Психофизиология


Психофизиология
Осы күнгі физиология ғылымының өзекті мәселелерінің бірі - адамның психикалық (психо-жан) іс-әрекетінің негіздерін анықтау. Қазіргі кезде үлкен мидың оң және сол жарты шарларының әрекеттік айырмашылығы, сезім жүйелерінің, таным, түйсік, тіл, сана үрдістерінің, үйқы, сезініс, мотивация іспетті психикалық әсерленістердің физиологиялық тетіктері кеңінен зерттеліп, айтарлықтай нәтиже алынды.
Адамның психикалық әсерленісінің физиологиялық негіздері мен зандылықтары И. М. Сеченов пен И. П. Павловтың ұғыну ілімі арқылы айқындалады. Психикалық өсерленістер физиологиялық құбылыстармен тығыз байланысты дербестігі бар үрдістер. Психикалық және физиологиялық құбылыстардың өзара қатынастары (психофизиология сауалы) бейнелеу теориясының маңызды саласы. Ол материя мен санаға байланысты философияның негізгі мәселесі.
Психикалық әрекеттің қалыптасу заңдылықтарын психология ғылымы зерттейді. Ол психиканы мидың ақиқат болмысты бейнелеуі ретінде қарайды.
Психикалық әрекет жалпы психикалық кұбылыстардан, күйлерден және кісілік қасиеттерден тұрады. Бұлардың біртұтастығы организмнің тіршіліктік іс-әрекетін қамтамасыз етеді. Психикалық әрекеттерге ықылас, түйсік, зерде, эмоция (сезініс), ойлау, сөйлеу, сана жатады.
Эволюциялық даму кезінде адам мен жануарлардың психикасы биологиялық мұқтаждығынан, қоршаған ортаның жағдайларына икемделуі арқасында қалыптасты. Ол мінездің қарапайым түрінен күрделі көріністеріне алмасып дамыды. Адам бейімделудің және өзгергіштіктің өте ерекше танымдық дәрежесіне жетті. Өйткені оның миы өзгеше жетіліп, бүкіл адамзаттың тарихи-қоғамдық тәжірибесін иеленді.
Адамның психикалық күйлері: абыржу, қажу, шаршау, жабығу, шабыт, белсенділік түрінде болады.
Адамның психикалық қасиеттері: қабілеті, типтік ерекшеліктері, мінезі, темпераменті, әлеуметтік бағдары, талаптары, оның санасы арқылы ұйымдастырылады.
Психикалық әрекеттің негізі - қоршаған ортамен организмнің ақиқат арақатынасын сипаттайтын жеке физиологиялық көріністер. Олар біртұтас бірлестірілген өзіндік бейне құрайды (А. А. Ухтомский) .
П. К. Анохиннің әрекеттік жүйе туралы ілімі физиология мен психология арасындағы тұжырымды байланысты ашты. Бұл жүйе бойынша, "жағдайлық әсерлер" сатысы адамға кездескен ахуалдың әралуан ықпалдарының жиынтығын көрсетеді. Олардың көбісі бағдарлау әсерленісін тудыруы мүмкін. Ол "қозғаушы түрткі" ретінде белгіленеді. Бұлар сезу және түйсік арқылы бұрынғы тәжірибесі (зерде мен меселі) негізінде адамның өзіндік бейнеленісін жасайды. Содан болашақ мінездік әрекеттің бірнеше нұсқасының саналы түрде жоспары мен бағдарламасы өрнектеледі. Мақсат-тілектің орындалуы ырықтың қатысуымен түзіледі.
Орталық жүйке жүйесінде болашақ әрекет нәтижесін салыстырғыш (акцептор), кері байланыс арқылы жеткен оның көрсеткіштерін, белгіленген нышандармен сәйкестігін анықтайды. Мақсаттың орындалған нәтижесіне қарай, жағымды немесе жағымсыз эмоция қалыптасады. Осыған орай әрекет тиылады немесе жаңа шешімдер қабылданады.
Психикалық әрекетті бірнеше әдістер арқылы зерттейді. Олар физиологиялық, психологиялық, социологиялық, кибернетикалық, моделдеу, электрофизиологиялық әдістер. Сонымен бірге пікірлесу, ауызша жауап, бақылау, тәжірибе, әртүрлі техникалық (радио-, видео-, кино-, ЭЕМ) аспаптар, психологиялық сынамалар жиі қолданылады. Адамның психикалық әрекеттері мен кейбір күйлері алдыңғы тарауларда талданды. Сондықтан ықылас, ой, тіл, сана іспетті психикалық үрдістердің әрекеттік негізін анықтаған дұрыс.
Ықылас
Ықылас - зейін, көңілдің белгілі нәрселерге қажетті мәлімет алу үшін бағытталып, оған қадалуы. Басқаша айтқанда, оргаиизмнің тітіркенуге жауап беру даярлығын көрсететін оның сергектік белсенді күйі.
Ықылас ерікті және еріксіз болып екі түрге бөлінеді.
Еріксіз ықылас - туа біткен жүйке тетіктері арқылы жүзеге асырылатын құбылыс.
Ерікті ықылас адам психикасын мақсатгы жұмылдыратын және жанама түрде болатын әлеуметгік дамудың жемісі. Ықылас қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болуы ықтимал. Ол сыртқы әлем затгары мен құбылыстарына, не адамның ішкі күйіне, ойына, сезіміне бағыттылады. Ықыластың толықтығынан, тұрақтылығынан, көлемінен адамның іс-әрекеті, сезуі, түйсігі, зердесі, ақыл-ойы, тіпті санасы тәуелді келеді.
Ықыластың әртүрлі көріністері бағдарлау рефлексіне, мидың жергілікті қозу және тежелу үрдістеріне, сезім мүшелерінің әсерленісі мен организмнің табиғи мұқтаждықтарына байланысты. Сондықтан ықыластың физиологиялық қасиетін ұғыну үшін И. П. Павловтың шартты рефлекс, ми қыртысының ішкі тежелуі, талдау-синтез әрекеті ту ралы ілімін арқау етеді.
Сонымен қатар, А. А. Ухтомскийдің доминанта туралы еңбектері бойынша, ықылас кезіндегі үстемді қозу ошағы теріс индукция (кезеліс) үрдістері арқылы оның шоғырлануына жағдай жасайды. Көптеген деректер бойынша, ықылас пен сергектіктің шығу тегі ұқсас. Оларға да торлы құрылым, шашыраңқы таламус жүйесі, оның қыртыстық жобаланысы және гипоталамус жауапты. Торлы қүрылымның белсендіруші ықпалы әуелі ілмек (лемниск) жолдарымен келетін арнамалы серпіністерді ми қыртысына тікелей экстраталамустық жолдар (ішкі капсула немесе субталамус) арқылы жеткізеді.
Торлы құрылымның белсендіруші әрекеті әртүрлі сезім мүшелері қозғанда немесе ми қыртысының (ұласқан) аймақтарының құлдыраушы ықпалдарынан пайда болады.
Таламустың бейарнамалы жүйесі ми қыртысына берілетін мәліметті іріктеп, ықыласты бір тітіркенуден басқасына ауыстырады.
Торлы қүрылым ұзақ және жалпылама сергектікті, ал таламустың арнамалы жүйесі зейін пен сергектіктің қысқамерзімді өзгерістерін қамтамасыз етеді.
Ми қыртысы және оның ұласқан аймақтары ықылас қасиетінің негізгі орталық бөлімі болып саналады. Мұнда ақпаратты іріктеп алу арқылы түйсік, ықылас және сананың талғамыс түрлері жүзеге асырылады.
Ми қыртысы мен торлы құрылым тетіктері ерікті ықыласты, оның шоғырлануын жіті қадағалайды. Еріксіз ықылас тетіктері қыртысасты құрылымдарда қалыптасады.
Соңғы жылдары ерікті ықыластың ерекше "парасатгы ықылас" деп аталатын түрі айтылып жүр. Ықыластың бүл түрі ми қыртысының маңдай бөлігінің арнамалы нейровдары мен олардың өзара байланыстары арқылы іске қосьшады. Сөйтіп ықыластың әркелкі құбылыстарына жауапты құрылымдардың иерархиялық (көп сатылы) құрылысы байқалады (торлы құрылым-таламус - гипоталамус-лимбия жүйесі-ми қыртысы) .
Ықыластың сапасы бірнеше физиологиялық көріністер арқылы сипатталады. Оның белсенділігі, бағыттанушылығы, терендігі, орнықтылығы, қарқындылығы, аударақосушылығы болады.
Ықыластың белсенділігі ерікті және еріксіз болып жіктеледі. Ерікті ықылас адамның санасы, өз ырқы арқылы туады. Ол адамның таным тіршілігі, ақыл-ойы және іс-әрекеті үшін жетекші орын алады. Еріксіз ықылас кездейсоқ төтенше тітіркендірістерге шартсыз бағдарлау рефлексі ретінде пайда болады.
Орнықтылығы деп ықыластың белгілі нысанға шоғырлануын айтады. Ол тұрақты және тұрақсыз ықылас болып бөлінеді . Дені сау адамның өзінде де ықыластың орнықтылығы құбылмалы келеді.
Ықыластың тереңдігі оның көлемі және таратылуы арқылы анықталады. Оның көлемін ықылас қамтитын нәрселердің саны сипаттайды. Мұнда ықыластың шашырауы немесе шоғырлануы өте маңызды. Сонымен қатар ықылас адамның ішкі әлеміне немесе сыртқы төңірекке бағытталады. Ықылас аударақосу кезінде басқа нәрселерге оңай не қиын ауысады. Ал ықыластың қарқындылығы , жоғары немесе темен түрінде болады.
Адамдардың тынымды ықыласымен қатар ықылассыздығы байқалады. Ықылассыздықтың бірінші түрі зейін шашыраудан, қажудан кейін білінеді. Бұл көбінесе мектеп жасына дейінгі балаларда, торыққыш адамдарда кездеседі. Ықылассыздықтың екінші түрі, керісінше, жоғары қарқынды, қиын ауыстырылатын және ішке бағытталған болады. Мұны өз ойына терең берілетін "оқымыстының ықылассыздығы" деп те атайды. Ықылассыздықтың үшінші түрінде әлсіз қар-қын, шала ауыстырылатын, селқос жағдай туады.
Ықыластың сапасын арнайы тестілер мен санамалар арқылы тексереді.
Эмоция
Адам мен жануарлар психикасының ерекше көріністерінің бірі-эмоция (лат. emavere - күйзелу, қобалжу) . Эмоция мінезді бағыттау және жүзеге асыру амалдарын жасайтын мотивацияның құрамында маңызды орын алады. Ол сыртқы әсерлерден, ретсіз ұйымдастырыл-маған түрде пайда болады.
Эмоцияның бірнеше түрі бар. Биологиялық эмоция - әртүрлі тіршілік (ашығу, шөлдеу т. б. ) мұқтаждықтарын қанағатгандыру немесе өтей алмау әрекеттерімен байланысты болады. Жоғары эмоция - әралуан рухани (әлеуметтік, танымдық, әсемдік) әрекеттерінен туады. Кідірген эмоция - жеке адамның кейбір себептерімен, эмоциялық көріністерін тежеуі нәтижесінде байқалады. Жағымсыз эмоция - қандай болса да бір қажеттілік қанағаттандырылмаған жағдайда ұнамсыз күйзеліс түрінде кездеседі. Жағымды эмоция . - мұқтаждық қанағаттандырылған кезде болатын сүйкімді әсерленушілік.
Эмоция құбылыстары аффект (долданыс), нағыз эмоция және сезім түрінде кездеседі. Аффект - айқын қимылдар ағза көріністерімен қоса жүретін күшті және біршама қысқа мерзімді эмоциялық күйзеліс күйі. Ол жүріп жатқан тіршілік немесе әлеуметтік жағдайда кездеседі.
Нағыз эмоция ұзақ уақыт және әлсіз түрде білінеді. Ол бастан кешкен немесе болашақты елестету арқылы туады. Эмоцияның үшінші түрі - заттық сезімдер. Олар кейбір белгілі немесе дәйексіз нәрселерді (мәселен, махаббат, отанды сүю, өшпенділік т. б. ) елестету немесе ойлау арқылы пайда болады.
Эмоцияның екі түрлі ауытқуы байқалады. Гипотимия - абыржу, үрей, торығу, жабырқау күйі. Мұндай жағдайда мотивация әлсірейді, адам жүдеп, ішкі ағзалардың қызметі бұзылады.
Гипертимия - көңіл шалқып, қимыл күшейеді, желік пайда болады. Адамдарда эмоция ауытқулары өте күрделі. Мұндай күйлер эмоциялық зорлануда жиі кездеседі. Ол мұқтаждық пен оны өтеу мүмкіндігі сәйкес келмеген жағдайда туады. Эмоциялық стресс - осындай қақтығысуларды жоюға арналған организмнің барлық қорғаныш күшін жүмылдыратын маңызды икемделу әсерленісі. Ол жойылмаған күнде эмоциялық қозу ұзақ уақыт іркіліп, адамның мотивация сезініс саласы бұзылып, әртүрлі аурулар пайда болады.
Эмоциялық стресс - жүрек ишемиясы, гипертензия, асқазан жарасы, эндокрин жүйесінің ауруларына әкеліп соғады. Мұнда орталық жүйке жүйесіндегі нейромедиаторлар мен пептидтердің мөлшері көп өзгереді.
Адамдарда мұндай ауытқулар көбінесе әлеуметтік қақтығысуларда өте жиі кездеседі.
Эмоциялық стресті зерттеу невроздарды емдеу істеріне көмектеседі. Сондықтан ұзақ және тиімді психофармакологиялық емдеу психиканы зақымдаушы әсерлердің эмоциялық зерде, ізжазбасын өшіріп, толық немесе жартылай психикалық іс-әрекетті қалпына келтіреді. Сонымен бірге нәтижелі емгерліктің алғы шартгы - мидың өзінің өтеміс тетіктерін белсендіріп, дерттену сәттерін жою немесе шектеу.
Ойлау
Ойлау - адамның жаңа жағдайларға бейімделуі кезінде мақсаттарды жаңаша шешуге арналған ми қыртысының өте күрделі іс-әрекеті. Ол әлемді танудың және бейнелеудің ең жоғары сатысы. Ойлау-болмысты, оның бүкіл байланыстарын, қатынастарын және заңдылықтарын жанама түрде, жалпылама бейнелеу. Ойлау арқылы заттардың және құбылыстардың түйсінбейтін мазмүны, маңызы және мағынасы танылады.
Танымның алғашқы кезеңі - нақтылы сезімдік бейнелеу. Ол сезу, түйсік, елестету арқылы атқарылады. Қоршаған әлем мен организмнің өз хал-жағдайын нақтылы сезімдік бейнелеуді бірінші сигналдық жүйе атқарады.
Материялық (мәдилік) дүниені тану сезуден басталады. Ол әртүрлі талдағышқа әсер ететін қоршаған орта құбылыстары мен заттардың жеке қасиеттерін бейнелейді. Ал түйсік біртұтас нақтылы бейне (образ) түрінде тек сезуден қүралады. Сезу мен түйсік талдағыш жүйелерге тікелей әсерден туады. Жалпы нақтьшы елестету (түсінік) арқылы пайда болады. Сөйтіп қоршаған әлем туралы білім жинақталады.
Ойлаудың түрлері мен зандылықарын логика, ал психофизиологиялық тетіктерін - физиология мен психология тексереді.
Ойлау жалпы түсінік пен ұғымнан және пайымдау мен ой тұжырымынан тұрады. Ұғым, ең жоғары ойлаудың дәрежесі - түсінікті ой. Ол біздің сезім мүшелеріміз қабылдамайтын ең маңызды жақтарын бейнелейді. Бұлар танымның анағұрлым күрделі кезеңі - қоршаған әлемді жалпылама дерексіз бейнелеу. Ойлаудың дерексіздік (абстракциялық), сезімдік нақтылы, көрнекі әсерлі т. б. түрлері болады.
Психология ғылымы негізінен ойлаудың нақтылы, бейнелі және дерексіз-қисынды (абстракциялық логикалық) түрін ажыратады.
Нақтылы немесе көрнекі - әсерлі ойлау бірінші сигналдық жүйеге тіреледі, әрі екінші сигналдық жүйені де арқау етеді. Бұл қисынды ойлаудың алғашқы сатысы, ол кейін бейнелі ойға алмасуы мүмкін.
Бейнелі ойлау - ойша байымдау немесе елестету және жоспарлау арқылы жүзеге асады. Бұл сөйлеумен тығыз байланысты.
Дерексіз-қисынды ойлау - ұғым, пікір нышандық белгілерді және басқа дерексіз санаттарды пайдаланады. Мұндай ойлау ең терең және нәтижелі келеді. Алайда ол үшін жеткілікті білім мен дағдылар қажет.
Ұғым дегеніміз заттар мен құбылыстардың жалпы және маңызды ерекшеліктерін бейнелеу болып табылады. Пайымдау олардың әртүрлі жақтары мен қасиеттері арасындағы байланыстар мен қатынастарды бейнелейді. Ой тұжырымы пікірлерді заңдылықпен байланыстыратын ойлаудың жоғары сатысы. Ойлаудың үш түрі де тектік (гендік) және диалектикалық тұрғыдан алғанда санның сапаға ауысуы.
Ойлау тәсілдері - индукция және дедукция ойды тұжырымдау жекеден жалпыға немесе керісінше бағытын бейнелейді. Индукция - жалпыдан жеке пікір, ал дедукция - жеке пікірден жалпы қорытынды шығарады.
Ойлаудың нейрофизиологиялық негіздерін алғашқы ашқан И. М. Сеченов. Оның айтуынша, ойлау - нәрселерді бір-бірімен салыстыратын мидың рефлекстік құбылыстарының анализдік-синтездік әрекетінің нәтижесі. Ойлау үрдісінің нейрофизиологиялық негізін іс-әрекеті түзетіндігі И. П. Павловтың нақтылы тәжірибелерімен дәлелденді.
И. М. Сеченов пен И. П. Павловтың еңбектерінде, ассоциация (ұластық) ұғымы организмнің белсенді бейімделу іс-әрекетінің, күрделі нәрселер ортасындағы мінезінің нәтижесі деп саналады. Адам мінезінің физиологиялық тетіктеріне талдау жасағанда, ол екі сигналдық жүйенің, ми қыртысы мен қыртысасты құрылымдардың бірлескен іс-әрекеті екендігі көрінеді. Адам өз еркімен, өзінің шартты рефлекстік әсерленісін тоқтата алады. Ырықсыз сезім мен эмоцияның көптеген көріністері қорғаныш, тағамдық, жыныс рефлекстерін тияды. Ми бағаны мен торлы құрылымның серпіністері ми қыртысының қалыпты тонусын (сергуін) қамтамасыз етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz