Болашағымыз – мемлекеттік тілде


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Болашағымыз - мемлекеттік тілде

Еліміз егемендігін алып, көпұлтты біртұтас мемлекет ретінде етек-жеңін жинап, шаңырағын биік көтерген тұста елдің елдігін дәлелдейтін, тәуелсіздігін мығым ететін ең күшті құрал - мемлекеттік тіл саясатын жетілдіру. Міне осыған байланысты «мен қазақпын!» деп бедерлі байрағын биік те нық ұстаған әрбір қазақстандықтың ұлттық рухын бір сілкінткен тарихи маңызды оқиға болды. Ол - 1997 жылғы 11 шілдеде «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңның қабылдануы еді. Бұл Заңның қабылдануы - «мың өліп, мың тірілген» қайсар еліміздің жер шарының саяси картасында ұлттық нышандарымен қатар, мемлекеттік тілі бар зайырлы Қазақстан Республикасы ретінде таныла бастауы. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қолданылуына ықпал еткен Заңның 4 - бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі» деп жазылуы - ғасырлар бойы күткен, алаштың талай азаматтары көре алмай кеткен армандарының бірі еді. Ал 1998 жылғы 14 тамызда «Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту туралы» Үкіметтің № 769 қаулысы қабылданды. Бұл қаулының өміршеңдігі сонда - кеңес дәуірінен келе жатқан орысша жүргізілген кеңсе тілін мемлекеттік тіл ретінде сөйлетіп, қазақ тілінің мәртебесін көтерді десек те болады. Мысалға бір ғана 1- тармақтың 3) тармақшасын алып қарайықшы, онда: «мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік тілде тапсырылған құжаттарды, есептер мен ақпараттарды қабылдамай қайтару жағдайын болғызбасын» - делінген, яғни, іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу үшін ауқымды шаралар жасалып, дербес мемлекеттің өзінің мемлекеттік тілі бар екенін дәлелдейтін, сол үшін іс-шаралар атқаратын кез жетті деген сөз.

Үкімет қабылдаған нормативтік - құқықтық актілердің өз дәрежесінде орындалуы үшін бағдарлама қажет екенін уақыт өзі көрсетіп берді. Сөйтіп, мемлекеттік тілдің басқару тіл ретінде қолданылуын қамтамасыз ету, іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру кестесін белгілеу арқылы оның негізгі тіл ретінде қолданылуы сияқты маңызды - маңызды мәселелерге арналған Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы № 550 Жарлығымен «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бекітілді.

Міне, сол заңның күшіне енгеннен бері он жыл уақыт өтіпті. Қазақ тілі құлашын кең жазып, мемлекеттік мекемелерде іс жүргізу мемлекеттік тілге көшіріліп, нақты қадамдар жасала бастады. Сондықтан да болар, бұдан былайғы уақытта да қазақ тілі мемлекеттік статусын одан әрі нығайту үшін, тіл мәселесін - ұлт мәселесі деп, талайы тағдырына зер сала қарайтын Елбасы Н. Назарбаев Қазақстан Халықтары Ассамблеясында сөйлеген сөзінде қазақ тілінің мәртебесін өз дәрежесіне, яғни Ту, Герб, Гимн тәрізді мемлекеттік нышандардың қатарына көтеру жөнінде өте орынды мәселе қойған болатын.

Біздің облысымызда мемлекеттік басқару органдарында іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге кезең-кезеңмен көшіру кестесі облыс әкімдігінің 2001 жылғы 30 қазандағы №4/2 арнайы қаулысымен бекітілген болатын. Аудандық, қалалық әкімдіктерде облыс әкімінің № 4/2 қаулысының

- 3 бабы бойынша (тілдерді қолдану мен дамытудың аймақтық бағдарламасына сәйкес облыстың аудан мен қалаларында іс қағаздарды мемлекеттік тілге кезең-кезеңмен көшіру кестесі бекітілсін) аудандық, қалалық әкімдіктерде іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу жұмыстарын ұйымдастыру мақсатындағы құжаттар (қаулы, өкім, шешімдер, бұйрықтар) қабылданды. Дегенмен, Қарағанды, Шахтинск, Теміртау, Осакаров, Бұқар жырау аудандары мен облыстық департамент, басқармаларда іс қағаздарын толығымен әлі де мемлекеттік тілде жүргізе алмай отыр. Оның себебі: біріншіден, ол елді мекендерде негізінен өзге ұлт өкілдері басым тұратындығы, екіншіден министрліктерден, агенттіктерден хат-хабарлар, тапсырмалар негізінен орыс тілінде түсетіндігі;

- 4 бабына сәйкес (облыстық әкімшілік аппараты, жергілікті атқару органдарының департамент, комитет, басқарма басшылары әр бөлімде мемлекеттік тілде құжат дайындайтын мамандар анықтасын, 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап жоғарғы және төменгі құрылымдарға құжаттардың мемлекеттік тілде, қажет болған жағдайда екі тілде жіберілуін қамтамасыз етсін) әр бөлімдерде мемлекеттік тілде құжат дайындайтын маман анықталды. Құжаттардың мемлекеттік тілде, қажет болған жағдайда екі тілде жіберілуі жүзеге асуда;

Басқарманың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын орындау барысында бүгінге дейін атқарылған жұмыстарды үйлестіріп, оларды әлі де жетілдіре түсу. Осы бағытта Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 30 мамырдағы №127 Жарлығына сәйкес 2006 жылдан бастап Қарағанды облысының жергілікті өкілді және атқарушы органдарында іс жүргізу мемлекеттік тілге көшірілді.

Облыс әкімдігінің 2006 жылғы маусымдағы №12/10 қаулысымен Қарағанды облысы әкімінің аппаратында, облыстық басқармалар, департаменттер мен бөлімдерде іс жүргізу 2006 жылдың соңына дейін толық мемлекеттік тілде жүргізілу міндеттелді. Ал, облыстың қалалары мен аудандарындағы жергілікті атқарушы органдарда басқару тілін мемлекеттік тілге кезең-кезеңмен көшірудің 2006-2008 жылдарға арналған кестесі жасалды.

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуына жергілікті бюджеттен 2005 жылы 4. 500 млн. теңге, ал 2006 жылға 19. 500 млн теңге бөлінсе, 2007 жылға 20. 086 млн. теңге қаржы бөлініп отыр.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі кеңсесінің басшысының 2006 жылғы 6 наурыздағы №24-35/750 хатына, Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат Министрлігі бекіткен орталық атқарушы органдардың жергілікті құрылымдарының жұмысын тексеру кестесіне сәйкес Ішкі істер, Индустрия және сауда, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрліктерінің Қарағанды облысындағы жергілікті атқарушы органдарының жұмысы тексерілді. Тексеріс барысында ортақ кемшіліктер анықталды. Кемшіліктерді жою мақсатында аталмыш мекемелерге мынандай ұсыныстар берілді: Мемлекеттік тілді оқыту мәселесін дұрыс жолға қою; (кабинет, материалдық-техникалық, әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету), көрнекі ақпарат құралдарын «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21 бабына (деректемелер мен көрнекі ақпараттар тілі) сәйкестендіру; аппараттық және жедел кеңестерді, мәжілістер мен жиындарды мемлекеттік тілде өткізу тәжірибесін енгізу. Сонымен қатар, тексеріс барысында практикалық-әдістемелік көмек көрсетіліп, мекеме басшыларына тексеріс нәтижесінде анықталған кемшіліктерді назарға алып, оларды шешу үшін тапсырмалар берілді.

Конституция нормалары мен «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заң талаптарының, мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асыру барысын анықтау мақсатымен жыл басынан бері облыс мекемелерінде тексеріс және әдістемелік көмек көрсету үшін Қарағанды облысы соттар әкімшілігі, прокуратура мемлекеттік мекемелерінің мамандарына арналған «Мемлекеттік тілде іс жүргізу әдістемелері» тақырыбында әдістемелік семинар Әділет департаментінде; Қаржы саласына жататын мемлекеттік мекемелердегі мемлекеттік тілді дамыту жұмысына жауапты мамандарына арналған «Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте» атты оқыту тәжірибе алмасу семинары кедендік бақылау департаментінде; орыс мектептерінде қазақ әдебиетін қазақ тілінде оқыту проблемасы бойынша облыстық білім беру департаментімен бірлесіп Теміртау қаласында облыстық іс тәжірибе алмасу семинары; қалалық-аудандық мемлекеттік мекемелердегі тілдерді дамыту бөлімінің жауапты мамандарымен «Мемлекеттік тілде іс жүргізу әдістемелері» тақырыбындағы әдістемелік-оқыту семинарлары Балқаш, Қаражал қалаларының, Бұқар жырау, Қарқаралы аудандарының мемлекеттік қызметкерлеріне арналса, Жаңаарқа ауданының мемлекеттік қызметкерлеріне арналған «Жергілікті өкілді және атқарушы органдарда мемлекеттік тілде іс жүргізу жұмысын жетілдіру және ономастикалық жұмысты үйлестіру жолдары» тақырыбындағы семинар тіл саясаты бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды бірізділікке түсіру, мемлекеттік тілді мемлекеттік басқару тілі ретінде дамыту, іс жүргізу проблемалары және қала, аудан аумағында жинақталған іс-тәжірибемен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды.

Елбасы, Астана қаласында үстіміздегі жылғы 24 қазанда өткен Қазақстан халықтары Ассамблеясының XII сессиясында сөйлеген сөзінде: « . . . мемлекеттік тілді білмейінше, мемлекеттік органдарда, қызмет көрсету саласында жұмыс істеу мүмкін болмайды” - деп ерекше атап өткен болатын.

Бұл мақсатта, Қазақстан Республикасы Конституциясының 93 бабын негізге ала отырып, «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын” жүзеге асыру үшін облыс көлеміндегі өзге ұлт өкілдері басым ірі қала, аудандарда мемлекеттік қызметкерлердің тілді сапалы меңгеруін қамтамасыз ететін, меңгеріп, оқып-жаза алу қабілетін қалыптастыру, ресми-іскери тілді меңгерту мақсатында облыс әкімі Н. Нығматулиннің қолдауымен мемлекеттік тілді оқытатын орталықтандырылған оқыту курсы ұйымдастырылды. Осы орайда облыс әкімінің үкіметіміздің өмірлік маңызы бар саясатқа аса зор көңіл бөліп отырғандығын ерекше атап өткім келеді. Соның бір дәлелі -арнайы конкурс жарияланып, тендерді «Юр - Аудит» компаниясының жеңіп алуыме, қойылған талапқа сай жұмыстарды жүзеге асыруы.

Бұл оқыту курстарының басты мақсаты: өзге ұлт өкілдерін қазақша сөйлесетін деңгейге, ал қазақша жаза алмайтын жергілікті ұлт өкілдерін іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізе алатын деңгейге жеткізу болатын. Алты апталық жеделдетіп оқыту курсына облыстық әкімдікке қарасты мемлекеттік мекемелерден және облыстың 4 аудандық (Абай, Нұра, Осакаровка, Бұқар жырау) және 7 қалалық (Қарағанды, Саран, Сәтбаев, Теміртау, Шахтинск, Балқаш, Қаражал) әкімдіктеріне қарасты мекемелердің әр салада еңбек ететін, әр жастағы мамандары шақырылды.

Оқытудың бастауыш тобына өзге ұлт өкілдері қамтылды да, жалғастырушы тобына орыс мектебін бітірген, қазақ тілінде жаза алмайтын жергілікті ұлт өкілдері қамтылды. 1, 5 айлық оқыту жұмыстары өзінің оң нәтижесін берді деп нық айтуға болады, себебі алғашында бір ауыз қазақ сөзін білмей келген өзге ұлт өкілдері, оқу соңында ауыз екі тілде сұхбаттаспақ түгілі, оқитын, жазатын және мәтінді аудара алатын деңгейге жетті. Ал орыс тілді қазақтар өз ойын еркін айтып, қазақ тілінде шығарма жаза алатын жағдайға жетті.

Бұл жетістіктерге қол жеткізу үшін: оқумен қамтылған қызметкерлер жұмыстан қол үзіп оқытылды. 1, 5 ай ішінде күніне 6 сағаттан алты күн бойы бар жұмысы қазақ тілін меңгеруге арналды. Осындай оқыту жүйесі мемлекеттік тілді тез арада игеріп кетуге болатынын дәлелдеп, қойған мақсатына жетті. Алты апталық жеделдетіп оқыту курсына облыс көлеміндегі мекемелерден барлығы 260 қызметкер - бастаушы топқа 128 өзге ұлт өкілі қызметкерлері, жалғастырушы топқа 132 жергілікті ұлт өкілдері - жұмыстан қол үзіп оқытуға қамтылды.

Мемлекеттік тілді еркін меңгеру мақсатында қазақ тілін үйренуге деген ниеттері бар жеке адамдар облыс әкіміне өз өтініштерін беріп, өз қалаулары бойынша оқып шықты. Мемлекеттік тілді оқып-үйренуге ниет білдірген қызметкерлердің саны арта түсуде. Қазақ тілін жеделдетіп оқыту курсына Болгариядағы Америка университетінің түлегі Амеличева Мария Владимировна өз өтінішімен қазақ тілін оқуға ниет білдіріп, өзі білетін орыс, ағылшын, неміс, болгар, грузин тілдерімен қоса қазақ тілін жетік меңгеріп кетті.

Мемлекеттік қызметкерлерді жұмыстан босатып, жеделдетіп оқытудың негізін республика бойынша біз бірінші болып қаладық. Бұл экспериментке облыс әкімдігі тарапынан қаржы бөлініп отыр. Жеделдетіп оқыту - ізгі ізденіс. Ол келешекте облыс бойынша өз жалғасын табады.

Мемлекеттік тіліміздің мәртебесін одан әрі оқып-үйренуді жан-жақты жетілдіру мақсатында үстіміздегі жылдың шілде айында Астана қаласындағы Республикалық мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту орталығынан білікті мамандар-әдіскерлер шақырылып, арнайы «Мемлекеттік тілді жедел әрі кешенді оқытып-үйретудің оңтайлы әдістемесі» атты 3 күндік облыстық ғылыми-әдістемелік семинар ұйымдастырылды. Ол семинарға облыс бойынша мемлекеттік мекемелердегі қазақ тілінен сабақ беріп жүрген оқытушылар қатысып, үш деңгейлі оқу бағдарламасының ерешеліктерімен таныстырылды. Соны іске асыру негізінде қарашада 1 айлық жеделдетіп оқыту курсы Теміртауда өтті. Дегенмен, әлі де болса мемлекеттік қызметкерлерді мемлекеттік тілге оқытуда бірқатар ізденістер жүргізу қажеттілігіне көзіміз жетті.

Тіл мәселесі қозғалған сайын аудармашының жайы қоса айтылады. Кеңестік дәуір кезінде орыс тілінен қазақ тіліне аудару өз қиындығын тудырған болатын. Енді керісінше, қазақ тілінен орыс тіліне аударма жасау қиындығы бүгінгі күн мәселесінде тұр. Аудармашы мамандардың кәсіби шеберлігін жетілдіру мақсатында “Юр-Аудит” компаниясында мемлекеттік мекемелердегі аудармашыларды оқыту курсы да ұйымдастырылды. Бұл курс аудармашылардың біліктілігін арттыру, терминдерді қолдану дағдысына үйрету, ілеспе аудармаға машықтандыру және аударма мен мемлекеттік тілде дайындалатын іс қағаздарының сапасын арттыруға бағыттыталды. Аталмыш курсты 45 маман-аудармашы жұмыстан қол үзіп, ойдағыдай бітіріп шықты.

Мемлекеттік тіл саясатын конференциялар, «дөңгелек үстелдер» өткізу арқылы насихаттап өркендетудің тиімділігі зор екендігі баршамызға аян. Осы бағытта мемлекеттік тілді жүзеге асырудың іс-шаралар жоспарына сәйкес Қарағанды мемлекеттік университетінде өткізілген тіл саясаты мәселелеріне арналған «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» облыстық ғылыми-практикалық конференцияда облысымызға танымал ғалымдарымыз Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология ғылымдарының докторлары Х. М. Нұрмұханов, Ш. М. Мәжітаева, Б. С. Рахимов және тілші мамандарымыз бас қосып, бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отырған мемлекеттік тіл проблемаларын қозғады.

Қоғамдық бірлестіктер мен ұлттық мәдени орталықтары өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Ана тілі» газетіне берген «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» сұхбаты төңірегінде «дөңгелек үстел» өткізілді.

Мемлекеттік тілді дамыту бағытында сайыстар өткізуге де көп көңіл бөлінуде. Атап айтар болсақ, өзге ұлт өкілдерінің арасында мемлекеттік тіліміздің мәртебесін одан әрі асқақтата түсу, оны жан-жақты жетілдіру мақсатында мемлекеттік қызметкерлер арасында «Мемлекеттік тіл - менің тілім» сайысы өткізілді. Оған 16 талапкер қатысып, тіл мәдениеті мен тазалығы, оқу шеберлігі бойынша сайысқа түсті. Байқау қорытындысы бойынша Теміртау қаласы салық комитетінің жетекші маманы Иванчук Татьяна Владимировна жеңімпаз атанып, Республикалық «Мемлекеттік тіл - менің тілім» конкурсына жолдама алды.

Мемлекеттік мекемелердегі аудармашы мамандардың арасында іс жүргізудегі біліктілігі мен тәжірибесін сараптау аударма мен мемлекеттік тілде дайындалатын іс қағаздарының сапасын арттыру мақсатында «Үздік аудармашы» конкурсын өткізу дәстүрге айналды. Бұл конкурсқа 20 аудармашы-мамандар қатысып, бас жүлдені Қарағанды қалалық маслихаттың аудармашысы Манасов Дыбыс Өмірбайұлы жеңіп алды.

Тілдерді оқып - үйрену саласында білім мекемелерінің рөлі өте жоғары екенін жақсы білеміз. Облысымызда биыл екінші рет орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беретін мұғалімдер арасында «Үздік оқытушы» конкурсы өткізілді. Аталмыш конкурстың мақсаты мектеп мұғалімдерінің тіл үйретудегі озық әдістемесін насихаттау, тарату, өзге ұлт өкілдері жастарының арасында қазақ тілін үйрену деңгейін көтеру. «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» конкурсында бас жүлдені жеңіп алған Сәтбаев қаласының № 14 орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Байқонысова Бағдат Жолкенқызы Республикалық конкурсқа қатысып, ІІ орынға ие болды.

«Атамекен» бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін мектеп мұғалімдеріне арналған «Этнопедагогикаға негізделген іс-шаралар үлгісі» тақырыбында әдістемелік семинар жас ұрпақты тәрбиелеудегі халықтық тәрбиенің маңызын насихаттауға, жандандыруға қолдау көрсету, ұлттық салт-дәстүрдің даму аясын кеңейту бағытында өтті.

Қазақтың байтақ тілін, тіл мәденитін көтеру, шешендік өнердің дамуын насихаттау мақсатында біздің облысымызда республика бойынша тұңғыш рет жоғарғы және орта-арнаулы оқу орындарының студенттері арасында «От ауызды, орақ тілді шешендер» сайысы өтті. Сайыста бас жүлдені «Болашақ» маңызды білім беру институтының 2 курс студенті Медеубаев Қуаныш жеңіп алды. Халық арасынан талапты, талантты жастарды іздеп табу мақсатында Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің «Дүбірі бөлек дүлділдің» атты облыстық байқауы өтіп, бас жүлдені Жаңаарқа ауданының О. Жұмабеков атындағы мектептің 9 сынып оқушысы Шайдарова Саягүл Төреқұлқызы жеңіп алды. Қ. Аманжолов атындағы «Жыр жазамын Қасымның үлгісімен» деген атпен өткізіліп тұратын дәстүрлі облыстық жас ақындар мүшайрасында бас жүлдені № 39 мектептің 8 сынып оқушысы Қабаш Сағадат иеленді.

Облыстық мәдениет басқармасы мен Н. В. Гоголь атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасымен бірлесе отырып, ағымдағы жылдың қараша айында «Мен қазақ тілінде оқимын» атты акция өткізілді. Бұл акцияның мақсаты қоғамда «қазақша ойлана, оқи, жаза білетін жанға - еліктеу имиджін құру» болды. Акция аясында «Қазақшаңыз қалай?»атты қала көшелерінде экспресс-интервью; «Қазақ тіліндегі ең сүйікті кітабым жайлы сөз» эсселері; «Сіз қазақ тілінде оқисыз ба?» интер-сауалнамалар өткізілді

Приозерск қаласында Ресейде - Абай, Қазақстанда - Пушкин жылына арналған «Өлең- сөздің патшасы» атты поэзия кеші өткізілді. Онда екі мемлекеттің кемеңгер екі тұлғасы арқылы халықтар достығының, ұлттық мәдениеттінің, мәдени мұралардың құдыреті дәріптеліп, насихатталды. Приозерск қаласында екі мемлекеттің азаматтары өмір сүргендіктен, ұлт саясатындағы маңызды мәселенің бірі - азаматтық татулық пен ұлтаралық ерекшеліктерді сақтап, тілдердің еркін қолдануына, ұлттардың бір-біріне деген құрметін арттыруға мән берілді.

Өткен 2005 жылы тұңғыш рет өзге ұлт өкілдерінің арасында Абай оқуларының Республика бойынша негізі қаланды деп мақтанышпен айта аламыз. Ересектер арасында өткізген «Абай оқулары» бастамасы Республикада қолдауын тауып, жалғасы ретінде республика көлемінде «Мақсатым - тіл ұстартып, өнер шашпақ . . . » атты Абай оқулары байқауы дәстүрлі түрде өткізілетін болды. Биыл қазақ тілі мен әдебиетіне деген ықылас-ынтаны жандандыру, қазақстандық рухани бірлікті қалыптастыру мақсатында «Тіл және отбасы» облыстық байқау өткізілді. Бұл конкурсқа тек отбасылар ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғалар да қатысуға ниеттерін білдірді. Байқау қорытындысы бойынша Саран қаласының Абай атындағы гуманитарлық-техникалық колледжінің оқытушысы Фалик Виталий Сергеевич талап биігінен көрінді. Сонымен қатар Абай мен Пушкин шығармашылықтары арқылы қазақ тілі мен әдебиетіне деген ықылас-ынтаны насихаттау үшін «Тіл -халық мәдениетінің айнасы» атты Қазақстан халықтарының тілі күніне арналған қоғамдық бірлестіктер мен ұлттық мәдени орталықтарымен фестивальдар әр ұлттың ана тіліне, салт -дәстүріне, мәдениетіне құрметпен қарау түсінігін қалыптастыру мақсатында өткізілді.

Тіл бағдарламасын жүзеге асырудағы маңызды мәселенің бірі- жексенбілік мектептер мен ұлттық-мәдени орталықтармен тығыз байланыс жасау. Бұл халықтар арасындағы достықты, ынтымақты нығайтуға ықпал етеді. Облыс көлемінде мемлекетіміздің тіл саясатын жүзеге асыру үшін этникалық топтардың тілдерін дамытуға қолайлы жағдай туғызылуда. Басқа ұлт өкілдерінің тілдерін дамыту мәселесінде қол жеткен табыстар баршылық екенін атап өткен жөн. Еврей ұлтының «Ор-Авнер»мектеп-комплексінде, ұлттық-мәдени орталықтарының жетекшілеріне және ана тілі оқытушыларына арналған «Ана тілі мен мәдениет-халықтың рухани байлығы» атты семинары өзге тілдердің мүддесін ескере отырып, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында өткізілді. Мәдени ұлттық орталықтардың қолдауымен ұйымдастырылған жексенбілік мектептерде (№ 5 мектепте поляк тілі; № 38 гимназияда корей; № 81 мектепте татар-башқұрт) және латвия ұлттық орталығында ана тілі және мемлекеттік тілді оқыту барысы қаралды.

Жалпы, тіл мәселесін өткен жылдармен салыстырып, көз жүгіртіп қарасақ, алға басқанымыз анық байқалады. Оған дәлел - мемлекеттік мекемелердегі іс қағаздарының қазақ тілінде жүргізілуі өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін үйренуге деген ерекше ықыласы мен талпынысы. Елбасының Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында айтқан этнолингвистикалық орталықтарда (жексенбілік мектептерде) туған тілмен қатар мемлекеттік тіл туралы тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында Қарағанды облысы Кіші Ассамблеясының ұлттық-мәдени орталықтарының мүшелерін мемлекеттік тілге үйрету ұйымдастырылды.

Мемлекетіміздің тіл саясатының бастау көзі отбасы, балабақшалар мен мектептерден басталатыны баршамызға белгілі. Тіл негізі-бесікте, балалар бақшасында десек, сол тәлім-тәрбие ордаларының қатысуымен қазақ тілінде тәрбие беретін «Гауһар» балабақшасында мемлекеттік тілді дамыту және кеңінен қолдануда қол жеткен жетістіктері бар ұстаздардың және алдыңғы қатардағы балабақшалардың іс-тәжірибелерін насихаттау мақсатында «Ана тілім және отбасым» атты облыстық семинар ұйымдастырылды. Бұл семинарда облыстағы балабақша басшылары мен қазақ тілін оқытатын әдіскерлер, ата-аналар, ҚарМУ университетінен педагогика және психология саласында жұмыс істейтін оқытушылар қатысып, «Өзін-өзі тану» және «Тәй-тәй» бағдарламалары бойынша отбасы мен балабақшаның өзара жұмыс байланысы туралы ой бөлісті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ертегi естiмеген баланың ертеңi қандай болады?
Мемлекеттік тіл – қазақ тілі
Ұлттық сана ұлттық тілмен қалыптасады
Менің Қазақстаным — менің болашағым
Ұлттық мәдениетіміздің өркендеу тетігі – Тіл
ҚАЗАҚ ЛИНГВОЭКОЛОГИЯСЫНЫҢ ДАМУЫ
Электронды бақ және мәдени хабарлар
Басатуыш мектепте әдебиеттік оқу сабағында оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу
Дамыған мемлекеттерде зайырлылықтың жүзеге асырылуы
Жаһандану жағдайындағы жастардың әлеуметтенуінің ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz