Туркия мемлекеті



Туркия мемлекеті Батыс Азиямен Шығыс Европадағы ел. Аумағының 97%-ы Кіші Азияда орналасып қалған 3%-ы болса, яғни туристік орталық болған Истамбул қаласы европада орын тепкен.
Туркияның жалпы жер көлемін алатын болсақ, ол Қазақстанның жер көлеміне қайда кішкентай. Бірақ халқының саны 80 млн-ға жуық.
Туркияның ауданын Мрамор, Эгей, Жерорта, Қара теңіздері жуып жатыр. Туркия мемлекетінің шекараласатын мемлекеттері: Сирия, Греция, Ирак.
Туркияның ұлттық ақшасы – Лира. Басқару формасы – демократиялық капиталистік республика. Мемлекет басшысы – президент. Туркияның басты қаласы, яғни астанасы – Анкара қаласы. Ал үлкен өнеркәсіп қалалары: Истамбул, Измир, Адана, Газиантен сияқты үлкен қалалары бар.
Туркияның географиялық картасына қараған кезде біз онда көптеген тау және тау тәріздес қырларды байқаймыз. Оның көптеген аудандарында табиғи ландшафт жабайы тәріздес, мәдени өсімдіктердің көптеген түрлері бар. Бұл жағынан тек Кавказ флорасынан ғана қалып қоятындығы бүкіл әлемге белгілі.
Туркия республикасы көптеген, таулар, теңіздер, көлдер, қарлы қыраттар, қысы – жазы жасыл тұратын ландшафттарға өте бай. Сондықтан да сұлу табиғатымен миллиондаған туристерді өзіне тартады. Рельеф жағынан Туркия мемлекеті – таулы болып табылады. Ауданының жалпы теңіз деңгейінен орташа биіктігі 1000 метр.
Барлық аумағы Кішіазиялық тегістіктермен қапталып жатқан болып, онда Пантиялық және Тавр тауларының бөктерінде орналасқан.
Пантиялық таулар қара теңізбен параллель түрде созылып жатыр. Қара теңізбен шамамен 100 километрге созылып жатыр. Қара теңізбен оның шекарасы Шығыста Кеңес Одағымен шектессе батыста сакарья өзенімен шектеседі.
Пантия таулары ұзын шынжыр тәріздес емес оның арасында көптеген жарлар, тегістіктер кездеседі. Солтүстігінде тау бірден қара теңізге ағып кетеді. Тек қызыл Ирмак, Йешил, Ирман және сакарьяның жанында тегістік 50-60 км кеңдікте созылған. Пантия тауларының орташа биіктігі 2500 м. Таудың шығыс бөлігінде шыңдар өте биікте орналасқан. Солардың бірі Качкар шыңы, оның биіктігі 3931 метр екен.
Өте биік таулар және жарлар таулардан өтуді қиындата түседі. Шығысқа қарай шыңдар 900 метрге дейін төмендей түседі. Туркияның Оңтүстік батыс бөлігінде яғни Жерорта теңізінің жағасында, қиын таулы рельеф орналасып, олар Тавр жүйесі деп аталады және Батыс, Шығыс және Орталық Тавр деп бөлінеді.
1. СаиповА.А. «теория и практика туризма». А, 1999.
2. Кабушкин «Менеджмент тур-ма».
3. Журнал «туризм и отдых».
4. Статья из журнала «Турция и его столица Анкара». М, 99.
5. Қазақ совет энциклопедиясы «Туркия». А, 77.
6. Юго – Западная Азия. М, 79.
7. Екі материкте орналасқан ел.
8. Управления туристкой деятельности в странах Европы.
9. Курорты и пляжи Европы уч. М, 96.
10. Проблемы развития туризма. М, 88.
11. «Обзорная экскурсия по Анталии». Мини журнал.
12. Джип Сафари по Анталии.
13. Лечебные воды Памуккале.
14. Экскурсия по истоическим местам и музеям Стамбула.
15. «Весь мир» журнал.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Туркия мемлекеті Батыс Азиямен Шығыс Европадағы ел. Аумағының 97%-ы Кіші
Азияда орналасып қалған 3%-ы болса, яғни туристік орталық болған Истамбул
қаласы европада орын тепкен.
Туркияның жалпы жер көлемін алатын болсақ, ол Қазақстанның жер көлеміне
қайда кішкентай. Бірақ халқының саны 80 млн-ға жуық.
Туркияның ауданын Мрамор, Эгей, Жерорта, Қара теңіздері жуып жатыр.
Туркия мемлекетінің шекараласатын мемлекеттері: Сирия, Греция, Ирак.
Туркияның ұлттық ақшасы – Лира. Басқару формасы – демократиялық
капиталистік республика. Мемлекет басшысы – президент. Туркияның басты
қаласы, яғни астанасы – Анкара қаласы. Ал үлкен өнеркәсіп қалалары:
Истамбул, Измир, Адана, Газиантен сияқты үлкен қалалары бар.
Туркияның географиялық картасына қараған кезде біз онда көптеген тау
және тау тәріздес қырларды байқаймыз. Оның көптеген аудандарында табиғи
ландшафт жабайы тәріздес, мәдени өсімдіктердің көптеген түрлері бар. Бұл
жағынан тек Кавказ флорасынан ғана қалып қоятындығы бүкіл әлемге белгілі.
Туркия республикасы көптеген, таулар, теңіздер, көлдер, қарлы қыраттар,
қысы – жазы жасыл тұратын ландшафттарға өте бай. Сондықтан да сұлу
табиғатымен миллиондаған туристерді өзіне тартады. Рельеф жағынан Туркия
мемлекеті – таулы болып табылады. Ауданының жалпы теңіз деңгейінен орташа
биіктігі 1000 метр.
Барлық аумағы Кішіазиялық тегістіктермен қапталып жатқан болып, онда
Пантиялық және Тавр тауларының бөктерінде орналасқан.
Пантиялық таулар қара теңізбен параллель түрде созылып жатыр. Қара
теңізбен шамамен 100 километрге созылып жатыр. Қара теңізбен оның шекарасы
Шығыста Кеңес Одағымен шектессе батыста сакарья өзенімен шектеседі.
Пантия таулары ұзын шынжыр тәріздес емес оның арасында көптеген жарлар,
тегістіктер кездеседі. Солтүстігінде тау бірден қара теңізге ағып кетеді.
Тек қызыл Ирмак, Йешил, Ирман және сакарьяның жанында тегістік 50-60 км
кеңдікте созылған. Пантия тауларының орташа биіктігі 2500 м. Таудың шығыс
бөлігінде шыңдар өте биікте орналасқан. Солардың бірі Качкар шыңы, оның
биіктігі 3931 метр екен.
Өте биік таулар және жарлар таулардан өтуді қиындата түседі. Шығысқа
қарай шыңдар 900 метрге дейін төмендей түседі. Туркияның Оңтүстік батыс
бөлігінде яғни Жерорта теңізінің жағасында, қиын таулы рельеф орналасып,
олар Тавр жүйесі деп аталады және Батыс, Шығыс және Орталық Тавр деп
бөлінеді.
Туркияның территориясы субтропикалық климаттық белбеудің шекарасында
орналасқан. Ондағы таулардың әртүрлі рельефтердің болуына байланысты ондағы
ауа райының әр түрлі болуына себепкер болады.
Қара теңіз жағалауында ол жердің өте жылылығы әрі ылғалды болып келеді.
Ол жерде ауа қысымдарының бірдей таралмауы және жазы ыстық, қысы суық
болады.
Жағалаудағы қаңтарда орташа температура +50С, +70С болса, шілдеде бұл
көрсеткіш +240С, +270С шамасында болады. Пантия таулары суық ауа
массаларының Қаратеңіз арқылы елге таралмауына көмектеседі. Ал Қара
теңіздің шығыс жағы Кавказ тауы суық жерлердің енуінен қорғап тұруда.
Қаратеңіз жағалауына жауатын жауын-шашынның мөлшері басқа жерлерге
қарағанда көп түседі. Жағалаудың шығыс жағында жауын мөлшері аздау 700-800
мм Пантиялық таулардың жағалары құрғақ болса, солтүстік жағы жерлердің
жерін жап-жасыл болады.
Эгей теңізінің жағалауының кең алқабы Жерорта теңізінің климатына ұқсас
яғни жазы өте ыстық, қысы жаңбырлы әрі жылы. Ең ыстық кезінде орташа
температура +280С ал қыста +100С. Ал таулы аймақтарда ауа-райы сәл болсын
суықтау қыста тоңу жағдайлары кездеседі. Эгей теңізінің жағалауларында
жауын мөлшері 500-800 мм Таврдың батыс жақтарында 1500 мм болса кей
жерлерде ол 500 мм дейін жетеді.
Солтүстік батыс Анатолия, Мрамор теңізінің ыстық ауа массалары ықпал
етеді. Стамбул қаласының тұрғындарының сүйіп демалатын жері бұл Мрамор да
теңізі жағалауы болып саналады. Қаратеңіздің жағалауларында әлі суық болып
тұрған кезде Мрамор теңізінің жағалауында шомылуға болатындығын шет елден
келген туристерге де белгілі екен міс. Анатолының климаты континентальдық,
әрі құрғақ болып келеді. Қыс бұл жерде суық және салыстырмалы түрде ұзақ.
Жаз құрғақ және өте ыстық қыста температура -200С дейін түссе жаздың шілде
айында +300С шығады екен. Күндізгі және т.нгі температураның айырмашылығы
өте үлкен. Күндіз +350С болса, түнде +50С дейін түсіп кетеді екен.
Туркия мемлекетінің территориясы, Анатолы теңізінен басқа өзендер мен
көптеген сарқырамалары бар. Сол себептен ол жерлерде кеме қатынасы өте
сирек кездесетіндігі бәрімізге мәлім. Бірақ бұл теңіздермен, өзендермен
энергиялық ток алу ісі алға дамыған. Кей жерлерде бұларды тек сулндыру
жұмыстарына пайдаланылады екен.
Туркия топырағының 80%-ға жуығы таулы топырақ болғандықтан ол егістікке
жарамайды және көбінесе жайлау ретінде қолданылады. Таудағы топырақты
жыртатын болса топырақ эрозиясы пайда болуы мүмкін екені барлығымызға аян.
Туркияның флорасына 6700 түрлі өсімдіктермен бай жануарлар әлемі
кіреді. Оның негізін қиын гүлділер, бабаб және айқас гүлділер кіреді.
Туркияның өсімдік әлемі әртүрлі. Ол климаттық жағдайларға байланысты
өзгеріп отырады. Қаратеңіздің көптеген жауыны және ыстық климаты
субтропикалық өсімдіктердің түрінің көп болуына себепші болды. Жерорта
теңізінің астыңғы астыңғы белдеуінде күннен сап-сары болып жазғы жайлаулар
көрінсе оның арасында жасыл жерлер көрінеді, олар әрине ормандармен баулар.
Жерорта теңізінің ыстық климаты сол жерде үлкен алаңдардың өңделгенін
байқаймыз. Ол жердің кейбір аудандарында мақта да егіледі. Оны екінші Мысыр
(Еипет) деп атайды. Бұл жерде тағы цитрустық өсімдіктермен банан да
жетіледі,тағы бұл жерде қызылшамен финик өсіру жақсы дамыған.
Туркия фаунасы шөлді-далалық, таулы жануарлармен де ерекшелінеді. Таулы
ормандарында бұғы, қабан, арыстан, шақал, қасқыр, түлкі, аю, борсық сияқты
жануарлар да көптеп кездеседі. Тағы бұл жерлерде кеміргіштермен сирек
кездесетін жануарлардың түрлері көп. Африкада кездесетін жануарлардың
кейбір түрлері бар.
Туркияның негізгі халқы бұл – түріктер. Шамамен 35 млн. адам және
халқының 87%-ын түріктер құрайды. Олар 58 аудан орталықтарымен ауылдарда
өмір сүреді. Былай айтқанда халқының 60-65% пайызы ауотды жерлерде өмір
сүреді.
Туркияда кім түрік тілінде сөйлесе және толық меңгерген болса ол түрік
болып есептелінеді. Түріктерден кейін курдтер тұрады, шамамен 4 млн. Одан
кейін арабтар 600 мыңдай, Сириямен Ирактың шекараласатын аудандарынд 100
мыңдай түрікмен халқы да өмір сүреді. Курд, Араб және түрікмендердің көп
бөлігі көшпелі өмір сүреді.
І Дүниежүзілік соғысқа дейін Туркияда 2 млн-дай халқы солтүстік батыста
болған 20-жылдардағы депрессиядан кейін олар шамамен 80 мыңдай қалған. Олар
әсіресе үлкен қалаларда өмір сүреді. Стамбул, Анкара, Измир қалаларында
тұрып, дәстүрге айналған саудамен шұғылданады. Белгілі бір бөлігі Ислам
дінін қабылдаған. Туркияның Батыс жақтарда 100 мыңдай гректер, 35 мыңдай
болгарлар, 25 мыңдай Босниялықтар, 15 мыңдай Албандар тұрады.
Түріктердің нәсілдерінің әртүрлілігінің олардың кіші Азия елдерімен
шағылысады. Түрік тілі – бұл түрік тілі тобына жатады. Оның өзіне тән
диалекті және сөздері бар, қазіргі уақытта әсіресе үлкен қалаларда әдеби
тілдерге жақындасып кетеді. 1923 жылы Астананың Анкараға ауысқаннан кейін
Анкара диалектикасына ауысып жатқандығын байқаймыз. Көпжылды мәдени
байланыстардың арқасында түрік сөздігіне көптеген араб, парсы, грек,
италья, француз, ал соңғы кезде ағылшын сөздері де ене астады. 1928 жылға
дейін түріктер араб әліппесін қолданған болса одан кейін латын тіліне өтті.
Түрікше сөздер қалай жазылса солай оқылады. Туркияның мемлекеттік тілі
болып саналады.
Дініне келетін болсақ тұрғынының 99%-і мұсылмандар. Түріктер және
көптеген курдтер суни мұсылмандар. Туркиялық арабтар арасында көбісі
алавиттер, немесе нусайриттер, ишиттер, яғни бұрын исламдан алдыңғы
кезеңдегі болған дін, яғни жұлдыздар мен кейбір христиан дінінің кейбір
обрядтары бар.
Өзін тахтаджам деп санайтын түріктердің оңтүстік-батыс райондарда
алавидтердің өкілдері де бар екен.
Туркияның 200 мыңдай тұрғыны – христиан дінін ұстанатындар. Олардың 100
мыңдайы болгарлармен, гректер және олар праваславияны тұр.
әлі 1924 жылы дінді мемлекеттен бөлек ұстануды ұсынатын болса 1925 жылы
ұлттық таным, официалдық атануы осман емес түрік деп өзгертілді.
Түрік халқы құрылымына қарай – буржуазиялық ұлт 20 жылдарда формасына
түсе бастаған, осман империясы құлап Түрік Республикасы болған кезде.
Бұл кезде экономикалық, мәдени, саяси процесстердің дамуы арқасында
буржуазия мен жұмыс партиясы құрылған.
Республика атағына жеткен кезде алғаш рет (1927ж) бүкілхалықтық сынақ
өткізілді.
Өнеркәсіп өнім құнының 82%-тен астамы өңдеу, 10%-і тау – кен
өнеркәсіптерінің, 7-8%-і энергетиканың үлесіне тиеді. Өнеркәсіп орындары
негізінен елдің батыс және орталық бөліктерінде (Стамбул, Анкара, Измир,
Адана, бурса, Эксишехир өңірлерінде) шоғырланды. Энергетикасы көмірге және
мұнайға негізделген. Ірі электр станциялары: Амбарлы, Сейнтемер ЖЭС-тері
және серпяр, Хирфанлы, Демиркөпір СЭС-тері. 1974 жылы Евфрат өңірінде Кебан
плотинасының 1-2 агрегаты іске қосылды. 1975 жылдан Гекчек СЭС-і салынуда
(сакарья өңірінде) хромит. (Гулеман, Эскишехир т.б. 645 мың т 1975), борат
(Бандырма, 971 мың т), (Турхала төңірегінде), темір рудасы (Қырыққала,
Дивриги, Бешбармак т.б.), вольфрам (Улуда, Тердес), мыс (маргула, Эргани
аудандарында), марганец, сынап, боксит, күкірт өндіріледі. Өңдеу
өнеркәсібінің басты салалары – тамақ, тоқыма, құрылыс материалдары, химия
өндірістері балық кәсіпшілігі өнімдерін өңдетіп көптеген шағын және орташа
кәсіорындарды, 18 қант зауыты, 10 ет комбинаты, 15 сүт зауыты жеміс және
балық консерва зауыттарының ел экономикасында маңызы күшті. Ірі темекі
фабрикалары Стамбул, Измир, Самсун, Адана, Малатья қалаларында шоғырланған.

Цемент (Стамбул, Анкара, Сивас қалаларында), шыны және шыны бұйымдары
зауыты (чайирва, Измир, Стамбул), қағаз фабрикалары (Измит, Даламат,
Перусен, Чайд, Жум), тақтай зауыты (Стамбул, Аянджике, Зонгулдак, Синопе,
Орду, Ризе), мебель фабрикалары (Анкара, Измир, Адана), минерар
тыңайтқыштар зауыты тағы басқа өнеркәсіп орындары бар. Шетел капиталы
көмегімен 2 автомобиль шиндері зауыты (Измир, Аданазар) іске қосылған.
Қара металлургия (Карабюк, Эрегли, Искендерон) түсті металлургия
(Анталья, Самсун, Эргани, Мургул – тазартылмаған мыс, Кебан – қорғасын,
Сейдишехир) дамуда. Транспорт (локомотив, вагон, кеме, автомобиль) а.ш.
(трактор, комбайн) тоқыма станоктарын, бу қағаздарын т.б. жасау
өнеркәсіптері қалыптасқан. Шетел капиталы көмегімен тоңазытқыштар,
тұрмыстық электр приборларын шығару шұғыл дамуда.
Темір жолының ұзындығы 8 мың км (1975). Автомобиль жолының торабының
ұзындығы 226 мың км негізгі порттары – Стамбул, Марсин, Измит, Измир,
Искендерон, Самсун теңіздері арқылы маңызды халықаралық әуе жолдары өтеді.
Аэропорттары – Ешилькей (Стамбул), (Эсенбога), (Анкара), чигли (Измир),
Адана.
1975 жылғы экспортты 1401,1 млн. Доллар импортты 4738,7 млн.доллар
болды. Шетке а.ш. өнімдерін (мақта, темекі, кептірілген жемістер, жаңғақ),
өнеркәсіп шикізаттарын (қара және түсті металдар) шығарады. Өзі машина және
жабдықтар, тарнспорт құралдарын, тұтыну товарларын т.б. әкеледі. Негізгі
сыртқы сауда серіктестері (1974%), ГФР (экспортында 22, импортында 19), АҚШ
(19 және 9), Италия (6 және 7), Швейцария (6 және 6), Ұлыбритания (5 және
7), Франция (4 және 7), Меван (экспортты) 60 жылдардың орта кезінен бастап
СССР-мен және соц, сыртқы елдер саудасы байланысы кеңейе бастады.
1974 жылы СССР және Туркия арасындағы товар айналымы 1964 жылғымен
салыстырғанда 10 есе өскені белгілі болды. 1974 жылы экспортының 5%-і,
импортының 3%-і СССР-дің үлесіне тиді. 1967 жылдың экономикалық
технологиялық байланыс жөніндегі келісім бойынша Ресей Туркияға
металлургия, мұнай айыру заводтарын салуға көмектесті. Туризм дамыған 1973
жылы Туркияда 1341,5 мың шетел туристері болды (172 млн. доллар кіріс
түсті).
Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 1974 жылғы мәліметі
бойынша, әрбір 1000 адамға шаққанда баланың тууы 41,2, адам өлімі 14,5.
толық емес мәлімет өлгені 90-нан 150-ге дейін. Адам өлімінің негізгі
себебі: жүрек – қан тамыр аурулары, қатерлі ісік т.б. Инфекциялы және
паразиттік аурулар да таралған. Туркияда 1971 жылы 450 мың адам
туберкулезбен ауырған. 1972 жылы 75,5 мың төсектік 768 аурухана мекемелері
(мың тұрғынға 2,1 есе төсек) болды. Оның ішінде 49,0 мың төсектік 586
мекеме үкімет қарамағында. Ауруханадан тыс медициналық көмек 371
поликлиникада, 437 жеке меншік поликлиникаларында, 292 медициналық
орталықта, 872 денсаулқ сақтау орталықтарында көрсетіледі (1972). Сондай-ақ
балаларға медициналық көмек көрсететін 759 пункт және 301 диспансер болды.
1973 жылы 22,8 мың дәрігер (1,6 мың тұрғынға 1 дәрігер) мұның 8,8 мыңы
үкімет қарамағында, 4,3 мың стамотологтар, 4,8 мың фармацевтер және 21,6
мың орта білімді медициналық қызметкерлерді 60-тан астам әр түрлі оқу
орындары даярлайды. Денсаулық сақтау ісіне 1967-68 жылдары мемлекеттік
қаржысының 7,9%-і жұмсалды.
Оқу ағарту ісі. Қазіргі оқу жүйесі Тіркия республика болып
жарияланғаннан кейін қалыптаса бастады. 1924 ылы ақысыз міндетті бастауыш
енгізілді.
1972 жылы халқының 44,5%-і сауатсыз болды. 1973 жылы міндетті 8 жылдық
білім енгізілді. Жыл сайын білім беру ісіне мемлекеттік бюджетінің 5-6%-і
жұмсалады. Мектепке дейінгі мекемелер нашар дамыған, негізінен жеке адамдар
қарамағындағы балалар бақшаларында 3-6 жастағы балалар тәрбиеленеді (1972
жылы 118 балалар бақшаларында 2,4 мың бала тәрбиеленеді). Бастауыш мектепке
7 жастан қабылданады, оқу мерзімі 5 жыл, 2 басқышты. 1975 жылы бастауыш
мектептерде 5,4 млн. оқушы оқыды. Орта мектептер 2 басқышты 197576 оқу
жылында 1 – басқышында 915,4 мың, екіншісінде 332 мың оқушы оқыды. Кәсіптік
білім беру жүйесіне арнаулы орта білім беретін кәсіптік лицейлер мен
интернаттар, курстар кіреді. 1975 жылы лицейлер мен интернаттарда 370 мың,
курстарда 76,9 мың оқушы оқыды. Мұғалімдерді педагогикалық интернаттар
(1974ж. 127,1 мың оқушы), Тәрбие институттары (1974 жылы 13,7 мың оқушы
оқыды. Мұғалімдерді педагогикалық университтер мен академия мен
академиялар, жоғары мектептер кіреді. Оқу мерзімі 4-6 жыл. Оның ішінде
Стамбул университеті (1453 жылы құрылған) – ең байырғы және ірі
университет.
1975 жылы жоғары оқу орындарында 217 мыңға жуық студент оқыды. Туркияда
бірнеше ірі кітапханалар мен музейлер бар.
Осман империясы Византия мен Батыс Европаның артиллерия мен әскерлік
құрылыс ісі (Анадолу – хисар және Рум хисар бекіністері) саласындағы ғылыми
және техникалық жетістіктерін мұра етті. Математик әрі астроном Қази зада
румидің (Бурсада), логик әрі дәрігер Худпсы – паша Айдынның (Коньяда)
географ Әли Абдурахманның (Эдирледе) және Али Құсшының (Ұлықбектің шәкірті)
еңбектері 15 ғ-дың 1-жартысына жатады. Самарқандтағы обсерватория
қиратылғаннан кейін Құсшы Кіші Азияға қашып барып кейін Туркиядағы Стамбул
қаласында алғашқы математикалық ғылыми мектеп ұйымдастырып, астрономиялық
және геодезиялық өлшеулердің негізін қалады.
15 ғ-дың 2-жартысы мен 17 ғ-да Жаратылыс тану ғылымынан, әсіресе
медицинамен географиядан түрік тілінде аударма (грек, араб, парсы
тілдерінен), сондай-ақ оригинал әдебиеттер шығарыла бастады.
Математика, астрономия, ғылымды талдау және философиялық пәндері
бойынша бірқатар еңбектерінің авторы 15 ғ-дың 2 жартысы мен 16 ғ-да
навигация мен географияға бетбұрыс жасалды. 16 ғ-дың басында жаулап алынған
Сирия мен Египеттен географиялық сипаттамалар мен логика баяндалған
көптеген арабша қолжазбалар әкелінді. Түрік адмиралы Пири Ренс бізге
жетпеген португалиялықтар мен венэсуелалықтардың толық жазбалар әкелінді.
1513 ылы дүние жүзінің картасын, ал 1523 жылы Бахрште атты теңіз атласын
жасады. Бұл атлас желкенді флот дәуірінің өз бойында анықтамалық ретінде
қолданылды. Сиди Әли Реис Мұхит (Үнді Мұхитының навигациялық
сипаттамасы), Мират әл-Мәлік (Оңтүстік Азия мен таяу Шығыс бойынша
саяхат) атты еңбектер қалдырды. 17 ғ-да Хапсы Халифаның (Кятиба Челеби)
Европа және Араб космографиясының мәліметтерін алғаш рет салыстырған
(Джихаин ума - Дүние айнасы кітабында) энциклопедиялық мәліметі және
Эвлеш Челебидің 10 томдық саяхат кітабы (Туркия, Оңтүстік Россия, Балқан,
Орталық Европа сипаттамасы) барша жұртқа мәлім болды.
18 ғ-да Европалық ғылыми әдебиеттің тигізген әсері артуының нәтижесінде
1727 жылы алғашқы Туркия баспаханасының негізін қалады. Географиялық
мәліметтер көптеген Сефаретнаме (Европа және басқа елдердегі елшілердің
түсініктемелерінде) кездеседі. Математика (Геленбеви Исмаил Эфенди),
картография, Туркия флорасы мен фаунасын зерттеу зоналарын ғылыми жұмыстар
жазыла бастады. 18 ғ-да Туркияда гүл шаруашылығы (қызғалдақ, раушан гүл
дақылдары) дүние жүзіне әйгілі болды. 1737 жылы Туркияда тұңғыш дәл
ғылымнан (Ускюдардағы инженерлік артиллерия мектебі) білім беретін оқу орны
ашылды. 1828 жылы Солтүстік Анатолия көмір кені (Зонгулдак бассейні)
ашылды. 19 ғ-дың ортасында мыс және темір рудалары, магнезит және басқа
пайдалы қазыналар игеріле басталды. Туркиядағы танзимат реформасынан кейін
көптеген жаратылыс тану ғылымдары саласындағы оқу орындары ашылды.
19 ғ-дың аяғында ветеринария, орман ісі, а.ш. бойынша қолданылмалы
зерттеулер жүргізілді.
1908 жылғы Жас түріктер революциясынан кейін 1909-13 ж. Таврде хромит
пен боксит, Бандырманың жанынан бор (пандермит), Орталық Анатолияда сынап –
сурьма кендері барланды. Туркия территориясындағы ғылыми – зерттеулер
шетелдерінің – Германия мен Францияның, ал 20 ғ-дың басынан АҚШ-тың
қатысуымен жүргізіледі. 1912 жылы американ Роберт – колледжі жанынан
(1863ж) Стамбулда инженерлік ф-т ашылды. Бұл - өнеркәсіптік технологиялық
зерттеулердің орталығы болды. Тәуелсіздік соғысының кезінде және Ататүрік
реформасынан кейін Туркиядағы ғылыми іс – жанданды. Жаңа ғылыми қоғамдар
ұйымдастырылды. Математика, медицина, радиол. Салаларынан ұлттық ғылыми
кадрлар қалыптасты. 1933 жылы Стамбулдағы университетте физика-математика,
медицина т.б. факультеттер және географиялық ғылыми-зерттеулер институты
ашылды. Анкарада Ататүрік атындағы педагогикалық институты (1926) және
пайдалы қазыналарды тауып зерттеу институты (1935) жылы іске қосылды.
Философия. Феодализм дәуіріндегі философ. ойшылы ағымдар пайда болды.
20 ғ-дың 20-жылдарынан бастап Туркияда марксизм идеялары тарай бастады. Оны
насихаттаушы М.субхи мен Ш.Хонсю болды. Зия Гекальп еңбектері Туркияда
социологияның дамуына ықпал етті.
Реформистік және буржуазиялық-ұлтшылдық концепцияға негізделген түрік
социализмінің бірнеше варианттары пайда болды (Дж.С.Барлас, Х.Өзген).
Сонымен бірге б.Боран мен С.Ареннің еңбектері ғылыми социализм ықпалының
екендігін көрсетті. Стамбул және Анкара университетінің факультеттерінде
социологиялық зертеулер жүргізілуде.
