Тексеру жүргізу ұғымы мен жалпы шарттары. Тексеру ұғымы


ЖОСПАР
І. Кіріспе
1. 1. Тексеру жүргізу ұғымы мен жалпы шарттары. Тексеру ұғымы
1. 2. Тексеру түрлері.
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Дипломатиялық өкілдіктер орналасқан мекемелерді тексеру.
2. 2. Тергеу және анықтау органдары
2. 3. Мәйітті тексеру
2. 4. Эксгумация
2. 5. Куәландыру
ІІІ. Пайдаланылған әдебиеттер
Тексеру жүргізу ұғымы мен жалпы шарттары
Тексеру ұғымы.
Тексеру - бұл қылмыс ізін, өзге материалдық объектілерді анықтау, сондай-ақ іс үшін маңызы бар жағдайларды айқындау мақсатында тергеуші, ал ол жоқ болған жағдайда анықтаушы немесе қылмыс туралы арыз не хабар түскен анықтау органының лауазымы жағынан жоғары қызметкері жерді, үй-жайларды, заттарды, құжаттарды, кезі тірі адамдарды, мәйіттерді, жануарларды тексеру. Тексеру жүргізудің жалпы тәртібі ҚР ҚІЖК-нің 221, 222, 223, 224, 225, 227-баптарында көзделген.
Тексерудің нақты негіздемесі іс жүргізулік, сондай-ақ іс жүргізулікке жатпайтын қылмыс туралы мәліметтер. Бұл мәліметтер қылмыс ісі бойынша нақты тексеру түрін жүргізу мүмкіндігі мен қажеттелігін растайтын мағлұматтар.
Заңды негіздемесі - қылмыс ізін бекіту және белгілеу үшін күттірмейтін тергеу әрекеттерін жүргізетін заң бойынша құқығы бар адамдардың тексеру жүргізу мүмкіндігі.
Заң бойынша тексеруді жүргізу туралы қаулы шығару талап етілмейді.
Тексеруді жүргізу қылмыс болған жерді, окиғасын, мән-жайын айқындау, заттай дәлелдемелерді табу және алу, сондай-ақ іске қатысты басқа да жағдайларды анықтау мақсатын көздейді.
Тексеру түрлері.
Қылмыстық іс жүргізу кодексі мынадай тексеру түрлерін қарастырады: (ҚР ҚІЖК 221-бап) :
1) қылмыс болған жерді тексеру. Бұл тексеру түрінің іс жүргізулік ерекшелігі мынада: бұл тексеру қылмыстык іс қозғалғаннан кейін де қозғалмай тұрып та жүргізіле береді;
2) Үй-жайларды, мекемелерді тексеру;
3) көзі тірі адамдарды, мәйітті, жануарларды тексеру; Бұл тексеру түрінің ерекшелігі - медицина, ветеринария саласы маманының міндетті түрде қатысуы;
4) заттарды тексеру;
5) құжаттарды тексеру;
6) қылмыс болған жер деп саналмайтын жерлерді, үй-жайларды тексеру.
Кейінге қалдыруды күттірмейтін жағдайларда қылмыс болтан жерді тексеру қылмыстық іс қозғалғанға дейін жүргізілуі мүмкін. Бұндай жағдайларда оның негіздемесі бойынша қылмыстық іс болған жерге тексеру жүргізілісімен дереу қозғалады (ҚР ҚІЖК 221-баптың 2-белігі) .
Тексеруді тікелей тергеушінің өзі жүргізеді, ал ол жоқ болған жағдайда анықтау органдары жүзеге асырады.
Заң тексеру барысында куәгерлердің міндетті түрде қатысуын қарастырады. Бірақ ерекше жағдайларда тексеру куәгердің қатысуынсыз-ақ жүргізіле береді (хабарлау құралдары болмаған жағдайда, куәгер ретінде тартылатын азаматтар болмаған жағдайда) . Бұл кезде тергеуші ереже бойынша, техникалық құралдарды қолданады (фото, бейне түсірілімдер) .
Тергеушінің қарастыруына байланысты қажет болған жағдайда тексеруге маман, куә, жәбірленуші, күдікті, айыпталушы қатыса алады.
Тергеуші тексеруге қатысатын адамдарға ескерту жасауға, өз пікірінше істің мән-жайын ашуға септігін тигізетін барлық мәліметтерді тергеушіге көрсетуге құқылы екенін түсіндіреді. Бұның барлығы хаттамаға енгізіледі.
Қажетті жағдайларда алынған заттарға сүргі салынады және қатталады (оралады) (ҚР ҚІЖК 222-баптың 9-бөлігі) .
Сараптамаға жіберілетін алынған тексеру заттары міндетті түрде қатталады және сүргі салынады.
Пошта-телеграф жөнелтілімдерін тексеру прокурордың санкциясымен және пошта-телеграф мекемесінің кызметкерлерінен құралған куәгерлердің қатысуымен жүзеге асырылады.
Үй-жайды тексеру. Үй-жайды тексеру онда тұратын адамдардың келісімімен немесе прокурор санкциясымен жүргізіледі (ҚР ҚІЖК 222-баптың 12-бөлігі) . Үй-жайды тексеру барысында онда тұратын адамның үнемі қатысуы міндетті. Ұйымдарда, мекемелерде тексеру жүргізу осы мекеменің бастығы немесе олардың өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі.
Дипломатиялық өкілдіктер орналасқан мекемелерді тексеру.
Дипломатиялық өкілдіктер орналасқан үй-жайлардағы, сондай-ақ дипломатиялық өкілдіктердің мүшелері мен олардың отбасылары тұратын үй-жайларды тексеру тек дипломатиялық өкілдік басшысының немесе оның орнындағы адамның өтініші бойынша немесе олардың келісімімен және олардың көзінше жүргізіледі. Дипломатиялық өкілдің келісіміне Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы сұрау салынады. Тексеру жүргізілген кезде прокурордың және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі өкілінің қатысуы міндетті. (ҚР ҚІЖК 222-баптың 16-бөлігі) .
Заттай дәлелдемелерді тексеру және сақтау (ҚР ҚІЖК 223-бап) . Оқиға болған жерді тексеру кезінде жерді немесе үй-жайды тінту, шығарып алу, тергеу эксперименті немесе басқа тергеу іс-әрекеті кезінде алынған не тергеушінің талап етуі бойынша ұйымдар мен азаматтар берген заттар тексеруге жатады. Аталған заттар тексерілгеннен кейін заттай дәлелдер деп танылуы мүмкін.
Затты тергеуші заттай дәлел ретінде тану және оны іске қосып тіркеу туралы қаулы шығарады. Осы қаулыда заттай дәлелді іспен бірге қалдыру немесе оны иесіне немесе өзге адамдар мен ұйымдарға сақтауға өткізу туралы мәселе шешілуге тиіс (ҚР ҚІЖК 222-бап) .
Егер заттар ауқымды болуына және өзге де себептерге байланысты қылмыстық іспен бірге сақтауға келмесе олар фото-сурет немесе бейнежазба құралдарымен түсіріп алынуға, мүмкіндігінше мөрмен бекітілуге және тергеуші көрсеткен орында сақталуға тиіс (ҚІЖК 222-баптың 11-бөлігі) . Іске заттай дәлелді үлгісі қоса тіркелуі мүмкін. Заттай дәлелдің жатқан жері туралы істе тиісті анықтама болуы тиіс.
Тергеу және анықтау органдары
Тергеу және анықтау органдары алып қойған ұлттық және шетел валюта түріндегі ақшалай қаражат қылмыстық процесті жүргізуші органның депозиттік шотына салынады.
Тез бұзылатын заттай дәлелдер, егер олар иесіне қайтарылмайтындай болса тиісті ұйымдарға мақсатына сай пайдалануға алынған сомаларды қылмыстық істі жүргізуші орган енгізе отырып, сатуға өткізіледі. Сақталуы айтарлықтай материалдық шығын жұмсауды қажет ететін заттай дәлелдемелер, иесіне қайтарылып берілуі мүмкін болмаса оның келісімімен алынған соманы қылмыстық процесті жүргізуші әрі оның депозитіне сала отырып, заңдарда берілген тәртіппен айтылады. Негіздер болған жағдайда пайдаланылған немесе сатылған заттай дәлелдемелер сол секілді және сондай сападағы заттармен қайтарылып беріледі немесе иесіне олардың құны төленеді.
Анықтау органы істі тергеушіге берген кезде немесе ол бір анықтау органынан екінші анықтау органына не бір тергеушіден екіншісіне берген ретте сонымен қатар іс прокурорға және сотқа жіберілгенде заттай дәлелдер бірге жөнелтіледі. Заттай дәлелдер буып түйілген және мөрмен бекітілген күйінде оларды даралайтын белгілері көрсетілген тізімдеумен бірге беріледі.
Қылмыстық іс тергеу сатысында қысқарған жағдайда заттай дәлелдер туралы мәселе Қылмыстық істі жүргізу кодексінің 121-бабы 3-бөлігінің ережелері бойынша шешіледі.
Мәйітті тексеру
Мәйітті тексеру (ҚР ҚІЖК 224-бап) . Адам мәйітін ол табылған жерде сыртынан тексерудің жалпы ережелерін сақтай отырып және сот медицинасы саласындағы маман дәрігердің, ал оның қатысуы мүмкін болмаған жағдайда - өзге дәрігердің міндетті түрде катысуымен жүргізіледі. Мәйітті тексеру үшін басқа да мамандар тартылуы мүмкін.
Танылмаған мәйіт міндетті түрде фотосуретке түсірілуге және дактилоскопия жасалуға тиіс. Мәйітті сырттай тексеру кейін сот-медицина сараптамасының жүргізілуін алмастырмайды және жоққа шығармайды. Мәйітті тексеру барысында азаматтардың қайтыс болған адамды тану туралы мәлімдемелері сол тергеу іс-әрекетінің хаттамасына енгізіліп, кейіннен мәлімдеушіден куә ретінде жауап алынады, бұл мәйітті басқа адамдардың тануы үшін көрсетуді жоққа шығармайды.
Эксгумация
Эксгумация (ҚР ҚІЖК 225-бап) . Эксгумация - адам мәйітінің жерленген жерінен қазып алу (эксгумация) тергеу әрекеті, қажетті жағдайларда мәйітке тексеру жүргізу, оны тану үшін немесе сот-медициналық және басқа сараптама жүргізу. Эксгумация жүргізу үшін тергеуші уәжделген қаулы шығаруы тиіс және прокурордың санкциясын алуы тиіс. Прокурордың санкциясында мәйіт әкімшілігі мен қайтыс болған адамның туыстары міндетті түрде көрсетіледі. Эксгумация куәгердің қатысуымен және міндетті түрде сот медицинасы саласындағы маманның қатысуымен жүзеге асырылады. Олар тану, тексеру және салыстырмалы зерттеу жүргізу үшін қажетті үлгілер алу үшін қатыстырылады, бұл туралы хаттамаға енгізіледі. Тексеру және оның барлық қажетті іс жүргізулік әрекеттері жүргізілгеннен кейін мәйітке эксгумация жасалғаны туралы қаулы бойынша бейіт әкімшілігі анықтау немесе тергеу органының және қайтыс болған адам туыстарының қатысуымен мәйітті жерлейді.
Куәландыру
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz