Сақтандыру нарығы өзін-өзі ұйымдастыру


Пән: Сақтандыру
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Сақтандыру нарығы өзін-өзі ұйымдастыру

Марк Твеннен бақытсыздықты болжайтын балгерлерден қорқасыз ба деп сұрағанда, жазушы «өзіне сенімді екенін, өзінің өмірі сақтандырылғанын, әрі сақтандыру компаниялары маған . . . өлуге жол бермейді» деп жауап береді.

Бұл - әрине, ұлы адамның әзілі. Бірақ та шындығында, қаржы нарығында заңды және жеке тулғалардың мүліктік мүдделерін қорғау бойынша азаматтық-құқықтық қатынастар жұйесіне, олардың өмірі мен денсаулығына, ақша қорланымдарына жәй ғана емес, аса стратегиялық рөл беріледі. Берілген проблемаға бір қалыпсыз тәсілмен келу келесі аксиоманы қалыптастырады: дарынды, денсаулығы мықты, әрі қорғалған адамсыз тұрақты және дамушы экономика кұрылмайды, күшті экономикасыз егеменді мемлекет болмайды. Қазақстан дербестік алғаннан кейін бұл маңызды сегментті ақша-қаржы кеңістігіңде реформалауы табиғи нәрсе.

Ұлттық сақтаңдыру жұйесінің қалыптасуы мен дамуын талдау арқылы, оның негізгі кезеңдерін анықтау керек. Нарық жағдайында қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына тәуекелдіктердің сан алуаңдығы және көптігі тән. Және де мүмкін болатын ысырап ықтималдығы артады, бірінші кезекте, жағымсыздықтарды ұлттық экономиканың түрлі сатылы деңгейлеріңде, тәуекелдіктерді реттей отырып басқару арқылы, мейлінше азайту қажеттілігі туады. Алайда, мемлекеттік сақтандыру әлеуметтік, қоғамдық тәуекелдіктерді реттей отырып басқарумен, сақтандыру қатынастарының тәртібін, түрлерін және шарттары заңдық негіз арқылы реттеумен шектеледі. Сондықтан тәуекелдікгерді басқару проблемасы - шаруашылық жүргізетін субъекгілердің бірінші кезектегі міндеттері. Мұндай жағдайда кәсіпқой сақтандырушылар арқылы сақтандырудың мәні арта түседі. Нарықтық реформалардың бастапқы кезеңдеріңде сақтаңдыру үдерісін анықтайтын ережелер болмады, бұл сақтандыру қызметіңде тәжірибесі жоқ көптеген компаниялардың пайда болуына әкелді. Көптеген компаниялар сақгандыру қызметтің көп түрінің бірі ғана деп есептеді. 1994 жылдан 1998 ж. дейін олардың саны 22-ден 71-ге дейін өсті. Одан кейін бес жыл ішінде құлдырау жүрді. 2004 жыддың басында барлығы 34 компания жұмыс істеді. Сөйтіп, әлеуетті сақтаңдырушылар тараптарынан мүдделілік танытқан кезде сақгандыру қызметтерінің нарығы Қазакстанда өзін-өзі реттеді. Әлі де ол әрі республикалық, әрі аймақтық деңгейлерде ұйымдастырудың осы заманғы түрлерін, аймақтық деңгейлерін іздестіруде. Бұл - қоғамдық бірлестіктер, әлеуметтік-қаржы топтары, аймақтық одақтар т. б. болуы мүмкін.

Ұлттық нарықтағы құрылымдық-атқарымдық сақтандыру қызметтері әлеуметтік-экономикалық қатынастардың даму деңгейіне және нарықтағы өзара қатынасушыларға бейімделген заңдық сақтандыру негізінің жағдайына тікелей байланысты. Сақтандыру нарығының ауқымдарына байланысты, оны қосалқы жүйе мен сегмештерге бөлуде қатысушылар қызметін ретгеуде түрлі тәсілдер қолданылады. Нарықта сақтаңдыру қызметтері дамыған елдерде, әдеттегідей, әрбір қатысушының әрекетіне айқын анықтама беріледі. Сактандыру жүйесі азырақ дамыған мемлекеттердің заңдарында сақтаңдыру қызметтері нарығын құру және негізгі қатысушылар әрекеті туралы түсіндірілулер беріледі. Бұл Қазақстанға да қатысты: «Сақтандыру қызметі туралы» заңда сақтандыру нарығы құрылымдық-атқарымдық өзара байланыстары айқын көрсетіліп толық анықтамасы келтірілмейді. Тек қана сақтандыру кызметіне катысты занды және жеке тұлғалардың құрылымдалмаған тізімі ұсынылады. 2003 жылғы 10-шілдедегі «Сактандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңының 10-бабына сәйкес сақтаңдыру нарығына қатынасушыларға мыналар жатады:

  • сақтандыру (қайта сақтандырушы) ұйымдары;
  • сактандыру қоры;
  • сақтандыру агенті;
  • сақтанушы, сақтандырудан пайда алушы; актуарий (сақтандыру жарнасын есептеуші маман) ;
  • уәкілетті аудиторлық ұйым (уәкілетті аудитор) ;
  • өзара сақтандыру қоғамы;
  • сақтандыруға байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы өзге жеке және заңды тұлғалар.

Бұл институттардың өзара іс-қимыл нысандары сақтандыру нарығы қосалқы жуйесінің ауқымын, мазмұнын және негізгі міндетгерін баламалы түрде көрсетуі тиіс; сақтандыру саласындағы мемлекеттік органдар мен ұйымдарды, сақтанушылар мен сақтандырушыларды, сақтандыру қызметтері инфрақұрылым нарығының объектілерін, бірақ өкінішке қарай, бұлар заңда жоқ. Біздің пікірімізше, сақтандыру ісінде мемлекеттің қатысуы мемлекетгік сақтандыруды дамыту мен сақтандыру бизнесін реттеу сияқты бағыттарда көрінуі тиіс.

«Қазақстан Республикасындағы сақтандыру жөніндегі» Қазақстан Республикасы заңын қабылдауға байланысты «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы» 1993 жылғы қайта кұру заңында қазір ешқаңдай да ерекше мемлекеттік сақтандырудың жоқ екендігі ескертілген. Ол барлық жағдайларда кәсіпқойлық қызмет түрі ретіңде қарастырылуы керек делінген. Айтылған заңды пайдалану тәжірибесі, бұл жақсы шешім болмағанын көрсетті және 1995 ж. 30-казаңдағы (және келесілерінде) «Сақтандыру туралы» заңында сақтандыру қызметіндегі мемлекет рөліне қатысты баптар қарастырылды. Мемлекеттік сақтандыруды қадағалау мекемесі құрылып, оның құқықтары мен міндеттері анықталды, лицензиялау тәртібі нақтылаңды. Яғни ішкі нарықты мемлекеттік бақылау мен біркелкі протекционистік (тамыр-таныстық) қорғау кезінде сақтандыру қатынасыңда өркениетті реттеудің жаңаруы басталды.

Мемлекеттің қатысуы оның орындайтын міндеттерінен айқыңдалады: қазыналық, экономикалык, кепілдік, бақылау-мониторингілік және т. б. Бірте-бірте бұл міндеттердің мәні өзгереді. Қоғамдық-экономикалық міндетті іске асыру үшін, мемлекет бюджег қорын қалыптастыруы тиіс. Оған, ең алдымен қаржы ресурстарын толықтыру үшін қазынашылық міндет тән. Мемлекет, өзара ережелерін заңда белгілеп, сақтандыру үдерісінің тәртібін реттей отырып, сақтандыру қатынастарына жанама түрде араласады. Ол мемлекеттік бюджетке, өзінің сақтандыру қорлары мен резервтеріне аударымдарды белгілейді. Ягни, сақтандыру саясатын жүргізу, сақтандыру жүйесін құру және сақтандыру кызметін біртұтас нормативті-әдістемелікпен қамтамасыз ету, сақтаңдыру заңдарының орыңдалуына бақылау, қазынашылықпен тығыз байланысты басқа да міндеттерді және белгілі бір әлеуметтік-әкономикалық мақсаттарға қол жеткізудегі реттеулер мемлекет құзырына жатады. Мемлекеттік сақтандыруға мемлекеттік бюджет пен оның шығыс бөлігін қалыптастыратын қазір зандық және атқарушы билік органдарының қарамағыңдағы халықтың еңбекпен камтылмагаңдарын әлеуметтік қамтамасыз етілуін қамтитын әлеуметтік сақтаңдыру енуі тиіс. Халықтың бұл тобына түсетін жәрдемақылар мен жеңілдіктер, олардың қоғамға енгізген еңбек үлесіне емес, адамдардың бұл санатының тек мұқтаждық және еңбекке жарамсыздық дәрежесімен анықталады. Сақтандыру төлемдерін қоғамның барлық жұмысқа жарамды мүшелері мен жұмыс берушілердің сақтандыру жарналарынан жиналған қаражаттан төлеу қажет. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бүкіл халық үшін міндетті болуы тиіс. Оның әлеуметтік қорғанысын арттыру мақсатында міндетті сақтандыру тізбесіне әлеуметтік және медициналық сақтандыруды енгізу ұсынылады. Жарналар элеуметтік салыққа енетін түсім бөлігінің есебінен жүзеге асырылады. Мемлекеттің міндетті ісі - кепілділік. Сақтандандыру төлемдеріне кепілдік беру Қорын құру міндетті сақтаңдырудың жаппай және әлеуметті мәнді түрлері бойынша сақтанушылардың мүдделерінің жоғарырақ қорғалуын қамтамасыз етеді. Бұл қордың құрылтайшылары ҚР Үкіметі мен ¥лттық банкі болып есептеледі. Қатысушылары - сақтандырудың міндетті түрлерін жүзеге асыратын барлық сақтандыру ұйымдары. Сақтанушыларға (сақтандырылған) мәжбүр болған кепілдікті телемдер Қор арқылы тек, сақтандыру ұйымы таратылуға мәжбүр болған жағдайда жүзеге асырылады.

Жеке сақтандырудын мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудан айырмашылығы - жеке адамның сақтандыру қорын өз жарналары есебінен оның материалдық жағдайын жақсартуға бағытталған әрі ол ерікгі сипатта болады. Сақтанушы тәуекелдікті таңдауға да, сақтандыру компаниясын тандауға да ерікгі.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтаңдырудың міңдеттілігі - әлеуметтік сақтандыру жүйесіне енгізілген адамдарды сақтандыру арқылы қорғауын күшейту; кепілдік; сақтаңдыру жарналарын жинау және қорларды қалыптастыру есебінен әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді қаржылаңдыру үшін ресурстарды шоғырлаңдыруға бағдарланған экономикалық; инвестициялық - уақытша еркін ақша қаражаттарын мемлекетгік қағаздар, кәсіпорындар акцияларына, банкінің бағалы қағаздарына және басқа қаржы құралдарына жұмсаудан пайда алу есебінен сақтандыру қорларын арттыруға бағыттау; реттеу - сақтандыру тәуекелдіктерін бөлу міңдеттерін орыңдау қажеттілігінен туыңдаған.

Мемлекеттік сақтаңдыру саласына жеке сақтаңдыру фирмалары шұғылданбайтын сақтандыру түрлері енгізілуі тиіс. Бұл әдетте, үлкен сақтаңдыру төлемдерін керек ететін, су тасқыны, жер сілкіну және ауыр табиғи-климаттық жағдайларға байланысты ірі мемлекеттік міндеттерді шешу үшін әскери тәуекелдіктерді, сыртқы қарыздар мен кредиттерді сақтандыру. Сенімсіз тәуекелдіктерге қызмет көрсету үшін, біздің пікірімізше, міңдетгі сақтандырудың берілген түрлері бойынша қаржыларын шоғырландыру орынды.

Мемлекеттін сақтандыру бизнесімен байланысының көп жақты жүйесі олардың өзара тәуелділігінен туған объективті шарттарының нәтижесі болады. Біріншіден, сақтаңдыру компанияларының қызметі мемлекеттік қаржы органдарымен реттеледі, екіншіден, сақтаңдыру компаниялары сақтандыру саласындағы қарым-қатынастарды тәртіпке келтіруге мүдделі. Сақтандыру қызметін басқару мен реттеуде мемлекеттік оргаңдардың күш салу бағыттарын бөліп керсетуге болады. Бұл:

  • сақгаңдыру жағдайы туған кезде сақтанушылар мүдделерін қорғауға бағытталған сақтандыру қатынастарын ұйымдастыру нысанын таңдап алудың әлеуметтік мәңді тәуекелдіктері мен шектерін анықтау;
  • сақтанушыларға сақтаңдыруды қорғауды ұсынатын сақтаңдыру компанияларының қаржылық тұрақтылығын ынталандыру арқылы ұдайы өндіру үдерісінің үздіксіздігі мен тұтастығын қамтамасыз ететін сақгандыру қызметін ұйымдастыру;
  • міндетті әлеуметтік сақтандыруда сақтаңдыру қатынастарын ұйымдастыру нысаңдарын анықтау және сақтанушылардың тікелей қатысуын орнату;

ұлттық сақтандыру нарығы және сактаңдыру жүйесінің қызметі инфрақұрылымының қалыптасуы және қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты жүргізу аркылы сақтандыру заңдарын сақтау үшін мемлекеттік қадағалауды дамыту; сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құруға рұқсат беру; сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру кұкығына лицензия беру; сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және тарататын ұйымдардың қызметіне бақылауды жүзеге асыру үшін пруденциялық нормативтерден басқа, сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерді белгілеу;

  • сақтандыру қызметі саудасын реттейтін халықаралық шамаларға сәйкес болатын сақтандыру ісінің стандарттарын жасау;
  • сақтандыру операцияларын жүргізу кезіндегі сақтандыру ұйымдары мен басқа да мұдделі тұлғалардың қызметіне монополияға қарсы бақылау жұргізу.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Акционерлік сақтандыру компаниялары
Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының құрылымы
САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ
Бағалы қағаз нарығы инфрақұрылымы
Сақтандыру нарығының түрлері
Қазақстан Республикасының экономикасының нақты секторын белсендірудегі бағалы қағаздар нарығы
Қаржы нарығының теориялық негіздері
Қаржы нарығының теориялық негiздерi және оның ұғымы
Қаржы нарығының құрылымы
Сақтандыру нарығының дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz