Қылмыстық іс жүргізу заңдары және қайнар көздері


ЖОСПАР
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Қылмыстық іс жүргізу заңдары және қайнар көздері
- Уақытқа, кеңістікке, тұлғаның айналасына қатысты қылмыстық іс жүргізу заңының әрекеті
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КіріспеҚазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында көрсетілгендей мемлекеттің ең басты байлығы адам болып табылады. Сол себепті Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының міндетіне адам және азаматтардың құқықтары мен бұзылған мүдделерін қорғау мен қалпына келтіру болып табылады.
Қоғам мен азаматтардың мүдделерін қылмыстық қиянаттардан қорғау және құқықтық тәртіпті нығайту үшін мемлекет жүзеге асыратын шараларды орындауда басты роль атқаратын құқық қорғау органдары (прокуратура, алдын ала тергеу және анықтама жүргізетін органдар) мен сот болып табылады. Бұл мемлекеттік құқық қорғау органдары мен соттың атқаратын қызметтері бірдей емес болғанмен, олардың қызметтерін сипаттайтын негізгі мәселелерге, жалпы алғанда, мыналар жатады: қылмыстарды ашу, қылмыс істеген адамдарды толық әшкерелеу, кінәлі адамдарға заңмен көзделген ықпал ету шараларын қолдану, айыбы жоқ адамдарды ақтау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу шараларын жүргізу. Аталған органдардың қызметтері бір-бірімен байланысты болса да, олардың өкілеттіктері бірдей емес. Мысалы, алдын ала тергеу органы істелген қылмысты ашып, оны істеген адамдарды әшкерелейтін дәлелдемелер жинағанының өзінде айыпталушының кінәлілігі жөнінде мәселені шешуге және оған жаза тағайындауға құқылы емес. Яғни, заңмен орнатылған тәртіп бойынша, алдын ала тергеу аяқталған соң қылмыстық іс заңдылықтың сақталуын қадағалайтын прокурорға жіберіледі. Ал прокурор өз құзыреті шегінде жедел іздестіру қызметінің, сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізудің, анықтаудың, тергеудің және сот шешімдерінің заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ қылмыстық процестің барлық сатыларында қылмыстық ізге түсуді өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын лауазымды тұлға. (Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі 62-бап) . Сонымен қатар тергеу органының жасаған тұжырымдарымен келіскен жағдайда бұл қылмыстық істі тиісті сотқа жіберуге міндетті. Содан кейін сот алдын ала тергеу жүргізу барысында жиналған дәлелдемелердің және айыптаушы мен қорғаушы жақтарының келтірілген дәлелдемелерінің негізінде сотталушының кінәлі немесе кінәсіздігі және оған жаза қолдану немесе қолданбау жөнінде шешім шығарады. Сөйтіп, бұл қызмет тек қана заңда көрсетілген тәртіп бойынша жүзеге асырылады және қылмыс жөнінде заңды қолданумен байланысты болғандықтан қылмыстық процесс, яғни қылмыстық іс жүргізу деп аталады.Конституцияда қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі өндірістік сатыда адамды тұтқынға алу және қамауда ұстау прокуратураның құзырында деп белгіленген.
- Қылмыстық іс жүргізу заңдары және қайнар көздері
Қылмыстық іс жүргізу қызметі анықтау органдары, тергеуші, прокурор, сот, сондай-ақ жеке (азаматтық) және занды тұлғалар арасындағы өзара құқықтық қатынас нысанында жүзеге асырылады.
Қылмыстық іс жүргізу - бұл анықтау оргавдарының қызметі, прокурордың алдын ала тергеу, карау, шешім шығару, сот төрелігінің міндетін тарату әрекеті болып саналады. Сот органдарының іс жүргізу кезендері үнемі қылмыстық іс қозғау әрекеттері мен кылмыстық істің жолын кесу, тыю, ұстау, тінту, қамау, мәжбүрлеу сияқты түрлі шараларды іс жүргізуде қолдану әрекеттерімен тығыз байланысты.
Әрбір аталған шара, яғни осы қызмет әрекеттері аамның бостандығы мен конституциялық құқығына нұқсан кілтіреді және әрқашан қылмыстық іс жүргізу нормз-яарының мүлтіксіз және қатаң сақталуын талап етеді. Себебі, бұл нормаар сот төрелігі органдарының занды әрекеттерінін кепілі болып табылады.
Қылмыстық процестің басқа процестермен (азаматтық, арбитраждық (төрелік), т. б. ) айрықша белгісі мынадаий жағдайларда көрініс табады:
- тек жасалған кылмысқа байланысты;
- қылмыстық істерді тергеу және ашу үшін;
- мемлекеттік орган және лауазымды тұ. яға атағына арнайы құқық алған жағдайда;
- қылмыстық іс жүргізу зандық нормаларынын қатаң тәртібінің сақталуы мен оны мүлтіксіз орындалу жағдайыңда;
Осы түрғыдан алғанда қылмыстық процесс бұл қылмыстық іс жүргізу зандарында қарастырылған, яғни кылмыс жасаудағы тұлғаның кінәсі бар не жоқ екендігін белгілейтін сот іөрелігі субъектілерінің атқаратын қызметтерінің жйынтығы (жауап алу, тергеу, жолын кесу, тыю шаралары, қылмысты ашу, сот тергеуі, үкім шығару, т. б. )
Қылмыстық процестің міндеттері. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 8-бабында былай айтылады: «қьілмыстық пріздестің міндеттері қылмыстарды тез және толық ашу, оларды адамдарды әшкерелеу және кылмыстық жауапқа тарту, талқылауы және қылмыстық занды дұрыс қолдану бағіып та-былады.
Қылмыстық істер бойынша іс жүргізудій заңда белгіленген тәртібі адамды және азаматты негізсіз айытау соттаудан, олардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шеқтеуден қорғауды, кінәсіз адам заңсыз айыпталған немесе сотталғіан жағдайда - оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз етуі; Сондай-ақ Заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға, қылмыстың аддын алуға, құқықты құрметтеу көзқарасын калыптастыруға жәрдемдесуі тиіс». Жалпы алғанда, қылмыстық процесс кінәлі адамды әділ жазалау және кінәсіз адамды толық айыптау міндеттерін шешуге негізделген.
Бұл міндеттер бір-бірімен өзара тығыз байланысты және бірінен екіншісі туындап отырады, нөтижесіңде олар занды сот шешімін қамтамасыз етуге және жазалау шарасын әділ таға-йындауға бағытталады. Бірқатар ғалымдардың пікірінше қылмыстық, процесс міндеттері жалпы және тікелей сипатқа ие болады.
Жалпы міндеттерге мыналар жатады: Қазақстан Республикасы аумақтық бүтіндігі мен конституциялық құрылымының қоршаған орта қауіпсіздігін сақтау, қоғамдық тәртіптің, меншіктің, Қазақстан Республикасы азаматының, адамның зан-ды мүддесі мен бостандығын, құқығын қорғау, адамзаттың қауіпсіздігі мен бейбіт өмір сүруін қамтамасыз ету, заңмен қорғалатын объектілерді қылмыстық қол сүғушылықтан қорғау, сондай-ақ қылмыстың алдын алу.
Тікелей міндеттер - қылмыстық істі қозғау, қылмысты тез және толық ашу, кінәліні әшкерелеу, кылмыстық занды дұрыс қолдану және әділ сот жазасын тағайындау.
2. Уақытқа, кеңістікке, тұлғаның айналасына қатысты қылмыстық іс жүргізу заңының әрекеті
Қылмыстық іс жүргізу процесінің қайнар көзі (бастамасы) Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 1-бабында айқындалған. Онда Қазақстан Республикасы аума-ғына қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібі Қазақстан Республи-касының Конституциясымен, конституциялық зандарымен, Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықа-ралық қүкьіқтың жалпы жүрт таныған принциптері мен норма-ларына негізделген Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексімен айкындалады деп көрсетілген.
Қылмыстық іс жүргізу құқығының негізгі қайнар көзі зан-ды күші бар Қылмыстық іс жүргізу кодексі болып табылады.
Қылмыстық іс жүргізу заңнамаларына мынадай нормативтік актілердің жиынтығы енеді:
- Қазақстан Республикасы Конституциясы (онда қылмыстық құқық негіздері, яғни адам мен азаматтың бостандығы мен құкығы, жеке тұлғалық қол сұкпаушылық, кінәсіздік презумпциясы, т. б. белгіленген) .
- Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексі;
Конституциялық занды күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы:
- Қазақстан Республикасындағы сот пен сот мәртебесі туралы;
- Қазақстан Республикасының прокуратурасы;
- Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы;
- Жедел іздестіру қызметі туралы;
- Адвокат қызметі туралы, т. б.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот пленумының Қаулысы қылмыстық іс жүргізу құкығының негіздеріне жатпайды, бұл Қаулы оның нормаларына сот талқылауын береді.
Қылмыстық іс жүргізу құқығының негіздеріне сондай-ақ заңға тәуедді нормативтік құқықтық актілер де, ведомстволық нормативтік актілер де (ҚР Бас прокурорының бұйрықтары, Әділет министрлігінің нормативтік актілері, Ішкі істер министрінің бұйрықтары, т. б. ) жатпайды. Олар қылмыстық іс жүргізу нормаларының таратылуы мен орындалуы тұрғысынан қолданылады.
Қылмыстық іс жүргізу кодексі - бұл қылмыстық іс жүргізу құқығының жүйеленген негізі, ол 1997 жылдың 13 желтоқсанында қабылданып, 1998 жыддың 1 каңтарында күшіне енді. Негізінен Кодекс Адам мен азамат құқығы Декларациясының идеясын танытады және қылмыстық процеске қатысатын тұлға-лардың занды мүддесі мен құқығын қорғауға бағытталады. Ол жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады.
Жалпы бөлім 5 бөлімнен (1-5), 21 тараудан және 176 баптан тұрады. Ерекше бөлімде 8 бөлім (6-13), 40 тарау, 400 бап (177- 577) енеді.
Ескерте кету керек, 2007 жылдың 1 қаңтарында Қылмыстық іс жүргізу кодексіне «Алқабилердің қатысуымен істер бойын-ша іс жүргізу» деп аталатын, 57-62 тараулардан, 542-577-бап-тардан түратын жаңа 13-бөлім енгізілді.
Бірінші бөлім жалпы (негізгі) ережелерді сипаттайды, екінші бөлім қылмыстық іске қатысушы субъектілер мен олардың құқықтары мен міндеттерін, процесс субъектісі үғымын айқындайды, үшінші бөлім дәлелдемелер мен дәлелдеу үғымдарын, төртінші бөлім іс жүргізулік мәжбүрлеу шаралары мен тәртібін анықтайды, бесінші бөлімде қылмыстық процестегі мүліктік мәселелерді шешу ережелері белгіленген.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің Ерекше бөлімі алтыншы бөлімнен басталады, онда қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу ережелері реттелініп берілген, жетінші бөлімде бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу әрекеттері көрсетілген, сегізінші бөлім соттың занды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларын қайта қарау мәселелерін шешеді, тоғызыншы бөлімде сот шешімдерін орындау мәселелері қарастырылады. Оныншы бөлім соттың занды күшіне енген шешімдерін кайта қарау жонінде іс жүргізу тәртібі туралы түсінік береді, он бірінші бөлімде қылмыстық істердің жекелеген санаттары бойынша іс жүргізудің ерекшеліктері (кәмелетке толмағандардың, артық-шылықтары мен қылмыстық ізге түсуден иммунитеттері бар адамдардың, яғни Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттары, соттар, дипломаттар, т. б. ) берілген. Он екінші бөлім ессіз күйдегі адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істер бойынша сот ісін жүргізу тәртібін және шет мемлекеттердің қылмыстық істер бойынша құзыретті мекемелермен, лауазымды адамдармен өзара іс-қимы-лының тәртібін анықтауға арналған. Соңыңца жаңадан енген он үшінші бөлім алқабилердің қатысуымен іс жүргізу тәртібін керсетеді. Уакытқа қатысты қылмыстық іс жүргізу заңы қылмыстық сот ісін жүргізу, іс жүргізу әрекетін орындау, іс жүргізу шешімін қабылдау кезіне дейін күшіне енген қылмыстық іс жүргізу за-ңына сәйкес жүзеге асырылады. (ҚР ҚІЖК 5-бабы) .
Ережеге сай, заңның іс жүргізу әрекетіне ену сәті заңның өзіңде белгіленеді (ҚР ҚІЖК 1998 жылдың 1 қаңтарында іс жүргізу әрекетіне және занды күшіне енген болатын) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz