Таным — адам қызметінің ерекше түрі



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1) Таным теориясы (гносеология)
2) Таным теориясы, тарихы, мәселелері
3) Гносеологиядағы «таным субъектісі» мен «таным объектісі»
ІІІ. Қорытынды
Таным — адам қызметінің ерекше түрі. "Білу деген не?" деген сұраққа берілетін жауаптың маңыздылығы Гетенің "Фаустында" былай жазылған:
"... Білудің мәні не?
Міне, досым, мәселе қайда?
Бұл тұрғыда бізде бәрі орнында емес.
Заттардың мәніне үңілгендерді,
Барлық жандарға сырын жайып салғандарды
Алауларға өртеді және тепкіледі.
Бұл сізге бесенеден белгілі..."
Ежелден адамзат жаңа білімдерді алуға әрқашанда ұмтылғаны белгілі. Тіршілік құпияларын меңгеру — адамзаттың ұлы мақтанышы болып табылатын ақылдың шығармашылық белсенділігінің, жоғары ұмтылыстарының көрінісі. Өзінің мыңжылдық дамуында ол болмыстың мәніне үңілудің және шектеуліден жан-жақты шындыққа жетудің ұзақ және күрделі жолынан өтті. Бұл жолда көптеген айғақтар, табиғаттың, қоғамдық өмір мен адамның өзінің қасиеттері және заңдары ашылды. Әлемнің суреттемесі өзгерді. Қазіргі уақытта адамзат білімі аса бай және күрделі жүйені құрайды және оның ұрпақтан-ұрпаққа, бір елден екінші елге таралуы тез жүзеге асырылады.
"Таным" деген не?", "Білімді қалай алуға болады?" деген мәселелер теңірегінде ойлана отырып, адам сонау ежелгі заманда-ақ өзін табиғаттың бір бөлшегі ретінде сезінген. Уақыт өте келе бұл мәселенің саналы қойылуы және оны шешуге тырысуы салыстырмалы тәртіпті пішін алып, сол кезде білім туралы ілім қалыптасты. Философтар таным теориясының мәселелері төңірегінде ой қозғай бастады.
Гносеология — айналадағы әлемді тану туралы философиялық ғылым. Таным теориясы немесе гносеология (грек. Gnosis-білім, таным) — философиямен бірге, оның іргелі бөлімдернің бірі ретінде пайда болды және қалыптасты. Ол адам танымының сипатын, білімінің формаларын, оның жадағай түрінен тереңіне бойлау әдістерін зерттейді. Гносеологиядағы орталық ұғымдарға "таным субъектісі" мен "таным объектісі", "білім", "таным" жатады.
Таным субъектісі деп белгілі бір мақсатқа бағытталған танымдық қызметті атқарушыны айтамыз. Ол — бірдеңені танып, білуге тырысушы. Ол адам немесе тұтастай қоғам болуы мүмкін.
Таным объектісі деп танымдық қызмет бағытталған нәрсені айтамыз. Демек, ол танылушы, былайша айтқанда, кітап, молекула, атом, адам немесе тұтастай табиғат болуы мүмкін. Таным объектісі материялық дүние немесе рухани құбылыс, сонымен қатар субъектінің өзі де болуы мүмкін.
Таным объектісі мен субъектісі бір-бірінің мәнділігін шарттастырады: субъектісіз объект болмайды, объектісіз субъект болмайды. Таным үдерісінде олар бір-біріне маңыз аларлық ықпал етеді. Сонда танымдық қызмет субъекті мен объект қатынасы және олардың өзара әрекеттесуі болып шығады.
Білім — адамның санасында берілген, өзінің кызметінде шынайы дуниенің заңды байланыстарын идеалды бейнелейтін объективті шындық. Материалды дүниені бейнелеудің нәтижесі, түйсіктің, білімнің, зауықтың, қобалжудың бірлігі болып табылатын және материямен ұштасатын санадан өзгешелігі — таным білім алу үдерісі болып табылады және ол тәжірибемен жанасады. Таным — адамның санасындағы ақиқаттылық және нағыздықтың оны одан өрі өзгерту мүмкіндігін мақсат ететін, мақсатты бағытталған белсенді бейнелену үдерісі. Таным барысында болмыстың түрлі қырлары ашылады, қоршаған дүниедегі заттардың, құбылыстардың сыртқы жақтары мен мәні ашылады, сонымен қоса таным қызметінің субъектісі — адам адамды, демек, өзін-өзі зерттейді.
1. Ә. Нысанбаев, Ғ. Есімов, Қ. Жүкешев. Алматы, 2006 ж
2. А. Құлсариева, А. Адамбосынов «Философия» 2006
3. «Философиялық өздік». Алматы 1996 ж

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Таным‭ — ‬адам қызметінің ерекше түрі.‭ "‬Білу деген не‭?" ‬деген‭ ‬сұраққа берілетін жауаптың маңыздылығы Гетенің‭ "‬Фаустында‭" ‬былай жазылған:

‭"‬...‭ ‬Білудің мәні не‭?
Міне,‭ ‬досым,‭ ‬мәселе‭ ‬қайда‭?
Бұл тұрғыда бізде бәрі орнында емес.
Заттардың‭ ‬мәніне үңілгендерді,
Барлық жандарға сырын жайып салғандарды
Алауларға өртеді‭ ‬және тепкіледі.
Бұл сізге бесенеден белгілі...‭"

Ежелден адамзат жаңа білімдерді алуға‭ ‬әрқашанда ұмтылғаны белгілі.‭ ‬Тіршілік құпияларын меңгеру‭ — ‬адамзаттың ұлы мақтанышы‭ ‬болып табылатын ақылдың шығармашылық белсенділігінің,‭ ‬жоғары ұмтылыстарының көрінісі.‭ ‬Өзінің мыңжылдық дамуында ол болмыстың мәніне үңілудің‭ ‬және шектеуліден жан-жақты шындыққа жетудің ұзақ‭ ‬және‭ ‬күрделі жолынан өтті.‭ ‬Бұл жолда көптеген айғақтар,‭ ‬табиғаттың,‭ ‬қоғамдық өмір мен адамның өзінің қасиеттері‭ ‬және заңдары ашылды.‭ ‬Әлемнің суреттемесі өзгерді.‭ ‬Қазіргі‭ ‬уақытта адамзат білімі аса бай‭ ‬және күрделі жүйені құрайды‭ ‬және оның ұрпақтан-ұрпаққа,‭ ‬бір елден екінші елге таралуы тез жүзеге асырылады.
‭"‬Таным‭" ‬деген не‭?"‬,‭ "‬Білімді қалай алуға болады‭?" ‬деген‭ ‬мәселелер теңірегінде ойлана отырып,‭ ‬адам сонау ежелгі заманда-ақ өзін табиғаттың бір бөлшегі ретінде сезінген.‭ ‬Уақыт өте келе бұл‭ ‬мәселенің саналы қойылуы және оны шешуге тырысуы салыстырмалы тәртіпті пішін алып,‭ ‬сол кезде білім туралы ілім қалыптасты.‭ ‬Философтар таным теориясының‭ ‬мәселелері төңірегінде ой қозғай бастады.
Гносеология‭ ‬— айналадағы әлемді тану туралы философиялық‭ ‬ғылым.‭ ‬Таным теориясы немесе гносеология‭ (‬грек.‭ ‬Gnosis-білім,‭ ‬таным‭)‬ — философиямен бірге,‭ ‬оның іргелі‭ ‬бөлімдернің бірі ретінде пайда болды және қалыптасты.‭ ‬Ол‭ ‬адам танымының сипатын,‭ ‬білімінің формаларын,‭ ‬оның жадағай түрінен тереңіне бойлау әдістерін зерттейді.‭ ‬Гносеологиядағы орталық ұғымдарға‭ "‬таным субъектісі‭" ‬мен‭ "‬таным объектісі‭"‬,‭ ‬"білім‭"‬,‭ "‬таным‭" ‬жатады.
Таным субъектісі деп белгілі бір мақсатқа бағытталған танымдық қызметті атқарушыны айтамыз.‭ ‬Ол‭ — ‬бірдеңені танып,‭ ‬білуге тырысушы.‭ ‬Ол адам немесе тұтастай қоғам болуы мүмкін.
Таным объектісі деп танымдық қызмет бағытталған нәрсені айтамыз.‭ ‬Демек,‭ ‬ол танылушы,‭ ‬былайша айтқанда,‭ ‬кітап,‭ ‬молекула,‭ ‬атом,‭ ‬адам немесе тұтастай табиғат болуы мүмкін.‭ ‬Таным объектісі материялық дүние немесе рухани‭ ‬құбылыс,‭ ‬сонымен қатар субъектінің өзі де болуы мүмкін.
Таным объектісі мен субъектісі бір-бірінің мәнділігін шарттастырады:‭ ‬субъектісіз объект болмайды,‭ ‬объектісіз‭ ‬субъект болмайды.‭ ‬Таным үдерісінде олар бір-біріне маңыз аларлық ықпал етеді.‭ ‬Сонда танымдық қызмет субъекті‭ ‬мен объект қатынасы‭ ‬және олардың өзара‭ ‬әрекеттесуі болып‭ ‬шығады.
Білім‭ ‬— адамның санасында берілген,‭ ‬өзінің кызметінде‭ ‬шынайы дуниенің заңды байланыстарын идеалды бейнелейтін‭ ‬объективті шындық.‭ ‬Материалды дүниені бейнелеудің‭ ‬нәтижесі,‭ ‬түйсіктің,‭ ‬білімнің,‭ ‬зауықтың,‭ ‬қобалжудың бірлігі‭ ‬болып табылатын‭ ‬және материямен‭ ‬ұштасатын санадан‭ ‬өзгешелігі‭ — ‬таным білім алу үдерісі болып табылады‭ ‬және‭ ‬ол тәжірибемен жанасады.‭ ‬Таным‭ — ‬адамның санасындағы‭ ‬ақиқаттылық‭ ‬және нағыздықтың оны одан өрі өзгерту мүмкіндігін мақсат ететін,‭ ‬мақсатты бағытталған белсенді бейнелену үдерісі.‭ ‬Таным барысында болмыстың түрлі қырлары ашылады,‭ ‬қоршаған дүниедегі заттардың,‭ ‬құбылыстардың сыртқы жақтары мен‭ ‬мәні ашылады,‭ ‬сонымен қоса таным қызметінің субъектісі‭ — ‬адам адамды,‭ ‬демек,‭ ‬өзін-өзі зерттейді.
Таным‭—‬адам кызметінің қоршаған дуниені және ондағы‭ ‬өзін тануға бағытталған арнайы түрі.‭ ‬Адам таным бойынша әрекеттің екі негізгі түрін жүзеге асырады:
қоршаған дүниені өзге ұрпақтардың танымдық қызметінің нәтижелері арқылы таниды‭ (‬кітаптар оқиды,‭ ‬білім алады,‭ ‬материалдық‭ ‬және рухани мәдениеттің барлық‭ ‬түрлерімен қауышады‭);
қоршаған дүниені тікелей таниды‭ (‬өзі немесе адамзат үшін бір жаңалық ашады‭)‬.
Таным‭ — ‬білім алу және дамыту үдерісі үнемі тереңдетіліп және кеңейтіліп отыратын,‭ ‬нәтижесінде,‭ ‬жаңа білім алынатын таным объектісі мен субъектісінің әрекеттесуі.‭ ‬Білім әрқашан тәжірибелік ақпараттық сипатта болады.‭ ‬Егер‭ ‬белгілі бір идеяға практикалық‭ ‬қажеттілік туа қалса,‭ ‬онда‭ ‬олар университет зертханалары мен кафедраларға карағанда‭ ‬өндірісте,‭ ‬практикада тез жүзеге асырылады.
‭"‬Білім‭" ‬терминінің үш аспектіде қолданылатынын естен шығармау керек:
бірдеңені істеу,‭ ‬жүзеге асыру үшін хабардар болуға негізделген білім мен машық қабілеттері‭;
кез келген танымдық мән бар ақпарат‭;
практикамен өзара байланыста болатын ерекше‭ ‬танымдық бірлік.
Соңғы екі аспекті ерекше философиялық пән‭ — ‬таным‭ ‬теориясының‭ ‬(гносеологияның‭) ‬зерттеу объектісін‭ ‬құрайды.
Таным теориясының философиялық пән ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Таным
Таным теориясы
Таным, шығармашылық және интуиция арақатынасы
Жанама бейнелеу
Таным теориясы мәселелері
Таным және шығармашылық
Индуктивті және дедуктивтік ойлау салыстырмалы талдау
Таным - философиялық мәселе
Жаңа органон
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін дамыту
Пәндер