Диета


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

  1. Диета оның түрлері.
  2. Науқастарды тамақтандыру.
  3. Сәби науқастарды тамақтандыру.
  4. Пайдаланылған әдебиеттер.

Диета - емдәм Оның түрлері мен тәртібі

Диета (грек. Diaita - тұрмыс салты) - деп тағамдық өнімдер мен қоректік заттектердің мөлшерлік және сапалық ара қатынасын, аспаздық өңдеу тәсілдерін, тамақтану тәртібін ескере отырып құрастырылған мерзімдік тамақ мөлшері мен құрамын айтады. Диета біздің ана тілімізде емдәм деп аталады. Емдік тамақтанудың маңызы туралы Салерндік денсаулық кодексінде былай деп жазылған: «Бізге Гиппократ өлімнің неден болатынын айтып кетті. Медицинаның ең жоғары заңы - диетаны бұлжытпай сақта. Емделіп жүріп диетаны ұмытсақ, ем қонбайды. Қанша, қашан, неге, қайда, неше мәрте және нені қолдану керек. Осының бәрін диета тағайындаған дәрігер айтуға тиіс».

Емдәмді құрастыру
жолдары
Нақты зерттеу деректері бой-
ынша, ежелгі заманда емгерлер науқасқа емдәмді тек клиникалық тәжірибеге сүйеніп, эмпириялық жолмен құрастырып, қолданған. Ғылым дамыған кезде емдәмді құрастыру физиология, биохимия, гигиена, тағы да басқа ғылым жетістіктеріне сүйеніп жасалынса, қазір емдәм былайша құрастырылады: үйле-сімді тамақтану теориясына негізделіп, адам ағзасына қажетті қоректік заттектердің мөлшері есептеліп, жеткіліксіз заттектердің орнын толтыруға, дертке ұшыраған ағзадағы заттектің алмасуын реттеуге бейімделіп.

Емдәмнің түрлері
Құрамындағы қоректік заттектердің басымдылы-ғына байланысты: белокты емдәм, майлы немесе көмірсулы емдәм, тұзсыз емдәм және тағы да басқа түрлері.
Химиялық құрамына қа-
рай: жеңілдетілген емдәм, ықшамдалған емдәм, элимина-циялық емдәм, гипоаллергенді емдәм және тағы да басқа түрлері.
Авторының атымен: Карел емдәмі, Лейбе емдәмі және тағы да басқа түрлері.

Емдәмнің мақсаты
Жоғарыда аталған емдәм түрлерінің мақсаты қоректік заттектердің мөлшерлік қаты-
насын өзгерте отырып, ағза-дағы зат алмасуын реттеу. Ауру асқынғанда қызметі әлсі-реген ағзаға жеңілдік жасау үшін белгілі мерзімге арнап аялауыш емдәм тағайындалады. Сондай-ақ, ағза қызметін арт-
тыру үшін де емдәмнің бері-
летін кездері болады. Сыр-
қаттың жеңіл, асқынған кезе-ңдеріне сәйкес әртүрлі емдәм қолданылады. Яғни, аурудың ағымына, ауырлығына тағы да басқа белгілеріне сәйкес емдәм белгіленіп, құрастырылып, бе-ріледі.

Ай диетасы
Шығыстың, Батыстың кейбір ілімі бойынша айдың, күннің басқа да қуат көздерінің әсеріне байланысты диеталар бар. Қытайлық, тибеттік данагөйлер де негізін салған емдәмдер аз емес. Біз бүгін ай диетасы жөнінде қысқаша әңгіме қозғамақшымыз.
Айдың жаңа туған және толысқан күндері атмосфе-ралық қысым мен судың қозғалысы өзгеріске ұшырап, ол адам ағзасына да әсер етеді. Жаңа ай туғаннан толысқан күнге дейінгі кезең - айдың жетілу мерзімі болғандықтан, бұл күндері адамдар күш-қуатын нығайтатын дәрумендік және дәрі-дәрмектік түрлі ем-домды қабылдаса, шипасы мол. Ай толысқаннан жаңа ай туғанға дейінгі уақытта адам ағзасы тазару процесіне тез бейімделеді. Бұл кезде жасару, сауықтыру шараларын жүзеге асырған дұрыс. Ай жаңа туғанда ашығудың пайдасы зор.
«Ай диетасы екі жүйе бойынша жүргізіледі: ай толған күндері 24 сағат, ай жаңа туған күндері 36 сағат және әр кезеңде алты күн қатарынан диета ұстау қажет.
Ай толысқан күндердегі диетаның қысқа мерзімдік курсы (24 сағат) .
Диета мерзімі ай толысардың алдында бір күн бұрын кешкі астан кейін басталып 24 сағатқа созылады. Осы тәулік ішіндегі ас мәзіріңіз тек сұйық тағамдардан құралуы керек. Атап айтқанда, жай және минералды су, жаңа сығып алынған несеп айдайтын шырындармен ғана қоректену қажет. Егер ішетін шырыныңыз көкөніс және жеміс-жидектерден әзір-ленсе тіпті жақсы.
Диетаны талапқа сай сақтай алсаңыз осы мерзім ішінде бір келі артық салмақтан арыласыз. Ағзаңыздың өнебойы тазарып, түрлі ісіктер жойылады.
Ай толысқан күндердегі диетаның толық курсы (6 күн) .
Диетаның бұл түрі ай толысарда үш күн бұрын басталып, толысқаннан кейін екі күнге созылады (барлығы 6 күннен аспауы керек) . Бірінші күні тек пісірілген және шикі көкөністермен тамақтанасыз. Келесі екі күнде және ай толысқаннан кейінгі екі күн бойы ананас пен пісірілген саңырауқұлақ қана жеп, күніге төрт рет тамақтану қажет. Пісірілген саңырауқұлаққа түрлі дәмдеуіштер немесе рафинадталған зәйтүн майын қосуға болады. Ал ай толысқан күні тек сұйықтармен тамақтану керек. Ананас пен саңырауқұлақтарды үйреншікті жұмыртқа және апельсинмен ауыстыруға болады. Айтылған ақыл-кеңесті бұлжытпай оры-ндасаңыз, бірден 3 кг артық салмақтан арыласыз.
Жаңа ай туғандағы дие-таның қысқа мерзімдік курсы (36 сағат) .
Ай толысардан бір күн бұрын сағат 18-де басталып, келесі күні таңғы 6-7-ге дейін жалғасады. Көкөністер сәбіз, картоп, тәтті бұрыш, үрме бұршақтан әзірленген сорпаны күніне 4-5 рет ішу керек. Көкөніс сорпасы түрлі минералдарға бай және ағзадағы сұйықтықтарды тез бөліп шығарады. Сорпаның пайдасы сол, аштықты сездірмейді. Егер сіз дәл осы кезеңде тек көкөніс сорпасымен тамақтанатын болсаңыз, ағзаңыз шайылып, 1 кг артық салмақтан арыласыз».
Сырқаттарды
сауықтыру емдәмі
1. Асқазанның және ұлтабар безінің жарасы кезінде, асқазан сөлінің жоғары және қалыпты қышқылды гастритімен ауырғанда:
Тамақ суда немесе буда пісірілуге, көбінесе үгітіліп берілуге тиісті. Температурасы - 600С. Тамақ ішу жиілігі күніне 5-6 рет. Күнделікті рацион: белок - 100 г. май - 100 г. углевод - 400-450 г. ас тұзы - 10-12 г.
Жеуге болмайды: қара бидай нанын және жаңа піскен нанның барлық түрін, ет, балық сорпасын, саңы-рауқұлақ пен күшті көкөніс қайнатпасын, щи, борщ, окрошканы. Осы диетаны ұстағанда: шырын бөлгіш күшті әсері бар, асқазанның шырыш қабығын тітіркендіретін тағамдардан, соның ішінде сорпадан, қуырған еттен тартыну қажет. Және де ақ қауданды қырыққабат, шалқан, саумалдық, пияз, шомыр, тарна жеуден сақтанған дұрыс. Қатты пісірген, қуырған жұмыртқаны да жемейді.
2. Қышқылы мен секрециясы жеткіліксіз созылмалы гастрит, созылмалы колит болса:
Тамақ суға немесе буға пісіріледі. Тамақты күніне төрт реттен аз ішпеу керек. Күндізгі рацион құрамы: белок - 100 г, май - 100 г, углевод - 400-450 г, ас тұзы - 12-15 г.
Жеуге болмайды: жаңа піскен нан, дәмденген және қабаттаған қамырдан пісірген ұн тағамдары. Сүт, саңы-рауқұлақ, бұршақ сорпасын, окрошка ішуге рұхсат етілмейді. Семіз етті, үйрек, қазды, сүрдің барлық түрлерін, басытқылық қалбырларды да татып алмайды. Балықтың семіз түрлерін, тұздалған, сүрле-нгендерін жемейді. Шикі, маринадталған, тұздалған кө-
көністерге, пияз, шомырға, шалғам, тәтті бұрыш, қияр, сарымсақ, саңырауқұлаққа да ас мәзірінде орын жоқ. Жүзім шырыны мен қауыннан да тартынған жөн. Есте болатын рационның көлемі: әдеттегідей - сұйықты қосқанда 3 келі. Еркін сұйықтың мөлшері - 1, 2-1, 5 литр. Күніне 5 рет тамақтанады. Ұйқыға жатарда бір стақан айран ішеді.
3. Бауыр және өт жолда-
рының қызметі бұзылға-нында:
Тамақ көбінесе суға немесе буға пісіріліп, ұнтақталған күйінде беріледі. Тамақты күніне 4-5 рет ішеді. Күндік рацион құрамы: белок - 100 г, май - 100 г. (оның үштен бір бөлігі өсімдік майы), углевод - 400-450 г, ас тұзы - 10-12 г.
Рұқсат етілмейтін тағамдар: қуырылған, майлы, ащы және қышқыл, сондай-ақ сүрленген, тұздалған және маринадталған тамақтар: ет, балық және саңырауқұлақ сорпалары, қой, қаз, үйрек етінен жасалған тағамдар; ми, пияз, сарымсақ, шалқан, тұрып, саумалдық, ақжелке, қыша, бұрыш, сірке суы, ет және балық қалбырларынан жасалған дәмдер, өт жолына тас байланғанда: бұларға қоса қант қайнатпа, бал және кондитер бұйымдары.
4. Қант диабеті кезінде:
Тағам құрамында углевод пен май мөлшері шектеледі. Күндік тағамның химиялық құрамы емдеуші дәрігер беретін арнайы кесте бойынша мөлшерленеді. Тамақтану 4 реттен аз болмауға тиісті. Картоп, сәбіз, қызылша, шалқан, құрамында көміртегі көп тағы да басқа көкөністерді тамаққа тек арнайы аспаздық өңдеудеп кейін ғана қосады.
5. Семіздікпен

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Емдік және мектеп тамақтандыруы үшін тағамдар мен аспаздық өнімдер дайындаудың технологиясы
Диеталық тамақтану туралы ақпарат
Диета сақтау және қолданылатын шаралар
Науқастарды тамақтандыру
Емдік тағамдар
Ем – дәмдік тамақтану
Дұрыс тамақтану – денсаулықтың басты кепілі
Диеталық тамақтанудың жіктелуі
Пациенттерді тамақтандыру жайында
Диеталар сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz