Оңтүстік Қазақстанда 1920-30-шы жылдары жүргізілген саяси қуғын-сүргін



КІРІСПЕ
ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Диссертациялық зерттеу Оңтүстік Қазақстанда 1920-30-шы жылдары жүргізілген саяси қуғын-сүргін тарихын зерттеуге арналған. Еңбекте әкімшіл-әміршіл тоталитарлық мемлекет жүзеге асырған зұлматтың себептері талданыла келе, оның алғышарттарының Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында-ақ қалыптаса бастағаны дәлелденеді. Өйткені, осы тұста Кеңестік биліктің идеологиялық әсер ету органдары мен жазалау аппараттары қалыптаса бастаған болатын. Төтенше Комиссия -Мемлекеттік Саяси Басқарма - Біріккен Мемлекеттік Саяси Басқарма - Ішкі Істер Халық Комиссариаты түріндегі жазалау органдарына берілген өкілеттіліктер, олардың ешбір жауапкершілікті сезінбей-ақ талай шектен тыс шешімдерді жүзеге асыруына мүмкіндік берді. Жаппай саяси репрессиялар «социализмді құрудың үштікбірліктегі міндеттері» - индустрияландыру, ауыл шаруашылығын ұжымдастыру және мәдени революция жасауды жариялағаннан кейін кең етек ала бастады. Саяси репрессияларды қолданудың шыңы 1937-1938 жылдар аралығына келгені белгілі. Осындай нәубетті саясатты жүргізу барысында Оңтүстік Қазақстан облысындағы барлық дерліктей обком мен ауком хатшылары және облатком мен ауатком төрағалары Ішкі Істер Халық Комиссариаты органдарының құрығына түсті. Әрине, репрессияның қылбырауынан аталған топтың басқаларының да аман қалмағаны белгілі. Зерттеу жұмысында осы және басқа да тарихи құбылыстардың себеп-салдары ғылыми тұрғыда қарастырылады.
Диссертациялық зерттеу тақырыбының өзектілігі. 1991 жылдың 16 желтоқсаны – бірнеше ұрпақтардың армандаған мақсатының жүзеге асқан күніне айналды. Бұл күн Қазақстанның толық құқылы субъектілігін рәсімдеген тарихи оқиға дәрежесіне тең.
Қазақстан Республикасының Конституциясы еліміз қызметінің негізгі қағидаларының бірі ретінде қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты жария етті. Қазақстан Республикасындағы қоғамның саяси жүйесін реформалау бағыты тұтастай алғанда әлеуметтік-саяси үрдістердің демократиялық құрылымға көшуіне жағдай жасады. Қазақстан Республикасы Президентінің лауазымына ресми кірісу рәсімінде сөйлеген сөзінде Н.Ә. Назарбаев: «Ең бастысы – біз татулық пен бірлікке негізделген тәуелсіз мемлекет орнаттық. Ортақ мақсат жолында ынтымағы мен берекесі жарасқан біртұтас ұлт болып қалыптастық. Әлемдік өркениеттің ең биік талаптарына сай жаңа қоғам құрдық» – деген болатын [1].
Бұл үдерісті демократиялық транзит ретінде анықтай отырып, сонымен қатар осыған дейінгі қоғамның даму кезеңдерін зерттеудің өзектілігін ұмытпағанымыз абзал. Себебі, өткен ХХ ғасырдың 20-30 жылдары кеңес өкіметі сырт көрінісінде «социалистік-демократиялық» жүйені қалыптастыруға тырысқандай болып көрінгенімен шын мәнінде тоталитарлық қоғам құруға негізделгендігін анықтауға болады. Негізінде, жалпы ұлттық келісім саясатын бүгінгі күннің ағымы контекстінде ғана емес, сонымен қатар тоталитарлық жаппай қуғын-сүргін саясаты позициясымен салыстыра отырып бағалау орынды.
Жалпы ұлттық келісім саясаты тоталитарлық жаппай қуғын-сүргін саясатына түбірінен қарама-қайшылықта. Мұның екіншісі қоғам өмірінде жоғарыдағылардың көз-қарасын жалпы халыққа барлық тәсілдермен күштеп таңып, оларды жеке көзқарастарынан айнуына мәжбүр етеді,сонымен қатар басқа идеялық тұғырдағы өкілдердің көзін жою әрекеттеріне дейін барады.
1 Егемен Қазақстан. - 2006. - 12 қаңтар.
2 Жаманкулов А. Опыт перехода казахских шаруа к оседлости. 1917-1937 гг. - Алма-Ата, Казахстан, 1969.
3 Жумабеков Ж. Ленинской дорогой. - Алма-Ата: Казахстан, 1973. - 287 с.
4 Тұрсынбаев А. Победа колхозного строя в Казахстане. - Алма-Ата: Казгосиздат, 1957. – 326 с.
5 Голинков Д.Л. Крушение антисоветского подполья в СССР (1917-1925 гг.) - М.: Политиздат, 1975. - 703 с.
6 Победа Великой Октябрьской социалистической революции в Туркестане. Сборник документов. – Ташкент: Госиздат УЗССР, 1947. - 230 с.
7 Мажитов С.Ф. Қазақстандағы халық-азаттық қозғалыстарды зерттеудегі ақиқаттың бұрмалану себептері // Отан тарихы. 2006. - № 2. - 19-б.
8 Қойгелдиев М. Ұлттық саяси элита. Қызметі мен тағдыры (ХVІІІ-ХХ ғғ.) Зерттеулер. - Алматы : Жалын, 2004. – 400 б.
9 Омарбеков Т. Зобалаң (Күштеп ұжымдастыруға қарсылық): Оқу құралы. – Алматы: Санат, 1994. - 272 б.
10 Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. – Алматы: Ататек, 1995. - 256 б.
11 Абылғожин Ж.Б. Қозыбаев М.К. Алдажұманов К.С. Коллективизация в Казахстане: Трагедия крестьянства. - Алма-Ата, Ғылым, 1992. - 358 с.
12 Стефан Куртуа, Николя Верт, Жан-Луи Панне, Анджей Пачковский, Карел Бартошек, Жан-Луи Марголен. Черная книга коммунизма. Преступление, террор, репрессии. Перевод с франц. – Москва: «Три века истории», 1999. - 708 с.
13 Ғали Ә.Б. Голод в Казахстане: 1932-1933 // Арай-Заря. – 1989. - № 11. – С. 12-13; Ғали Ә.Б. Ашаршылық пен қуғын-сүргінді шатастырмау керек // Айқын. 2008. – 28 мамыр; Ускембаев Қ.С. Ә.Ә. Ермековтің қоғамдық-саяси және ағартушылық қызмет (1891-1970 жж.). - Қарағанды: МББҚБА және ҚДИ баспасы, 2003. - 277 б.
14 Политические репрессии в Казахстане в 1937-1938 гг. Сборник документов. – Алматы: Казахстан, 1998. - 336 с.
15 Қазақстанның халық комиссарлары. 1920-1946: Өмірбаяндық анықтамалық / Ред. Нәрікбаев М.С. (жауапты), Дегітаева Л.Д., Грибанова Е.М., құраст: Жақыпов М.Х., Зұлхашева А.С., Ипмағамбетова А.Н. (жауапты), Чиликова Е.В. - Алматы: Қазақ гуманитарлық заң университетінің баспасы, 2004. - 499 б.
16 Саяси қуғын-сүргіндер: шындық пен қауесет. Құжаттар жинағы. – Шымкент, «Ғасыр-Ш» баспасы, 2003. - 180 б.
17 ЖОӘМ 10 - қор, 1- тізбе, 76 - іс, 1-2 - п.п.
18 Еңбекші қазақ. 5 қыркүйек 1928 жыл.
19 ҚОӘМ 6 - қор. 1 - тізбе. 13 - іс. 40-41 - п.п.
20 ҚОММ. 2 - қор. 2 - тізбе. 2 - іс. 170 - п.
21 Известия ЦК КПСС 1989 № 10 с82.
22 ҚРПМ 708 - қор, 1 - тізбе, 53 - іс, 112 - п.
23 ОҚОММ 759 - қор, 6 - тізбе, 351- іс, 25 - п.
24 ҚОӘМ 268 - қор, 1 - тізбе, 10 – іс.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Оңтүстік Қазақстанда 1920-30-шы жылдары жүргізілген саяси қуғын-сүргін

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Диссертациялық зерттеу Оңтүстік
Қазақстанда 1920-30-шы жылдары жүргізілген саяси қуғын-сүргін тарихын
зерттеуге арналған. Еңбекте әкімшіл-әміршіл тоталитарлық мемлекет жүзеге
асырған зұлматтың себептері талданыла келе, оның алғышарттарының Кеңес
үкіметінің алғашқы жылдарында-ақ қалыптаса бастағаны дәлелденеді. Өйткені,
осы тұста Кеңестік биліктің идеологиялық әсер ету органдары мен жазалау
аппараттары қалыптаса бастаған болатын. Төтенше Комиссия -Мемлекеттік Саяси
Басқарма - Біріккен Мемлекеттік Саяси Басқарма - Ішкі Істер Халық
Комиссариаты түріндегі жазалау органдарына берілген өкілеттіліктер, олардың
ешбір жауапкершілікті сезінбей-ақ талай шектен тыс шешімдерді жүзеге
асыруына мүмкіндік берді. Жаппай саяси репрессиялар социализмді құрудың
үштікбірліктегі міндеттері - индустрияландыру, ауыл шаруашылығын
ұжымдастыру және мәдени революция жасауды жариялағаннан кейін кең етек ала
бастады. Саяси репрессияларды қолданудың шыңы 1937-1938 жылдар аралығына
келгені белгілі. Осындай нәубетті саясатты жүргізу барысында Оңтүстік
Қазақстан облысындағы барлық дерліктей обком мен ауком хатшылары және
облатком мен ауатком төрағалары Ішкі Істер Халық Комиссариаты органдарының
құрығына түсті. Әрине, репрессияның қылбырауынан аталған топтың
басқаларының да аман қалмағаны белгілі. Зерттеу жұмысында осы және басқа да
тарихи құбылыстардың себеп-салдары ғылыми тұрғыда қарастырылады.
Диссертациялық зерттеу тақырыбының өзектілігі. 1991 жылдың 16 желтоқсаны
– бірнеше ұрпақтардың армандаған мақсатының жүзеге асқан күніне айналды.
Бұл күн Қазақстанның толық құқылы субъектілігін рәсімдеген тарихи оқиға
дәрежесіне тең.
Қазақстан Республикасының Конституциясы еліміз қызметінің негізгі
қағидаларының бірі ретінде қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты жария
етті. Қазақстан Республикасындағы қоғамның саяси жүйесін реформалау бағыты
тұтастай алғанда әлеуметтік-саяси үрдістердің демократиялық құрылымға
көшуіне жағдай жасады. Қазақстан Республикасы Президентінің лауазымына
ресми кірісу рәсімінде сөйлеген сөзінде Н.Ә. Назарбаев: Ең бастысы – біз
татулық пен бірлікке негізделген тәуелсіз мемлекет орнаттық. Ортақ мақсат
жолында ынтымағы мен берекесі жарасқан біртұтас ұлт болып қалыптастық.
Әлемдік өркениеттің ең биік талаптарына сай жаңа қоғам құрдық – деген
болатын [1].
Бұл үдерісті демократиялық транзит ретінде анықтай отырып, сонымен қатар
осыған дейінгі қоғамның даму кезеңдерін зерттеудің өзектілігін
ұмытпағанымыз абзал. Себебі, өткен ХХ ғасырдың 20-30 жылдары кеңес өкіметі
сырт көрінісінде социалистік-демократиялық жүйені қалыптастыруға
тырысқандай болып көрінгенімен шын мәнінде тоталитарлық қоғам құруға
негізделгендігін анықтауға болады. Негізінде, жалпы ұлттық келісім саясатын
бүгінгі күннің ағымы контекстінде ғана емес, сонымен қатар тоталитарлық
жаппай қуғын-сүргін саясаты позициясымен салыстыра отырып бағалау орынды.
Жалпы ұлттық келісім саясаты тоталитарлық жаппай қуғын-сүргін саясатына
түбірінен қарама-қайшылықта. Мұның екіншісі қоғам өмірінде жоғарыдағылардың
көз-қарасын жалпы халыққа барлық тәсілдермен күштеп таңып, оларды жеке
көзқарастарынан айнуына мәжбүр етеді,сонымен қатар басқа идеялық тұғырдағы
өкілдердің көзін жою әрекеттеріне дейін барады.
Өзіміздің кеңестік өткенімізді біз ұзақ уақыт бойы біржақты идеологиялық
негізде құралып, өмір нақтылығы жасырылынып келген мемлекеттік және
қоғамдық саясат арқылы бағалап келдік. Шындыққа жүгінсек, сол кездегі
болған оқиғалардың барынша боямаланып, бет-перде жабылғаны анық. Соның бірі
– жаппай саяси қуғын-сүргін проблемасы. СОКП ХХ съезінен кейін ол туралы
шындық сәл ашылғандай болғанымен, тез-ақ қайта жабылған құпиялық пердесі
оны жамағатқа жеткізбеді. Қазіргі кезде бұл құбылысты жалпы және жалқы
тұрғыда, нақтылы фактілер арқылы қарастыру мүмкіндігі қамтамасыз етіліп
отыр.
Қазақстан Республикасының көп ғасырлық тарихы мен жерінің кең-
байтақтылығы, оның жекелеген өңірлерін бөлекше қарастыруға объективті негіз
болары анық.
Өңірлік тарихи зерттеудің сонымен қатар қоғамдық сананы қалыптастырудағы
маңызы зор, өйткені ол жеке адамдарға және әртүрлі деңгейдегі әлеуметтік
қауымдастық мүшелеріне, жаһандық қоғамдық процестерді, олар өздері көріп-
біліп жүрген жергілікті деңгейдегі тарихи құбылыстар арқылы түсінуіне
мүмкіндік береді.
Саяси-тарихи тұрғыдан қарай отырып, өңірдің ХХ ғ. басында Ресей
империясы Түркістан генерал-губернаторлығының Сырдария облысына қарағанын,
Қазан төңкерісінен кейін осы аттас облыс болып, алғашында РКФСР-ға кірген
Түркістан АКСР-інің құрамында, кейіннен КСРО құрамындағы ҚазАКСР-інде, ең
соңында КСРО құрамындағы Қазақ КСР -і құрамында болғанын айтуға болады.
Тиісінше әкімшілік-территориялық қатынаста да атаулар кезегімен өзгертілді
- Сырдария облысы, осы аттас округ (округтік бөлініс кезінде), ары қарай
Оңтүстік Қазақстан облысы, одан, жеке бірліктер ретінде 1938 жылы
Қызылорда облысы және 1939 жылы Жамбыл облысы бөлінеді. Жалпы, бізге дәл
саны мәлім емес Амудария мен Закаспий облыстары қазақтарын қоспаған күннің
өзінде, Түркістан генерал-губернаторлығы құрамында Қазан төңкерісі
қарсаңында 2 665 441 қазақ өмір сүрген. Қазақ жерлерінің қайтадан бірігуі
нәтижесінде республика аумағы 700 мың шаршы км-ге жуық, яғни үштің біріне
ұлғайып 2,7 млн. шаршы км болды, ал 1926 жылғы халық санағы бойынша
қазақтардың саны 3 627 612 адамға жетіп, республика халқының 23-сіне
жуықтаған (58,5%) еді. Бұл арада Кеңес үкіметі орнағаннан кейінгі небары 8-
9 жыл аралығындағы аласапыранда аталған өңір халқының қосқан үлес салмағы
қарапайым есептеулер тұрғысынан қарастырғанның өзінде (1917 жылы тек
Түркістанда ғана 2 665 441 қазақ болса, 1926 жылғы санақ бойынша осыған
тұтас ел бойынша, шамамен 1 000 000 қазақ қосылған) ойсырап-ақ қалғандығына
мән беруге болады. Дегенмен, осы сандық көрсеткіштер арқылы-ақ Түркістан
өңірінде болып өткен оқиғалардың қазақ қоғамына тигізер ықпалын пайымдау
қиын емес. Әрине, құбылмалы, тұрақсыз саяси жағдайға қатаң қысы мен
құрғақшылығы қосымша болған 1917 жыл мен азамат соғысындағы дүрбелең және
одан кейінгі 20-жылдардағы таптар мен саяси күштердің қарама-қайшылықтары
Түркістан қазағына жеңіл тиген жоқ.
Тұрғылықты халықтың басым көпшілігінің шаруашылық жүргізуі мен тұрмыс
құруы көшпелі сипат алып, өзіне тән ерекшеліктері болған Қазақстанда Кеңес
өкіметі орнағаннан кейін жүргізілген әлеуметтік және экономикалық-саяси
эксперименттердің жан түршігерлік зардаптары болды. Мәселен, репрессия
шаралары алдымен және бірнеше дүркін (1918-1921, 1927-1932, 1937-1938) Алаш
зиялыларын қамтыды. Өйткені большевиктік билік қазақ қоғамындағы
потенциалды оппозициялық күш зорлықпен басылып тасталынған ұлт-азаттық
қозғалыс басшылары мен белсенділері екендігін жақсы түсінген еді.
Халықтың ауыр жағдайы, олардың күйзеліс пен ашаршылыққа ұшырауы
республикадағы көптеген ұлт зиялыларының және халық тағдырына жаны ашитын
барлық адал адамдардың ашу-ызасы мен қарсылық-наразылығын тудырды. Алайда,
қаһарына мініп келе жатқан кеңестік репрессиялық аппарат оларды барынша
тұқыртып ұстауға негізделген болатын.
Зерттеліп отырған кезеңдегі Қазақстанның саяси тарихы үшін сол кездегі
қалыптасқан және алмасып отырған жағдайдағы әрекет еткен саяси күштердің
ерекшеліктерін анықтаудың да маңызы зор.
Өңірдің экономикалық маңыздылығы, оның төңкеріске дейін де, төңкерістен
кейін де үнемі дамып отырғандығында еді, осыған сәйкес қоғамның әлеуметтік
құрылымы да өзгеріп отырды - қала халқының, жұмысшы табының, гуманитарлық
және ғылыми-техникалық интеллигенцияның саны өсті. Өңірдегі өзіндік
ерекшелік ретінде, ұлттық - территориялық межелеудің нәтижесінде өңірдің
Қазақ АКСР-і құрамына кіргеннен кейінгі кезеңдегі партия - кеңес элитасын
ротациялауды, яғни Оңтүстік Қазақстанның өкілін республикалық басшылық
органдарын алып (кіріктіріп), Оңтүстікке басқа өңірдің басшы кадрларының
жіберілуін айтуға болады. Бұл жағдай 1930 - жылдардағы оқиғалар барысында
көп кесапатқа себеп болған еді. Әрине, ұлтымыздың игі-жақсыларын баудай
түсірген 1937-1938 жылдардағы нәубеттің себебі тек осы ерекшелікпен
шектелмейтіні белгілі. Аталған тақырыпты сонымен қатар сол кездегі
қоғамдағы өзгерістерге ұшыраған басқа да мәселелер аясында қарастыру орынды
болмақ. Бұл және басқа да Қазақстандағы жаппай саяси қуғын-сүргін
мәселелері – қазіргі жағдайда тосын жаңалық емес, дегенмен осы мәселені
өңірлік екшеуленуіне байланысты зерттеу оның өзектілігінің ешқашан
жоғалмайтындығының белгісі болса керек.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. 1920-1930-шы жылдар аралығында Оңтүстік
Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін мәселесіне байланысты бүгінгі қоғамдық
өмір сұранысына сай зерттеулер тек Отанымыз тәуелсіздік алғаннан кейінгі
уақытта ғана жарық көре бастағандығын айта аламыз.
Осы орайда аталған жылдар аралығындағы оқиғаларға байланысты, кеңестік
тарих ғылымында, қалыптасып келген шындықты айтуға тыйым салу әдісіне
сәйкес, сол дәуірдің тарихи еңбектерінде қазақ халқының басынан кешкен
қасіреттерін асыра сілтеу, колхоз құрылысындағы партия жолын
бұрмалаушылық деп түсіндіру әдетке айналған еді.
Шын мәнінде кеңес қоғамындағы әлеуметтік-саяси өзгерістер Қазан
төңкерісінен кейін қалыптасқан тоталитарлық жүйенің қыспағымен, халықтың
белгілі бір бөлігін құрбан ету арқылы жүзеге асырылған болатын. Осы
мәселені, яғни, ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы саяси тарихты зерттеуге
деген қоғамдық қызығушылық осы тұрғыдағы арнайы тарихи әдебиеттердің де
барынша көбеюіне ықпал етті. Олар негізінен индустриализациялау, ауыл
шаруашылығын ұжымдастыру мәселелеріне арналып, осыған байланысты өңірдегі
мәселелер де, яғни отырықшылыққа көшу, ірі бай шаруашылықтарын кәмпескелеу,
кулактарды тап ретінде жою және ең соңында ауылдағы социализмнің тірегі
ретіндегі колхоздар мен совхоздардың құрылуы да қарастырылған еді.
Көптеген миллион халқы бар КСРО үшін, олардың көпшілігі ауылдарда
тұрғандықтан аграрлық мәселенің дұрыс шешілуі үлкен маңызға ие болатын,
тіпті бұл проблема барлық посткеңестік кеңістік үшін қазір де маңызын
жоғалтпағаны белгілі.
Кеңестік кезеңде аграрлық мәселенің шешілуі жер туралы Декреттен
басталып, алғашында шаруаларға жер бөлініп берілсе, кейіннен ешбір жағдай
жасалынбай ұжымдастыруға көшумен жалғастырылды, бұл арқылы жерге жеке
меншік, кооперативтік меншікке айналдырылған еді. Әрине , бұл орайдағы
мәселенің шешілуі репрессиялық іс-шаралар қолданусыз бітпегені анық. Осы
тұрғыда, аграрлық, соның ішінде негізінен, ұжымдастыру кезеңіндегі
проблемаларды шешу мәселесіне арналған тарихнаманың бірнеше қырларын
қарастыру маңызды сияқты.
Кеңестік тарихнамада ауыл шаруашылығын ұжымдастырумен аяқталған аграрлық
мәселенің шешімі БК(б)П-ның қателіксіз саясатының жеңісті жемісі ретінде
қарастырылады. Сол кезеңдегі зерттеушілердің негізгі мақсаты социалистік
қайта құрулардың жағымды жақтарын теріп көрсету болса керек. Кемшіліктері
не тіптен айтылмады, не жадағай айтылып, тағы да осы қателіктерді дер
кезінде көріп, оны тез түзей алған партия басшылығының кемеңгерлігі
мадақталды. Осылай, қателіктердің өзін жеңіске айналдыру (инверсиялау)
дағдысы кеңестік тарихнамаға тән екендігі анық болатын. БК(б)П-ның аграрлық
саясаты көптеген зерттеуші – тарихшылардың, соның шінде, негізінен, партия
тарихшыларының еңбектерінде көптеп қарастырылды.
Бұл тұрғыдағы негізгі қомақты еңбектердің қатарына (алғашқысы етіп)
көптомдық КОКП тарихын жатқызуға болады. Оның – Орта Азия республикалары
мен Қазақстандағы ауыл шаруашылығы саласындағы социалистік қайта құрулар
атты жеке бөлімінде әртүрлі факторлар мазмұндалып, статистикалық мәліметтер
беріледі, ұжымдастырудың негізгі кезеңдері хронологиялық тәртіпте қойылып,
олардың егін, мақта және мал шаруашылығы аудандарындағы ерекшеліктері
айқындалады. Жалпы түрде келеңсіздіктер мен асыра сілтеушіліктер де атап
өтіліп, толық ғылыми объективтілік тұрғысында қарастырылу сыңайы
танытылады.
Қазақстан Коммунистік партиясы тарихы очерктерінде де осы ұстаным
қайталанылғанымен, мұндағы кейбір фактілерге қатысты сыни көзқарастарға да
мән беруге болады. Өкінішке орай республикалық және жергілікті партия мән
кеңес органдары ұжымдастыруды жүргізу кезінде бірнеше қателіктер жіберді.
БК(б)П Қазөлкекомы, жергілікті партия органдарына ұжымдастыруды тездету
туралы директиваларды бірінен кейін бірін жіберіп, оларды, шаруалардың
дайындық деңгейін есепке алмай-ақ, ұжымдастыру қарқынын үдете түсуге
бағыттады.
Республиканың бірқатар басшы кадрларының (Ф.И. Голощекин,
І.М. Құрамысов және т.б.). 1929 жылдың соңы мен 1930-жылдардың басындағы
сөздерінде елдің орталық аудандарынан қалыспауға тырысу көрінген еді.
Жергілікті жағдайды білмей тұрып республиканың жеке округтары мен
аудандарына бақылау цифрлары қойылды. Өз сөздерінің бірінде
Ф.И. Голощекин: Мен бізде КСРО-ның басқа аудандарына қарағанда колхоз
құрылысы баяу жүреді деген пікірге жолықтым. Мен ондай пікірді дұрыс емес
деп санаймын,-десе, І.М. Құрамысов одан да асып түсіп: Қазақстанның артта
қалған аумақ екендігіне қарамай, бүгінгі күнгі ұжымдастыру қарқыны өте
жоғары, бұл тұрғыда біз Одақтың алдыңғы қатарлы деген облыстарын басып
озамыз, - деп даурықты. Осындай ықпалдың арқасында республиканың барлық
аудандарын ұжымдастыруды қамту туралы қаулы қабылданған еді.
Азаматтық тарих бойынша ұжымдық еңбектердің де бағыт-бағдары мен мазмұны
осыған ұқсас болды. Қазақ КСР тарихында ұжымдастыруды тек лениндік
принципті қатал ұстана отырып, көшпенді халықтың шаруашылығы мен
тұрмысындағы барлық ерекшеліктерді ескергенде ғана, Қазақстандағы ауыл
шаруашылығын социалистік қайта құру жолындағы қиындықтарды жеңу мүмкін
болар еді, - делінген. Ұжымдық еңбектердегі ұстанымдар негізінде жеке
зерттеушілердің де позициялары қалыптасқан еді. Бұған мысал ретінде А.
Жаманкұловтың [2], Ж. Жұмабековтың [3], Ә. Тұрсынбаевтың [4] және т.б.
еңбектерін жатқызуға болады. Олардың жалпы бағыт-бағдары ұжымдастырудың
дұрыстығын дәлелдеуге сайып, іс жүзінде оны жүзеге асыру шараларының
қажеттігі негізделеді, ұжымдастырудың қоғам өміріне тигізер игі ықпалы
туралы көп айтылады.
Кеңестік кезең тарихнамасының ең бір мән берерлік ерекшелігі, ондағы
нақты тарихи фактілердің барынша елеп-екшеленуі еді. Іс жүзінде, бұл барлық
тарихи фактілерден тек үстем идеологияға сәйкес келетіндерінің ғана таңдап
алынып, талданылып және тұжырымдалғаннан кейін ғана мақалалар және
монографиялар түрінде жарыққа шығарылатындығын білдіретін.
БК(б)П мен Қазақстан К(б)П-дағы жалпы жағдайды қайта қарап шығу
мақсатында орталық партия және кеңес органдарының материалдары
пайдаланылды. Осы және басқа да партия құжаттарының көптеп пайдаланылуы
КОКП және Қазақстан Компартиясы тарихының, отан тарихының құрамдас бөлігі
екендігіне негізделеді.
Негізгі, мейлінше мол ақпарат көздері ретінде, сайлау органдары мен
олардың облыстық және қалалық деңгейдегі бөлімшелерінің конференциялары мен
пленумдарының хаттамаларын айтуға болады. Репрессиялық іс-шараларға тікелей
қатысы болмағанымен, бұл құжаттар қоғамда болып өткен процестерді, және осы
процестердің басқарушы партия билігінің сақталуы мен нығаюы үшін,
репрессиялауға көшуге қалай жағдай жасағанын айтатындай. Оларда тұнып
тұрған тарихи фактілер, бір жағынан шынайы болған істі көрсетсе, екінші
жағынан сол оқиғаларды бүгінгі күн тұрғысынан объективті талдауға мүмкіндік
береді.
Партиялық құжаттардың келесі бір маңызды тобы жекелеген партия
мүшелерінің істерін топтап, яғни - тазалау, шығару және аппеляция бойынша
жеке қарастыру болып табылады. Әртүрлі ақпараттық мәліметтерге толы мұндай
жеке қарастырулар - жан-жақты жазылған тазалау хаттамаларынан бастап,
аппеляцияны қараудың қысқаша хаттамаларына дейін, және тіпті де қысқа, тек
партиядан шығару туралы қаулы жазылған хаттамалар, сол кездегі
ішкіпартиялық жағдайдан мол мағлұматтар беріп тұр.
Жеке қарастырулардың келесі, ақтау бөлігі, зерттеудің хронологиялық
ауқымынан тыс жатқандықтан, шектеулі деңгейде ғана пайдаланылды. Оның
үстіне олардың берер ақпараты да мардымсыз келіп, тек айыптау үкімдерінің
өңін айналдырып берумен шектелген. Яғни, айыптау үкімдері қандай дәлелсіз
және түсініксіз құрылса, реабилитациялық қаулылар да дәл солай бұл
айыптауларды теріске шығарады.
Социалистік қайта құруларды тездетіп жүргізудің тактикалық құралы
ретінде, тікелей жаппай саяси репрессиялар қолдануды жүзеге асыру бағыты
туралы тарихнама салыстырмалы түрде көп емес.
Кеңес зерттеушісі Д.Л. Голинковтың кең көлемді монографиясында, алғашқы
төтенше шешімдердің, қорқыту мен үркітулердің және атып - асудың Кеңес
үкіметі өмір сүруінің алғашқы күндерінен-ақ басталғаны айтылады. Мұндай іс-
шараларды Гельсингфорс моряктары мен Финлянд полкі солдаттары, бірінші
қолданып, соңғылары Васильев аралын қоршауда деп жариялап, оған
жақындағандарын ескертусіз атып тастайтындықтарын айтқан болатын. Сәл
кейінірек бұл, тонауларға қарсы күрес комитеті ретінде заңдастырылып, оны
басқарған В. Бонч-Бруевич, князь К.В. Кекуатов басқарған алғашқы
контрреволюциялық бүлікті ашқан болатын [5].
Одан кейін бүкілресейлік үкімет мекемелері шенеуніктері көтерілісінің
дайындалуы жағдайында В.И. Ленин Ф. Дзержинскийге контрреволюция мен
саботажға қарсы күрес үшін Төтенше комиссия (ТК) құру туралы Декрет
дайындауды ұсынады. Осылай 1918 жылдың қыркүйегінде қанқұйлы Қызыл террор
да басталып кеткен еді.
Бұл еңбекте хронологиялық дейектілік сақталғанымен автор қарқын алып
келе жатқан кеңестік жазалау машинасының әрбір қанкұйлы қадамына желеу
табуға тырысып бағады. Әрине, кеңестік дәуірде мұндай көзқарас бұл
монография жазылғанға дейін де, одан кейін де болғаны түсінікті. Дегенмен
Р. Арипов пен Н. Мильштейннің Из истории органов госбезопасности
Узбекистана. Документальные очерки истории 1917-1930 гг. атты еңбегінде
Қызыл террордың тағы бір маңызды салдары ретінде БТК түріндегі репрессивтік
органдардың бұрын ол болмаған аймақтарда құрылуы айтылады [6]. Яғни, РКФСР
ХХК-нің Қызыл террор туралы Қаулысына сәйкес Түркістан республикасының
ОАК-і мен ХКК-сі 1918 жылдың 5 қыркүйегінде барынша кеңейтілген
өкілеттіліктерімен Төтенше тергеу комиссиясы құрылған еді [6, с.53].
Аталған еңбекте Азамат соғысындағы жеңіліс оппозициялық саяси партия
өкілдерінің саяси аренадан кетуіне әкеліп соқты делінеді. Дегенмен,
Түркістан республикасы ТК(ЧК)-сы 1920 жылы Әулиеатадағы оңшыл-эсерлер
ұйымын анықтап,олардың: большевиктерге қарсы ұйым құрып жатқандығын;
ұйымның Англиямен байланыста екендігін; кеңес Депутаттары мүшелерін өз
ұйымдарына тартып жүргендігін; үгіт-насихат бөлімінің шаруалардың
жұмысшыларға деген өшпенділігін қоздыруды мақсат еткендігін анықтай отырып,
әрине мұндай революция дұшпандарын талқандады [6, с.127].
Кеңестік қайта құру кезеңінде жарық көрген еңбектерде сталинизмнің
кесапатты жақтарын ашып айтудың жаңадан басталынған кезі болатын. Өзінше
бір топ ретінде мемуар түріндегі жазбаша деректемелер мен көркем әдебиет
шығармаларын айтуға болады. Олардың саны да көп, сапасы да жақсы, әйтсе де
бұл еңбектердің басым көпшілігі автордың жеке көзқарасына
негізделгендіктен, белгілі кемшіліктерсіз де емес.
Кеңестік дәуірден кейінгі тарихнама. 1920-1930-шы жылдар аралығында
Оңтүстік Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін мәселесіне қатысты еңбектердің,
объективті тұрғыдан зерттеле бастауы тек Отанымыз тәуелсіздік алғаннан
кейінгі уақытта ғана мүмкін болды. Өйткені, профессор С.Ф. Мажитовтың
пайымдағанындай, бодандық кезеңдегі империялық үстемдік пен тоталитарлық
режим кесірінен, ұлттық тарихнама тізе бүгуге мәжбүр болған еді [7]. Осы
орайда 90-жылдардың әу басының саяси өліарасында жарық көрген ұжымдық
еңбектердің де маңыздылығына мән беруге болады. Нәубет және Новое о
коллективизации о Казахстане жинақтарында қарастырылып отырған мәселенің
ащы шындығы алғаш рет ашылады. Қазақстан халқына орны толмас қасірет пен
қайғы әкелген отызыншы жылдар ойранына байланысты ойтолғаулар Саяси қуғын-
сүргіндер және олардың зардаптары жинағында берілген. Мұжық, солдат біз
большевик дініне кірдік деп қаланы, помещикті, бай мұжықты талап жатыр.
Темір жол тоқтады, астаналар, астық сатып алатын уаляттар, майдандағы әскер
жұтап жатыр. Біздің қазақ жері әзір бұл Россия лаңынан аман, - дей отырып
Алаш азаматарының бірлігін тілеген Ә. Бөкейхан мен большевиктер ұстанған
бағыт Қазақстан емес, тіптен Ресейдің өзіне де азапты болашақ әкелетін
бағыт деп түсінген Алаш қайраткерлері туралы және ұлттық мемлекетті қалпына
келтіру ісіне ғұмырын арнаған М. Шоқай, Т. Рысқұлұлы, С.
Садуақасұлы және басқа да ұлы тұлғалардың қызметі мен тағдыры төңірегінде
[8] профессор М.Қ. Қойгелдиевтің еңбектерінде жан-жақты қарастырылады.
Ғылыми еңбекте алғашында Түркістан АКСР-інің, кейіннен ҚазақКСР-інің
құрамында болған Оңтүстік Қазақстан өлкесіндегі зерттеліп отырған кезеңдегі
оқиғаларға ұлтымыздың тарихи қайраткерлері Т. Рысқұловтың, О.
Жандосовтың, С. Асфендияровтың қатыстылығы тұрғысында нақты талдаулар
жасалынған. Осындай қайреткерлердің қатарында сталиндік режимнің
репрессиялық соққыларынан ұлт аяулыларын сақтауға барлық мүмкіндігін салып,
ең соңында өзі де осы саясаттың құрбандығы болған Л. Мирзоянның да болуы
дұрыс болса керек.
Қарастырылып отырған мәселе сонымен қатар Т.О. Омарбеков [9],
К.Н. Нүрпейісов [10], Ж.Б. Абылғожин, М.Қ. Қозыбаев, Қ.С. Алдажұманов [11],
Ә.Б. Ғали, Қ.С. Ускембаев [12], т.б. еңбектерінде де әр қырынан зерттелген.
Тікелей өңірлік қатыстылығына байланысты біршама еңбектер нақты мағлұматтар
бере алды. Қазақстанға депортациялау арқылы Қиыр Шығыстан келген
кәрістердің және Украинадан келген поляктардың қалай қуғын-сүргінге
ұшырағаны туралы мұрағаттық материалдар да ғылыми жұмысты жазу барысында
пайдаланылды.
Ғылыми жұмысты жазу барысында зерттеу тақырыбына қатысты республикалық
басылымда жарияланған біршама еңбектер пайдаланылды. Шетелдік
зерттеулердің өңір тарихын қалай қарастырғанын Зарубежные исследователи
Средней Азии и Казахстана атты библиографиялық көрсеткіштен білуге болады.
Зерттеліп отырған кезеңге арналған Батыс тарихнамасы, тиісінше, өз
елдерінің әлеуметтік, экономикалық және саяси қажеттіліктеріне сәйкес іс-
әрекет жасағандары анық. Айта кету керек, ағылшын отарлық экспансиясынан
бастап, батыстың ірі державалары Орта Азия өңіріндегі оқиғалар ағымын қалт
жібермей бақылап, бұл жерден не геосаяси одақтасын, не болмаса дәл осындай
дұшпаны барын анықтауға тырысқан еді. Оның үстіне сыртқысаяси экспансиясын
барынша өрістеткен Англия өз отарлық империясының інжу-маржаны –
Үндістаннан қауіп-қатерді неғұрлым алыстатқысы келді. АҚШ, Франция,
Германия, Жапония сынды державалар да Батыс Түркістан (ТүркАКСР) мен Шығыс
Түркістандағы (Қытайдың Шыңжан провинциясы) жағдайларға қатты қызығушылық
білдіріп отырды. Сонымен қатар осылардың барлығы да өздерінің Орта Азия мен
Қазақстандағы ықпалдарын арттыруға тырысқандығы сөзсіз. Мұндай процестер
қазір де жүріп жатқандығы анық, оған мысал ретінде АҚШ пен Ресейдің
халықаралық терроризмге қарсы күрес деген сылтаумен Қырғызстанда әскери
база құрып отырғандығын айтуға болады.
Ал жеке проблемалар бойынша арнайы жұмыстар батыс тарихшыларының қызығу
шеңберін анықтап беретіндей. Бұл еңбектерде өңірдегі жағдайды түбірімен
өзгерткен Қазан төңкерісіне қатысты мәселелер қарастырылған.
АҚШ пен Англия тарихшыларының зерттеулерінде Қазан төңкерісі қатерлі
эксперимент, утопия және бүлік, социализмді құруға дайындықсыз асығу
ретінде көрсетіледі. Пролетариат диктатурасының орнауы басқыншылықпен
теңестіріліп, олардың басты мақсаты ретінде қызыл террорды жүзеге асыруы
айтылса, ал төңкерістің өзі теориялық тұрғыдан алғанда маркстік тұғырнамада
сай келмейтіндігі дәйектеледі. Октябрьді АҚШ-тағы оңшыл социалист
Д. Спарго мен ағылшын журналисі У. Чемберлен осылай түсінді .
Кеңестік тоталитаризмді барынша жіктеп сынаған, англо-американ
тарихшысы Р. Конквест 1926 және 1939 жылдардағы халықтың, шаруа қожалықтары
мен мал басы санағы мәліметтерін салыстыра отырып бұл зұлматқа: ешқашан
ешқандай басқа отаршыл елдің тарихында болып көрмеген адамдардың қасіреті
мен экономикалық құрдымға кетуі, - ретінде баға береді.
Большевиктер зұлматын бүге-шігесіне дейін жіктеп зерттеген француз
авторларының Черная книга коммунизма [13] атты кітабы Кеңестердің құпия
полициясының қанқұйлы әрекеттерін мол мұрағат құжаттары арқылы мәлім ете
отырып, жалпы коммунистік қоғамға лағнет айтатын сияқты. Әрине, қуғын-
сүргін құрбандарының мәңгілік қарғысы осы саясатты жүргізгендер мен
орындаушылардың мойнында екені белгілі. Дей тұрғанмен, жетпіс жылдық
тарихты тек бір ғана (қара) бояумен көрсету де объективті деп айта
алмаймыз.
Жалпы, шетел әдебиетіндегі еліміз тұрғысындағы зерттеулерді
К. Есмағанбетовтың Қазақтар шетел әдебиетінде кітабынан көптеп
кездестіруге болады.
Зерттеліп отырған кезеңнің тарихнамасы эмиграцияда жазылған тарихи
зерттеулерсіз толық болмайтын сияқты. Мұнда, бірінші кезекте ауызға Мұстафа
Шоқай түсері заңды. М. Шоқай өнегесінің құндылығы халқымыздың жүріп өткен
жолын, әсіресе ХХ ғасырдағы тағдырын жаңа көзқарас тұрғысынан қорытуға, сол
арқылы бүгінгі жағдайымызды түсінуге себепші болуында. Сонымен бірге М.
Шоқай есімін ауызға алғанда еріксіз ойға оралатын нәрсе ол - Түркі елі
идеясы, олай дейтініміз, М. Шоқайды тек қазақ жұртына ғана теліп, оның
қызметін тәуелсіз Қазақстанның тарихи мүддесімен ғана байланыстырар болсақ,
онда Мұстафа Шоқай феноменін, ол көтерген мәселені дәл басып түсіндіре
алмаушылыққа ұрынған болар едік. Сонымен қатар қарастырылып отырған мәселе
бойынша бірнеше кандидаттық диссертациялардағы мәліметтер де пайдаланылды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Диссертацияның мақсаты қарастырылып
отырған кезеңдегі жалпы ішкі саяси жағдайларды талдай отырып, жазалау
органдарының қатаң репрессивтік іс-шаралар арқылы орталықтың саяси
бағытымен келіспеушілерді қалай тұқыртып ұстағанын айқындау болып табылады.
Әкімшіл-әміршіл тоталитарлық мемлекет жүзеге асырған коммунистік
идеологияның халыққа аса зор қасіретті зардаптар әкелгені осы өңірдегі
болып өткен оқиғаларға қатысты фактологиялық материалдар арқылы
дәлелденеді. Зерттеліп отырған аймақтың Қазақстанның маңызды бөліктерінің
бірі екендігін есепке ала отырып, осы өңірдегі саяси қуғын-сүргін нәубетін
зерттеу, сол кезде елімізде болып өткен зұлматты процестердің тұрпатын
толықтай дерлік бере алады деуге нақтылы негіз бар.
Осы аталған мақсаттарға байланысты зерттеу жұмысының алдына қойған
міндеттері:
- Оңтүстік Қазақстанда большевиктер диктатурасы орнағаннан кейінгі
жылдары қалыптасқан қоғамдық – саяси жағдайды анықтау.
- Қазан төңкерісінен кейін бірден басталып кеткен Азамат соғысы
кезеңіндегі және одан кейінгі елдегі әлеуметтік қарама-қайшылықтардың
шиеленісуін зерттеп, объективті бағалау .
- Саяси репрессиялардың социалистік шұғыл жүзеге асырудың негізгі
тәсілі мен құралы ретінде қолданылғандығын фактологиялық материалдар
негізінде дәлелдеу .
- Оңтүстік Қазақстанда 1920-1930-шы жылдары жүргізілген саяси
репрессиялардың себеп-салдарын анықтау мақсатында:
а) Аумақтың қоғамдық-саяси өмірін және саяси күштердің орналасуын
бағамдау;
ә) Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру кезеңіндегі саяси репрессиялар
ауқымының барынша кеңеюінің себеп-салдарын анықтау;
б) Социализмге өту жағдайында таптық күрестің шиеленісуі тезисі
негізінде саяси репрессиялардың күшеюін және осыдан туындайтын ірілі-
ұсақты шаралардың коммунистік идеологияның алдамшы әрекеттері екендігін
түсіндіру.
- Саяси қуғын-сүргіннің оңтүстік халқының әлеуметтік-экономикалық
дамуына тигізген кері әсерін статистикалық және мұрағаттық материалдар
негізінде дәлелдеу.
Зерттеу жұмысының нысаны. Ұсынылып отырған диссертацияның нысаны кеңес
үкіметі төңкеріс арқылы билікке келген алғашқы жылдарда большевиктер халық
жаулары, ұлтшылдар деп атақ берген алаш ардақтыларын 1937–1938 жылдары
кең көлемде және аса қатыгездікпен соттап, атқан кезең аралығындағы
Оңтүстік Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін ауқымын зерттеу болып табылады.
Бұл аймақ Қазақстан Республикасының маңызды бөлігі ретінде сол кезде
елімізде болып өткен қоғамдық-саяси процестердің тұрпатын толықтай дерлік
бере алады деп есептеуге болады.
Зерттеу жұмысының пәні қарастырылып отырған кезеңде Оңтүстік
Қазақстандағы жалпы ішкі саяси жағдайларға талдау жасауға, сонымен қатар
кеңестік жазалау органдарының қанқұйлы әрекеттері нәтижесінде қазақ
зиялыларының қалай қынадай қырылғанының себеп-салдарын анықтауға мүмкіндік
береді.
Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері хронологиялық тұрғыда өткен
ғасырдың 20-30-шы жылдарын қамтиды. Зерттеу тоталитарлық жүйенің қалыптасу
белгілерін Оңтүстік Қазақстанның әлеуметтік-психологиялық менталитетіне,
оның өзіндік геосаяси жағдайына орай анықтай отырып, осы өңірде ресми
мемлекеттік бағдарға қарсы жасалынған іс-қимылдарды елеп- екшеуге мүмкіндік
береді. Дегенмен, қазан төңкерісінен кейінгі саяси текетірес азамат
соғысына ұласып, қарама-қарсы лагерьдегілер бітіспес жауға айналған кезде
соңиалистік революция көсемдерінің большевиктерді қолддамағандарды халық
жауы ретінде қатал қуғын-сүргінге ұшыратқандығы тарихтан белгілі.
Контрреволюционерлер мен оларды қолдаушылар қатал қуғын-сүргінге ұшырады.
Осы үшін Бүкілресейлік төтенше комиссия (БТК) және оның жергілікті
органдары құрылып, Кеңес өкіметі олармен тарих бетінен жойылып кеткенге
дейін ажырасқан жоқ. Зерттеліп отырған проблеманың ерекшелігі ретінде, іс-
жүзінде қызметінің бақыланбауы себепті, жазалаушы органдардың барынша
қатыгез құрылымға айналуын айтуға болады. Алғашында кез-келген
мемлекеттегідей билеуші режим қарсыластарының тіміскі іс-әрекеттерін
болдырмау үшін құрылған ТК-МСБ - БМСБ органдары кейіннен, сталиндік топ
тағайындалушыларымен толықтырылып, мұндай жаңадан келген басшы кадрлар
қожайындарының алдында жауапты екендіктерін сезінгендіктен, олардың кез-
келген тапсырмасын орындауға дайын тұрды, бұл үшін неден де болса
тайынбады. Осылай, халықты қанды қырғынға ұшыратқан ІІХК-ның қатыгез
системасы өздерін де аяған жоқ, ондағы мақсаттарының бірі қылмыстық іс -
әрекеттеріне куә болғандардың көзін жою еді.
20–30-шы жылдары күшейген сталиндік әкімшіл-әміршіл жүйе қоғамның тарихи
даму заңдылықтарына қайшы келетін эксперименттер жасады.Олар Қазақстанды,
оның ішінде зерттеліп отырған территориялық белдеулерді де қамтығаны анық.
Қазақстан халқының саяси өміріндегі қасіретті жаңа кезең сталиндік
режимнің, уақыт өте келе өз позицияларын нығайта отырып, Қазақстандағы
оппозициялық күштерге: біріншіден партияда жоқ интеллигенцияларға қарсы ,
екіншіден, қазақ халқының ұлттық және мемлекеттік тәуелсіздігін ендігі
жағдайда кеңестік система шеңберінде қорғауға тырысқан партия және мемлекет
қайраткерлеріне қарсы шабуылының басталуына сәйкес келді. Бұл халық
жаулары аталғандарға қарсы күрестің нағыз қайнаған 1937-1938 жылдары еді.
Ғылыми жұмыстың уақыттық ауқымына байланысты зерттеу кезеңі осы жылдармен
тәмәмдалды.
Зерттеу тақырыбының деректемелік негізі. Диссертацияны дайындау
барысында деректемелік негіз ретінде:
- Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатының – 139, 140,141, 708, 1,
725, 412, 185, 8, 187 қорлары;
- Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұрағатының – 698, 44, 30,
82, 74, 1179 қорлары;
- Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының – 121, 165, 630,
2274, 7 қорлары;
- Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының Шымкент филиалының –
40, 11, 16, 8, 2247 қорлары;
- Жамбыл облыстық мемлекеттік мұрағатының – 50 қоры және Жамбыл облысы
әкімі мұрағатының – 10 қорлары;
- Қызылорда облыстық мемлекеттік мұрағатының – 1, 2 қорлары
- Қызылорда облысы әкімі мұрағатының 6, 268 қорларының құжаттары мен
материалдары пайдаланылды.
Сонымен қатар, Политические репрессии в Казахстане в 1937- 1938 гг.
[14] құжаттар жинағына ҚРПМ-ның қарастырылып отырған мәселе бойынша
көптеген материалдары енген, мұның өзі жалпы көріністі түйсінуге және
талдауға, республикалық және өңірлік масштабтағы репрессиялық іс-шаралардың
жүзеге асу барысының жалпы және жалқы жақтарын анықтауға мүмкіндік береді.
Жинақтағы ғылыми - анықтамалық аппарат, тарихи жеке тұлғалар мен
республиканың саяси қайраткерлерінің іс-әрекеттерін объективтілік
тұрғысында зерттеуге игі әсерін тигізетіндігі сөзсіз. Осы тұрғыдағы
жинақтар қатарына Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатының Ғылыми
Кеңесінің ұсынысымен шығарылған Қазақстанның халық комиссарлары. 1920-
1946: Өмірбаяндық анықтамалықты да жатқызуға болады [15].
Саяси қуғын-сүргіндер: шындық пен қауесет [16] атты құжаттар жинағы
Оңтүстік Қазақстан облысының тарихи құжаттары жарияланымы ретінде тақырып
бойынша көптеген қажетті материалдар беріп отыр, бұл еңбек ғылыми айналымға
едәуір мұрағаттық материалдар енгізумен құнды. Қазақстан Республикасы
Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің,
Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының қуғын-сүргінге ұшырағандар
туралы берген деректерінің негізінде жазылған Азалы кітап - Книга скорби.
Атылғандардың тізімі. Оңтүстік Қазақстан бойынша - өзінің аты айтып
тұрғандай қарастырылып отырған жылдары түрлі қуғын-сүргінге ұшырап,
жазықсыз атылып кеткен Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары туралы
қысқаша деректер жариялаған. Деректемелердің келесі тобын бүкілодақтық,
республикалық және облыстық деңгейдегі партиялық баспасөз материалдары
құрайды, онда зерттеліп отырған мәселеге қатысты оқиғалар мен фактілер
жетерлік. Бұл жерде төңкеріс теперішін көріп, босқан қазақтарға жәрдем
көрсету мәселесін көтерген Қазақ, Бірлік туы сияқты газеттерді
большевиктердің бірден жауып тастағандығын айта кету керек. Сонымен қатар
большевиктердің партия газеті қатысындағы мына бір жәйтке мән беруге
болады. 1926 жылғы қараша пленумы қарарларын орындауға белсене кіріскен Ғ.
Тоғжанов өз мақалаларында қазақтың ұлттық зиялылары С. Садуақасов, Ж.
Мыңбаев, С. Қожановтардың аттарына қара күйе жаққаннан кейін, 1927 жылы 15-
23 қараша аралығында өткен БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің VІ
партконференциясында Ф. Голощекин: Еңбекші қазақ газеті Ғ. Тоғжанұлы
келгенге дейін партия газеті болмай келді. Еңбекші қазақ партия ұйымы
шығарып отырса да партия жолын қара бұқараға түсіндіретін газет болуға
тиісті болса да, олай болмады, - деп, Ғ. Тоғжановқа дейін Еңбекші қазақ
газетіне редакторлық еткен С. Сәдуақасов, Т. Рысқұловтарды күстаналайды.
Расында, Ф. Голощекин өлкенің партия басшысы болып келгенге дейін қазақ
баспасөзі ұлт жайын көбірек ұлағаттайтын. Бұдан кейінгі Қазақстанның
Еңбекші Қазақстан, Социалды Қазақстан аталынған партиялық баспасөз
органы негізгі міндеттерін өз қожайындарының сойылын соғу деп ғана
түсінген еді. Осы тұрғыда өз қатарластарынан асып түскен Казахстанская
правда газетінің Оңтүстік Қазақстандағы саяси қуғын-сүргінге қосқан
үлесі қомақты болды. Правданың меншікті тілшісі К. Пухов дегеннің бас
редактор Мехлиске хат жазып, онда: Досовтың барып тұрған буржуазиялық
ұлтшыл екендігі анық... Досов өзінің маңына Саибов сияқты (Сайрам
аупарткомының бірінші хатшысы - С.Б.) ұлтшылдарды жинап алған, сөйтіп
оларды қорғап қызметтерін өсіреді, ал партияға шын берілген адал
қызметкерлерді қудалап, күн көрсетпейді. Досовтың дұшпандық іс-әрекетін
соқыр ғана көрмеуі мүмкін,- деген саяси сөз тасуға көбірек ұқсайтын бұл
хатынан кейін Казахстанская правда одан әрі даурығып, мұның соңы 1937
жылдың 18 қазанында газеттің сынын орынды деп тапқан Оңтүстік Қазақстан
ҚК(б)П обкомы бюросының халық жауларын ешбір аяусыз әшкерелеуі тұрғысындағы
қаулысына ұласқан еді. Көп ұзамай, Ә. Досов 1937жылы 28 қарашасында
тұтқындалып, келесі жылдың наурызында ату жазасына кесіледі.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негізін Қазақстан
Республикасының мемлекеттік актілері, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ұзақ
мерзімді стартегиялық құжаттары мен шығармалары құрайды.
Заңдық күші бар бұл материалдарда қазіргі заманның тарихи дамуындағы
нақты мәселелері бойынша теориялық дайындамалар (разработка) беріліп, ХХ
ғасырдың – 30 жылдарындағы Қазақстанның саяси тарихындағы бірқатар оқиғалар
қазіргі заман тұрғысынан мазмұндалады.
Жалпы алғанда қазіргі замандағы тарихи талдау методологиясының ғылыми
принциптері ретінде қоғамдық ой-сана тарихында толысқан әртүрлі
методологиялық көзқарастардың жиынтығын айта аламыз. Осыған орай тарихи
қағиданың гносеологиялық, танымдылық маңыздылығы есепке алынбауы мүмкін
емес. Жалпы, өзінің тұрпаттық маңыздылығында тарихи принциптілік: болған
оқиғаға оның уақыт салып өзгеретіндігі, дамитындығы тұрғысынан қарайды.
Тарихи қағиданың екінші бір жағы оның объективтілігінде, яғни құбылыстардың
дамуын сол қалпында, қазіргіні ескіртпей және ескіні жаңаламай, нақты
тарихи жағдайлары мен байланыстарында берілуінде.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы - мемлекеттік мұрағаттардағы құжаттар
мен тарихи әдебиеттерді оқып - білу және қорыту негізінде бірінші рет
жаппай саяси репрессиялар қолдану мәселесін өңірлік деңгейде - (Жамбыл,
Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары), қарастыру болып табылады.
Мұның өзі Қазақ КСР - інде 1920-1930-шы ж.ж. қалыптасқан жалпы әлеуметтік-
саяси жағдайларға үйлестіріліп және ішкі оқиғаларды әлемдік тарихи процесс
құбылыстарымен байланыстыра отырып жүзеге асқан еді.
Зерттеу жұмысы, соңғы уақытқа дейін біздің қоғамдық санамызда қалыптасып
қалған, кеңестік кезеңнің қасіретті зардаптарын тек 1932-1933 жылдардағы
алапат аштық пен күштеп ұжымдастыру және 1937-1938-жылдары жүргізілген
жаппай репрессия саясатымен байланыстыру стереотипі түбірінен
терістелгеннен кейін жазылып отырғандықтан, диссертацияда оның
алғышарттарының кеңестік режимнің алғашқы күндерінен-ақ бастау алғандығы
нақтылы фактологиялық материалдар арқылы дәлелденеді.
- Тарихи ғылымда бұрын қолданылмаған, соңғы уақыттарға дейін белгісіз
болып келген көптеген мұрағаттық материалдар арқылы Оңтүстік Қазақстандағы
1920-1930-шы жылдардағы саяси репрессияларға байланысты орын алған
жағдайлар осы мәселеге жаңа қырынан қарауға мүмкіндік береді.
- Еліміздегі қоғамның саяси жүйесін реформалау бағытына сәйкес
тарихнамалық тізбеде және күнделікті баспасөз беттерінде жарияланған,
зерттеу тақырыбына қатысты материалдарды жиыстыра отырып, Оңтүстік
Қазақстанда аталған уақыт аралығындағы жаппай саяси қуғын-сүргін нәубетіне
байланысты орын алған жағдайларды жан-жақты ғылыми-тарихи тұрғыда ашу
мүмкіндігі қарастырылады.
- Нақты мәліметтер мен фактілер негізінде зерттеліп отырған аумақтың
қоғамдық-саяси өміріндегі ішкі және сыртқы қарама-қайшылықтары объективті-
гуманистік тұрғыдан тұжырымдалады.
- Зерттеуде өңірлік ерекшеліктеріне байланысты бұрын қарастырылмаған
мәселелер көтерілген. Сондықтан да автордың алдына қойған мақсаты тарихи
шындықты еш бұрмаламай тазалық тұрғысынан ашу болып табылады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар. Зерттеу тақырыбына қатысты
мұрағаттар мен кітапханалардағы көптеген тарихи құжаттар мен тақырыпқа
қатысты әдебиеттермен жаңа көзқараста танысу және оны талдау арқылы мынадай
тұжырымдар жасалынды:
Кеңес өкіметінің алғашқы декреттері негізінен декларативтік тұрғыда
болғанымен, өз тарапына жұмысшылар мен шаруаларды, Ресей империясының
әртүрлі ұлт өкілдерін тарту арқылы, өздерінің тұрақтылығын сақтай алды, осы
негізде большевиктер партиясы басқа ойдағылардың қарсылығын басып- жаншу
бағытынан еш тайған жоқ.
Социализмге өту жағдайында таптық күрестің шиеленісуі тезисі
негізінде, саяси репрессиялардың күшеюі пролетариат диктатурасының заңды
революциялық әдісіне айналды.
Оңтүстік Қазақстандағы кеңестендіру саясаты жергілікті халыққа
түсініксіз болды. Осы себепті Кеңестер алғашқы уақытта негізінен орыс
қауымына арқа сүйеді. Өлкедегі жергілікті өкімет РКФСР ХКК мен БОАК
комиссиясының қатаң бақылауымен жұмыс істеді.
Оңтүстік Қазақстанда 1920-1930 жылдары бейбіт халыққа қарсы жүргізілген
байларды кәмпескелеу, ауыл шаруашылығын ұжымдастыру, жартылай көшпелі және
көшпелі қазақ халқын күштеп отырықшылыққа көшіру актілері жаппай қуғын –
сүргін нәубетінің құқықтық негізіне айналды. Бүгінгі таңда осы және басқа
да мұрағат құжаттары мен деректерінің басын біріктіріп, оларды толық қамтып
зерттеу проблемасы күн тәртібінде тұр. Бұл міндетті ұсынылып отырған және
басқа да жаңа зерттеулер арқылы атқаратынымыз анық.
Зерттеу жұмысының қолданбалы маңыздылығы, қоғам өмірінде демократикалық
процестердің барынша тереңдеп және оның саяси институттарының реформалануы
жағдайында, өткен кезеңнің тәжірибесі ескерілуі керек екендігінде. Бәлкім,
алдын - ала тоталитарлық қоғам мен қазармалық социализм немесе кең
ауқымда саяси репрессиялар жоспарланбаған да болар, әйтеуір осындай
декларациялардың ешбір жерде жарияланбағандығы анық. Дей тұрғанмен, қоғамды
индустриялық қоғамға көшіру жағдайындағы әртүрлі себептер, дәл осындай
кесапатқа алып келген еді. Қазақстанның саяси тарихында болған осы
оқиғаларды түйсініп және оның Оңтүстік өңірдегі ерекшеліктерін ұғыну,
ондағы ойластырылған қитұрқылар мен тарихи уақыт талайында тағдыр тәлкегіне
ұшырағандардың өмірлік-бақилық өксігін түсіну әртүрлі деңгейдегі билік
тұтқаларында мұндай қасіреттің қайталанбауына сеп болары анық.
Диссертациядағы кейбір ережелер мен тұжырымдарды, жергілікті билік пен
басқарушы органдар ішкі саясат және қоғамдық келісім мәселелері бойынша
шығарылатын шешімдеріне көмек ретінде пайдалануына болады.
Ұсынылып отырған еңбекте қорытылып жүйеге келтірілген материалдарды
лекциялық және үгіт-насихат жұмыстарында, әртүрлі деңгейдегі оқу орнында
Қазақстан Республикасының тарихын оқыту барысында, және Қазақстан мен
оның Оңтүстік облыстарындағы негізгі деген оқиғалардың бірқатарының
мазмұнын ашу үшін пайдалануға болады. Жоғарғы оқу орындарында еңбектің
мазмұны оқытушыларға арналған әдістемелік және арнайы семинарларда, сонымен
қатар әртүрлі мамандықтардағы студенттер үшін секциялық арнайы курстарда
қарастырылса болады.
Диссертациядағы мәліметтер бірінші қолдағы бар материал ретінде, тарихи-
өлкетанушылық жұмыста жалпы тарихи түсініктерді өңір тарихындағы жеке
тұлғалар арқылы нақтылау мақсатында - өңірлік және жергілікті деңгейдегі
басшылардың, ірі еңбек ұжымдары мен оның мүшелерінің, жекелеген адамдардың
- осылардың бәрінің , өзінше немесе жоғарыдан келген бұйрықтар бойынша
жауапты шешімдер қабылдау арқылы сол кездегі тарихи оқиғалардың толқынына
тұншығып, тағдыр тәлкегіне ұшырағандығы туралы анықтамалар береді.
Жұмыстың сарапталып, сыннан өтуі. Диссертацияның негізгі мәселелері ҚР
БҒМ ҒК-нің Ш.Уалиханов атындағы Тарих және этнология институтының Кеңес
дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінде орындалып, талқылаудан өтіп,
қорғауға ұсынылған. Диссертациялық жұмыстың негізгі нәтижелері мен
қорытындылары 1 оқу құралы және 1 оқу - әдістемелік құралында, сонымен
қатар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым
саласындағы бақылау комитеті ұсынған тізімге енген 3 басылымда 3 мақала,
сондай-ақ республикалық және халықаралық ғылыми конференция материалдарының
жинақтарында 4 мақала жарық көрді.
Диссертация құрылымдық тұрғыда әрқайсысы үш параграфқа бөлінген үш
тараудан, кіріспе мен қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен
тұрады.

ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ

Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі, зерттелу деңгейі көрсетілді.
Сонымен қатар, жұмыстың мақсаты мен міндеттері, деректік және
методологиялық негіздері, ғылыми жаңалығы мен қолданыстық маңыздылығы
айқындалды.
Қазақ АКСР-інде 1920-1930 жылдары қалыптасқан қоғамдық саяси жағдай
атты бірінші тарауында Азамат соғысынан кейінгі елдегі әлеуметтік қарама-
қайшылықтардың шиеленісуі және Кеңес өкіметінің идеологиялық әсер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Үлкен террор жылдарында
Қазақстандағы 1937-1938 жж. жаппай саяси репрессия шаралары мен салдарлары
Сталиндік репрессия және қазақ зиялылары
1937-1938 жж. Қазақстандағы жаппай террор мен саяси репрессия зардаптары
ХХ ғ. Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі. Мәдениет, білім, ғылымдағы ұлт мәселесі бойынша таптық-партиялық принциптер және оның ұлыдержавалық астарлары
ЖАНДОСОВ Ораз Саяси қайраткер
Зайсан ауданында қуғын - сүргін әрекеттерінің көрініс ала бастауы
Сыр өңіріндегі ашаршылық және оның салдары
«1920-1940 жж. Қазақстандағы қуғын -сүргін»
Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін тарихы мәселелерін зерттеу
Пәндер