енгізді. Ал, қарапайым
халық арасында мұсылман философиясын жергілікті мәдени орта қалыптастырған
аңыз-әңгімелерге және халықтың кейбір дәстүрлі мейрамдарына (наурыз,
маулид) сондай-ақ түркілердің ежелгі түсініктеріне (жаңбыр шақыру дәстүрі...)
негізделген жаңа дәстүрлермен толысты [30, 4 б.]. Осылайша ислам мәдениеті
көне түркі жерінде өз жалғасын тапты.
Араб мәдениетімен жақын танысқан түркі ойшылдары ғылым мен білімінің
негізіне айналған туындыларды араб тілінде дүниеге алып келді. Олардың
қатарынан Әбу Насыр әл-Фарабидің “Кемеңгерлік меруерті”, ”Ізгі қала
тұрғындарының көзқарасы”, ”Мәселелердің түп мазмұны”, ”Ғылымдардың шығуы”
және Әбу Әли ибн Синаның “Медецина негіздері”, “Шипа кітабы” тәрізді
көптеген ойшылдарымыздың туындыларын көреміз. Бұл туындылар, әрине, түркі
дүниетанымында бүршік жарған философиялық ой-тұжырымдарды ислам дүниесімен
сабақтастырудың негізінде жарық көрді.
Г.Э. фон Грюнебаум: “Ислам мәдениетінің таралу өрісінің ауқымынан
кейбір жекеленген аймақтарда оның өзіндік даму процесіне ие болғанын
көреміз. Сондықтан, көптеген көріністің туындауына септігін тигізген
кішкене ғана бөлшектің өзіне назар аударғызуы, оның белгілі бір рухани
немесе саяси жағдайға негізделгенін танытады” [6, 120 б.], -деп, әрбір
рухани немесе саяси жағдайда туындаған ерекшеліктің түп-тамыры жергілікті
танымға тәуелді екеніне назар аудартады.
“Әмәуилер заманында Мауараннахр аймағындағы қолайсыздық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сопы Аллаяр шығармашылығындағы сопылық таным мәселесі
Яссауидiң сопылық танымы
Абай Құнанбайұлының дүниетанымы
Ғ.ЕСІМНІҢ ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНДА АЛАР ОРНЫ МЕН КӨЗҚАРАСТАРЫ
Қазақ ойшылдарының адам мен әлем мәселесі
Абай Құнанбайұлы дүниетанымындағы рухани құндылықтар және оның ұлттық танымға әсері
Сопы Аллаяр дүниетанымы және оның шығармашылығының қоғамдағы маңызы
Мәшһүр Жүсіп Көпеев философиясындағы Алла мен адам арақатынасы
Сопылық поэзия
Абай поэзиясының шығыстық негіздері
Пәндер