1941 жылдан социология журналы шығарылды. Ерте кездегі түрік тіліндегі
шығармаларға Осман тарихының шежіресі жатады. (15 ғ-дың). Туркиядағы тарих
ғылымының тууы танзимат дәуірінен басталады. 19 ғ-дың 2-жартысындағы түрік
тарихшылары еңбектерінде европалық тарихшылары еңбектерінде европалық тарих
ғылыми идеялары мен әдістерін игеру талабы байқалады. 1931 жылы Туркия
арихын зерттеу қолға алынды. 2 дүниежүзілік соғысан кейін жаңа тарих,
әсіресе түрік халқының ұлт – азаттық соғсы проблемалары зерттелінді.
Ататүріктің басшылығымен Туркия ұлттық кономикалық концепциясы жасалды.
Бұған дейін экономистер Батыс Буржуазия экономикасының ғылыми халық
шаруашылығының өркендеуімен тығыз байланыста қалыптасты. 60-70 жылдары өз
зерттеулерінде марксистік – лениндік экономикалық теорияға сүйенген
экономист ғалымдар саны өсті.
Экономика ғылымының орталығы университеттердің (Анкара, Стамбул, Измир)
экономикалық зерттеу жүргізетін гуманитарлық факультеттері, олар ғылыми
зерттеу институттарымен ұдайы байланыс жасап отырады.
Түрік тілін ғылыми тұрғыда зерттеу және оны жүйеге келтіру 19 ғасырдың
ортасында Танзимат дәуірінде басталды. Көптеген грамматика, оқулықтар,
трактаттар баспадан шықты. Шамсеттин Сами Түрік тілі сөздігін жасады.
Түрік тілінің тарихы, қазіргі жағдайы жөнінде К.Эрен, Х.Кун, А.Дильачар,
А.С.Левент іргелі зерттеулер жүргізген. Түрік диалектологиясы саласындағы
маңызды зерттеулер бар.
Негізгі тіл білім орталығы: Анкара, Стамбул институттары және Түрік
тілі қоғамы.
Ғылыми мекемелердің бірыңғай жүйесі және ғылымды үйлестіретін арнаулы
орталығы жоқ. Оның қызметін, ғылыми зерттеудің негізгі бағыттарын
айқындайтын мемлекеттік жоспарлау мекемелері және Туркия ғылыми техникалық
зерттеу қоғамы (1963 жылы құрылған) атқарады.
Көптеген мін-ліктер жағынан ғылыми зерттеу топтары құрылған Ғылыми
зерттеу жұмыстарының басым көпшілігін университеттер жүргізеді. Бірқатар
ғылыми жұмысты Туркия ғылыми зерттеу қоғамы жүргізеді (Туркия ғылымы
көрсеткіші атты информациялық бюллетень шығарды).
Түріктердің материалдық және рухани мәдениеттерінің, салт
дәстүрлерінің, әдеттерінің әртүрлілігіне көптеген түрки халықтардың
араласуы себепші болған.
Оларда мұсылман салт – дәстүрлері, кішіазиялық салттар және европа
салттары да жиі кездеседі.
Туркияда көптеген құрғай аймақтарда мал шаруашылығымен егін шаруашылығы
өте жақсы дамыған. Ең негізгі ауыл шаруашылығында қолданылатын құралы бұл
сапан және қарасапан. Ол түрік ауыл қолөнершілерінің арқасында жасалынып
қатты ағаштан жасалынады, оның ұстағаны мен аяқ басатын жері өте мықты
болғандықтан, көптеген жылдар бойы қолданылады.
Кіші жердің иелері ауылды жағдайда тек өгізбен ешектің көмегімен айдауы
мүмкін. Өгіздер тез шаршайды. Одан ары қарай ешек жұмыс істейді. Сол үшін
түріктерде мынандай нақыл сөз бар: Ешек 10 өгізді итеріп тастап
қожайынымен бірге шаршатып қояды. Сондықтан ауылда ешекті өте құрметтейді.

Қазу және егу ісін олар қолмен істейді. Бұл жұмысты көбінесе еркектер
істейді. Ауылда ең ыстық жұмыс нан пісіру болып есептелінеді.
Ал түріктер үйді сабанды қыштан құяды. Үй тұрғызуда үй мүшелерінің
барлығы қатысады, ал асар кезінде оларға туысқандарымен көршілері
көмектеседі.
Әйелдер аяғында етіктерімен лайға сабан қосып оны теуіп шығады. Оны
әртүрлі формада қыш етіп құйып, оны 8-10 күн кептіреді. Үйдің бұндай
түрлерінің тамбасы әсіресе қалыш немесе жүгерінің сабағымен жабылады. Үсті
майда тас қосылған лаймен сыланып оны қатты домалақ тегіс затпен қатырып
шығарады.
Туркияның қалалық архитектурасына келетін болсақ, мұндағы үйлер 2
қабаттан тұрып екінші қабатында балконы болады. Ал байлардың үйлері тегіс
аулаларымен және бұл жұрда табиғи керамикалармен ұлттық түстері саналатын
аспан көк пен жасыл мозаикалар қолданылған.
Қазіргі кезде қалаларда яғни, көптеген мешіттермен минераттары үшкір
болған керуен – сарайлары, фонтандары көптеген моншамен сауда базарларының
арасының қазіргі үлгідегі көпқабатты үйлер тұрғызылуда.
Ұлттық киіміне келетін болсақ олар көбінесе ауылды жерлерде сақталып
қалған. Әйелдер мен ерлердің киімдері бір-біріне сәйкес келеді. Олар
келесі: шаровар (шальвар) көклек (чемлек), жилет (йелек), белдік (кушак)
және бас киім.
Шаровар ауылды жерлерде әліге дейін сақталған. Ол күнделікті киім болып
саналады. Бұл шалбарлар белі қысым ал орта жағы кең болып, далада істегенге
қалай және тез жүрген кезде орта бөлігі бірнеше қатпар түзіледі.
Рубаха (көйлек) – бұл көйлектерде желке тігісі болмайды. Олардың
әйелдер киетіні 2 түрлі болады. 2 етекті энтери және 3 етекті энтери.
Бұдан басқа қысқа жилет сияқты жасалған ичликтері де бар. Бұлар
міндетті түрде келіннің той киімдерінің ішінде болуы керек.
Бұлардың тамақтануы негізінен нан және ұн нан істелінген тамақ пен
халық шаруашылығында өсірілетін жеміс – жидектен тұрады. Нанды домалақ
формада пісіреді (экмек) және лепешка түрінде (лаваш, чезлеме, замурауз
және т.б.).
Ауылдағы әйелдер көбінесе нанды жүгері ұнынан пісіреді. Ол өте тез
піседі және су немесе айранға батырып жібітіп жеу қажет.
Ал жаншылған бидайдан олар ауылға тән палау жасайды, өсімдік майын
қосады. Олар сүтті қайнатылған және айран ретінде де ішеді. Туркия сүттен
істелінген ірімшікке өте бай. Балықт жағалауда тұратындар кеңінен тамаққа
қолданады.
Байлардың сүйіп жейтін тамағы бұл қой етін қуырып істейтін палау
пиринч пилавы деп атайды. Байлардың қыздары етті қуырып, кіші мойынды
құмыраларға салып, үстіне май құйып суық жерде сақтайды.
Сусынына келетін болсақ, олар көптеген шербеттермен кофе ішеді.
Исламдық ережелерге сай олар алькоголі бар ішімдік ішпейді. Барлық
жердегідей шошқа етін тамаққа қоспайды.
Ал олардың үйлену рәсміне келетін болсақ, ауылды жерлерде діни жағынан
имамның көмегімен некелерін қиып қоя салады. Заңды түрде балдарға 18,
қыздарға 17 жас белгіленген. Ал ауылды жерлерде балдар 14, 15 жасында,
қыздар 13, 14 жасында-ақ тұрмыс құрады. Оларда ер бала туылған кезде олар
кәдімгідей той жасайды (оглан халвасы) олар ербаланың тууына көп көңіл
аударады. Өйткені ауылдағы жұмыстың барлығы ер баланың иығына жүктеледі.
Қыз балдар 5-6 жасынан үй жинауды үйренсе, ер балдар 8 жасынан малды суғару
мен бағуды үйренеді, ал 13 жасында болса жер жыртумен, өңдеуді меңгереді.
Жасөспірімді тәрбиелейтін - әке. Бала әкесіне сөз айтпақ түгілі ол бар
кезінде халықтың алдында сөз сөйле алмайды, бас киімін де шешпейді т.с.с.
көп кездеседі.
Туркияның көп қалаларында шығыс мәдениеті өте жақсы сақталған.
Көшелерінде қолөнер шеберханаларында жасалған бұйымдар базарға апарылып
сатылады. Еркектердің көңіл көтеру уақыты бұл жаздың қатты ыстық
күндерінде, олар кафелерге барып уақытты карта және нарды ойнаумен
өткізеді. Ал әйелдер діни немесе мемлекеттік мейрамдарда өздері еркектерден
бөлек көңіл көтереді.
Қоғамдық өмірде ауылда үлкендердің кеңес – ұсыныстары үлкен роль
ойнайды. Бір ұрыс бола ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресей мен Түркия келісімшарттары
Осман мемлекеті
Осман мемлекетінің құрылуы
Осман мемлекеті және Түркия Республикасы Осман мемлекетінің құрылуы
Туркия. Мемлекеттің тарихы
Түркияның терроризмге қарсы іс-қимыл заңнамалары
Жалпы түркі тарихы. Дәрістер
Бухарест келiсiм-шарты
Сефевилер мемлекеті
Оғыз мемлекеті жайлы
Пәндер