Азаматтық қүқықтағы меншік құқығы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:
ЖОСПАР
Кіріспе . . . …… . . . 3 - 6
І тарау. Мемлекеттік меншік құқығы
- Мемлекеттік меншік құқығының пайда болуының
негізгі жолдары . . . 7 - 14
- Мемлекетік кәсіпорын мүліктерін құқықтық реттеу
тәртібі……… . . . . 14 - 21
- Мемлекет мүлкін мемлекет иелігінен алу және
жекешелендіру туралы заңдарға жалпы
мінездеме . . . ……. 21 - 28
II тарау. Жеке меншік құқығы және оның пайда болу негіздері.
2. 1 Жеке меншіктің түрлері мен пайда болу негіздері . . . ………. . 29 - 41
2. 2 Ортақ меншік құқығы . . . …… . . . 42 - 51
III тарау. Меншік құқығын қорғау
3. 1 Меншік кұқығын қорғаудың азаматтық құқықықтық
әдістерінің ұғымы . . . . . . 52 - 54
3. 2 Меншік құқығын қорғаудың заттық құқықтық
әдістерінiң ұғымы . . . . . . 54 - 62
Қорытынды . . . . . 63 - 64
Пайдаланылған
Әдебиеттер . . . … . . . . . . 65 - 66
Кiріспе
Азаматтық қүқықтағы меншік құқығы матералдық игіліктердің нақтылы тұлғаға тиістілігін бекітуші, реттеуші, қорғаушы құқықтық нормаларды қамтиды. Бәрін біріктіре алғанда олар меншік құқығын құрайды, яғни ол біріңғай тұтас құқық институты болып табылады.
Меншік құқығы бұл - меншік тұралы айтылғанда еңбектің өнімдерін тиісті нысандарын иеленуді шартты түрде дәйіттейтін өндірістің құрал - жабдықтардың өнімдеріне иелік жасау жөніндегі белгілі бір қоғамдық қатынастар туралы болып табылады.
Меншік дегеніміз - қоғам өмірінің шарты. Меншік бұл базистегі, сипаттағы экономикалық санат, ал меншік құқығы дегеніміз - субектінің өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге заңмен танылатын және қорғалатын қүқығы.
Меншік құқығының институты қоғамда үш функцияны ор-ындайды.
Біріншіден, меншік құқығының нормалары мүліктің белгілі бір тұлғаларға тиістілігін белгілейді.
Екіншіден, меншік құқығының нормалары меншік иесінің өзіне тиісті мүлікке ие болу, пайдалану және билік ету құқықтарын бекітеді.
Үшіншіден, олар меншік иесінің мүдделерін және қүқықтарын қорғайтын құқықтық құралдарды қарастырады.
Меншік құқығының обьективтік және субъективтік мағынасы болады.
Обьективтік мағынасы түрғыда алғанда меншік қүқығы өндіріс құрал - жабдықтар мен өнімдеріне иелік жасау, пайдалану және билік ету қатынастардың негізінде құқық нормалардың жиынтығы болып табылады.
Ал, субьективтік мағынасы - өкілеттелінген тұлғаның мүмкіндігі болып табылады. Субьективтік меншік құқығы меншік иесіне өз еркінше мүлкін кәсіпкерлік немесе заңмен тыйым салынбаған басқа іс - әрекет үшін пайдалану және билік ету құқығын басқа тұлғаға өкілеттеуге, сатуға, кепілдікке беруге құқығы бар. Меншік құқығы меншік иесіне мүлікке деген ие болу, пайдалану және билік ету құқығын реттеп отырады.
Иелену құқығы дегеніміз, - мүлікті іс жүзінде иеленуді заң жүзінде қамтамасыз ету, өз шаруашылығында ұстау.
Ал, ие болу құқығы дегеніміз - адамдардың өз қалауы бойынша мүлікке ықпалын жүргізу мүмкіндігін құрайтын мүлікке нақты ие болуды айтады. Мысалы: Мемлекет жер онын қойнауы, су өсімдіктер және жануарлар дүниесіне, табиғи ресурстарға ие болса, ал азамат жеке автомобильге, жиһаздарға және тағы баскаға ие.
Пайдалану құқығы дегеніміз - мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай - ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге нысандарында болуы мүмкін. Пайдалану құқығы кезінде меншік иесінің өзіне тиісті мүлікті кәдеге жаратуы өзінің тұтынушылық сезімін қанағаттандыру үшін одан пайда табу қажет, Мысалы: кір жуғыш машина, азық - түлік.
Билік ету құқығы дегеніміз - мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі. Билік ету қүқығының меншік иесі мүліктің зандылық жағдайын анықтап өзгерте отырып мүлікке байланысты құқықтық қатынастарды белгілейді немесе тоқтатады. Мысалы: сату, айырбастау, сыйлау, жойып жіберу және тағы басқа. Аталған билік ету құқығы тек меншік иесіне ғана тиісті. Меншік иесінің осы үш құқығы заңның тарихи дамуынан туындап отырған занды құрылымы болып табылады.
Демек, меншік құқығының заңды ерекшелігі тек меншік иесінің құқықтарында ғана емес, сондай - ақ олардың өзгешелігінде болып отыр. Мұнда жалдап алушының мүлікке деген құқығы меншік иесінің құқығынан шектеулі болып отырғандықтан емес, меншік иесінің құқығын жалдап алушыға мүлікке қожалық етуге мүмкіндік беруінде.
Басқа зандық мүлік иесінің құқықтары меншік иесінің өкілеттілігін берген тұлғаның еркімен ғана емес, әдетте меншік иесінің еркімен пайда болады. Меншік құқығының осы үш құқығының дерексіз ұғымы, ұзақ уақыт осы сияқты субьектілерді меншік иесі деп немқұрайды санап келгенде, ал шынында өздеріне тиесілі мүлікті өз шаруашылығында өз еркінше пайдалануға мүмкіндігі болмаған . Мысалы : колхозда.
Сондықтан, жаңа заң меншік иесіне өз еркінше өзіне тиістілі мүлікке ие болу, пайдалану және билік етуін белгілеп берді. Бүрынғы заңдарда меншік құқықтарын пайдалану шектері белгіленген болса, қазіргі уақытта меншік иесі өз мүлкін заңмен тыйым салынбаған кез - келген іс - әрекетте пайдалана алады. Осының бәрі қаралып жатқан қүқықтың негізгі зандылық ерекшелігін қалаушы меншік құқығының тәуелсіздігін, мазмұнының кендігін көрсетеді. Осындай завдылықты еске алып, субьективтік меншік құқығының иесі өз мүлкіне еркінше ие болу, пайдалану және билік ету заңда тыйым салынбаған басқа да іс - әрекеттер жасау құқықтарын пайдаланып, яғни өз мүлкіне толық қожалық ету деп түсінуге болады.
І Тарау
Мемлекеттiк меншiк құқығы
1. Мемлекеттік меншік қүқығының пайда болуының негізгі жолдары.
Мемлекеттік меншік азаматтық кодексте республикалық және коммуналдық меншік түрінде көрінеді.
Республикалық меншік республикалық қазынадан және заң құжаттарына сәйкес мемлекеттік республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады.
Республикалық бюджет қаражаты, алтын, волюта қоры мен алмас қоры тек қана мемлекеттік меншік обьектілері және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мемлекеттік мүлік Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынасын құрайды.
Коммуналдық меншік жергілікті қазынадан және заң қужаттарына сәйкес коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады.
Жергілікті бюджет қаражаты және мемлекеттік занды тұлғаларга бекітіліп берілмеген өзге де коммуналдық мүлік жергілікті қазынаны құрайды.
Мемлекеттік меншіктегі мемлекеттік заңды тұлғаларға шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығымен бекітіліп берілуі мүмкін. Ал жер, оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі басқа да табиғи ресурстар тек қана мемлекеттік республикалык меншікте болады [1] .
Мемлекеттік меншік экономикалық категория ретінде мүліктің халыкқа тиістілігін білдіреді.
Осы көзқарастан мемлекеттік меншік құқығы обьективі мазмұны, ал материалдық игіліктердің халыққа тиістілігі бекітуші және қорғаушы құқық нормаларының жинағы. Сонымен бірге, мемлекеттік мүлікке ие болу, пайдалану және жойылу жолдары.
Мемлекеттік меншік құқығының субьективті мазмұны - меншік иесінің заңда көрсетілген қүқықтарынан тұрады да, осы тұрғыда басқа меншік иелену құқықтарынан ерекшеленбейді. Мүнда мемлекеттік меншіктің басқа түрлері меншік қатынастарынан ерекшеленеді.
Оның көріністері :
Біріншіден - мемлекттік меншікке кез - келген мүлік жатуы мүмкін, сонымен қатар, айналымнан алынған немесе айналымға шектелінген мүлік;
Екіншіден - мүлікті өз меншігіне алу жолдарын тек қана оны қолдануы мүмкін (мысалы: алымдарды және салықтарды жинау) ; Үшіншіден - саяси егеменді мемлекет ретінде құқықтық актілерді шығару жолдары арқылы меншік иесінің құқықтарын және оны іске асыру жолдарын белгілейді.
Мемлекеттік меншік құқығында кез - келген мүліктің болуы және заңда көрсетілген жолдарымен алуға және белгіленген шектерде пайдалануға құқығы бар.
Мемлекеттік меншіктің ерекше сипаты мемлекеттің саяси егемендігінің белгісі. Сондықтан, құқықтың басқа субьектерімен бір деңгейде болуы мүмкін.
Меншік туралы заң мазмұны бойынша өкілетті органдар халық атынан мемлекеттік меншік құқығының субьектісі болып табылады да, олар тек қана мемлекеттік мүлікті басқарады және билік етеді. Бұл мемлекеттік органдар мемлекеттік мүлікті шаруашылыққа пайдалану үшін және азаматтық айналымда мемлекет атынан іс жүргізетін арнайы құрылған мемлекеттік органдар. Негізінен қазына институттары қайтадан құрылып, мемлекет шаруашылығын жүргізіп азаматтық құқық қатынастарында мемлекеттік толық праволы өкілі болып отыр.
Қазына немесе мемлекеттік мүлік ведомствалары құқық қатынастарының субьектісі бола отырып, басқа меншік иелерімен бір деңгейде тұрады. Сондықтан, мемлекеттің товар айналымына қатысуы басқа меншік иелерімен бір деңгейде тұрады да теңдік қағидасы бұзылмайды. Бұл органдарға мемлекеттік игілікті басқару жөніндегі комитеттер жатады. Ал, мемлекеттік мүлік жөніндегі қорлар коммерциялық заңды тұлғалар үлестерін иемденіп солардың құрылтайшылары және қатысушылар болып табылады.
Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі комитет жекешелендіруге жататын обьектілерді белгілейді, ал мемлекеттік мүлік қорлары оларды сатушылар ретінде көрінеді, ал сатылмай қалған акцияларды иемденіп акционерлер жиналысында акционердің міндеттерін атқарады. Сонымен бірге, акцияның бағасы төмендеу нәтижесінен шыққан шығындарды өтейді.
Кейбір жағдайларда мемлекеттің мүддесін меншік иесі
ретінде қаржы министерствосының органдары қаржы бөлім -дері, басқармалары немесе мемлекеттің басқару органдарының арнайы міндеттелген органдары қорғайды [2] .
Мемлекеттік меншік құқығының обьектілері шектелмеген себебі, мемлекеттің меншігінде кез - келген мүліктің болуы мүмкін. Бүл жағдай мемлекеттік меншіктің меншік құқығының ерекшелігі салдары, сондықтан мемлекеттік меншік құқығының обьектілері әр түрлі. Солардың ішінде негізгі обьектілері болып - мемлекеттік өкімет органдарының және мемлекеттік басқару органдарының мүліктері, бюджет қаражаттары кәсіпорын, халық шаруашылық комплекстері және басқа да әлеуметтік мәдени саласының обьектілері, мемлекеттік банкілер, сақтандыру қорлары, мәдени тарихи байлықтар және басқа да мемлекеттік міндеттерін атқаруға керек мүліктер жатады.
Мемлекеттің белгілі бір мүлікті өз меншігіне алуының заңдылық негізі әр түрлі. Шартты түрде оларды үш топқа бөлуге болады.
Біріншіден : "Жалпы азаматтық тәсіл " - меншік иесі тек мемлекет ғана емес, кез - келген азаматтық құқығының субьектілері болуы мүмкін, яғни меншік құқығын әр түрлі келісімдер және мекемелер негізінде иемдену; Екіншіден: Тек қана мемлекет белгілі бір меншіктің иесі бола алады. Мысалы: мемлекетке азаматтардың өсиеттеген мүліктері, яғни жай жалпы азаматтық меншік құқығына ие болу жолы иесіз қалған мүліктің мемлекеттік меншікке өтуі; Үшіншіден: Меншік қүқығына ие болу негіздерінің, маңыздылығының бірі алымдар, салықтар және міндетті төлемдер болып табылады.
Кейбір меншік иелерінен мүлкін жалпы мемлекеттің қажетін өтеуге алу және салық өндіру барлық мемлекеттерде ұлттық меншікті жасау үшін жүргізіледі. Сонымен бірге, салықтар мемлекеттің нарықтық экономикасын реттеу тәсілі болып табылады.
Тарихта мемлекеттік меншік құқығы бізде национализациялаудың негізінде пайда болған, яғни арнайы зандар негізінде жеке меншікті мемлекеттік меншікке айналдыру.
Жеке меншік мемлекеттің меншігіне төлемсіз экспроприация негізінде (тартып алу ) немесе бұрынғы меншік иелеріне белгілі бір төлем беру арқылы айналдырған.
Елімiзде Кеңес өкіметінің құрылу кезінде жеке меншік иелігінен мемлекеттің меншігіне қайтарылусыз алу формасы қолданылған. Себебі, бұл форма революциялық кезеңнің әлеуметтік, экономикалық талабы болды. Қазіргі уақытта меншік құқығын мемлекеттің шешімімен жоғалтып алу тек қана заңда көрсетілген жағдайларда меншік иесіне тартқан зиянын толық қайтару арқылы жүргізіледі.
Жеке меншікті мемлекет меншігіне айналдыру реквизациялау және тәркілеумен ерекшеленеді. Реквизиция және тәркілеу бұл да мемлекеттің меншігіне кейбір меншік иелерінің мүлкін алу жолдарының бірі.
Реквизиция - дүлей апаттар, авариялар, жұқпалы аурулар, індеттер, төтенше сипаттағы өзге де жағдайлар болған ретте мүлік қоғам мүддесі үшін мемлекеттік өкімет және басқару органдарының шешімі бойынша заң құжаттарында белгіленген тәртіп пен жағдайларда меншік иесінен оған мүліктің құны төлене отырып алып қойылуы мүмкін (реквизиция ) .
Меншік иесіне реквизицияланған мүліктің құны өтелген бағаны оның сот тәртібімен даулауына болады. Мүлкі реквизицияланған адам реквизиция жүргізуге байланысты жағдайлар тоқтатылған кезде сақталған мүлікті қайтарып беруді сот арқылы талап етуге құқылы.
Тәркілеу - заң қүжаттарында көзделген реттерде мүлік меншік иесінен жасалған қылмысы немесе өзге де құқық бұзушылығы үшін санкция түрінде сот тәртібімен тегін алуы мүмкін.
Иесіз зат меншік иесі жоқ немесе меншік иесі белгісіз зат не меншік құқығынан бас тартқан зат иесіз болып табылады.
Иесіз қозғалмайтын заттарды олар табылған аумақтағы жергілікті атқарушы органның мәлімдеуі бойынша қозғалмайтын мүлікті мемлекеттік тіркеуде жүзеге асыратынын есепке алады.
Коммуналдық меншікті басқаруға уәкілдік берілген орган иесіз қозғалмайтын заттарды есепке алған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін бүл затты коммуналдық меншікке түсті деп тану туралы талап қойып, сотқа жүгіне алады. Коммуналдық меншікке түскені сот шешімі бойынша танылмаған иесіз қозғалмайтын зат оны тастап кеткен меншік иесінің иеленуіне, пайдалануына және билік етуіне, қайта қабылдануы, не иелену көнелігіне сәйкес меншікке алынуы мүмкін.
Иесіз заттарды арнайы жағдайлары болып олжаның, көмбенің, қараусыз жануарлар табылуы есептеледі.
Жоғалған затты тауып алушы бұл туралы оны жоғалтқан адамға немесе заттың меншік иесіне, оны алуға құқығы бар
өзіне белгілі басқа адамдардың біреуіне дереу хабарлауға және табылған затты оған қайтаруға міндетті. Егер табылған затты алуға құқығы бар адамның өзі немесе оның тұрған жері белгісіз болса затты тауып алушы олжа туралы милицияға немесе жергілікті атқару органына мәлімдеуге міндетті.
Егер олжа туралы милицияға немесе жергілікті атқару органына мәлімденген кезден бастап алты ай өткенше жоғалған затты алуға занды құқығы бар адам анықталмаса және затқа өзінің құқығы туралы оны тапқан адамға немесе милицияға не жергілікті атқару органына мәлімдемесе затты тауып алушы орган меншік құқығын алады.
Егер затты тауып алушы тапқан затын меншігіне алудан бас тартса, ол коммуналдық меншікке өтеді.
Қараусыз немесе қанғып жүрген малды және басқа да үй жануарларын немесе қолға үйретілген жануарларды ұстап алған адам оларды меншік иесіне қайтаруға, ұстап алған адам егер оның өзі немесе тұрған жері белгісіз болса, ондай жануарларды ұстаған кезде бастап үш күннен кешіктірмей табылған жануарлар туралы милицияға жергілікті атқару органына мәлімдеуге міндетті, олар меншік иесін іздестіру шараларын қолданады. Жануарлардын меншік иесін іздестіру кезеңінде жануарларды ұстаушы адам оларды өзінің бағуында және пайдалануында қалдыруды не ол бағу мен пайдалану үшін қажетті жағдайы бар басқа адамға тапсыруы мүмкін.
Жануарды ұстап алған адамның өтініші бойынша оларды бағу мен пайдалану үшін қажетті жағдайы бар адамды іздеп табуды және жануарды беруді жергілікті атқару органы жүзеге асырады. Бұл адам бағуында болған жануарларды меншігіне алудан бас тарқан жағдайда олар коммуналдық меншікке түседі және тиісті жергілікті атқару органы белгілейтін тәртіп бойынша пайдаланады.
Көмбе, яғни жерге көмілген немесе басқа әдіспен жасырылған, меншік иесін анықтау мүмкін болмайтын немесе заңдарға сәйкес оларды құқығынан айырылған ақша немесе өзге де бағалы заттар. Тарих және мәдени ескерткіштеріне жататын заттардан тұратын көмбе табылған ретте олар Қазақстан Республикасының меншігіне берілуге тиіс. Бұл орайда ондай көмбе табылған жер учаскесін пайдаланушы немесе қозғамайтын мүлікті менідіктеуші және көмбені тапқан адам осы көмбе қүқығының елу процентін немесе сыйақы алуга құқылы.
Мемлекет меншігіне мемлекетке өсиеттелген және мұрагерсіз қалған мүлік өтеді. Мемлекеттік меншіктің пайда болуын жолдарының бірі бағалы қағаздарды (облигация, банк сертификаты, конасамент, акция) шығару. Заттай - ақшалай ұтыс лотереяларды шығарып ойнату акциондарда өткізу болып табылады.
2. Мемлекеттік кәсіпорын мүліктерін құқықгық реттеу тәртібі.
Күрделі меншік иелері - мемлекет жалпылай қоғамдық ұйымдар, басқа да меншік иелері өздеріне тиісті мүліктер негізінде шаруашылық жүргізу үшін жеке құқықтық тұлғалар құрады. Шаруашылық жүргізу құқығы мүліктің мемлекеттен меншік иесі ретінде алған және бүл мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету кұқықтарын заң қүжаттарынан белгіленген шекте жүзеге асыратын мемлекет заттық құқық болып табылады.
Иелену құқығы дегеніміз - мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету.
Пайдалану құқығы дегеніміз - мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудан, сондай - ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі.
Пайда, кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге нысандарда болуы мүмкін.
Билік ету құқығы дегеніміз - мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі.
Шаруашылық жүргізудің обьектісі, егер заңдарда өзгеше көрсетілмесе кез - келген мүлік бола алады.
Мүлікті кұрылып үлгерген мемлекеттік кәсіпорынға бекіту меншік иесі шешім қабылдаған мүлікке қатысты шаруашылық жүргізу қүқығы, егер зандарда немесе меншік иесінің шешімінде өзгеше белгіленбесе, бүл кәсіпорында мүлікті кәсіпорынның дербес балансына бекіткен кезде пайда болады.
Шаруашылық жүргізудегі мүлікті пайдаланудын жемістері, өнімі, кірісі сондай - ақ кәсіпорын шарттар немесе өзге де негіздер алған мүлік меншік құқығын алуға арналған зандарда белгіленген тәртіп бойынша кәсіпорының шаруашылық жүргізуіне келіп түседі.
Мүлікке шаруашылық жүргізу құқығы меншік құқығын тоқтатуға арналған заңдарда көзделген негіздер мен тәртіп бойынша сондай - ақ меншік иесінің шешімімен кәсіпорыннан мүлік зақды жолмен қайтарылып алынған реттерде тоқгатылады.
Шаруашылық жүргізудегі мүліктің меншік иесі заң күжаттарына сәйкес кәсіпорын қүру, оның қызметінің мәні мен мақсаттарын белгілеу, оны қайта құру мен тарату мәселелерін шешеді, кәсіпорынға тиесілі мүліктің өз мақсатында пайдалануымен сақталуына бақылау жасауды жүзеге асырады.
Меншік иесі өзі құрған кәсіпорынның шаруашылық жүргізудегі мүлікті пайдалануынан келтірілген пайданың бір бөлігін алуға құқылы.
Қызметін шаруашылық жүргізу құқығында жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген мемлекеттік органының келісімінсіз кәсіпорын кәсіпкерлік қызметтің мына түрлерін жасауға:
Біріншіден, өзіне тиесілі үйлерді, қүрылыстарды, жабдықты және кәсіпорынның басқа да негізгі қорларын өзге адамдарға сатуға және беруге, айырбастауға, ұзақ мерзімді (үш жылдан бастап) жалға беруге, уақытша тегін пайдалануға беруге;
Екіншіден, филиалдар және еншілес кәсіпорындар құруға, жеке кәсіпкерлермен бірге кәсіпорындармен бірлескен өндірістер құруға, оларға өзінің өндірістік және ақша капиталын салуға;
Үшіншіден, жеке кәсіпкерлерге қарыз беріп, олар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен пайыз ставкасынан төмен процентпен төлетіп алуға құқығы жоқ.
Оралымды басқару құқығы меншік иесінің қаражаты есебінен қаржыландыратын мекеменің меншік иесінен тірлік алған және өз қызметінің мақсатына меншік иесінің тапсырмаларына және мүліктің мақсатына сәйкес заң құқықтарымен белгіленген шекте сол мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асыратын қазыналық кәсіпорындардың заттық қүқығы болып табылады [3] .
Оралымды басқарудағы мүлікті меншіктеуші заң құжаттарына сәйкес мекеме немесе қазыналық кәсіпорын құру, оның қызметінің мәні мен мақсаттарын белгілеу мәселелерін шешеді, мекеменің немесе қазыналық кәсіпорынның заң жүзіндегі тағдырын, оның қызметінің мазмұнын белгілеуге құқығы бар.
Меншік иесі мекеменің немесе қазыналық кәсіпорынның меншік иесі берген мүлікті тиімді пайдалануы мен сақтауына бақылау жасауды жүзеге асырады.
Мекемені бірнеше меншік иесі құрған жағдайда, олардың арасындағы қатынастар мен меншік иелерінің өз мүлкіне билік жүргізу құқыктары құрылтай шартымен немесе сол сияқты келсіммен бекітіледі.
Мекеменің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және оған смета бойынша белгіленген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен айыруға немесе өзгеше әдістер оған билік етуге құқығы жоқ.
Егер құрылтай құжаттарына сәйкес мекемеге берілген, ондай қызметтен алынған табыстар және сол табыстардың есебінен сатып алынған мүлік мекеменің дербес билігіне беріледі және жеке баланыста ескеріледі.
Қазыналық кәсіпорын өзіне бекітіліп берілген мүлікті сол меншік иесінің келісуімен ғана иеліктен айыруға немесе оған өзгеше әдіспен билік етуге құқылы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz